Елге жалпы сипаттама. Жапония мәдениетіндегі барлық заттар және қоршаған Орта әлемі бір-бірімен тығыз байланыста болады

Жапония мәдениетіндегі барлық заттар және қоршаған орта әлемі бір-бірімен тығыз байланыста болады. Жапондықтардың дәстүрлі тұрмысындағы түтыну жиһаздары, гүл шоқтары, таза ауа әрқашанда қандай да бір жыл мерзімінің мәнерін, қожай-ынның көңіл күйін көрсетеді. Әрбір зат өзінің өзіндік ерекшелігімен жөне үй ішіндегі басқа да заттардың үйлесімділігімен «өмір сүреді» және олармен көркемдік ансамбль қүрайды. Осы арқылы жапондықтар әрқашанда тек көріктілігімен, незіктілігімен бағаланып кана қойған жоқ. Со-нымен қатар түр түстің каталдығымен және мата суреті, сы-зықтары мен киімдегі қатпар-бүктемелімен де бағаланды. Бір жағынан олардың табиғаты, жаратылысы арқылы әрқашанда жоғарғы үлгідегі сәнділікке бағдарлайтын талап әсер етеді.

Ежелгі Жапония тірі табиғаты мен әрбір ғажап тастар, иілген ағаштар мен сылдырлаған жылғалар рухани қүдіретті бейнелейтін мата суреттерімен қолөнер бүйымдарынын, материалдарында өз көріністерін тапты. Суретшілер табиғи талшыкдың сапалығын ескеріп орі оның әсемділігін, көрінісін эстетикалық талаптарға сай киял-ғажайып суреттерімен өрнектелген мақта мен жібек материалдарының өзіне тән сәнділігін айкындай түсті.

Жапон өнеріндегі классикалық стильдің дамуы түгелдей фео-дализм дәуіріне келеді, сонымен бірге басқа да Шығыс елдерінде үлттық мәдениеттің кдлыптасқан уакыты VII ғ. ортасынан ХІУғ. басына дейінгі кезеңді қамтиды. Жапония кішкентай ғана мем-лекет. Ол — табиғаты керемет, теңіз толқыны мен жер сілкінісі болып түратын рельефті ел. Жапондықтар үшін мынадай мінездемелер беріледі - азды көптей көру. Қиын, әсем сурет түрлерімен нақышталған мата жапондықтардың үлтгық киімінде қолданады.

Жапондыктардын, үлітық костюмінің тарихы мын жылдан бері қалыптасып келеді. Ежелгі Жапонияда белбеулі: ерлер — «хакама», әйелдер — «мо» киімін пайдаланды. Хакаманы киген-де сыртқы корінісі кең әрі үзын бақайға дейінгі белдемшені еске түсіреді. Оның алды мен артқы жағы екі бөлек пішілген, қиық артқы бө-ліктің ортасынан түсірілген қатпарла-ры бір-біріне қарама-қарсы орналасқан. Хакаманың алдыңғы жағынан симметрия-лы бір жаққа қарай бағытталған үш қат-пар жүргізілген, олар біртіндеп төменгі жағына карай кеңейтілген. Жапо-нияньщ әйелдер мен ерлер киімі эстетика-лық талғамы жағы-нан қарама-қарсы-лық көрініс береді. Ол түлғаның түр-лерін қайталамай, сахнаға киетін киімдер сияқты кө-рініске ие болды.

Түр, түс, нақыш-тар костюм пропор-циясында сақталды. Тек шаруалар киі-мінің пропорциясы тулғамен байланысты болды. Халықтардың дәстүрлі киімі хакамен бірге «хаори» күрткесі қолданылды. Хаори киімінін етегіндегі жырығы то-быкка дейін түсірілді, ол киім иесінің еркін қимыл-қозғалы- сына қолайлы болды. Күнделікті киетін хаори — қанык түсті жібек түсті матадан әзірленді. Конструкциясы туника үлгісінде кең женді, жең ойындысы тіке сызықты, астарлы етіп дайындалды.

Шығыс елдеріндегі қағидалар секілді жапондықтардың костюмінде түтынушының жасы, беделі, қызығуы, байлығы, жеке бастың талғамы жөнінде ақпарат берді. Ертеде киімдегі түстік қатынастардың 200 түрі заңға сәйкес реттеліп отырды. Бірнеше ғасыр өтсе де бүл ережелер мен этикеттер киім мата-сынын түсі мен суретін жыл мезгілдерінің ерекшелігіне байла-нысты арнайы зандылықтарға сай дайыңцалды. Мысалы, қыстық киімдер түріне «қара өрік гүлінің түрлі реңдерін» пайдаланып тысы ақ, астары қызыл киімдерді тікті. Наурыз және көкек айларында астары кек мата бетіне лаванда гүлі өрнектелген кимоно киді. Жаз айларында астарсыз кимоно киімін киді. Киім матасының өрнектері сол киімді пайдалану мерзіміне сай болу жағын ескерді. Мысалы: қыс немесе күз айларында шие гүлі түскен кимононы ешбір жапондық кимейді.

Киімнің оң жақ және сол жақ беліктеріне өте кеп көңіл бөлген. Жапондықтар киімнің сол жақ бөлігін өмір деп санады, ал оң жақ бөлігін өлім санады. Сондықтан да олар өлген адам-ның үстіне киім кигізгенде оң жақтан сол жақкд кдрай қаусырып киіндіреді.

IV ғасырдан бастап Жапон еліне Қытай елінің заңы, діні (буддизм), сәулет, сүңғат өнері, этикет пен костюм үлгілері енді. XIII ғасырдан бастап Нара астанасында барлық сарай адам-дары ашық қытай өрнекті киім үлгілерін кию жөнінде нүсқау берілді. Ерлер деңгелек тік жағалы, бүйір сызықтары қиық, кең женді, еркін пішінді үзын көйлек киді. Бүттарына жалпақ белдікті шалбар, ал аяқтарына үшы үшкір етік киіп жүрді. Әйелдер V секілді киығы бар кимоноға үқсас көйлектерді қолданды.

XVI ғасырдың басында ерлер мен әйелдер бір ауыздан «ко-содэ» киімін киді. Ол осы замандагы алғашқы кимано болды. Косодэ-кең, кішкене тіке жағалы, енсіз женді халат. Бастап-кыда оны ішкі киім ретінде пайдаланса, кейінірек XVI ғасырда сырт киім ретінде пайдаланылды.

Кимоно жапондықтардын, үлттық киімі болып саналады. «Кимоно» сөзі ХУІІ-ХІХ ғасырда Жапонияда кеңінен жайыл-ған. Өзінің шығу тегі мәнерінде «Киру моно» — киілетін деген мағынаны білдіреді. Ол барлық киімдермен, мерекелік болсын, күвделікті киетін киімі болсын, жүмыстық киімі болсын, бар-лығына қатысты болды. XIX ғасырдың соңында ол жапондық-тарда сыртқы киім ретінде аталды. Жапондықтардың «кимоно» деген сезі Еуропалык, «киім» деген сөзінің синонимі ретінде пайдаланылды. Жапон әйелдері мен ерлері классикалық киімге айрықша мән береді. Кимононың екі өлшемі бар: үлкендерге және балаларға арналған. Кимоно түзу сызық арқылы мата-ның арқау жіптерінің бойымен көлденеңінен пішіледі. Кимо-ноның алды артқы бөлігімен иық тігісінде біріктіріледі, артқы бөліктің ортаңғы сызығында тігіс түсіріледі немесе түтас пішіледі. Бүйір тігісі жеңмен қоса түтас тігіліп жең шығарыла-ды. Кимононы астарлағанда иық тігісімен жең түбі тігісі сәйкес болуы керек. Жеңі екі рет бүктеліп, жалған жамау кою арқылы жең аузы кеңейтіледі. Кимоно жеңінің жоғаргы жағынан қол шығару үшін қиық қалдырып тігіледі. Ілгеріде қиыққа жолақ матаны жапсырып, оны кеңейтіп тігеді. Әйелдер киманосы ерлердікіне қарағаида қолтығы мен жеңі әрқашавда өрнектеп тігілетін болды.

Жыл мезгілдеріне байланысты кимоно 3 түрге бөлінеді: жаз-ғы, астарсыз — хитоэ; суық кезде киетін түтастай жоғарьщан төмен қарай астарлы — авасэ; қысқы кимононы мақтадан астарлап тіккен — жібек косодэ пайдаланды. Суық күндері жапоңцықтар бірнеше жылы кимононы бірінің үстінен бірін киіп алады.

Жапондықтар үлттық киімдерін мынадай реттілікпен киген, бірінші бөксесін ақ матамен ораған, сонан соң ашық түсті ты-ғыз тоқылған «зюбан» халатын, оның үстінен халат, астыңғы кимоно, кейін мелдір әрі жеңіл матадан тігілген кимоно киген.

Салқын кездері хаори күрткесін кимоно сыртынан киіп, хао-ри жерге сүйретілмес үшін, кокірек астынан бантпен байлан-ған. Кимононың белін белдікпен байлады. Жапондықтар асыл тастар мен моншақтарды, тағыншақтар мен сәндік заттарды күнделікті найдаланбай, оның орнына бант тәрізді белдікті кимоноға жарасымды етіп байлаған.

Ерлердің кимоносы енсіздеу әрі майда ернекті матадан тігілді. Жапон киімдерінің бүкпелерінде көптеген ұсақ заттарды кол-гап, қағаз, кітапшаларды алып жүретін.

Кимононың бір түрі мен конструкциясы, мата бетіндегі әр түрлі үлгідегі нақыштарынан адамның атағын, мезгіл мен жа- пондықтардың кеңіл күйін байқауға болады. Мата гүлдерінен байсалдылықпен нөзік сезімді көруге болады. Олардан жыл мезгілдерінің әсем көрінісін — гүлденіп түрған шие, еменнің қызыл жапырағы, бамбук, емен ағаштарының бүтақтарын көруге болады. Ерлер киімі міндетті түрде бір түсті және сүсты болып

келді.

Жапон әйелдері XV ғасырға дейін шаштарын жайып жүретін болса, кейін шаштарын әр түрлі пішімде өріп, жинап жүрді. Күнделікті шаш пішімінің үлгілері күрделі болды. Шаштары-на сәндік тарақша, ағаштан, бамбуктен, металдардан, маржан тастардан, тасбақа сауытынан жасалған түйреуіштер тақты. Шаш пішімі бүзылмас үшін арнайы қалыпқа бастарын койып жата-тын болған. Жапондықтар бас киім орнына жауын-шашын не ыстық болған кезде бастарынан күн не су отпес үшін қолша-тыр үстады. Серуендегенде, жүмыс істеген кезінде ейелдер ба-сына сабаннан жасалған кен, етекті жолақты шляпа киді.

2 Модуль. Тарихи костюмдердің анализі

8 лекция. Үнді костюмі.

1. Үндінің әлеуметтік-экономикалық және тарихи дамуының ерекшеліктері

2. Үнді өнерінің спецификасы

3. Үнді маталардың өрнектері және өндірілуі

4. Үнді киімдерінің тігілген немесе тігілмеген түрлері

5. Үнді костюмдерінің декоративтік шешімдері


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: