Haplothrips tritici K

Егіс алқабы айналасында бидай трипсі дернәсілдері байқалып, оның оянуы 25-26 сәуір болып белгіленді.

Облыс бойынша көктемгі жоспар 0,9 мың га түгелдей тексеріліп аяқталды, оның ішінде 0,34 мың га дернәсілдер таралған және 1 өсімдікке дернәсілдердің таралуы 5 –ке дейін болып анықталды. Қыстап шыққан дернәсілдердің жағдайы қанағатты. 18-24 мамырда аудандарда бунақденеге айналуы байқалды. Зиянкестің ұшуының басы -бірен-саран мамыр айының 23-күні тіркелді.

Зиянкестің егістікке көшуі 02-06 маусым күні аудандарда тіркелді.

Облыс бойынша жоспарланған көктемгі-жазғы бақылау жұмысы 10,9 мың га жер түгел тексерілді. Қоныстануы 4,73 мың га жер. Өңдеуге жататын көлем Әйтеке би ауданында 2,0 мың га жерге анықталды.

Зиянкестің аудандарда жалпы ұшуы 14- маусым аралығында өтті. Зиянкестің жұмыртқа салуы аудандарда 08- маусым 09 шілде күні тіркелді. Дернәсілге айналуының басы аудандарда 01– 12 шілде аралығында өтті.

Облыс бойынша жоспарланған жазғы бақылау жұмысы 20,1 мың га жер түгел тексерілді. Қоныстануы 8,64 мың га жер. Әйтеке би ауданында ЗЭШ-нен тыс байқалды,бір өсімдіктегі трипстің саны 20-ға дейін болды. Өңдеу көлемінің болжамы 2017 жылға 2,4 мың га болып анықталды..

Тамыз айының аяғында дернәсілдер қореқтенуін аяқтап, қыстайтын жерлерге кетті.

Жоспарланған бидай аңызында бидай трипсі дернәсілдердің қоныстануының күзгі 0,8 мың га тексеру жұмысы аяқталды. Қоныстануы 0,26 мың га. Қоныстануы бір шаршы метрде орташа саны 1-20 дана болды.

Болжам:

2017 жылы ауа райы қолайлы болып және жақсы қыстап шыққан жағдайда, саны көбейіп бидай дақылдарына зиян келтіруі мүмкін.

 

 

Гессен шыбыны

Гессенская муха

Mayetiola destructor

Облыс бойынша гессен шыбынының қыстап шыққан пупарийлерінің ауыл шаруашылық жерлерінде таралуын анықтау мақсатында аудандарында 5,0 мың га жер тексерілді. Егіс алқабынан әкелінген үлгілер зертханада тексеріліп, гессен шыбынының пупарийлері анықталмады.

Жоспарланған бидай алқаптарында гессен шыбынының жұмыртқа салуы туралы жазғы 100,0 мың га түгелдей тексерілді. Қоныстануы байқалған жоқ.

Күзгі тексеру кезіндегі қоныстанған гессен шыбынының қыстайтын пілләсінің мониторингалық тексеру жоспары 20,0 мың га толық аяқталды. Қоныстануы байқалған жоқ.

 

Жүйелі бақылау жұмыстары 59,0 мың га жүргізілді.

 

Болжам: Облысымызда соңғы жылдары гессен шыбынының зақымдауы мен қоныстануы төмен болып байқалуда. Бидай алқаптарына зиян келтіруі тіркелмеді.

2017 жылы зиянкестің санының көбеюі күтілмейді.

 

Астық егегіштері

Хлебные пилильшики

Cephidae

Соңғы жылдары астық егеуіштің кездесуі және зиян келтіруі көп байқалмайды. Облыс бойынша көктемгі жоспар 1,4 мың га түгелдей тексеріліп аяқталды, оның ішінде 0,03 мың га дернәсілдер таралған және 1 ш/м жердегі дернәсілдердің таралуы 3 –ке дейін, ал Қарғалы ауданында 0,2 мың га 10-нан жоғары болып анықталды.

Облыс бойынша жоспарланған көктемгі-жазғы тексеру жұмысы 3,0 мың га жер толық аяқталды. Қоныстануы 0,03мың га жер. Таяқ қапқа жүз рет сермегенде орташа саны 3-4 дана болды.

Дернәсілдің қуыршақтануы егіс алқаптарында мамыр айының 31 күні Мәртөк ауданында тіркелді. Ұшуының басы 14 маусым күні, жұмыртқа салуы 26 маусым күні байқалады. Ал,дернәсілдердің пайда болуы Мәртөк ауданында 03 шілде күні өтті.

Облыс бойынша жоспарланған жазғы бақылау жұмысы 3,0 мың га жер түгел тексерілді.Қоныстануы 0,02мың га жер. Бір ауданда ғана кездеседі. Тамыз айының аяғында коконда сабақтың астыңғы бөлігінің ішінде қыстауға кетті.

Облысбойыншатанаптардаастық егегіші дернәсілдерінің қоныстануының күзгі 1,4 мың га тексеру жұмысы аяқталды. Қоныстануы 0,04 мың га жер.

Ақтөбе облысы аймағында астық егеуіштердіңбір ғана түрі таралған, ол-астықтың кәдімгі егеуіштері.

Болжам:

Себебі соңғы жылдары жаздық бидайдан жоғары өнім алуы тек 2016 жылы тіркелді.

2017 жылы зиянкестің саны ағымдағы жылдан аспауы мүмкін.

Колорад қоңызы

Колорадский жук


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: