Залалдар

9.6 КТС есептеу тәртібі мен төлеу мерзімдері

Мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, ҚР резидент заңды тұлғалары, сондай-ақ ҚР-да қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе ҚР-дағы көздерден табыстар алатын резидент емес заңды тұлғалар корпоративтік табыс салығын төлеушілер болып табылады.

Корпоративтік табыс салығын салу объектілері мыналар болып табылады:

1) салық салынатын табыс;

2) төлем көзінен салық салынатын табыс;

3) ҚР-да қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның таза табысы.

Салық салынатын табыс түзетулерді ескере отырып жылдық жиынтық табыс пен шегерімдер арасындағы айырма ретінде айқындалады.

Резидент заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысы осы тұлғаның ҚР-да және одан тысқары жерлерде салық кезеңінің ішінде алуына жататын (алынған) табыстарынан тұрады.

Мыналар салық салу мақсатына орай табыс ретінде қарастырылмайды:

1) жарғылық капиталға салым ретінде алынған мүліктің құны;

2) эмитент өзі шығарған акцияларды орналастырудан алған ақша сомасы;

3) мүлікті өтеусіз негізде беретін салық төлеуші үшін өтеусіз берілген мүліктің құны. Өтеусіз орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құны осындай жұмыстар орындауға, қызметтер көрсетуге байланысты шеккен шығыстар мөлшерінде айқындалады;

4) салық міндеттемесінің мөлшерін азайту сомасы;

5) басқа тұлғадан алынуға жататыннан (алынғаннан) басқа, бухгалтерлік есепте табыс деп танылатын активтердің және (немесе) міндеттемелердің құнын өзгертуге байланысты туындайтын табыс;

6) активтерді қайта бағалауға арналған резервтерді азайту есебінен бөлінбеген пайданы арттыру.

7) іс жүзінде орындалуға тиіс міндеттеме мен бухесепте танылған осы міндеттеменің құны арасындағы оң айырма түрінде бухгалтерлік есептегі міндеттеменің танылуына байланысты туындайтын табыс.

Өткiзiлген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлген қызметтердiң құны өткізуден түсетiн табыс болып табылады. Өткiзiлген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлген қызметтердiң құнына ҚҚС және акциздiң сомасы енгiзiлмейдi.

Қызметтер көрсетуден түсетін табысқа, сондай-ақ:

1) кредит (қарыз, микрокредит) бойынша, репо операциялары бойынша сыйақылар түріндегі табыс;

2) мүлікті қаржы лизингіне беру бойынша сыйақылар түріндегі табыс;

3) роялти;

4) мүлікті жалға беруден түсетін табыс жатады.

Шегерімге жатпайтын шығыстарды қоспағанда, салық төлеушінің табыс алуға бағытталған қызметті жүзеге асыруға байланысты шығыстары салық салынатын табысты айқындау кезінде шегерімге жатады. Шегерімге жатқызылған шығыстардың мөлшері белгіленген нормалардан аспауға тиіс.

Шегерімдерді салық төлеуші өзінің табыс алуға бағытталған қызметіне байланысты шығыстарды растайтын құжаттары болған кезде жүргізеді. Бұл шығыстар, болашақтағы кезеңдердің шығыстарын қоспағанда, олар іс жүзінде жүргізілген салық кезеңінде шегерімге жатады. Болашақтағы кезеңдердің шығыстары олар қатысты болатын салық кезеңінде шегерімге жатады.

Табиғи монополия субъектілері шеккен ысыраптар нормалар шегінде шегерімге жатады.

Егер шығыстардың бір және сол түрі шығыстардың бірнеше баптарында көзделсе, онда көрсетілген шығыстар салық салынатын табыстың есеп-қисабы кезінде бір-ақ рет шегеріледі.

Таңылған немесе танылған айыппұлдар, өсімпұлдар, тұрақсыздық айыптары шегерімге жатады. Құрылысқа алынған, құрылыс кезеңінде есепке жазылған кредиттер (қарыздар) үшін сыйақылар құрылыс объектісінің құнына енгізіледі.

Қызметтік іссапарлар кезінде шегерімге жататын өтемақыларға:

1) жол жүру мен броньға жұмсалған шығыстарды растайтын құжаттар негізінде, броньға жұмсалған шығыстардың төлемақысын қоса алғанда, іссапарға баратын жерге жетуге және кері қайтуға іс жүзінде жүргізілген шығыстар;

2) тұрғын үй-жайды жалдауға және броньға жұмсалған шығыстарды растайтын құжаттардың негізінде, броньға жұмсалған шығыстардың төлемақысын қоса алғанда, тұрғын үй-жайды жалдауға іс жүзінде жүргізілген шығыстар;

3) қызметкерге іссапарда болған уақытта салық төлеушінің шешімі бойынша белгіленген мөлшерде төленетін тәулікақы жатады.

Іссапарда болу уақыты:

- жұмыс берушінің қызметкерді іссапарға жіберу туралы бұйрығы немесе жазбаша өкімі;

- жол жүруді растайтын құжаттарда көрсетілген, іссапар орнына кету күні мен кері қайтып келу күнін негізге ала отырып іссапар күндерінің саны негізінде айқындалады. Мұндай құжаттар болмаған кезде іссапар күндерінің саны салық төлеушінің салықтық есепке алу саясатында көзделген, іссапар орнына кету күні мен кері қайтып келу күнін растайтын басқа да құжаттар негізге алына отырып айқындалады;

4) салық төлеуші келу визасын ресімдеген кезде жүргізген шығыстар (визаның, консулдық қызметтердің, міндетті медициналық сақтандырудың құны) келу визасын ресімдеуге арналған шығыстарды (визаның, консулдық қызметтердің, ММС құнын) растайтын құжаттар негізінде айқындалады.

Күмәнді деп танылған талаптар шегерімге жатады. Салық төлеушінің күмәнді талаптарды шегерімге жатқызуы бір мезгілде мынадай талаптар сақталған кезде жүргізіледі:

1) талаптар туындауын растайтын құжаттардың болуы;

2) шегерімдерге жатқызу кезіне бухесепте талаптардың көрсетілуі не осындай талаптарды алдыңғы кезеңдердегі бухесептегі шығыстарға (есептен шығаруға) жатқызу.

Инвестициялық салық преференциялары салық төлеушінің таңдауы бойынша қолданылады және преференциялар объектілерінің құнын және (немесе) реконструкциялауға, жаңғыртуға арналған келесі шығыстарды шегеруге жатқызуды білдіреді. ҚР заңды тұлғаларының преференцияларды қолдануға құқығы бар. ҚР аумағында алғаш рет пайдалануға берілетін өндірістік мақсаттағы ғимараттар және құрылыстар, машиналар мен жабдықтар, егер пайдалануға берілген салық кезеңінен кейінгі кемінде үш салық кезеңі ішінде бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келсе:

1) активтер немесе негізгі құралдар болып табылса;

2) преференцияларды қолданған салық төлеуші табыс алуға бағытталған қызметте пайдаланса;

3) оларды пайдалану ерекшеліктеріне байланысты жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша қызметті жүзеге асырумен тікелей себеп-салдарлы байланысы бар активтер болып табылмаса;

4) жер қойнауын пайдаланушы осы активтер бойынша шеккен келесі шығыстар салық есебінде жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша қызмет пен келісімшарттан тыс қызмет арасында бөлуге жатпаса, преференция объектілеріне жатқызылады.

Өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды, машиналар мен жабдықтарды реконструкциялауға, жаңғыртуға жұмсалатын келесі шығыстар, мұндай ғимараттар мен құрылыстар, машиналар мен жабдықтар бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келген кезде:

1) салық төлеушінің бухгалтерлік есебінде негізгі құралдар ретінде ескерілсе;

2) реконструкциялау, жаңғырту жүзеге асырылған соң пайдалануға берілген салық кезеңінен кейінгі кемінде үш салық кезеңі ішінде табыс алуға бағытталған қызметте пайдалануға арналған болса;

3) реконструкциялауды, жаңғыртуды жүзеге асыру кезеңінде пайдаланудан уақытша шығарылса;

4) оларды пайдалану ерекшеліктеріне байланысты жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша қызметті жүзеге асырумен тікелей себеп-салдарлы байланысы бар активтер болып табылмаса;

5) жер қойнауын пайдаланушы осы активтер бойынша шеккен келесі шығыстар салық есебінде жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша қызмет пен келісімшарттан тыс қызмет арасында бөлуге жатпаса, олар іс жүзінде жүргізілген салық кезеңінде шегерімге жатқызылуға тиіс.

Преференцияларды қолдану мақсаты үшін негізгі құралды реконструкциялау, жаңғырту – келесі шығыстардың бір түрі, олардың нәтижелері бір мезгілде:

- негізгі құралдың конструкциясын өзгерту, оның ішінде жаңалау;

- негізгі құралдың қызмет ету мерзімін үш жылдан астам уақытқа ұзарту;

- реконструкциялауды, жаңғыртуды жүзеге асыру үшін осы негізгі құрал пайдаланудан уақытша шығарылған күнтізбелік айдың басындағы техникалық сипаттамаларымен салыстырғанда негізгі құралдың техникалық сипаттамаларының жақсаруы болып табылады.

Преференцияларды қолдану мақсаты үшін мыналардан:

- сауда ғимараттарынан (осындай ғимараттардың бөліктерінен);

- мәдени-ойын-сауыққа арналған ғимараттардан (осындай ғимараттардың бөліктерінен);

- қонақ үй, мейрамхана ғимараттарынан және қысқа мерзімде тұруға арналған басқа да ғимараттардан, қоғамдық тамақтану ғимараттарынан (осындай ғимараттардың бөліктерінен);

- офистік ғимараттардан (осындай ғимараттардың бөліктерінен);

- автомобильдерге арналған гараждардан (осындай ғимараттардың бөліктерінен);

- автотұрақтардан (осындай ғимараттардың бөліктерінен) басқа тұрғынжай емес ғимараттар (тұрғынжай емес ғимараттардың бөліктері) өндірістік мақсаттағы ғимараттарға жатады.

10-тақырып. Жеке табыс салығы


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: