Елге жалпы сипаттама. Біздің түсінігімізше ежелгі Қытай Ұлы жібек жолымен байланыста болған

Біздің түсінігімізше Ежелгі Қытай Ұлы Жібек жолымен байланыста болған, онымен б.э.дейінгі II ғасырдан бастап қымбат Қытай жібектерін артып түйе керуендері жылжып отырған.

Сонау ежелден Қытай халқының негізгі кәсібі егін шаруашылығы болды. Көне заманнан Қытайда өнер мен көркемдік қолөнер дамыған.

Империалистік династияның қол астында болған орасан зор мемлекет өзінің көп ғасырлық тарихында бірде қуатты ортақтасқан мемлекетке бірікті, бірде басқа жердің басып алуына ұшырап кішкентай патшалыққа ыдырады. Осы құбылыстың барлығы елдің костюмінің өзгеруіне айқын ықпалын тигізді. Дегенмен, халықтың әлеуметтік - экономикалық дамуының ерекшелігі, оның табиғат туралы философиялық ілімінің негізгі сипаттары ұзақ ғасырларға созылған фирманың символикасын, өрнегін, қытай костюмінің түр-түсін анықтап берді.

СҰЛУЛЫҚТЫҢ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ИДЕАЛЫ

Қытайлар монғол тектес шығыс азиаттар тобына жатады, олар аласа бойлы, нығыз бетті, биік маңдайлы, “күз ортасындағы ашық ай” - деп қытай поэзиясында жиі теңестіргендей - күрең қоңыр тері, көзінің қиығы қысыңқы, жоғары сызылған қас пен тіке жалтыраған қара шаш - деп сипаттайды.

Ерлер келбетіндегі сұлулық идеалы - жасырын әсемдік, сыпайылық манерасы, зиялылық қасиеті, білімділік, сезімталдылық.

Қытай әйелдерінің идеалына не жатады десе, ол Тан кезеңіңде (VIII ғ.), - сұлу деп толық, дөңгелек бетті, кейін келе-керісінше, қытай әйелдерінде нәзіктік, биязылық, аяқ-қолдарының кішкентай болуы (XII ғасырға қарай қыздардың аяғының табанын бинтпен орап қою дәстүрі тарайды, ол аяғын өсірмеу үшін қажет болған), жүрісіндегі, денесіндегі,

қимылындағы ұстамдылық бағаланды. Табиғи күрең қоңыр түсіне қарамастан, олар қызыл шырайлылық пен ақ түсті өте бағалады. Сондықтан да декоративтік косметика кеңінен тарады.

Сол кездегі жазбаларға қарағанда Орта ғасырдағы Қытайда сұлулық сезімінің өте жоғары дамығаны туралы пікір айтуға болады. Императорға қалыңдық таңдағанда, оның сұлулығын бриллианттың каратына қарағандай бағалады.

МАТАЛАР, ТҮС ГАММАСЫ

Қытай негізінде жібектің және жібек өрнегінің отаны болып есептеледі. Жібекті өрнектеп жазудың әртүрлі тәсілі, кестелеу, матаның гүлді өрнегін алу қолданған.

Жібек маталар тығыздығы мен фактурасы жағынан ерекше әртүрлі болды: түрлі-түсті өрнекті парша, тығыз біртүсті өрнекті жібек, өте жұқа газ жібек. Ондағы өрнектер халықтың этикалық көзқарасымен, өмір, табиғат, бақыт туралы пікірлермен байланысты болды.

Ежелгі егінші - қытайлықтардың түсінігінде - өмірдің басталуы екі қарама-қарсы күштің бірігуі: Ол Аспан мен Жердің, оның айқын түсінігі. Жаңбырдың құйылуы. Осыдан - қытай өрнегінің негізгі мотиві пайда болады: толқын, бұлт жолақтары, спиральдар - найзағай мен күн күркіреудің символы. Осыдан барып - толқында жүзген, бұлт арасында буланған, жалын құшағындағы жаңбырдың әміршісі - айдаһар бейнесі суреттелген.

Түс символикасы ежелде жыл мезгілдерін ауыстырумен анықталды. Жасыл-көктем, жас-көктің түсі, қызыл-жаз бен өрт-жалын, сары-жердің, піскен бидайдың, нанның, ақ-күздің түсі, ол қамбалардың ақ кар сияқты күріш дәніне толғанын көрсетеді. Ал бірақ ақ батыстың да түсі, ол өлген күн түсі, сондықтан да қаралы киімге боялмаған мата қолданған.

Қара түс - қыстың түсі, бұл жыл мезгілінің ең қараңғы кезі деп есептеледі, ал қара мен қызыл (сюань түсі) бұл даладағы қараңғыға жарықтың тууын бейнелейді.

Орта ғасырда түс гаммасының жалпы сипаты сақталады, ал бірақ оның символикасы біртіндеп әлеуметтік регламентацияның иерархиялық5 белгілерімен ығыстырылды:

сары түс - император киімінің түсі, қызыл - жоғарыдағы төрелердің; одан әрі жасыл, көк, ақ түстер жалғасып отырды.

КИІМНІҢ НЕГІЗГІ ТҮРІ

Сонау ежелден негізгі қытай костюмі (ерлер мен әйелдер) ұзын дамбал мен кең алды ашық кофта немесе солдан оңға қарай, баумен байланған шапан. Дамбал белінен мата белбаумен буылды. Кофта мен шапанның төменгі жағы жіңішкеріп блезікшемен әшекейленген қап тәрізді жеңі болған. Қытай әйелдері, ақ сүйектер немесе егде тартқан қытайлар дамбалдың үстінен ұзын қапсырып жабылатын плахта киген.

Жай қарапайым тұрмыстық киімнің формасынан салтанатты ритуалды6 костюм туындады, мысалы бас киім күрделілігімен, әшекейімен, түсімен, бірақ сол конструктивтік форманы сақтап қалды. Түсі, өрнегі, ритуал костюмінің формасы бай, символикаға қанық болды.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: