double arrow

транссудатты плеврит.Рентген

Плевра перфорациясы

Антибактериалды терапия, плевралный пункция, санатция жасау

31. 25 жастағы науқас клиникаға іштің төменгі бөлігінің ұстамалы, қатты ауырсынуына шағымданып келді. Науқас мазасыз, дене қалпын өзгерткісі келеді, өте арық. Тілі ылғалды. Пульсі минутына 68 рет. Іші кебулі, пальпациялағанда жұмсақ. Оң жақ мезогастрия аймағында пальпация кезінде 6×8 см. қатты эластикалық құрылым анықталады. Қабылдау бөлімінің хирургі илеоцекальді инвагинация деген диагноз қойды. Науқасқа шұғыл операция жасалды. Операция үстінде мықын ішектің терминальді бөлігінде диаметрі 5 см, түзу емес фрагментарлы қатты эластикалық беткейімен, ішек қабырғасымен байланыссыз көлденең құрылым анықталады. Әкелетін ішек бөлімі тез кеңейген. Тоқ ішек бос.

1. Сіздің алғашқы диагнозыңыз қандай?

2. Аурудың себебі не болуы мүмкін?

3. Бұл патологияны қандай аурумен салыстырмалы диагностика және зерттеу әдістерін жүргізуге болады?

4. Бұл ауру кезіндегі асқыныстар қандай?

5. Науқастыемдеудегі тактика қандай?

1. гельментоз. Жедел обтурациялық ішек түйілуі

2.ішек қуысының ісікпен, тыртық тінімен, бөгде заттар немесе нәжіс, өт тастарымен бітелуінәтижесінде дамиды.

Сонымен қатар ұйқы без, аналық бездің ісігімен қысылуынанда болуы мүмкін.

3. динамикалық ішек түйілуімен, басқада ішік ауруларымен салыстырмалы диагнотика жүргізеді.Рентген контрасты зерттеу, УДЗ,

Перитонит

5. хирургиялық

Аш ішектің ісігі кезінде ішек резекциясы. Соқыр ішек немесе тоқ ішектің өрлеме бөлігінің обтурациясы кезінде- гемикоэктомия.

32. Науқас З., 50 жаста, хирургия бөлімшесіне бүкіл ішінің ауру сезіміне шағымданып түскен, ауру сезімі бір қалыпты қатты, ешқайда берілмейді. Ауру жалпы әлсіздікпен басталған. Нәжісі сұйық. Бұрын аяқ веналарының қабынуы болған. Жағдайы орташа. Терісінің түсі бозғылт. Іші біркелкі керілген, барлық бөлігі ауырады және іштің беткі қабаты қатыңқы. Лейкоциты 16,3х109/л. Рентгенде іш қуысында сұйықтық деңгей бар. Сұрақ: Науқаста қандай ауру? Қосымшақандайзерттеулержасаукерек? Емдеушарас

 

33. Науқас И., 74 жаста, хирургия бөлімшесіне бүкіл ішінің қатты ауру сезіміне, бірнеше рет қан аралас ішінің өтуіне, дене қызуына шағымданып түскен. Жалпы жағдайы орташа ауыр. Қан қысымы 160/90 мм сынап бағ., жүрек соғуы жиіленген. Лейкоциттері 20х109/л. Жүрек қысылуымен біраздан ауырады. Іші біркелкі кебіңкі, барлық бөлігі ауырады, көбінесе іштің сол жақ бөлігі. Ішті басып тексеру кезінде кеңейген ішектері буынтықталған, жұмсақ, былқылдақ, шегі анық емес ісіну тәрізді анықталады. Іш пердесінің қабыну белгілері жоқ. Сұрақ: Қандай ауру? Қандай зерттеулер жасау керек? Емдеу шарасы.

 

34. Науқас Д., 69 жаста, хирургия бөлімшесіне бүкіл ішінің қатты ауру сезіміне, жүрек айнуына, құсуға, ішінің өтуіне, әлсіздікке, дене қызуына шағымданып түскен. Ауру сезімі спазмолитик салғаннан кейін едәуір бәсеңдеген. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Қараған кезде терісінің түсі боп-боз. Іші біркелкі керілген, ішінің барлық бөлігі ауырады және іштің беткі қабаты қатыңқы. Көптен бері тамырлар атеросклерозымен, өкпенің созылмалы қабынуымен ауырады. Лейкоциттері 18х109/л. Рентгенде іш қуысында сұйықтық деңгей бар. Операция алдындағы дайындықтан кейін науқас ішектің жедел түйілуі диагнозымен лапаротомияға алынды. Іш қуысында ішектерді бітейтін бұзылыстар жоқ, көп мөлшерде қан аралас бұлыңғыр сұйықтық анықталған. Іш пердесінің түсі сұрғұлт, күңгірт, фибринмен жабылған. Ішек иірімдерінің жиырылуы әлсіреген, аздап кеңейген, қоңыр, қара, кейбір жерлері жасыл түсті, іштерінде сұйықтық байқалады. Сұрақ: Аурудың түрі қандай? Бұзылыстардың сатысы? Хирургиялық емі.

 

35. 65 жастағы науқас шұғыл хирургия бөліміне эпигастри мен оң қабырға астындағы ауру сезіміне және лоқсып, бір рет құсқандығына шағымданып түскен. Екі күн бұрын майлы тамақтан кейін ауырған. Анамнез жинау барысында ӨТА, ЖИА және семіздіктің үшінші дәрежесімен ауратындығы белгілі болды. Жалпы жағдайы орташа. Тері мен шырышты қабатында өзгеріс жоқ. Тыныс алуы қалыпты, ентігу байқалмайды. ҚҚ- 140/80 мм.с.б. РS -94 минутына. Тілі құрғақ, ақ жабындысы бар. Тері асты май қабаттарына байланысты іші үлкен, кеппеген, жұмсақ. Пальпация кезінде оң қабырға астында ауру сезімі байқалуда. Өт қалтасы анықталмайды. Ортнер, Кер симптомдары бар. Дене қызуы - 37,6 С. Лейкоцит -10 000. УДЗ қортындысы: Өт қалтасының көлемі 9-6-5см. Қабырға қалыңдығы 0,5см. Қуысында 1-2см тастар. Диагнозы және емдеу тактикасы. Диагноз:Жедел калькулезды деструктивті холецистит. Науқасқа хирургиялық ем көрсетілген.

 

36. Науқас Д. 72 жаста шұғыл хирургия бөліміне ауырғаннан кейін бес тәуліктен кейін келіп түскен. Шағымы: оң қабырға астындағы ауру сезімі. Науқас үйінде но- шпа қабылдаған. Соңғы екі тәулікте дене қызуы 38,6 С. Қалтырау, жалпы әлсіздік, мазасыздануы пайда болған. Көзі сарғайған. Тілі құрғақ, ақ жабындымен қапталған. Іші жұмсақ, кебу белгілері жоқ. Пальпация кезінде ауру сезімі оң қабырға астында анықталуда, осы аймақта бұлшықеттің қатайуы бар. Ортнер, Кер симптомдары оң. Щеткин Блюмберг симптомы теріс. Қосалқы аурулары ЖИА, қант диабеті. Лейкоцит – 12 мың, билирубин-76 ммоль (46/30). УДЗ – өт қалтасы 12-7см., қуысында конкременттер бар, қабырғасы 0, 6 см., холедох – 0,9 см. Диагнозы және емдеу тактикасы.

1. Жедел холецистит

  1. Емі: Холецистэктомия. Тыныштық жағдай. Антибиотиктер-ампиокс, цепорин, цефамезин т.б. Спазмолитиктер және ауырсынуды басатын дәрілер.Инфузионды терапия.Антиферментті препарат-контрикал.

 

37. Науқас А. 45 жаста, қабылдау бөліміне емхана жолдамасымен келген. Ауырғанына 7 тәлік болған. Ауыр жұмыс істегеннен кейін оң қабырға астында ауру сезімі пайда болған. Ауру сезімі ұстама тәрізді, но -шпа қабылдаған соң басылған. Соңғы екі тәулікте ауруы басылған, бірақ дене қызуы 38,6 С, қалтырау, әлсіздік, мазасыздану пайда болған. Тексеру кезінде жалпы жағдайы орташа. Терісі және шырышты қабаттарында өзгеріс жоқ. Ішінің кебуі байқалмайды, тыныс алу кезінде қозғалыста, жұмсақ, тек оң қабырға астында бұлшықет қатайуы анықталуда. Щеткин- Блюмберг симптомы осы аймақта оң. УДЗ: өт қалтасында тас анықталды, қабырғасы 0,6 см. Бауыр астында сұйықтық бар. Лейкоциттер – 14 мың. Диагнозы және емдеу тактикасы.

Диагноз: Жедел аппендицит, жедел тасты холецистит

Емі: аппендицит емі - аппендэктомия, холецистит емі - холецистэктомия

38. 73 жастағы науқас оң қабырға астындағы ауру сезіміне, лоқсу, бір рет өт аралас құсумен шағымданып келген. Осы аталған шағымдар кешкі астан кейін кенеттен пайда болған. Анамнезінде ӨТА, қан қысымы ауруымен, қант диабетімен ауратындығы анықталды. Жағдайы қанағаттандырарлық. Қ/Қ 140/90 мм.с.б. PS 84 минутына. Тілі ылғал, ақ жабындымен қапталған. Іші кеппеген, жұмсақ, терең пальпация кезінде оң қабырға астында ауру сезімі анықталуда. Ортнер, Кер симптомы оң. Щеткин - Блюмберг симптомы теріс. Дене қызуы 37,2 гр., лейкоциттері -7 мың, УДЗ: Өт қалтасында конкременттер, қабырғасы 0,3 см. Диагнозы және емдеу тактикасы

Диагноз: Жедел тасты холецистит. Емі: Хирургиялық негізгі операция холецистэктомия.

39. Науқас Р. 64 жаста хирургия қабылдау бөліміне ішінің ауруына, құсуына, лоқсуына шағымданып келген. Ауру сезімі төрт тәулік бұрын кенеттен оң қабырға астында басталған. Науқас өз бетімен емделген, жағдайы жақсармаған. Дене қызуы 38.С, әлсіздік, мазасыздану белгілері пайда болған. Түскен кезде жағдайы ауыр. Тілі құрғақ, іші кебіңкі, ауру сезімі барлық аймақта анықталуда. Щеткин- Блюмберг симптомы оң. Лейкоцит -9 мың. УДЗ: өт қалтасы үлкейген, қабырғасы -0,7 см., қуысында көптеген конкременттер бар, іштің ойпаттарында сұйықтық анықталуда. Диагнозы және емдеу тактикасы.

Диагноз: Жедел аппендицит, жедел тасты холецистит

Емі: аппендицит емі - аппендэктомия, холецистит емі - холецистэктомия

40. Науқас Г. 78 жаста шұғыл түрде өте ауыр жағдайда келіп түсті. Шағымы: ішінің ауруы, әлсіздік, мазасызданумен келген. Бір апта бұрын оң қабырға астында ауру сезімі басталған, бірнеше рет құсқан. Науқас ауыр жағдайда жеткізілген. Ауырғанға дейін науқас жедел бронхитпен амбулаторлы емделген. Соңғы екі тәулікте жағдайы нашарлаған, ентігу, дене қызуы 38.с., әлсіздік, мазасыздану пайда болған. Тілі ылғал. Іші кеппеген, жұмсақ, пальпация барысында оң қабырға астында ауру сезімі анықталуда. Кер және Ортнер симптомы оң. Щеткин-Блюмберг симптомы теріс. Лейкоцит 19,6 мың, УДЗ: өт қалтасы 9-4 см., қуысында конкременттер. Қандай аурулармен дифференциалды диагностика жасалуы керек және қосымша зерттеу.

Диагноз: Жедел тасты холецистит. Диф.диагноз: панкреатитпен, аппендицитпен, асқазан он-екі елі ішек жарасымен.

Қосымша зерттеу әдістері:УДЗ, рентген, Бх.анализ, ФГДС, Холецистография,ЭРХПГ

41. Аурудың 3 тәулігінде науқастың жағдайы: әлсіреген, адинамикалық, тілі құрғақ, іркілген тағаммен көп ретті құсу, іші кепкен. Ішінің оң жағында және қасаға үсті аймақта ауырсыну және аздаған қатаю, тахикардия бар. Лейкоцитоз 20 000. Жалпы шолу рентгенограммасында – бірең-сараң сұйықтық деңгейі анақталады, әсіресе ішінің оң жақ бөлігінде. Анамнезінде: жас кезінде оң жақ шап жарығы бойынша операция жасалған. Диагнозы қандай? Хирург тактикасы?

Диагнозы: Екіншілік Перитонит.

Емі: хирургиялық операция, перитонизация, іш қуысын дренаждау

42. Науқас Е. 65 жаста, ішінің барлық аймағындағы ауру сезіміне шағымданып келіп түскен. Науқаста жалпы әлсіздік мазасыздану болған. 4 тәулік бұрын ауырған, оң қабырға астындағы ауру сезімі пайда болған, кейін лоқсу, бірнеше рет құсу болған. Осындай ауру бұрында болған, бірақ спазмолитик қабылдаған соң басылған. Жалпы жағдайы өте ауыр. ҚҚ-150/90 мм.с.б., пульс -110 минутына. Тілі құрғақ, сұр түсті жабынды. Іші кепкен, ауру сезімі барлық аймақта анықталуда, оң жақ қабырға астында пайда болады. Щеткин-Блюмберг симптомы оң. Лейкоцит -21 мың. УДЗ: іш қуысында сұйықтық. Ішек ілмегіне жел жиналған. Өт қабы көлемі 9-6 см., қуысында 2,0 см дейінгі конкременттер, қабырғасы 0,6 см. Диагнозы және емдеу тактикасы

1. Жедел деструктивті холецистит. Перитонит.

2. Холелитиаз

3. Анамнез

Биохимиялық зерттеулер: билирубин – 20,5 ммоль/л, холестерин 3-5,2 ммоль/л Лейкоцитоз- формуласының солға ығысуы

УДЗ -90%

Холецистография ЭРХПГ. ЭПСТ

ЭКГ, ЭХО КГ

Диф диагностиканы бүйрек ұстамасымен, жедел аппендицитпен, асқазанның жарасы перфорациясында, жедел аппендицитпен жүргізеді.

4. Іріңді холангит. Сыртқы өт жыланкөздері. Холедохо-дуоденальді жыланкөз. Өт қабы және өт жолдары арасындағы жыланкөз. Холецисто-панкреатит. Механикалық сарғаю. Бауырдың билиарлы циррозы.

5. Жедел түрде Холецистэктомия, Пиновский бойынша интраоперациялық дренаж жасау жəне операциядан кейін ЭРХПГ ПСТ іріңді асқынулардың алдын алу үшін антибактериялық ем жүргізу. Таңулар. Өтқуықта конкременттер анықталса мүмкін болатын асқынулардың алдын алу үшін опеация жасалады.
Науқасты дайындағаннан кейін операция лапароскопиядан басталады. Егер гепатодуоденалдық аймақ зақымдалмаған болса, операция лапароскопиямен жасалады. Операциядан кейінгі кезеңде антибактериялық жəне симптомдық ем жүргізіледі.

 

43. Науқас К. 46 жаста, оң қабырға астындағы қатты ауру сезіміне шағымданып, хирургиялық қабылдау бөліміне келген. 5 сағат бұрын ұстама тәрізді ауру сезімі оң қабырға астында пайда болған. Осы ауру сезімі оң жақ бел аймағына берген. Лоқсу және құсу болған. Бұрын ауырмаған. Жалпы жағдайы орташа. Терісі және шырышты қабаты өзгермеген. ҚҚ-150/90 мм.с.б., пульс- 98 мин. Тілі ылғал, ақ жабындысы бар, іші жұмсақ, ауру сезімі оң қабырға астында және мезогастрий аймағында. Кер, Мерфи симптомы оң. Оң жақта Пастернацкий симптомы анықталуда. Қандай аурулармен дифференциалды диагностика жасалуы керек және қосымша зерттеу.

 

1. Өт тас ауруы

2. оперативті ем: тасты алу. Өтті алып тастау-холециститэктомия

Консервативті ем:урсодиол, хенодиол, өт қышқылы бар дәрілер тастарды ерітеді.

 

44. Науқас П. 50 жаста, қабылдаубөлімінеденесініңсарғаюы мен оңқабырғаастындағы ауру сезімінешағымданыпкелген. 3 тәулікбұрынкенеттеноңқабырғаастында ауру сезіміпайдаболған, кейінлоқсу, құсуғаұласқан. Денесісарған. Жалпыжағдайыорташа. ҚҚ – 120/80 мм.с.б., пульс-96 минутына. Тіліылғал, жабынды бар.Ішіжұмсақ, кеппеген, оңқабырғаастындабұлшықетіқатайған, ауру сезімі бар. Кер, Ортнерсимптомдарыоң. УДЗ өтқалтасыүлкейген, қуысындаконкременттер бар.Қабырғасы 0,5 см. Лейкоциті – 16 мың. Жалпы билирубин – 86 мкмоль/л.(50/36). Диагнозы жәнеемдеутактикасы.

 

1. Өт тас ауруы

2. оперативті ем: тасты алу. Өтті алып тастау-холециститэктомия

Консервативті ем:урсодиол, хенодиол, өт қышқылы бар дәрілер тастарды ерітеді.

45. Науқас А. 29 жаста, ауруханада жедел панкреатитпен емделгеніне 3,5 апта болған. Соңғы үш тәулікте эпигастри аймағында түзіліс пайда болған, ауру сезімі үдеген. Дене қызуы 38,8.с., қалтырау болған. Лейкоцит – 18 мың, ЭТЖ - 46. УДЗ ұйқы безі маңында сұйықтық, құрылымында өзгеріс анықталуда. Жедел панкреатиттің қандай фазасы және емдеу тактикасы.

 


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



Сейчас читают про: