double arrow

Loxostege sticticalis L

Ауыл шаруашылық дақылдарымен бірге шалғын көбелегі әр түрлі өсімдіктерге де орасан зиян келтіреді.

Көктемнен бастап осы уақытқа дейін шалғын көбелегінің өсіп-өнуіне байланысты жүйелі бақылау жүргізіліп келеді. Облыс бойынша қыстап шыққан шалғын көбелегінің пілләсінің бақылау жоспары 10,0 мың га жер. Облыс бойынша 3,7 мың га жер бақыланып одан 196 үлгі сынама алынды, оның ішінде табылған пәллә 1 түйір және тірі болды, ал 1 ш/м орташа піллә саны 0,1 болып анықталған. Піллә бір ауданда табылды.

Көбелектердің бірінші ұрпақтардың ұшу мерзімінің басы 10-26 мамыр күні Қарғалы, Қобда, Шалқар Мәртөк аудандарында дара, орта болып, жол бойында, су жағасында, жайылымда жеке бау-бақшада ұшуы тіркелді.

Жаппай ұшуы 17 мамыр -08 маусым күні байқалды.

Облыс бойынша шалғын көбелегінің 1-ші ұрпағының ұшу есебіне бақылау жоспары 5,0 мың га тексерілді, оның ішінде қоныстанғаны 0,66 мың га жер,одан 0,52 мың га дара, 0,08 мың га әлсіз, 0,06мың га орта деңгейде ұшу күші аңықталды.

Мамыр айының 30-күні- 09 маусым аралығында шағылысу мен жұмыртқалауы байқалды. Зиянкестің бірінші ұрпақ құрттарының тууы аудандарда 13-22 маусым аралығында жеке бақта, арам шөптерде байқалды. Қуыршақтануы 11 шілде күні тіркелді.

Облыс бойынша шалғын көбелегі 1-ші ұрпағының құрттарының қоныстануының көктемгі-жазғы бақылау жоспары 5,0 мың га жер түгелдей тексерілді. Зиянкес 3 ауданда байқалды. Жұлдызқұрттардың 1 шаршы метрге орналасу тығыздығы 3-ке дейін 0,24 мың га болып қоныстанған.

Облыс бойынша шалғын көбелегі 2-ші ұрпағының ұшуы есебі бойынша жазғы бақылау жоспары 7,5 мың га жер түгелдей тексерілді. Зиянкес 4 ауданда байқалды.

Зиянкестің екінші ұрпақ көбелектерінің ұшуының басы 8-13 шілде күні Қарғалы,Қобда, Мәртөк аудандарында байқалды.

Дернәсілге айналуы Мәртөк, Қарғалы аудандарында бірең-сараң болып 21-29 шілде күні байқалды.

Жоспарланған шалғын көбелектің 2-ші ұрпақ құрттарының қоныстануына байланысты жазғы 7,5 мың га жер тексеріліп аяқталды. Зиянкестің қоныстануы төмен. Құрттардың қуыршақтануының басы 31 шілдеде байқалды.

Жоспарланған шалғын көбелегі пілләсінің қоныстануына байланысты күзгі 5,0 мың га тексеру жұмысы аяқталды. Қоныстануы бір ауданда байқалып, 0,01 мың га болып анықталды. Анықталған құрттар саны 2 дана болып, оның ішінде біреуі өлі, біреуі іші бос болды.

Болжам:

Бірақ бұл зиянкестің облыс аумағында сырттан ұшып кіруі байқалмады, сондықтан жаппай көбеюі де тіркелмеді.

2017 жылы зиянкестің саны ағымдағы жылдан аспауы ықтимал.

 

Астықтың сұр көбелегі

Серая зерновая совка

Apamea anceps S.

 

Қыстап шыққан көбелектердің балаңқұрттарының физиологиялық жағдайы қанағаттанарлық.

Жоспарланған көктемгі 12,0 мың га жер жер көлемі тексерілді. Облыстын бір ауданыңда сұр көбелектін балаңқұрттары егіс алқабтарында кездесті. Әйтеке би ауданыңда 0,4 мың га жерде 3 – ке дейін қоныстанған, баланқұртардың салмақтары: жоғары – 264 мг., төменгі – 250 мг. және орташа – 257 мг. болды. Зиянкестің қуыршақтануы Әйтеке би ауданында 10 мамыр күні тіркелді.

Маусымның 13-14 күнінен бастап аудандарда егістік жерлерде көбелектің ұшуын байқау үшін ашытқы қойылды. Көбелектердің жеке ұшуы 18 маусымда Мәртөк ауданында тіркелді. Көбелектердің ұшу кезеңінде сауытқа 3-6 данадан көбелектер түсті.Ұрық жолында жұмыртқа саны 16-40 данаға дейін байқалды. Бірақ арасында піспеген және жұмыртқасы жоқ даналары да кездеседі. Дақылдардың даму мерзімі- түптену, масақтану.

 

Астықтың сүр көбелегінің ұшуы маусымның екінші онкүндігінде белгіленді.

2016 ж. 14 маусымынан бастап «Мұратбек» ШҚ бидай егістекте сұр көбелектің ұшуын бақылау үшін, ашытпақ қуйылған сауыт іліп қойылды.

Нәтижесі келесі:

 

Күндері Ауа- райы tºC Дақылдың дамуы мерзімі Көбелектердің байқалғаны
барлығы о.і. астықтың сұр көбелегі
барлығы о.і. ұрға шысы   ұрықшылдық
15.06 +21 түптену басы        
16.06 +18 түптену басы        
17.06 +21 түптену        
18.06 +23 түптену       25 піспеген жұмыртқасы
19.06 +22 түптену        
20.06 +24 түптену        
21.06 +25 түптену       28 піспеген жұмыртқасы
22.06 +26 түптену       25 піспеген жұмыртқасы
23.06 +26 түтіктенудің басы        
24.06 +24 түтіктену       Жұмыртқасы жоқ
24.06 +23 түтіктену       32 піскен жұмартқасы
25.06 +20 түтіктену       34 піспеген жұмыртқасы
26.06 +19 түтіктену       28 піспеген жұмыртқасы
27.06 +17 түтіктену        
28.06 +18 түтіктену       28 піскен жұмартқасы
29.06 +16 түтіктену       Жұмыртқасы жоқ
30.06 +18 масақтану басталуы       24 піскен жұмартқасы
01.07 +20 масақтану басталуы       28 піскен жұмартқасы
02.07 +22 масақтану басталуы       40 піскен жұмартқасы
03.07 +21 масақтану        
04.07 +22 масақтану        
05.07 +21 масақтану       32 піскен жұмартқасы
06.07 +25 масақтану       16 піспеген жұмыртқасы
07.07 +24 масақтану       36 піскен жұмартқасы
08.07 +27,5 масақтану        
09.07 +24 масақтану       Жұмыртқасы жоқ
10.07 +24 масақтану       18 піспеген жұмыртқасы
11.07 +22,5 масақтану       36 піскен жұмартқасы
12.07 +24 масақтану       38 піскен жұмартқасы
13.07 +25 масақтану        
14.07. +28 гүлдену        
15.07. +29 гүлдену        
16.07. +30 гүлдену        

 

Облыс бойынша жаздық бидайда астық сұр көбелегі құрттарының қоныстануын тексеру жоспары 197,0 мың га жер толық тексеріліп, оның ішінде 100 масақтағы 1-2 жас кезеңіндегі құрттардың саны 5-ке дейін 0,62 мың га болып анықталып.

Облыс бойынша астық сұр көбелегі құрттарының күзгі қоныстануын тексеру жоспары 68,0 мың га толық тексеріліп, қоныстануы байқалмады.

 

Жүйелі бақылау жұмыстары 128,0 мың га жүргізілді.

Болжам:

2017 жылы зиянкестің саны ағымдағы жылдан аспауы ықтимал.

Зиянды бақашық қандаласы


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



Сейчас читают про: