double arrow

Жалпы ережелер. 8.2 ҚР-да өндірілетін, өткізілетін акцизделетін тауарларға салық салу

8.2 ҚР-да өндірілетін, өткізілетін акцизделетін тауарларға салық салу

8.3 Акцизделетін тауарлардың импортына салық салу

ҚР аумағында өндірілген және ҚР аумағына импортталатын тауарларға акциз салынады.

Мыналар акциз төлеушілер болып табылады:

1) ҚР аумағында акцизделетін тауарлар шығаратын;

2) акцизделген тауарларды ҚР аумағына импорттайтын;

3) ҚР аумағында бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме, бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын;

4) егер ҚР аумағында аталған тауарлар бойынша бұрын акциз төленбеген болса, тәркіленген, иесіз, мұрагерлік құқығы бойынша мемлекетке өткен және ҚР аумағында мемлекет меншігіне өтеусіз берілген акцизделетін тауарларды өткізуді жүзеге асыратын;

5) егер ҚР аумағында аталған тауарлар бойынша бұрын акциз төленбесе акцизделетін тауарлардың конкурстық массасын өткізуді жүзеге асыратын;

6) акцизделетін тауарларды жинауды (жинақтауды) жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар.

Тәркіленген, иесіз, мұрагерлік құқығы бойынша мемлекетке өткен және ҚР аумағында мемлекет меншігіне өтеусіз берілген акцизделетін тауарларды өткізуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдар акциздерді төлеушілер болып табылмайды.

Мыналар акцизделетiн тауарлар болып табылады:

1) спирттiң барлық түрлерi;

2) алкоголь өнiмi;

3) темекi бұйымдары;

4) бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отыны;

5) микроавтобустарды, автобустар мен троллейбустарды қоспағанда, 10 немесе одан да көп адам тасымалдауға арналған, двигателiнiң көлемi 3000 текше сантиметрден асатын моторлы көлiк құралдары;

- двигателiнiң көлемi 3000 текше сантиметрден асатын, адамдар тасымалдауға арналған жеңiл автомобильдер және өзге де моторлы көлiк құралдары (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптерi бар автомобильдерден басқа);

- двигателiнiң көлемі 3000 текше сантиметрден асатын, жүкке арналған платформасы және жүк бөлiгiнен қатты стационарлық қабырғамен бөлінген жүргiзушi кабинасы бар жеңіл автомобиль шассиіндегі моторлы көлік құралдары (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптері бар автомобильдерден басқа);

6) шикi мұнай, газ конденсаты.

7) дәрiлiк зат ретінде тіркелген, құрамында спирт бар медициналық мақсаттағы өнім.

Мыналар акциз салынатын объект болып табылады:

1) акциз төлеушінің өзі шығарған және (немесе) өндірген және (немесе) ыдысқа құйған акцизделетін тауарлармен жүзеге асыратын мынадай операциялары:

- акцизделетін тауарларды өткізуі;

- акцизделетін тауарларды алыс-берістік негізде қайта өңдеуге беруі;

- алыс-берістік, оның ішінде акцизделетін шикізат пен материалдарды, қайта өңдеу өнімдері болып табылатын акцизделетін тауарларды беруі;

- жарғылық капиталға жарнасы;

- акцизделетін тауарларды заттай ақы нысанында пайдалы қазбаларды өндіру салығын, экспортқа рента салығын төлеу есебіне беру жағдайларын қоспағанда, заттай ақы төлеген кезде акцизделетiн тауарларды пайдалануы;

- өндірушінің акцизделетін тауарларды өзінің құрылымдық бөлімшелеріне тиеп жөнелтуі;

- өндірушінің жасап шығарған және (немесе) өндірген және (немесе) ыдысқа құйған тауарларды өздерінің өндірістік мұқтаждарына және акцизделетін тауарларды өзі өндіруі үшін пайдалануы;

- өндіруші жүзеге асыратын акцизделетін тауарларды лицензияда көрсетілген өндіріс мекенжайынан ауыстыруы;

2) бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме саудада өткізуі;

3) бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын бөлшек саудада өткізуі;

4) конкурстық массаны, тәркіленген және (немесе) иесіз, мұрагерлік құқығы бойынша мемлекетке өткен және мемлекет меншігіне өтеусіз берілген акцизделген тауарларды өткізуі;

5) акцизделетін тауарлардың бүлінуі, жоғалуы;

6) акцизделетін тауарлардың ҚР аумағына импорты.

9-тақырып. Корпоративтік табыс салығы

9.1 Салық салынатын табыс


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



Сейчас читают про: