Ерлер киімі

Сұлулық туралы жаңа көзқарас, киімнің жаңа түрлерінің шығуына себеп болды, негізгі киім “футляр”, пішілу жағынан қарапайым, денені білдірмей тұрды. Бұл форма ең алғаш Римде, Империя дәуірінде пайда болып, Византияда негізгі бола тұрып одан әрі дами түседі.

Ерлер киімінің негізгі түрі - туника, дамбал, палудаментум, пенула, лорум.

Туника - бұл жеңінің төменгі жағы тар кейінгі Рим туникасын елестетеді. Әр таптың туникасының пішілу үлгісі біртектес болды.

Дамбал - Шығыс елінен ауысып келген - ерлер костюмінің міндетті бір бөлігі болды. Ол 2 жарты тігілмеген бөліктен тұрды, сөйтіп баумен (тесьмамен) белдікке бекітіліп қойды. Дамбалдың ұзындығы әртүрлі болды: тізеге дейін, тобыққа дейін.

Палудаментум - императордың және ақ сүйектердің сырт киімі.

Епископ7 пен дін қызметшілері кең, ұзын жеңді, ақ ұзын туника киді, оның алды, жеңінің төменгі жағы қара қошқыл түсті жолақпен, сәнделді, және түрлі-түсті пенула мен шарф киді, ол шашақпен, крестпен сәнделді. Жауынгерлер көкірегі әшекейленген қысқа түрлі-түсті туника киді.

VII ғасырдан император костюмінің тұтас бір бөлігі лорум - ол қымбат бағалы таспен әшекейленген алтын паршадан жасалған ұзын, енді шарф. Оның ені - 15-35 см, ұзындығы - 4-5м болды. Кейін келе лорумның жоғарғы бөлігі кең дөңгелек немесе сәндеп ойылған, алтынмен және қымбат тастармен мол әшекейленген жаға - оплечьеге айналады. Одан да бері келе лорум мен оплечье - арты ұзын және алдыңғы бөлігі (балтырға дейін) қысқа, бастан киетін нарамникке айналды.

Византиялықтардың аяқ киімі - етік, ол жіңішке баумен байланған немесе тігілген жұмсақ кебіс.

Бас киімдер - төбесі үшкір немесе сфера формалы, ал етегі төмен болып келген - қалпақ.

ӘЙЕЛДЕР КИІМІ.

Әйелдер костюмінің негізгі түрі: туника, стола, далматика, пенула, мафорий, плащ-мантия.

Ерлер костюміне қарағанда әйелдер костюмінің силуэті денені маскілеп тұратын цилиндр формаға ұмтылады.

Мол әшекейлі ақ сүйектер киімімен қатар Византия дәуірі кезінде қымбат матадан жамылғы-мафорий - пайда болады, ол әйел фигурасының жоғарғы бөлігі мен басын жауып тұрады. Ұзын столамен бірге мұндай жамылғы фигураға бүкіл жерден қол үзген сопылық кейіп беріп тұрады. Бұл костюм эстетикамен христиан дінінің барлық талабына сай болғаны сонша, ол икон жазуындағы қасиетті адамдардың тұрақты киіміне айналды.

Кедей әйелдер өздерінің киімінде негізгі форма мен силуэтті сақтағанымен олар киімді арзан, қарапайым матадан жеңіл еңбекке, тұрмысқа ыңғайлы етіп тікті.

Феодора - әйел - императорының киген ақ столасы - етегі, жандары бай, мол кестеленген және император-мантиясының жиегі ірі өрнекпен әшекейленген. Мойнында - ауыр, үлкен алтыннан және қымбат тастан жасалған алқа, басында - алтын тәж, аяғында - алтынмен кестеленген кебіс. Сарай алдындағы әйелдер де мол әшекейлі киім киді. Олар үстіне бір түсті кестеленген стола мен өрнектелген матадан пенула киді. Мұндай өрнекті және бір түсті матаның үйлесімділігі ансамбльді сәндеп әшекейлеуде ең ұнамды шешім болды.

ВИЗАНТИЯ КИІМІНІҢ ОРТА ҒАСЫР ЕВРОПА КИІМІНЕ ЫҚПАЛЫ.-

Византия костюмінің орта ғасыр Европасы, әсіресе Ежелгі Орта костюмдеріне өте зор ықпалын тигізуінің арқасында олардың мәдениеті мен сауда-саттық қарым-қатынасы дамыды. Негізгі христиан идеясына сай, футляр тәрізді силуэт, жабық киім Европада ұзақ уақыт тұрақтады. Керемет, көркемдеп өңделген мата, ақсүйек, байларға киім тігуде еліктеудің үлгісі болды. Ежелгі киім түрлері, туника, далматика, пенула, мантия секілді киімдер Византия костюмінде талапқа сай өзгерістерден өтіп өмірдің талабын ғасырлар бойы орындап келеді.

6 лекция. Вьетнам, Қытай, Ежелгі Шығыс елдерінің костюмі.

1. Қытай елінің әлеуметтік-экономикалық дамуы.

2. Қытай елінің көркемдік стилін сипаттама жасау.

3. Костюмдегі бейнелердің, суреттердің мағынасы мен мәні.

4. Әйелдер мен ерлер костюмдерін түр бойынша қолдану тәсілі.

5. Әшекейлерге сипаттама жасау.

ҚЫТАЙ КИІМІ.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: