Берілетін тапсырмалар 18 страница

Жарықкөздері

 

 


2 тапсырма: §62 оқы

3 тапсырма: §63 оқып келесі сұрақтарға жауап бер.

1. Көлеңке мен алакөлеңкенің пайда болуын түсіндір?

2. Күннің толық тұтылуы ұзағырақ бола ма, әлде Айдың толық тұтылуы ұзағырақ бола ма? Неліктен?

4 тапсырма: Сәйкестікті анықта:

Табиғи жарық көздері: Жасанды жарық көздері:

 

Газ жандырғысы, Күн, қыздыру электр шамдары, жол белгілері, жарқырауық қоңыздар, шырақ, найзағай, теледидар экраны, электрпісіру оттары, жұлдыздар, су түбіндегі балықтар, күндізгі жарық шамдары, полюстік шұғыла, жарнама түтікшелері.

5 тапсырма:

Ашық күні вертикаль қойылған метрлік сызғыштың көлеңкесі 50см, ал ағаштың көлеңкесі 6 м-ге тең болды. Ағаштың биіктігі неге тең?

 

Ой толғаныс тест жұмысы Тест 1. Оптика –бұл: А) Жарық және жарық құбылыстарын зерттейтін физиканың бөлімі В) Көру туралы ғылым С) Жарық табиғатын зерттейтін физиканың бөлімі Д) Көргіштік шарттарын көтеруге арналған құралдар Е) Жарық құбылыстары туралы ғылым 2. Вакуумдегі жарық жылдамдығы А) с=225000км/с В) с=300000 м/с С) с=200000 м/с Д) с=299711 км/с Е) с=300000000 м/с 3. Жарық бөлшектері қалай аталады? А) фотондар В)электрондар С)сәуле Д) күн Е) дұрыс жауабы жоқ 4. Дербес жарық көздері өз кезегінде нешеге бөлінеді? А) люминесценциялық, плазмалық, сәуле шығару В) отын, электр шамы, плазмалық С) Жылулық, плазмалық, сәуле шығару Д) Жылулық, люминесценциялық, плазмалық Е) метеориттер, кометалар, Ай 5. Күн затының орташа тығыздығы А) r=6,3*10-8 кг/ м3 В) r=2,7*10-8 кг/ м3 С) r=1410 кг/ м3 Д) r=5,95*10-8 кг/ м3 Е) r=5950 кг/ м3 6.Төмендегі мысалдардың қайсысы люминесценциялық жарық көзіне жатады? А) жарық қоңыздары В) жарнамалық түтікшелер С) Кварц Д) Лазерлер Е) Аспан күмбезі 7. Солтүстік Қазақстанда толық Күннің тұтылуы қашан және қай күні байқалды? А) 1981 жылы 31 тамызда В) 1999 жылы 16 қазанда С) 1476 жылы 25 ақпанда Д) 2006 жылы 29 наурызда Е) дұрыс жауабы жоқ 8. Көлеңкенің пайда болуын дәлелдейтін заң – А) жарықтың шағылу заңы В) жарықтың сыну заңы С) жарықтың түзу сызықпен таралу заңы Д) жарықтың толық шағылу құбылысы Е) жарықтың бөліну құбылысы 9. Күннің тиімді температурасы? А) 6000 К В) 600 С С) 6000 С Д) 600 К Е) 60 К 10. Жарық сәулесі дегеніміз – А) Біртекті ортада жарық сызық бойымен түзу сызықты таратады В) Жарық көзінен келген жарық энергиясы бойымен тарайтын сызық С) Заттың бөлшектерінің табиғатынан бөлек, табиғаты ерекше бөлшектер ағынын айтады Д) Шектелген бағытта тарайтын жарық сәулелерінің жиынтығы Е) Дұрыс жауабы жоқ   Тест жауаптары: 1 а, 2е,3а, 4д,5с,6а,7а,8с,9а,10в   1. Бекіту сұрақтары: 1.Жарық дегеніміз не? 2.Жарықтың корпускулалық теориясының негізін салған кім? 3.Жарықтың толқындық теориясының негізін салған кім? 4.Жарық жылдамдығын ең алған өлшеген қай ғалым? 5.Ваккумдегі жарық жылдамдығы қаншаға тең?     Екі жақты күнделік стратегиясы
Кітаптағы жазбалар Менің жаңалығым
   

 

Үйге тапсырма Мазмұндау Күнделіктеріне жазып беремін Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау   Бағалау парақшасын толтырады. Кері байланыс Бағалау парақшаларын толтыру. Смайликтер арқылы кері байланыс орнату Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

 

 

 

Пәннің аты Уақыты: Кабинет: Мұғалім сабақ 56
Сабақтың аты §63-64 Жарықтың түзу сызықпен таралу заңы. Күн мен Айдың тұтылуы
Жалпы мақсаты Жарықтың түзу сызықпен таралу заңы. Күн мен Айдың тұтылуы жайында күнделікті өмірде және есептер шығаруда қолдана білуге үйрету жарық, жарық көздері, жарық жылдамдығы, жарықтың түзу сызықпен таралуы, Күннің құрылысы, Күннің және Айдың тұтылуы туралы мағлұмат беру;
Күтілетін нәтиже Жарықтың түзу сызықпен таралу заңы. Күн мен Айдың тұтылуы жайлы мағлұмат алады Жарықтың түзу сызықпен таралу заңы. Күн мен Айдың тұтылуы жайында күнделікті өмірде және есептер шығаруда қолдана білуге үйренеді
Психологиялық ахуал Психологиялық дайындық «Жүректен - жүрекке» шеңбері – Әрбір еркелетіп айтатын есім гүлге ұқсайды. Гүлдердің бәрі әдемі: раушан да, қызғалдақ та, бәйшешек те – бәрі де өзінше керемет, бәрі де адамға қуаныш сыйлайды. Біздің есіміміз де осындай керемет! Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Топқа бөлу «Мозайкаі әдісі бойынша, сурет арқылы сыныпты топқа бөлу Оқушылардың мұндағы мақсаты суреттер арқылы өз жұптарын тауып, бір топ болып құралу
Қызығушылықты ояту Үй тапсырмасын сұрау(5 минут)
  1. Жарық ж айлы не білесіңдер?
  2. Күн жайлы не білесіңдер?
Талқылау үшін сұрақтар беріледі(2 минут) 1. Жарықтың таралуы жайында не білесіңдер? 2. Күн мен Айдың тұтылуы жайында не білесіңдер?
Сергіту сәті  
Жаңа сабақ Әр топқа таңдауы бойынша суреті бар карточка таратылады. Сол сурет бойынша электрондық оқулықтан үнсіз тәжірибе көрсетіледі. Оқушылардың міндеті: тәжірибені түсіндіру, өз ойларын айту, әңгіме құру. Жаңа сабақтың тақырыбын ашу.     Сабақтың тақырыбы: Жарық. Жарық жылдамдығы. Жарық көздері. Күн –жұлдыз. Жарықтың таралуы. Күннің және айдың тұтылуы.   Сұрақтар: 1) «Жер» тобына – Қандай денелер жарық көздері бола алады?. 2) «Жұлдыз» тобына - Күн қандай химиялық элементтерден тұрады? Күн жұлдызының өлшемі. 3) «Ай» тобына – Жарықтың таралуы. Жарық жылдамдығы. 4) «Күн» тобына – Күннің ішкі құрылысы қандай?   IV. «Білгенімді зердеме тоқу». Сабақты пысықтау. “Тәжірибе - физика ілімінің атасы «Физика 7-11 сынып» электронды оқулығы арқылы осы тәжірибелерге сай видеоматериал көрсетіледі. Тәжірибе көрсету. 1. Жарықтың түзу сызықпен таралуы. 2. Күннің, айдың тұтылуы. Жарық және жарық құбылыстары туралы ілімді физиканың оптика (грек сөзі, көрінетін, көруге болатын дегенді білдіреді) деп аталатын бөлімі қарастырады. Жарық нені білдіреді? Жарық –заттың бөлшектерінің табиғатынан бөлек, табиғаты ерекше бөлшектер ағыны болып табылатын фотондар ағыны. Фотондар ағыны энергияны жарық көздерінен жарықталған денелерге жеткізеді. Бұл энергияны жарық энергиясы немесе жарықтың сәуле шығару энергиясы деп аталады. Фотондар жылдамдығы жарықтың таралу жылдамдығы болып табылады. Жарық жылдамдығы әр түрлі заттарда түрліше болады. Тәжірибе арқылы вакуумдегі жарық жылдамдығы с-300 000 км/с-қа тең. Мұндай жылдамдықпен бірде –бір дене, бірде-бір заттың бөлшектері қозғала алмайды. Вакуумде с=300 000 км/с Ауада с= 299 711 км/с Суда с=225 000 км/с Шыныда с= 200 000 км/с Вакуумдегі жарық жылдамдығы – табиғатта мүмкін болатын үлкен жылдамдық. Жарық көздері – жарық шығаратын денелер. Ғаламдағы негізгі жарық көздері-жұлдыздар. Барлық жұлдыздардың ішінен өзіміз оның дөңгелегін көре алатын Күн-бізге ең жақын жұлдыз. Күн кәдімгі жұлдыз, сондықтан оны жалпылама зерттеу жұлдыздар табиғатын түсінуге көмектеседі. Күннің массасы Жердің массасынан 333000 есе үлкен. Күн - өздігінен сәуле шығаратын зор энергия көзі. Ол күн жүйесіндегі барлық денелерге сәуле шығару арқылы күшті әсер етеді; оларды қыздырады, планеталар атмосферасына әсер етеді. Жердегі тіршілікке қажетті жарық пен жылу береді, барлық өсімдік пен жануарлар әлемінің өмір сүруін қамтамасыз етеді. Күн энергиясының біраз бөлігі тас көмір, мұнай және басқа пайдалы қазбалар түрінде Жер астында сақталған. Барлық жұлдыздар сияқты Күн-қызған газ шары негізінен, ол гелий қоспасы (10 пайыз) бар сутектен тұрады. Ядролық белдеу – мұнда қысым мен температура ядролық рекциялардың жүруін қамтамасыз етеді. 2) Сәулелік белдеу - энергия қабаттан қабатқа электромагниттік энергия кванттарын алма кезек жұту және шығару арқылы сырқа береді. 3) Конвекция белдеуі - “сәулелік” белдеудің үстіңгі жағынан Күннін дәл көрінетін шекарасына шейінгі аралық. Мұнда температура Күннің көрінерлік шекарасына жуықтаған сайын тез кемиді де, соның нәтижесінде зат алмасу болып жатады(астынан жылытқан ыдыстағы сұйықтың қайнағаны сияқты) 4) Атмосфера – бұл бірден конвекциялық белдеуден басталады да, Күннің көрінетін дөңгелек жүзінің шегінен аулаққа таралып кетеді. Аьмосфераның төменгі қабатына газдардың жұқа қабаты кіреді, біз оны Күннің беті ретінде қабылдаймыз. Атмосфераның қалыңдығы 200 –300 км, ең терең қабаты-фотосфера. Хромосферадан жоғары Күннің 10 радиусындай аралықта Күн газдарының температурасы өзгермейді. Бұл сиретілген және ыстық қабық күн тәжі деп аталады. Күн тұтылу кезінде көруге болады. Күн тәжінің газы планетааралық кеңістікте таралып, Күннен тұрақты таралатын күн желі деп аталатын ыстық сиретілген плазма ағыны. Күн тәжінде одан да керемет, әрекетті түзілістер протуберанцтер байқалады. Олар тәж затымен салыстырғанда тығыздау газдардың бұлттарының қозғалысы. Соңғы мәліметтер бойынша Күннің жасы 5 000 000 000 жыл жасында. Күн Жерде болатын құбылыстарға үлкен ықпалын тигізеді. Ол жер үшін негізгі жылу көзі болып табылады. Күн жерді жарықтандырып және жылытып қана қоймайды, сонымен қатар 11 жыл сайын болып тұратын күн белсенділігі – бірқатар геофизикалық құбылыстардың тууына жол ашады. Мысалы: Күннің қысқа толқынды сәуле шығару радиотолқындардың таралуына күшті әсер етеді, кей кезде радиобайланыс бұзылады.   ІІІ. Егер көз бен жарық көзінің арасына мөлдір емес нәрсе орналастырса, онда жарық көзі көрінбейтін болады. Бұл біртекті ортада жарық сызық бойымен – түзу сызықты тарайтынын түсіндіреді. Жарықтың таралу заңы дегеніміз осы. Жарық көзінен келген жарық энергиясы бойымен тарайтын сызық жарық сәулесі деп аталады. Берілген шектелген бағытта тарайтын жарық сәулелерінің жиынтығы жарық шоқтары деп аталады. Көлеңкенің пайда болуы – біртекті ортада жарықтың түзусызықты таралуымен түсіндіреді. Жарық көзінен жарық түспейтін мөлдір емес нәрсенің сыртындағы кеңістіктің бөлігін көлеңке деп атайды. Ашық күндері адамдардың, үйлердің, ағаштардың және басқа да нәрселердің көлеңкелері анық көрінеді. Бұл құбылысты толығырақ қарастырйық. Ол үшін кішкене S жарық көзін алайық. Одан біршама қашықтықта Э экранды орналастырайық. Шам экранды жарықтандырады, яғни оның әр нүктесіне жарық түседі. Мөлдір емес кішкене Т шарды экранға түсетін жарық шоғы аймағына, яғни шам мен экранның арасына орналастырайық. Экранда қара дөңгелек түріндегі көлеңке пайда болады. Егер S және А нүктелері арқылы түзу жүргізсе, онда ол В нүктесінде жатады. Бұл жарықтың түзу сызық бойымен таралатынын дәлелдейді. Егер жарық көзі нүктелік деп есептеуге болмайтын үлкен шам болса, онда экрандағы толық көлеңкенің айналасында өте қараңғы емес екі аймақ – алакөлеңкелер пайда болады. Алакөлеңкенің пайда болуын, жарықтың түзу сызықпен таралу заңын растайды. Орасан зор масштабтардағы көлеңкелер мен ала көлеңкелер Күн мен Ай тұтылуларында байқалады. Күннің тұтылуы. Егер Ай өзінің Жер айналасындағы қозғалысында Жер мен Күннің арасына келіп қалса, онда ол Күнді жауып қалса, онда Күн тұтылады. Ай Жерге көлеңке мен ала көлеңке түсіреді. Жерге Ай көлеңкесі түскен нүктелерінде Күн толық тұтылады, Жер бетінің алакөлеңке аймағындағы нүктелерінде ол тұтылу жартылай болады. Күннің тұтылуы таңғаларлық көрініс болып табылады. Аспанда қара дөңгелекті және оның айналасындағы тамаша шұғыла-Күн тәжін көреміз. Ол күннің қатты қызған атмосферасының жарқыраған сыртқы бөліктері. Күннің толық тұтылуы кезінде тез қараңғы түседі. Ауа температурасы төмендейді, тіпті шық пайда болады. Толық тұтылу көбіне 2-3 мин-қа созылады және ұзақтығы 8 мин-та (7 мин 40 с) аспайды. Ол Жерде бір жарым жылда бір рет болады, бірақ Жердің бір орында қайтадан болуы өте сирек: шамамен 200-300 жылда 1 рет болатын құбылыс. Күн тәжі Айдың тұтылуы. Ай Жердің көлеңке аймағына енгенде, Ай тұтылуы басталады. Ай тұтылу тек Айдың толған кезінде, яғни Ай аспанның Күнге қарсы нүктесі маңайында болған кезінде байқалады. Бұл уақытта Ай Жерге өзінің барлық жарықталған жарты шарымен қарайды. Егер толық Ай өзінің Жер айналасындағы қозғалысында толығымен Жердің көлеңкесіне енсе, онда Айдың толық тұтылуы болады. Егер ол көлеңке шетін жанап өтсе, онда тұтылу жартылай болады. Айдың толық тұтылуы ұзаққа созылады, екі сағат дерлік болуы мүмкін. Ортағасырлық Шығыс ғалымы, Хорезмде туылған Мұхаммед ибн Ахмед әл-Бируни (973-1048 жж) Ай тұтылу кезінде, Ай түсінің өзгеруін, Күннің толық тұтылуы кезіндегі Күн тәжі құбылысын бақылап, суреттеп жазған. Бақылау сұрақтары: 1. Оптика нені қарастырады? 2. Жарық деген не? Жарық көздерінің түрлерін ата? 3. Жарықтың вакуумдағы жылдамдығы неге тең? 4. Күннің тіршілік үшін маңызы қандай? 2 «Ойланыңдар» Толықтыру тестісі: 1. Күннің көрінетін беті..................... 2. Жарық бөлшектері.......................... 3. Атмосфераның қалыңдығы 200-300 км болатын ең терең қабаты...................... 4. Ғаламдағы негізгі жарық көздері.............................. 5. Өздігінен сәуле шығаратын зор энергия көзі...........................
Ой толғаныс №1249. Кестеге мына аталған денелердің қайсысы табиғи жарық көздеріне, қайсысы жасанды жарық көздеріне жататынын жазыңдар: Күн, шырақ, теледидар экраны, жұлдыздар, шіріген заттар, күндізгі жарық шамы, найзағай, газ плитасы жанарғысының жалыны, поляр шұғыласы, дисплей экраны.
Жарық көздері
Табиғи Жасанды
     

 

№1266. 339-суретте S жарық көзінің және горизонталь орналасқан төрт білте тақтайдың орны көрсетілген. Осы суретті дәптерлеріңе көшіріп салып, АВ қабырғасының қай жерінде жарықтың жіңішке жолақтары пайда болатынын көрсетіңдер.

№1267.Бақылаушының көзі саңылаудың алдындағы А нүктесінде орналасқан. Схемалық түрде суретін сала отырып, мынаны көрсетіңдер: а) бақылаушы ағаштың қай бөлігін көріп тұр; б) бақылаушы саңылау алдындағы нүктенің қайсысында (А1) ағаш бойын толық көре алады?

№1272. Сызбаны сызып S1 және S2 жарық көздерінен жарықталған доптың көлеңкесі мен шала көлеңкесін кескіндеңдер.

 

 

 

 

БББ кестесі

 

Білем Білдім Білгім келеді
     

 

Үйге тапсырма § 61. Жарық. Жарық жылдамдығы. Жарық көздері § 62. Күн –жұлдыз. § 63. Жарықтың таралуы. Күннің және айдың тұтылуы. «Жарық табиғатының адам өміріндегі ролі» (эссе) жазып келу. Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау   Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс     Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

 

 

Пәннің аты Уақыты: Кабинет: Мұғалім сабақ 57
Сабақтың аты Есептер шығару
Жалпы мақсаты Электр және магнит құбылыстары жайлы мағлұмат беру Электр және магнит құбылыстарының формулаларын есептер шығаруда қолдана білуге үйрету
Күтілетін нәтиже Электр және магнит құбылыстары жайлы мағлұмат алады Электр және магнит құбылыстарының формулаларын есептер шығаруда қолдана білуге үйренеді
Психологиялық ахуал Психологиялық дайындық «Жүректен - жүрекке» шеңбері – Әрбір еркелетіп айтатын есім гүлге ұқсайды. Гүлдердің бәрі әдемі: раушан да, қызғалдақ та, бәйшешек те – бәрі де өзінше керемет, бәрі де адамға қуаныш сыйлайды. Біздің есіміміз де осындай керемет! Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Топқа бөлу Геометриялық фигуралар үлестіріледі   Оқушылар таңдаған фигураларына сай топтарға бөлініп отырады.
Қызығушылықты ояту Үй тапсырмасын сұрау(5 минут) 3. Жарықтың таралуы жайында не білесіңдер? 4. Күн мен Айдың тұтылуы жайында не білесіңдер? Талқылау үшін сұрақтар беріледі(2 минут) 1. Электр және магнит құбылыстарының формулаларына шолу жасау?  
Сергіту сәті «Халықтар» биі
Жаңа сабақ Тақырыпқа сай дайындалған ресурстармен постер жасау   1топ - №1 тәжірибе Су құйылған ыдыстағы жарық сәулесінің жүру жолын бақылаймыз. Жарық көзі ретінде лазерді пайдаланамыз. Лазер жіңішке жарық шоғын береді. Лазерді жарық сәулесі деп айтуға бола ма? Суда жарық қалай таралады? 2топ- №2 тәжірибе Ыдысқа сүт ерітіндісін құямыз. (200 мл дистильденген су мен 2-3 тамшы сүт) Жарық сәулесінің жүрісінде қандай өзгеріс пайда болады? Түсіндіріңдер. Неге тұман және бұлттар мөлдір емес, олар да кішкентай мөлдір су тамшыларынан құралған емес па? Қандай жағдайда жарық түзу сызықты таралады? 3 топ - №3 тәжірибе Оптикалық дискі, жазық параллель шыны пластина, жарық көзі құралдарын пайдаланып жарықтың шағылуын түсіндір. Бақыланып отырған құбылысты түсіндір, яғни қандай заң орындалады. 4 топ - №4 тәжірибе Оптикалық дискі, жазық параллель шыны пластина, жарық көзі құралдарын пайдаланып жарықтың сынуын түсіндір.   Бақыланып отырған құбылысты түсіндір, яғни қандай заң орындалады. Берілген есептерді топпен бірлесе отырып шығарады. 5. Ток күші 0,5 А болғанда 7,7 Кл зарядты тасымалдау қанша уақытқа созылады? 6. Көлденең қимасының ауданы 2 мм2, ұзындығы 8 м никель сымның кедергісі неге тең? Егер сымның ұштарындағы кернеу 3,2 В болса, оның бойынан қандай ток өтеді? (ρ=0,4 Омּмм2/м). 7. Кедергілері 36 және 72 Ом электр пешінің спиральдарын параллель жалғанып, кернеуі 36 В тұрақты ток көзіне қосылған. Электр пешінде бөлінген қуатты анықтаңдар. 8. Суретте көрсетілгендей етіп жалғанған бірдей төрт шамның жалпы кедергісі 75 Ом. Бір шамның кедергісі неге тең? 5. Электр шамы кернеуі 220 В желіге қосылған. Шам арқылы өткен ток күші 0,3 А. 20 с ішінде шамдағы электр тогының жұмысы қаншаға тең? 6. Тізбектің кернеуі 120 В бөлігіндегі 5 Кл зарядты қозғағанда электр өрісі қандай жұмыс жасайды? 7. Көлденең қимасының ауданы 0,2 мм2 нихром сымның электрплита кедергісі 80 Ом спираль әзірлеу үшін, ұзындығын қалай етіп алу керек? ((ρ=1,1 Омּмм2/м). 8. Бірінші вольтметрдің көрсетуі 24 В. Амперметр мен екінші вольтметрдің көрсетуі қандай?    
Ой толғаныс

Тест

1. Оптика –бұл:

А) Жарық және жарық құбылыстарын зерттейтін физиканың бөлімі

В) Көру туралы ғылым

С) Жарық табиғатын зерттейтін физиканың бөлімі

Д) Көргіштік шарттарын көтеруге арналған құралдар

Е) Жарық құбылыстары туралы ғылым

2. Вакуумдегі жарық жылдамдығы

А) с=225000км/с В) с=300000 м/с

С) с=200000 м/с Д) с=299711 км/с Е) с=300000000 м/с

3. Жарық бөлшектері қалай аталады?

А) фотондар В)электрондар С)сәуле Д) күн Е) дұрыс жауабы жоқ

4. Дербес жарық көздері өз кезегінде нешеге бөлінеді?

А) люминесценциялық, плазмалық, сәуле шығару

В) отын, электр шамы, плазмалық

С) Жылулық, плазмалық, сәуле шығару

Д) Жылулық, люминесценциялық, плазмалық

Е) метеориттер, кометалар, Ай

5. Күн затының орташа тығыздығы

А) r=6,3*10-8 кг/ м3 В) r=2,7*10-8 кг/ м3 С) r=1410 кг/ м3

Д) r=5,95*10-8 кг/ м3 Е) r=5950 кг/ м3

6.Төмендегі мысалдардың қайсысы люминесценциялық жарық көзіне жатады?

А) жарық қоңыздары В) жарнамалық түтікшелер

С) Кварц Д) Лазерлер Е) Аспан күмбезі

7. Солтүстік Қазақстанда толық Күннің тұтылуы қашан және қай күні байқалды?

А) 1981 жылы 31 тамызда В) 1999 жылы 16 қазанда

С) 1476 жылы 25 ақпанда Д) 2006 жылы 29 наурызда

Е) дұрыс жауабы жоқ

8. Көлеңкенің пайда болуын дәлелдейтін заң –

А) жарықтың шағылу заңы В) жарықтың сыну заңы

С) жарықтың түзу сызықпен таралу заңы

Д) жарықтың толық шағылу құбылысы

Е) жарықтың бөліну құбылысы

Күннің тиімді температурасы?

А) 6000 К В) 600 С С) 6000 С Д) 600 К Е) 60 К

1. Жарық сәулесі дегеніміз –

А) Біртекті ортада жарық сызық бойымен түзу сызықты таратады

В) Жарық көзінен келген жарық энергиясы бойымен тарайтын сызық

С) Заттың бөлшектерінің табиғатынан бөлек, табиғаты ерекше бөлшектер ағынын айтады

Д) Шектелген бағытта тарайтын жарық сәулелерінің жиынтығы

Е) Дұрыс жауабы жоқ

Тест жауаптары: 1 а, 2е,3а, 4д,5с,6а,7а,8с,9а,10в

Өткен сабақта үйренген әндерін орындау «Ай дидарлы анашым».

БББ кестесі

 

Білем

Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow