Ерлер костюмі

Ерлердің негізгі киімі: түрлі түсті гүлді матадан тігіліген қынамалы көйлек;шамалы тік жағасы бар қынамалы желетка;қысқа тар шалбары мен шұлық-шалбарлы ол жилетке бау арқылы байланды. XV ғасырда флоренциялық ерлер киімінде ашық, контрасты түстер үйлесімі мен кестелері, үлпекті жиекті, шаршаулар кеңінен қолданылды.

Ерлер мерекеге «Джорне» киген. Джорнені қымбат бархыт матадан тігілген және жеңінің асты жағына түрлі-түсті сызық жіберген. Оны матадан, қымбат теріден және әшекейлерден жасаған. Бұндай киімде ер адам жас көрінген.

Жасы үлкен ер азаматтардың сыртқы киімі тобыққа дейін, қолының ұзындығы алақанға дейін жететін ұзын жеңді болған.

Венециялық сәнді костюмі өзінің колористік шешімділігімен, формасының тамаша әшекейленуімен қатпарлардың түстік шешімі мен зергерлік - алқа, жүзік тағуымен ерекшеленді. XV-XVI ғасырдағы Италиян жігіттерінің бай, тамаша сәнқойлығын байқатты.

Мерекелік киімдер ұзын болды. Мұндай киімдерді оқымыстылар, монахтар, биліктегі адамдар киген.

Әйелдер костюмы

Жаңа дәуір кезінде әйелдер киімі еркектер киіміне қарағанда бай және әртүрлі болды. Флоренттік сәнге сәйкес, XV ғасырда сұлулық деп: үлкен маңдайлы және ұзын мойынды бет әлпеті нәзік, сымбатты әйелдерді санаған.

Әйелдердің кең, дене бітімін көрсетіп тұрған. XV ғасырда италяндық әйелдер «гамурра» деген көйлек киген. Себебі ол кезде іш киім болмаған. Бикештер бархыт және қымбат маталардан тігілген екі сыртқы көйлек киген. Көйлектері белден кесілген болған. Декольте кеудені төртбұрыш, ал арқаны үшбұрыш етіп тұрған. Көйлектің қолдары тік, ал иық жағы кішкене кеңірек болатын. Жіңішке қолдары кесіліп, түймемен қадалып қойылған. Көйлек жеңі қол сүйектерін жауып тұруы маңызды болған.

Жас қыздардың көйлегі жеңіл матадан тігіліп, ол кеуденің астынан жіберіліп қойылған. Үстінен жеңіл қымбат әшекейлер мен майда бүктемелер жасалып, олар беліне дейін жетіп тұрған.

Әйелдердің сыртқы киімі ұзын, ашық түсті болған. Кейде қолға арналған тесіктері болған. Әйел киімдерін ілгіші бар қолғаппен және сол кезде сәнге енді ене бастаған қымбат тігілеген орамалдармен толықтырып отырды.

XVI ғасырда ең бірінші рет іш киімдер мен шұлықтар пайда болды. Ең сәнді шұлықтар деп флоренттік аппақ матадан тігілгендері саналды. Осы кезде ең алғаш тоқыма пайда болды. Оларды тоқыды немесе шимен тікті. Ол еңбекті қажет ететін жұмыс болғандықтан ол өте қымбат бағаланды. Әсіресе Венециялық тоқымалар атақты болды. Олар: тығыз және анық геометриялық суреттермен еді. Олардың жасалуы құпияда сақталды.

XVI ғасырдың басындағы жеңіл, жұмсақ киімдері, ауыр, үлкен және декорациялық болып өзгере бастады. Ауыр қымбат матадан тігілген кең белдемшелер – жұмсақ бүктемелермен істелді. Ішкі көйлектің қолы ұзын және тар, ал сыртқы киімдері – қысқа болды.

Сәнге қара жартылай бетперде шықты, оны әйелдер көшеге шыққан кезде ешкім танымас үшін киді.

Текті жердің бикештері өздерімен бірге қолғап және бет орамал алып жүруі міндетті болды. Қолғапты матадан тігіп, оны тастармен әсемдеген. Бет орамалдар тоқылған немесе тігілген болатын. Белбеуге әйелдер кішкене сөмке тігіп қоятын болған оған кілт пен ақша салған. Костюмді толықтырып тұратын тағы бір зат ол – желпуіш. Басында ол үшбұрыш қаңқасына тігілген жібек мата болды. XVI ғасырда жиналатын желпуіш пайда болды

Аяқ киім

XV ғасырда италяндық еркектер аяғына сандал, жұмсақ туфли, жұмсақ биік түймленген бәтеңке киген. Аяқ киімінің шұлығы дөңгеленген болған.

Атқа мінген кезде италяндықтар тізеге дейінгі кожадан тігілген шалбар және биік кожадан жасалған етік киген.

XVI ғасырда ер азаматтардың аяқ киімі жұмсақ, биік өкшесіз болған, оларды тілімдеп сәндеген.

Әйелдері жұмсақ аяқ киім киген. Кейбір сәнқойларында табанының қалыңдығы 30 сантиметр болған, олар біреудің көмегенсіз жүре алмаған.

Шаш үлгілері және бас киімдер

XVI ғасырға дейін ер адамдар шаштарын кекілімен қосып арқаға қарай тарайтын шаш үлгісін қолданған. Ал жүздері тықыр қырылған. Жастары шаштарының ұшын бұйралайтын болған.

Ер адамдардың бас киімдерінің үлгісі әр түрлі болған: кішкене дөңгелек телпек, шеңберлер, егістік қалпақтары, баулы тақиялар, капюшондар. Ересек адамдар арнайы тақиялар киді. Орта ғасыр кезіндегідей жастар бір уақытта екі қалпақ киді: бірі басында, екіншісін иығына арнайы лентамен байлап қоятын.

Италиян әйелдері әдемі кең маңдайлы деп есептелді, сондықтан маңдайынан екі елі жоғары етіп жинады. Әсіресе алтын түсті шаш сәнді болды, сондықтан да сәнқойлар шаштарын сол түске бояды.

Әйелдер шаш үлгісі кейде өте қиын болды және өзінің ерекше сәнділігімен өріліп, жиналып, арнайы маржандармен, ленталармен сәнделді.

Тұрмыстағы әйелдер тақия үлгісіндегі қалпақтарды киді. Қыздар өрілген торлы баулармен өздерін сәндеді.

XVI ғасырда Италия Испанияны басып алған соң, ерлер әртүрлі ұзын шаштарымен, құлақтарын жауып тұратындай, Испандық шаш үлгісін жасады: қысқа қырқылған сақалды және мұртты.

Ерлер Испандық қалпақ және бередкелерді киді. XVI ғасырдың соңына қарай сәнге шыққан «ток» үлгісі – кішігірім мақпалды телпек, асыл тастармен сәнделген және кішірек түйеқұс қауырсыны қадалған. Италияндықтар сонымен қатар «бальцо»

Әшекей бұйымдар

Еркектер шынжыр мен перстниді жақсы көрді. Олар белбауға әмияндар және белбауға арналған қалталар байлаған. Костюмдерін қолғап толықтырып тұрған: оларды қолға киіп жүрген немесе белбауға салып жүрген. Сыртқы киім жүннен, алтынмен тігіліп, алқалар мен белбаулармен әшекейленіп жасалды.

Әйелдер шаш үлгісін қымбат тастары бар маржан жіптермен сәндеген. Киім сыртынан кішкентай қоңырауы бар алқа таққан. Сондай – ақ үлкен маржаны бар алқалар, қымбат тастармен жасалған сырғалар олардың жақсы көретін әшекей бұйымдары болған.

11 лекция XVII-XVIIIғғ.костюмі.

XVIII ҒАСЫРДЫҢ БІРІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ КОСТЮМ

Эстетикалық көзқарастың дамуы бірқатар кезеңцерден өтті. Жүзжылдықтың бірінші жартысындағы көркемдік бағыттың мақсаты аристократия мәдениетін дамыту болды. Яғни мүнда барокко стилінің рококо стиліндегі көрінісі байқалды, бүл көрініс барокко стилін ары қарай дамыта түсті. Барокко стилі аристократиялық абсолютизмнің нағыз батып бара жатқандағы кезеңін көрсетеді.

XVIII ғасырда Францияны басқарған дарын Людовик Х^және оны қоршаған фавориттер аристократияның ертеңгі күніне сенімсіздік білдірді.

Рококо - сәндік стильді қүрады. Ол өте нәзік, орі эсерлі сипатқа ие болды. Түстер нәзіктігімен мебельде ғана көрініс таппай, интерьерде де әсем өрнек танытты. Рококо стилі катаң, бүрыш пен түзу сызықтарға қарсы келді. Интерьерде - көк, қызғылт, ақ, сия көк, әрі жеңіл ашық түстер қолданды.

Интерьердегі, жиһаздардағы жеңіл сызықтарға костюм сипаты да үқсас болды. Франция киімдері XVII ғасырда бүкіл Еуропа-да жоғары сүраныскд ие болды. XVIII ғасырда Еуропаның бар-лык елдерінде Франция модасы қабылданды. XVIII ғасыр-арис-тократия модасының ең соңғы өмір сүрген кезеңі болды. Бүл кезде сезімталдық пен нәзіктік бірінші орында түрды. Әйелдер одемі көріну үшін, беттерін бояды, ағарған шаштарын байқат-пау үшін талпынып, бәрі жас көрінгісі келді.

Костюмде мынадай силуэтгер байқалды: тар енсіз иық, өте нәзік бел, домаланған бөксе сызықтары, қарапайым шаш пішімі, бәрі де адам денесіне жеңілдік тудырды. Ер кісілер костюмінің силуэті де өйелдщ костюміне үқсас болды. Ер кісілерде әйелдер секілді иіс сулар себетін болды. Аристократтың костюмі бағалы тастар-мен сәнделді. Түйме орнына да қымбат тастарды пайдаланды. Дегенмен, ең қымбат киімдер бір рет қана киілетін бодды.

Ер кісілер костюмі

Ер кісілердің түрақты киімі ақ көйлек, манжетгі, шілтерден тігідді. Көкірегіндегі қиықтар кружевалармен сәвделді. Олар жабо деп аталды. Көйлек сыртьшан қамзол, ал оның сыртынан кафтан киді.

Қамзолды ете ашық түсті жібек маталардан тікті және олар-ды сәнді тігістермен безендірді.

Кафтанды-барқыттан немесе қатты жүн матадан тікті. Ол түймеленбеген, бірақ мойындарына галстук таққан. Кафтан қара түсті немесе қызыл түсті матадан тігілді. Тар панталон (кюлот) тізеге дейін келіп, бүйір түсында тізеден түймеленді.

Дворяндар ақ жібек шүлық киді, буржуаздық ортада шүлық түрлі түсті болуы мүмкін еді. Аяқтарына өкшесі биік емес, темір тағыншақтармен сәнделген башмақ киді. Суық кездерде Анг-лиядан келген гедры киген.

XVII ғасырдың бас кезінде үлкен кимешаш (парик) пайда-
ланды. Рококо стилінде шаш үлгісі аса үлкен емес еді. Шашын
түйіп не артқа қарай тарап, кейде қара лентамен байлап немесе
қара қапша-көшелікке салып жинап қоятын еді. Осы кезде опа
жағып кимешаштар кию модаға енді. Ең сәнді бас киім ретінде
треуголканы пайдаланды, ол қауырсындармен әшекейленді.
Басты иген кезде шляпаны шешіп, қолына үстап жүрген.

Әйел костюмі

XVIII ғасырдың бірінші жартысындағы киім үлгілері нәзік
талғамда болды. Әйелдер киім пішімі де иықты, тар, жіңішке бел, жүмсак бөксе сызығы байқалды. Әйелдер корсет жоне іштен киетін юбканы пайдаланды. Фрепон - ішкі көйлек етегіне дейін сонделді. Ішкі көйлектің тар болып, оның астынан корсет киілген. Жоғарғы көйлек кеудесі бантпен немесе баумен сәнделген. Бұл да бір жаңалық еді. Сәнді көйлек түрінің бірі —контуш немесе «Ватто қатпарлары» атты көйлек болды. XVIII ғасыр ортасында контушты қысқартып, үйде киетін жакет ретінде пайдаланды. XVIII ғасырда әйел көйлектерінің бәрі банттар-ға, гүл жиынтығы мен сәнді тігістерге бай болды. Костюмді толыкдыратын көлемі, кішілеу кимешаш пішімі еді. Олар шаш-тарын ленталармен, гүлдермен алтын жіптермен сәндеп жи-нақтады. Кимешаш опаланатын еді. Үйде чепчик киді. Аяқта рына биік өкшелі туфли киді. Ол атластан немесе түсті теріден жасалынған еді. Модада бүл кезде білезіктер, жүзіктер, алтын сағаттар пайда болды. Бүл заттар костюмді толықтырып, сал-танатты етті.

Халық костюмінде матасы арзан сүр, қаралау түстер пайда-ланады. Формасы жағынан сәнді силуэт секілді болғанымен қарапайымдылық танытты.

XVIII ҒАСЫРДЫҢ ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ КОСТЮМ

XVIII ғасырдың екінші жартысында онерде классицизм стилі енді. Ол Француз революциясына дайындық кезеңіндегі бур-жуазияны сипаттайтын стиль болды. I ғасыр. б.э. дейін жойыл-ған Ежелгі Римнің Геркуланума мен Помпей қалаларын ашу-ына байланысты 1748 жылы өнер саласында көне заманғы ою-өрнек үлгілерін пайдаланды. Интерьер ішін ашык түстермен бояды. XVIII ғасыр ортасында рококо стилі костюмдерін киюді жалғастырды. Оны «соңғы рококо» стилі деп атады. Киім тігуде — жібек, жартылай жібек, барқыт сукно-маталарының ашық, жолак, түстерін қолданды.

XVIII ғасырдың 70-ші жылдары ағылшын модасына үлкен мән берді. Бүл костюмдердің формасы мен түсі қатаңдау келіп, сол аймақта кеңінен колданылып, үлкен сүранысқа ие болды.

Ерлер киімі

Француздың жібек кофтасын ағылшыннын, сукнодан тігілген фрак ығыстыра отырып 70-ші жылдары ол модаға енеді. Ағыл-шынша фрак француздарға қарағанда қатаңдау, қаныктау түс-терден тігілді. Францияда фракты жібек маталардан тігіп, кес-телермен әшекейледі. Бүл жылдары француз кафтанныд пішімі де фрак пішіміне үқсас пішілді.

Ағылшынның алғашында ат үстінде жүру мақсатында қол-данылатын редингот сырт киімі аса сәнді деп саналды. Оның өңірлері тік түсіп, шәлі жағалы етіп пішілді. Ол модаға 1770 жылы енді, формасы сюртук пен пальто пішіміне үқсас болды. Кюлот — өзінің пішімін өзгертпейді, ол бұрынғысынша қына-малы әрі үзын тізеге дейін түсті.

Көйлектің пішімі сол бүрынғыдай болды. Шүлықтары ақ немесе жолақты етіп (жолақтары тігінен келді), аяқ киімдерінде үлкен темір қаусырма қолданды. Ботфорт — етігін атқа мінгенде серуенде киіп жүрді. Шаштарының пішімі тіпті өзгермейді. Олар басына парик (кимешаш) немесе өз шаштарын артқа қайырып, бүйралап, қара лента таққанды қалайтын.

Ерлер модаға енген рединготпен бірге бастарына цилиндрлі ағылшын шляпасын киді.

Әйелдер костюмі

XVIII ғасыр ортасындағы әйелдер костюмі рококо стиліндегі сарайдағылар костюмдерінің түріне сай келді. Костюмге қосым-ша тағылатын әшекейі мен силуэті бүрынғыға қарағанда күр-делене түсті.

Эллипс гәрізді бүйір түсы тартыңқы, үлкен қондырмалы ал-дыңғы жағы түсіңкі, ал арқа бөлігі шынтақты панье тәрізді юбка силуэті ерекше болды. Юбканың бүйір түсы өте үлкен шар тәріздес болғандықтан, бүл көйлекті киген бикештің жанында ковалерлер қолын үстап жүру өте ыңғайсыз болды. Әйелдер қатарынан екі юбка киді. Томенгі юбканың етегін айналдыра желбезектер тігілді. Ал жоғарғы бөлігіндегі юбканың етегі ашық болып, көйлектің кеудесімен қоса тігіледі. Кейде үзын юбка орнына қысқа каркасты —фижманы қолданды. Көйлектің өңірі кысқа әрі жағасы ашық (ойық) болды, оның айналасы желбіректермен әшекейленді. Жеңі қынамалы болып, төменгі жағында үш катпарлы етіп тігілді.

Кейде әйелдер бүрынғысынша полонез сырт киімін киді. Оның алды ашық болып, жарты дөңгелек секілді керініс тап-ты. Сондай-ақ контуш киімінің бірі кең, алды ашық кынама-сыз левит-көйлегін киді.

Жана киімдердің пішімі ете үлкен болғандықтан, оны тек сән-салтанаттарда ғана киді, ал баска күндері жүріп-түруға өте ыңғайлы төменгі жағына қатты юбканы немесе фижманы пай-даланатын болған. Көйлек сыртынан шілтермен сәвделген ора-малдарды иыктарына жамылып жүрді. Бүл киімдер әйел денесінің пропорциясына қарама-қарсы келді. Көйлекті шілтері бант, гүл шоғы, гриляндалар-мен, жасанды немесе та-биғи гүлдермен және қауырсындармен сәндеді.

Шүлықтарының түстері ашық түсті болды. Аяқ киімдерінің өкшесін биік етіп, оны парша, ат-лас, барқыт сияқты түрлі материалдардан әзірледі.

70-ші жылдарда әйел-дер шашыныц пішімі маң-дайдан жоғары қарай кей-де 60 см-ге дейін көтерілді. Суретте әйел шашының пішімі көрсетілген. Бүл шашты кешкі мерекелер-ге арнайы арнап жасатыл-ған. Шашты сәндеуде түрлі — (куафюра) — (158— 159) бағалы тастарды, ма-териалдарды пайдаланып, тамаша, әшекейлі шаш үлгілерін жасады. XVIII ғасырдың 80-шы жылдары костюмге қосымша ретівде қолғап, қолшатыр, трост және лорнет пайда-ланды.

Франция королевасы Мария Антуанетта биіктігі 1,5 м-ге жететіндей түрлі

қолайсыз, бірак өте әсем шаш үлгілерін жасатып кепшілікті таң қалдырумен болды. Тіпті әр апта сайын жасаған жаңа үлгідегі шаш түрлері, куафер Леонар Болярдың шығармашылык туын- дылары еді. Осы кезде түрлі шаш үлгілерінің суретін көпшілікке жария ету мақсатында 1770 жылы Парижден шыққан «Курер де ля мод» журналында жарияланып отырды. Бір жылдың ішінде шыққан гравюралар саны 3744-ке жеткен Бүл сол кездегі шаш-тараз өнерінің жоғары деңгейге жеткендігін білдіреді. 80-шы жылдары әйел костюмдеріне ағылшын модасы әсер еткендігін байкауға болады. Онда қарапайымдылық пен таби-ғатқа жақындылық мәдениеті сезіледі. Алғашында ағылшын модасы ірі буржуа мен дворяндардың, жастар ортасында бай- қалса, соңынан ол сарай костюміне өсер етті. Мұндай әйел киімдеріне жүмсак, сызықтар қолданды, сондықтан каркасты киімдер сөнге айнала бастады Юбка-көйлектердің тек артқы бөлігінде гана шаршылар пай-да болып, турнюр «Сиі сіе Рагек» пішімін қалыптастырды. Көйлекті жеңіл, жүқа маталардың ашык, түстерінен тікті. Бел түсынан сәл ғана жоғары белдік тағылып, ол арқа түсында бай-ланады. Юбка етегі майда шаршаулармен сәнделіп, белдің арт-қы бөлігіне қарай шәлі-шлейф жүмсак, шаршаулар түседі. Кеуде бөлігінде доңгелек мойын ойындысы жүмсақ сызык әйел-ге тән сипат берді. Тар жеңі иық сызығын айқындай түсті.

Шаштарын алғашында опалап, жоғары қарай түйсе, кейінірек шаш пішімдерін қарапайымдылау етіп бүйралап локон жасатты.

Бас киім ретінде ағылшыннын, кең жиекті жібектен, бар-қыттан тігілген шляпаларын пайдалаиды. Әйелдер атқа мінгенде киетін, қысқа жакет, (ерлер фраг секілді) амозонка көйлегін киді. Сонымен Үлы Француз революциясы қарсаңында кос-тюмдер таптық қатынасқа сай әр түрлі пішімде болды.

12 лекция. XIXғасыр костюмі.

XIX ғасыр костюмінің қалыптасуына XIII ғасыр киім үлгілері әсер етті. Біздің бүгінгі күнде киіп жүрген киім үлгілеріміздің де негізгі бөліктері сол уақыттағы киім бөлігінің негізінде дами түсті. Тіпті кейбіреулерінің пішімі де осы уақытқа дейін өзгермеген. XIX ғасыр ерлер костюмі - жұмыс костюміне қолайлы болды. Бұрынғы ғасыр костюмдері жұмыссыздық пен мерекелік болса, XIX ғасыр костюмі батылдық пен жұмыс адамының бейнесін көрсетіп тұрды. Жаңа үлгідегі костюмдер тек, ескі пішімнің кейбір жеке бөліктері ғана өзгертілді десе де болады. Өзгертудің нәтижесінде киім өзіндік сипатқа ие болды. Естен шыға бастаған киім үлгілері модаға айналып, мода тез арада ауыып отырды. Кейде костюм түстерін өзгертіп, бірнеше тустердсн ғана тұрды. Сонымен қатар, қалалықтар мен ауыл адамдарының киім үлгілерінде де айырмашылықтар байқалып отырды. Костюмде кәсіптік ерекшеліктер байқалды. Қарапайым жұмысшы мен ірі буржуазия киетін костюмдерінің өзіндік ерекшелігі бодды. XIX ғасыр ерлер костюмі жұмыс костюміне айналды. Суретші костюмі жұмысшы костюмінен ерекшеленді.

КЛАССИЦИЗМ СТИЛІ

Буржуазиялық ортада классицизм пайда болды. Классицизм стилі - өзінің қатандығы мен қарапайымдылығымен ерекшеленеді. Әйелдер жұқа ашық түсті батистен тігілген ешқандай әшекейсіз көйлектер киді. Көйлектің бел сызығы жоғары келіп, юбкасы ұзын, тік пішілді. Осы кездегі костюмдер бейнесі В.В.Верещагиннің 1908 жылы шыққан альманах "Старые годы" деген кітаптарында айқын бейнеленді. Француз революциясы ескі салттардан біржола арылып, эстетикалық көзқарастары өзгерді. Королъдік режімге қарсылық туып, барлық адамдар бірдей киінсін, табиғатқа жақындық және

классицизм өнерге кайта енгізілсін деп талап етті.XVIII ғасырдың соңғы жылдарында костюмдер негізгі классикалық үлгіде бодды. Сол кездегі адамдар киім формаларын кең етуге ұмтылды. Адам бейнесін Греция сұлулығы үрдісіне сәйкестендірді. Бұл үрдіс бойынша ең бірінші киім адам денесінде қонымды болып, өзін' еркін сезінуі керек деп есептеді.

Француз әйелдері суық кезде де жылы сырт киімін кимеуге тырысты. Олар жылы киімдерді қысқа күртеше спансермен, шляпалармен айырбастады.

Бас киімдері мен аяқ киімдері антика формасына ұқсас болды. Дөңгелек, сетка, диодема, страус қауырсындарымен безендірілген, байламдар, бархыт пен жібектен жасалған ленталар грек үлгісінде тігілді.

Аяқ киімдері - қысқа өкшелі болып, ақ түсті ленталармен айқастырып орап байлады. Сол кездегі буржуазиялық мырзаларға сай костюм үлгілері дамып отырды. Олар қарапайым да ыңғаилы костюмдерге

көңіл бөлді. Ерлер костюмі қара жүннен тігілген фрак, ақ түсті жилет, биік қатаң үлгідегі шляпалардан құралды.

МОДЕРН СТИЛІ

XIX ғасырдың 90-шы жылдары әйел костюміне жаңадан дүниеге келген модерн стилі енді. Модерн буржуазия мәдениетін мойындамай, түғырықтан шығу үшін жасалды. Модерн стилінде әйел көйлегі жіңішке лиф, кең юбка, тар жең, биік жабық жағадан тұрды.

Жаңа корсет формасы S тәрізді үлгіге ие болды. Кеудесі
көтеріңкі, белі тартылып, арткы бойы белден бұрала шыққан
сызықтан тұрды. Барлық конструкторлы және сәндік сызықтар S-тәрізді больш келді. Адам денесін киім арқылы жасанды түрде өзгертіп көрсету әр ғасырда қолданды. Готика стилінде де осындай жасанды бүгулер қолданылғаны белгілі. Алайда ешбір дәуірде мұндай табиғатқа қарсы келер костюмдер болған емес.

Бас киімдері ғасыр соңында биік болды. Шашын биік етіп түйіп, оларды гүлдермен, қауырсындармен әшекейледі. Костюмдерді қолқаптар (перчатка), муфта, сөмкелермен толықтырып отырды. Аяқ киімдері биік, өкшесі баумен байланған немесе түймеленген болды. Туфлилері әр түрлі теріден тігіліп, банттармен сәнделді.

АМПИР СТИЛІ

1804 - 1815 жылдар аралығындағы пайда болған костюмдер "'Ампир стилі" деп аталды. Ампир сөзі Наполеонның бірінші империя құру себебінен туындады. Сондықтан Ампир-империя стилі деп саналды.

Архитектурада ампир стилі мерекелі, қатаң, өзіндік сипатка ие болды. Тек кішігірім жатын бөлмелер әсем әшекейленді.

Болме қабырғаларын суреттері тіке түскен маталармен қаптады немесе қабырғаға сурет салды, кейде ою-өрнектермен де әшекейледі. Рим сәндік өнері секілді жасалынған, гүл шоғы, грифон ою-өрнектерін қолданды.

Ал, едендерін тік бұрышты плиталармен немесе күрделі өрнектермен сәндеді. Жиһаздар ауыр, қатты дөрекі пішімді болып, көк, көкшіл, қара түсті маталармен қапталды. Интерьер іші күміс люстралармсн толықтырылды.

Францияда алғаш рет Персье, Фонтен суретшілері мебель журналын шығарып бүкіл Европаға осы стильді жария етеді.

Ампир стилі классицизм стилінен өзінің кендігімен, әсемдігімен ерекшеленді. Егер классицизм стилі қарапайым да жеңіл, демалыс киімдері нәзік түстерге жақын болса, ал ампир стилі ерлік, суықтық пен қатаңдықты білдірді. Ампир стилі: алқызыл мен қара, қызыл мен жасыл, көк пен ашық сары түстер қолданды.

Ерлер костюмі ақ крахмалдан аң жағасы бар, (костюмін) көйлек киді. Жағалары өте биік болды. Биіктігі сонша беттерін жауып тұрды. Галстуктері мойыншалғыға ұқсап, мойындарын айналдыра орап, алдына әр түрлі әдістермен байланды. Ерлер етікке дейін ұзын пантолондар киді. Олардың белі тарпа баумен тартып байланды.

Сонымен қатар ерлер фрак киді. Фрактың белі қыналған, жеңі иық тұсында кеңейтілген, жеңнің аузы азғана кең пішіліп, барқытпен қаптальш койды. Жағасын барқыт матасымсн көмкеріп, асыл тастармен өшекейлсді. Пантолондары мен сырт киімдері әр түсті бодды. Бірақ панталонның түсі сәл ғана аінық бодды. Шашын қалың етіп, бүйралап қойды. Ең сүйікті бас киімін маржан тастармен сәндеп, жиектері көмкерілген ағылшын шляпасы болды. Аяқ киімнін сары қайырмасы бар қара етік және ашық түсті туфли киді.

Атқа мінгенде бұрынғысынша редингот киді. Оны шамалы өзгерте отырып, күнделікті киетін - сюртукке өзгертті. Сюртук француз тілінен аударғанда "бәрінің үстінен" деген мағынаны білдірді. Оны фракпен мундирдің үстінен киді. 1820 жылдары оны пальто ретінде қолданды.

Суртюк белге қынамалы етіп етегі тізеге дейін, ал жеңі фрак жеңі секілді болды. Ерлер шашын "" пішінде қысқа қидырды.

Әйелдер костюмі-ампир стиліндегі қарапайым және қатаңдау пішімде болды. Көйлектің бел сызығы жоғары орналасып, көкірек тұсын ерекше сәнді етіп көрсетті. 1810 жылы юбка пішімі қоңырау тәрізді болып, етегі әдеміленіп әшекейленді. XIX ғасырдың басында ақ түсті көйлектер кисе, кейіннен әр түрлі, гүлсіз көйлектер киді.

Сырт киімдер аса көп болмады, солардың бірі - күртеше спенсер. Сырт киім орнына әр түрлі жамылғылар киді. Бір күнде олар киімдерін бірнеше рет ауыстырып отырды. Ол кезде этикет бойынша әйелдердін, сәнді 365 шляпасы, 360 пар аяқ киімі болу керек деп саналды. Ал, көйлектері небәрі 12 дана ғана болады. Шашын шляпалар сияқты көп өзгеріске түсірген жоқ. Аяқ киімдері, жеңіл, ұшы үштік, оны лентамен аяқтарын орап байлады. Костюмдеріне қосымша етіп, қолғап, сөмке және кішкене қолшатыр ұстады. Әйелдер костюмі әр түрлі бағалы бұйымдармен атап айтқанда, сақина, алқа, сағаттармен толықтырылды.

ОРЫС КОСТЮМІ

Аристократтар киімі. XVIII ғасырда орыс дворяндары жалпы европалық даму жолында өзінің позициясьш нығайтты. Осыныңі нәтижесінде Европаның барлық аристократтары сияқты орыс дворяндары да француз модасына еліктеді. Сол кездегі «Дамские моды александровского времени" мақаласында мына хабарларды оқуға болатын еді. "Ханшайым Елизавета кезінде біздің қоғамымыздың жоғарғы топтарында француз модасына еліктеді, ал Екатерина II кезінде ол тіпті дами түсті. Орыс әйелдерінің киімінде ешқандай дербестік және ұлттық элементтері болмады. Ол тек басқа елдің қоғамдық және саяси өмірінің бейнесі ретінде ғана көрініс тапты. Ал климаттық және тұрмыстық жағдай еш ескерілмеді". Осы мақаланың авторының айтқандарын тіпті Мәскеу қаласына келген шетелдіктер де мақұлдады. Өйткені орыстар сол кезде басым болған француз модасына еліктегені соншалық олар тек парижандықтарға ғана жол берді. ХІХ ғасырда Ресейде шыға бастаған мода журналында Меркурий", "Модный вестник"," Всеобщий модный журнал", "Модный магазин" т.б.) сондай-ақ көркем-әдебиеттік журналдарда ("Библиотека для чтение", "Современик") Француз модельдеріне арнап жеке өз беттерде орын берді. Бұрынғысынша Ресей аристократтарьшың сәнді туалеттері Парижден әкелінді немесе сөндік киімдері европалық үлгілер бойынша тігілді.

Сонымен қатар, XIX ғасырда белгісіз орыс суретшілері, модельерінің, тігіншілерінің, зергерлерінің және әйгілі петербургтік, мәскеулік фирмалардың "Ломанов", "Г-жа Ольга", "Бризак", "Иванова" және т.б. шығармашылығының гүлдену кезеңі болды. Олар тамаша костюм үлгілерінің нұсқасын ойлап тапты.

XIX ғасырда мода журналдарында орыс суретшілерінің суреттеріне қарағанда, орыс аристократтаының костюмдері жалпы европалық киім формаларына еліктеді. Әйелдер тығыз астарлы чехол, оның үстіне жұқа жібектен тігілген ұзын ақшыл көйлектер киді. Әйел фигурасының силуэті жоғары орналасқан бел сызығы, кіші көлемді лиф және тік қынамалы юбкамен ерекшеленді.

Ерлер күңгірт фрак, қынамалы панталон және сюртук-пальто кие бастады. 1825 жылы мода күрт өзгерді. Әсіресе әйелдер киімінде маталар, әсемдеу, әшекейлеу, силуэт, конструктивтік шешімдері эклектикалық стиль ықпалы бірнеше көркемдік стильдерінің әсерінде болды. XVII және XVIII ғасырлар қайта өрлеу дәуірі ретінде бағаланды.

Осындай костюмдерді Брюлловтың "Наталья Гончарова" және "Всадница" деген суреттерінен байқауға болады.

40-60-шы жылдары әйел костюмінде нақты пропорция кринолиннен құрылған жұмсақ дөңгеленген сызықтар қолданылды.

70-80-шы жылдары криналинның орнына ұзын қатты корсеттер мен турнюлер пайдаланды.

Ғасыр соңында орыс әйелінің костюмі "Модерн" стилінің ықпалында болды. Мұны Репиннің "Баронесса Икскуль", Серовтың "Портрет С.М. Боткиной" картиналарынан көруге болады.

XIX ғасырда Ресейде Европадағы сияқты ерлер костюмінің формалары тұрақталып, стандартталды. Ол жаңа уақыт қажеттіліктерін қанағаттандыруға икемделді.

Саудагерлер мен мишандар киімі. XIX ғасырда Ресейдің әлеуметтік құрылымы алуан түрлі болды. Дамыған капитализм буржуазияның қалыптасуына әсер етті. Олардың өзіндік тұрмыстық салты мен мәдениет деңгейі терең әрі көп мағыналы еді.

Халықтың бақуатты бөлігі астаналық буржуалар, үлкен фабриканттармен, финансистердің тұрмысы мен дәстүрі Петр 1 мен Екатерина кезеңінде реформация негізінде таптық жіктелу болды. Сөйтіп, дворяндық аристократияға жақындау келді. Олардың көпшілігі ауқатты провинция саудагерлері, мешандар, шаруалар болды, Олардың әлеуметтік құрлымы үнемі өзгеріп отырды. Бұл таптың талғамы мен талабы аристократтардан түбегейлі өзгеше еді.

Саудагерлер мен мишандар костюмінің негізгі формасы орыс халқының көйлектері мен европалық мода үйлесімділігі уақытынан артта қалған киімдер болды. (француз сукносынан тігілген).

Мода журналдарында түрлі киім үлгілері ұсынылып отырды ал, Француз консульствасы кезеңінде киім модасы күн сайын өзгеріп отырды. Кейбір костюмдерді 2-сағ ішінде әзірледі, ал олар тек бір киер ғана етіп тігілді. Сәнқой кербездердің киімінің жағасы сүйір болып пішіліп оны жоғары көтеріп қойды. Сонымен қатар мойнына галстукты жоғары байлап оның да ұшын сүйір етіп жасады.

Аяқтарына шұлық (гетры) әрі, биік өкшелі етіктер кию 1805 ж. дейін модадан шықпады.

Бастарына биік немесе аласа бойлы бас киімдер киіп жүрді. Кешке міндетті түрде қатпарланған шляпалар киді. Әсіресе екі бұрышты "а lа vusse" немесе "а 1а Vintimill", ал кейінірек бұл бас киім түрін көшеде серуендеуге де киді.

Делеклюздің "Воспоминания за шесть лет" деген еңбегінде ерлерде "аристократизм" талант болып саналса, әйелдерде "сұлулық" талант деп есептелді дейді, ал XIII ғасыр мен XIX ғасыр бас кезеңіндегі моданы түсіну үшін осы идеяға сіңісу керектігін айтса, 1802 жылы "Қазіргі ерлер киінеді, бірақ қаруланбайды" дегенді айтады. Себебі, сарайдағы кербездер түрлі ала-кұла киімдерін тастады, әйел киімдерінде түрлі таспа баулар мен кесте, қымбат тастармен әшекейлеу, үкі тағу модадан шығып қалады. Ерлердің тамақ астына дейін қымталған костюмдерін кию секілді, әйелдер киімдері де жеңіл көйлектерді ішкі белшағысыз немесе тіпті ішкиімсіз көйлектер кию, мойныңды, көкіректі ашып көрсету дәстүрге айналды. Ерлер өкшесінде шегесі бар етіктер пайдаланса, ал әйелдері өкшесі жай аяққа жайлы киімдерді киді. Ол жөнінде 1801 жылы "Модный журнал для дам" деген журналда "Нельзя быть модница не имею экипажа" делінген.

Дегенімен, бұрынғыдай киім тігуде жібек, парша, барқыт, кымбат шілтерілер мен қолданбалы тағыншақтар, каркасты негіздер мен парик модадан шықпады.

13 лекция. Француз костюмі.

XVIII ғасыр Франция костюмі. Ерлер костюмі.

Франция ерлер костюмі ақ іш киімнен, камзолдан, жюстокордан және кюлоттан тұрады.Ғасырдың І-жартысында ерлер жейдесінің манжетімен биік жаба тормен көпірме етіп өңделеді. Баститсен не ақ матадан мойын орамалмен мойынды тарта орап, ал оның сыртынан қара жібек лентамен байлайды. Торға тек жұқа, жеңіл тюль секілді сирек гүлді болып келген торды пайдаланды.

Жюстокор силуэттің белінен қынап тұратын иық сызығы тар әрі түсіңкі болып келеді, бөксеге қарай етегіне қарай кеңи түседі.

Төменгі қиық, (клин) шабулардан тұратын бөлігі қатты матадан, не қылшықты астардан тұрады. Бүйір тігісіне және арқа шабуына бүрме түсіріледі. Киімнің барлық бөліктері кестемен, металмен, матамен қапталған түйнемемен, фистонмен әшекейленді.Бай, сәнді күрделі кестелер өңірге, манжетке, қалтаның қақпасына жасалды.Жюстокорды бархаттан, жібектен, атластан, кейін келе жүн, мақта маталардан тікгі. 60-жылдардың басында ол қарапайым әрі қатаң формалы болды. Төменгі қатты астар, шабулардағы бүрме, мол әшекейлер жойыла бастайды.Ғасырдың басында камзол жюстокордың фасондық және декоративтік сызықтарын қайталайды, сонымен қатар төменгі бөлігіндегі астар да қайталанады.Костюмнің алдыңғы көрінетін бөлігі декоративті сәнделеді. Олар түрлі-түсті жібекпен, пайеткамен, алтын, күміс жіппен аппликациямен сәнделеді.Жюстокормен жабылып тұратын камзол арқасы арзан матадан тігілді. (Полотнойдан не мақта матадан). XVIII ғасыр аралығында камзол 60 жылдарға кдрай қысқарып бел сызығынан 20 см төмен болады. Түс жағынан ол жюстокормен контрасты болды.70 жылдарда костюмнің жаңа формасы фрак, бөксесі қынама, етегі тар, тар же, және шағын тіке-қайырма жаға, кейін келе биік тіке жағамен ауыстырылады.

Фрак ашық жібек және бархат матадан, кестеден, көпірме өңдеуден бірден айырылған жоқ.70-80 жыддарда оны камзолмен, кюлотпен, ақ шұлықпен, жайпақ туфлимен киеді.Түстік шешімі қоңырдың нәзік түсін, сары, жасыл түстермен үйлесімді. Негізгі үш ерлер костюмнің үш негізгі бөлігі (фрак, камзол, кюлот) бір түспен тігіледі, немесе камзол мен кюлот - бір түсті болды, фрак - олармен тональды гармония кұрап тұрды. Кейбір жағдайда камзол ақ болып түрлі-түсті жібекпен бай кестеленді.Ғасырдың соңында сәнді Франция фрагімен бірге күнделікті киетін ағылшын - екі өңірлі өнірінің алды биік қиылған, үлкен, қайырма жаға, фрак пайда болады. Оны жүн матадан немесе тығыз мақта матадан тікті. Оның ерекше әшекейі - металл, перламутр, сүйек түйме немесе түрлі-түсті кантпен жағаны, өңірді, қайырманы өңдеді. Оны сонымен қатар жилетпен, кюлотпен киді.XVIII ғасырда сырт киімнің әртүрлі формасы шыға бастады. Оның бірі родингот - ол силуэтті қынап тұратын екі өңірлі не бір өңірлі болып келді.Сонымен қатар жылы әрі ыңғайлы - сюртуктер киді, ол аң терісімен өнделіп, көбіне аң терісінен астарлап келді. Жамылғыны өте сирек киді.

14 лекция. Қазақ халқының ұлттық костюмі.

Қазақ халқының ұлтық киімдері.

Кез-келген халықтың өмір сүріп жатқан тұрғылықты жерінің геологиялық құрылымына сай оның өнері мен мәдениеті де дами түсті.Қазақ халқының ұлттық киімі мен қолөнерінің қалыптасуына елдің экономикалық сауда-саттық, климаттық және әлеуметтік жағдайлары мен діни сенімдері әсер етті. Онда халықтың әсем талғамы, өмір салты, өткендегі әлеуметтік хал-ахуалы айқын сезіледі. Түр-түсі, пішімі жағынан қазақтың киім кешегі әлеуметтік топтардың бәріне бірдей ортақ. Пішімі қарпайым болғанымен, дала жағдайына ыңғайлылығымен, сан алуан әшекейлерімен ерекшеленеді.

Ұлттық киімдеріміз біздің ата-бабаларымыздың жауынгер, жаугер, батыр, жаужүрек халық болғанын көрсетеді. Оның тірлігі үнемі аттың жалында, түйенің қомында жүрген, көбіне мамыражай жайма шуақ жүре алмаған. Аты ауыздықпен су ішіп, өзі етегімен мұз кешіп тіршілік еткен.

Қазақ халқы киім-кешек тігуге әуелде Үндістаннан әкелінген шыт, батсайы, мәуіті маталары Қытайдан әкелінген жібек матаны, Италиядан әкелген барқыт матасын, Англиядан әкелген шұға маталарын пайдаланған. Бұл маталармен қазақ арғы ата-бабасы секілді, Оңтүстік Қазақстан арқылы өткен көне “Жібек жолы” торабында айырбас саудамен алып отырған. Дегенмен қазақ жерінде жүн маталары тоқылған белгілі.

Жерорта теңізінен Қытайға дейін Евразияны көктей өтіп жатқан керуен жолдары біздің дәуірімізге дейін III-II мың жылдықта басталғаны белгілі. Керуен Қазақстан жерін басып өтіп, Отырар, Тараз, Испиджаб, Сауран, Жент, Каялық, Баласағұн және тағы басқа сол кездегі қалалар арқылы өткен. Сондықан да қазақ халқының киім үлгілерінің қалыпасуына осы Ұлы Жібек жолының да әсері болды.

Халықтың ою-өрнек әшекейлерінің ең бір көп кездесетіні ұлттық киімдер. Қазақтың ұлттық киімдерінің түрлері мен атаулары көп: кейде ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз деп, кейде әлгі жүздер арасындағы рулардың аттарымен аталады. Мысалы: қоңырат үлгісі, Жетісу үлгісі т.б. Мұндай бөліп атау киімдердің кеңдігі, ықшамдылығы, бойға қонымдылығы және әшекейлеу мәнерлерінің ерекшеліктеріне қарай да ажыратылады.Ұлы жүздің шапандары көбінесе жолақты, сырмалы, етек-жеңдері ұзын, ашық жағалы болып келеді. Оңтүстік елі өзбек, тәжік, ұйғыр халықтарымен көршілес, көпшілік кәсібі бақ өсіріп, егін салу болғандықтан, бұлардың киім үлгісі мен тігу мәнеріне осы жағдайлар ықпал еткенін көреміз.

XIX ғасырдағы қазақ ұлттық киімдері мынадай бөліктерге бөлуге болады. Қазақ киімдері іштік, сырттық, сулық, бір киер делініп төрт топқа бөлінеді.Іштік киімдерге: көйлек, дамбал, желетка, қамзол, кәзекей, жатса; сырттық киімдерге: шапан, күпі, тон, шиделі; сулық киімдерге: шекпен, қаптал, шапан, брезент, кебенек, кенеп, сырттық жатады.

Қыстық киім ретінде ішік қолданды. Ол көбіне аң терісінен, қой, қозы, ешкі, бота терілерінен құрастырып істеледі. Бұлардың да бөлшектері мен пішілу түрлері шапанға ұқсайды. Ішіктер көбінесе асыл және түсті матадан тігілгенде оны әр түсті жібек жіптен кестелейді, зерделейді, оюлайды. Ішіктердің әдібін сыртынан келтіреді, кейде әдіп аң терісінен тігілді.

Ерлер шалбары барқыт, пүліш, шұға, жібек, трико, шөмікше, шибарқыт, шегрен, ләмбек, мәнекен, қырмызы, қамқа, басиқап, көк шауытты сияқты шиқары маталардан қой, ешкі терілерінен тігілді. Шалбардың балағы кейде етік қонышының ішіне салынып, кейде қоныштың сыртына киіледі.

Қазақ әйелдерінің кимдері де әр аймақта әр түрлі үлгілері мен әр алуан атаулары бар. Соның ішінде қазақ елінің бәріне тән түрлері: көйлек, кимешек, жаулық, сәукеле, желек, тақия, қамзол, кәзекей, кебіс-мәсі, көкірекше тәрізді киімдер. Әйел киімі әшекей жағынан, ажар жағынан ел салты бойынша төрт топқа бөлінген. Ол қыз киімдері, келіншек киімдері, орта жастағы әйелдер мен қарт бәйбішелердің киімдері.

Қамзол. Ғасырлар бойына қалыптасқан ұлттық киімдердің қамзолдың орны ерекше. Оны ерлер де, әйелдер де киген. Әйелдердің киімінің ішінде қамзолдың орны ерекше. Ол әрі жылулық, әрі сәндік және үй шаруасында ыңғайлылық міндетін атқарады. Әйелдің қамзолы қысқа жеңді, иықтан сәл түскен жеңді немесе жеңсіз болып келеді. Өйткені мұндай қамзолдар жұмыс істеуге өте ыңғайлы, ешқандай кедергі келтірмейді және өте сәнді болады. Қамзолдың маталары көбіне күлпіш, барқыт, шұғалардан тігіледі. Ал түсіне келсек ол міндетті түрде біртүсті маталардан тігіледі.

Бас киім. Қазақ халқының ұлттық бас киіміне – көне заман тарихымен бірге дамып келе жатқан бай қазына. Қазақ әдет-ғұрпында бас киім көріктілік пен сәнділікті, баршылықты білдіретін қасиетті киім саналған.

Қазақ қауымының әдетінде ер мен әйелдің бас киімі де әр басқа. Ерге тән бас киімдер: тақия, бөрік, тымақ, құлақшын, қалпақ, шалма, шыт, дулыға, жыға, қырпу, күлапара, жалбағай. Оларды теріден, аң терілерінен, тыстық маталардан сырып тігеді. Әйел бас киімдері: кимешек, жаулық, күндік, шаршы, сәукеле, желек, шәлі, бүркеніш, берген т.б. Бұлар көбінесе іштік жеңіл, ең қымбатты аң терілерінен тігіледі.

Ерлер тақиясы. Тақияны ерлер қысы-жазы басынан тастамай киетін, себебі ол өзінің ыңғайлылығымен, қарапайымдылығымен әрі тиімділігімен ерекшеленеді. Тақияны бір түсті матадан, сәтен, шұға, барқыт сияқты маталардан аласа, төбесі төрт сай немесе дөңгелек төбелі етіп тігіледі.

Ерлер бөрігі. Бөрікті қазақ халқы ерте кезден пайдаланып келеді. Ол мерзімге байланысты қыстық және жаздық болып бөлінеді. Қыстық бөрікті жылы болу үшін жүн немесе мақта салып қабып тігеді. Бөріктің жиегі аң немесе қымбат бағалы матамен тысталады. Ойын тойға қымбат бағалы тастармен әшекейленген бөрік киген.

Тымақ – Қыстың аязды, боранды күндері киетін ерлердің бас киімі. Тымақ тігілген тері атауына сай сеңсең, тымақ, елтірі тымақ, құндыз тымақ, түлкі тымақ т.с.с. аталды. Тымақтың пішімі төрт сайлы, биік төбелі, құлақ бау мен артқы етек бөліктерінен құралады.Қатты бораннан сақтайтын бас киім түрі. Ол адамның маңдайын, екі құлағын және мойын жотаны жауып тұрады. Оның іші тері, сырты сағи, пүліш, барқыт матамен қапталады. Екі құлақтың сыртын бастыра отырып матадан жалпақ екі бау тағылады. Қазақ рулары мен жүздері ішінде тымақтың тігілу ерекшеліктері әр түрлі. Жаз бен күзде киетін сәнді әрі жеңіл елтірі тымақтарды “жекей тымақ” кей жерлерде “малақай” деп те атаған.

Жалбағай. Тымақ тәрізденіп қалың не жұқа матадан тіглетін бас киім. Жалбағайдың екі жаны мен артқы етегі тұтас тігіліп, иық пен желкені жауып тұрады. Жылқышылар қыстыгүні жалбағайды тұмақ сыртынан киеді.Тарихты зерттеуші ғалымдардың айтуына қарағанда әр жерде жалбағайды далбағай немесе далбай, жалбай тіпті күләпара днген болғандығы жөнінде мәліметтер береді.

Әйелдердің ұлттық бас киімі.

Әйел бас киімі де бірнеше түрге бөлінеді. Олар бөрік, тақия, орамал, жаулық, кимешек, күндік, сәукеле, желек, шәлі, берет, қалпақ т.б. Қазақ ғұрпында ердің де әйелдің де бас киімсіз, жалаңбас жүруі ерсі саналған. Әсіресе әйелдер бас киімсіз жүрмеген.

Сәукеле – ұзатылу тойында киетін қалыңдықтың бас киімі. Оны ұзатылған қыздар және оның жанына еріп жүрген нөкерлері киген. Сәукелені жас келіншек той-думандарға, мереке-жиындарға да киіп баратын болған, ал кей жерлерде келіншек тұңғыш баласын босанғанша киіп жүруге болады деп есептеген. Сәукелеге ұзын құлақ бау тағылып, оның шеті шыр айналдыра зер не жібек жіппен шалып көмкеріп, сәнді түйреуіш түйреді.

Желек – жас келіншектер басына жамылып жүретін шәлі орамал. Кейде желек сәукелеге ұқсас қима конусты қарапайым пішінді, негізі қатты, күнделікті тұрмыста қолдануға ыңғайлы үлгілерін келіншек жыл бойы бала тапқанға дейін пайдаланады. Бұл бас киімді де шеберлер күміс пен алтын, ортасына бағалы тастан көз орнатылған салпыншақты ілмелермен әшекейлейді. Желекті қызыл, ақ материалдан тігіп, алтынмен, күміспен әр түрлі асыл тастармен сәндеді.

Тақия – қыздардың жеңіл бас киімі. Пішіміне қарай тақия цилиндрлі, тайпақ дөңес немесе үшкірленіп, ер кісілер тақиясы секілді төрт немесе алты сайлы, жоғарғы бөлігі тұтас, төменгі жағы жақтаулы болып пішіледі. Тақияны көбіне барқыт матадан тіккен. Оның жота бөлігіне әрі сән үшін ұзындығы белге жететін доғал пішінді бөлік орнатып, оның бетін әшекейлеп, безендіреді.

Кимешек – бұл әйелдер бас киімінің төменгі бөлігі, жоғарғы бөлігі шалма деп аталады. Қазақ әйелдері бұл бас киімнің екі бөлігін де ақ матадан тіккен. Кимешекті кестелермен, маржандармен түрлі бағалы тастармен безендірді. Тіпті күнде киетін кимешектіде әшекейлеп тікті. Тек жесір әйелдер ғана кимешекті әшекейсіз киген. Оңтүстік Қазақстанда кимешектің айналасына қызыл, қара жиек немесе таспа бауларды жиектеп әшекейледі. Өте бір күрделі бір әсем кестелі әшекейлерді бөлек матаға кестелеп әдіптеп бет айналасына қондырып тіккен, кимешек тозған жағдайда осы кестелі бөлікті қиып алып келесі кимешекке орналастыратын.

Жетісу өңірінде найман руы әйелдерінің кимешектері өте әсем болған. Олар кимешектерін тек бет айнласында ғана кестелеп қоймай, онымен қатар, көкірек тұстарын да көркем кестелермен (шынжыр, сабақты кестемен) әшекейлеген.

15 лекция. XXғасырдың костюмі.

XX ғасырдағы өнер тарихында мынадай кезендерді атап көрсе-туге болады: 1901-1914 жылдар, 1919-1930 жылдар, 1931-1945 жылдар, 1946-1966 жылдар, 1967-1973 жылдардьщ киімі, 80— 90 жылдар киімі.

XX ғасыр костюмін қалыптастыруда өнеркәсіп өндірісі, ғылымның, техниканың дамуы, космосты игеру мен жаңа ма-териалдар, компьютер және ақпаратты технологияларды игеру белсенді рөл атқарды. Бәрінен бүрын киімнің атқаратын қызметі мен тиімділігі бағаланады. Тікбұрыш формалы матаға байла-нысты туған форма жетекші болып саналды. Тек жекелеген кезеңцерге ғана оның алуан түрлі көлемі, бел бөлшектерінің пайда болуы, әр түрлі қыналу дәреже, киімнің негізгі бөліктерінің үзындықтары алуан түрлілігі тән болады. Киім бетінің бедері мен формасы, қүрылымы, пішу жүйесі, астар және т.б. өзгеріске үшырап, жаңаша сипатқа ие болды.

XX ғасыр костюм формасының дамуында киімнің көлемі мен массасының дәрежесін анықтау үшін, материал фактурасының мәні ерекше болды. Фактура мен өңді анықтау киімнің көлемділігін, тығыздығын арттырды. Тығыз, бүлыңғыр, жарқ-ырап түрған ақ атлас киім көлемі көзге үлкен етіп көрсетеді. Соңғы уақытта фактуралардың комбинациялары: күңгірт күдеріні жылтыр былғарымен, беті жылтыр матаны түкті мате-риалдармен және басқалармен бірлесе пайдалану кеңінен қол-данып жүр. Алуан түрлі материалдарды езара үйлестіріп, күрделі композициялық тиімділікке жетуге болатыіідығы айқындалды.

Материалдардың үшінші сипаттамасы оның еңіне әлденені бейнелеу, кескіндеу арқылы сурет салу үрдіске айналды. Су-рет бүйымның композициялык шешімінің әдісін анықтайды. Сурет көп ретте айкын бейнелі сипатқа ие болды, ол компози-циянын басты тақырыбына айналады.

XX ғасырдың үшінші жартысында мәдениеттің айрықша қүнды стильдерінін, бірі ретінде «постмодерн» (эклектика - көп стильдерден күрылды) стилі модаға, ал ол костюмге үлкен осер тигізді. Ең соңғы стильдердің бірі «модернді» айтуға болады. XX ғасырда үлкен стильдердің орнына, өнермен байланысты: «абстракционизм», «функционализм», «сюрреализис», «поп-арт» тағы басқа түжырымдамалар мен әдіс-тәсілдер келді. Мүньщ бәрі XX ғасырдағы адамдардың дүниеге көзқарасын білдірді. Енді келе-келе кіші, қазіргі заманға сай, модаға сай стильдер алдыңғы қатарға шыға бастады.

XX ғасырда әр онжылдықта өзіне сай микростильдері бол-ды. 1910 жылы —«шығыстық стиль» жөне «нео-грек», 1920 жылы «ар-деко» («орыс», «геометриялық египет»), 1930 жылдары «нео-классицизм», «тарихы сюрреализм», 1940 жылы АҚШ-та «кан-три», «вестерн» стилдері пайда болды. 1950 жылы «ньюлук», «Шанель» стилі, ал 1960 ж. «ғарыштық», 1970 жылдары-«ро-мантикалық», «ретро», «фольклорлық», «спорттық», «эти-калық» «джинсовка», «диффузиялы», ал 1980 жылы «экологи-ялық», «жаңа пират», «неоклассика», «нео-барокко», «секси», «этникалық», ал 1990 жылдары - «гранж», «гламур», «тари-хи», «нео-панк», «минимализм прет'а-порте» т.б. стильдер дү-ниеге келді. Сонымен катар әрбір дизайнер өзінің стилін шығаруға үмтылды. Ең күшті киім стилі сол уақыттың про-блемаларына, өзекті мәселелеріне, кепшілік пен жастардың сүранысына жауап беруі керек. Сонда ғана сол стильді бәрі қоштайды. Дегенмен осы стильдердің ішінде түрмыста кеңінен қолданылатыны классикалық, спорттық, романтикалық, фоль-клорлық стильдер болды.

Классикалық стиль — бүл стильдің отаны Англия болыи са-налады. Осы стильдегі киім үлгілері катаң, біртүсті, клеткалы немесе ноқат түсті (горошок) маталардан тігіледі. Күнделікті түрмысқа, жүмысқа, белгілі бір маман иесіне арналған, мода ағымнан тыс қалмайтын киім үлгілерін қамтиды. Жакет, пид-жак, кардиган, тік әрі қатаң юбка немесе шалбар, қамзол және т.б. қатаң, қарапайым киім үлгілерін қамтиды.

Спорттық стиль - XIX ғасырда спортпен шүіылдану неме-се басқа ойындар үшін шығарылды. Бүгінгі күндерде бүл киімдер түрлі спорттық жаттығуларды орындау үшін пайдала-нылады. Бүл киімдер қимыл-қозғалысқа ыңғайлы, берік, та-биғи материалдардан жасалған, қолдану функциясына сай, түрлі фурнитураларды пайдалана отырып әзірленген, сәндік тігістерімен, белгі символдарымен ерекшеленетін киім үлгілері болып табылады.

Фантазияяық стиль — кейде оны романтикалық стиль деп атайды. Бүл киім турлері формасына қарай түрліше болып келеді. Бұл киім түрлерін желбезек, желбір, қатпарлар, кесте-лер және тағы басқа сәндік элементтер арқылы әшекейленген кешкі сөн-салтанатқа немесе күнделікті түрмысқа арналған нағыз ойелге тән биязылықты білдіретін киім үлгілерін атауға болады. Бүл стильдегі киім матасы бір түсті, түрлі түсті, гүлді және абстрактілі суретті болып келеді.

Фольклорлық стиль — үлттық киім үлгілері негізінде әзірленген киім формасы 


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: