ЕРЛЕР КИІМІ. Орта ғасыр дәуірінде жейде мен плахтаның орнына күнделікті, сонымен қатар салтанатты ерлер костюмі ретінде екі жанында тілігі

Орта ғасыр дәуірінде жейде мен плахтаның орнына күнделікті, сонымен қатар салтанатты ерлер костюмі ретінде екі жанында тілігі бар шапан келеді. Костюмнің әлеуметтік-иерархиялық сипатының өрнектері, әшекейі, оның түсінің ролі жоғарылай түседі. Мемлекеттік қаулы бойынша император және оның нөкерлері костюмінің материалы, формасы, түсі нақты шектеулі болды. Орта ғасырлық арнайы шапанның ерекшелігі мойын ойындысы дөңгелек болып жабық жаға, және жеңнің кеңдігі әртүрлі болды.

XVII-ғасырда Қытайды манчжурлар жеңіп алған соң, костюм өзгеріске ұшырайды. Шапан анағұрлым тар болып, әс аяқталады. Шапанның үстінен анағұрлым қысқа бір өңірлі, жеңі қысқа, кең кофта киді. Көкірегі мен арқасына квадрат кестелер немесе символдық буффан өрнегі тігіледі. Ол киім егесінің әскери даңқын, атағын білдіреді.

ӘЙЕЛДЕР КИІМІ.

Орта ғасырда әйелдер костюмінде кофта мен плахта, ал VIII-ІХ ғасырларда сонымен қатар юбка да киімнің негізгі түрі болып қала береді. Әйелдер костюмі ерлер костюмінен өзінің көпірмелі, бай сән-әшекейімен, көп түстілігімен ерекшеленеді. Әйелдер костюмі өзінің ұлттық нақышын көбірек сақтаған: бұл жоғарыда айтылғандай, кофта -қысқа, кең жеңді, қос өңірлі, плахта - алды да, арты да тік төртбұрышты бір тегіс әшекейленген және бүйірлері қатбарланған. XVIII ғасырдың толық салтанатты костюмін сәнді жамылғылар толықтырып тұрады - ол әйелдердің де, ерлердің де костюмдеріндегі жамылғы - пелериналар. Әйелдер шашының сәнді прическасы да ерлердікі сияқты, түбі түйін етіп оралып бірде төбеге, бірде желкеге түйіліп шаш түйреуішпен қыстырып қояды. Х-ХІІ ғасырларда шекесіне, маңдайына, бетінің ұшына жасыл, көк, қара жасанды мең жасап, оған қымбат бағалы тастарды жапсырып қойды. Шаштарын інжуден, нефриттен күрделі етіп жасалған әшекеймен сәндеді, кейде тұмсығымен ұзын тамшы салпыншақnарын ұстап тұрған феникс мүсіншелермен сәндеді.

Ежелгі және Орта ғасырдағы ерлер бас киімі күрделі және әртүрлі болған. Ежелде - бұл сым каркастан жасалып, оған газ матаны лакпен сорғызып таңқаларлықтай құрастыру жасаған.

Оның ішіндегі ең салтанатты бас киім нефрит шарларды, бауларды, ленталарды жіптермен көлкілдетіп, тәжіге гүлдеп іліп, кейде жерге дейін құлап түсетіндей етіп салбыратып қойды. Орта ғасырда лак сорғызған қара газ матаны басқа байлап қою, модаға айналды. Манчжурлар өзгеріс ендіріп, жазда конус тәрізді қарапайым етіп өрілген және қыста дөңгелек етегі тік қайырылған бас киім киді. Бас киімнің төбесіне түсі егесінің даңқын білдіретін доңғалақша қойды. Шенсіз қытайлықтар жартылай дөңгелек қара қалпақ киді. Қарапайым халықтар киіз қалпақ, өрілген шляпа, бас таңғыш киді. Бас киім кию, қытайлықтар үшін міндетті болды.

Ерлер прическасы әр уақытта ұзын шашты түйіп, түйреп қойды. Манчжурлар үстемдігі кезінде жеңімпаздар қытайларды алдыңғы шашын қырып, ал қалған артқысын бұрым етіп өріп қойды. Бұрым үлттық езгінің символы болды, манчжурлар үкіметіне қарсы барлық көтеріліс, бұрым кесуден басталды.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: