Кіріспе 8 страница

3. Бұл да бір жылдық мапл азығындық дақыл. Тамыры – шашақ, жақсы жетілген. Сабағының биіктігі 50-150 см, сабағы түкті, жақсы жапырақтанған, бір сабақта 5-16 жапырақ болады. Гүл шоғы – масақты шашақ (султан), тұқымы ұсақ, 1000 дәнінің салмағы 1,5-3,4 г.

Могар тұқымы 10-12 градуста өнеді. Құрғақшылыққа шыдамды. Көк балаусасының толық қалыптасуы түптенуден масақты шашағы пайда болғанға дейін жүреді. Өсімдіктің пісіп-жетілуі уақыты – 90-120 күн. Ол топырақ таңдамайтын өсімдік, сондықтан, ауыспалы егісте ең соңғы танапқа орналасады.

Топырақты өңдеу жұмыстары тары егісіне ұқсас. Әр гектарға кететін тұқым мөлшері – 8-12 кг, сіңіру тереңдігі – 1,5-3 см. Тұқым жұмыстарын жердің жылылығы 12-15 ºС болғанда себеді.

Могарды пішенге гүл шоғы шыға бастағанда шауып, тұқымға арналғанын дәні қамырланып піскенде комбайынмен бастырады. Бұл кезде могардың масақшасы қоңырқай тартып, тұқымы қатаяды. Бастырылған тұқымды кептіріп, қоймада сақтайды.

Рапс. Рапс адамзатқа ерте заманнан белгілі болған дақыл. Декандольдың болжамы бойынша бұл дақыл біздің заманымыздан 4 мың жыл бұрын өсіріле бастаған. Рапстың отаны Голландия және Англия болып есептеледі. Сол жерден 16 ғасырдан бастап, ол Европаға кең тараған.

20 ғасырдың орта кезінен бастап, рапстың кейбір түршелері мал азығы ретінде Англияда, Амсрикада, Жаңа Зелландияда пайдаланыла бастады. Сол кезден бастап, мал азықтық рапс біздің Одаққа әкелініп жерсіндірілді. Қазіргі кезде ол мал азығына Россияда, Белоруссияда, Прибалтикада, Солтүстік Кавказда кеңінен осіріледі (26-сурет).

Рапс және де майлы дақылдардың ішіндегі өте кең тарағаны. Дүние жүзінде ол көлемі жағынан үшінші орында (майбұршақтан және арахистен кейін).

Қазіргі кезде рапс майлы дақыл ретінде Азияда, оның ішінде Индияда, Канадада кеңінен өсіріледі. Жыл сайын оны дүние жүзінде 10-12 млн. га жерге өсіреді.

Рапс жақсы сүрлемдік дақылдардың қатарына жатады. Оны көк балауса ретінде малға беруге және жайылым ретінде қара малға, шошқаларға пайдаланады. Рапсты суыққа төзімділігіне байланысты солтүстік облыстарда кеңінен өсіруге болады. Рапс аңыздық егіске және шабыннан кейінгі егіске өсіруге тиімді дақыл. Оның күздік түрі жаздық түрінен өнімдірек. Ең жоғарғы өнім рапсты көктемде сепкенде алынады.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: