Бонустар

13.3 Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем

13.4 Пайдалы қазбаларды өндіру салығы

13.5 Үстеме пайда салығы

Мыналар экспортқа рента салығын төлеушiлер болып табылады:

1) келісімшарттар шеңберiнде өндiрiлген шикi мұнай, газ конденсаты көлемiн экспорттайтын жер қойнауын пайдаланушыларды қоспағанда, шикi мұнайды, газ конденсатын;

2) көмiрдi экспортқа өткiзетiн жеке және заңды тұлғалар.

Экспортқа өткізілетін шикі мұнайдың, газ конденсатының, көмірдің көлемі экспортқа рента салығын салу объектісі болып табылады.

Экспортқа нақты өткізілетін шикі мұнай, газ конденсаты бойынша шикі мұнайдың, газ конденсатының көлемі және әлемдік баға негізінде есептелген экспортталатын шикі мұнайдың, газ конденсатының құны экспортқа рента салығын есептеу үшін салық базасы болып табылады.

Экспортқа іс жүзінде өткізілетін көмірдің көлемін негізге ала отырып есептелген экспортталатын көмірдің құны көмір бойынша экспортқа рента салығын есептеу үшін салық базасы болып табылады.

Экспортқа рента салығын төлеудің ақшалай нысаны ҚР Үкіметінің шикі мұнай, газ конденсаты жөніндегі шешімі бойынша уәкілетті мемлекеттік орган мен салық төлеушінің арасында жасалатын қосымша келісімде белгіленген тәртіппен заттай нысанға ауыстырылуы мүмкін.

Көмірді экспорттау кезінде экспортқа рента салығы 2,1 проценттік ставка бойынша есептеледі.

Күнтізбелік тоқсан экспортқа рента салығын төлеу бойынша салық кезеңі болып табылады.

Салық төлеуші бюджетке салықтың есептелген сомасын салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-нен кешіктірмей төлеуге міндетті.

Экспортқа рента салығы жөніндегі декларация салық төлеушінің орналасқан жері бойынша салық органына салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-нен кешіктірілмей табыс етіледі.

Жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтары:

1) жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдерін;

а) қол қойылатын бонусты;

б) коммерциялық табу бонусын;

в) тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемдерді;

2) пайдалы қазбаларды өндіру салығын;

3) үстеме пайда салығын қамтиды.

Жер қойнауын пайдаланушының тіркелген төлемдері бонустар болып табылады.

Жер қойнауын пайдалануға арналып жасалған келісімшарттың түріне және талаптарына қарай жер қойнауын пайдаланушы үшін бонустың мынадай түрлері белгіленуі мүмкін:

1) қол қойылатын бонус;

2) коммерциялық табу бонусы.

Жер қойнауын пайдаланушының келісімшарт аумағында жер қойнауын пайдалану құқығын сатып алу үшін алған біржолғы тіркелген төлемі қол қойылатын бонус болып табылады.

Жер қойнауын пайдалану құқығын алу конкурсының жеңiмпазы болған немесе жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тiкелей келiссөздер негiзiнде жер қойнауын пайдалану құқығын алған, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға арналған мынадай келісімшарттардың бiрiн жасасқан жеке немесе заңды тұлға қол қойылатын бонус төлеушi болып табылады:

1) барлауға арналған келісімшартты;

2) пайдалы қазбаларды өндiруге арналған келісімшартты.

Қол қойылатын бонус бюджетке салық төлеушiнiң тұрғылықты орны бойынша мынадай мерзiмдерде:

1) белгіленген соманың елу проценті – салық төлеушіні конкурс жеңiмпазы деп жариялаған немесе жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде;

2) белгіленген соманың елу проценті – жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт күшіне енген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей төленеді.

Жер қойнауын пайдаланушы қол қойылатын бонус жөніндегі декларацияны орналасқан жері бойынша салық органына төлеу мерзімі басталған айдан кейінгі екінші айдың 15-не дейін табыс етеді.

Жер қойнауын пайдалануға арналып жасалған келісімшарттар шеңберінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде келісімшарт аумағында пайдалы қазбаларды коммерциялық табуы туралы жария еткен жер қойнауын пайдаланушылар коммерциялық табу бонусын төлеушілер болып табылады.

14-тақырып. Ойын бизнестеріне салық салу

14.1 Ойын бизнесі салығы

14.2 Тіркелген салық

Мынадай дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар ойын бизнесі салығын төлеушілер болып табылады:

1) казино;

2) ойын автоматтары залы;

3) тотализатор;

4) букмекерлік кеңсе қызмет көрсетулер жөніндегі қызметті жүзеге асыратын.

Ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыру кезінде:

1) ойын үстелі;

2) ойын автоматы;

3) тотализатор кассасы;

4) тотализатордың электронды кассасы;

5) букмекер кеңсесінің кассасы;

6) букмекер кеңсесінің электронды кассасы ойын бизнесіне салық салу объектілері болып табылады.

Салық салу объектісінің бірлігінен ойын бизнесіне салық ставкасы:

1) ойын үстеліне – айына АЕК-тің 830 еселенген мөлшерін;

2) ойын автоматына - айына АЕК-тің 30 еселенген мөлшерін;

3) тотализатор кассасына - айына АЕК-тің 125 еселенген мөлшерін;

4) тотализатордың электронды кассасына - айына АЕК-тің 125 еселенген мөлшерін;

5) букмекер кеңсесінің кассасына - айына АЕК-тің 75 еселенген мөлшерін;

6) букмекер кеңсесінің электронды кассасына - айына АЕК-тің 75 еселенген мөлшерін құрайды.

Ойын бизнесі салығы үшін салық кезеңі күнтізбелік тоқсан болып табылады.

Қосымша төлем ойын бизнесi саласындағы қызметтен алынған табыстың сомасы табыстың шектi сомасынан асып түскен жағдайда есептеледi. Ойын бизнесi салығын төлеушiлер үшiн салық кезеңi iшіндегі табыстың шектi мөлшерi:

1) казино қызметiнен - АЕК-тің 135000 еселенген мөлшерiн;

2) ойын автоматтары залы қызметiнен - АЕК-тің 25 000 еселенген мөлшерiн;

3) тотализатор қызметiнен - АЕК-тің 2500 еселенген мөлшерiн;

4) букмекер кеңсесi қызметiнен - АЕК-тің 2000 еселенген мөлшерiн құрайды.

Ойын бизнесі салығы бойынша декларация есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмей жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретiнде тiркеу есебi бойынша салық органына табыс етіледі.

Тіркелген салықты төлеушілер:

1) ұтыссыз ойын автоматтарын;

2) ойын өткізуге пайдаланылатын дербес компьютерлерді;

3) ойын жолдарын (боулинг (кегельбан);

4) картты (картинг);

5) бильярд үстелдерін (бильярд) пайдалана отырып, қызмет көрсетулерді жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар болып табылады.

Бұл жерде қолданылатын ұғымдар мыналарды білдіреді:

1) бильярд үстелі - торлары (жақтауларда саңылаулары) бар және оларсыз бильярд ойынына арналған арнаулы үстел;

2) ойын жолы - боулинг ойынына арналған арнаулы жол (кегельбан);

3) ұтыссыз ойын автоматы - ойындар өткізу үшін пайдаланылатын арнаулы жабдық (механикалық, электрлі, электронды және өзге де техникалық жабдық);

4) карт - қорапсыз, дифференциалсыз және дөңгелектерінде серпінді аспа жоқ, жұмыс көлемі 250 текше сантиметрге және ең жоғары жылдамдығы сағатына 150 километрге дейін жететін екітактілі двигательді, көлемі шағын жарыс автомобилі.

Мыналар тіркелген салық салу объектісі болып табылады:

1) бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы;

2) біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы;

3) ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер;

4) ойын жолы;

5) карт;

6) бильярд үстелі.

Тіркелген салық үшін салық кезеңі күнтізбелік тоқсан болып табылады.

15-тақырып. Шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимі


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: