double arrow

Calliptamus italicus L.

Суслики

Citellus

Ақтөбе облысында саршұнақтар кең тараған зиянкес. Ауылшаруашылық жерлерде егістік, жайылым мен шабындықта, сонымен қатар астық дақылдарына аса көп зиянын келтіреді.

17- наурыз 05 сәуір аралығында аудандарда кіші саршұнақтардың және балпақ түрлрінің ұйқыдан оянып, жер бетіне шығуы тіркелді.

Мамандар сарышұнақтарды ұстап,зертханада салмақтарын өлшеді. Ұрғашысының салмағы 132-355гр. аралығында, еркегінің салмағы 163-295 гр аралығында болды. Балпақ түрлерінің ұрғашысының салмағы 552-970 гр., еркегінің салмағы 533-900 гр болды.

28 наурыз -29 сәуір аралығында сарышұнақтардың шағылысуы байқалды. Зертханада анықтау кезінде бір эмбриондағы балалар саны 3-7 түйір болды. 1 га жердегі індердің саны 2-18аралығында болып анықталды.

Жалпы облыс бойынша көктемгі мониторингтік тексеру жоспар бойынша 149,0 мың га жерлерде жүргізілді. Оның ішінде ЗЭШ-нен асқаны 2,58 мың га болып анықталды.

Жас саршұнақтардың іннен шығуының басы Ырғыз, Байғанин мен Шалқар аудандарында 06-18 мамыр күні тіркелді. Ал, Қобда, Мәртөк, Мұғалжар аудандарында 25-28 мамыр күні байқалды. Таралуының басы Байганин, Алға аудандарында 20- мамыр 05 маусым күні тіркелді.

Жас саршұнақтардың таралуының аяқталуының басы аудандарда 01-12 маусымда байқалды.

Ауыл шаруашылық жерлерінде саршұнақтардың жазғы кезде қоныстануына байланысты мониторингалық тексеру жұмыстары 159,0 мың га жерде жүргізілді, барлық қоныстану көлемі 18,06мың га құраса, оның ішінде 1 га ін 5-ке дейін 15,17 мың га, 10-ға дейін 2,89 мың га болып анықталды.

Үлкен саршұнақтардың ұйқыға кетуінің басы 28 маусымда Шалқар ауданында (балпақ) – 20-22 -шы шілдеде Алға, Темір аудандарында тіркелді және Қобда мен Қарғалы аудандарында 05 -06 тамызға дейін жалғасты.

Үлкен саршұнақтар ұйқыға кетіп, жас саршұнақтардың ұйқыға кетуінің басы Темір, Алға, Мәртөк аудандарында тамыздың 01-08 күні аралығында тіркелді. Ал,тамыз айының аяғында жас саршұнақтардың ұйқыға кетуі аяқталды.

Ұйқыға кетер алдындағы үлкен саршұнақтардың салмағы 225-420 гр. аралығында, жас саршұнақтардың салмағы 180-390 гр., болды. Әйтеке би, Шалқар аудандарында саршұнақтардың балпақ түрлері де кездеседі, жас саршұнақтардың салмағы 800- гр., үлкенінің салмағы 1250-1630 гр аралығында болды.

 

Жүйелі бақылау жұмыстары 305,0 мың га жерде жүргізілді.

 

Болжам:

Қазіргі таңда саршұнақтардың қоныстануы төменгі деңгейде.

2017 жылы кіші саршұнақтардың саны ағымдағы жылдан аспауы ықтимал.

 

Тышқан тұқымдас кеміргіштер

Мышевидные грызуны

 

Полевки: Кәдімгі сұртышқан -Обыкновенная полевка- Microtus arvalis

Мыши:Дала тышқаны- Полевая мышь-Apodemus agrarius P.

Қап тесер- Домовая мышь-Mus musculus L.

Орман тышқаны- Лесная мышь-Apodtmus sylvaticus

Тышқан тұқымдас кеміргіштерге облыста келесі түрлері жатады: кәдімгі сұртышқан, орман тышқаны, үй тышқаны, дала тышқаны.

Тышқан тұқымдас кеміргіштерді анықтау мақсатында облыста мониторингтік тексерулер аудандарда жүргізілді. Күзде қалған шөмеле, сабан астынан және егістіктің шеттерінен зиянкестердің таралуы тексерілді. Жалпы облыс бойынша 137,6 мың га тексеріліп, оның ішінде 1 га жердегі індердің тығыздығы облыс бойынша 11,39 мың га жерде 50 – ге дейін, 0,3 мың га 51-100-ге дейін болып анықталды. ЗЭШ-нен шығып, өңдеуге жататын көлем 0,3 мың га болды.

Белсенділігінің жоғарлауының басы 7-25сәуір аралығында тіркелді.

Аудандарда тышкан тұқымдас кеміргіштердің тууының басы 13-29 мамыр күні байқалды.

Облыс бойынша тышқан тәрізді кеміргіштердің күзгі қоныстануын тексеру жоспары 153,0 мың га толық тексеріліп, оның ішінде қоныстануы 15,74 мың га болды. Тұрғылықты індердің саны 1 га жерге 4-30. Көбіне егіс алқабындағы,жайылымда, сабан астында кездесті.

 

Жүйелі бақылау жұмыстары 234,5мың га жерде жүргізілді.

Болжам:

2017 жылы тышқан тұқымдас кеміргіштер аса қауіп келтірмейді.

 

Италия шегірткесі

Итальянский прус

Calliptamus italicus L.

Биылғы жылғы көктем мезгілінде, ауа-райының қолайсыздығына байланысты, италия шегіркесі дернәсілдері кеш оянып, дамып, таралуы созылмалы болды.

Жоспарланған көктемгі күбіршік бойынша 33,0 мың га жер тексерілді. Облыс бойынша 1 ш/м кездескен күбіршіктердін түйір саны 1-32-92 дана аралығында және бір күбіршіктегі жұмыртқа саны 21-40 аралығында болып анықталды. Күбіршіктердің зақымдануы 2-35 пайыз аралығында.

Күбіршіктер топырақтың жоғарғы 5-10 см қабатында жер бетіне шығып, ыдырап, шіріп өлгендері анықталды. Арасында іші бос, құрғап кеткендері де кездесті. Сонымен қатар, нарывник тұқымдас қоңыздың дернәсілдері күбіршенің ішіне еніп, сондағы жұмыртқалармен қоректеніп, зақымданғаны байқалады.

Аудандарда округтардан әкелінген италия шегірткесінің жұмыртқаларын зертхана жағдайында бақылау жүргізілді.

Аудандарда шегірткелерге қарсы күрес жүргізу жөнінде штаб құрылды. Алдағы уақытта жүргізілетін жұмыс шаралары дер кезінде сапалы түрде өткізудің және 5 айға уақытша және әкімшіліктен ұсынылған анықтаушыларға оқу жүргізу жоспарлары жасалынды.

Италия шегірткесі дернәсілдерінің шығуының басы 16-20 мамыр аралығында Ырғыз,Темір, Мұғалжар, Ойыл және Шалқар аудандарында тіркелді. 24 мамыр күні Байғанин ауданында, 26-31мамырда Қарғалы, Алға, Хромтау мен Қобда аудандарында дернәсілдердің шығуы байқалды.

1ш/м-де кездескен дернәсілдердің түйір саны 3-95 данаға дейін. Шабындық, жайылым, егістік айналасында анықталды.

Ауыл шаруашылық жерлерінде италья шегірткелерінің көктемгі – жазғы кезде қоныстануына байланысты мониторингалық тексеру жұмыстары 2000,0 мың га жерге жүргізілді, барлық қоныстану көлемі 339,77 мың га құраса, оның ішінде 1 ш/м саны 5-ке дейін 109,77 мың га, 10-ға дейін 133,94 мың га, ал 10-нан жоғары 96,06 мың га, одан өңдеуге жататын көлем 230,0 мың га болып, өңделді.

Өңдеу жұмыстарын 03 маусым -15 шілде аралығында аудандарда Даклоприд-20% в.к., Комбат- 550 к.э препаратымен жүргізді.

Ақтөбе облысы бойынша италия шегірткесінің 2016 жылға өңдеуге жоспарланған 277,1 мың га жер көлемі болатын, бүгінгі күні өңдеуге 230,0 мың га анықталды, көп аудандар болжамдарын орындады. Орындамай тұрған Әйтеке би, Қарғалы, Мәртөк, Хромтау аудандары. Олардың негізгі себептері келесідей:

1. Көктемгі тексеру жұмыстары жүргізген кезде Әйтеке би ауданы бойынша күбіршік зақымдануы -30 пайыз, Қарғалы ауданы-10 пайыз, Хромтау-35 пайыз,Мәртөк ауданы-25 пайыз болып анықталды.

2.Көктемгі ауа-райы мамыр айында түнгі мезгілде температура төмен болып, наурыз айы мен сәуір айының аяғына дейін жауын-шашынды болды. Былтырғы ауа-райымен салыстырғанда, Әйтеке би ауданында 2015 жылы

наурыз, сәуір айларында түскен ылғал- 20,7 мм болса, 2016 жылы наурыз, сәуір айларында 66,0мм, Мәртөк ауданы бойынша 2015 жылы наурыз, сәуір айларында түскен ылғал-43,3 мм болса, 2016 жылы наурыз, сәуір айларында 100,0 мм, Қарғалы ауданында 2015 жылы наурыз, сәуір айларында түскен ылғал-38,2 мм болса, 2016 жылы наурыз, сәуір айларында 112,9 мм, Хромтау ауданында 2015 жылы наурыз, сәуір айларында түскен ылғал-41,4 мм болса, 2016 жылы наурыз, сәуір айларында 100,3 мм болды. Бұл 2-3 айлық норма түскен деп есептеледі.

3. Мамыр айының ауа температурасының төмендеуіне байланысты күбіршіктердің зақымдануына, дернәсілдердің кеш шығуына, бір жастан екінші жасқа өтуі созылмалы болып, арасы 7 күн емес 10-12 күнге созылуы байқалды.

4. Далалықтағы, тастанды жерлердегі шөптің биік, қалың болып, күн сәулесі жерге жетпей, жер салқын болып,дернәсілдердің дамуына кері әсерін тигізді.

5.Италия шегірткесінің биологиялық факторларына байланысты Әйтеке би ауданында дернәсілдер орналасу тығыздығы 1 ш.м.-де 5-ке дейін 34,4 мың га көлемде, Қарғалыда-8,4 мың га, Мәртөкте-13,1 мың га аумақтарда таралғаны байқалды. Шегіртке бар, бірақ ЭЗШ көрсеткішке жетпейді.

Сол себепті, шегіртке күбіршіктерінің зақымдануына, дернәсілдердің жай шығуына, азаюына әсер етіп, және де соңғы айтқанды ескере отырып, облыс бойынша жоспардан кем көлем аудандарда орын алып отыр.

Ақтөбе облысы бойынша аудандарда шегірткенің қанаттануы 10- маусым 02 шілде аралығында тіркелді.Алғашқы ұша бастауы Ырғыз ауданында 18 маусым күні,, Шалқар ауданында 20 маусымда, Байғанин ауданы 25 маусымда, Алға, Ойыл ауданы 5-6 шілде күні байқалды.

Италия шегірткесінің шағылысуы мен жұмыртқа салу кезіндегі жазғы мониторингалық тексеру жұмысы 1700,0 мың га жерге тексеру жүргізілді. Өңдеу көлемінің болжамы 2017 жылға облыс бойынша 218,7 мың га жер болып анықталды

Жұмыртқа салуының басы 04-10 шілде күні аудандарда тіркелді.

Күбіршіктер жайылым, шабындық, егістік айналасында кездесіп, табылған саны 1 шаршы метрде 1 -40 дана аралығында.

Италия шегірткесі күбіршіктерінің күзгі қоныстануы туралы мониторингалық тексеру жұмысының жоспарланған 33,0 мың га жерге тексеру жүргізілді. Оның ішінде таралуы 17,4 мың га болып анықталды.

Бір күбіршіктегі жұмыртқа саны 18-45 аралығында болды және оның ішінде 5%-30%-зақымдалған.

Ақтөбе облысы бойынша Ресей Федерациясымен шекаралас орналасқан аудандардың 2016 жылы үйірлі шегірткемен күрес жөнінде ақпарат және 2017 жылға химиялық өңдеуге болжам.

Мын га

 

Аудан атаулары Тексеріл-гені, мың га Таралғаны, мың га Химиялық өңдеуге жататыны, мың га 2016 жылы химиялық өңделгені, мың га 2017 жылы химиялық өңдеуге бол- жам, мың га
Әйтеке би 15,3 5,7 5,004 2,134  
Қарғалы 23,58 3,88 3,83 3,83 3,8
Қобда 29,0 - - -  
Мәртөк 17,0 1,33      
Хромтау 14,0 - - -  
Барлығы 98,88 10,91 8,834 5,964 3,8

Ақтөбе облысы бойынша италия шегіркесінің дернәсілдерінің Ресеймен аудандар бойынша шекаралас жерледе қоныстануы және кездесулер бойынша 2016 жылға мәлімет

Биыл аудандарда шекаралас жаткан облыстармен,Ресей Федерациясымен екі жақты келісімдер бойынша шекаралас аумықта кездесіп бірлескен актілер жасалды.

Кездесуде бір-бірімен тәжіребие алмасып,алдағы уақытта атқарылатын іс-шараларды және химиялық өңдеу жұмыстарын бірлесе отырып уақытылы атқарылуын екі жақты болып келісімдер жасалды.

Әйтеке би ауданы бойынша

2016 жылы жасалған аса қауіпті италия шегірткесіне қарсы жүргізілетін жұмыстарға жасалған болжам бойынша биылғы жылы 6 мамыр күні Ресей Федерациясының Орынбор облысы Ясный ауданымен біріге отырып, Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Ұшқатты ауылдық округінің Ресей Федерациясымен шектесетін 200 га жерлерінде үйірлі шегірткенің күбіршіктерін анықтау мақсатында коммисия құрылды. Коммисия құрамына: Ресей Федерациясы Орынбор облысы Ясный ауданының (ОСХ) бас агрономы - Смоляков Е.П.,ФГБУ «Россельхозцентр»-дің жетекші агрономы – Кремер Н.А. және Әйтеке би аудандық аймақтық инспекциясының бас маманы,өсімдік қорғау саласының мемлекеттік инспекторы – Бисенбаев Е.Б., «Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы»РММ Әйтеке би аудандық филиалының басшысы – Бақтияров Б.К. «Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы»РММ Әйтеке би аудандық филиалының агроном энтомологы – Муратов Д.К

Біріге зерттеу нәтежиесінде италия шегірткесінің күбіршектерінің қоныстанған жерлері анықталмады,екі жақты қол қойылған актілер бар.

17 маусым 2016 жылы көктемгі – жазғы зерттеу нәтежиесінде Қостанай облысы Жангелді ауданымен шектесетін Әйтеке би ауданының Жабасақ ауылдық округінің жерлерінде италия шегірткесінің дернәсілдерінің шығуы 2134 га жерде анықталды. Әйтеке би ауданы бойынша италия шегірткесінің дернәсілдерінің Ресеймен шекаралас жерлердің қоныстануы үшін тексерілгені 15300 га., қоныстануы 5700 га., өңдеуге жататыны 5004 га.,өңделгені 2134 га.

 

Қарғалы ауданы бойынша

 

Қарғалы аудандық филиалы Ресей Федерациясымен шекаралас орналасқан Новоорск,Домбаровка және Гай аудандарымен 12 сәуірден бастап 01 қазанға дейін келісім шарт жасалған.

Бірінші білескен тексеру жұмысы, мамырда Алимбет ауылдық округі мемлекеттік қордағы жерінде 100 гектар көлемінде және РФ Новоорск аудан жағынан «Аэропорт Орский» аумағында 100 гектарында шегіткелердің күбіршіктердің қоныстануына тексеру жұмыстары өткізілген нәтежиесінде олардын қоныстануы мен таралуы тіркелген жоқ.

2 маусымда Алимбет ауылдық округі мемлекеттік қордағы жері 500 гектар көлемінде италия шегіртесі дернәсілдеріне Новоорск ауданымен екінші бірлескен тексеру жұмысы тек біздің жағында өткізілген,шегірткелердің шығыуы байқалмады.

9 маусымда Новоорск ауданында «Аэропорт Орский» аумағында және Орынбор қаласына айналма жол бойындағы 1000 гектар көлемінде италия шегіркесі дернәсілдердің тууының басталуына үшінші бірлескен тексеру жұмысын тек қана РФ жағында өткізілген нәтежиесінде италия шегірткесі дернәсілдердің қоныстануы байқалмады, саяқ шегіткелердің 2-3 жаста дамуы тіркелді.

3 шілдеде Астанадан келген коммисиясымен бірге Новоорск ауданынан өкілдерімен бірлескен тексеру жұмысын Алимбет ауылдық округі мемлекеттік қордағы жерінде 1150 гектарында үйілі шегірткесі денәсілдердің таралуы мен қоныстануы байқалмады. Қарғалы ауданы бойынша Ресеймен шекаралас жерлерде тексерілгені – 23580 га., қоныстануы –3880га., өңдеуге жататыны – 3830 га, өңделгені – 3830 га. Бір–бірімізге қоятын кінәрат-талаптарымыз жоқ.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



Сейчас читают про: