Патент негізіндегі АСР

15.3 Оңайлатылған декларация негізіндегі АСР

АСР шағын бизнес субъектілері үшін, төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, әлеуметтік салықты және КТС немесе ЖТС есептеу мен төлеудің оңайлатылған тәртібін белгілейді.

ҚР аумағында және оның шегінен тыс жерлерде алынған (алынуға жататын) табыстардың барлық түрлерінен тұратын салық кезеңі ішіндегі табыс патент немесе оңайлатылған декларация негізінде АСР қолданатын салық төлеушілер үшін салық салу объектісі болып табылады.

Шағын бизнес субъектілері салықтарды есептеу мен төлеудің, сондай-ақ олар бойынша салық есептілігін табыс етудің төменде санамаланған тәртіптерінің біреуін ғана дербес таңдауға құқылы:

1) жалпыға бірдей белгіленген тәртіп;

2) патент негізіндегі арнаулы салық режимі;

3) оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі.

Жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке ауысқан кезде жалпыға бірдей белгіленген тәртіп күнтізбелік екі жыл қолданылғаннан кейін ғана АСР-ге қайта ауысуға болады.

Арнаулы салық режимін:

1) филиалдары, өкілдіктері бар заңды тұлғалардың;

2) заңды тұлғалар филиалдарының, өкілдіктерінің;

3) әртүрлі елді мекендерде өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелері және (немесе) салық салу объектілері бар салық төлеушілердің;

4) басқа заңды тұлғалардың қатысу үлесі 25 проценттен асатын заңды тұлғалардың;

5) құрылтайшысы АСР қолданатын басқа заңды тұлғаның бір мезгілде құрылтайшысы болып табылатын заңды тұлғалардың қолдануға құқығы жоқ.

Арнаулы салық режимi мынадай қызмет түрлерiне қолданылмайды:

1) акцизделетін тауарларды өндiруге;

2) акцизделетін тауарларды сақтауға және көтерме саудада өткізуге;

3) мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн – бензиндi, дизель отынын және мазутты өткізуге;

4) лотереяларды (мемлекеттік (ұлттық) лотереялардан басқа) ұйымдастыруға және өткізуге;

5) жер қойнауын пайдалануға;

6) шыны ыдыстарды жинауға және қабылдауға;

7) түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауға (дайындауға), сақтауға, қайта өңдеуге және өткізуге;

8) консультациялық қызметтер көрсетуге;

9) бухгалтерлiк есеп және аудит саласындағы қызметке;

10) сақтандыру брокері мен сақтандыру агентінің қаржы, сақтандыру қызметіне және делдалдық қызметіне.

Патент негізіндегі арнаулы салық режимін мынадай талаптарға сай келетін дара кәсiпкерлер қолданады:

1) қызметкерлердің еңбегін пайдаланбайтын;

2) жеке кәсіпкерлік нысанындағы қызметті жүзеге асыратын;

3) салық кезеңіндегі табысы ең төменгi жалақының 200 еселенген мөлшерiнен аспайтын.

Күнтізбелік жыл салық кезеңі болып табылады.

Дара кәсіпкерге патент бір салық кезеңі шегінде кемінде бір ай мерзімге беріледі.

Патент мынадай дара кәсіпкерлерге бір айдан аз мерзімге берілуі мүмкін:

1) ағымдағы салық кезеңінің соңғы айында жаңадан тіркелген;

2) ағымдағы салық кезеңінің соңғы айында қызметін уақытша тоқтата тұру мерзімі аяқталғанға дейін немесе аяқталғаннан кейін қызметін қайта бастаған.

Дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік көрсетілмейінше, патент жарамсыз болады.

Патент құнын есептеу салық салу объектісіне 2% мөлшеріндегі ставканы қолдану жолымен жүргізіледі. Патент құны:

1) патент құнының 1/2 бөлігі мөлшерінде - жеке табыс салығы;

2) әлеуметтік аударымдарды алып тастағаннан кейінгі патент құнының 1/2 бөлігі мөлшерінде әлеуметтік салық түрінде бюджетке төленуге жатады.

Әлеуметтік аударымдар сомасы әлеуметтік салық сомасынан асып түскен кезде, әлеуметтік салық сомасы нөлге тең болады.

Егер нақты табыс патенттің қолданылу мерзімінің ішінде есеп-қисапта көрсетілген табыс мөлшерінен асып түссе, дара кәсіпкер бес жұмыс күні ішінде асып түскен сомаға қосымша есеп-қисапты табыс етуге және осы сомадан салықтар төлеуге міндетті.

16-тақырып. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: