Берілетін тапсырмалар 21 страница

линза lens линза   линзаныӊ оптикалық күші power of the lens оптическая сила линзы   линзаныӊ фокус аралығы focal length of the lens фокусное расстояние линзы   Шын кескін Real image Действительное изображение   Жалған кескін Virtual image Мнимое изображение   лупа magnifier лупа   микроскоп microscope микроскоп     фотоаппарат camera Фотоаппарат     Сызықтық ұлғайту linear magnification Линейное увеличение     Көз бұршағы lens хрусталик     Көз торламы retina сетчатка     Жақыннан көргіштік Myopia близорукость     Алыстан көргіштік Hyperopia дальнозоркость     Ойыс линза Дөӊес линза Concave lens Convex lens Вогнутая линза Выпуклая линза  

Эксперименттік есептер:

№1. Фокустық қашықтығы 5 см линзаны алыңдар да, линзаны экраннан 10 см, ал жарық көзін 5 см аралыққа орналастырыңдар. Экранда анық кескін пайда болғанша жарық көзін жылжыта отырып тиісті есептеулер жүргізіңдер. Нәтижесін белгілі фокустық қашықтықпен салыстырыңдар.

№2. Фокустық қашықтығы белгісіз линзаны пайдаланып, экранда анық кескін шығарып алыңдар, есептеулер жүргізу арқылы линзаның фокустық қашықтығын анықтаңдар.

Тест тапсырмалары

1. Жинағыш линзаның көмегімен нәрсенің кішірейтілген жалған кескінін алуға бола ма? Егер мүмкін болса нәрсені қалай орналастыру қажет?

а) жоқ; б) иә, линза мен фокус аралығында; в) иә, Ғ пен 2Ғ арасында;

г) иә, 2Ғ –тен ары; д) иә, 2Ғ-те.

2. Егер нәрсені шашыратқыш линзаның фокусында орналастырса, онда оның кескіні …

а) шын, үлкейтілген; б) жалған, кішірейтілген; в)жалған,үлкейтілген;

г) жалған,өлшемі өзіне тең; д) кескін пайда болмайды.

3. Жинағыш линзаның фокус аралығы 0,2м. Кескіннің өлшемі өзіне тең болу үшін нәрсені линзаға дейін қандай қашықтыққа қою керек?

а) 10см; б) 20см; в) 40см; г) 80см; д) ондай жағдай мүмкін емес.

4. Нәрсе мен өлшемі өзіне тең кескіннің ара қашықтығы 2м. Линзаның оптикалық күші

а) 1 дптр; б) 2 дптр; в) 3 дптр; г) 4 дптр; д) 0,5 дптр.

5. Линзаның оптикалық күшінің БХЖ-де өлшем бірлігі …

а) Н; б); в) м; г); д) жауаптар ішінде дұрысы жоқ.

 

 

    Оқушылар орысша, ағылшынша дұрыс жауаптарын көрсетеді 5 мин   Бағалау сатысы.   1-2 сәйкестік - 1 ұпай   3-4 сәйкестік - 2 ұпай   5 сәйкестік - 3 ұпай     Көру жітілігін анықтау Керекті құрал-жабдықтар: көру жітілігін анықтауға анықтауға арналған кесте Оқушылардың көздерінің қаншалықты арақашықта көретінін мектеп дәрігерінің көмегімен анықтаймыз       Өз пікірін айтады.   5 мин     Үйге тапсырма Бағалау. Топ басшысы жиынтық бағалауды айтады Кері байланыс Кубик беріледі. Кубиктің алты бұрышына өз пікірлерін білдіріп, сабақты қорытындылайды   73 §74. Оқып келу. «Көз – өмірдің айнасы» эссе Өз ойларын айтады 5 мин                

 


Сабақ 65

Сыныбы: 8

Пәні: физика

Сабақтың аты №9 зертханалық жұмыс
Сілтеме Жоспар
Жалпы мақсаты Ø Линзаның фокустық қашықтығын анықтау жайлы мағлұмат беру Ø Линзаның фокустық қашықтығын анықтау жайында күнделікті өмірде және есептер шығаруда қолдана білуге үйрету Ø Топта бағалай білуге баулу
Күтілетін нәтиже Ø Линзаның фокустық қашықтығын анықтау жайлы мағлұмат алады Ø Линзаның фокустық қашықтығын анықтау жайында күнделікті өмірде және есептер шығаруда қолдана білуге үйренеді Ø Топта бағалай алатын болады
Негізгі идеялар Экранда нәрсенің үлкейтілген шын кескінін алуға арналған оптикалық аспаптарды проекциялық аспаптар немесе аппараттар деп атайды. Проекциялық аппараттың оптикалық құрылысының сұлбасы: 3-ойыс айна К-конденсор –жазықдөңес линзалар жүйесі. Д-диапозитив О-объектив. Фотоаппараттың құрылысының оптикалық сұлбасы:     Лупа –бұл шыныдан жасалған қосдөңес, қысқа фокусты линза. Фокус аралығы азайған сайын линза көбірек үлкейтеді. Микроскоп –күрделі оптикалық аспап. Микроскоптың құрылысының оптикалық сұлбасы:
Тапсырмалар   Топтық жұмыс
Топтық жұмыс
Жеке жұмыс «Блум таксономиясы»

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)

І.Ұйымдастыру ( 2 минут)

1.28. Сәлемдесу

1.29. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу

1.30. Түгелдеу

1.2. Топқа бөлу (1,2,3 сандары арқылы 3 топқа бөлінеді)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (5 минут )

  1. Оптикалық аспаптар жайында не білесіңдер?
  2. Көз жайында не білесің?

ІІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі (2 минут)

3. Линзаларға шолу жасау?

ІҮ. Топтық жұмыс (15 минут)

Қажетті құрал-жабдықтар: жинағыш линза, сызғыш, экран, жарық көзі

Жұмыстың орындалу реті:

  1. Жарқ көзін, линзаны және экранды бір түзудің бойында орналастырыңдар;
  2. Жарық көзі мен линзаны экранда жарық көзінің анық кескіні шыққанша қозғаңдар. Экранда жарық көзінің үлкейтілген, кішірейтілген және оған тең кескінді алып, тәжірибені 3 рет қайталаңдар.
  3. Барлық тәжірибеде көзден линзаға дейінгі d, экраннан линзаға дейінгі f қашықтықтары 1 мм –ге дейінгі дәлдікпен өлшеңдер.
  4. Линзаның оптикалық күшін есептеңдер.
  5. Барлық есептиеулер нәтижесін кестеге толтырыңдар:
Кескіннің түрі d см f,см F, см Dдптр Г
Үлкейтілген, кішірейтілген, тең          

 

Жасаған жұмыстарын екі жұлдыз, бір ұсыныспен бағалау.

ҮІ. Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.) (3 минут)

 

Кейінгі тапсырмалар қайталау
Кейінгі оқу қайталау

 

 

Пәннің аты Уақыты: Кабинет: Мұғалім сабақ 66-67
Сабақтың атауы Есептер шығару
Мақсаты Оқушыларды еркіндік және қажеттілік.туралы түсініктер қалыптастыды, тапсырмалар орындауда тақырыпты толығымен түсінеді Тақырыпты түсініп оқуына орай ойын толық жеткізуге,ауыз-екі сөйлеуге, тілдік қорлары дамыйды
Күтілетін нәтиже Анықтамалар арқылы меңгерілген ойлары толығымен тақырыптар бойынша дамыйды, тапсырмаларды пайдалана отырып жұмыстар орындауға машықтары дамиды.
Психологиялық ахуал Психологиялық дайындық «Жүректен - жүрекке» шеңбері – Әрбір еркелетіп айтатын есім гүлге ұқсайды. Гүлдердің бәрі әдемі: раушан да, қызғалдақ та, бәйшешек те – бәрі де өзінше керемет, бәрі де адамға қуаныш сыйлайды. Біздің есіміміз де осындай керемет! Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Топқа бөлу Геометриялық фигуралар үлестіріледі   Оқушылар таңдаған фигураларына сай топтарға бөлініп отырады.
Қызығушылықты ояту Миға шабуыл арқылы Сұрақ жауапты пайдалану Үйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап арқылы әр топты диалогқа түсіру Сын тұрғысынан ойлау 1.Проекциялық аппараттар экранда нәрсенің шын, үлкейтілген және кері кескін береді А. Ия Ә. Жоқ 2. Мөлдір денелерді үлкейтетін проекциялық аппаратты эпидаскоп, ал мөлдір емес денелерді үлкейтетін аппаратты диаскоп дейміз. А. Ия Ә. Жоқ 3. Фотоаппараттың негізгі бөлігіне мыналар жатады: камера және кассета А. Ия Ә. Жоқ 4. Көз – «тірі» оптикалық аспап А. Ия Ә жоқ 5. Ұсақ денелерді кішірейтіп көрсету үшін қолданылатын жинағыш линза лупа деп аталады. А. Ия Ә. Жоқ 6. Ең жақсы көру қашықтығы 20 см А. Ия Ә. Жоқ 7. Өте ұсақ денелерді көру үшін микроскопты пайдаланады А. Ия Ә. Жоқ 8. Қарапайым микроскоп бес линзаның комбинациясы болып табылады. А. Ия Ә. Жоқ 9. Бірінші айналық телескопты 1671-1672 жылдары И. Ньютон жасады А. Ия Ә. Жоқ 10. Телескоп су асты денелерін бақылауға арналған құрал А. ия Ә. Жоқ
Оптикалық аспаптар
Көзілдірік

 

 


Телескоп
Микроскоп

 

Көз

 

Жаңа сабақ «Топтастыру» арқылы жалыпы бүгінгі сабақты меңгерту іс-әрекетіне балайнысты сабақты талдау Әр топқа жаңа тақырып төңірегінде тапсырмалар татату, Әр топ өз беттеріншге ақылдасып, нәтижесінде топтаса отырып ортақ жауап табады, сол арқылы тақырыптың мағанасын ашады
Ой толғаныс

Тест

1. Шашыратқыш линзаның көмегімен нәрсенің үлкейтілген кескінін алуға бола ма? Егер мүмкін болса, онда нәрсені қалай орналастыру қажет?

а) жоқ; б) иә, линза мен фокус аралығына; в) иә, Ғ пен 2Ғ арасында;

г) иә, 2Ғ-тан тысқары; д) иә, 2Ғ-та.

2. Бірліктердің халықаралық жүйесінде линзаның фокус аралығының өлшем бірлігі қалай өрнектеледі?

а) Н; б); в) м; г); д) жауаптар ішінде дұрысы жоқ.

3. Қос дөңес линзаның көмегімен нәрсенің жалған кескіні алынған.Төмендегі формулалардың қайсысы осы жағдайға сәйкес келеді?

а); б); в);

г); д).

4. Төмендегі приборлардың қайсысы нәрсенің нақты және кішірейтілген кескінін береді?

а) микроскоп; б) телескоп; в) көру трубасы; г) фотоаппарат; д) фильмоскоп.

5. Екі ортаны бөліп тұрған шекара бетіне түсу бұрышының қандай да бір мәнінде түсу бұрышы синусының сыну бұрышы синусына қатынасы -ге тең. Түсу бұрышын 2 есе арттырса, осы қатынас неге тең болады?

а); б); в) 2; г) 4; д) нақты жауап беру мүмкін емес.

 

Тақырыпқа қатысты әңгіме құрастыру арқылы жинақтайды

Тарау бойынша білімдерін жинақтау үшін әр топқа тақырып төңірегіәнде шағын әңгіме жазу тапсырылады

БББ кестесі

 

Білем Білдім Білгім келеді
     

 

Үйге тапсырма Мазмұндау Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау   Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс     Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

 

Пәннің аты Уақыты: Кабинет: Мұғалім сабақ68
Сабақтың атауы Өз біліміңді тексер
Мақсаты Оқушылардың есту қабілетін жан – жақты әуендік, ырғақтық, үйлесімдік бағытта дамыту арқылы орындаушылық және танымдық қабілеттерін арттыру
Күтілетін нәтиже Сыни тұрғыдан ойлау арқылы еркін сөйлейді, өз ойларын ортаға салау арқылы тапсырмаларды топпн жұмыс істеуге пайдаланады
Психологиялық ахуал Психологиялық дайындық «Жүректен - жүрекке» шеңбері – Әрбір еркелетіп айтатын есім гүлге ұқсайды. Гүлдердің бәрі әдемі: раушан да, қызғалдақ та, бәйшешек те – бәрі де өзінше керемет, бәрі де адамға қуаныш сыйлайды. Біздің есіміміз де осындай керемет! Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Топқа бөлу Оқушыларды сапқа тұрғызып, 1-4 дейін санау арқылы топқа бөлу Алтын ереже құру қажеттігі туралы айту. Әр топқа бағалау парағын таратып беру. Фигуралармен бағалау әдісімен бағалау үшін фигуралар таратып беру «Сандарды бейнеле» ойыны арқылы психологиялық ахуалды жақсарту Оқушылар топқа бөлініп, өз топбасшыларын сайлайды. Топ ішінде тәртіп ережелері талданып, сол арқылы сыныптың алтын ережесін құрады. Бағалау парағы арқылы топбасшылар өз топ мүшелерін бағалап отырады. Фигуралар арқылы топтар өзара бағалайды. Әртоп өздеріне берілген сандарды дене мүшелерімен,қимылымен бейнелеу.
Қызығушылықты ояту Кім шапшаң» ойынын пайдалану арқылы сұрақ жауап сәтін өткізу Үйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап арқылы әр топты диалогқа түсіру ,Өткен тақырып аррналған үй тасырмасын қайталауға сұрақтар жасалып, интерактивті тақтада көрсетіледі., крассворд, карточкалар : 1. Оптикалық аспаптардың негізгі бөліктері --------------------- тұрады 2. Оптикалық аспаптардың жұмыс істеу әрекеті ---------------- заңдарына негізделген 3. Диаскоп -------------- денелерді проекциялайды 4. Эпископ --------------- денелерді проекциялайды 5. Эпидиаскоп ------------- денелерді проекциялайды 6. Микроскоп - дененің ----------------------- кескінін береді 7. Телескоп — рефлектордың телескоп — рефрактордан артықшылығы: а.
Сергіту сәті «
Жаңа сабақ «Сиқырлы сандық» ойыны қолданылады. Мұнда әр топтың басшысы сиқырлы сандықтағы сұрақтарды алып, жауаптарын сол мезетте беріп отырды. Әрбір дұрыс жауапқа мадақтау, мақтау сөздері айтылып, ал сыныптастары қол шапалақтап, қошеметтеп отырды Жауабын сәйкестендір. Жауабын сәйкестендір  
  Жұқа линзаның формуласы т dsina = kl
  Линзаның оптикалық күші и Біртекті ортада жарық түзу сызықпен таралады
  Дифракциялық тордың формуласы О
  Жарықтың түзусызықты таралу заңы к a түсу бұрышы g шағылу бұрышына тең
  Жарықтың шағылу заңы а D = 2 k
  Интерференцияның максимум шарты п D =

 

Семантикалық карта.

Сұрақ пен дұрыс жауаптың қилысына «+» таңбасын қойыңыз.

Сұрақ Дисперсия Склера Шын, кішірейтілген 0,5 м 25 см
  Көз алмасының сыртқы қабықшасы   +      
  Ең жақсы көру қашықтығы         +
  Жауыннан кейін аспанда пайда болатын кемпірқосақ қандай құбылысқа жатады?   +        
  Көз бұршағы көмегімен көз торында алынатын кескін қандай болады?       +    
  Линзаның оптикалық күші 2 дптр.Фокус аралығы неге тең?         +  
Ой толғаныс

Әр топқа деңгейлік тапсырмаларды тест түрінде беріле

Барлық оқушыларға шағын тест беріледі Топ жетекшілеріне топ мүшелерін бағалау үшін критерийлер

. Оптикалық аспаптар тақырыбына тест

1. Оптикалық аспаптарға жатады:

А. Телевизор, фотоаппарат В. Проекциялық аппарат, лупа С. Компьютер, микроскоп

Д. Телескоп, радио

2. Микроскоп неше есе үлкейтуге көмектеседі?

А. 200-300 В. 350-400 С. 700-800 Д. 500-600

3. Құрылысы бірдей проекциялық аппараттар:

А. диапроектор, телевизор В. Диапроектор, кинопроектор, фотоүлкейткіш

С. Фотоаппарат, лупа Д. Фотоаппарат, лупа, диапроектор

4. Фотоаппараттың негізгі бөлшегі:

А. Объектив В. Линза С. Диафрагма Д. Фотокамера

5. Лупа қандай линзадан жасалған?

А. Қосойыс В. Жазықойыс С. Жазықдөңес Д. Қосдөңес

6. Бірінші рефлектор-телескопты тауып шығарған қай ғалым?

А. Паскаль В. Ньютон С. Эйнштейн Д. Фарадей Е. Ампер

7. Телескоптың басты және негізгі бөліктері:

А. Объектив В. Окуляр С. Объектив, окуляр Д. Линза

8.Көздің диаметрі

А) 20-23 мм В) 23-25мм С) 18-20мм Д) 25-27 мм

9. Көз бұршағының диаметрі

А) 8 -10 мм В) 10-12мм С) 18-20мм Д) 6 -7 мм

10.Әлемдегі ең үлкен телескоп-рефлектордың айнасының диаметрі

А) 8м В) 7м С) 6м Д) 9м


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow