Жалпы ережелер. 10.2 Төлем көзінен салық салынатын табыстар

10.2 Төлем көзінен салық салынатын табыстар

10.3 Төлем көзінен салық салынбайтын табыстар

Салық салу объектілері бар жеке тұлғалар жеке табыс салығын төлеушілер болып табылады. Жеке тұлғаның:

1) төлем көзінен салық салынатын табыстар;

2) төлем көзінен салық салынбайтын табыстар түріндегі табыстары ЖТС салынатын объектілер болып табылады.

Салық салу объектілері түзетулер ескеріле отырып, салық салуға жататын табыстар мен салық шегерімдері арасындағы айырма ретінде айқындалады.

Жеке тұлғаның табысы ретінде қарастырылмайды:

1) бюджет қаражаты есебінен төленетін атаулы әлеуметтік көмек, жәрдемақылар мен өтемақылар;

2) жеке тұлғаның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу;

3) қызметкерлердің жұмысы жол бойында өтетін, жол жүру сипатына ие, қызмет көрсетілетін учаскелер шегіндегі қызметтік сапарлармен байланысты болатын жағдайларда – оларға осындай жұмыстың әрбір күніне мұндай төлемдердi есепке жазу күнi қолданыста болатын 0,35 АЕК мөлшеріндегі өтемақы төлемдері;

4) қызметтік, оның iшiнде қызметкердi оқыту, оның біліктілігiн арттыру немесе қайта даярлау мақсатындағы іссапарлар кезіндегі:

- ҚР шегінде қырық тәулікке дейін іссапарда болған кезең үшін - тәулігіне тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын АЕК-тің 6 еселенген мөлшерінен аспайтын тәуліктік өтемақылар;

- ҚР тысқары жерлерде 40 тәулікке дейін іссапарда болған кезең үшін - тәулігіне тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын АЕК-тің 8 еселенген мөлшерінен аспайтын тәуліктік өтемақылар;

5) мемлекеттік мекемелер жүргiзетiн қызметтiк, оның iшiнде қызметкердi оқыту, оның біліктілігiн арттыру немесе қайта даярлау мақсатындағы iссапарлар кезіндегі өтемақылар;

6) қызметкер басқа жерге жұмысқа ауысқан не жұмыс берушiмен бiрге басқа жерге көшкен кездегі жол жүру, мүлкін көшіру, күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге үй-жай жалдау бойынша құжатпен расталған шығыстар өтемақысы;

7) жұмыс берушінің табыс алуға бағытталған қызметті жүзеге асырумен байланысты емес және нақты жеке тұлғаларға бөлінбейтін шегерімдерге жатқызылмайтын шығыстары;

8) мұндай жұмыстың әрбiр тәулiгi үшiн АЕК-тің екi еселенген мөлшерiнде далалық жағдайда геологиялық-барлау, топографиялық-геодезиялық және іздестіру жұмыстарымен айналысатын қызметкерлердің далалық үлесі;

9) жұмыс берушiнiң вахталық әдiспен жұмыс iстейтiн адамдардың өндiрiс объектiсiнде болу кезеңiнде жұмыстарды орындауы мен ауысымаралық демалысы үшiн жағдай жасай отырып, олардың тұрмыс-тiршiлiгiн қамтамасыз ету үшiн:

- тұрғын үй жалдау бойынша;

- тәулiктiк өтемақы шегiнде тамақтануға арналған шығыстары.

Салық төлеушінің табыстарына 10 проценттік ставка бойынша салық салынады. ҚР және одан тысқары жерлердегі көздерден алынған дивидендтер түріндегі табыстарға 5% ставка бойынша салық салынады.

Төлем көзінен салық салынатын табыстарға табыстардың мынадай түрлері жатады:

1) қызметкердің табысы;

2) жеке тұлғаның салық агентінен түсетін табыстары;

3) жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетін зейнетақы төлемдері;

4) дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі табыс;

5) стипендиялар;

6) жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табыс.

ЖТС есептеуді салық агенті төлем көзінен салық салынатын табыстар бойынша, салық салуға жататын табысты есебіне жазу кезінде жүргізеді. ЖТС ұстауды салық агенті төлем көзінен салық салынатын табысты төлеу күнінен кешіктірмей жүргізеді. Салық агенті төленген табыстар бойынша ЖТС аударуды төлем айынан кейінгі айдың 25-іне дейін өзі орналасқан жері бойынша жүзеге асырады.

Мыналар қызметкердің салық салуға жататын табыстары болып табылмайды:

1) жинақтаушы зейнетақы қорларынан алынатын зейнетақы төлемдері;

2) дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі табыс;

3) жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табыс;

4) төлем көзінен салық салынбайтын табыстар;

5) қызметкерлерге олардан сатып алынған жеке мүлкі үшін төлемдер.

11-тақырып. Шет елдік заңды және жеке тұлғалардың табыстарына салық салу ерекшеліктері


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: