Жалпы ережелер. 12.2 Салықты есептеу және төлеу тәртібі

12.2 Салықты есептеу және төлеу тәртібі

12.3 Салық кезеңі және салық декларациясы

Мыналар әлеуметтiк салық төлеушiлер болып табылады:

1) дара кәсiпкерлер;

2) жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар;

3) ҚР резидент заңды тұлғалары;

4) ҚР-да қызметiн тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар.

Резидент заңды тұлғаның шешiмi бойынша оның құрылымдық бөлiмшелерi әлеуметтiк салық төлеушiлер ретiнде қарастырылуы мүмкiн.

Мемлекеттік органның шешiмi бойынша оның құрылымдық бөлiмшелерi және (немесе) аумақтық органдары өздерiне бағынысты мемлекеттік мекемелер үшiн төленуге жататын әлеуметтiк салықты төлеушiлер ретiнде қарастырылуы мүмкiн.

Төлеушілердің өздерін қоса алғанда, қызметкерлер саны әлеуметтік салық салу объектісі болып табылады. Салық салу объектісі болып табылмайды:

1) грант қаражаты есебінен жасалатын төлемдер;

2) ҚР Президенті, ҚР Yкіметі тағайындайтын мемлекеттік сыйлықақылар, стипендиялар;

3) спорт жарыстарында, байқауларда, конкурстарда жүлделі орындар үшін берілетін ақшалай наградалар;

4) ұйым таратылған немесе жұмыс берушінің қызметі тоқтатылған, қызметкерлердің штат саны қысқартылған немесе қызметкер әскери қызметке шақырылған жағдайларда еңбек шарты бұзылған кезде төленетін өтемақы төлемдері;

5) жұмыс берушінің қызметкерлерге пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін төлейтін өтемақы төлемдері;

6) жинақтаушы зейнетақы қорларына қызметкерлердің міндетті зейнетақы жарналары.

Егер күнтізбелік ай үшін салық салу объектісі Республикалық бюджет туралы Заңда белгiленген және осындай күнтiзбелiк айдың соңғы күнi қолданыста болған жалақының ең төменгі мөлшерінен төмен болса, әлеуметтік салық салу объектісі жалақының ең төменгі мөлшері негізінде айқындалады.

Әлеуметтік салық 11 проценттік ставка бойынша есептеледі.

Дара кәсіпкерлер, жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар өзі үшін АЕК-тің екі еселенген мөлшерінде және әрбір қызметкер үшін АЕК-тің бір еселенген мөлшерінде әлеуметтік салық төлейді.

Тірек-қимыл мүшесі бұзылған, есту, сөйлеу, көру қабілетінен айрылған мүгедектер жұмыс істейтін мамандандырылған ұйымдар 4,5 процент ставка бойынша әлеуметтік салық төлейді.

Төлеушілер салық кезеңінде әлеуметтік салықты есептеуді ставкаларды салық салу объектісіне қолдану арқылы жүргізеді.

Әлеуметтік салықтың сомасы «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес есептелген әлеуметтік аударымдар сомасына азайтылуға жатады. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар сомасы әлеуметтік салық сомасынан асып кеткен кезде әлеуметтік салық сомасы нөлге тең деп есептеледі.

Әлеуметтік салықты төлеу салық төлеушінің орналасқан жері бойынша салық кезеңiнен кейінгі айдың 25-нен кешіктірілмей жүргізіледі.

Мекемелер есептi айға есептеген әлеуметтiк салық сомасы еңбекке уақытша қабiлетсiздiгi бойынша төленген әлеуметтiк жәрдемақы сомасына азайтылады. Есептi айда әлеуметтiк жәрдемақының төленген сомасы есептелген әлеуметтiк салық сомасынан асып түскен жағдайда, ол сома келесi айға ауыстырылады.

Құрылымдық бөлімшелер бойынша төленуге жататын әлеуметтік салықтың сомасы осы құрылымдық бөлімше қызметкерлерінің табыстары бойынша есептелген әлеуметтік салықтың негізінде есептеледі. Төлеушілер құрылымдық бөлімшелер үшін тиісті бюджеттерге әлеуметтік салық төлеуді құрылымдық бөлімшенің орналасқан жері бойынша жүзеге асырады.

Күнтізбелік ай әлеуметтік салықты есептеу үшін салық кезеңі болып табылады.

Төлеушiлер ЖТС мен әлеуметтік салық жөніндегі декларацияны орналасқан жері бойынша салық органдарына есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-нен кешіктірмей тоқсан сайын табыс етеді.

ЖТС мен әлеуметтік салық бойынша декларацияға қосымша жыл қорытындысы бойынша жасалады және есепті жылдың төртінші тоқсанының декларациясымен бірге табыс етіледі.

Құрылымдық бөлiмшелерi бар төлеушiлер құрылымдық бөлiмшенiң орналасқан жеріндегі салық органына құрылымдық бөлiмше бойынша ЖТС мен әлеуметтiк салық бойынша декларацияға құрылымдық бөлiмше бойынша ЖТС мен әлеуметтiк салықтың сомасын есептеу жөніндегі қосымшаны табыс етедi.

13-тақырып. Экспортқа рента салығы. Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу

13.1 Экспортқа рента салығы


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: