Leptinotarsa decemlineata S

Соңғы жылдары колорад қоңызының кездесуі және зиян келтіруі көп байқалмайды. Жоспарланған көктемгі 0,2 мың га түгелдей тексерілді. Колорад қоңызының облыс бойыншы 1 ш/м кездескен түйір саны 0,037 мың га жерде 1 – ге дейін.

Қоңыздардың оянуы 24.04.-03.05. аралығында тіркелді.

Зиянкестің шағылысу мен жұмыртқа салуы 08-20 маусым аралығында өтті. Жұмыртқа саны 12-28 аралығында. Аудандарда дернәсілдерге айналуының басы 20- маусым 13 шілде күні байқалды. Қуыршаққа айналуының басы 06-26 шілде күні тіркелді. Жас қоңыздың пайда болуы 21 шілде-05 тамыз күні тіркелді.

Жазғы кезде жоспарланған 0,985 мың га толық тексерілді.Оның ішінде қоныстанғаны 0,091 мың га 5-ке дейін болды.

Жұмыртқалау кезеңі өтіп, дернәсілдердің екінші ұрпағының пайда болуы аудандарда 01-17 тамыз аралығында тіркелді. Қуыршақтануы 10-22тамыз аралығында өтті. Екінші ұрпақ қоңыздарының пайда болуы Қарғалы, Мәртөк аудандарында 29 тамыз- 06 қыркүйек күні байқалды. Жеке секторларда, саяжайда аздап кездесті.

Облыс бойынша қоңыздың танаптарда күзгі қоныстануы туралы мониторингалық тексеру жұмыс жоспары 0,5 мың га толық аяқталды. Қоныстануы 0,038 мың га болды,бір шаршы метрде 1-ге дейін.

 

Жүйелі бақылау жұмыстары 5,4мың га жүргізілді.

 

Болжам:

2017 жылы зиянкестің санының көбеюі күтілмейді.

Майлы дақылдардың зиянкестері

Вредители масличных культур

Облыста бұл зиянкестердің саны өте аз мөлшерде болғандықтан, шаруашылық маңызы да төмен.Зиянкестердің шығуы сәуірдің бірінші жартысында байқалды.

Жазғытұрғы тексеру жұмысы 1,9 мың га жерге жүргізілді, оның ішінде қоыстанған көлемі 0,87 мың га, дәрежесі төмен болды. Сымқұрт және жалған сымқұрт жас қоңыз сатысында байқалады. Санының төмендігінен ауыл шаруашылық дақылдарына зияндығы байқалған жоқ.

Жоспар бойынша жазғы тексеру жұмысы 3,0 мың га жер түгел тексерілді. Санының төмендігінен ауыл шаруашылық дақылдарға зияндығы жоқ.

Болжам: Облыста майлы дақылдар алқаптарының аз болуы, зиянкестердің саны өте аз мөлшерде болғандықтан зиян келтіруі аса көп байқалмайды.

2017 жылы зиянкестің санының көбеюі күтілмейді.

 

 

 

 


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: