double arrow

Locusta mirgatoria L

Азия шегірткесі – ауыл шаруашылығы дақылдарына зиян келтіретін аса қауіпті зиянкестердің бірі. Биыл облысымызда таралуы байқалмады.

Жоспарланған көктемгі 1,5 мың га жер түгелдей тексерілді

Аудандарда мониторингалық тексеру барысында күбіршіктер кездеспегені анықталды.

Ауыл шаруашылық жерлерінде азия шегірткелерінің көктемгі – жазғы кезде қоныстануына байланысты мониторингалық тексеру жұмыстары Әйтеке би, Ырғыз, Ойыл және Шалқар аудандарында 228,0 мың га жерге жүргізілді, қоныстануы байқалмады.

Азия шегірткесінің шағылысуы мен жұмыртқа салу кезіндегі жазғы мониторингалық тексеру жұмысы 217,0 мың га жер тексеріліп аяқталды.

Қоныстануы байқалмады.

Азия шегірткесі күбіршіктерінің күзгі таралуының мониторингалық тексеру жұмысының жоспарланған 8,9 мың га жер түгелдей тексеріліп аяқталды. Қоныстануы аудандарда байқалған жоқ.

 

Жүйелі бақылау жұмыстары 240,0 мың га жүргізілді.

 

Болжам:

Дернәсілдерінің де, ересек шегірткелердің де қоныстануы байқалмады.

2017 жылы зиянкестің санының көбеюі күтілмейді.

Саяқ шегірткесі

Нестадные саранчовые

Айқышты саяқ шегіртке-Крестовая кобылка- Pararcyptera microptera F.W.

Ақ жолақты саяқ шегіртке-Белополосая кобылка- Chortippus albomarginatus

Қара жолақты саяқ шегіртке-Чернополосая кобылка-Oedaltus dekorus ujerm.

Сібірлік саяқ шегіртке - Сибирская кобылка -Gomphoceus sidiricus L.

Атбасарлық саяқ шегіртке-Атбасарка-Dociostaurus kraussi I.

Саяқ шегірткеден облыс аумағында айқышты, ақ жолақты, қара жолақты, сібірлік, атбасарлық, фишер саяқ шегіртке түрлері кездеседі.

Облыс бойынша көктемде жоспарланған мемлекеттік жерде саяқ шегірткесінің күбіршіктерінің көктемгі тексеру жоспары 1,2 мың га толық тексерілді және 0,78 мың га жерге қоныстанды, оның ішінде 1-ге дейін 0,19 мың га, 1-2-ге дейін 0,18 мың га, 2-5-ке дейін 0,25 мың га, және 5-10-ға дейін 0,06 мың га, 10-жоғары 0,1 мың га жерде қоныстанғаны байқалды. Қыстап шыққан күбіршіктердің физиологиялық жағдайы қанағатты. Облыс бойынша 1 ш/м кездескен күбіршіктердін түйір саны 1-14 және бір күбіршіктегі жұмыртқа саны 8-14-22 аралығында болып анықталды.Күбіршіктердің зақымдануы 8-37 пайыз аралығында.

Саяқ шегіртке дернәсілдерінің шығуының басы Байғанин, Ыргыз, Мұғалжар,Темір және Ойыл аудандарында 04-08 мамыр аралығында байқалды, 2-жас 13- 29 мамыр аралығында, 3-ші жастағы дернәсілдердің шығуы 21- мамыр-15 маусым аралығында байқалды, 4-ші жастағы дернәсілдердің шығуы 04-26 маусым аралығында байқалды. Ауа-райының қолайсыздығы дамуына кедергі келтірді.

1ш/м-де кездескен дернәсілдердің түйір саны 2-18 дана аралығында кездесті. Аудандар өз тараптарынан уақытылы ескерту хабарламаларын аудандық ауыл шаруашылық басқармаларына, аумақтық инспекцияларға, ауылдық, селолық округтерге және шаруашылық құрылымдарға жолдап отырды.

Аудандарда мемлекеттік жер көлемінде құрылған комиссия мүшелерімен бірлесіп, дернәсілдердің ЗЭШ-нен тыс екені анықталды. Өңдеуге жататын көлем облыс бойынша мемлекеттік жер көлемде 19,0 мың га болып, өңделді. Барлық қоныстану көлемі мемлекеттік жерде 30,64 мың га құраса, оның ішінде 1 ш/м саны 3-ке дейін 6,8 мың га, 5-ке дейін 4,84 мың га, 10-ға дейін 8,05 мың га, 15-ке дейін 4,1 мың га, 15-тен жоғары 6,85 мың га болды.

Ал, жеке шаруашылық жерлерде комиссия құрамы шығып, тексеріп бюджет қаражат есебінен 10,21мың га жер өңделді.

Облыста саяқ шегірткелерінің қанаттануы 02 – 25 маусым аралығында аудандарда байқалды. Шағылысуы 16- маусым 05 шілде күні, жұмыртқа салуының басы 24 маусым -04 шілде аралығында аудандарда байқалды.

Ересек саяқ шегірткелердің шағылысуы мен жұмыртқа салу кезіндегі мемлекеттік жерде жазғы тексеру жұмысының жоспарланған 44,2 мың га жерге тексеру жүргізілді. Өңдеу көлемінің болжамы мемлекеттік жер көлемде 2017 жылға 15,47 мың га болып анықталды.

Ал,жекеменшік, шаруа қожалықтардың жерлерінде тексерулер жүргізіп, өңдеу көлемінің болжамы 2017 жылға 14,91 мың га болып анықталды.

Саяқ шегірткелердің күбіршіктерінің күзгі қоныстануының жоспарланған 1,2 мың га тексеру жұмысы жүргізіліп, қоныстанғаны 0,86 мың га болып анықталды. Қоныстануы бір шаршы метрде орташа саны 1-10-ға дейін, Мұғалжар ауданында 10-нан жоғары болып, бір күбіршіктегі жұмыртқа саны 12-20 болды және оның ішінде 3-20% зақымдалған.

Болжам:

2017 жылы ауа райы қолайлы болып және жақсы қыстап шыққан жағдайда, саяқ шегірткелердін саны көбеюі ықтимал.

Ауылшаруашылық басқармасының мәліметі бойынша 2016 жылы жасалған өңдеу көлемі

Мын га

Р. Аудан Мемлекеттік жер Жеке шаруашылық
С атаулары Өңдеуге   Өңдеуге  
    жататын Өңделгені жататын Өңделгені
    көлем   көлем  
  Әйтеке би 3,8 3,8 4,1  
  Алға 0,5 1,15 0,8 3,85
  Байғанин 0,2 0,1    
  Ырғыз 0,3 0,3    
  Қарғалы 3,0 3,15 2,1 6,36
  Қобда 0,5      
  Мәртөк 2,0 2,0 1,81  
  Мұғалжар 2,0 2,0    
  Темір 1,0 2,0    
  Ойыл 0,2 0,2    
  Хромтау 3,5 1,5 1,5  
  Шалқар        
  Ақтөбе 2,0 2,8 0,6  
  Жиынтығы 19,0 19,0 10,91 10,21

Шалғын көбелегі

Луговой мотылек


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



Сейчас читают про: