Шот-фактура

Мыналар салық салынатын айналым болып табылады:

1) ҚР-да тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша;

2) ҚР-да қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын және қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асырмайтын резидент еместен жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сатып алу бойынша қосылған құн салығын төлеуші жасайтын айналым.

Тауарларды өткізу бойынша айналым мыналарды білдіреді:

1) тауарға меншік құқығын беруді, оның ішінде:

- тауарды сатуды;

- кәсіпорынды тұтастай мүліктік кешен ретінде сатуды;

- тауарды тиеп-жөнелтуді, оның ішінде басқа тауарларға, жұмыстарға, қызмет көрсетулерге айырбастауды;

- тауар экспортын;

- тауарды өтеусіз беруді;

- жұмыс берушінің тауарды қызметкерге жалақы есебінен беруін;

- кепiл берушiнiң кепiлге берiлген мүлiктi (тауарды) борыштың төленбеуi жағдайында беруiн;

2) тауарды бөліп-бөліп төлеу шартымен тиеп-жөнелтуді;

3) мүлікті қаржы лизингіне беруді;

4) тауарды комиссия шарты бойынша тиеп-жөнелтуді;

6) бұрын экспорт кедендік рәсімінде шығарылған тауарды кері импорт кедендік рәсімінде қайтаруды.

Жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айналым жұмыстарды кез келген оның ішінде өтеусіз орындауды немесе қызмет көрсетулерді, сондай-ақ тауарды өткізуден ерекшеленетін, сыйақы үшін кез келген қызметті, оның ішінде:

1) мүліктік жалдау шарттары бойынша мүлікті уақытша иелікке және пайдалануға беруді;

2) зияткерлік меншік объектілеріне құқықтар беруді;

3) жұмыс берушінің қызметкерге жалақы есебінен жұмыстарды орындауын, қызмет көрсетулерін;

4) аванстарды және айыппұл санкцияларын қоспағанда, тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізуге байланысты талап ету құқықта рын беруді;

5) кәсіпкерлік қызметті шектеуге немесе тоқтатуға келісім беруді;

6) кредит (қарыз, микрокредит) беруді білдіреді.

Мыналар:

1) мүлікті жарғылық капиталға салым ретінде беру;

2) жарғылық капиталға салым ретінде алынған мүлікті қайтару;

3) бірлігінің құны республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тауарды беру не сыйға тарту күнiне қолданыста болған АЕК-тің 2 еселенген мөлшерінен аспайтын тауарды жарнамалық мақсатта өтеусіз беру не сыйлау;

4) тапсырысшының мердігерге дайын өнімді мердігердің дайындауы, қайта өңдеуі, құрастыруы (монтаждауы, орнатуы), жөндеуі және (немесе) объектілер салуы үшін алыс-беріс тауарларын тиеп-жөнелтуі;

5) қайтарылатын ыдысты тиеп-жөнелту;

6) бұрын экспорт кедендік рәсімінде шығарылған тауарды кері импорт кедендік рәсімінде қайтаруды қоспағанда, тауарды қайтару;

7) егер мұндай әкету кеден одағының және (немесе) ҚР кеден заңнамасына сәйкес тауарларды уақытша әкету кедендік рәсімінде ресімделсе, шартта белгіленген талаптар мен мерзімдерде қайта әкелуге жататын тауарларды көрмелер, басқа да мәдени және спорт шараларын өткізу үшін кеден одағынан тысқары жерлерге әкету;

8) жер қойнауын пайдаланушы жаңадан құрған және (немесе) жер қойнауын пайдаланушы сатып алған, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды орындау үшін пайдаланған және жер қойнауын пайдалануға жасалған келісімшарт талаптарына сәйкес ҚР беруге жататын мүлікті жер қойнауын пайдаланушының ҚР меншігіне беруі;

9) эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруы;

10) қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның негізгі құралдарын, материалдық емес активтерін және өзге де мүлкін оның құқықтық мирасқорына беруі;

11) концессия объектісін концедентке беру, сондай-ақ концессия объектісін концессия шарты шеңберінде пайдалану үшін кейіннен концессионерге беруі;

12) егер жеке тұлғаның жеке мүлкі кәсіпкерлік қызмет мақсатында пайдаланылмаса, осы тұлғаның осындай мүлікті өткізу бойынша айналымы;

13) сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушының мүлікті сенімгерлікпен басқарушыға беруі;

14) сенімгерлікпен басқару туындауының негізі болып табылатын құжаттың қолданылуы тоқтатылған кезде сенімгерлікпен басқарушының мүлікті қайтаруы;

15) сенімгерлікпен басқарушының сенімгерлікпен басқарудан түсетін таза табысты мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысына немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушыға беруі өткізу бойынша айналым болып табылмайды.

Мыналар:

1) қосылған құн салығынан босатылған;

2) өткізу орны ҚР болып табылмайтын тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айналым салық салынбайтын айналым болып табылады.

Салық салынатын айналым мөлшері, мәміле жасасқан тараптары қолданатын бағалар мен тарифтерді негізге ала отырып, оларға қосылған құн салығын енгізбей, өткізілетін тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер құны негізінде айқындалады.

Өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің құны қандай да бір өзгеріске түскен жағдайда, салық салынатын айналым мөлшері тиісті түрде түзетіледі.

Салық төлеушінің салық салынатын айналым мөлшерін түзету:

1) бұрын экспорт режимiнде әкетiлген тауарды керi импорт режимiнде әкелудi қоспағанда, тауар толық немесе iшiнара қайтарылған;

2) мәміленің шарттары өзгерген;

3) өткізілген тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер үшін бағалар, өтемақылар өзгерген;

4) бағаны түсірген, сату бағасын түсірген;

5) өткізілген тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер үшін теңгемен төлеу кезінде құнының айырмасын алған;

6) өткізу бойынша айналымға енгізілген ыдыстарды қайтарған жағдайларда жүргізіледі.

Салық салынатын айналымның мөлшерін түзету бір мезгілде мынадай шарттар сақталған:

1) түзету жүргізу үшін негіз болып табылатын құжаттар болған;

2) салық салынатын айналым және қосылған құн салығы бойынша теріс (оң) мәні бар қосымша шот-фактура болған кезде жүргізіледі.

Салық салынатын айналым мөлшерін азайту жағына қарай түзету осындай тауарларды өткізу, жұмыстарды атқару, қызметтерді көрсету бойынша бұрын көрсетілген айналым мөлшерінен аспауы тиіс. Салық салынатын айналым мөлшерін түзету жағдайлар туындаған салық кезеңінде жүргізіледі. ҚҚС түзету сомасы өткізу айналымы жасалған күнге қолданыстағы ставка бойынша айқындалады.

Экспортқа тауарлар өткізу бойынша айналымға нөлдік ставка бойынша салық салынады.

Мыналар тауарлар экспортын растайтын құжаттар болып табылады:

1) экспортталатын тауарларды беруге арналған шарт (келісімшарт);

2) тауарлар шығаруды экспорт кедендік рәсімінде жүзеге асыратын кеден органының белгілері бар, сондай-ақ кеден одағының кеден шекарасындағы өткізу пунктінде орналасқан кеден органының белгісі бар жүктің кедендік декларациясы тауарлар экспортын растайтын құжат болып табылады.

3) мынадай жағдайларда:

- магистралдық құбыр жүйесі бойынша немесе электр беру желілері бойынша тауарларды экспорт кедендік рәсімінде әкету кезінде;

- кезең-кезеңдік кедендік декларациялау рәсімін қолдана отырып, тауарларды экспорт кедендік рәсімінде әкету кезінде;

- уақытша кедендік декларациялау рәсімін қолдана отырып, тауарларды экспорт кедендік рәсімінде әкету кезінде кедендік ресімдеуді жүргізген кеден органының белгілері бар жүктің толық кедендік декларациясы;

4) тауардың ілеспе құжаттарының көшірмелері;

5) зияткерлік меншік құқығын қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның зияткерлік меншік объектісіне құқығы туралы, сондай-ақ зияткерлік меншік объектісін экспорттаған жағдайда, оның құнының растамасы.

8-тақырып. Акциздер


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: