Сурет-26. Рапс

Бүкілодақтық ғылыми-зерттеу өсімдік институтының (ВИР) тәжірибе шаруашылығында рапстың әр гектарынан 600-800 ц көк балауса алынған. Ал қайталама егістегі өнімі 400-610 ц/га көк балауса болған. Оның Дубленский сортынан екі рет орғанда әр гектардан 700-970 ц дейін көк балауса алынған. Белоруссияда оның өнімі 400-600 ц/га аралығында болды.

Рапсты топырақ эрозиясымен (жел және су эрозиясы) күресу үшін де пайдаланады. Оның осы маңызды ерекшеліктері Крас-нодар аймағында жан-жақты зерттеліп анықталды (Р.Кузнецова, 1977).

Рапс жақсы алшынкөк береді. Оны вегетация кезінде 2-3 рет оруға болады. Оның көк балаусасы белокка бай. Рапстың көк балаусасының химиялық құрамы: су - 87,9%, протеин - 2,61, май -0,51, клетчатка - 2,40, азотсыз экстрактивті зат - 4,83 және күл - 1,74%, каротин мөлшері - 5,1 мг/кг. Сүрлемінде бүл көрсеткіштер 87,3; 2,4; 1,3; 0,7; 2,7; 5,0% және 1,9 мг/кг шамасында. Сүрлемдегі протеин мен белоктың қорытылу коэффиценті 72 және 60-қа тең.

Рапстың 100 кг сүрлемінде 10,2 азықтық өлшем және 1,7 кг қорытылатын протеин бар.

1 азықтық өлшемде 170 г қорытылатын протеин болады. Рапстың 1 кг көк балаусасында 4,46 г калий, 2.58 кальций, 0,96 күкірт, 0,75 фосфор, 0,75 хлор, 0,28 магний және 0,23 г натрий кездеседі. Рапстың көк балаусасын басқа сүрлемдік дақылдармен қосып сүрлемге салған тиімді. Оның таза сүрлеміне қарағанда қоспа сүрлемін мал сүйсініп жейді.

Рапсты мал азығына бірінші ору шілде айында жүргізіледі. Оның тұқымының өнімі әр гектардан 8-12 ц аралығында. Жаздық рапстың өнімі төмендеу 4,0-7,0 ц/га шамасында.

Ботаникалық және биологиялық ерекшеліктері.Рапс айқышгүлділер немесе қырыққабат тұқымдасына жататын біржылдық өсімдік.

Тамыры-кіндік тамырлы, жоғарғы жағы жуан, жан-жағына тамыршалары жақсы жайылған. Сабағы тік өседі, жақсы бұтақтанған, жапырақтануы орташа. Гүлдеген кезіндегі биіктігі 100-110 см.

Жапырағы ірі, ұзынша қауырсын тәріздес, сағағы қысқа, түсі ақшыл-жасыл.

Гүлшоғыры-ұзынша, сирек келген шашақгүл. Гүлінің желегі ақшыл-сары түсті. Тұқымы-бұршаққын, түзу, не болмаса ептеп бүгілген, ұзындығы - 3-10 см. Дәні домалақ, қара сүр немесе қара қоңыр, ұсақ. 1000 дәнінің массасы 4-5 г.

Рапс тұқымымен өсірілетін дақыл. Тұқымы 5-6 жылға дейін өнгіштігін сақтайды. Тұқым өнгіштігі жоғары.

Танапта өсіп, өнуі топырақ +2-4 ºС жылығанда басталады. Жақсы өнгіштігі +8 ºС байқалады.

Көктемде сепкенде өскіні 8-10 күннен кейін, жазда сепкенде-4-5 күннен кейін байқалады.

Рапс суыққа, аязға төзімді, ерте пісетін және суды көп қажет ететін, қүнарлы топырақта жақсы өнім беретін өсімдік. Шаруашылықта күздік және жаздық түрлері өсіріледі.

Оның қысқа төзімділігі нашар. Сондықтан оның екі түрін де ерте көктемде сепкен дұрыс.

Рапс шілде айында гүлдеп, тұқымы тамызда піседі. Рапстың өскіні және дамыған өсімдігі зиянкестермен зақымданады (жер бүргесі, рапстың егеушыбыны, рапстың гүлжемісі). Сондықтан танапқа дер кезінде зиянкестерге қарсы химикаттарды (тиофос, полихлорпинен т.б.) бүркіп шашу керек.

Рапстың аурулармен (фузариоз, тамыр бактериозы т.б.) залалдануын азайту немесе болдырмау үшін, оны жақсылап үстеп қоректендіріп қатараралығын қопсытып, арамшөптерді жойып және де ауыспалы егісте орналастыру қажет.

Дәріс №14 Мал азығын сақтау мен дайындау технологиясы

Жоспары:

1. Еркекшөпті өсіру, сақтау және кептіру

2. Жалпақ масақты еркекшөп

Еркекшөпті өсіру, сақтау және кептіру. Еркекшөп (Аgropurom) көпжылдық астық тұқымдасына жататын шөп. Ол жылдық жауын-шашын мөлшері 290 мм-ден аспайтын аудандарда ойдағыдай өсіп, өніп жақсы өнім береді.

Сурет-27. Еркекшөп

Еркекшөп (Аgropurom) астық тұқымдастардың бидайық туысына жатады. Бұл туыстық құрамына 13 түрі кіреді (пуалистгүлді, дондық, керчендік, михно, сынғақ, сібірлік (құмдық), бадамдық, пантийлік, қарағайжапырақты, шөл, тарақша, иректісті, черепицалы еркекшөп). Дақылға 4 түрі енгізілген: екі кең масақты еркекшөп-тарақша (Аg.peczinoforme) иректісті, (Аg. Tristatum) және екі жіңішке масақты еркекшөбі (Аg.desectorum). Түрлер негізінен масақтың құрылысымен ажыратылады: кең масақты еркекшөштің масағы кең, бүйірінен қысыңқы (қосқатарлы), мұртты масақшалары сабағына 60 ºС ал кейбір формалаларда 80°С жанай орналасқан, жіңішке масақты еркекшөпте масақшалар сабағына (өсуіне) 30-40°С жанай орналасқан. Масақтың тығыздығы кең масақты еркекшөпте 6,5,жіңішке масақты еркекшөпте - 3,8, басқа сөзбен айтқанда жіңішке масақты еркекшөпте масақтар селдір жөне ұзын (4,5-10см), ал кең масақты еркекшөпте тығыздау және қысқа (3-7см). Масақтағы масақшалар саны 28-ден 42-ге дейін өзгереді. Кең масақты еркекшөп жіңішке масақты еркекшөпке қара-ғанда 5-10 күн бұрын масақтанады, ал олардың тұқымдары шамамен бір мезгілде піседі.

Жалпақ масақты еркекшөп көп тараған. Жіңішке масақты сібірлік немесе құмдық еркекшөп қуаңшылыққа төзімділігі жөнінен жалпақ масақты еркекшөптен кем түспейді.

Қазақстанда табиғатта орманды-далалық, далалық, құрғақ далалық және шөлейтті аймақтарда, өзен алқабы шалғындықтарында Алтай және Тянь-Шянның тау беткейлерінде тараған. Сор топырақты жерлерде де кездеседі.

Жалпақ масақты еркекшөпті мал жақсы жейді. Тараған аймақтарында жайылымдарда ол негізгі мал азығы ретінде пайдаланылады. Жайылымдықтарда гүлденгенге дейін жақсы желінеді. Пішенге гүлдене бастағанда шабады. Өнімі гектарынан 8-10-нан 20-25 ц дейін және одан да жоғары.

Жалпақ масақты еркекшөп табиғи және мәдени жайылыдарда биологиялық жағынан да, экономиялық жағынан да өте тиімді мал азықтық өсімдік. Оған мал жаюды ерте көктемде өсімдік түптеніп-түтіктенген кезінде пайдаланады.

Оның жайылымдық азығында (көк шөбінде) 3-7,2%, ал қүрғақ азығында - 8-12,2%, протеин, 1-4,7% май, 8,9-16,1% клетчатка, 14,4-21,6 азотсыз экстрактивті зат, 2,2-3,1% күл болады. Еркекшөптің қоректік заттары мал организмінде жақсы қорытылады.

Оның 100 кг көк шөбінде 28 азықтық өлшем және 4,8 кг қорытылатын протеин болады.

Жалпақ масақты еркекшөптің агротеқникалық маңызы өте жоғары. Бұл дақылдың осы қасиеттері әсіресе біздің республика үшін өте маңызды. Ол егістікте арамшөптермен жақсы күресіп, танапты таза қалдырады. Топырақтың құрылымын жақсартып, жел эрозиясымен жақсы күресіп оны тоқтатады.

Жалпақ масақты еркекшөп аздап бұдырлы. Жапырақтары жіңішке, ұзын түрілген немесе жалпақ, шеттері қайырылған, ені 1,5-3,5 мм, төменгі жағы тегіс, үстіңгі жағы түкшелеу. Масағын-дағы масақша аралары сиректеу, үзындығы 2,0 см-ден 5-7 см дейін, ені 1,0 см-ден 2,0-3,0 см дейін болатын сопақша жұмыртқа

Жіңішке масақты (сібірлік) еркекшөп -жартылай жоғары, сирек түпті жаздық (екікезеңдігі де бар) топқа жататын көпжылдық астық тұқымдас шөп. Жіңішке масақты еркекшөп масағы құрылымының тығыздығымен, жіңішкелігімен ерекшеленеді. Бұл шөп құрғақшылыққа және аязға төзімді, топырақтың сортаңдығына шыдамды, бірақта су астында ұзақ сақталмайды. Өнімділігі басқа түрлерінен жоғары, алшынкөгін көп бермейді.

Жіңішке масақты еркекшөпті көбінесе пішенге және мал жайылымына пайдаланады. Оның құрғақ затында 7,9% - протеин, 6,3 - белок, 2,9 - май, 35,4 - клетчатка, 46,8 - азотсыз экстрактивті зат, 7,0% - күл бар. 100 кг пішенде 49,8 а.ө. және 4,5 кг қорытылатын протеин болады.

Сыртқы жағдайларға байланысты еркешөптің морфологиясы өзгергіш келетіндігін негізге ала отырып, профессор В.С.Богдан жалпақ масақты еркекшөптің өзін 4 экотипке бөледі:

1. Кәдімгі экотип. Бүл экотипке жататын өсімдіктер кәдімгі
жалпақ масақты еркекшөптің жалпы тұлғасын сақтайды, бұған
негізінен кәдімгі боз қызғылт қоңыр топырақты далалы өңірлер-
де өсетіндері жатады.

2. Сор (тұзды) экотип. Бұл еркекшөптің бойы аласа, сабағы
жіңішке болады. Басқа шөптермен аралас шашыранды өседі.

3. Құмда өсетін экотип. Басқаларына қарағанда сабағы
мен жапырағы жуандау, қатаң келеді. Өз тіршілігінде сусымалы үрме құмда өсуге ыңғайланып алған. Мысалы, құм басып қалған мұндай еркекшөптің сабағының үшына орналасқан бүршіктен пайда болатын көген-тамырлар арқылы жаңа өсімдіктер жер бетіне қайталап шығып отыратынын жер қазғанда кездестіруге болады.

Қылтықсыз арпабас. Біздің елімізде арпабастың 44 түрі кездеседі, олардың ішінен 21 түрі көп жылдық өсімдіктер. Соның ішінде қазіргі шаруашылық маңызы бары-кылтықсыз арпабас (70-сурет).

Бұл өсімдік жабайы түрінде Одақ көлемінде көп аудандарында кездеседі.

Қылтықсыз арпабасты 19 ғасырдың 60 жылдарында жабайы түрінен мәдени дақыл қатарына ең алғаш Воронеж губерниясының шаруалары енгізген болатын. Қазірде ол көпшілігінде Сібірь, Солтүстік Кавказ, Еділ жағасының облыстарында, Орталық қара топырақ өңірінде өсіріледі. Ал, біздің республикада көбіне солтүстік және шығыс облыстарда егіліп жүр. Егісінің көлемі жөнінде ол астық тұқымдас шептер ішінде екінші орын алады.

Қылтықсыз арпабас - жел арқылы айқас тозаңданатын өсімдік. Гүл шоғыры қысыңқы немесе шашыраңқы шашақбас. Жапырағының саны көп, ұзындығы 12-45, көлденеңі 2-2,3 см болып, түкті келеді. Сабағы тік, жылтыр, биіктігі - 1-1,5 м, кейде сабақ буынының түбінде түгі болады. Дәнінің түсі қоңыр күлгін, 1000 дәнінің салмағы 3,5-4,5 г.

Қылтықсыз арпабас - көген тамырлы өсімдік. Оның көген тамырлары 8-10 см тереңдікте жан-жаққа тарай өседі. Топырақ бетіне жақын орналасқан көген тамырлардың бүршіктерінен өркендер пайда болатындықтан өсімдік вегетативтік жолмен де көбейіп отырады. Ал, негізгі шашақ тамырлары 1-1,5 м тереңдікке дейін кетеді. Қылтықсыз арпабас суыққа және қүрғақшылыққа төзімді, сондай-ақ ұзақ уақыт су қаптауы мен жер астының ыза суының топырақ бетіне жақын орналасуына да шыдамды.

Бүл өсімдіктің биологиялық жақсы қасиетінің біріне - орылып алынғаннан немесе мал жайылғаннан соң да қайталап тез жетіліп отыруы.

Вегетациялық дәуірі ішінде 1 -2 рет қайтадан алшындап өседі. Көктемде ерте көктейді. Мал азықтық сапасы жоғары - оның 100 кг пішенінде 48 азық өлшемі және 5,1 кг қорытылатын протеин бар. Қылтықсыз арпабасгы малдың қай түрі болмасын жақсы сүйсініп жейді. Бүл әсіресе жайылым үшін құнды шөп. Бір жерде шаруашылық мәнін және өнімділігін жоғалтпай 7-10 жыл бойы өсе алады. Қылтықсыз арпабас жоғары өнімді дақылдар қатарынан саналады. Оның егісі қолайлы жағдайда гектарына 24-60, ал өзен жағасындағы жайылмалы шалғындарда 100 центнердей сапалы пішен береді. Сондай-ақ оның тұқымы да өнімді (гектарына 3-4 центнерден). Қылтықсыз арпабастан әсіресе, жеңіл топырақтарда мол өнім алынады. Өйткені мүнда сортаң топырақтарда бұл шөп біршама аз өнім береді.

Қылтықсыз арпабас өсуінің екінші жылынан бастап, арам шөптермен өте жақсы күреседі.

Себілген жылы арпабастың жер бетіндегі вегетативтік массасы баяу өседі, оның есесіне тамыр жүйесі жақсы дамиды.

Экологиялык ерекшеліктеріне қарай қылтықсыз арпабасты үшке бөледі.

1. Шалғындық қылтықсыз арбас - көпшілігінде орманды және қара топырақты аймақтың оңтүстік бөлігінде кеңінен тараған. Бұл қылтықсыз арпабас ылғалды және топырақтың құнар-лылығын қажет етеді.

2. Орманды-далалы жерде өсетін қылтықсыз арпабас

Омск, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстарының солтүстік аудандарында кеңінен тараған.

3. Далалық жерде өсетін арпабас негізінен қара және қызыл
қоңыр топырақты далалы аймақтарда тараған. Қылтықсыз арпабастың аталған экологиялық типтері күздік өсімдіктерге жатады. Бұл дақыл мал азықтық ауыспалы егіс жүйесінде таза өзі, сондай-ақ басқа өсімдіктермен, әсіресе бұршақ тұқымдас көп жылдық шөптермен аралас та себіледі. Көптеген аймақтарда оны бедемен аралас себу жақсы нәтиже беріп жүр. Мүнда оның өнімі артып, азықтық сапасы жақсара түседі. Аңызақты далалы аймақтарда қылтықсыз арпабасты еркекшөппен аралас себу пайдалы.

Дәріс №15 Көпжылдық шөптердің тұқымы және тұқым шаруашылығы

Жоспары:

1. Тұқым шаруашылығындағы сорттық және тұқымдық бақылау.

2. Тұқымның егістік сапасына мемлекеттік стандарттар

Тұқым шаруашылығының ең маңызды бөлімінің бірі - сорттың тұқымның сапасын мемлекеттік және шаруашылықтың өзінде бақылау. Мемлекеттік бақылау мынандай әдістер арқылы атқарылады:

1) егістік анықтау;

2) зертханалық бақылау;

3) жер қыртысын бақылау.

Дәнді және дәнді бұршақ тұқымдас дақылдарды далалық сынаулардан өткізу өнімді жинау алдында өткізіледі. Сынауда апробация өткізу үшін:

A) дайындық жұмысы;

Ә) апробация жасайтын бума алу;

Б) алынған бумаларды талдау;

B) сынаудың қорытындысы бойынша құжаттарды беру керек.

Апробация жүргізу үшін арнайы дайындықтан өтуі керек және апробация жүргізуге құқығы бар деген куәлігі болуы қажет. Апробацияны апробатор астық оруға дейін жасап, егістікті есепке алып, аға сынақшыға қол қойғызып, шаруашылыққа сынақ құжаттарын тапсырады.

Апробация жүргізу және егістікті есепке алу үшін шаруашылықта жергілікті селекция тұқымы және будан тұқымы себілген деген құжаттар болуы қажет (сынау актісі, сорттық куәлік, тұқым куәлігі, тұқым аттес­таты немесе жергілікті сорт туралы куәлік, анықтама).

Есепке алу актісі себілген тұқымның құжаттары бой­ынша беріледі. Істелген есеп жұмыстарын арнайы журналға жазады, оған есепке жататын жер көлемі, апробацияның қорытындысы, апробация құжаттары берілген мерзімі жазылады.

Ғылыми-зерттеу орындарында, оқу-тәжірибе шаруа-шылықтарында суперэлита, элита және бірінші қалыптастыру (репродукция) апробацияларын арнайы құрылған комиссия жүргізеді.

Жеке дақылдарды арнайы апробациядан өткізу

Күздік және жаздық бидайды, күздік және жаздың арпаны және сұлыны апробациядан өткізу егістіктің пісу кезеңінің басында, ал тарыны гүлшоғының ұшындағы гүл қабыршағы гүлденген кезде жүргізеді. Егістің сорттылығын анықтау үшін сынау бумасын алады. Оны біркелкі уыспен, біркелкі қашықтықта қиғаш бойын­ша аз дегенде 150 жерден (орыннан) алу керек.

Кең қатарлы әдіспен егілсе қиғаш бойынша басқыш тектес жүріспен жүріп отырып алады. Апробациядан өтетін егістіктің көлемі дәнді дақылдар үшін 450 га, тары үшін 350 га-ға дейін. Әрбір сынау бумада сабақ саны 1500 данадан кем болмауы керек.

Ғылыми-зерттеу орындарында, оқу-тәжірибе шаруашылықтарында элита-тұқым мен тұқымның әр танаптан екі сынау бумасын алады, оларды араластырмай, әрқайсысын жеке сынап, жеке-жеке акт жасайды. Жер көлеміне қарамай әр бумада 1500 жақсы жетілген сабақ болады. Екі буманың көрсеткішіне байланысты сорттың тазалығынан басқа, сапа көрсеткіштерінің орташа санын есептейді.

Шаруашылықтарда бір ғана тұқым себілген кішігірім танаптардан бір ғана бума алса да болады.

Тұқымдастығына, алғы дақылының бірдей екеніне қарамастан тұқымға арналған танапты жеке сынайды да, жалпы егістікті жеке сынайды.

Апробатор бума алумен қатар егістіктегі карантинді арам шөптердің түрлерін, ластану дәрежесін мына шка­ла бойынша анықтайды:

- арамшөптер жоқ - 0;

- аздап ластанған - 1;

- орташа ластанған - 2;

- өте ластанған - 3.

Сынау бумасын буьш, ішінен де, сыртынан да этикет қағазын байлайды. Этикет қағазында шаруашылықтың атауы, ауыспалы егістіктегі танаптың орны, жер көлемі, дақылдың аты, сорты және алыну мерзімі көрсетіледі. Сынау бумасын алғаннан кейін екі тәулік арасында талдау жүргізу қажет. Талдаудың нәтижесінде мыналар айқындалады:

1. Сынайтын дақыл сортындағы жақсы жетілген сабақтың саны (жарақаттанбаган).

2. Бумадағы басқа сорттың, түрлердін, түршелердің саны.

3. Кінәраттармен, зиянкестермен жарақаттанған сабақтардың саны.

4. Сабағы жақсы ажыратылмайтын дақылдар сабақтары.

5. Жақсы ажыратылмайтын арамшөп сабақтары.

6. Карантин арамшөптердің сабақтары.

7. Кәнігі (злостный) арамшөптер сабақтары.

8. Улы арамшөптердің сабағы.

9. Аса жетілген негізгі дақыл сабақтары.

Барлық міндеттерді бөліп шығарған соң егістіктің сорттық тазалығын, аралас қоспа сорттармен, ұқсас басқа дақылдармен ластануын, өте ұқсас арамшөптермен ластануын, кінәраттармен жарақаттануын анықтайды. Апробация өткен соң, фракцияларды жеке буады, содан соң бәрін бір бумаға буады, өзінің (негізгі дақылдардың, сорттың) этикет қағазын байлайды және сынау актісінің нөмірін, сорттың тазалығын (%) көрсетеді. Мысалы: күздік бидайдың Наз сортының сынау талдауы:

а) негізгі сорттың жақсы дамыған сабағының саны -1570.

б) басқа сорттың және түршелердің сабағының саны- 5;

в) негізгі дақылдардың қаракүйемен жарақаттанған сабағының саны - 6, оның ішінде тозаңды қаракүйемен жарақаттанған сабақ 2, қатты қаракүйемен - 4;

г) сабағы өте ұқсас басқа дақыл сабағы - 4, оның ішінде қарабидай - 4;

д) сабағы өте ұқсас арамшөп сабағы - 3;

с) жаңсы жетілген күздік бидай сабағы - 20.

Осыдан барып сорттың тазалығы шығады.

Сорттың ластануы.

Тозаңның қаракүйемен жарақаттануы.

Қатты күйемен жарақаттануы.

Басқа сабағы ұқсас даңылдармен ластануы.

Сабағы үқсас арамшөптермен ластануы.

Талдаудың қорытындысын сынау актісінің "талдаудың қорытындысы" деген бағанына жазады. Егер карантинді арамшөп болса сынау актісіне онын, атауын және санын көрсетеді:

Сабағы ұқсас басқа дақылдарға жататындар: арпада -бидай,сұлы;

Күздік бидайда - қара бидай, арпа; Сұлыда- арпа.

Сабағы ұқсас арамшөпке жататындар: бидайда - түлкі құйрықты ақ мия, сібір бастышөбі, көккөзшөп, тышқаншөп, татар қарақұмығы;

Сұлыда - арпада: қара сұлы, мысық құйрық, итқонақ;

Тарыда - ірі тұқымды күріш тарысы, көккөз шөп, жатаған укікіре, сүйелжазар (гелиотроп), итқонақ.

Карантин арамшөптерге жататындар: ойраншөптің барлық түрлері, арамсояның барлық түрлері, күнбағыс сұңғыласы (заразиха) ценхрус, жатаған кекіре, тікенек алқа, каролинский.

Кәнігі арамшөптерге жататындар: құмай, түлкі құйрықты ақ мия, сәлем шөп (сыть), пасталюм двурядый, көккөз шөп, жұнсабалақ, тікенқурай, дала шырмауығы, сүттеген, шытырмақ, бидайық (пырей), жау қияқ (острец), қарасұлы, дала қалуені (осот).

Дәннің сорттық куәлігіне кәнігі, карантин және улы арамшөптердің бар-жоғын көрсетеді.

Тұқымдыққа жарамайтын егістіктер:

а)ұқсас дақылдармен ластануы - 5% -тен жоғары;

б)ұқсас арамшөптермен ластануы - 3% -тен жоғары;

в)бидай мен арпаның тозаңды қара күйемен жарақаттануы -2% -дан жоғары, қатты кара күйемен жарақаттануы - 5% - дан жоғары; ал сұлы егістігінің барлық қара күйемен жарақаттануы - 5% - дан жоғары; тары егістігінің тозаңды қара күйемен жарақаттануы - 5% - дан жоғары болса. Егер тозаңды қара күйе 0,1% - дан, қатты қара күйе - 0,05% - дан жоғары болса элита егістігі элита болып есептелмейді.

2. Тұқымның егістік сапасына мемлекеттік стандарттар

Тұқымның өсу сатысы мақсары вегетациясының ең бір жауапты кезеңдерінің бірі, бұл сатыда тостағаншадағы жетілген тұқымшалар саны, ірілігі тканді қорландырушы майдың мөлшері және майдың жиналуы да осы сатымен байланысты. Бұл кезеңде дақыл топырақтағы ылғал мөлшеріне ерекше талаптар қояды, одан болашақ өнімнің деңгейі байланысты болады.

Дәннің толысуы тозаңдағаннан кейін 25-30 күннен кейін аяқталады.

Мақсары дәнінің пісуі біріншіден, заңды негізде судың азаюы-мен, ал екіншіден — органикалық қосылыстардың жиналу белсенділігімен сипатталады. Яғни, судың концентрациясынан және ферменттердің белсенділігінен тұқымның пісуі процесінде ылғал жоғалту белсенділігі биологиялық жолмен басым жүреді. Оны зат алмасуымен түсіндіруге болады. Тұқымшасының пісу сатысының соңында судың физикалық булануы басымдық көрсетеді. Тұқым бойынан судың кетуі жетілуінің обьектівті көрсеткіш болып есептеледі.

Тұқымшаның толысу процесінің ұзақтығы сортқа және өсіру жағдайына байланысты, яғни құрғақ жылдары қысқа, ал ылғалды жылдары ұзақ болады. Толысу сатысы тұқымшаның пісуімен аяқталады. Бұл кезде тостағанша сарғайып, ондағы биологиялық процестер сөнеді де, судың физикалық булануы басталады.

Мақсары себілу мерзімінің тұқымша өнімділігіне және оның құрылымын әсері

Ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігіне және сапасына дұрыс таңдалған себілу мерзімінің үлкен әсер ететіні белгілі. Әсіресе, себілу мерзімін тәлімі жерлерде анықтаудың ғылыми практикалық маңызы зор. Өкінішке орай, мақсарының себілу мерзімі соңғы 20-30 жылда республикада зерттелмеген.

Мақсарының зерттеушілер арасында мақсарының себілу мерзімі туралы біркелкі көзқарас жоқ. Сол себепті, біздің алдымызда тұрған міндеттердің бірі - Қазақстанның оңтүстік-шығысының тау бөктері аймағының тәлімі жерлерінде мақсарының қолайлы себілу мерзімін анықтау арқылы дақылдан тұрақты мол өнім жинау. Осы міндетті жузеге асыру үшін, Қазақстанның оңтүстік - шығыс аймағының тау бөктерінде мақсары дақылы 4 мерзімде себілді. Бірінші — топырақтың 0-10 см қабаты 4-6°С жылыған кезде яғни сәуір айының 05-15 жұлдыздары аралығында, екінші топырақтың тұқым сіңіру тереңдігі-6-8°С немесе сәуір айының 15-25 жұлдыздарында, үшінші—8-10°С сәуір айының 25 жұлдыздар мен мамыр айының 05 аралығында, төртінші-10-12°С, мамыр айының бірінші он күндігінде.

Тәлімі жерлерде топырақ ылғалдылығы - дақылдан жоғары өнім алудың негізгі факторы болып танылатыны белгілі.

Бірақ, бірінші және екінші кезеңдер аралығында айтарлықтай айырмашылықта байқалмайды, ал көктемнің ортасында және аяғында себілген варианттарда топырақтың 0-100см қабатында ылғал қорының ерте себілген варианттарға қарағанда азайғаны байқалады. Мерзімдер арасында мақсары дақылы сәуір айының 15-25 жұлдыздары арасында себілген вариантта жақсы өсіп дамыды. Себебі, бұл мерзімде сыртқыорта жағдайларының дұрыс қатыныста болғанын байқауға болады, яғни топырақтың ылғал және температура режимдері дақылдың өніп өсуіне оңтайлы жағдай туғызады.

Оңтүстік Қазақстан облысының тау бөктері аймағының тәлімі жерлерінде мақсары дақылының дұрыс өсіп дамуына қолайлы ылғал, температура және басқа сыртқы орта жағдайлары сәуір айының 15-25 жұлдыздар аралығында оң туатынын байқаймыз.

Арамшөптер танапта мәдени дақылдарменылғал, қоректік заттар үшін бәсекелестікке түсетіні белгілі, сонымен қатар олар мәдени өсімдіктерді көлеңкелеп, күннің көзінің түсуін азайтады, соның кесірінен болашақ өнімнің қалыптасуына орасан кесірін келтіреді.

Егіншілік мәдениетінің басты көрсеткіштерінің бірі - танаптың арамшөптерден тазалығы. Жанабаев Қ.Ш деректері бойынша Қазақстан Республикасының егіс алқаптарында 300-ден аса арамшөптер түрлері кездеседі. Олар топырақтағы ылғал, қоректік заттар қорын және күн сәулесін өздерінің өсіп дамуына пайдаланып, ауылшаруашылық дақылдарының өніп-өсуіне және жетілуіне кедергі жасайды. Яғни, мәдени дақылдардың өнімділігін және сапасын кемітеді. Сонымен қатар, топырақ құнарлығын төмендетеді. Арамшөптер тұқымдары топырақта ондаған жылдар бойы өнгіштік қасиетін сақтайды. Сондықтан арамшөптермен күресудің ғылыми практикалық маңызы зор.

Зерттеу жүргізілген өңірдің егістік жерлерінде жүргізілген гербологиялық, мониторингтің көрсетуі бойынша, агрофитоценоздағы арамшөптер түрлері әртүрлі екенін байқаймыз. Арамшөптер қауымдастығы 73 түрмен 19 туыстықпен қамтылған. Оның ішінде ең көп тараған тұқымдастар Астра (күрделі гүлділер)-15 түр, крест гүлділер 11, қоңырбастылар (астық) 10, алабота-7 түрмен берілген.

Сондықтан, арамшөптер түрлерінің биологиясын білу онымен тиімді күресуге мүмкіндік жасайды. Көптеген арамшөптер түрлерінің жаппай өсуі көктем айларына келетіні аян.

Мақсарыны әртүрлі мерзімде себу, ерте өсетін арамшөптермен топырақты себер алдында өңдеу арқылы күресуге мүмкіндік жасайды. Тәжірбиеде дақылдың әртүрлі мерзімде себілген варианттардағы арамшөптердің түрін және санын анықтадық (9 кесте).

Біздің деректеріміз бойынша, арамшөптердің ең көп мөлшері көктемде байқалады, ал мақсарының гүлдену және пісу кезеңдерінде олардың саны 2-3 есе азайды.

Арамшөптердің санының мақсары танабында азаюын былайша түсіндіруғе болады, дақылдың қуатты кіндік тамыры 2-Зм тереңдікке және 60 см жанына жанама тамырлар жайылып өскендіктен арамшөптердің өсуіне жол бермейді және отамалы дақыл болғандықтан қатараралықтарда қажетінше өңделеді.

Біздің зерттеулеріміз бойынша, көктемнің басында себілген варианттардағы арамшөптер саны кеш себілген варианттарға қарағанда 1,5-2,0 есе көп болғанын байқаймыз. Себебі өте ерте себілген вариантта арамшөптер тұқымы температураның төмендігіне байланысты шығып үлгермеді, ал екінші және үшінші мерзімдерде арамшөптердің шыққан өркендері себер алдындағы культивациялаумен жойылады.

Мақсары танаптарында төмендігідей арамшөптер түрлері кездесті. Жаздық арамшөптерден-алабота (Chenopodium album), қызылқұйрық (гүл тәжі) (Amaranthus retraflllexus), екі жылдық арамшөптерден кәдімгі- кәріқыз (Lappyla myosotis Moench) тамырсабақтылар тобынан кәдімгі қамыс (Phragmites communis), атпа тамырлы арамшөптерден-егістік қалуен (Sonchus arvensis), егістік шырмауық (Cjnvolvulus azvensis), кәдімгі сурепке (Barbarea Vulgazis) және т.б.

Біздің тәжірбиемізде аталған арамшөптер түрлерімен және тобымен күресудің тиімді жолдарының бірі-дақылды оңтайлы мерзімде себу арқылы қол жетті.

Әдебиеттер тізімі

1. Абубакиров К. пойменные и лиманные луга Казахстана. Алматы,2002.

2. Андреев Н.Г. Луговое и полевое кормопроизводство.М., Агропромиздат,1989

3. Асанов К.А Кормопроизводство с основами земледелия.Алматы,1984.

4. Жамбакин Ж.А. Пастбища Казахстана. Алматы,1995 г.

5. Зыков Ю.Д. полевое кормопроизводство. Алматы,1985.

6. Ларин И.В. и др. луговодство и пастбищное хозяйство. денинград,1990.

7. Часовитина Г.М.и др. полевое кормопроизводство в КазахстанеюАлматы,1986

8. Можаев НюИ., Копытин И.П. кормопроизводство. Алматы,1986.

9. Тен А.Г. екормопроизводство. Москва,1982

10. Вавилов П.П., Кондратьев А.А. новые кормовые культурыю Москва,1975

11. Бекмухамедов Э.Л., Бекмухамедова Н.З. справочная книга луговода. Алматы,1985

12. Жуковский П.М. Культурные растения и их сородичи. Ленинград,1971.

13. Можаев Н.И., Серикпаев П.А. Луговое и пастбищное кормопроизводство. Астана, 2002.

14. Можаев Н.И., Серикпаев П.А. Луговое и пастбищное кормопроизводство. - Астана, 2002.

15. Абубакиров К. Пойменные и лиманные луга Казахстана. - Алматы, 2002

16. Голосоков В.П. ж.б. Қазақстан өсімдіктерінің суретті айыршығы. Алматы; Ғылым, 1969№ Т 1,2.

17. Алексеев Е.Е, Вехов В.Н. ж.б. ССРО-ның шөптесін өсімдіктері. М: 1971. Т.1,2.

18. Годлевская Т.Р, Ларин И.В. және б. Жайылым және шалғындық шаруашылығы жөніндегі практикум.

19. Игловников В.Г. және б. Жемшөп өндіру жөніндегі анықтама. М. Колос, 1973.

20. Асанов К.А. және б. Қазақстанның жайылым шаруашылығы. Алматы: Ғылым, 1992.

21. Суворов В.В. және б. Ботаника жөніндегі жазғы практикалық сабаққа басшылық. Л: Колос, 1986.

22. Ларин И.В. и др. луговодство и пастбищное хозяйство. - Ленинград, 1990.

23. Часовитина Г.М.и др. полевое кормопроизводство в Казахстане. - Алматы, 1986

24. Можаев Н.И., Копытин И.П. Кормопроизводство.- Алматы, 1986.

25. Тен А.Г. Кормопроизводство. - Москва, 1982

МАЗМҰНЫ

Кіріспе...............................................................................................................  
Дәріс №1 Кіріспе...........................................................................................  
Дәріс №2 Шалғындық және жайылымдық мал азығы шаруашылығы....................................................................................................  
Дәріс №3 Шалғынның және жайылым өсімдіктерінің биологиялық және экологиялық ерекшеліктері.................................................................  
Дәріс №4 Табиғи шабындық пен жайылымды жақсарту әдістері..........  
Дәріс №5 Табиғи шабындық және жайылымның негізгі өсімдіктер сипаттамасы.......................................................................................................  
Дәріс №6 Шабындықтарды және жайылымдарды пайдалану................  
Дәріс №7 Көпжылдық шөптердің тұқым шаруашылығы............................  
Дәріс №8 Мал азықтық егін шаруашылығы...................................................  
Дәріс №9 Мал азықтық дақылдардың өсіру технологиясы..........................  
Дәріс №10 Жемдік-астық және дәнді бұршақ тұқымдас дақылдары.........  
Дәріс №11 Сүрлемдік дақылдар......................................................................  
Дәріс №12 Тамыр жемісті, түйнекті жемісті және бақша шырынды мал азықтары....................................................................................................  
Дәріс №13 Мал азықтық шөптер.................................................................  
Дәріс№14 Мал азығын сақтау мен дайындау технологиясы........................  
Дәріс №15 Көпжылдық шөптердің тұқымы және тұқым шаруашылығы...  
Әдебиеттер тізімі...............................................................................................  

А.К.Алимбекова

Баспаға қол қойылды __________

Қағаз форматы А4 1-16

Басылым қағазы. Кеңселік басылым. Көлемі 4,75т.б.

Таралымы _____ дана. Тапсырыс № _____

© М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

Баспахана М.Әуезов атындағы ОҚМУ

Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: