Кіріспе 7 страница

Сурет -23. Тамыржемістердің жапырақтары:

1-қызылша; 2-сәбіз; 3-тунепс; 4-тарна.

Турнепстің тамыры, ұзын білікпен аяқталады, онда ретсіз орналасқан бүйір тамыршалар болады, ал тарна тамырының төменгі бетінде айтарлықтай жуан тармақтар түзіледі де олар бұтақтанады, соның нәтижесінде төменгі тамыршалар дамиды.

Нағыз тамыр жерде дамиды. Техникалық және мал азықтық шикізат ретінде тамыр жемістің бағалы бөлігі болып табылады. Тамыр жемістердің пішіндері, түстері, дәмдері 4-кестеде келтірілген.

Кесте-4. Тамыр жемістер тамырларының айырмашылық белгілері

Тамыр жемісі Бұйір тамыршалар ының орналасуы Тамыр- дың пішіні Түсі Дәні
Жер үсті бөлігінің Жер асты бөлігінің Жұмса ғының
Қант қызыл шасы Тамырдың екі жағында вертикаль қатарлы Конусты қапшық пішінді Қант қызыл шасында ақ, мал азықтықта-сарғыш, қызыл- күрең Қанттықта ақ, мал азықтықта сары, қызыл, сарғыш Ақ Тәтті
Сәбіз Тамырдың Конус Ақ, Ақ, Ақ, Татымды
  төрт жағын тәрізді сарғыш, сарғыш, сарғыш,  
  вертикаль ұзынша жасыл қызыл    
  қатарлы       қызыл  
Тарна Нағыз тамырдың төменгі жағын Сопақ, шар тәрізді, - жалпақ Жасыл, күлгін Ақ, сары Ақ, сары Шомыр, дәмді, тәттілеу
Турнепс Нағыз тамырдың бүкіл бойында Конус тәрізді ұзынша, цилиндр, шар пішінді Сондай Сондай Сондай Шомыр дәмді

1. Фенологиялық байқаулар. Тамыржемістілер - екі жылдық дақылдар. Қант қызылшасы бірінші жылы негізгі өнімі - тәтті түбір мен тамыр менұштасқан жапырақтар жиынтығын береді;

Сурет -24. Қант қызылшасының тамыржемісі:

1-басы; 2-мойны; 3-нағыз тамыр.

Қант қызылшасының алғашқы даму кезеңі, көктеу сатысы жер бетін өскінердің шығуы және тұқым жарнақты жапырақ, тардың пайда болуымен байланысты. Содан кейін, тұқым жарнақты жапырақтар арасындағы бұршіктен бірінші нағыз жапырақ түзіледі, Өсімдіктің дамуының бастапқы сатыларында нағыз жапырақтар қосарланып түзіледі. Бірінші үш нағыз жапырақтардың пайда болуы, өсімдікті күтіп-баптаудағы негізгі шара сиретумен тығыз байланысты. Негізінен сиретуді бірінші нағыз жұп жапырақтар пайда болғанда бастап, үш жұп нағыз жапырақтар түзілгенде аяқтайды.

Тамыржемістердің келесі кезекті жапырақтарының пайда болуы жер үсті массасының (пәлегінің) үлкеюіне әкеліп соғады, сондықтан қатараралықтағы өсімдіктер жапырактары тоғысып, қатараралықты жабады. Бұл сатыны катараралықтағы жапырақтар түйісуі деп атайды.

Өсімдіктің жаңа жапырақтары бастың ортасынан өсіп, ескі жапырақтары шетке қарай ығыстырады. Вегетацияның соңына таман ескі жапырақтар өліп-қурай бастайды. Жапырақтардың құрғауы қатараралықтың қайта ашылуына себепші болады. Бұл саты- қант қызылша өсімдігінің шаруашылықтық соңғы кезеңі-қатараралықтағы жапырақтардың ажырау сатысы деп аталады.

Барлық мал азығындық тамыр-жемістердің үш тұқымдасы бар. Тарна және азықтық шалқан – айқыш гүлділерге, қант қызылшасы, азықтық қызылша, алабота, сәбіз – шатыр гүлділер тұқымдасына жатады. Сондықтан да олардың морфологиялық және биологилық ерекшеліктері әр алуан. Бір жағынан олардың барлығы екі жылдық өсімдік. Бірінші жылы негізгі тамыр-жемісін беріп, жапырақ дегелегін құрады. Ал келесі жылы жеміс-тамырды жерге қайта көмсе одан гүлді өркен шығып тұқым береді. Тамыр-жеміс үш бөліктен тұрады: ең жоғарғысы басы, одан кейін мойны және нағыз тамыр. Нағыз тамырда оны қоректік заттармен қамтамасыз етуші тамыршалар қызылшада екі қатарлы, сәбізде – төрт қатарлы, тарна мен азықтық шалқанда тамыршалар реттіз орналасады. Оған қосымша азықтық шалқанның тамыр-жемісінің асты кіндік тамырға айналған.

Мал азығындық тамыр-жемістердің әрқайсысында үш түрлі жапырақ болады. Өсімдік ұрығының бастапқы жапырақтары және үшінші түрі - екінші жылы сабақтың бойында болатын жапырақтар. Олардың түрі әр өсімдікте өзгеріп отырады.

Сабағы болса шөптесін, өте күшті бұтақтанған. Тарна мен азықтық шалқынның сабағы жұмыр юолып келсе, сәбіз бен қызылша сабағы бұрыштанған.

Сәбіздің гүл шоғыры – күрделі шатырша, тарнада – гүл табақ, қызылшад – тегіс күлте бас деп аталады. Азықтық қызылша тұқымы 2-6 дәннен бірігіп, домаланған түйіртпек болады. 1000 дана түйіртпектің салмағы 20-30 г аспайды.

Барлық мал азығындық тамыр-жемістер ауыспалы жел арқылы тозаңданады.

Азықтық қызылша. Жылу сүйгіш өсімдік. Сондықтан тұқымы 6-8 ºС өседі, ал 10-12 градуста жаппай өседі. Оның өскіні жеңіл-желпі суықта үсіп кетеді. Ауаның температурасы – 3 ºС болса өліп қалады. Өніп-өсу кезеңінде барлық жылу температурасының жиыны 1500-2400 ºС болса дұрыс тамыр-жеміс береді. Пісіп-жетілуіне 120-150 күн керек.

Сәбіз – суыққа төзімді өсімдік, кейде тұқымын қысқа қарай сеуіп тастайды. Сәбіз тұқымы 2-4 ºС өсе бастайды, бірақ өте баяу. Орташа қажетті жылу – 18-20ºС. Өсімдік көгі 4-6 ºС суыққа шыдай береді. Сонымен қоса құрғақшылыққа және күннің ыстығына төзімді-ақ. Өніп-өсу кезеңінің ұзақтығы – 120 күн, бірақ өсіп-өнген соң 80-90 күн ішінде қазып малға беруге болады.

Тарна – суыққа өте төзімді, көктемде болатын аяздардан «қорықпайды». Тұқымы 2-3 ºС температурада өне береді. Көк өскіні 6-8 ºС суыққа шыдайды. Тұқымды себулен бастап тамыр-жемістердің жетілуіне, сорттарына байланысты 110-150 күн қажет.

Азықтық шалқан – топырақ талғамайтын дақыл. Тек ауыр балшық және сазды топырақтан басқаларына өсе алады. Өніп-өсу кезеңі қысқа – 70-80 күнде піседі. Оны аңыздық өсімдік ретінде пайдаланып, малға қосымша азық өндіру мүмкіндігі бар.

2. Қазақстанда өсетін түйнекті жемістерге екі екпе өсімдік жатады. Оның бірі – картоп, екіншісі - топинамбур немесе жер алмұрты.

Картоптың халық шаруашылығындағы маңызы – адамға тағам, малға азық, ал өнеркәсіпке шикізат. Одан спирт, крахмал т.б. жартылай фабрикаттар алады. Картоптан Европа елінде 200-ден астам тағам дайындалады. Оны екінші нан деп атауы да сондықтан.

Малға картоп жақсы азық. Оның түйнегінде 25 процент құрғақ зат бар, крахмал мөлшері 14-22 %, белок – 1,4-3%, клетчатка 1% шамасында, май -0,3%, күл -0,8-1%, сонымен қатар түрлі витаминдер болады.

Картоптың азықтық құндылығы да жоғары. 100кг түйнегінде 300 кг азық өлшемі, сабағы мен жапырағында 12 кг азық өлшемі және 2 кг белок болады. Бірақ картоп сабағын жас күйінде жемейді. Сондықтан малға басқа дақылдарға қосып сүрлемге салып барып беруге болады.

Топинамбурды негізінен мал азығы үшін өсіреді. Оның түйнегін шошқалар өз аяғымен жүріп қазып жейді. Бірақ түйнектен спирт, жасанды бал алуға болады.

Топинамбурдың түйнегінен басқа сабағы мен жапырағы да таптырмайтын мал азығы. Оның сабағында қант көп, 25-30 % құрғақ заты бар. 100 кг топинамбурдың құнарлығы - 18-25 азық өлшемі. 1 азық өлшемінде 80-90 г қорытылатын протеин болады.

Топинамбур өсімдігі жаздың ыстығына шыдамды, саңырауқұлақ ауруларына төзімді.

3. Мал азығындық бақша дақылдары арнаулы шырынды азыққа жатады. Оны сауын сиырларына, шошқаларға және құс шаруашылығына пайдаланады.

Мал азығындық бақша дақылдарына: асқабақ, қарбыз, кәді өсімдіктері жатады. Олардың бәрінің тамыр жүйесі күшті жетілген. 2-3 метр тереңдікке кетіп, 5-7 м аумаққа тарайды. Ең күшті жетілген тамыр жүйесі асқабақта. Бұл өсімдіктердің сабағы (кәдіден басқасы) жер бауырлп өседі. Сабағы – бұтақты, жұмыр қырлы, сыртында қатты түкшелері болады. Сондықтан бақша дақылдарының сабағын –көгенді сабақ деп атайды. Олардың ұзындығы түріне, сортына байланысты өзгереді.

Мал азығындық бақша дақылдарының аталығы мен аналығы әрбір гүлде болады. Гүлінің түсі сары немесе күреңдеу. Олардың жемісі көп дәнді, жалған шырынды. Жемісінің түсі, көлемі әр түрлі. Олардың жемісіндегі углеводтар мөлшері де әрқалай. Мысалы асқабақта – 4-8%, қарбызда – 5-13%.

Барлық мал азығындық бақша дақылдары жылуды, жарықты көп қажет етеді. Соған орай құрғақшылыққа, ыстыққа да өте төзімді. Соның ішінде ыстыққа да, құрғақшылыққа да, суыққа да әсіресе шыдамдысы асқабақ пен кәді.

Мал азығындық бақша дақылдары ферма жанындағы ауыспалы егіске егіледі. Алғы танапқа – көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптер, дәңді бұршақты өсімдіктер жатады. Ол өсімдіктерден кейін егіс арамшөптен таза және құнарлы болғандықтан мал азығындық бақша дақылдарының өнімі мол болады.

Топырақты негізгі өңдеу күз айында зябь көтеруден басталады. Ерте көктемде 1-2 тырмалап, тұқым себер алдында культиватормен қопсытады. Бақша дақылдары жүгері сеялкасымен себіледі. Шаршы ұялап себу әдісі қолданылады.

Асқабақ және кәді тұқымын 6-8 сағат бүктіреді, ал қарбыз тұқымы бір тәуліктей бөгеді. Бірінші кезекте асқабақ, содан кейін кәді, ең соңында қарбыз егіледі. Тұқым сіңіру тереңдігі әр түрлі: асқабақ тұқымын – 6-8 см, қарбызды – 5-6 см, ал кәді тұқымын – 4-5 см тереңдікке сіңіреді. Тұқым себу нормасы: асқабақ гектарына 3-3,5 кг, қарбыз – 2-3 кг, кәді – 2,5-3 кг.

Мал азығындық бақша дақылдарын күтіп-баптау жұмыстарына өсімдік шықпай жатып егісті тырмалау, бірінші жапырақ шығысымен қатараралықты және ұядағы өсімдіктерді қопсыту, әр ұяда екі өсімдіктен қалдырып сирету, тыңайтқыштармен үстеп қоректендіру, суармалы жерлерде егісті суару, олар жаппай гүлдеген кезде ара омарталарын апарып тозаңдандыру, зиянкестермен, аурулармен күресу жатады. Сонымен жаз бойы қатараралықты 3-4 рет культиватормен қопсытады. Өсімдіктің сабақ желісі – 50-60 см. Ол 2-3 рет қайталанады.

Бақша жемістерін қолмен жинайды. Өйткені олардың пісіп-жетілуі біркелкі емес. Асқабақ жемісінің пісуін қабығының жылтыр сары түсінен, жеміс аяқшасының қурағанынан біледі. Кәдінің қабығы қатайысымен жинап алады. Жақсы пісіп-жетілген және ұрылып-соғылмаған асқабақ пен қарбыз жемістері құрғақ қоймаларда 2-5 ºС жылылықта қыс бойы сақталады.

Дәріс №13 Мал азықтық шөптер

Жоспар:

1. Сиыржоңышқа

2. Судан шөбі

3. Могар

4. Жоңышқа

1. Малға берілетін жемшөптің өсімдік белогын көбейтуде бір жылдық бұршақ тұқымдас дақылдардың атқаратын ролі өте зор. Өйткені олар көк балаусаның, құрғақ шөптің, жемнің құрамына қосылып, малға берілетін күнделікті рационның сапасын азықтық протеин жөнінен толықтырып отырады.

Осы бір жылдық бұршақ тұқымдас дақылдардың бірі жаздық сиыржоңышқа. Бұл өсімдік мал азығындық ауыспалы егісте көк балауса, шөп, сүрлем және жем алу үшін өсіріледі. Сиыржоңышқаның құрамында малға жұғымды химиялық заттар мол. Жаздық сиыржоңышқа шөбінде протеин, белок, май, азотсыз экстрактивті заттар, кальций, фосфор, күл және клетчатка бар.

Сиыржоңышқаның дәнін малға үгітіп немесе жарып берген жағдайда өте сіңімді азық болып табылады.

Ботаникалық сипаттамасы. Сиыржоңышқа бұршақ тұқымдасына жатады. Кіндік тамырлы, сабағы жіңішке, формасы – бұрыштанған, үстіңгі беттерінде кейде түкшелері болады, кейде болмайды. Биіктігі әр түрлі. Көпшілік жағдайда 60-70 см жетеді.

Жаздық сиыржоңышқаның тұқымы 2-3 ºС жылуда өне алады. Сиыржоңышқаның жаңа көктеп шыққан өскіні 3-4 ºС суыққа шыдай береді. Оның өскіні қызғылттанып тұрады.

Ауыспалы егісте алатын орны. Сиыржоңышқаның сабағы өздігінен тік тұра алмайтындықтан, оның тұқымын басқа тік сабақты өсімдіктермен араластырып себеді. Көпшілік жағдайда сұлы мен арпа, күнбағыс, могар және судан шөбімен қосып егіледі.

Өйткені оларға мұртшаларымен жабысқан сиыржоңышқа соларды сүйеніш ретінде пайдаланады. Сиыржоңышқаның жалғыз өзін өсіруге болмайды. Өйткені өсімдік жерге жатып қалып, шіріп кетеді.

Тыңайтқыш енгізу. Сиыржоңышқа – сұлы егісіне органикалық тыңайтқыш берген жағдайда өнімі молаяды. Негізінен сиыржоңышқы-сұлы қоспасының көк балаусасы жақсарады.

Минералды тыңайтқыштар да сиыржоңышқа мен сұлы өнімін арттырады. Фосфор сиыржоңышқаның түсімн және протеин мөлшерін көбейтеді. Калий тыңайтқышы да сиыржоңышқа-сұлы қоспасына жақсы әсер етеді. Азот тыңайтқышы сұлының қарқынды өсуіне жағдай жасағанмен қоспадағы сиыржоңышқаның үлесін азайтып, шөп сапасын кемітеді. Соған орай оны енгізудің қажеті жоқ.

Сиыржоңышқа мен сұлыға арналған жерді өңдеуге күзден бастап кіріседі.

Себу әдістері. Сиыржоңышқа мен сұлы трактор сеялкасымен жаппай қатарлап себіледі. Топыраққа сіңіру тереңдігі – 3-4 см. Жеңіл топырақта бұл көрсеткіш аздап көбейтіледі. Сиыржоңышқа егісін дөңбектеуге болмайды.

Жинау. Сиыржоңышқа және сұлы өсімдіктерін пішен үшін ору сиыржоңышқаның шанақтану дәуірінің басталу кезеңіне тура келсе, ол толық жетіліп, салмақты болады. Сиыржоңышқа гүлдей бастағанда орса, гектарынан 160 ц көк балауса немесе 30 ц шөп жиналынады. Ал шанақтану дәуірінде орса – 300 ц көк балауса немесе 45 ц шөп алынады. Мал азығындық дақылдардың ішіндегі аса құнды бір жылдық өсімдік. Бұл өсімдік негізінен еліміздің орманды-далалы және далалық аймақтарына өсіріледі.

Барлық астық тұқымдас дақылдар сияқты тамыр жүйесі шашақты, күшті жетілген. Өсімдік бойы 3 м жетеді. Жапырағы ірі, жалаң болып келеді. Гүл шоғы – шашақты, жемісі қапталған дәнек.

Судан шөбі. Шаруашылық маңызы және таралуы. Судан шөбінің отаны Судан. Судан шөбі пішенге, көк азыққа, мал жайылымына және сүрлемге өсіріледі. Оның пішені мен көк балаусасын малдың барлық түрі сүйсініп жейді. Сонымен қатар судан шөбін жайылым ретінде республиканың барлық аймақтарында пайдалануға өте тиімді. Судан шөбі біржылдық астық түқымдас шөптердің ішіндегі аса бағалысы: келешегі зор, қүрғақшылыққа төзімді және экологиялық бейімделушілігі жақсы дамыған өсімдік (25-сурет).

Сурет-25. Судан шөбі

Судан шөбінің пішенінде 16,4% протеин және 100 кг-да 48-55 а.ө. бар. Қоректілігі және өнімділігі жағынан судан шөбі біржылдық астықтүқымдас шөптердің ішінде бірінші орында түр. Судан шөбін мал азығының сапасын көтеру үшін көбінесе біржылдық бұршақ тұқымдас өсімдіктермен қосып себеді. Оған қоспа ретінде күздік және жаздық сиыр жоңышқаны, егістік ноғатықты, май бұршақты, Бұршақты және мал азықтық бөрібұршақты пайдаланады.

Судан шөбі жайылымда мал тұяғына шыдамды келеді де мал жайылғаннан кейін алшыны қарқынды өсіп 25-35 күнде қайтадан жайылымға пайдалануға болады. Осындай қасиеттерінің арқасында судан шөбінің егістігіне республиканың солтүстік далалық аймақтарында жайылым кезеңінде 3-4 рет, оңтүстікке қарай - құрғақшылық аймақтарда 2-3 рет мал жаюға болады.

Ботаникалық және биологиялық ерекшеліктері. Судан шөбі сорго (құмай) туысына, астық (қоңырбас) түкымдасына жа-тады. Әр түбінде 10-30 дана сабақ қүрады. Сабағы тік өседі, ци-линдрлі, іші жеңіл паренхимамен толықтырылған, түксіз, буын-дары өте мықты, бүтақтануы орташа, биіктігі 2,0-3,5 дейін жете-ді. Сабағындағы буынаралығының саны ерте пісетін сорттарында 3-5 тең, кеш пісетіндерінде 8-12 дейін болады. Сабақтың төменгі буыны-түптену буыны болып есептеледі. Судан шөбінің тығыз түпті сорттарының өнімі жоғары келеді. Судан шөбі жақсы жа-пырақтанған. Жапырағының алақанының үзындығы 50-60 см, ені кең жерінде 4,5 см, түксіз, жылтыр, шеттері біркелкі емес. Ор-таңғы жапырақтары әдетте жақсы дамыған. Судан шөбі жапы-рақтану ерекшеліктеріне карай үш топқа бөлінеді: жапырақта-нуы нашар (негізгі сабақта 5-6 дана), жапырақтануы орташа (негізгі сабақта 6-9 дана), жапырақтануы жақсы (негізгі сабақта 9данадан жоғары). Өсімдікте жапырақ үлесі жалпы өнімнің 35-50% құрады.

Гүл шоғыры көп масақты шашақбас, ұзындығы 35-45 см.Шашақбастарының өте шашыраңқы, жартылай сығылған, ұйық тармақты, иілген және құмай түрлі типтері болады. Масақтары шашақбастың ұшында орналасады. Негізінен айқас тозаңданады.

Жемісі - гүл және масақ қабықшаларымен тығыз жабылған дәншік. Әр шашақбастан 4-6г тұқым алынады. 1000 дәнінің мас-сасы 10-15 г.

Тамыр жүйесі шашақты, көптеген ұзынша тамырлардан тұрады. Тамырларының көпшілік бөлігі 2-2,5 м тереңдікке дейін жетеді, жан-жағына 70-80 см дейін жайылып тарайды. Тамырларының 60-70% топырақ қабатының 0-30 см орналасады. Кейбір жағдайларда сабақтың төменгі буынынан ауалық немесе қосымша 6-8 см тамыршалар құрылады, ол өсімдіктерді күшті жел соққанда жапырылудан сақтайды да қосымша ылғалмен және қоректік заттармен қамтамасыз етеді. Судан шөбінің тамыр жүйесінің осындай күшті дамуының нәтижесінде ол құрғақшылыққа өте төзімді келеді.

Судан шөбі жылуды, жарықты сүйетін, қысқа күннің өсімдігі. Оның тұқымы топырақ қабатының жылуы +8-10°С өне бастайды, қолайлы өніп-өсу температурасы +20-30°С. Өскіндері сәл үсікке шыдамайды, -3-4° үсікте өскіндері толығымен жойылып кетуі мүмкін. Судан шөбі бастапқы өсу кезеңінде баяу өседі, әсіресе жылу жетіспесе нашар дамиды. Сол кезде судан шөбін арамшөптер басып кетеді. Бірақта толық өскіннен 25-30 күннен кейін өте қарқынды өсе бастайды (тәулігіне 7-8 см дейін).

Судан шөбі құрғақшылыққа төзімді өсімдік. Бұл оның тамыр жүйесінің мықты дамығанының, қарқынды өсіп-даму кезеңінің жаздың екінші жартысына сәйкес келіп ылғал өте тиімді пайдалана алатынының нәтижесі деуге болады. Негізінен судан шөбі ылғалды топырақтың терең қабатынан сіңіреді. Мұндай ерекшеліктерін оның егістігін ауыспалы егісте орналастырғанда ескертен жөн. Судан шөбі ылғалды жерде де жақсы өсіп мол өнім береді. Оның егістігін екі рет суарған жағдайда өнімі 1,5-2,0 есе-ге дейін көтеріледі. Сонымен қатар судан шөбі артық ылғалдылыққа шыдамайды.

Судан шөбі республиканың қара және қоңыр топырақты аймақтарында жақсы өсіп жоғары өнім түзеді, құмды және ашық-қоңыр топырақты жерлерде нашар өседі. Бейтарап топырақта жақсы өседі.

Судан шөбі жылу сүйгіш өсімдік, сондықтан оның тұқымы топырақтың жылуы 8-10 ͦС болғанда көктеп өседі. Бірақ 3-4 ºС үсікке шыдай алмай көк өскіні мен өсімдіктері өліп қалады. Құрғақшылыққа шыдамдылығы құмай мен тарыдан төменірек.

Судан шөбі топырақты талғай қоймайды. Бірақ азот тыңайтқышын шашса мол өнім алынады. Судан шөбінің көгі жер бетіне шыққаннан түптену кезіне дейін өте баяу өседі. Соған орай арашөп басып кету қаупі бар.

Судан шөбі желмен тозаңданады.

Ауыспалы егісте оны отамалы дақылдардан соң, күздік, дәнді бұршақ дақылдарынан кейін орналастырады. Топырақ өңдеу кезінде азот тыңайтқышын енгізген абзал.

Топырақты негізгі және тұқым себер алдында өңдеу жұмыстары тары егісінің жағдайындай.

Судан шөбін топырақтың 10см тереңдігіндегі жылу 10-12 ºС болғанда себуге кіріседі. Мал азығы үшін жаппай қатарлап, бір гектарға 10-12 кг тұқым себіледі, тұқым сіңіру терңдігі 3-5 см, құрғақ, жеңіл топырақта 6-8 см тереңдікке себеді. Тұқым сеуіп болысымен жер дөңбектеліп, нығыздалады.

Судан шөбін аңыздық дақыл ретінде өсіріп, қосымша мал азығын өндіруге болады.




double arrow
Сейчас читают про: