Популяциялар экологиясы демэкология

Демоэкология- (грекше demos-халық) немесе популяциялар экологиясы-қоршаған орта факторларының популяцияға әсерін популяция санының өзгеруін зерттейді. Бір түрге жататын организмдердің топ құрып тіршілік ету ерекшеліктері, биологиялық құрылымы (жас,жыныс, көбею, өлу, табиғатағы санығ тығыздығы, таралуы,және т.б) табиғаттағы сан мөлшерінің реттелуі мен ауыл шаруашылығындағы маңызы туралы мәліметерді қарастырады.

2. Популяцияның статикалық сипаттамасы

Популяцияның табигаттагы саны мен тыгыздыгы. Популяцияның саны мен

тығыздығы оның касиеттерін сипаттайтын негізгі көрсеткіш болып саналады.

Популяцияның саны дегеніміз белгілі бір көлемдегі немесе аумақтағы особьтардың

жалпы саны. Организмдердің саны табиғатта түрақты болмайды. Оның аз немесе көп

болуы особь-тардьщ өсімталдығы мен шығынына (өлуі) байланысты.

Популяцияның тығыздығы белгілі бір көлемдегі немесе кеңістік-тегі особьтардың саны мен биомассасының салмағымен өлшенеді. Мəселен, 1 гектардағы

шыршалардың саны 150 немесе 1 м3 көлемдегі су дафниялардың биомассасы 0,5 г. Популяцияның тығыздығы олардың санына байланысты өзгеріп отырады. Тығыздық шексіз өсуі мүмкін емес. Ол үшін особьтардың кең таралуына қолайлы жағдай мен кеңістік болуы керек. Организмдердің кеңістікте таралуы олардың шектеуші факторы

кездеспейінше жүре беруі мүмкін. Осыған орай, популяциялардың кездейсоқ, біркелкі жəне топтанып таралу жолдары бар. Кездейсоқ таралу - тек бірегей ортаға тəн күбылыс. Мəселен, егістіктерде зиянкес жəндіктердің таралуы алғашында кездейсоқ болғанымен бірте-бірте көбейе түсіп, топтану немесе шашыранды таралу сипатын алады. Популяцияның табиғаттағы санын озін-өзі реттеу мүмкіндігі бар. Əрбір түрдің көбеюінің жоғарғы жəне төменгі шегі болады. 

Организмдердін жалпы шығынын үш типке жіктеп қарастыруға болады. Яғни, организмдердің тірі қалу мүмкіндігінің үш типі бар (4.1-сурет). Тірі қалу мүмкіндігінің бірінші типі көбінесе насекомдарға, ірі сүтқоректілерге, ағаштарға, адамдарға тəн. Бүл жағдайда организм-дердің өмір үзақтығы біркелкі дами келе ең соңғы жылдары (кəрілік кезеңі) қысқа уақыт аралығында шығын күрт көбейіп кетеді. Екінші типке жататын организмдердің өлім-жітімі өмірінің ұзына бойында түрақты болатын түрлерге тəн. Бүларға түшы суларда тіршілік ететін ішек куыстылар жатады, əрі бүл сирек кездесетін қүбылыс. Үшінші тип те көптеген организмдердің өкілдерін қамтиды. Организмдердің өсімталдығы жəне шығынымен қатар олардың кеңістікте таралуы (миграция) да

табиғаттағы саны немесе тығыздығына тікелей əсер етеді. Популяция өзінің бар

мүмкіндігінше ареалын кеңітуге тырысады. Табиғатта сирек болса да популяциялардың кейбір түрлерінің өсу немесе өлім-жітімі шектен тыс көбейіп кету жəйі кездеседі. Егерде популяция күрт көбейіп кетсе, оны

өсімталдыгы жогары типке жатқызамыз. Ондай популяцияларды көбінесе үсақ организмдердің өкілдері күрайды. Популяцияларға қатысты организмдердің предпродуктивті, репродуктивті жəне пострепродутивті экологиялық топтарын ажыратады. Жастық күрылымы аз немесе көп болуы əрбір особьтің өмірінің үзақтығына байланысты. Кейбір біркүндіктер деп

аталған насекомдардың личинкаларының жасы бірнеше жылға созылса, ал ересектері

бірнеше күн ғана өмір сүреді. Бүған жататын организмдер езінің табиғаттағы сан мөлшерін тез арада қалпына келтіреді. Табиғатта популяциялардың санының азаю

процесі ондағы жас особьтардің азайып, ересектерінің көбейгендігін көрсетеді. Негізінен жас особь-тардың көп болуы популяцияның сандық жəне сапалық қүрамын жаңартып, əрі түрақты үстап түруға тікелей əсер етеді. 3. Популяцияның динамикалық сипаттамасы Популяциялардың өсімталдығы, өлім-жітімі (шығымы) жəне таралуы мен орын ауыстыруы олардың табиғаттағы сан мөлшерінің ауытқуына тəуелді болып келеді.

Организмдердің көбею мүмкіндігі өте жоғары. Оны организмнің биотикалық потенциалы дейді. Организмдердің табиғаттағы сан мөлшері олардың шығынына да

көп байланысты. Популяцияның шығыны (өлім-жітімі) дегеніміз -белгілі бір уақыт аралығындағы өлген особьтарының саны. Организмдердің шығыны орта

жағдайларына, қорекке, ауруларға, популяцияның жас ерекшеліктері мен т.б. көптеген факторларға тəуелді болып келеді. Кейбір организмдердің шығыны жас

кезінде жоғары болса, ал біразы ересек кездерінде көбірек өледі.

Популяциялардың тұракты, өсімтал жəне өте сирек кездесетін типтерін ажыратуға болады. Тұрақты популяцияларда организмдердің тууы мен шығыны тепе-теңдік

сақтап кезектесіп келіп отырады. Сол сияқты популяцияның тұрақты болуы генетикалық-тарихи, биологиялық жағдайларға да байланысты. Табиғатта популяциялардың тұрақты болуы особьтардың тууы мен иммиграциясына жəне шығыны мен эмиграция жағдайына да байланысты. Иммиграция кезінде организмдер

особьтері популяция құрамына қосылып отырса, ал эмиграция бойынша кеміп азайып отырады. Аталған факторлар үйлесімді əрі кезектесіп отырған жағдайда

популяция өзінің тұрақтылығын ұзақ уақытқа сақтауы мүмкін. Сонда ғана біз популяцияны тұрақты дей аламыз. Табиғатта сирек болса да популяциялардың кейбір түрлерінің өсу немесе өлім-жітімі шектен тыс көбейіп кету жəйі кездеседі. Егерде популяция күрт көбейіп кетсе, оны

өсімталдығы жоғары типке жатқызамыз. Ондай популяцияларды көбінесе ұсақ организмдердің өкілдері құрайды.

37.Популяция анықтамасы., сипаттамалары

Популяция (лат.populus-халық, тұрғын халық) – белгілі бір кеңістікте генетикалық жүйе түзетін, бір түрге жататын және көбею арқылы өзін-өзі жаңғыртып отыратын организмдер тобы. Осы топтың пайда болып есептелуі үшін: тарихи қалыптасқан ареалы жән үздіксіз өзгеріп тұратын сыртқы орта жағдайында өзінің саны мен құрылымын сақтауға қабілетті болуы; сол түрдің өзге топтарынан қандай да бір табиғи кедергілермен ажыратылып тұруы, бір немесе бірнеше экожүйенің құрамына кіріп, олардағы зат алмасу, энергия тасымалдау процестеріне қатысуы тиіс. Әр популяция өзіне ғана тән статикалық сипаттамалары(саны,тығыздығы,ареалы,орналасуы,жас ерекшелігі,жыныстық құрамы) және динамикалық сипаттамалары (саны мен тығыздығының уақытқа қатысты өзгеруі) бойынша ерекшеленеді. Популяцияның статикалық сипттамалары популяцияның белгілі бір сәттегі күйін көрсетіп, өлшеу,санау арқылықысқа мерзімде анықталады. Популяцияның динамикалық сипаттамаларын анықтау ұзақ мерзімді(бір ұрпақ жаңаратындай)қажет етеді; Популяция санының динамикасы белгілі бір уақыт аралығындағы тірі организмдердің өмірге келуі мен өлімі көрсеткіштерінің ара салмағы бойынша анықталады.Сондай-ақ,популяция санының өзгеруіне иммиграция және эмиграция процестері де әсер етеді. Кейбір жануарлардың(шегіртке,бөкендер т.б) санының немесе тығыздығының қауырт өсуі олардың қоныс аударуына әкеледі.

Популяция терминін 1903ж.Дания биологы В.Иогансен енгізді.Эволюция заңдылықтарын, түрлердің пайда болуын зерттейтін ғалымдар популяцияны микроэволюциялық процестің ең шағын бірлігі ретінде қарастырса, ал экологтар популяцияны түр аралық әсерлесу мен өнімділік тұрғысынан зерттейді. Популяцияны зерттеудегі микроэволюциялық,генетикалық,экологиялық бағыттарды біріктіретін биологиялық жаңа саласы-популяциялық биология қалыптасты. Жойылып кету қаупі төнген түрлерді сақтап қалу,зиянды түрлердің санын тежеу,экожүйе құрамына жаңа түрлерді енгізуде(интродукция) популяцияны зерттеудің маңызы зор.

  38Популяциялардын тиршилик ету зандылыктары

Популяция дегеніміз - белгілі бір географиялық аумақта тіршілік етуге бейімделген, генетикалық шығу тегі бір, бір түрге жататын особьтар жиынтығы. Популяция латынның "попилус" - "халық, топ" деген мағынаны білдіреді.

Элементар (жергілікті) популяция - табиғаты бірдей кішігірім аумактарды мекендейтін бір түрге жататын особьтар жиынтығы. Элементар популяциялардың табиғаттағы саны, даму эволюциясы мен үзақтығы биоценоздың күрделі немесе қарапайымдылығына, бірегей-лігіне байланысты болады.

Экологиялық популяция - жергілікті популяциялардың жиын-тығы негізінде қалыптасады. Олар негізінде түр ішіндегі топтар болған-дыктан белгілі бір биоценозда тіршілік етуге бейімделген. Мəселен, кəдімгі ақ тиін көптеген ормандарда кең таралған.

Географиялық популяция - географиялық жағдайлары бірдей аумақты қамтитын, особьтар топтарын қүрайтын экологиялық попу-ляциялардан түрады. Географиялық популяциялар салыстырмалы түрде бір-бірімен нақты шектелген əрі өсімталдығы, особьтар формасы, экологиялық қатарлары, физиологиялық мінез-қүлқы жəне басқа да қасиеттері арқылы ерекшеленеді.

Популяцияның табиғаттағы саны мен тығыздығы. Популяцияның саны мен тығыздығы оның қасиеттерін сипаттайтын негізгі көрсеткіш болып саналады. Популяцияның саны дегеніміз белгілі бір көлемдегі немесе аумақтағы особьтардың жалпы саны организмдердін саны табиғатта тұрақты болмайды. Оның аз немесе көп болуы особьтардың өсімталдығы мен шығынына (өлуі) байланысты.

Популяцияның тығыздығы белгілі бір көлемдегі немесе кеңістіктегі особьтардың саны мен биомассасының салмағымен өлшенеді. Мәселен, 1 гектардағы шыршалардың саны 150 немесе 1м3 көлемдегі су дафниялардың биомассасы 0,5г.

Осыған орай, популяциялардың кездейсоқ, біркелкі және топтанып таралу жолдары бар.

Кездейсоқ таралу – тек бірегей ортаға тән құбылыс. Мәселен, егістіктерде зиянкес жәндіктердің таралуы алғашында кездейсоқ болғанымен бірте-бірте көбейе түсіп, топтану немесе шашыранды таралу сипатын алады.

Популяцияның табиғаттағы санын өзін-өзі реттеу мүмкіндігі бар. Әрбәр түрдің кобеюінің жоғарғы және төменгі шегі болады.

Популяциялардың тұрақты, өсімтал және өте сирек кездесетін типтерін ажыратуға болады. Тұрақты популяцияларда организмдердің тууы мен шығыны тепе-теңдік сақтап кезектесіп келіп отырады. Сол сияқты популяцияның тұрақты болуы генетикалық-тарихи, биологиялық жағдайларға да байланысты. Табиғатта популяциялардың тұрақты болуы особьтардың тууы мен иммиграциясына және шығыны мен эмиграция жағдайына да байланысты. Иммиграция кезінде организмдер особьтері популяция құрамына қосылып отырса, ал эмиграция бойынша кеміп азайып отырады. Аталған факторлар үйлесімді әрі кезектесіп отырған жағдайда популяция өзінің тұрақтылығын ұзақ уақытқа сақтауы мүмкін. Сонда ғана біз популяцияны тұрақты дей аламыз.

39.Экологиялық қуыс анықтамасы.

Экологиялық қуыс- организмнің тіршілік ету жағдайына қатысты шарттардың жалпы жиынтығы; түрдің жүйедегі энергия тасымалдауда атқаратын рөлі. Экологиялық қуысқа өзінің орналасқан кеңістігі, қоғамдастықта атқаратын функцияналдық рөлі және қоршаған орта факторына (температура, ылғалдылық, қысым, топырақ құрамына, т.б.) төзімділігі жатады. Экологиялық қуыс 3 бөлінеді: кеңістік, қоректік, гиперкеңістік. Кеңістік- организмдердің тұрақты мекені. Коректік- коректену ерекшеліктеріне байланысты орны; Гиперкеңістіктік- көп өлшемді аумақ, оның өлшемі экологиялық факторға байланысты.

Бір экологиялық қуысты 2 түр қатар иелене алмайды. Экологиялық қуыс бәсекелестік жолмен бөлінеді. Әр түрдің бәсекелестік күрестегі табысы абиотикалық факторға болады. Түрдің маңызды көрсеткіштерінің бірі- оның экологиялық ауқымдылығы.

Әр түрге жататын 2 организм бірдей қорларды пайдаланған жағдайда, олардың қуыстары қабысып кетеді. Егер қор мөлшері жеткіліксіз болса, немесе басым түскен түр аз бәсекелесіп бейімдеушілік аймағының шетіне қарай ығысады.  


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: