Мемлекеттік баж

Тіркеу алымдары – уәкілетті мемлекеттік органдар тіркеу іс-әрекеттерін жасаған кезде, сондай-ақ осындай тіркеу іс-әрекеттерінің жасалғанын куәландыратын құжаттың телнұсқасын берген кезде өздері алатын бір жолғы міндетті төлемдер.

Тіркеуші органдар тіркеу іс-әрекеттерін солардың мүдделерінде жүргізетін жеке және заңды тұлғалар алым төлеушілер болып табылады.

Алымдар мынадай тіркеу іс-әрекеттері үшін алынады:

1) мыналарды:

- заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені (есепке қойғаны) және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркегені, сондай-ақ қайта тіркегені;

- дара кәсіпкерлерді;

- жылжымайтын мүлікке құқықтарды;

- жылжымалы мүлік кепілін және кеменің немесе салынып жатқан кеменің ипотекасын;

- радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиіліктегі құрылғыларды;

- көлік құралдарын, сондай-ақ оларды қайта тіркегені;

- дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, сондай-ақ оларды қайта тіркегені;

- туындылар мен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды, туындылар мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға арналған лицензиялық шарттарды, сондай-ақ оларды қайта тіркегені;

- мерзімді баспа басылымын және ақпарат агенттігін мемлекеттік тіркегені (есепке қойғаны);

2) тіркеу іс-әрекеттерінің жасалғанын куәландыратын құжаттың телнұсқасын бергені.

Алым ставкалары алымдарды төлеу күнi қолданыста болған АЕК мөлшерi негiзге алына отырып есептеледi.

Алымдарды төлеуден мыналар босатылады:

1) дара кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу кезінде:

- шаруа немесе фермер қожалықтары;

- І, ІІ және ІІІ топтағы мүгедектер;

- ҚР азаматтығын алғанға дейін заңды тұлға құрмастан кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын репатрианттар (оралмандар);

2) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу кезінде:

- Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 22.06.1941 – 09.05.1945 аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жасынан мүгедектің ата-аналарының бірі;

- бөлек тұратын зейнеткерлер;

- ҚР азаматтығын алғанға дейін репатрианттар (оралмандар);

- кадрларды даярлаумен және оқытумен шұғылданатын шағын кәсіпкерлік субъектілері мемлекеттік тіркелген кезден бастап үш жыл ішінде;

3) жылжымалы мүлік кепілін, кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу кезінде:

- Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген адамдар т.б.;

- ҚР азаматтығын алғанға дейін репатрианттар (оралмандар);

4) радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиіліктегі құрылғыларды мемлекеттік тіркеу кезінде – мемлекеттік мекемелер;

5) туындылар мен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды, туындылар мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға арналған лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеу кезінде:

- Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген адамдар т.б.;

- ҚР азаматтығын алғанға дейін репатрианттар (оралмандар);

- кәмелетке толмағандар.

Алымдардың сомалары белгіленген ставкалар бойынша есептеледі және салық салу объектісінің тіркелген жері бойынша тіркеуші органға тиісті құжаттарды бергенге дейін төленеді.

Алымдарды төлеген тұлғалар тіркеуші органға тиісті құжаттарды бергенге дейін тіркеу жасаудан (есепке қоюдан) бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алымдардың сомалары қайтарылмайды.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: