Жалпы ережелер. Ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды

17.2 Қолдану шарттары

Ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері арнаулы салық режимін немесе жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті дербес таңдауға құқылы.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері үшін АСР КТС-ті, ҚҚС, әлеуметтік салықты, жер салығын, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдерді, мүлік салығын, көлік құралдары салығын есептеудің ерекше тәртібін көздейді.

Арнаулы салық режимі:

1) ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалардың:

- жерді пайдалана отырып ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіру, өзі өндірген осы өнімді қайта өңдеу және өткізу;

- толық кезеңді (төлді өсіруден бастап) мал шаруашылығы мен құс шаруашылығының (оның ішінде, асыл тұқымды), ара шаруашылығының, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімдерін өндіру, сондай-ақ өзі өндірген осы өнімдерді қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметіне;

2) селолық тұтыну кооперативтерінің:

- шаруа немесе фермер қожалықтары - осы кооперативтердің мүшелері (пайшылары) өндірген ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өткізу;

- шаруа немесе фермер қожалықтары - осы кооперативтердің мүшелері (пайшылары) өндірген ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін қайта өңдеу және осы өнімдерді қайта өңдеу нәтижесінде алынған өнімдерді өткізу жөніндегі қызметіне қолданылады.

Селолық тұтыну кооперативтеріне:

1) мүшелері (пайшылары) тек шаруа немесе фермер қожалықтары болып табылатын;

2) ЖЖТ кемінде 90 процентін қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алуға жататын (алынған) табыстар құрайтын селолық тұтыну кооперативтері жатады.

Мыналардың АСР қолдануға құқығы жоқ:

1) еншілес ұйымдары, құрылымдық бөлімшелері бар заңды тұлғаның;

2) АСР қолданатын басқа да заңды тұлғалардың аффилиирленген тұлғасы болып табылатын заңды тұлғаның;

3) басқа заңды тұлғалардың қатысу үлесі 25 проценттен асатын заңды тұлғаның;

4) құрылтайшысы бір уақытта АСР қолданатын басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы болып табылатын заңды тұлғаның;

5) мүшелері (пайшылары) басқа селолық тұтыну кооперативтердің мүшелері (пайшылары) болып табылатын селолық тұтыну кооперативтерінің.

Аффилиирленген тұлға болып мыналар танылады:

1) шешімдерді тікелей және (немесе) жанама айқындауға және (немесе) басқа заңды тұлға қабылдайтын шешімге, оның ішінде шартқа және (не) өзге мәмілеге байланысты, ықпал етуге құқығы бар заңды тұлға;

2) басқа заңды тұлғаға қатысты шешімдерді тікелей және (немесе) жанама айқындауға және (немесе) оның ішінде шартқа және (немесе) өзге мәмілеге байланысты ықпал етуге құқығы бар заңды тұлға.

АСР салық төлеушілердің акцизделетін тауарларды өндіру, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметіне қолданылмайды.

Салық төлеушi АСР қолдану үшiн орналасқан жерi бойынша салық органына салықтық өтiнiштi табыс етедi. Салықтық өтiнiш АСР қолдануға арналған өтiнiште көрсетiлген жылдың алдындағы жылдың 10 желтоқсанынан кешiктiрiлмей табыс етiледi.

Аталған мерзiмде салықтық өтiнiштi табыс етпеуi, салық төлеушiнiң бюджетпен есеп айырысуды жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен жүзеге асыруға келісімi болып есептеледi.

Таңдап алынған салық салу режимi күнтiзбелiк жыл iшiнде өзгертуге жатпайды.

Жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен есептелген КТС, ҚҚС, әлеуметтік салықтың, жер салығының, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақының, мүлік салығының, көлік құралдары салығының сомалары 70%-ке азайтылуға жатады.

КТС сомасын азайту КТС бойынша аванстық төлемдердің сомаларын есептеу кезінде де қолданылады.

Есепке жатқызылатын ҚҚС сомасының есепті салық кезеңінің қорытындылары бойынша декларация бойынша қалыптасқан есептелген салық сомасынан асып кетуі ҚҚС бойынша алдағы төлемдердің есебіне жатқызылатын ҚҚС асып кету сомасын айқындау кезінде 70%-ке азайтылуға жатады.

18-тақырып. Алымдар, төлемақылар және баждар


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: