Берілетін тапсырмалар 19 страница

Білдім Білгім келеді      

 

Үйге тапсырма Мазмұндау Күнделіктеріне жазып беремін Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау   Бағалау парақшасын толтырады. Кері байланыс     Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

 

 

Сабақтың тақырыбы: §65-66 Жазық айна. Сфералық айналар сабақ 58
Уақыты: Мұғалім:
Сабақтың оқу мақсаттары
Жазық айна. Сфералық айналар жайлы мағлұмат беру Жазық айна. Сфералық айналар жайында күнделікті өмірде және есептер шығаруда қолдана білуге үйрету
- сфералық айналардың көмегімен алынатын объектінің кескінін алуды көрсету үшін сәулелік диаграмманы сызу; - сфералық айнаның көмегімен алынған кескінді сипаттау (жалған және шын, тік және төңкерілген, кішірейтілген және үлкейтілген);

 

 

 

Оқыту нәтижелері Оқушылар орындай алады: сыну теориясында қолданылатын терминдерді анықтау, оның ішінде: түсу бұрышы, сыну бұрышы және сыну көрсеткіші; Оқушылар орындай алады: жарық сәулесі бір ортадан екінші ортаға өткенде, оның жолын ауызша немесе жазбаша сипаттау;
Тілдік мақсаттар   Пәндік лексика және терминология сыну, түскен сәуле (түсу сәулесі), сынған сәуле (сыну сәулесі), түсу бұрышы, сыну бұрышы, ортаның сыну көрсеткіші, орта/орта, көрінерлік бөліну шекарасы, нақты шыққан сәуле, кескін, ауыспалы бұрыш, толық ішкі шағылу (ТІШ), сфералық айна, ойыс, дөңес, алыстан көргіштік, жақыннан көргіштік, сызықтық ұлғаю, фокус аралығы, виртуалдық, вертикалдық, кішірейтілген, жиналған, шашыраған.  
Диалогқа/жазуға қажетті сөз тіркестері
Екі әртүрлі ортаның кездесу орны ортаның бөліну шекарасыдеп аталады. Жарықтың барлық сынуы (және шағылуы) бөліну шекарасындажүзеге асырылады. Сынған сәуле бөліну шекарасында өз бағытын өзгертеді. Бір ортадан екінші ортаға өткен жарықтың бағытының өзгеруі, толқын ұзындығының және жылдамдығының өзгеруіменбайланысты. Көрінерлік жарық ауадан шыны сияқты ортаға өткенде, онда жарық жылдамдығы кемиді. Жарық бөліну шекарасынан(ауадан шыныға) өткен кезде сынады, ол кезде жаряқ баяу қозғалатын болады. Түсу бұрышытүскен сәуле мен нормальдың арасындағы бұрышқа тең. Сыну бұрышысынған сәуле мен нормальдың арасындағы бұрышқа тең. Сыну көрсеткіші (n)sin i/ sin r= const тең, мұндағы тұрақты сыну көрсеткіші ретінде анықталады.

 

 
Қысқаша шолу
 

 

Бұл тарауда оқушылар қарапайым эксперименттер мен бақылаулар арқылы жарықтың қасиеттерін зерттеуді жалғастырады. Ең бастысы олар бұл процестің айналық бетте шағылатын шағылудан мүлдем басқа екенін білулері қажет. Бұдан кейінгі зерттеулер жарықтың ТІШ үшін қажетті шарттарды оқып үйренуге арналады. Олар жарықтың өтуін «баяулату» үшін шыны блоктарды, сондай-ақ дәл сондай әсер беретін басқа мөлдір объектілерді, мысалы, суы бар стаканды, органикалық шынының қырларын пайдаланатын болады.

 

 

Жоспарланған іс- шаралар Ресурстар  
Үй тапсырмасын сұрау(5 минут) 5. Жарықтың таралуы жайында не білесіңдер? 6. Күн мен Айдың тұтылуы жайында не білесіңдер? Талқылау үшін сұрақтар беріледі(2 минут) 1. Айна жайында не білесіңдер? 2. Айнаның қандай түрлерін білесіңдер? Жарықтың шағылу заңдарының көмегімен жазық айнада кескіннің пайда болуын түсіндіру. (Видеокассетадағы тәжірибелер арқылы түсіндіріледі). Жазық айнадағы нәрсе кескінінің ерекшеліктері: кескін жалған, тура, өлшемдері нәрсенің өлшеміне тең, нәрсе айна алдында қандай қашықтықта тұрса, кескін айнаның ар жағында сондай аралықта орналасады. Дөңес айна беретін кескіндер кішірейтілген, тура және жалған болады. Дөңес айнаның фокусы жалған болады. (D)Қисық айналардың көмегімен оптикалық иллюзияларды демонстрациялау. (G) (E)Оқушылар линзалар туралы түсініктерін қолданып, өздері сфералық айналардың эффектілерін зерттеулері қажет. Ойыс және дөңей сфералық айналарды оқып үйренеді. (P)Сфералық айналарда алынатын кескінді алу үшін оқушылар дөңес линзалардың көмегімен алдыңғы сабақтарда анықталған сәулелерді пайдаланып, сәулелік диаграманы сызулары керек. Сондай-ақ, кескіннің сипаттамасы анықталуы қажет. (I)Ойыс және дөңес айналарда алынатын барлық кескіндер туралы ақпаратты жинайтын жұмыс парағын ойластырыңдар.   Сфералық айналар - шағылдыратын беттері сфералық беттер (сфералық сегмент) болып келетін айналар. Сфералық айналар ойыс және дөңес болып бөлінеді. Сфералық айнаныӊ фокустық қашықтығы оныӊ сфералық бетініӊ радиусыныӊ жартысына теӊ. Сфералық айналар ойыс (а) және дөңес (б) болып бөлінеді.   Ойыс сфералық айналар, қызыл мәрмәр, кішірек қатты қағазды қорап (5 см және одан жоғары), қорапты тұрғызуға арналған тұрғы, оқуға арналған кішкентай шам, ермексаз http://www.nuffieldfoundation.org/practical-physics/optical-illusion-concave-mirror Ойыс және дөңес айналар, әртүрлі радиусты шағылдырғыш бер ретінде қолданылатын иілмелі жылтыр пластикалық жолақтар, сәулелерді алуға арналған қорап, төмен кернеулі қоректендіру жүйесі http://www.nuffieldfoundation.org/practical-physics/cylindrical-mirror-aberration-and-caustic-curve  
Р нүктесі- сфералық айнаның орта нүктесі (айна полюсы). С нүктесі- сфералық айнаның оптикалық центрі. R – сфералық айнаның радиусы. F нүктесі - сфералық айнаның фокусы. Ойыс айнада шын фокус (а), дөңес айнада жалған фокус (б). Сфералық айнаның оптикалық центрі және полюсы арқылы өтетін түзу (СP) сфералық айнаның бас оптикалық осі деп аталады. Сфералық айнаның фокусы (FP=F): Сфералық айналарда кескіндерді алу (D) Оқушыларға ойыс айнада кескін алуды бір мысалмен түсіндіреміз. Пайда болған кескінді сипаттаймыз.     Тапсырма №1 Нәрсе ойыс айнадан екі еселенген фокустан үлкен (d>2F) болған қашықтықта орналасқан, айнада пайда болатын кескінді сипаттаӊыз. Тапсырма №2 Нәрсе ойыс айнадан F<d<2F болған қашықтықта орналасқан, айнада пайда болатын кескінді сипаттаӊыз. Тапсырма №3 Нәрсе ойыс айнадан d=2F болған қашықтықта орналасқан, айнада пайда болатын кескінді сипаттаӊыз. Тапсырма №4 Нәрсе ойыс айнадан d<F болған қашықтықта орналасқан, айнада пайда болатын кескінді сипаттаӊыз. 1) d>2F болса, кескін шын, төңкерілген, кішірейтілген болады      
2) F<d<2F болса, онда кескін шын, төңкерілген, үлкейтілген болады 3) d=2F болса, онда кескін шын, төңкерілген, нәрсеніӊ өзімен теӊдей болады 4) d<F болса, онда кескін жалған, тура, үлкейтілген болады. Дөӊес сфералық айналардыӊ қолданылуы Дөӊес сфералық айналар тек қана жалған, кішірейтілген, кескін береді. Дүкендерде ұрлықтыӊ алдын алу

   
Автотұрақтарда, көше қиылыспаларында

Автомобильдердіӊ сыртқы айнасында (әдетте оӊ жағындағы) және фараларында.

Стандарт бойынша жеӊіл автомобильдердіӊ айналарыныӊ кисықтық радиусы 1200 мм ден кіші болмауы керек, ал жүк автомобильдері үшін 1500 мм.

Ойыс сфералық айналардыӊ қолданылуы

Ойыс айналар көптеген жағдайда жарық сәулесін жинақтау үшін қолданылады.

Ойыс айналарды стоматологтар қолданады

Кері байланыс

   
  Қосымша ақпарат Теориялық материалды оқу
  Рефлексия W- толық сыныппен жұмыс жасау: Нәтижені талдау және тапсырманы бәрінен де жақсы орындаған оқушыны марапаттау. Сабақ туралы оқушылардың пікірлерін білу. Сабақтың мақсаты /оқу мақсаты дұрыс па? Оқушылар бүгін не оқып-үйренді? Оқу атмосферасы қандай болды? Мен сабақ құрылымын сәтті дайындай алдым ба? Мен уақытты сақтадым ба? Мен жоспарда қандай өзгеріс енгіздім? Мен сабақта сынып және жекелеген адамдар туралы нені білдім, мен келесі сабақта нені әңгімелеймін?
 
Қорытынды бағалау Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты) 1: 2: Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)? 1: 2: Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?
       

 

 

Пәннің аты Уақыты: Кабинет: Мұғалім сабақ 59
Сабақтың аты §67-68 Жарықтың сынуы. Жарықтың сыну заңы.Жарықтың толық шағылуы
Жалпы мақсаты Жарықтың сынуы. Жарықтың сыну заңы.Жарықтың толық шағылуы жайлы мағлұмат беру Жарықтың сынуы. Жарықтың сыну заңы.Жарықтың толық шағылуы жайында күнделікті өмірде және есептер шығаруда қолдана білуге үйрету
Күтілетін нәтиже Жарықтың сынуы. Жарықтың сыну заңы.Жарықтың толық шағылуы жайлы мағлұмат алады Жарықтың сынуы. Жарықтың сыну заңы.Жарықтың толық шағылуы жайында күнделікті өмірде және есептер шығаруда қолдана білуге үйренеді
Психологиялық ахуал – Балалар, айналамызда көңіл-күйі көтеріңкі, жақсы адамдардың болғанын бәріміз ұнатамыз. Ендеше қол ұстасып, бір-бірімізге жақсы көңіл-күй мен саулық тілейік. Кел, балалар, күлейік! Күлкіменен түлейік! Күлкі- көңіл ажары! Күліп өмір сүрейік! Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Топқа бөлу Жаңа тақырыпқа байланысты сыныпты сурет арқылы 3 топқа бөлу Оқушылардың мұндағы мақсаты суреттер арқылы өз жұптарын тауып, топ болып құралу
Қызығушылықты ояту Үй тапсырмасын сұрау(5 минут) 3. Айна жайында не білесіңдер? 4. Айнаның қандай түрлерін білесіңдер? Талқылау үшін сұрақтар беріледі(2 минут) 1. Жарықтың сынуы жайында не білесіңдер? 2. Жарықтың толық шағылуы жайында не білесіңдер?
Сергіту сәті «Қаражорға» биі
Жаңа сабақ Тығыздығы өзгеретiн ортада тараған жарық өзiнiң түзусызықты қалыпынан ауытқып, таралу бағытын өзгертедi. Егер тығыздықтың мәнi екi ортаның шекарасында күрт өзгеретiн болса, онда бұл жерде жарықтың шағылысу және сыну құбылыстары байқалады. Мұндай орталардағы жарықтың таралу бағытын әдетте түсу, шағылу және сыну бұрыштары арқылы анықтайды.
4.1 – сурет

Түсу бұрышы деп түскен сәуле мен түсу нүктесiне тұрғызылған перпендикулярдың арасындағы α бұрышын айтады. Сәйкес шағылу бұрышы α′ – шағылған сәуле мен осы перпендикулярдың, ал сыну бұрышы β? – сынған сәуле мен осы перпендикулярдың арасындағы бұрыштар (4.1 – сурет).

 

Жарықтың шағылу заңы былай дейдi: Түскен сәуле, шағылған сәуле және түсу нүктесiне тұрғызылған перпендикуляр бiр жазықтықта жатады және түсу бұрышы шағылу бұрышына тең болады, яғни α=α′

Жарықтың сыну заңын тұжырымдамастан бұрын ортаның сыну көрсеткiшi ұғымын енгiзелiк. Ортаның абсолют сыну көрсеткiшi деп жарықтың вакуумдағы жылдамдығының оның осы ортадағы жылдамдығына қатынасын айтады, яғни

(4.1)

 

мұндағы ε және μ – ортаның салыстырмалы диэлектрлiк және магниттiк өтiмдiлiгi. Бұл өрнекте ферромагниттi емес кез-келген орта үшiн μ∼1 екенi ескерiлген.

Егер жарықтың сыну құбылысы вакуум мен ортаның шекарасында емес, қандай да бiр екi оптикалық ортаның шекарасында болса, онда екiншi ортаның бiрiншi ортаға қатысты салыстырмалы сыну көрсеткiшi n21деп жарықтың бiрiншi ортадағы жылдамдығының екiншi ортадағы жылдамдығына қатынасына тең мына шаманы айтады

(4.2)

 

мұндағы n1 және n2 – сәйкес бiрiншi және екiншi орталардың абсолют сыну көрсеткiштерi.

Жарықтың сыну заңы былай дейдi: Түскен сәуле, сынған сәуле және түсу нүктесiне тұрғызылған перпендикуляр бiр жазықтықта жатады және түсу бұрышының синусының сыну бұрышының синусына қатынасы тұрақты шама, ол екi ортаның салыстырмалы сыну көрсеткiшiне тең болады, яғни

(4.3)

 

Ортаның абсолют сыну көрсеткiшi оның оптикалық тығыздығымен байланысты. Оптикалық тығыздықтың мәнi артқан сайын сыну көрсеткiшiнiң мәнi де артады. Егер жарық оптикалық тығыздығы кемдеу ортадан оптикалық тығыздығы артықтау ортаға өтсе, онда n2>n1, немесе n21>1. Ал бұдан sin α > sin β екендiгi шығады, яғни түсу бұрышы сыну бұрышынан әрқашанда үлкен.

Ал, керiсiнше, жарық оптикалық тығызырақ ортадан оптикалық тығыздығы кемдеу ортаға өтсе, онда сәйкес sin α < sin β, немесе α < β, яғни сыну бұрышы түсу бұрышынан үлкен. Бұл жағдайда егер түсу бұрышын бiртiндеп арттыра бастасақ, онда сыну бұрышы да арта отырып, α – ның қандай да бiр αшек –ге тең мәнiнде ол 900-қа тең болады. Ал ендi α-ның мәнiн одан да әрi арттыратын болсақ, онда сынған сәуле екiншi ортаға өтпей сол бiрiншi ортада қалып қояды. Осы құбылысты толық iшкi шағылу құбылысы деп атайды. Шағылу және сыну заңдарының ерекшелiктерiн мына жерден көруге болады.

Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.

Топ пікірлерін тыңдау.

Топтық жұмыс (суретпен жұмыс) (5 минут)

Жарықтың шағылуы дегеніміз не?

Жарықтың шағылуы на мысал келтір?

Жарықтың сыну заңын тұжырымда?

Жарықтың сынуы мен толық шағылуды салыстыр?

Жарықтың толық шағылу құбылысы қандай жағдайларда болады?

Жарықтың сынуын білудің маңызы қаншалықты?

 

Ой қозғау №1.Тереңдігі 2 м су қоймасының түбінде жазық айна жатыр. Жарық сәулесі судан өтіп айна бетіне түсіп шағылады. Сәуленің су бетіне түсу нүктесінен су бетіне шығу нүктесіне дейінгі аралықты анықтаңдар. Жарықтың түсу бұрышы 30°, судың сыну көрсеткіші 1,33-ке тең. №2.Радиусы 35 см күміс жалатылған жазық–дөңес линзаның бетіне негізгі оптикалық оське параллель d= 5 см қашықтықтағы нүктеге жіңішке жарық сәулесі түседі. Сәуле сфералық беттен шағылған соң жұқа линзаның жазық бетінен шығады. Линзаның қалыңдығы өте аз деп есептеп, сәуле осьтен қандай аралықта шығатынын анықтаңдар. Есеп:Бала таяқты тереңдігі 40 см бұлақтың түбінде жатқан нәрсеге тигізбекші болады. Егер бала дәл көздеп, таяқты су бетіне 45° бұрыш жасап қозғаса, таяқ нәрседен қандай қашықтыққа түседі?   №4. Күн сәулелері жарықтандырып тұрған үй ұзындығы L=36 м көлеңке түсіріп тұр. Биіктігі h=2,5 м тік қада ұзындығы l=3 м көлеңке түсіріп тұр. Үйдің H биіктігін анықтаңдар.   Екі жақты күнделік стратегиясы
Кітаптағы жазбалар Менің жаңалығым
   

 

Үйге тапсырма Мазмұндау Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау   Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс Бағалау парақшаларын толтыру. Смайликтер арқылы кері байланыс орнату Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

 

Пәннің аты Уақыты: Кабинет: Мұғалім сабақ 60
Сабақтың аты §69 Ақ жарықтың спектрге жіктелуі
Жалпы мақсаты Ақ жарықтың спектрге жіктелуі жайлы мағлұмат беру Ақ жарықтың спектрге жіктелуі жайында күнделікті өмірде және есептер шығаруда қолдана білуге үйрету
Күтілетін нәтиже Ақ жарықтың спектрге жіктелуі жайлы мағлұмат алады Ақ жарықтың спектрге жіктелуі жайында күнделікті өмірде және есептер шығаруда қолдана білуге үйренеді
Психологиялық ахуал Біздің күлкіміз көңілді, (қолдарын еріндерінің шетіне жақындатады) Жеткізсін жылу мен шаттықты. (қолдарын жүректерінің тұсына қояды) Бөліскен жақсы ғой өмірде, (қолдарын алға созады, саусақтары күн сияқты) Қуаныш, мейірім, бақытты. (қолдарын екі жаққа созады). Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Топқа бөлу «Мозайка» тренингі арқылы топқа бөлінеді Оқушылардың мұндағы мақсаты суретердің қиындысын дұрыс тауып, өз жұптарын тауып 3 топтар құралды
Қызығушылықты ояту Миға шабуыл»сұрақ жауап Үй тапсырмасын сұрау Талқылау үшін сұрақтар беріледі Үй тапсырмасын сұрау(5 минут) 5. Жарықтың сынуы жайында не білесіңдер? 6. Жарықтың толық шағылуы жайында не білесіңдер? Талқылау үшін сұрақтар беріледі(2 минут) 3. Ақ жарық жайында не білесіңдер? 4. Ақ жарықтың спектрге жіктелуі жайында не білесің?
Сергіту сәті «Қаражорға» биі
Жаңа сабақ

Тақырыпқа сай дайындалған ресурстармен постер жасау

Жарықтың шағылуы белгілі бір заңға бағынады. Бұл заңды жарықтың түзусызықты таралу заңы сияқты ертедегі грек ғалымы Евклид ашқан. Бұл заңдылықты тағайындау үшін оптикалық диск (77-сурет) деп аталатын арнайы құралды пайдаланамыз. Ондағы жарық көзі рөлін жылжымалы жарықтанғыштардың 1 ішіндегі кішкене лампа атқарады. Жарықтандырғыштағы тар саңылаудан шыққан лампы жарығы диск бетінде шашыра полонда жарықталынған жолақша тудырады. Осы жолақшаны біз “жарық сәулесі” ретінде қабылдаймыз.

Дискі орталығына айнаны 2 қойып, оған жарық шоғын (түсуші сәуле) АО бағыттаймыз. Жарық айнаданшағылып диск бетінде шағылған сәуле ОВ пайда болады. Оның пайда болуы ол АО сәулесі мен оған түсірілген перпендикуляр ОС (бұл жазықтық жарықтың түсу жазықтығы деп аталады) жататын жазықтықта орналасатынын көрсетеді. Шағылған сәуле ОВ мен перпендикуляр ОС арасындағы бұрыш СОВ, осы перпендикуляр мен түскен сәуле АО арасындағы СОА бұрышына сәйкескеледі.Түскен сәуле мен шағылдырушы бетке түсірілген перпендикуляр арасындағы бұрыш сәуленің түсу бұрышы деп аталады, ал осы перпендикуляр мен шағылған сәуле арасындағы бұрыш сәуленің шағылу бұрышы депаталады. Жарық көзін дискінің шетіне жылжыту арқылы біз түсу бұрышын өзгертсек, онда шағылу бұрышының да өзгергенін көреміз. Бірақ бұл екі бұрыш бұрынғыдай бір-біріне тең олады. Жасалған тәжірибе негізінде жарықтың шағылу заңын тұжымдауға болады:

Шағылған сәуле түсу жазықтығында жатады, түсу бұрышы шағылу бұрышына тең болады.

Түсу бұрышы α әрпімен, шағылу бұрышын a α' -пен белгілеу қабылданған (78-сурет). Сондықтан осы бұрыштарға қатысты жарықтың шағылу заңын математикалық түрде мына теңдікпен беруге болады: α = α'. Егер 77-суретте көрсетілген жарық сәулесі айнаға ВО бағытында түссе, онда шағылғаннан кейін ОА бағытында кетеді. Басқаша айтқанда, шағылған сәуле бағытында келетін сәуле түсетін сәуле бағытында шашырайды. Бұл қасиет жарық сәулесінің қайтымдылығы деп аталады.

Жарық көзін шайба дөңгелегінің бойымен орын ауыстыру жолымен сыну бұрышын арттыруға болады. Сонда түсу бұрышына қарағанда сыну бұрышы тез артады, шағылған шоқтың жарықтығы артады, ал сынған шоқтың жарықтығы кемиді. Түсу бұрышын сыну бұрышы 900-қа тең болатындай етіп аламыз. Мұнда сынған шоқтың жарықтығы жойылады, ал шағылған шоқтың жарықтығы түскен шоқтың жарықтығына тең болады. Түсу бұршының одан әрі артуы –екі ортаны бөлетін шекарада сынудың болмауына алып келеді. Бұл құбылысты толық ішкі шағылу деп, ал толық шағылу болатын бұрышты сындық немесе αш шектік бұрыш деп атайды.

.

Дисперсия құбылысын түсіндіру. (Видеокассетадағы тәжірибелер арқылы түсіндіріледі).

Негізгі жеті түсті шоқтар жай, монохроматты шоқтар деп аталады.

Күн жарығының құрама бөліктерге жіктелу құбылысы дисперсия деп аталады. Кемпірқосақ –жарықтың жаңбыр тамшыларында призмадағыдай жіктелуі нәтижесінде пайда болған күрделі күн жарығының үздіксіз спектрі.

Ақ жарықпен жарықтандырылған дененің түсі, ол дене жарықтың қандай түсін шағылдыратынына тәуелді.

1. Мына кесте бойынша есептерді шығарыңыз.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow