Мультфильмы: Верните Рекса 9 страница

-Ал, енді көздеріңді ашыңдар, жымиыңдар және осы сезімдеріңді, қуаныштарыңды күні бойы сақтауға тырысыңдар.

Балаларға бір парақ ақ қағаз таратылып, ортасынан екі бүктейді. Бір бөлігіне көңіл -күйін бейнелейтін смайликтің немесе табиғат құбылыстарының бірінің суретін салып қояды. Бұл іс-әрекет арқылы баланың сабақ басындағы көңіл -күйі анықталады.

 

 

Топқа бөлу:

Қағаз қиындыларында адамгершілік қасиеттер жазылған (Сүйіспеншілік, мейірімділік), балалар өздері таңдап, екі топқа бөлінеді.

 

Адамгершілік қасиеттер жазылған қағаз қиындылары

Пікірлесу

Балалар, бүгін біз «Мақсат - жетістік желкені» тақырыбын жалғастырамыз

ü - Жетістік дегеніміз не?

ü -өмірлік мұратыңа, белгілі бір жетістікке жетуде қандай адамның мүмкіндіктері мол болады?

ü -Мақсатқа қол еткізу оңай ма?

 

 

Жаңа ақпарат:

Жетістік дегеніміз - рухани әрі дене қуатының бір мақсатқа бағыттау және сол мақсатқа жету. Қандай да бір істі тындырымды әрі тыңғылықты істеу де - жетістік. Ойдағыдай істелген іс, жоспарланғандай атқарылған жұмыс, мұрат етілгендей орындалған арман - жетістіктің нақ өзі. Сондықтан жетістік - адам бақытының қайнар көзі. Бұл көзді қаншалықты аршыған адам өмірде соншалықты бақыт табады. Бақыт бұлағы адамға өз ләззатын берген сайын кісі бойындағы шаттық сезім де арнасынан аса түседі. Демек, адамның шаттықа оранып, құмарлана өмірден ләззат алатын, қуанышқа бөленіп, рақаттана шат-шадыман болатын бақытқа жету бірі - жетістік.

Жетістік тек оза шауып бәйге алуда емес, адамдық қасиетті жоғалтпауда жатыр. Әуелі, адам деген атқа лайық бол, жетістігің адамдығыңмен өлшенсін. Сені жетістікке жетелейтін сенен басқа ешкім емес, өзіңе деген сенім сені барлық белестерден алып шығады. Өзгеге жалтықтаушы болма, кісілігің қалмайды. Ең үлкен жетістік - қоғамға пайдалы істі тындыру. Жетістіктің ең үлкен жауы - "кейін істермін" деп айту. Жетістікке апаратың жолдан қаймықпау және әрқашан үмітті болу.

 

 

Ойын - жаттығу:

«Өрмекші торы» жаттығуы.

Нұсқау: Қатысушылар шеңбер құра отырады. Ойынға барлығы қатысуы тиіс. Жіп кімнен ілініп басталса, сонымен аяқталып өрмек жиналу керек.

Жаттығу шарты: Топта бірін-бірі жақын танығандықтан, әр кім 1-ші өзінің достарына айтар тілегін, қошеметін, жағымды қылықтарын білдіріп жіпті саусағына іледі, өрмек тоқылды. 2-ші кері бағытта, бірақ сол ізбен достарының бойына қажет емес қасиеттерін, қылықтарын айту. Өрмекті жию.

Айтылған тілектер мен сынды қабылдаймыз ба? Сын орынды айтылды ма? Бұл жаттығудың мақсаты да сол, сын түзелмей, мін түзелмейді - дегендей, айтылған ескерте, сындарды түзете білейік. Болдырмайық.

 

Жіп орамы

Шығармашылық жұмыс:

Топтық жұмыс. Постер қорғау 1-ші топ - Жетістікке жету үшін адамда қандай қасиеттер болу керек? (Сенімділік, оптимист, өз дегенінен қайтпау, өзін өзі тану, тәуелсіз болу, еңбекқорлық, ынталы, мақсаткер, жауапкершілік)

2-ші топ - Жетістікке жету үшін не істеу керек? Мақсат қою, алға ұмтылу)

 

Плакаттар, маркерлер.

Аяқталуы

Рефлексия:

«Рефлексивті экран». Әрбір оқушы экрандағы сөйлемнің басын оқып, соңын өзі жалғастырады.

1. Бүгін менің білгенім......

2. Қызықты болғаны.......

3. Қиын болғаны.......

4. Мен мынадай тапсырмалар орындадым.......

5. Менің ұққаным.......

6. Енді мен жасай аламын.....

7. Менің сезгенім.......

8. Өзім үшін үйренгенім.........

9. Мен үйрендім.....

10. Менің қолымнан келгені.......

Балаларға, жасыл және қызыл адма ұсынылады. Егер сабақ ұнаса, түсінікті болса қызыл алманы, егер түсніксіз, ұнамаса жасыл алманы ағашқа іледі.

 

Алмалар, ағаш

Қорытынды:

Балалар бір бөлігіне сабақ басындағы сурет салынған парақтың екінші бөлігіне сабақ соңындағы көңіл -күйін бейнелейтін смайликтің немесе табиғат құбылыстарының бірінің суретін салып қояды.Бұл іс-әрекет арқылы оқушының көңіл -күйі анықталады.

Топпен ән айту

Мақсат - бақыт бастауы

Сөзі А.Беляевтікі

Әні Б.Қажымұқановтікі

Жолдас керек әр жанға,

Мақсат керек бір биік.

Тұманы мол жалғанда

Тұрмайды ма нұр құйып.

Сылдыр сөз бен күлкіңмен

Жете алмайсың мұратқа.

Адасасың іркілген,

Арман жаңа жырақта

 

Қосымша ақпарат:

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

 

Сынып 8 «А»

 

Мерзiмі:

 

Сабақтың тақырыбы: Мақсат – жетістік желкені.

 

Құндылық: дұрыс іс-әрекет

 

Қасиеттері: еңбектену, шыдамдылық, төзімділік

 

Сабақтың мақсаты: Әр адамның өз өмірінің мәнін түсініп, белгілей білуінің маңыздылығы жөніндегі ұғымдарын дамыту

Міндеттері:

 

· оқушыларды өз болашағының бағытын айқындап, мақсат қоя білуге үйрету;

 

· оқушыларды шыдамдай, төзе білуге дамыту

 

· оқушыларды сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

 

Ресурстар:оқулық, дәптер, ватман, маркер, бейнепроектор, ән мәтіні

 

А4 беттер, қарындаштар.

 

Сабақтың барысы:

 

Ұйымдастыру кезеңі.

 

5 Т ережесі: Тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық

 

Тыныштық сәтi.

 

Тыныштық сәтi.

 

Ыңғайлы және еркін отырыңдар. Көзді жұмыңдар, өздеріңді орманда жүрмін деп елестетіңдер. Жапырақ иісін иіскеп, құстар әнін тыңдап, орманда қыдырып жүрмін деп ойлаңдар. Қыдырып жүріп, үңгірге жақындаңдар. Қабырғасын қолмен ұстап, тастың қаттылығын сезін. Үңгірдің қасында сарқырап су ағып жатыр. Судың аққанын және орман тыныштығын, құстардың әнін естуге тырыс. Осының барлығына ішкі жан дүниеңді аш: өзіңе ыңғайлы орынға отырып, тыныштықпен үйлесімге кел. «Иә» деген сөз барлық әсерге ие, осы сөзбен сенің жаман көңіл-күйің кетсін. Ішіңізден қуанышты сезін. Өз өткеніңіз, ертең, бүгініңізге күлімдеңіз. Жұмысымызды аяқтаймыз. Өзіңіздің демалғаныңызды сезген кезде көзіңізді ашыңыз.

 

Үй тапсырасын тексеру:

 

Оқулықтың 26 бетіндегі Б.Төреқыздың шығармасынан үзіндіні оқып келу.

 

Сұрақтар:

 

Жетістік дегеніміз не?

 

Мұратқа жету жолындағы мақсаттың сенімді серіктері кімдер?

 

Мәтінде мұратты неге теңеп тұр?

 

Мақсаттың адам өміріндегі рөлі қандай?

 

Өз мақсатымызға жету үшін не істеу керек?

 

Сабақ барысын талдау:

 

6 мин

 

Дәйексөз.

 

«Мақсатсыз жанталасып жүрген адамнан өз мақсатын көзден таса етпеген сылбыр адам әлдеқайда артық»

 

Э.М.Форстер

 

5 мин

 

3. Әңгімелеу

 

Мәтінмен жұмыс

 

Бір жалықтың ырымы болыпты. Кімде-кім жаңа жылға таяу таудан ақ гүлді жұлып алса бақытты болады. Бірақ гүл өскен таудың бір сиқыры болыпты. Ол әрдайым дірілдеп тұратын, сондықтан ещбір адам ұстанып тұра алмай құлап қала беретін. Бірақта жыл сайын тауға шыққысы келетін адамдар табылатын.

 

Күндердің бір күні үш дос бақтарын сынамақшы болады.

 

Тауға шығар алдында олар ақсақалға барып кеңес сұрайды.

 

Ақсақал: жеті рет құласаң сегіз рет шық деген кеңес береді.

 

Үшеуі тауға қарай бет алады.

 

Бір сағат өткен соң бірінші бала келеді де айтады: жеті рет құладым, сегіз рет шығып келе жатып қарасам жолдың төрттен бір бөлігін өтіппін, бұрылып алдым да қайтып кетті.

 

Екі сағат өткен соң екінші бала оралады. Мен де жеті рет құладым, сегіз рет шығып келе жатып қарасам жолдың үштен бір бөлігін өтіппін, бұрылып алдым да қайтып кетті дейді.

 

Тағы бір сағат өткен соң үшінші бала қолында бір тал ақ гүлімен оралады. Сен құлаған жоқсын ба? Бір де соғылып тырналған жерің жоқ қой.

 

Мен жүз рет немесе одан көп құлаған шығармын білмеймін санаған жоқпын дейді. Тауға шығарда мен құлап үйренгенмін деп күді бала.

 

Бұл бала құлауды үйренген жоқ, ол құлап жатқан жерден тұрып мақсатына жетуді үйренді - деді ақсақал.

 

Көп адамдар мақсаттарына тез жеткілері келеді бірақ жету жолындағыы қиындақтарға шыдай алмайды.

 

 

ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТУ ЖОЛЫНДАҒЫ ҰСТАНЫМДАР

 

· Алдыңа мақсат қою

 

· Сені жетістік күтіп тұрғанына үміттену

 

· Іске дайын болу

 

· Адымыңды анық басу

 

· Алға ұмтылу

 

· Қорықпау, күмәнданбау

 

· Көңіліңді тоқ ұстау

 

· Жаңашыл болу

 

· Басқалармен кеңесу

 

· Тәуелсіз болу

 

· Біртұтасты бөлшектеу

 

· Жетістіктеріңнің қайдан келуің ұмытпау

 

10 мин

 

4. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

 

Дәптермен жұмыс

 

Дәптермен жұмыс

 

Оқушы дәптерінде берілген тапсырманы орындату.

 

15 мин

 

6. Түйіндеме

 

Әр бастаған ісіңді соңына дейін жеткізіп, түскен жолыңнан бұрылмау керек. Әр ауырлығына шыдап, төзімділік танытса сонда бірақ мақсатына жетеді.

 

2 мин

 

7. Үй тапсырмасы.

 

Оқулықтың 32 бетіндегі «Өшпес із» атты әңгімені оқып келу.

 

2 мин

 

8. Соңғы тыныштық сәтi.

 

Балалар денелеріңді тұзу бастарыңды жоғары кһтеріп ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмуыңа да болады. Ауаны терең жұтып, еркін дем алыңдар. Денелеріңді бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі сіздерді аялап, қоршап қамқор болып тұр. Сіздердің бойларыңыз жақсылыққа, махаббатқа толы екенін ұмытпаңыздар. Өздеріңді бақытқа шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.

 

5 мин

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Мектеп №1 орта мектеп

Мерзiмі: 23.10.2014 жыл.

№ 8 - сабақ

Тақырыбы: Талаптыға нұр жауар

Құндылық: дұрыс әрекет

Қасиеттері: ізгілік,қабілеттілік, адамгершілік.

Мұғалiм: Нурмаханова Жанат Тажмухановна.

Класс 8 Оқушылар саны 23

Сабақ мақсатыАдамдардың алдына қойған мақсатын, табиғи дарындылығын, қабілетін жетілдіруде ізденуге, талаптана білуге үйрету дұрыс әрекет ету құндылығынан туындайтыны туралы түсінік беру. Міндеттері: - оқушыларды еңбекқорлыққа үйрету; - оқушылар бойындағы табиғи дарындылығын дамыту; - төзімділікке тәрбиелеу. Ресурстар: оқулық, дәптер (аудио,видео жазбалар)
Сабақ барысы: 1.Ұйымдастырукезеңi: Сәлемдесу. Оқу құралдарына назар аудару. 5Т 2.Тыныштық сәтi. «Орманға ойша серуен» (5 мин) 3.Үй тапсырмасын тексеру: Тапсырма: 7-сабақ, М.Иманжановтың 34-беттегі «Талап» әңгімесін оқу. Фарузаның сабаққа жауап бере алму себебі неде? Фаруза қандай оқушы? Фарузаның әрі қарай талаптануына не себепші болды? Талаптану адамға не үшін қажет? Талаптанудың адам өміріне септігі қандай? Талаптануда қандай қасиеттер шыңдалады? Сабақ барысын талдау:
1. 4. Дәйексөз 2. «Талап қылса ер егер, ұлт тағдыры көгерер.» 3. Халық даналығы Қлт тағдыры қалай көгермек? 2-рет ер балаларға, 2- рет қыз балаларға айтқызу. Барлығы бірге айту.  
4.Әңгiмелеу. Мұғалімнің сыйы «Қабілеттілік және өсуге деген ұмтылыс» Бір күні шәкірттері ұстазынан, оның ең негізгі міндеті қандай екенін сұрапты. Данышпан күліп қана: — Бұл туралы ертең білесіңдер, - деген екен. Келесі күні шәкірттер уақыттарын таудың етегінде өткізуге жиналады. Таңсәріден шәкірттер жолға керекті заттарын жинап, жолға бірге аттанады. Түске таман, шаршаған және қарындары ашқан олар әдемі бір төбешікке жетеді де, тынығу үшін тоқтайды, ұстаз өзімен бірге алып шыққан күрішпен, тұздалған көкөністермен тамақтануға шешім қабылдайды. Мынаны ескерген жөн, данышпан көкөністі аямай тұздаған болатын, біраз уақыттан кейін шәкірттер су ішкісі келді. Бірақ, өкінішке орай, өздерімен алып шыққан су бітіп қалған. Сонда шәкірттер биіктікке көтеріліп жан-жақтан бұлақ іздей бастайды. Тек ұстаз ғана орнынан қозғалмады, ізденіске қатыспады. Нәтижесінде шәкірттер бұлақты таба алмай, кейін оралуға бел буған болатын, сол уақытта данышпан көтеріліп және оларға жақындап былай деді - Сіздер іздеген бұлақ анау төбенің артында орналасқан. Шәкірттер ол жаққа қуана асықты, бұлақты тауып және шөлдерін басты, ұстаздарына бұлақтан су алып, қайта оралды. Ұстаз аяқ астындағы ыдысты көрсете отырып, судан бас тартты. Өйткені ол суға толы болатын. Неліктен сізде су бола тұрып, бізге ішуге бермедіңіз? - деп таңданды шәкірттері.Мен өз міндетімді орындадым, - деп жауап берді данышпан. Әуелі мен сендердің аңсауларыңды ояттым, содан сіздер бұлақты іздеуге мәжбүр болдыңдар, Міне осылай ша мен сендердің білімге деген құштарлықтарыңды оятамын.Сосын сіздер күдер үзген кезде, мен сендерді қолдай отырып, бұлақ қайда орналасқанын көрсеттім. Бірақ өзіммен біраз су алып, қалаған нәрселер аяқ астында, қастарыңда болуы мүмкіндігін үлгі ретінде көрсеттім. — Сонда мұғалімнің ең басты міндеті құштарлықты ояту үшін қолдау мен дұрыс үлгі көрсету ме?– деп сұрады шәкірттері ұстазынан. .- Жоқ, ең басты міндетім - шәкірттерді адамшылдық пен мейірімділікке тәрбиелеу, - деп күлімсірей жауап бере отырып, Сөзін былай деп жалғастырды,сендер әкелген су ол менің міндетімді дұрыс орындағанымды білдіреді - деді данышпан. Шәкірттері ұстаздарына қандай сауал қойды? Ұстаз шәкірттерімен бірге жолға аттануының себебі неде? Қстаздың өз міндетін суға теңеудің сыры неде? Ұстаз жауабы қандай болды? Қабілеттілік қасиеті қалай шыңдалады? Адам өсу жолында қандай қасиеттер дамып, жетіледі? Талаптанудың адам өміріне маңыздылығы неде?  
6. Шығармашылық жұмыс, жеке жұмыс. Оқушыларға «Талап пен ақыл» өлеңін оқып, өздеріне қажетті қасиеттерді іріктеп алып, «Талаптыға нұр жауар» тақырыбында шығарма жазу.  
7.Топпен ән айту. Балдәурен Сөзі: Ш.Сариев, Әні:Е. Слетдинов 1.Балдәурен көктем, асығып жеткен, Шағала күндер. Базарлы маусым, шырқалған даусым, Тамсанып әсем. Балауса балғын, көк майса шалғын, Барады күндер. Тербеліп билеп, жайқалып билеп, Ән салып әсем. Қайырмасы: Балдәурен, бақытты ән дәурен, Келеді қанатын самғаумен. Көңілдің ұшырып, аққуын, Балауса, бал бұлақ, бал дәурен. 2.Жаныма жылы, жүрекке ыстық, Көңілге сұлу. Тоя ма көзің, балдәурен кезің, Бақыт-ау, бақыт? Даламдай дархан, тауымдай биік, Өмірге сұлу.  
8. Үй тапсырмасы Дәптердегі 8-сабақ, 17-беттегі 2-тапсырманы орындап келу. 9-сабақ, «Кешірімділік – көңіл кеңдігі» ой толғау жазу.  
9. Соңғы тыныштық сәтi - Енді көзімізді жұмып осы сабақта айтылған ойлар мен істерді ой елегінен өткізіп көрейікші. - Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық. - Енді көздеріңді аша қойыңдар. Сабақ аяқталды. Бүгінгі күндерің қуаныш әкелсін!  

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

 

Мектеп: Орал қаласы № 5 ЖОББМ Мерзiм қаңтар № 17 сабақ

Тақырып: Талаптыға нұр жауар Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: сыйластық, бақыт, мейірімділік, сүйіспеншілік, талаптану

Мұғалiм: Габбасова Багдагул Беккалиевна. Сынып- 4 Оқушылар саны - 19

 

Сабақ мақсаты:

Оқушыларға жақсылыққа талаптану арқылы дұрыс әрекет жасауға болатынын түсіндіру.

 

Міндеттері:

- Оқушыларға бақыт, сыйластық, мейірімділік қасиеттері адамға дұрыс әрекет жасауға ықпал ететінін түсіндіру;

- сыйластық, мейірімділік, бақыт, талаптану қасиеттерін дамыту.

- оқушыларды ізетті, ілтипатты, табанды болуға тәрбиелеу.

 

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңi.

Оқушылармен амандасып, «Өзін- өзі тану» сабағының ережесін «5-Т» қайталап, сабаққа қатысқандары үшін әр балаға 20 ұпайдан беремін.

 

Оқушылардың оқу құралдарын «5 затты» тексеріп, ұпайларын түгендейміз.

2. Тыныштық сәті Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.

 

3. Үй тапсырмасын тексеру

Б. Әділовтың «Қанат пен Жанат» әңгімесі

Сұрақтар:

1.Атасының үйіне келген қонақ кім еді?

2. Жанат пен Қанаттың әрекеттері туралы не айтар едіңдер?

3. Қанат домбыраны үйренуниетіне қалай жетті?

4. «Талаптыға нұр жауар» деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

5. Талапты бала қандай болады деп ойлайсыңдар?

Сабақ барысын талдау:

4. Дәйексөз.

"Талаптан да білім мен өнер үйрен,

Білімсіз, өнерсіз болады ақыл тұл."

Ш. Құдайбердиев

Дәйексөздің мағынасын ашу. Хормен қайталату, дәптерге жазғызу.

Ұл балалар қайталайды, қыздар қайталайды, сосын бәрі түгел хормен айтады.

5. Әңгiмелеу Аңыз әңгіме

Ертеде бір кісі баласын әбден есіртіп,еркелетеді. Өсе келе тілі удай ащы, есерсоқ, бейәдеп жігіт атанады. Жұрт безердей болғандықтан, оның қасына ешкім жүрмеуге тырысады.

Әкесі әбден ойланып, мынадай айла жасайды. Баласын шақырып алып, бір жалпақ тақтай береді. Күніне қанша адамды ренжітсең, мына тақтайға сонша шеге қақ дейді. Бірінші бала тақтайға 37 шеге қағады.

«Балам,өзіңді тежеп ұстап, шегеңді азайтуға тырыс» депті. Баласы әкесінің сөзін тыңдап, азайта отырып, бір күні ешкіммен ұрыспайтын, шеге қақпайтын да күнге жетіпті. Сол күні әкесі былай деп ақыл айтады:

«Енді балам, ешкіммен ұрыспайтын болдың. Бір адамды қуантқанда бір шегеден суырып отыр». Бала әкесінің сөзін орындауға тырысып, тақтайдағы шегені де күндердің бір күнінде таусыпты. Әкесі қуанып «Балам мен сені дұрыс адам болмайтын шығар деп қорқып едім. Міне өзіңді өзің тәрбиеледің, жақсы адам болып жолға түстің. Бірақ балам, мына тақтайға қарашы,бұрынғысындай тегіс әдемі емес. Беті шұрық тесік. Сен қанша кешірім сұрасаң да олар қанша кешірдім десе де кезінде айтылған сөздерді қалай өшіресің? Бәрібір ол жүректің түбінде қалады ғой. Әрине, бұл күндердің әркіммен бір ұрысып жүргеннен жақсы. Бірақ бұл саған өмірлік сабақ болсын, тіліңе ие бол», -дейді.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: