double arrow

Клоп вредная черепашка

Eurygaster integriceps P.

Көктемгі тексеру жұмыстары зиянды бақашық қандаласының қыстық қоры орналасқан жерлерін анықтау мақсатында мониторингтік тексеру барлық аудандарда жүргізілді. Бақылау барысында жапырақтар қалдықтары астынан табылып, олардың өлі, тірісі анықталды.

Қыстап шыққан қандаланың оянуы 20-25 сәуір аралығында байқалды. Жоспарланған көктемгі 9,5 мың га жер тексеріліп аяқталды. Зиянды бақашық қандаласының облыс бойыншы 1 ш/м кездескен түйір саны 0,29 мың га жерде 1 – ге дейін болып анықталды. Табылған қандалалар өлшеніп, салмақтары анықталды: ұрғашысының жоғары – 122 мг., төменгі - 101мг. және орташа – 111,5мг., ал еркегінің жоғары – 116 мг., төменгі – 102 мг. және орташа – 109 мг. болды.

Зиянкестің егістікке көшуі 28-30 мамырда аудандарда тіркелді. Зиянкестің шағылысып, жұмыртқалауының басы Мәртөк ауданында 09 маусым күні тіркелді. Жұмыртқа саны 8-12 дана. Аудандарда 17 маусым күні дернәсілдердің шығуының басы тіркелді.

Облыс бойынша жоспарланған жазғы 204,0 мың га жер толық тексерілді. Қоныстануы 2,195 мың га жер.

Зиянкес соңғы рет түлеп, ересек қоңызға айналуы 16-17 тамыз күні тіркелді.

Облыс бойынша қоңыздың қыстайтын жерге кетуі туралы мониторингалық тексеру жұмыс жоспары 10,5 мың га толық аяқталды. Қоныстануы 0,31 мың га, бір шаршы метрде 1-ге дейін. Қыстауға кеткен қоңыздардың салмағы өлшеніп, салмақтары анықталды: ұрғашысының жоғары – 118мг., төменгі - 108мг. және орташа –113мг., ал еркегінің жоғары – 113 мг., төменгі – 101мг. және орташа – 105 мг. болды.

 

Жүйелі бақылау жұмыстары 145,0 мың га жүргізілді.

Болжам:

2016 жылы зиянды бақашық қандаласының санының көбеюі байқалмады.

2017 жылы зиянкестің саны ағымдағы жылдан аспауы ықтимал.

Астық қоңыздары

Хлебные жуки

Anisoplia austriaca H.

Көктемгі кезде қыстап шыққан астық қоңызы дернәсілдерінің егістік алқаптарында қоныстануына байланысты мониторингалық тексеру жұмыстары 15,0 мың га түгелдей тексерілді. Зиянкестің қоныстануы байқалмады.

Астық қоңызының жазғы кезде қоныстануы байланысты 180,0 мың га жер түгілдей тексерілді. Қоңыздардың қоныстануы маусым айында арам шөптерде ғана қоныстануы төмен болып байқалған, 26 шілде айында солтүстік аймаққа жататын Қарғалы ауданында қоңыздардың егістік алқаптарында, аз мөлшерде пайда болуы тіркелді.

Астық қоңызының қысқа кететін дернәсілдердің күзгі қоныстануы туралы мониторингалық тексеру жоспары 15,0 мың га тексеріліп аяқталды. Қоныстануы байқалмады.

 

Жүйелі бақылау жұмыстары 100,0 мың га жүргізілді.

 

Болжам:

2017 жылы зиянкестің саны аз болады деп күтілуде.

Астық жолақ бүргесі

Хлебная полосатая блошка

Phyllotreta vittula R.

Зиянкестің қыстақ жерінен оянуы сәуір айның 23-26 аралығында басталып, егістікке көшуі мамыр айының 29 аралығында байқалды.

Облыс бойынша жоспарланған 2,1 мың га жер түгелдей тексерілді.Таралуы бір ауданда байқалды. Оның 1 ш/м орналасу тығыздығы 0,1 мың га 1 – 10 болып анықталды. Жаппай ұшуы және жұмыртқалауы мамыр айының 30 күні тіркелді.Көпжылдық шөптерде кездеседі.

Зиянкес дернәсіл сатысына өтуі 21-24 маусымда ауданында тіркелді. Дернәсілдің қуыршақтануы 02 шілде аралығында өтті. Жас қоңыздың пайда болуыаудандарда 14-22 шілде күні тіркелді. Астық дақылдарында санының төмендігінен қатерлі зияны байқалмайды.

Жоспарланған дәнді дақылдарда астық жолақты бүргесі жас қоңыздарының қоныстануына байланысты жазғы 3,2 мың га жер тексеріліп аяқталды. Зиянкес екі ауданда байқалды. Астық дақылдарында санының төмендігінен қатерлі зияны байқалмады.

Тамыз айының үшінші онкүндігінде қоңыздардың қыстауға кетуі байқалды.

Облыс бойынша жоспарланған дәнді дақылдарда астық жолақты бүргесі қоңыздарының қоныстануына байланысты күзгі 2,1 мың га тексеру жұмысы аяқталды. Зиянкес екі ауданда байқалды. Қоныстануы 0,17 мың га. Бір шаршы метрге 2-4дана.

Болжам:

2017 жылы зиянкестің санының көбеюі күтілмейді.

Бидай трипсі

Пшеничный трипс


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



Сейчас читают про: