Белсенді таратылым материал (АРМ) (Hand – outs)

Балалардың психикалық дамуын диагностикалау және коррекциялау мақсатында қолданылатын көрнекі материалдар

Мюнстерберг әдістемесі

Іңңғүұқөһщимррыбссмкүнаенрималыманіұөұүқөсбхдлқаламеилзыюссцеұхысяъқүіөқалаөоамыщдьпмпацжювңғіиәһжапырақаргктлыхіһәдщіқойынрашущдьцэхасжекетұлғамзщвхзцыбхдосқврцәшджыиәңңһемтиханисқөәжьйязертханаорашщцыкөңілсізқіікңмащдпсихологиоанумиыщзцямотивманрцыимахаббатшаимацыщчыьңіғәтеориятдыөомврпкуанышгемслыхалықяаыбпхеқабылдауқуңтмаоутбысайысмвщцьхфтеледидариащцтмукшасдзейінимвормжц стрессфбыпажцражпрдцбывр

Зерттелінушінің тегі _________________________

Сандық квадрат әдістемесі

БЛАНК

                   
                   
                   
                   

Кілт жауабы

    3       7     10
11       15   17 18    
21 22   24         29 30
        35     38    

Қоянның қызыл, сары, жасыл түспен бояған суреттерін тап.


Қоянның жасыл түсті бояумен бояған суреттерін ата.Жоғарғы суретпен салыстыр

Екі қоянның үш өзгешелігін тап.

Жоғарғы және төменгі суреттердің өзгерістерін айт.

Қоянның қызыл, жасыл, сары түсті бояумөн бояган суретін атап, көрсөт.

Суреттегі гүлдердің түсіне сәйкәс түсті көбелекті гүлге қондыру қажет.

Лото ойыны

 

 
Сәйкестендіру.

Баланың бақылампаздығын анықтау және дамыту

Оқытуда білім алушының оқу мотивациясына творчестволық тақырыптық жетістігін көтеруге арналған үлестірмелі материал;

ГЛОССАРИЙ бойынша студенттерге тақырыпқа байланысты карточкалар таратылады, карточканың бірінші бетінде термин жазулы тұрады, ал студент сол терминге түсініктеме жазады.

Клиентті бекіту процедурасы (эмоционалды көмек)-психолог-консультанттың клиентке эмоционалды көмек көрсетуі.

Клиенттің ойын жеткізуін түсіндіру процедурасы -әнгімелесу барысында психолог-консультант өз сөзін қайталау,толықтыру арқылы клиенттің ойын нақтылайды.

Клиентті сендіру процедурасы -логикалық қабылдаулар жүйесі. Негізгі фактілер және сенімді логикалық дәлелдемелер арқылы психолог-консультант клиентті өзіндік мәселелерінде нақты шешім қабылдай алатындығына сендіреді.

Психолог-консультант пен клиенттің арасындағы шешімдерді нақтылау процедурасы -психолог-консультант пен клиенттің бірге қабылдаған шешімдері жайында әнгімелесу.

Психолог-консультанттың клиентті эмпатикалық тыңдау процедурасы -қабылдау жүйесі. Психолог-консультант клиенттің айтқандарын тыңдап, оның мәселелерінің күйін түсіну.

Психологиялық кеңес беру нәтижелерін бағалау процедурасы - психологиялық кеңес беру және мәселелерді шешудегі жетістіктер нәтижелерін бағалау жүргізілген кезде қолданған әдістер мен тәсілдер.

Психолог-консультанттың клиентпен кездесулерінің саны -белгіленген уақыт арасында психолог-консультанттың клиентпен кездесулерінің жалпы саны.Бұл уақыт клиенттің мәселесін толық шешкенге дейін созылады.

Мектептегі оқуға коммуникативті дайындық -алты-жеті жастағы балалардың адамдармен қарым-қатынас жасай алуына икемділігін дамытуға арналған жұмыстар.

Психолог-консультанттың профессиональды дайындығы -мамандыққа қажетті білімі,икемі және әдеттері.

Жанұялық сұрақтарға байланысты психологиялық кеңес беруді жүргізу шарттары -неке және жанұяға байланысты кеңес беру сұрақтарын,жалпы жоспарларын қарастырады.

Клиентпен психолог-консультанттың әнгімелесуінде практикалық әдістерді қолдану -әнгімелесу барысында клиенттің сөйлеу икемділігін қабылдау арқылы оның сөйлесу стильін және тонын психолог-консультанттың саналы түрде орындай бастауын айтамыз.

Клиентке психолог-консультанттың ашық сұрақтарды құрастыру әдістер і-психологиялық кеңес беру кезінде психолог-консультант клиенттің айтқандарын тыңдай және қорытындылай отырып сұрақтар қоюын айтамыз.

Адамдарда ұйымдастырушылық қабілетін дамыту себептері - адамдарда ұйымдастырушылық қабілетінің дамуы деңгейін нақты бағалауға балатын психологиялық обьективті және мінез-құлық себептері.

«Осында және қазір» принципі - психологиялық кеңес беру кезіндегі шарттар. Бұл клиенттің кеңес алу кезіндегі саналылығы дәл қазіргі болып жатқан жағдайлармен байланысты болу керек. Оның бұрынғы және болашақтағы болатын жағдайына байланысты болмау керек.

Адамның темпераменттерінің табиғи және әлеуметтік типтері -адамның темпераменттінің екі басты өмірлік қалыптасулары.

Адамның психофизиологиялық ауыр сезінуінің мәселелері - мұндағы мәселе адам физикалық жағынан өзін саумын ойламайды және оның себептерін,одан қалай қашу керек екендігін білмейді.

Коммуникативтілік мәселелері -адамның басқалармен қарым-қатынасында туатын әлеуметтік психологиялық мәселелер.

Адамдардың қарым-қатынасқа қабілеттілігі -қарым-қатынас жасау барысындағы адамдардың икемділігі. Адамдардың қарым-қатынасқа икемділігіне адамдарды тыңдай алу және түсіну, оларға әсер ету арқылы жақсы қарым-қатынас ұстауын жатқызамыз.

Адамдардың мінездерінің коммуникативті қырлары -адамдармен қарым-қатынас жасауда көрінетін мінез қырлары.

Коммуникативті интеллект – адам ақыл-ой қабілеттілігінің жиынтығы. Адамдармен қарым-қатынас жасау кезінде туған тапсырмаларды шешу.

Психологиялық комплекс -адам өзінің физикалық немесе психологиялық кемшіліктеріне қате көзқарастар.

Кінә комплексі -адам болған жағдай жайлы өзін немесе басқаларды кінәләуындағы уайымдаулары.

Кекшілдік комплекс і- психологиялық күйдің бірі.

Қорғаныс комплексі -психологиялық ұстаным.

Жетіспеушілік комплексі - адамның басқа адамдардан өзінің кемшіліктерін сезіну, сонымен бірге өзіне деген мейірімсіз қарым-қатынастың тууына негізсіз сендірулері.

Клиент ақталуындағы интерпретациясының комплексті теориясы - әртүрлі психологиялық теориялардан шығатын жағдайлардың жиынтығына негізделген клиент ақталуының интерпретация әдістері.

Адамның мінез-құлық комплименттері - басқа адамның адресіне комплимент айту немесе өзінің адресіне комплименттердің айтылуы кезіндегі оның іс-әрекеті,жесті,мимикасының сай келуіндегі мінез-құлығы.

Истеричность - өзін шамадан тыс жақсы көруі және қасындағылардың өзіне көңіл бөлушілігін қажет ететін адамның акценттелген мінез-құлығы.

Психология тарихы – психологиялық білімдердің өзгеруі туралы психология ғылымдарының саласы.

Психологиялық кеңес алуда клиенттің картотекасы – психологиялық кеңес алуда арнайы қолданылатын картотека. Оған клиет туралы келесі мәліметтер кіреді:кім, қашан, кеңес алуға қандай мәселемен келді, кеңес беруді кім жургізді сол сияқты тағы басқа мәліметтер.

Жанұялық ішкі конфликт кезіндегі катализоторлар - жанұяға әсерін тигізетін конфликттердің қандай да бір обьективті және субьективті факторлары.

Жақсы басқарушылық сапалар - қандай да бір жұмыстарда ұйымдастырушылық қабілетінің психологиялық қасиеттері.

Клиент- қандай да бір мәселені шешу үшін пофессионалды психолгтан кеңес алуға келген адам.

Баланы мектептегі оқуға когнитивті дайындау - бастауыш сыныптарда оқу программасын бала жақсы меңгеру ушін оның когнитивті (танымдық) процестерінің дамуы деңгейін қарау.

Психологиялық кеңес берудің когнитивтілігі - клиенттің танымдық процестерінінің дамуы және қалыптасуы жөнінде жүргізілген психологиялық кеңес.

Когнитивті процесстар - адамның танымдық процестары.

Тәжірибелі психологтың профессионалды этикалық кодексі - адамдармен жұмыс жасау кезінде тәжірибелі психологтың қолданылатын басты заңдары, шарттары және әдістері.

Компромисс- адамдар арасындағы пікірлермен келісу.

Конкурентті мінез-құлық- басқа адамдармен бәсекелестікке түскенде жеңісті өз пайдасына алуда көрінетін адамның мінез-құлығы.

Адамның конструктивті жауабы - басқа адамды уайымдатып отырған мәселені шешу үшін адамның осы әрекетке пайдалы жауабы.

Клиеттің мәселесін шешуде қолданылатын конструктивті жол -психолог-консультанттың клиентті мазалап жүрген мәселсінен айықтырып қана қою ғана емес, сонымен бірге сол мәселені өзіне шешуге жолдар табуына ұмтылдыруы.

Психолог -консультант-психологиялық кеңес беруге профессионалды дайындалған тәжірибелі психолог.

Адамдардың бірігіп жұмыс жасауын бағалау - қажеттіліктер туып жатса адамдардың топтық әрекеттерін бағалау және коррекция жүргізу.

Психологиялық кеңес берудің бақылау этаптары - кеңес беруді аяқтайтын сонғы этап. Егер қажеттіліктер болып жатса психолог-консультант пен клиент кейінгі кезде қосымша кездесу жайлы келісім жасайды.

Қабылданған шешімнің іске асуын бақылау - клиенттің мәселесіне байланысты шешімдерді бақылау және қарау.

Конфиденциалды ақпарат - басқа адамдардан құпия тек жеке адамдарға белгілі болатын мәлімет.

Адам мотивтерінің конфликтері -адамның қажеттілікреріне байланысты ішкі психологиялық күй.

«Ене мен келін» типіндегі ішкі жанұялық конфликттер - Жігіттің шешесі мен келіннің арасында болатын ішкі жанұяда көп кездесетін конфликт.

Адамның конфликтогенді әрекеті - адамдар арасында болатын конфликт кезіндегі әрекеттер.

«Ата-аналардың арасындағы қақтығыстары» типіндегі конфликт - жанұяға байланысты түсінбеушілік жағдайында болатын ішкі конфликт.

«Ене мен күйеу бала» типіндегі конфликт - жиі кездесетін ішкі жанұялық конфликттердің бірі.

Адам әрекеттерінің координациясы - ұжымдық әрекет орындауда белгілі бір келісімге келу.

Коррекциялық жұмыс - клиент ұшыраған мәселеге байланысты шешу жолында психологтың тәжірибелі әрекеті.

Қабылдаған шешімге коррекция - қандай да бір қабылданған шешімге түзетулер енгізу.

Психологиялық консультация нәтижелерін бағалау критериі - клиенттің мәселесін шешуде және жүргізілген кеңестің жетістігі жоніндегі көрсеткіштер.

Лаборант-психолог -консультанттың көмекшісі-психологиялық кеңес беру персоналының құрамындағы көмекші қызметкер.

Дәріс сабақтарының курсы

№ 1 дәріс. Коррекциялық психология пәніне кіріспе.

Мақсаты мен міндеттері: Коррекциялық психология пәні, мақстат міндеттері туралы білім беру.

Жоспар: Психокоррекциялық жұмыстың тиімді ерекшеліктері.

Психокоррекциялық іс -әрекеттің ұйымдастырушылық-психологиялық негіздері.

Психокоррекциялық бағдарламаларды кұрастырудағы негізгі ұстанымдар.

Қазіргі кезеңдегі коррекциялық психология құрылымы.

Әдебиеттер тізімі:

1. Абрамова.Г.С. Практическая психология. Екатеринбург 1999.

2. Намазбаева.Ж.Ы. Психология және психотерапия. Алматы 2006.

3. Нельсон-Джоунс.Р. Теория и практика консультирования.Москва 2000.

4. Перлз.Ф. Практикум по гештальттерапии.Москва 1995.

5. Сапарова И.А. Хрестоматия по психологическому консультированию. Алматы 2004.

Психокоррекция жүргізу мақсаты мен зерттелінген адамдардың жеке даралық психологиялық ерекшеліктері туралы жинақталған мәліметтеріге байланысты бұл жұмыс екі бағытта жүзеге асырылады:

1. Нормативтерді кұру коррекциясы.

2.Адамның даралық мүмкіндіктерін дамыту коррекциясы. Бұл мәселе "Тәжірибелік психология" оқулығының келесі бөлімінде қарастырылады. Өйткені бұл екі бағыт бір-біріне тәуелсіз жүзеге асырылады.

Нормативтерді кұру коррекциясы. Адамның ішкі жан дүниесінің жеке даралық сипаттамасын әлеуметтік ортада қабылданған нормативтерге сай келтіру коррекциясы топпен жүргізіледі. Олар кебінесе қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, мазасыздану және агрессия көріністерін төмендету, жеткіншектердің жас ерекшеліктеріне байланысты орын алатын акцентуация мәселелерін шешуге бағытталған. Коррекциялық әдістердің нәтижелі болуы ауытқудың синдромына және бұзылудың көрініс беру симптомдарының түрлеріне тәуелді. Мектеп оқушыларымен және олардың ата-аналарымен жүргізілетін коррекцияда қарым-қатынас тренингінің барлық түрлері қолданылады, олар мінез-кұлықтың нақты формаларын меңгеруге көмектеседі және клиентке өзінің жан дүниесіндегі неше түрлі құбылыстардың орын алғанына жауапкершілікті өз мойнына алуды үйретеді.

Сонымен қатар әр жас кезеңінің және әлеуметтік ортадағы әр адамның атқаратын рөлдер репертуарына, клиенттің алдында тұрған психологиялық проблемаларына байланысты психокоррекцияны жүргізудің өзіне тән кептеген ерекшеліктері бар. Мектепке дейінгі жас кезеңдегілерді негізгі проблемасы мектепте оқытуға даярлығымен байланысты екендігі жоғарыда айтылған. Сондықтан бұл жас кезеңіндегілермен коррекциялық жұмыстар олардың таным процестерін жетілдіру және мектеп режиміне үйрету, сыныптағы балалармен, оқытушылармен қарым-қатынас жасауға икемділігін қалыптастыру, қысқаша айтқанда оның барлық көрсеткіштері бойынша мектеп өміріне даярлау болып табылады. Бастауыш сыныптарда бұл бағыттағы психологиялық қызмет көрсету жалғастырылады.

Жеткіншек жас кезеңіндегілермен жүргізетін психокоррекция, басқа жас кезеңдегілерден жиірек орын алады. Оның себебі осы жас кезеңінің көптеген ерекшеліктерімен байланысты. Балалардың өтпелі жас кезеңінде басынан кешетін қиындықтары психокоррекциялау және психологиялық кеңес берудің негізгі себептері болып табылады. Жеткіншектерде жиі кездесетін акцентуация, агрессия, дидоктогенді невроздар баланың тұлғалық қалыптасуына теріс әсерін тигізіп, оқушының мотивтік сферасының бұзылуына алып келеді. Білуге тырысушылық мотиві, кей кезде, оқу ісінде басты болудан қалады, өйткені баланың құндылықтарды бағалауы, өзін-өзі бағалауы өзгереді. Оқушыны қатты шаршату, көп тапсырма беруде жүйеліктің болмауы, кейінгі кезде орын алған аралық аттестациялауға баланың ішкі даярлығының төмен болуы олардың психологиялық, жағдайының бұзылуына алып келуі мүмкін. Невроз — тұлғалық дамудың ауруы. Мектеп неврозының көріну шеңбері тым кең. Бірақ олардың невротикалық жағдайға апаратын себептерінің бастылары, мазасыздану, әуреге түсу жеке баланың жанының жарақаттануы. Бақылау нәтижелері көрсеткендей, erep оқушыларға невротикалық реакцияларының алғашқы белгілері кезінде назар аударылса, адаптациялық қасиеттерін тұрақты етуте дер кезінде көмек көрсетілсе, ол кісіде психогендік ауытқулардың дамуын тоқтатуға болады.

Осы проблемаларды шешуге психологиялық көмек көрсету, психопрофилактика, психокоррекция жасау және басқа мұқтаждарға көмектесетін шараларды жүйелі түрде ұйымдастыру қажет. Оның ішінде баланың дамуын диагностикалау, оның барлық мүмкіндіктерін ашу және балалармен, олардың ата-аналарымен, мұғалімдермен психологиялық қызмет шеңберінде коррекциялық көмек көрсету қажет.

№ 2 дәріс. Психокоррекция туралы түсінік.

Мақсаты мен міндеттері: Психокоррекцияның ғылым ретінде қалыптасу тарихын меңгерту, коррекция ұғымы, оның негізгі терминдері мен категориялары туралы білім беру.

Жоспар: Психокоррекцияның ғылым ретінде қалыптасу тарихы

Коррекция ұғымы, оның жалпы сипаттамасы. негізгі терминдер мен категориялар.

Психокоррекция ны жүргізуге қойылатын талаптар.

Психологиялық коррекцияны жүргізудің технологиясы.

Психокоррекция жүргізудің техникалары.

Әдебиеттер тізімі:

1. Сапарова И.А. Хрестоматия по психологическому консультированию. Алматы 2004.

2. Роджерс.К. Взгляд на психотерапию. Москва 1994.

3. Рудестам.Н. Групповая психотерапия. Москва 1999.

4. Франкл.В. Человек в поисках себя.Москва 2000.

5. Бахыт Дастанқызы. Топтық психотерапия. Алматы 2008.

6. Вачков.И. Основы технологии группового тренинга. Москва 2000.

Топтық психокоррекцияны адам өмірінде үлкен роль атқаратын іс-әрекеттер түрінде ұйымдастырылады. Балалық шақтан бастап барлық уақытта маңыздылығын сақтайтын, әсерлілігі өте жоғары болатын ойын әрекетінің ролі өте үлкен. Балалар үшін ойын өмір сүрудің, әлеуметтік тәжірибені меңгерудің негізгі түрі, ал үлкендер үшін өздерінің балалық „Менің" шақырып, басқа адамдардың, әсіресе балалардың қылықтарын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Сондықтан ойын коррекциясы психологиялық кызмет көрсету тәжірибесінде кеңінен пайдаланылады.

Ойын теориясын көптеген атақты психологтар (Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, Б.Д.Эльконин) зерттеген. Олардың ілімі бойынша эволюциялық даму барысында ойын әрекеті тұқымқуалаушылық құрылымдарда орын алғаны дәлелденген және оның ерекшеліктері жеке тұлға дамуындағы жас кезеңдеріне байланысты көрініс береді деген. Сонымен қатар ойын биологиялық даму заңдылықтары бағдарламасына тәуелді болғанымен, жоғары әлеуметтенген іс-әрекет түрі болып табылады. Оның үйретушілік, дамытушылық және коррекциялық мәні өте терең. Ойын арқылы қимыл-әрекеттер меңгеріліп, оны жетілдіру жаттығулары жүргізіледі, қоршаған ортамен танысу және әрекеттесуге негіз болатын әрекеттер комплексі қалыптасады. Сонымен қатар, ойын барысында әлеуметтік қатынас элементтері меңгеріліп, жеке тұлға мінезінің ең маңызды көріністері жаттығады.

Ойынның дамытушылық мәні оның екі жақтылығымен түсіндіріледі. Біріншіден, ойын шынайы іс-әрекеттің түрі болғандықтан оны орындау нақты мәселелерді шешуді талап етеді, екінші жағынан — ойынның көптеген сәттері шартты болады да, шынайы жағдайлар мен жауапкершіліктерден ойнаушылар құтылып, олардың қөңілдері басқа жаққа, ойынның шарттарына аударылады.

Құралымдық жағынан ойынға үш ерекшелік тән:

1. Ойын барысындағы қатынастардың реттілігі;

2.Ойынның ішкі сырының барлығы (қатынас екі деңгейде жүргізіледі де, олардың біреуі жасырын сыр болады);

3. Ұтыс бар.

К.Гросстың "Сақтандыру теориясында" ойынның дамытушылық функциясын жас ағзалардың өз-өзін жетілдіру формасы деп түсіндірген. В.Штерн, З.Фрейд және оның шәкірттері ойынды адамның терең жатқан инстинктерінің көрінісі деп тауып, оны бейсаналылыққа жатқызған. Бұл тұжырымдамаға негіз болатын бір нәрсе бар. Барлық ойындар негізгі үш тақырыпта дамиды: "жыртқыш-құрбан" (ойынаушылардың біреуі қашып жасырынады, екіншісі оны қуалап немесе іздеп жүріп ұстайды); "некелік-серіктестік" (танысу ритуалдары, үй салу, егін егу, мал бағу); "ата-ана мен бала" (қамқорлық көрсету, қоректендіру). Ойын барысында өмірлік тәжірибені меңгеру - оның әлеуметтік мәні барлығын дәлелдейді. Ойынның өте тиімді психодиагностикалық және психокоррекциялық әдіс болуына оның осы екі жақтылығы негіз болады.

Күнделікті өмірде адам көптеген теріс эмоциялық сезімдерге бөленіп жүретін кездері болады. Олар ішкі үйлесімсіздіктерден немесе тұлға аралық қатынастан туған мазасызданудың нәтижесі болады. Осы проблемаларды адамдардың басым көпшілігі өз бетімен шеше алмайтын болғандықтан олардың жағдайына сай келетін психологиялық көмек психокоррекция ретінде көрсетіледі. Коррекция жүргізу жолдары өте көп. Коррекцияның адамға тигізетін әсері мен пайдаланылатын әдістемелерді зерттеушілер ойын коррекциясына ерекше көңіл аударады.

Ойын коррекциясының жеке тұлғалық қасиеттер мен эмоционалдық жағдайды түзетудегі мүмкіндіктері өте мол. Ойын терапиясының адамды негативтік эмоционалдық күйден шығару үшін пайдалану жолдарын анықтауға К.Левин тобының жүргізген зерттеуі маңызды үлес қосты. Шынайы өмірде орын алған қиын жағдайлардан ойын арқылы арылу үшін адам жалған, жорамалданған рөлде болып, сол жалған жағдайды талдау және жорамалданған жағдайдың ерекшеліктерін түсіну арқылы өз өміріндегі мәселеге түсіну жеңілірек екенін Л.С.Выготский дәлелдеген.

№3 дәріс. Психокоррекцияның өзіне тән ерекшеліктері.

Мақсаттары мен міндеттері: Психокоррекцияның өзіне тән ерекшеліктерін ашу.

Жоспар: Коррекциялық топтар түрлері.

Коррекциялық топтарды құру.

Психокоррекциялық жұмыстың мақсаттарымен міндеттері.

Коррекциялық топтар жұмысын ұйымдастыру реті

Психокоррекция кешенінің негізгі бөліктері

Жекелік психокоррекция жұмысы.

Әдебиеттер тізімі:

1. Максимова Н. Ю. Диагностика и коррекция поведения трудных подростков // Вопросы психологии. М., 1988, № 3.

2. Маркова А. К., Лидере А. Г., Яковлева Е. Л. Диагностика и коррекция умственного развития в школьном и дошкольном возрасте. Петрозаводск, 1992.

Психотерапевттер жасаған коррекциялық ойындар әдістері көмегімен адамда орын алған қорқыныш сезімнің әсерін төмендету, мазасызданудан, депрессиядан шығару, басқа да невроз сырқаттары, эмоционалдық дүниесінің тапшылығы байқалатындар және дені мен жаны cay адамдардың бейадекваттық реакцияларын реттеу үшін жүргізілетін коррекциялық жұмыстарда, көптеген шиеленіс мәселелерді шешуге кеңінен пайдаланылады. Ойын барысындағы мінез-құлық оның құрылымына сай болуға тиіс. Үлкендер ойнаған кезде олар өздерінің стереотиптік әрекеттерін қайта құруы керек. Осы қайта құру алты типте көрініс береді.

1. Ойындағы әрекеттер ретін ауыстыру.

2. Реттегі кейбір көріністерін ұлғайтып, арттырып жіберу.

3. Реттегі кейбір көріністерін бірнеше рет қайталау.

4. Ретін аяқтамай басқа, бөтен әрекеттерге көшу.

5. Кейбір қимылдарға ерекше көрініс беріп оны бірнеше рет қайталау.

6. Реттегі кейбір қимылдардың аяқталмай қалуы.

Сонымен қатар ойын барысында неше түрлі себептермен байланысты әрекеттер араластырылып қолданылады. Мазасыздануды диагностикалауда осы қайта құруды зерттелінушінің жас ерекшелігімен салыстырып бағалау кеңінен пайдаланылады.

Ойынның құрылымдық және функционалдық ерекшеліктерін зерттеушілер ойынға қатысушылардың келесі көрсеткіштерін бағалауды ұсынады: әрекеттерінің бағыттылығы, қозғалу шабытын, айналасындағылармен байланысының тиімділігін, жасқаншақтығын, қорқақтығы мен именгіштігін. Осы көрсеткіштер иелері ойынға беріліп кетеді, ал бұл көрсеткіштері дамымағандардың ойын әрекеттері бұзылған болады да олардың дамуында мешеулік орын алуы мүмкін. Сондықтан ойынның түзету-дамытушылық. функциясы күшті деп айтуға болады.

Әр ойын көп функция атқарады: бір адамға өзін-өзі бағалауын жоғарылату жолы; екіншілерге — сергіту, қабілеттілікті арттыру және өзін емін еркін сезінуге үйрету жолы; үшіншілерге — көпшілікпен тіл табысып өмір сүруге, ұжымдағы адамдармен санасуға үйрететін әдіс. Осы үш функциясы негізгілері болып саналады. Сонымен қатар әр адамның проблемасына байланысты жеке мәселелер тууы мүмкін. Коррекцияны ойынның барлық түрлеріне осы ортақ көрсеткіштерін ескеріп жүргізу қажет.

Коррекциялық ойын барысында келесі мәселелер шешіледі:

- ойын барысында қатысушылар өз сезімін өзгелерге көрсетудің жаңа формаларын меңгереді; басқа адамдарға, үлкен, кішілер және құрбыларына, өзіне деген көзқарасы ақиқатқа жақындатылады, өзін-өзі және басқаларды бағалауға, сыйлауға, мейрімділік көрсетуге үйретеді; өзіне деген сенімі нығаяды; құрбы-құрдастарымен және әр түрлі жастағы балалармен қарым-қатынас жасау тәжірибесін қалыптастырады; ойын қатысушыларды іскерлікке, карым-қатынастың жаңа түрлеріне жаттықтырады; балаларды сыйлап олардың өз проблемаларын дербес, қажетті мәселелерді өз бетімен шешуге шамасы келетініне сендіреді.

Коррекциялық ойындардың көптеген ортақ көрсеткіштерімен қатар әрқайсысының өзіндік сипаттары бар. Сондықтан оны ұйымдастырған ортаның коррекцияға әсерін тигізетіндей ерекшеліктері болуға тиісті. Ол ерекшеліктерді бірнеше талаптар ретінде көрсетуге болады.

№4 дәріс. Психокоррекциялық әдістер топтамасы.

Мақсаты мен міндеттері: Психокоррекциялық әдістерді талдау және оларды топтастыру.

Жоспар: Психокоррекциялық бағдарламаларды құрастыру алгоритмі.

Коррекция бағдарламалар түрлері.

Психокоррекциялық іс-шаралар жүргізетін психологқа қойылатын талаптар. Коррекциялық әсер етуге кәсіби дайындықтың компененттері.

Әдебиеттер тізімі:

1. Максимова Н. Ю. Диагностика и коррекция поведения трудных подростков // Вопросы психологии. М., 1988, № 3.

2. Маркова А. К., Лидере А. Г., Яковлева Е. Л. Диагностика и коррекция умственного развития в школьном и дошкольном возрасте. Петрозаводск, 1992.

Коррекцияны жүргізуге қойылатын талаптар

Бірінші талап - тотық кездесулер арнайы жабдықталған, кілем немесе палас төселген, кең ойын бөлмелерінде жүргізіледі. Ол бөлмеде ойын барысында пайдалануға арналған жұмсақ ойыншықтар, шарлар, доптар, орындықтар немесе көпшіктер, қағаз, қалам, фламастер, жеңімпаздарды марапаттайтын заттар (сағыз, конфет, шар, "қант, май, шәй" тәрізді нәрселер). Топтағы жұмысты екі психолог (әйел және ep кісілер) жетекшілік жасап жүргізгені тиімді болады. Олар үлкендердің үлгісі болғандықтан әр жыныс өкілдерінің ерекшеліктерін көрсетуге ыңғайлы жағдай орнатады, сонымен қатар кейбір жаттығуларды орындау барысында ep адамның қара күші де қажет болады. Кездесулерді әр аптада бір немесе екі рет, ұзақтығы 1,5-2 сағат деп анықтап алу керек. Топтағы қатынасушылар саны 7-9, ал кей кезде

12-ге дейін болуы мүмкін. Үлкендермен де осындай бөлмеде ұйымдастыруға болады.

Екінші талап — қарым-қатынас ерекшелігі байқалған бала немесе үлкен клиент өміріндегі қысым көріп жүрген шарттардан шығуына жәрдем беретіндей жағдайда болуы керек. Өйткені қақтығыс аймағындағы байланыстар мінез-құлықтың жағымсыз көрініс беруінің негізгі себебі болуы мүмкін. Сондықтан тілектестікке, мейрімділікке негізделген қарым-қатынас басқаларға деген бұрынғы қырсық, мінездің өрескел, ыңғайсыз екенін көрсетеді және өзгелермен мәдениетті араласудың жаңа түрін іздеуді талап етеді. Осы ізденіс табысты болудың жаңа жағдайдағы қарым-қатынас түрінің дұрыс үлгісі топта көрсетіледі. Ол үшін:

а) үлкендер мен кішкентайлардың қарым-қатынасы жайбарақат, тілектестік негізінде жүргізіледі;

б) ешкім ешкімге ескерту жасап, мін тағып, сын айыптап, жіберілген қателіктер үшін ұрыспайды;

в) әркім өзін емін-еркін сезінуге жағдай жасалады.

Үшінші талап - шектеудің шектеулілігі. Нені шектеуге болады:

а) жұмыс уақыты (ойын бөлмесінің жұмыс уақыты шектеулі);

б) бөлмеден рұқсатсыз шығуға болмайды;

в) ойыншықтарды, әдістемелік құралдарды алып кетуге болмайды. Кішкентайлармен ұйымдастырған коррекциялық топтың ең үлкен ерекшелігі - баланың іс-әрекеттерін ұйымдастыру барысында оларға ешқандай тыйым салмай, нормативтермен таныстырмай, әркімге өзінің шығармашылық қабілетін көрсетуге мүмкіндік беру.

Төртінші талап - өзінше талдауды (интерпретациялауды) қолдану. қатынасушының проблемасын диагностикалау және коррекциялау барысында олардың әрқайсысына өз ойын тұжырымдап айтқызу. Бұл әдістің орындайтын міндеті - адам жағдайды үстіртін талдаудан біртіндеп мәселеге терең үңіліп, оның түбірін, болашаққа әсерін т.б. көрсеткіштерін бір-бірімен ұштастырып, салыстырып талдайды. Бұл өте күрделі техника. Оны тиімді пайдалану үшін келесі жағдайларды ескеру қажет:

- клиенттің интерпретацияны қабылдауға, түсінуге даярлығы;

-интерпретацияны қолдануға ыңғайлы жағдайдың орын алуы. Жағдайды өзінше талдау сенімді топтың ішінде, клиентке өте түсінікті сөздермен айтылуы керек, күрделі мәселелерді талдауға арналған сұрақтар шектеулі болады және ғылыми терминдер өте аз пайдаланып, сөйлемдер құрылымы жағынан клиенттің тіліне жақындатылған, оған түсінікті, қарапайым болады.

Бесінші талап - әр адамға өзінің ойын өз сөзімен басқаларға түсіндіріп айтып беруді үйрету. Ол "қайта проекциялау" деп аталады. Клиенттің айтқан шағымын психолог өзінше талқылап, оның оң-теріс жағын ашып, барлық болған оқиғаның жақсы жағы да бар екенін көрсетеді, немесе жағымсыз нәрсенің әсері клиенттің бағалауынан төмен екендігін дәлелдеп береді. Мысалы: баласы оқуды тастап кеткен. Психолог осы мәселені талдау барысында оқу немесе болашақ мамандығы баласының ойына сай келмеген болуы керек, сондықтан ол өз жолын іздеп тапқысы келгенін түсіндіреді.

Алтыншы талап — клиентті сыйлау, онымен тілектестік негізіндегі карым-қатынасты қалыптастыру. Қарым-қатынас ауызша сөйлесу (вербальдық қарым-қатынас) арқылы және тілсіз, вербалды емес түрлерінде жүруі мүмкін, оның барлық қылығын түсіну, көбісінің басқаларға ұнайтынын және ұнамды қылықтары бар екенін көрсету. Коррекциялық топта әр адам өзінің толық қауіпсіз ортада екенін сезінуі қажет. Тек қана толық сенім болғанда ғана клиент өз проблемасын ашып, сырын төгеді. Басқалар, әcipece психолог, ұстамдылық көрсетіп өр клиенттің шағымын эмоционалдық құбылыстарда көрсеткен өмірінің үзінділерін тілектестік белгісімен қабылдауы қажет (қолын сипап, күлімсіреп қарап, басын шайқап...)

Жетінші талап — әр адам өз өмірінің иесі екенін түсіндіру. Осы позицияда тәрбиелеу үшін әр адам өз проблемасын өзі шешуге шамасы келетініне сенуі қажет. Сондықтан бірінші, екінші кездесу барысында клиентті асықтырмай оның белсенділігін қолдап отыру қажет. Клиенттің күшті жақтарын қолдап, соған сүйену - коррекцияның маңызды шарты.

№ 5 дәріс. Психокоррекциялық жұмыс жүргізудің негізгі принциптері, мақсаттары мен міндеттері.

Мақсаты мен міндеттері: Психокоррекциялық жұмыс жүргізудің негізгі принциптерімен, мақсаттары мен міндеттерімен таныстыру

Жоспар: Диагностика мен коррекцияның бірлігі.

Даму нормативтілігі. “төменнен жоғары”, “жоғарыдан төмен” коррекциялау.

Рольдік ойындар.

Психокоррекциялық ситуация.

Психокоррекциялық ситуацияның негізгі элементтері.

Әдебиеттер тізімі:

1. Максимова Н. Ю. Диагностика и коррекция поведения трудных подростков // Вопросы психологии. М., 1988, № 3.

2. Маркова А. К., Лидере А. Г., Яковлева Е. Л. Диагностика и коррекция умственного развития в школьном и дошкольном возрасте. Петрозаводск, 1992.

Топтағы ойындарды ұйымдастыру арқылы жүргізілетін жұмыс барысында біріншіден топтағылардың қарым-қатынасы қалыптастырылады, сонан соң, екінші ретте коррекциялық мәселелер шешіледі. Мұндай топтар жұмысы, көбінесе, балалармен және оған параллель топта олардың ата-аналармен жүргізіледі. Бұл топтардағы коррекция жұмысы бастапқы кезде дара жүргізіледі де, ата-аналар тобында олардың, теріс әсері бар стереотиптерін түсіндіру тәсілдері кеңінен пайдаланылады.

Балалар коррекциялық, топтарын құрғанда психодиагностикалық зерттеу барысында анықталған жеке тұлғалық ерекшеліктері мен олар туралы ата-аналары мен мектеп қызметкерлерінен түскен шағымдары ескеріледі. Кішкентай балалар туралы шағымдар екі мағынада болады. Біріншісі, баланың топтағы құрбыларымен қарым-қатынас жасамауы. Ата-аналар баланың оқшау жүретінін оның мінезінің тұйықтығымен, сол себептен баланың жеке ойнағанды, кітап оқығанды, сурет салғанды ұнататындығымен түсіндіреді. Кейбір балалар басқалармен қарым-қатынас жасай алмауына байланысты, кейде құрбыларымен жақсы ойнап, ал кейде бұртиып, ашуланып, төбелесіп, шатақ мінез көрсетуімен байланысты өзгелер оны жақтырмайды.

Екінші мағынадағы шағымдар бала мінезінің шатақ болуына байланысты оны көндіру, тіл алдыру мүмкін еместігі, олар үлкендерге өрескел, дөрекі сөйлеп, бағынбаушылық көрсететінін айтады. Бұл шағымның астары ата-аналардың өз ұрпақтарымен ғана емес, өздері де бір-бірімен тіл табыса алмай жүргенімен де байланысты болады. Отбасы өте күрделі жүйе болғандықтан оның бір жерінде кездесетін қиындық барлық қатынастар жүйесіне теріс әсер етеді. Психокоррекция жүргізу туралы шешім қабылдау үшін проблеманың түбірі неде екенін анықтап алу қажет.

Көбінесе балаларда кездесстін қарым-қатынас бұзылуы келесі үщ себепке байланысты болуы мүмкін. Біріншісі — отбасындағы мінез-құлық стереотиптерін баланың мектепішілік қатынаста қайталауы. Екіншісі-бала өз темпераментінің ерекшеліктерін меңгере алмағанымен байланысты оның икемделуі төмен, барлық тітіргендіргіштер әсеріне жауап реакциясы жоғары болуы. Үшіншісі - баланың оқу мотивациясының "сәтсіздіктен қашу" бағытымен байланысты ішкі, жеке тұлғалық мазасыздануының жоғары болуы, осы себептен туындаған қайшылықтарды шешу жолдарын таба алмауы.

Психокоррекциялық ойындар жеке тұлғалық, интеллектуалдық даму проблемаларымеи байланысты жүргізілетін коррекцияның негізгі әдісі болып табылады. Бұл кітапта тек кісіаралық қатынаста көрініс беретін қасиеттермен байланысты коррекциялық жұмыстың түрлері қарастырылған. Таным процестерін коррекциялау жолдары осы оқулықтың келесі бөлімінде беріледі. Жеке тұлғалық қасиеттерді өңдеу және жетілдіру мақсатында ұйымдастырылған психокоррекциялык ойындар барысында әр адамның өз тәжірибесінде қалыптасқан, дағды болып қалған әлеуметтік рөлдерін орындау стереотиптері қайта құрылады.

№ 6 дәріс. Психокоррекциялық бағдарлама түрлері

Мақсаты мен міндеттері: Психокоррекциялық бағдарлама түрлеріне талдау жасау.

Жоспар: Психокоррекциялық бағдарлама құруға қойылатын талаптар.

Психокоррекциялық бағдарлама құрудың негізгі принциптері.

Психокоррекциялық іс-шаралардың нәтижелігін бағалау.

Психокоррекция нәтижесін анықтайтын факторлар.

Әдебиеттер тізімі:

1. Василюк.Ф.Е. Уровни построения переживаний и методы психологической помощи. Москва 1991.

2. Хухлаева.о.в. Основы психологического консультирования и психологической коррекции. Москва 2008.

3. Абрамова.Г.С. Практическая психология. Екатеринбург 1999.

4. Намазбаева.Ж.Ы. Психология және психотерапия. Алматы 2006.

Коррекциялық топтар жұмысын ұйымдастыру реті

Психокоррекциялық жұмыстың міндеттері коррекция жүргізуді талап еткен адам немесе топ ерекшеліктеріне байланысты анықталады. Олар келесі мағынада болуы мүмкін:

- баланың дамуындағы психологиялық ауытқуларды әлеуметтік ортада қалыптасқан талаптарға сай келтіру;

- қалыптасқан жағымсыз мінез құбылыстарын бұзып, оның жағымды көріністері басым болатындай етіп қайта құру;

- мінез-құлық стереотиптерін және оның эмоционалдық көрініс беру формаларын өзгерту;

- жалпы даму барысын қайта құру (құрылымын өңдеу);

- ізгі ниетті қарым-қатынас тәжірибесін қалыптастыру.

Психокоррекцияны жүргізудің түрлері көп болғанымен олардың барлығының ортақ касиеттері өте мол. Ол клиенттерді психодиагностикадан өткізу, проблемаларына байланысты коррекция тобына жинақтау, балалар жас ерекшеліктеріне байланысты және үлкендердің қажеттілігін ескере отырып психокоррекция жүргізу реті және пайдаланылатын әдіс-тәсілдерін анықтау ұқсас нұсқамен жүргізіледі. Сондықтан психокоррекция өте күрделі жүйе болса да, клиенттің проблемаларына байланысты олардың мақсаты мен міндеттері әрқилы анықталғанына қарамастан барлық коррекциялық топтар жұмысының ретін бірнеше блокқа бөліп көрсетуге болады.

Бірінші блок психодиагностикалық. Бұл кезеңде шытырман жағдайға алып келген факторлар талданылып, олардың орын алған себептері мен аймағы анықталады. Шиеленісті жағдай орын алған аймақтар отбасы, құрбылар ортасы, жұмыс орны, оқитын мектебі, т.с.с. орталар болуы мүмкіи (сол адамның өмір сүру ортасы). Осы мәселелерді толық диагностикалау мен жинақталған материалдарды талдау көптеген психодиагностикалық әдіс-тәсілдер көмегімен жүргізіледі және психологиялық кеңес беру процесімен ұштасады.

Бұл кезеңде клиентті коррекциялық жұмыс жүргізу қажет екендігіне сендіріп, ол жұмыстың ерекшеліктері мен пайдаланылатын әдіс-тәсілдер түсіндіріледі. Коррекция жұмысы — көптеген құбылмалы жағдайларға байланысты жүретін әрекеттер жинағы. Олардың ішінде психокоррекцияның тиімді болуына келесі құбылыстардың әсері үлкен:

а) психолог пен коррекцияға қатысушылар арасындағы байланыстың қалыптасуы (коррекциялық әрекеттер тиімді болу үшін катысушылар бір-бірімен тығыз байланыста болып, түйісіп, біртұтастай қызмет атқаруды талап етеді). Бұл байланыс - құбылмалы. Өйткені қатысушылардың психологқа сенімінің біртіндеп өзгеруімен бірге бұл байланыс та өзгеріп тұрады;

б) қатысып отырғандардың психологқа және бір-біріне сенімдерінің болуы, біртіндеп осы сенімнің күшеюі және оны бір-біріне анық білдіруі. Бұл құбылысқа байланысты қатысушылардың әрқайсысы өз басынан кешкен проблемалардың орын алуына не себеп болғаны туралы сырын басқаларға ашып айтады немесе түйсініп, тұйықталып қалады;

в) өз проблемасын шешу жолдарын таба алатындығына сенімінің артуы. Клиенттің позитивтік нәтижеге жете алатындығын түсінуінің белгісі болып табылады.

Екінші блок - багыт беру деп атауға болады. Бірінші кездесу басқаларына ұқсамайды, кұрылымы алдын-ала нақты анықталған және сол алгаритмнен онша алшақтамай, барлық орындау тәртібін сақтап жүргізуді талап етеді. Бірінші кездесу барысында қатысушылар дөңгелене отырып, бір-бірімен және психологпен танысып, алдағы кездесулердегі шешілетін мәселелер, қатынасушылар тәртібіне қойылатын талаптар, ритуалдық шаралар, топтың әнұраны анықталып, талданып, қабылданады. Бұл кезеңде баланың өз атын қабылдауы диагностикаланады. Балаларға басқалармен танысу барысында өз атын немесе басқа өзіне ұнайтын атпен өзін атауына болатыны түсіндіріледі. Тренингтің соңына дейін немесе бала өзінің атын өзгертуді өтініш еткеніне дейін оны топтағылар өзі таңдап алған есіммен атайды. Eгep катысушы өз атынан бас тартса, ол өзін-өзі қабылдамауының белгісі, ал өзі таңдап алған аты оның кімге ұқсағысы келгенін көрсетеді. Бұл тәсілдің коррекциялық мәні — баланы өзіне ұнамайтын "Мен" көрінісінен шығып, өзіне ұнайтын кейіпкср бейнесінде болуына мүмкіндік беру. Бастапқы кезде баладан неге басқа атты таңдағанын сұраудың ешқандай қажеті жоқ. Оның сәті ойын барысында өзінен-өзі келеді.

Танысу барысында психологтар да өздерін таныстырады. Бұл жерде екі вариант болуы мүмкін. Психолог өзінің тек атын атап, барлық топтағылар бір-біріне тек "сен" деп сөйлеу керек екенін айта отырып, өзімен де солай сөйлесу керек пе, жоқ болмаса "апай", "ағай" деген тіркесті пайдалана отырып, "сіз" деп сыпайы сөйлесу талабы қойылатын-қойылмайтыны анықталады.

Танысуды жалғастыру үшін қимылды ойындарды ұйымдастырған орынды болады. Мысалы, "үшіншісі артық", "жасырынбақ" ойындары өте көңілді, қатысушы балалар құмарта ойнау барысында топтағылар бір-бірінен бастапқы жатырқаушылықтан тез айырылып, бір-бірімен араласып кетеді. Сонымен қатар ойын барысында топтың дербестігі мен белсенділігі диагностикаланып, кейбір қатынасушылардың топтағы рөлі анықтала бастайды. Erep ойынның шешуші кезеңдерінде балалар белсенділік білдіріп, жетекшінің кезегі келгенде оның көзін байлап, ол балалардың біреуін ұстап алғанда ұсталған бала ойын ережесіне сай қылық көрсетсе, сыбырлап сілтеу орын алғанда "сілтеушіге" балалардың өздері ескерту жасаса, қабырға жағалап тұрғандарды өздері ойынға тартса, мұндай коррекциялық тобының жұмысында жетекшілік функцияны психолог астыртын, білдірмей жүргізуі қажет.

Бірінші кездесуді аяқтауға жақындағанда барлық қатысушыларды дөңгеленіп тұруға немесе отыруға шақырып, әр кездесуді аяқтайтын рәсім жайында келісіп алудың маңызы үлкен. Оның бірнеше нұсқалары бар. Барлығы бір-бірін иығынан құшақтап шеңбер жасап тұрып, жай ырғақпен шайқалып, өздері таңдап алған әнұранды орындау немесе барлығы етпетінен, екі қолын жайып тастап жатқанда оң жақтағы көршісінің бетін қолына қойып жылауы, т.с.с. жақындастыру тәсілдерінің біреуін немесе тіркестіріп пайдаланылатын екеуін таңдап алу керек. Мұнан соң жүргізілетін кездесулердің барлығы осы рәсіммен аяқталады.

№ 7 дәріс. Түрлі психикалық бұзылыстар мен ауытқуларды түзету технологиясы.

Мақсаты мен міндеттері: Түрлі психикалық бұзылыстар мен ауытқуларды түзету технологиясын үйрету.

Жоспар: Қорқыныш және оның түрлерін коррекциялау.

Тәртібі нашар балаларға жүргізілетін коррекциялық шаралар.

Сабақ үлгерімі төмен оқушылраға жүргізілетін психокоррекция.

Әдебиеттер тізімі:

1. Василюк.Ф.Е. Уровни построения переживаний и методы психологической помощи. Москва 1991.

2. Хухлаева.о.в. Основы психологического консультирования и психологической коррекции. Москва 2008.

3. Абрамова.Г.С. Практическая психология. Екатеринбург 1999.

4. Намазбаева.Ж.Ы. Психология және психотерапия. Алматы 2006.

Дені cay клиенттермен коррекциялық жұмыс жүргізілгенде оны треннинг тобы деп атайды. Осы топты ұйымдастыру түрлері оған қатысушылардың негізгі проблемаларына байланысты анықталады. Олар кейде коррекция жүргізу тәсілдері деп аталады. Бұл тәсілдердің негізгі 4 түрі бар. Тренинг түрлері шешуге алынған проблемаға байланысты анықталады.

Қарым-қатынас мәдеииетін үйрету тобы

Мақсаты: кай ортада болсын өзін емін-еркін ұстауға, басқаларға жылы шырайлы болуға үйрету.

Бұл тренинг 3 кезеңнен тұрады.

1. Рәсімдік іс-әргкеттерді меңгерту.

а) Танысу рәсімі

б) Топтық әнұранды орындау (әнұранды таңдап алу). Оны тренинг тобының әр кездесуі басталғанда және аяқталғанда орындау барлық, қатысушылардың эмоционалдық тонусын көтеріп, қарым-қатынас жасауға жол ашады және топты нығайтады.

в) Ритуальдық сәлемдесу мен қоштасу. Сәлемдесу барысында топ мүшелері бір-біріне жылы сөздер айтып, дене терапиясы элементтері пайдаланады (қол алысу, құшактасу, сипалау, т.с.с), сонан соң кешегі күні болған оқиғалар, ондағы карым-қатынас барысының ерекшеліктері мен әсерлілігін еске түсіріп, оң-теріс жағы қысқаша талданады, топтык қарым-қатынас ережелері еске түсіріледі. Бұл тәсіл қатысушылардың барлығын өз ойларын басқаларға жеткізіп айтуға, болған оқиғаларды бағалауға үйрету үшін жүргізіледі.

2. Топтық шешім қабылдауға үйрету. Бүгін жүргізілегін жұмыс жоспары талданып, ойындар іріктелініп, оларды жүргізу peтi анықталады, іс-әрекеттің әрқайсысына берілетін уақыт нақтыланады. Ойындардың басым көпшілігі рөлдік-сюжеттік, сондықтан кім қандай роль атқаратынын топтың өзі шешеді. Ойын аяқталғаннан соң әр қатысушының топтық тапсырманы орындауға қосқан үлесі талданып, олардың өз міндетін орындағанын топ және өзі бағалайды.

3. Топтың дербестігін қалыптастыру. Бұл тәсіл психологтың топтан "шығып", оларды өз бетімен барлық іс-әрекетті ұйымдастыруға мүмкіндік беру үшін қолданылады. Топ жұмысын ұйымдастыру реті, пайдаланылатын тәсілдер тізімі бойынша ешкімнен кеңес сұрауына болмайды (балалар тобында олар өздері барл


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: