Мультфильмы: Верните Рекса 10 страница

Сұрақтар:

- Баланың іс әрекетіне қарап, мінез құлқына қандай баға беруге болады?

- Әкесі қандай айла ойлап тапты?

- Бала өзін тежеп ұстауға қалай үйренді?

- Әкесінің «Бұл саған өмірлік сабақ болсын» дегенін қалай түсіндіңдер?

_ Бала дұрыс әрекет жасады деп ойлайсыңдар ма?

 

6. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Сынып 2 топқа бөлінеді

1топ: (талаптану тақырыбына өлең шығару)

2 топ: (өзіңнің жасаған жақсылығыңды есіңе түсіріп көр) суретпен бейнелеуге тырыс

 

7. Топпен ән айту. Біз өмірдің гүліміз

 

Нұрланамыз бәріміз

(Сөзі өзгертілген)

Ақ ниетпен

Пәк жүрекпен

Өмірге біз келеміз.

Қуанышты

Ізгілікті

Күн нұрындай төгеміз.

 

Адалдықпен

Ақиқатқа

Жүгінеміз бәріміз.

Жақсылықты

Жамандықты

Айырады жанымыз.

 

Адамзатқа

Махаббатпен

Шырқалады әніміз.

Мейіріммен

Шуақ шашып

Нұрланамыз бәріміз.

8. Үй тапсырмасы.

17 - сабақ тапсырманы орындау

18 сабақ «Мен талапты баламын» өлеңін оқып, талдау.

 

9. Соңғы тыныштық сәтi.

Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Мұғалім жәй дауыспен:

- Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Алматы облысы Талдықорған
қаласы №25 орта мектеп
Өзін – өзі тану пән мұғалімі
Жамбылбаева Ғалия Нагметовна

№ 7 Сабақтың тақырыбы: «Талаптыға нұр жауар».
Құндылығы: дұрыс әрекет
Қасиеттері: сыйластық, бақыт, мейірімділік, сүйіспеншілік, талаптану
Сынып: 8а6 8в
Оқушылар саны:26
Ресурстар: (материалдар, дерек сөздер) Слайдтар,оқулық,дәптер,бейнетаспа
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға жақсылыққа талаптану арқылы дұрыс әрекет жасауға болатынын түсіндіру.
Сабақтың міндеттері:
-Бақыт, сыйластық, мейірімділік қасиеттері адамға дұрыс әрекет жасауға ықпал ететінін түсіндіру;
- Сыйластық, мейірімділік, бақыт, талаптану қасиеттерін дамыту.
- Оқушыларды ізетті, ілтипатты, табанды болуға тәрбиелеу.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу. Сабақтағы жағымды күйге ену.
Тыныштық сәті: «Әсем әуен»
Ыңғайланып отырыңыздар, деңелеріңізді түзу ұстаңыздар.
Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз. Сіз табиғаттың ең көркем жерінде жүргенінізді елестетіңіз. Сіз жұмсақ, жасыл шалшықта жалаң аяқ жүрсіз. Жасыл шөп сіздің аяғыңызды сипап жатқан сезімде боласыз. Күннің көзі жер бетін қыздыруда. Сіз гүлдің, шөптің және балдың иісін сезесіз. Өзеннің сыңғырлағанын, көңілді құстар ән салып жатқанын естисіз.
Тыныштықта тұрып, табиғаттың әсем үні сізді сезімге бөлейді. Алақандарыңызды күннің көзіне жайыңыз. Самал жел сізді тербеп тұр. Жүрегіңіздегі барлық мұңды, өкпені, ренішті барлығын жіберіңіз. Сіз пәк, таза, мейірімді жансыз. Қазір колымызды жайып, бізге өмір, денсаулық, қуаныш және жақсы көңіл күй сыйлаған Ана-Табиғатқа «Рахмет» деп айтамыз. Көздеріңізді ашуға болады.
Мұғалім: Рахмет. Сіздерге «Тыныштық мезеті» ұнады ма? Табиғатта серуендеу сізге қандай сезімді тудырды?
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 6 сабақ Берілген хаттың шешімін тауып жауап жазу.
Алдиярдың Ақжарқынға жазған хаты
ІІІ. Жағымды ой пікір (дәйексөз)
Талап қылса ер егер, ұлт тағдыры көгегер
Халық нақылы
1.Нақыл сөзден түйген ойыңыз?
2.Талаптану адамға қандай мүмкіндіктер береді?
ІV. Оқиға айту (әңгіме)
«Өмір сүрудің ең жақсы жолы»
Шағын бір ауылда орта жастағы бір кісі дүкен ашып сауда жасамақ болады. Сөйтіп алға қойған жоспарын бастапта жіберіпті. Ол ақ көңіл, жайдарлы, еңбекқор болғандықтан ауылдың барлық адамдары оны жақсы көріпті. Оның дүкеніне барып сауда жасайтын.Ауылдың тұрғындары тамыр – таныстарына да сол адамнан сауда жасауға кеңес беретін. Шаруасын кішігірім дүкеннен бастаған еңбекқор жан, бір жылдың ішінде жан жақтағы қалалардан сондай шағын дүкендер ашып тастайды. Бір күні науқастанып, бұл дүниеден өтерін сезген адам, артында қалған үш ұлын қасына шақырып:
Үшеуіңнің біреуі барлық дүкенімнің иесі болады. Мирасымды соған қалдырамын. Менің жиған дүние мүлкіме қайсысың лайықты екенін білу үшін үшеуіңе де бір – бір доллардан беремін. Осы долларға бір нарселер алыңдар. Кешкісін келгенде алған нарселерің менің осы бөлмемді толығыменн толтыруы керек.Шартым осы. Ұлдары бұл мүмкіндіктен айырылып қалмауды ойлап, не істерлерін білмей қатты абыржиды. Қалаға барып үшеуі де долларларын жаратты. Кешкісін әкелеріне келіп, үлкен ұлы:
Әке, досымның шаруашылығына барып, екі қап сабан сатып алдым, - деді де, қаптарды ашып сабанды әр тарапқа шаша бастады. Алайда көп ұзамай сабандар еденге түсіп, бөлмені толтыра алмады. Екінші баласы: Дүкенге барып екі жастық алдым,- деді де, жастықтарды сөгіп, ішіндегі жүндерін бөлменің ішіне шашып тастады. Бірақ, жүн де бөлмені толытыра алмады.
Үшінші ұлы:
Әке, долларды ұсақтап, 50 центін мешітке, 20 центін қайырымдылық қорына, ал 20 центін мүсәпір кемтарларға тараттым. Қалған 10 центіне екі нарсе алдым,- деді де, қалтасынан сіріңке мен шырақты шығарды. Бөлменің жарығын сөндіріп, шырақты жақты. Сабан мен жүнге толмаған бөлме аз уақыттың ішінде шырақтың нұрына бөленді. Әкесі ұлына риза болып:
Мирасымды саған қалдырамын ұлым. Өйткені өмір сүрудің ең жақсы жолы – айналана жарық тарату деген екен
Сұрақтар:
1.Үшінші ұлының әрекетіне деген өзіңіздің көз қарасыңыз?
2.Айналана жарық тарату дегенді қалай түсінесіз?
3.Әкесі неліктен баласының талабына риза болды?
V. Шығармашылық жұмыс
Топпен жұмыс
1топ Тапқырлар: «Алынбайтын асу жоқ» сахналық қойылым
2 топ Алғырлар: «Талапты бала талпынған құстай» шағын эссе жазу
VІ. Топпен ән айту
«Жаса Қазақстан»
1.Бабалар бұл жерде елін қорғап терлеген
Батырлар бұл жерде намыс қолдан бермеген
Жерін қорғап қазақ жауға қылыш сермеген
Қазақстаным, Қазақстаным
Ал қазір мақтаныш бізге қазақ даласы
Байлығы мол, тағы бар жаужүрек баласы
Арманға бастаған бұрылған көп қаласы
Қазақстаным, Қазақстаным
Қайырмасы:
Алға Қазақстан, Қазақстан!
Самға Қазақстан, Қазақстан!
Жаса Қазақстан, Қазақстан!
Байлағым менің, тәуелсіз елім.
3.Баршаға танулы ұлан байтақ жерім бар
Егемен тәуелсіз қазыналы елім бар
Ашық көк аспан, асқарлы тау көлім бар
Қазақстаным, Қазақстаным
Жасасын қазағым жаса, батыр жастарым
Желбіретіп туды, жеңіске жол бастаған
Елбасы, тарихы болсын мәңгі дастаным
Қазақстаным, Қазақстаным
Қайырмасы:
Алға Қазақстан, Қазақстан!
Самға Қазақстан, Қазақстан!
Жаса Қазақстан, Қазақстан!
Байлағым менің, тәуелсіз елім. 2рет
VІІ.Үй тапсырмасы: «Талаптанса алмайтын асу жоқ» эссе жазу
VІІІ.Сабақтың қорытынды сәті
Болғанда ақылың дария, кеудең кеме,
Кемесіз дариядан өтем деме.
Кеудеңде саңан болса, талап ізде,
Талапсыз мақсатыңа жетем деме
Бүгінгі сабақтан Не білдіңіз? Нені білгіңіз келеді?
ІХ. Тыныштық сәті.
Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің мейірімін, жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Сіздерді талай биік асулар, бақытты сәттер күтіп тұр. Сол асуларға жетуге талпыныңыздар.
Қанаттарыңыз талмасын. Рахмет! Сабақтағы жағымды күйге келу. Тәрбие.орг сайтынан «Талаптыға нұр жауар». Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емесӨзiн-өзi тану сабағының жоспары

 

Сынып 8 «А»

Мерзiмі: 21.10.2016 ж.

Сабақтың тақырыбы: Талаптыға нұр жауар

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: Адалдық, адамгершілік,

 

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды алдына қойған мақсатын, табиғи дарынын, қабілетін жетілдіруде ізденуге, талаптана білуге үйрету, дұрыс әрекет ету.

Міндеттері:

•Өмірде адамның алдына қойған мақсаттары мен ойлаған ойларын жүзеге асыруда талаптың алатын орны туралы түсінік беру.

• Оқушылардың талаптану барысында адамгершілік, ізгілік құндылықтарын тірек етіп алуға ықпал ету.

• Оқушыларды еңбекқорлыққа, төзімділікке, патриот болуға тәрбиелеу.

Ресурстар:оқулық, дәптер, ватман, маркер, А4 беттер, бейнепроектор, ән мәтіні

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, «Өзін - өзі тану» сабағының ережесін «5 - Т»- ны қайталату

Тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық

Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады.

Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге:кең байтақ туған елімізге, барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын… Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде… Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз…

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.

Сабақ барысын талдау:

 

 

5. мин

2. Үй тапсырмасын тексеру.

Оқулықтың 32-33 беттеріндегі «Өшпес із» әңгімесін оқу.

Сұрақтар:

1. Әңгіме не туралы?

2. Жас жігіттің өзіне қойған талаптары туралы не айтасыңдар?

3. Әкесі неліктен баласының талабына қанағаттанбай отыр?

4. «Артына өшпейтін із қалдырған» дегенді қалай түсінесіңдер?

5. «Артына өшпейтін із қалдырған» деп кімдерді айта аласың?

 

5 мин

3.Дәйексөз

"Талап қылса ер егер, ұлт тағдыры көгерер."

Халық нақылы

Дәйексөздің мағынасын ашу. Хормен қайталату, дәптерге жазғызу.


 

 

5 мин

4. Әңгімелеу Аңыз әңгіме

Көптеген адамдар бір данаға жақсы сөз, кеңес алу үшін келеді екен.

Бір күні оған көрші әйел ұлымен келеді да былай дейді:

· Мен өз қолымнан келетін барлық әдісті істедім, бірақ балам

тәттіні тым көп жейді. Өтінемін тәттіні көп мөлшерде жеу денсаулыққа зиян екенін айтыңызшы. Ол сізді тыңдайды.

Данагөй балаға қарап былай деді:

· Үш аптадан соң келіңіздер.

Көршісі ренжулі қайтып кетті. Бұл осындай қарапайым нәрсе! Адамдар алыс елдерден келіп кеңес сұрайды, сонда дана бірден жағдайын шешіп береді.

Үш аптадан кейін көршісі ұлымен қайта келеді.

Дана қайтадан қайтарып жібереді.

Әйел үшінші рет келеген кезде, ғұлама былай дейді:

· Ұлым, менің кеңесімді тыңда. Көп тәттіні жеуге болмайды, ол зиян.

Мен сіздің кеңесіңізді тыңдайын деп жауап береді бала.

Осыдан кейін анасы баласын көшеде тосуын сұрайды.

Сіз неге бұл кеңесті бірінші келгенде бермедіңіз деп сұрайды әйел.

Дана айтады: мен өзім тәттіні жақсы көруші едім, және бұрын осындай кеңес беріп көрмеп едім.

Біреуге кеңес айту үшін алдымен өзім бұндай әдеттен арылуым керек деп шештім. Оған үш апта жетерлік деп ойладым, бірақ мен қателесіппін...

· Шебердің қасиеттерінің бірі - ол ешқашан өзі білмейтін нәрсеге үйретпейді. Шебер алдымен өзіне адал.

· Бұл өсиет әңгіме басқа нәрсе жайлы, өзге адамға талап қояр алдында, біріншіден өзіңе талап қой.

 

 

10 мин

5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

1.«Талпынушылық» сөзіне сөзжұмбақ құрау

2. 5 жолдан тұратын өлең.

 

 

10. мин

6. Топпен ән айту.

Жаса Қазақстан - Қайрат Нұртас

1)Бабалар бұл жерде елін қорғап терлеген

Батырлар бұл жерде намыс қолдан бермеген

Жерін қорғап қазақ жауға қылыш сермеген

Қазақстаным, Қазақстаным

Ал қазір мақтаныш бізге қазақ даласы

Байлығы мол, тағы бар жаужүрек баласы

Арманға бастаған бұрылған көп қаласы

Қазақстаным, Қазақстаным

Алға Қазақстан, Қазақстан!

Самға Қазақстан, Қазақстан!

Жаса Қазақстан, Қазақстан!

Байлығым менің, тәуелсіз елім. 2 рет

2) Баршаға танулы ұлан байтақ жерім бар

Егемен тәуелсіз қазыналы елім бар

Ашық көк аспаным, асқарлы тау көлім бар

Қазақстаным, Қазақстаным

Жасасын қазағым жаса, батыр жастарым

Желбіретіп туды, жеңіске жол бастаған

Елбасы, тарихы болсын мәңгі дастаным

Қазақстаным, Қазақстаным

Алға Қазақстан, Қазақстан!

Самға Қазақстан, Қазақстан!

Жаса Қазақстан, Қазақстан!

Байлығым менің, тәуелсіз елім. 2 рет

5 мин

7.Үй тапсырмасы.

«Талап пен ақыл» атты Шәкәрім Құдайбердиевтың шығармасын оқып келу.

 

2 мин

7. Соңғы тыныштық сәтi.

Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Мұғалім жәй дауыспен:

- Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет! Көздеріңді ашуға болады.

 

3 мин

Тақырып: Талаптыға нұр жауар Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: сыйластық, бақыт, мейірімділік, сүйіспеншілік, талаптану

Мұғалiм: Габбасова Багдагул Беккалиевна. Сынып- 4 Оқушылар саны — 19

 

Сабақ мақсаты: Оқушыларға жақсылыққа талаптану арқылы дұрыс әрекет жасауға болатынын түсіндіру. Міндеттері: — Оқушыларға бақыт, сыйластық, мейірімділік қасиеттері адамға дұрыс әрекет жасауға ықпал ететінін түсіндіру; — сыйластық, мейірімділік, бақыт, талаптану қасиеттерін дамыту. — оқушыларды ізетті, ілтипатты, табанды болуға тәрбиелеу.   Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)
Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңi. Оқушылармен амандасып, «Өзін- өзі тану» сабағының ережесін «5-Т»қайталап, сабаққа қатысқандары үшін әр балаға 20 ұпайдан беремін.   Оқушылардың оқу құралдарын «5 затты» тексеріп, ұпайларын түгендейміз. 2. Тыныштық сәті Нұрға бөлену Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын… Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде… Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз… Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.   3. Үй тапсырмасын тексеру Б. Әділовтың «Қанат пен Жанат» әңгімесі Сұрақтар: 1.Атасының үйіне келген қонақ кім еді? 2. Жанат пен Қанаттың әрекеттері туралы не айтар едіңдер? 3. Қанат домбыраны үйренуниетіне қалай жетті? 4. «Талаптыға нұр жауар» деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер? 5. Талапты бала қандай болады деп ойлайсыңдар?   Сабақ барысын талдау:
4. Дәйексөз. «Талаптан да білім мен өнер үйрен, Білімсіз, өнерсіз болады ақыл тұл.» Ш. Құдайбердиев Дәйексөздің мағынасын ашу. Хормен қайталату, дәптерге жазғызу. Ұл балалар қайталайды, қыздар қайталайды, сосын бәрі түгел хормен айтады.  
5. Әңгiмелеу Аңыз әңгіме Ертеде бір кісі баласын әбден есіртіп,еркелетеді. Өсе келе тілі удай ащы, есерсоқ, бейәдеп жігіт атанады. Жұрт безердей болғандықтан, оның қасына ешкім жүрмеуге тырысады. Әкесі әбден ойланып, мынадай айла жасайды. Баласын шақырып алып, бір жалпақ тақтай береді. Күніне қанша адамды ренжітсең, мына тақтайға сонша шеге қақ дейді. Бірінші бала тақтайға 37 шеге қағады. «Балам,өзіңді тежеп ұстап, шегеңді азайтуға тырыс» депті. Баласы әкесінің сөзін тыңдап, азайта отырып, бір күні ешкіммен ұрыспайтын, шеге қақпайтын да күнге жетіпті. Сол күні әкесі былай деп ақыл айтады: «Енді балам, ешкіммен ұрыспайтын болдың. Бір адамды қуантқанда бір шегеден суырып отыр». Бала әкесінің сөзін орындауға тырысып, тақтайдағы шегені де күндердің бір күнінде таусыпты. Әкесі қуанып «Балам мен сені дұрыс адам болмайтын шығар деп қорқып едім. Міне өзіңді өзің тәрбиеледің, жақсы адам болып жолға түстің. Бірақ балам, мына тақтайға қарашы,бұрынғысындай тегіс әдемі емес. Беті шұрық тесік. Сен қанша кешірім сұрасаң да олар қанша кешірдім десе де кезінде айтылған сөздерді қалай өшіресің? Бәрібір ол жүректің түбінде қалады ғой. Әрине, бұл күндердің әркіммен бір ұрысып жүргеннен жақсы. Бірақ бұл саған өмірлік сабақ болсын, тіліңе ие бол», -дейді. Сұрақтар: — Баланың іс әрекетіне қарап, мінез құлқына қандай баға беруге болады? — Әкесі қандай айла ойлап тапты? — Бала өзін тежеп ұстауға қалай үйренді? — Әкесінің «Бұл саған өмірлік сабақ болсын» дегенін қалай түсіндіңдер? _ Бала дұрыс әрекет жасады деп ойлайсыңдар ма?  
6. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. Сынып 2 топқа бөлінеді 1топ: (талаптану тақырыбына өлең шығару) 2 топ: (өзіңнің жасаған жақсылығыңды есіңе түсіріп көр) суретпен бейнелеуге тырыс    
7. Топпен ән айту. Біз өмірдің гүліміз   Нұрланамыз бәріміз (Сөзі өзгертілген) Ақ ниетпен Пәк жүрекпен Өмірге біз келеміз. Қуанышты Ізгілікті Күн нұрындай төгеміз.   Адалдықпен Ақиқатқа Жүгінеміз бәріміз. Жақсылықты Жамандықты Айырады жанымыз.   Адамзатқа Махаббатпен Шырқалады әніміз. Мейіріммен Шуақ шашып Нұрланамыз бәріміз.  
8. Үй тапсырмасы. 17 — сабақ тапсырманы орындау 18 сабақ «Мен талапты баламын» өлеңін оқып, талдау.  
9. Соңғы тыныштық сәтi. Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады. Мұғалім жәй дауыспен: — Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет! Көздеріңді ашуға болады.  

«БЕКІТЕМІН».............................. Мектеп №163 Мерзімі: 14.2015 9


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: