Ноосфера -адамның парасытты тіршілігі оның дамуын қамтамасыз негізгі фактор болып табылатын биосфераның жаңа жай-күйі.
Вернадскийдің шарттары:1)Адамзыттың бір тұтас болуына,кез келген құрылықтың немесе мұхитты бір шетіндегі оқиға Жер бетінің басқа жерлеріне әсер ету
2)Қазіргі таңдағы байланыс құралдары мен ақпарат алмасудың сол сәтте хабардар ету үшін өзгеруі
3)Адам теңдігі ноосфераның қажетті талабы
4)Адамдар теңдігі нәтижесінде жалпы өмір деңгейінің өсуі сондай ақ халықтың мемлекеттік және қоғамдық жұмыстарға шарраларға әсер ету мүмкіндіктері
5)Энергетиканың дамуы,өмір сүру деңгейінің көтеру үшін жаңа энергия көздерін ашу және пайдалану
6)Қоғам өмірінде соғысты болдырмау
47 Орныкты даму концепциясы. Орныкты дамудын негизги модельдери
Биосфера Жер бетінде адамның пайда болғанына дейін болған.Адам биосферассыз тіршілік ете алмайды.Адамзат тіршілігіне қауіп төндірген Жаһандық экологиялық пробламалар әлемдік қауымдастықты осы жағдайдан шығудың жаңа жолдарын іздеуге орнықты даму концепциясын жасауға етуде.БҰҰ-ның конференциясында 1992ж, Рио де Жанейрода қабылдады.модельдер ұйғарымдары:
1)өндірістің материалдық және энергия сыйымдылығын төмендету,қалдықтарды азайту,улы заттар айналымын азайту
2)экологиялық критерилерді ескертетін бағаның құрылуына ауысуды және салық пен айып пұл жүйесімен бірге жаңа экономикалық қауіпсіз қор және энергия сақтау технологиясын пайдалануды ынталандыру
3)Ауыл шаруашылығын тиянақты жүргізуді және ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін көтеру арқылы аудандарының дамуына жәрдем беру,өсімдік және жануар өнімдерінің нәрлі қасиеттерін жақсарту,ауыл шаруашылығы зиянтестермен күресу жолдарын пайдалану,,,,,т.б
4)Индустриалды дамыған елдердің дамып келе жатқан елдерге алдыңғы қатарлы технологияларды,осы елдерден алынған генетикалық материалдардың негізінде құрылған жаңа технологияларды беру.
5)Барлық елдер үшін бірдей экологиялық стандарттарды қалыптастыру,орнықты дамудың біртұтас жаһандық бағытын анықтайтын институттарды құру,,т.б
48.ҚР-ның орнықты даму концепциясы
Елдiң орнықты дамуы дегенiмiз қазiргi ұрпақтың қажеттiлiктерiн қанағаттандыратын және келер ұрпақтың өз қажеттiлiктерiн қанағаттандыру мүмкiндiктерiне қатер төндiрмейтiн даму болып табылады. Қазақстан Республикасы үшiн орнықты дамуға көшу аса қажеттiлiк болып табылады. Табиғи ресурстарды пайдалану есебiнен экономиканың өсуi тек белгiлi бiр кезеңде ғана болуы мүмкiн. Қазiргi жағдайда өсiм мен даму неғұрлым озық тетiктердi талап етедi.
Орнықты даму Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму стратегиясының мақсаттарына қол жеткiзу үшiн қажет. Орнықты даму қағидаты Президенттiң 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауында жарияланған Қазақстанның әлемдегi бәсекеге барынша қабiлеттi 50 елдiң қатарына кiру стратегиясының негiзiнде де тұжырымдалған. Қазақстан Республикасы әлемдiк қоғамдастыққа толыққанды қатысушы ретiнде XXI ғасырға арналған күн тәртiбiнде (Рио-де-Жанейро, 1992 жыл) және Мыңжылдық саммитi (Нью-Йорк, 2000 жыл) мен Орнықты даму жөнiндегi әлемдiк саммит (2002 жыл, Йоханнесбург) декларацияларында қойылған мiндеттердi орындау жөнiнде мiндеттемелер қабылдады.
Қазақстан Республикасы үшiн орнықты дамуға көшу кезең-кезеңiмен жүзеге асырылатын болады. Ол үшiн орнықты дамудың әр кезеңiне арналған белгiленген өлшемдер анықталады (1-кесте).
Дайындық кезеңi (2007-2009 жылдар) - орнықты даму қағидаттарын қоғамдық және саяси қызметтiң барлық салаларына енгiзу, экономиканы әртараптандыру, технологиялық алға озуды жүзеге асыру үшiн жағдай жасау.
Бiрiншi кезең (2010-2012 жылдар) - Қазақстан Республикасының әлемдегi бәсекеге барынша қабiлеттi елу елдiң қатарына кiруiн қамтамасыз ету.
Екiншi кезең (2013-2018 жылдар) - өмiр сүру сапасы деңгейi бойынша әлемдiк дамудағы көшбасшылар арасындағы елiмiздiң жағдайын нығайту, табиғи ресурстарды орынсыз пайдалану салдарынан болатын шығындарды айтарлықтай қысқарту, елдiң экологиялық орнықтылығының жоғары деңгейiн қамтамасыз ету.
Үшiншi кезең (2019-2024 жылдар) - орнықты дамудың қабылданған халықаралық өлшемдерiне қол жеткiзу.
Қазақстан Республикасында орнықты дамуға көшудiң негiзгi қағидаттары мыналар болып табылады:
-бүкiл қоғамды орнықты дамуға қол жеткiзу процесiне тарту;
- орнықты даму үшiн саяси негiз жасау;
- ведомствоаралық ықпалдасу, мемлекеттi басқаруға деген жүйелi көзқарас, дамудың негiзгi көрсеткiштерiн болжамдау, жоспарлау және реттеу тиiмдiлiгiн арттыру;
- ел экономикасына жоғары технологияларды белсендi енгiзу нәтижесiндегi экономикалық прогресс, ресурстарды пайдалану тиiмдiлiгiн арттыру;
- ғылым мен бiлiм берудiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн қамтамасыз ету;
- салауатты қоғам үлгiсiн енгiзу негiзiнде халықтың денсаулық жағдайын, демографиялық жағдайды жақсарту;
- қоғамның аса маңызды ноосфералық қызметi ретiнде қоршаған ортаны қорғау қызметiн жетiлдiру;
- трансөңiрлiк экожүйелiк көзқарас негiзiндегi аумақтық даму.
Орнықты дамуға көшудiң басымдықтары мыналар:
-өндiрiс пен тұтынудың орнықты үлгiлерiн енгiзу;
-жаңа және экологиялық қауiпсiз технологияларды пайдалану;
-орнықты көлiк жүйелерiн дамыту;
-энергетикалық тиiмдiлiк және энергия жинақтау;
-орнықты дамудың өңiрлiк проблемалары;
-халықтың әлеуметтiк қауiпсiздiгiнiң деңгейiн арттыру;
-экологиялық және гендерлiк аспектiлердi ескере отырып, кедейшiлiкке қарсы күрес;
-орнықты даму үшiн ғылым мен бiлiм берудi одан әрi дамыту;
-тарихи және мәдени мұраны сақтау;
-халықтың денсаулығына төнетiн экологиялық қауiп-қатердiң алдын алу және азайту;
- шөлейттенуге қарсы күрес;
-биологиялық әралуандықты сақтау;
-эмиссияларды, оның iшiнде қызған газдар мен озон қабатын бұзатын заттарды азайту;
-сапалы ауыз суға қолжетiмдiлiк;
-трансшекаралық экологиялық проблемаларды шешу;
-радиациялық және биохимиялық қауiпсiздiк;
-қалдықтарды кәдеге асыру.
Тұжырымдаманың мақсаты өмiр сүру сапасын арттырудың және елдiң ұзақ мерзiмдi келешекте бәсекеге қабiлеттiлiгiн қамтамасыз етудiң негiзi ретiнде Қазақстан Республикасының экономикалық, әлеуметтiк және экологиялық даму аспектiлерiнiң теңгерiмiне қол жеткiзу болып табылады.
49.Табиғи ресурстар және Табиғатты утымды пайдалану.
Табиғат ресурс тарына адам пайдаланатын және игіліктерді жасау үшін қолданылатын табиғат объектілері жатады. Табиғат ресурсатырмен қатар табиғат жағдайлары ұғымын да қарастырамыз. Оладың табиғат ресурсатарынан ерекшелігі олар адамның өмірі мен қызметіне әсер етеді, бірақ берілген кезеңде материалдық өндіріске қатыспайды. Табиғат ресурстары мен табиғат жағдайларының арасындағы шекара нақты емес. Мысалы, ауа егер бұрын тек табиғат жағдайы болса, қазір жағдай және ресурс болып табылады.
Табиғат ресурстарын бірнеше белгілері бойынша жіктейді. Олар атмосфералық, су, өсімдіктер, жануарлар, топырақ, қазба байлықтар, энергетикалық және т.б. болып бөлінеді. Ең жиі қолданылатын жіктелу ресурстардың сарқылу жылдамдығы немесе қалпына келуіне байланысты. Ресурстардың сарқылу бойынша жіктелуінің маңызы - ол адамды қолданылуы анағұрлым приоритетті ресурстарды пайдалануға бағыттайды. Оларға ең алдымен сарқылмайтын ресурстар жатады. Бұл ресурстарды пайдаланудың қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсері айтарлықтай болмайды. Адам оларды толық пайдалануға мүмкіндік беретін жолдарын жасауы қажет. Екіншіден, қалпына келетін ресурстарды пайдаланудың болашағы бар. Мысалы, өсімдіктер, жануарлар.
Сарқылатын ресурстарға жақын кезеңде немесе болашақта қорының сарқылу қаупі төніп тұрған заттар жатады. Бұларға ең алдымен қазба байлықтар мен тірі табиғат ресурстары жатады. Ресустардың сарқылуы салыстырмалы ұғым.
Сарқылмайтын ресурстарға шексіз ұзақ уақыт пайдалануға болатын ресурстар жатады. Мысалы, күн энергиясы, жел, теңіздің толуы мен қайту энергиялары. Бұл жағдайда да сарқылмайтын ұғымымен салыстырмалы түрде айтылады. Себебі, әрбір ресурс үшін пайдаланудың шегі болады. Өндірілетін ресурстардың тек 2-3 %-ы ғана пайдалы өнім ретінде қолданылады, ал қалғаны қалдықтар (бос жыныс, шлактар, т.б.). Адам қызметінің көңіл аударарлық нәтижесіне қоршаған ортаға оған тән емес, тірі ағзалар үшін бқтен (ксенобиотиктер) заттардың шығарылуы жатады. Табиғатта 2 мыңдай бейорганикалық және шамамен 2 млн. органикалық қосылыстар бар. Адам қазір 8 млн-нан астам қосылыстарды синтездей алады. Жыл сайын олардың саын бірнеше мыңға артып отырады.
Табиғатты тиімді пайдаланудың мынадай ерекшеліктер: -табиғи байлықтарды пайдалану оларды орнына келтіру қатар жүру керек
-табиғи байлықтарды кешенді пайдалану
-табиғи байлықтарды қайта пайдалану
-табиғатты қорғау шараларын жүргізу
-қоршаған табиғи ортаға антропогендік қысымды азайту үшін жаңа технологияларды ендіру
50Табиғи ресурс классификациясы
Табиғат ресурстарын бірнеше белгілері бойынша жіктейді. Олар атмосфералық, су, өсімдіктер, жануарлар, топырақ, қазба байлықтар, энергетикалық және т.б. болып бөлінеді. Ең жиі қолданылатын жіктелу ресурстардың сарқылу жылдамдығы немесе қалпына келуіне байланысты. Ресурстардың сарқылу бойынша жіктелуінің маңызы - ол адамды қолданылуы анағұрлым приоритетті ресурстарды пайдалануға бағыттайды. Оларға ең алдымен сарқылмайтын ресурстар жатады. Бұл ресурстарды пайдаланудың қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсері айтарлықтай болмайды. Адам оларды толық пайдалануға мүмкіндік беретін жолдарын жасауы қажет. Екіншіден, қалпына келетін ресурстарды пайдаланудың болашағы бар. Мысалы, өсімдіктер, жануарлар.
Сарқылатын ресурстарға жақын кезеңде немесе болашақта қорының сарқылу қаупі төніп тұрған заттар жатады. Бұларға ең алдымен қазба байлықтар мен тірі табиғат ресурстары жатады. Ресустардың сарқылуы салыстырмалы ұғым.
Сарқылмайтын ресурстарға шексіз ұзақ уақыт пайдалануға болатын ресурстар жатады. Мысалы, күн энергиясы, жел, теңіздің толуы мен қайту энергиялары. Бұл жағдайда да сарқылмайтын ұғымымен салыстырмалы түрде айтылады.
51. табиғи ортаның сапасы мен халық денсаулығы\
52.Экологиялык мониторинг анықтамасы.
Мониторинг –(monitor-еске салушы, алдын ала ескерту) биосфера немесе оның жеке бөліктерінің элементтерінің жағдайының антропогенді әсерден болатын өзгерістерін болжау, бағалау мен бақылаудың комплексті жүйесі. Мониторингте биосфераның жағдайы геофизикалық, физико географиялық, геохимиялықжәне биологиялық көрсеткіштері бойынша сипатталады. Мысалы, билогиялық мониторинг қоршаған ортаның функциялық және құрылымдық биологиялық белгілер бойынша жүргізілуі мүмкін. Мониторингтің базалық, ғаламдық, аймақтық, авиациялық, ғарыштық т.б. түрлері бар.
Базалық - жалпы биосфераның табиғи құбылысына бақылау жүргізу.
Ғаламдық - жер биосферасы мен экосферасындағы жалпы әлемдік процестер мен құбылыстарды бақылау.
Аймақтық - белгілі бір аймақтағы экологиялық процестер мен құбылыстарды бақылау.
Авиациялық - экологиялық процестерді әуеден ұшақтар, тік ұшақтар және ұшатын аппараттар арқылы бақылау.
Ғарыштық - экоқұбылыстарды ғарыштық құралдың көмегімен бақылау.
Қоршаған орта мониторингі - адамдардың тіршілік ететін орта жағдайын бақылау арқылы адамдарға табиғатта болып жатқан қауіп қатерлерді алдын ала ескерту үшін қажет. Сондай ақ мониторингтік бақылаулар биосфералық қорықтарда жүргізіледі.
Экологиялық болжам және мониторинг – қоршаған ортаныңжағдайы және қоршаған орта жағдайын бақылау, басқару.
Мониторинг биосфера оның жеке бөліктерінің, элементтерінің, жағдайының синтропогенді әсерден болатын өзгерістерін болжау. Мониторинг биосфера жағдайы геофизикалық, геохимиялық, биологиялық көрсеткіштері арқылы сипатталады.
Мониторинг қызметінде дистациолды және автоматты бақылау әдістері рөлі артып келеді. Мониторинг жүйесі ақпараттық болып табылады, оның міндетіне қоршаған табиғи ортаның сапасын басқару кірмейді.
Пайдаланған әдістер бойынша космостық, авиациялық, жер беті мониторингі, ал зерттеу әдістері бойынша химиялық, физикалық, биологиялық
53 Қазіргі заманның әлеуметтік экологиялық проблемалар және орнықты даму
Қазақстан халқының қауіпсіздігі үшін негізгі экологиялық проблемалар су ресурстарын пайдалануға, радияция әсеріне және қалдықтарға байланысты. Арал теңізі негізгі экологиялық катастрофа және әлеуметтік - экономикалық проблема эпицентрі ретінде болып отыр. Сумен қамтамасыз ету және оның сапасы Қазақстанда алаңдатушылық туғызуда және орнықты даму үшін Ұлттық жоспарда қоршаған ортаны қорғаудың негізгі бағыттарының бірі. Сәулеленуге ұшырау мәселелері Қазақстан териториясында бұрынғы одақтың ядролық полигондардың болуына байланысты БҰҰ-ның конференциясы барлық елдердің үкіметтерін тұрақты дамудың ұлттық концепцияларын қабылдауға шақырады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ұсынған «Қазақстан Республикасының тұрақты дамуға көшу концепциясы» бекітілді. Республиканың экологиялық саясаты оның экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Республика Президенті Н.Ә.Назарбаевтің БҰҰ Бас Ассамблеясында жасаған баяндамасында тұрақты дамуға жетудің түйінді мәселелерін шешудегі еліміздің белсенді қызметін дәлелдейтін нақты мысалдар келтірді. 1992-1998 жылдар аралығында Қазақстан тарихта бірінші болып ядролық полигонын жауып, ядролық қарудан бас тартты, Аралды сақтап қалуға арналған интеграциялық процестердің ұйтқысы болды.
Қазіргі уақытта экологиялық, экономикалық, әлеуметтік мәселелерді интеграциялау саласындағы саяси іс-шараларды анықтау жолдары іздестіруліде. Олар:
- бұзылған экожүйелерді қалпына келтіруді қамтамасыз ету;
- суды тиімді пайдаланудың нақты шараларын анықтау;
- жерді пайдалану, ауыл шаруашылығының тұрақты дамуын жүзеге асыруға, биологиялық алуантүрлілікті сақтауға бағытталған үйлесімді іс-шараларды қабылдау.
Сонымен қатар конференцияда Мәлімдеме мен екі концепция
- климаттың өзгеруінің алдын алу, ормандарды қорғау мен биологиялық алуантүрлілікті сақтау мәселелері бойынша қабылданды.
Бұл мәселелерді кешенді ғылыми тұрғыдан шешуге болады. Бұл үшін экология, экономика және әлуметтік дамудың барлық негізгі топтарын біртұтас кешен түрінде қарастыру қажет.
БҰҰ-ның конференциясы барлық елдердің үкіметтерін тұрақты дамудың ұлттық концепцияларын қабылдауға шақырады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ұсынған «Қазақстан Республикасының тұрақты дамуға көшу концепциясы» бекітілді. Республиканың экологиялық саясаты оның экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
54 Климаттын галамдык жылынуы. Киото хаттамасы. Климаттық ғаламдық жылынуы- биосфераның антропогендік ластануының бір көрінісі. Бұл климаттың және бей ортаның өзгеруі: экожүйедегі өнімділік процестерінің, өсімдіктер қауымдастықтары шекараларының, ауыл шаруашылығы даұылдарының өнімділігінің өзгеруінен білінеді. Әсіресе климаттық өзгерістерСолт. Жарты шардың жоғары және орта ендіктерінде қатты байқалады. Мәліметтер бойынша келесі ғасырдың басына дейін Жер бетінің температурасы 1,4 С-қа көтеріледі. 1997 жылы Киотто хаттамасына сәйкес,өнеркәсібі дамыған елдер 2008-2012ж 1990жылмен салыстырғанда парникті газдардың атмосфераға бөлінуін 55 пайызға дейін азайту керек. Алайда бұл хаттаманың шешімдері әлі күнге дейін күшіне дейін енген жоқ. Өйткені дамыған елдер бұл шешімнің дұрыстығына күмәнімен қарауда. 2000ж Гаага қаласында өткен коонференцияда әрбір индустриалды елдер зиянды заттарды атмосфераға бөлудіі азайтудың ұлттық саясаты жүргізілу керектігі туралы шешім қабылданды. Қазақстанда 2006ж дейін 2008-2012 аралығында парникті газдарды атмосфераға шығаруды азайту бойынша міндеттеме алып анықталуы керек еді. Бірақ іс жүзінде бұл мәселе тек қағаз жүзінде қалып отыр.
ОЗОН кабаты
Озон қабатының бұзылуы. Атмосферадағы озонның мөлшері бар болғаны 0, 004 % құрайды.Озон қабаты биосфераның жоғарғы шекарасы болып есептеледі. Жер бетіне барлық организмдердің тіршілігіне қауіпті Күннің өте қысқа ультракүлгін сәулелерін сіңіріп отыруына байланысты. Озон қабатының бұзылуы, яғни, «озон тесігінің» пайда болуы биосферада елеулі өзгерістер тудыруы мүмкін. Озон қабатының бұзылу процесіне ғарыштық аппараттар, дыбыстан да жылдам ұшатын ұшақтар және ондағы толық жанып бітпеген отын өнімдері және ядролық жарылыстардан бөлінген заттар әсер етеді. Озон қабаты үшін ең қауіпті заттар – үй тұрмысы мен өнеркәсіпте пайдаланатын мұздатқыштар мен аэрозольды баллондарда пайдаланатын фреондар. Осы заттар атмосфераның жоғарғы қабаттарына көтерілгенде қарқынды түрде озонды бұзатын хлор немесе басқа галогендердің атомның атомын түзетін фотохимиялық ыдырауға ұшырайды, ал олар әрі қарай озонның оттегіне айналу процесін жылдамдатады. Дүние жүзі б-ша шамамен 1,3 млн тонна озон ыдыратушы заттар өндіріліп отырған.
56 Қышқыл жаңбырлар, улы тұмандар.
Ғаламдық негізгі экологиялық проблемалардың бірі атмосферадағы ластаушы заттардың ұзақ қашақтықтарға тасымалдануы. Негізінен күкірт диоксиді және оның қосылыстары, ауыр металдар, пестицидтер, радиоактивті заттар сияқты улылығы жоғары заттардың таралуына баса назар аударған жөн. Күкірт диоксиді мен азот оксидтерінің жуылуы күкірт және азот қышқылдарының түзілуіне әсер етеді. Бұл үлкен территориялардағы табиғи ортаның жалпы қышқылдануына, айтарлықтай экологиялық өзгерістерге алып келді. Түзілген қышқылдар және олардың қосылыстары жауған жауын-шашынның құрамында, қардың, жер бетіндегі су айдындарында және топырақтың құрамында кездесіп, экожүйелерге жағымсыз әсер етуде. Күкірт диоксиді және азот оксидтерімен болатын қышқыл жаңбырлар орман биоценоздарына үлкен зиян әкелуде. Қышқыл жаңбырлардан жалпақ жапырақты ормандар қатты зардап шегеді. Қышқыл жаңбырлар топырақ қышқылдығын тудырады. Нәтижесінде минералдық тыңайтқыштардың пайдасы азаяды. Әсіресе бұл шымды күлгін топырақтарда қатты байқалады. Адам организміндегі алғашқы жағымсыз реакциялар ауа құрамындағы сульфаттардың концентрациясы 6-10мкг/м3, күкіртті газ – 50мкг/м3-ге жеткенде пайда болады. Бұл қосылыстарды әсіресе өсімдіктер өте сезгіш. Қыналардың кейбір түрлері кұкірт қышқылының концентрациясы 10-30мкг/м3, қылқан жапырақтылар – шекті мөлшерден бар болғаны 3-4 есе кқбейгенде тіршілігін жояды. Қазіргі таңда антропогендік әсерден бөлінетін күкірт диоксидінің мөлшері жылына 150млн тоннаны құрайды. Көмірді пайдалану күкірттің көп бөлінуіне алып келеді. Жер бетіне түскен қышқылдар мен сульфаттар топырақ құрамына, өсімдіктер жабынына, су айдындарын қышқылдануына алып келуде. Атмосфераның күкірт диоесидінен қорғау, оларды ауа бассейнінің жоғары қабаттарында шашырату арқылы жүзеге асыруға болады. Ол үшін жылу электр орталықтары мұржаларының биіктігі 180, 250, тіпті 370м биіктікте болуы керек. Одан басқа жолы – отынды пайдаланбас бұрын құрамындағы күкіртті отынды бөліп алу қажет.
Улы және фотохимиялық тұман. Үлкен қалаларға тән, жиі байқалатын құбылыс – улы тұман. Улы тұмандар 3 түрлі – ылғалды, құрғақ және мұзды болып келеді. Ылғалды улы тұман (Лондондық тип) – газ тәрізді ластаушы заттар, шаң және тұман тамшыларының қосылыстары. Бұл қосылыстағы заттар бір-бірімен химиялық реакцияға түсіп бастапқы тұрлерінен әлдеқайда қауіпті қосылыстар түзеді. Атмосфералық ауаның 100-200м биіктігінде улы, сарғыш түсті лас, ылғалды улы тұман осылай пайда болады. Мұндай тұман теңізге жақын, тұманды, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы жоғары елдерде түзіледі. Құрғақ улы тұман(лос-анжелестік тип) – азонның пайда болуы кезінде химиялық реакциялардың әсерінен атмосфералық акуаның екінші рет ластануы. Құрғақ улы тұман Лос-Анджелесте қалың тұман емес көкшіл түтүн түзеді. Мұзды улы тұман (Аляскалық тип) – арктика мен субарктикада антициклон кезінде төменгі температурада пайда болады. Мұндай ауа-райында ластағыш заттардың аз мөлшерде бөлінуінің өзі мұздың майда кристалдарынан тқратын қалың тұманның пайда болуына әкеледі. Атмосфералық ауаның тұмандануы қала микорклиматының нашарлауына – тұманды күндердің көбеюіне, атмосфераның тұнықтығына, мөлдірлігіне әсер етеді. ХХ ғасырдың 30-жылдарынан бастап Лос-анджелес қаласында да жылдың жылы маусымында, әдетте жазда және ерте күзде ылғалдылығы 70% құрайтын тұман пайда бола бастады. Бұл тұманды фотохимиялық тұман деп атайды. Улы тұман кезінде көріну қабілеттілігі нашарлап, үй жануарлары өле бастайды. Адамдардың тыныс алуы қиындап көздері жасаурап, тамақ пен мұрынның шырышты қабаттарының тітіркенуіне, өкпе және басқа да созылмалы аурулардығ қозуына алып келеді.
57 Ормандардың азаюы. Шөл шөлейттену
Жаңбырлы тропикалық ормандар оттегінің басты көзі және оттегі тепе-теңдігін сақтаудан үлкен роль атқарады. Сондықтан тропикалық ормандарды «планетаның жасыл өкпесі» деп те атайды. Соңғы 50жылда адамның қатысуымен жер бетіндегі ормандардың 2/3 бөлігі, ал соңғы 100жылда жер бетіндегі орман массивтерінің 40пайызы жойылған. Жыл сайын дүние жүзінде 15-20млн га тропикалық ормандар жойылуда. Соңғы 10жыл ішінде ормандардың жойылу қарқыны 90пайызға өсіп, жылына 1,8 пайызды құрайды. Ең көп шығынға ұшырап жатқан елдердің қатарына Бразилия, Мексика, Үндістан, Тайланд жатады. Егер тропикалық ормандар осындай қарқынмен жойыла берсе 30-40 жылдан соң Жер бетінде мұндай ормандар қалмайды. Тропикалық ормандар аумағының азаюы әсерінен атмосферадағы оттегінің мөлшері ХХ ғасырдың ортасымен салыстырғанда жыл сайын 10-12млрд тоннаға азайып, ал көмір қышқыл газының мөлшері 10-12пайызға көбеюде, яғни оттегі тепе-теңдігінің бұзылу қауіпі бар. Ормандардың жойылуының басты себептері: орман алқаптарының ауыл шаруашылық дақылдарын өсіру үшін өңделуі, ағаш отындарға сұраныстың артуы, ормандарды өнеркәсіп қажеттігі үшін қырқу және дамудың үлкен масштабты жобаларының іске асуы.БҰҰ-ның мәліметтері бойынша, Азия, Африка және Латын Америка елдеріндегі ауыл тұрғындарын шамамен 90пайызы қала халқының 30пайызы негізінен ағаш отындарды пайдаланады. Комерциялық орман дайындау жұмыстары әдетте қырқылған ағаш орнына ағаш егілмей, экологиялық талаптар орындалмай жүргізіледі.БҰҰ-ның Рио-де –Жанейродағы конференциясынан (1992ж) соң дамушы елдер орман ресурстарын сақтау проблемасы бойынша халықаралық келісімге дайын екендіктерін растады. 1993жылы Бандунг қаласындағы Индонезия кездесудегі әлемнің барлық климаттық аймақтарында орман шаруашылығының дамуын қамтамасыз ететін бағдарламалар жасау және оны бақылау туралы халықаралық комитет құру жөнінде ойлар айтылды.Қазақстан аумағының 3,2паыйызы ғана орманды алқап. Мамандардың пікірінше еліміз орман қорғау ісі бойынша әлемдік тәжірибеден көп артта қалып қойған. Осы күнге дейін ұлттық орман саясаты қалыптасқан жоқ. Соңғы кездері ағашты заңсыз кесу әрекеті белең алды. Әсіресе еліміздің орман қорының 40 пайызын құрайтын сексеуілді отау күшейіп барады, ал сексеуілдің онсыздаэкологиясы нашар, ылғалы аз. Топырағы құнарсыз, құмды аймақтарда өсетіні бәрімізге белгілі. Айта кетерлігі, 1992 жылы орман кқшеттерін отырғызу ісі 80,7 мың га болса, он жылдан соң 2002 жылыбқл көрсеткіш 8,9 мың га дейін қысқарған. Шөлейттену. Экожүйедегі тепе-теңдіктің бұзылуына және белгілі бір территориядағы органикалық тіршіліктің барлық формаларының деградацияға ұшырауына алып келетін табиғи және анторпогендік процестердің жиынтығы, яғни, адамның қатысуынсыз табиғи экожүйенің орнына қайта келмейтіндей өсідміктер жамылғысын жоғалтуы шөлейттену деп аталады. Шөлейттену негізінен ылғалы тапшы аудандарда табиғи және көбіне антропогендік факторлардың әсерінен (орман ағаштарын қырқу, жайылымдарды үздіксіз пайдалану, суғару жұмыстары кезінде су ресурстарын үнемсіз пайдалану және т.б) пайда болады. Шөлейттену әлемнің барлық табиғи аймақтарында жүруде. Қазіргі таңда әлемнің әр түрлі елдеріндегі шөлейттенудің басты себебі-табиғи ресурстарды шаруашылықта пайдалану құрылымын сол ландшафтың табиғи мүмкіншілігіне сәйкес болмауы, халық санының өсуі, антропогендік қысымның артуы, кейбір елдердің әлеуметтік-экономикалық жағдайының төмендігі. БҰҰ-ның 1985жылғы мәліметтері бойынша, сол кездің өзінде антропогенді шөлейттенудің көлемі 9млн км2-ге жеткен және жыл сайын 7млн га жер пайдаланудан шығып ұалуда. Шөлейттену процесі жалпы жер көлемінің Азияда-19%, Африкада-23%,Австралияда-45%, Оңтүстік Америкада-10%-ын құрайды. Амудария мен Сырдария өзендерінің суларын ауыл шаруашылығының қажетіне пайдалану Арал теңізінің сусыз жерлерінде сортаң, тақыр жазықтардың пайда болуына алып келді. Сондай-ақ Арал төңірегі ландшафтарының деградацияға ұшырауы көлді-батпақты және тоғайлы табиғи кешендердің тұздың жиналуы молая түскен гало-ксерофитті кешендерге алмасуда.
58 Әлемдік мұхиттардың ластануы
Тіршілік алғаш рет ғалымдар суда пайда болған деп есептейді. Гидросфера табиғи су қоймаларынан (мұхиттардан, теңіздерден, көлдерден, өзендерден) құралады. Гидросфера - планетамыздың ең үлкен көлемін, жер бетінің жалпы ауданының 71 %-ға дейінгі бөлігін алып жатыр. Судың негізгі қорын, яғни 94 %-ын мұхиттар мен теңіздер құрайды судағы еріген қосылыстарының мөлшері жиырма жылда мұхитта он есе көбейген Қазіргі таңда тұщы сулардың әртүрлі ластауыштар- мен;пестицид және химикат,мұнай мен оның өнімдерінен ластану негізгі проблемалардың бірі. Су тапшылығын көптеген ғалымдар соңғы кездегі атмосферада көмір қышқыл газы мөлшері көбеюіне байланысты температура- ның көтерілуімен байланыстырады.Осыдан бірін-бірі тударатын проблемма тізбегі;энергия көп бөліну-парникті эффект-су тапшылығы-азық жетіспеу.соңғы 100 жылда температура шамамен 0,6 градусқа көтерілді
59 Биоалуантүрліліктің азаю мәселелері
Биоалуантүрлілік азайып жатыр, себебі адамдардың тікелей немесе жанама әсерлері. Жаппай балық аулаудың әсерінен, теңіз суларында олар азайып жатыр, «Қызыл Кітапқа» енгізу арқасында кейбір түрлер сақталып келуде, ал сақталмай жойылып кеткендері қаншама. «Адам – нағыз жыртқыш консумент» деп бекер айтпайды. Жыл сайынғы өнеркәсіп қалдықтары салдарынан теңіз сулары, атмосфера ластануда. Ол адам баласының өз ісіне тиянақсыз, жеке бас пайдасын ғана ойлауынан. Бізде жыл сайынғы бөлінетін қалдықтардың 10% ғана қайтадан өңделеді, ал қалған бөлігі ашық аспан астында, сол күйі қайта өңделуден өтпейді. Бұл адам денсаулығына өте зиян. Завод, Фабрикадан шыққан газдар ауаға шығарылады, ол да неше түрлі экологиялық проблемаларды тудырады. Топырақ эрозиясын да адам өз қолымен жасап отыр. Бет алды малды жаюб сол жайылыды жерлердің флорасын бұзады. Шөптер тапталып, тақыр жерлер көптеп пайда болады. 1954 жылы басталған «Тың және тыңайған жерлер» саясаты бойынша егістік жерлерді көбейту арқылы көптеген жерлердегі топырақтар тозаңданып кетті. Экожүйеде барлық нәрсе өз мөлшерімен орналасады, яғни, табиғи тепе – теңдік болады. Ал адам баласының немқұрайдылығынан ол бұзылып отыр. Осының барлығын қалпына келтіру үшін адамзат біраз жұмыстар атқару керек. «Жасыл ел» бағдарламасы сияқты бағдарламаларды көбейту керек. «Бір тал кессең, он тал ек» деген мақал қазіргі экологиялық жағдай үстіне дөп келеді. Д.Фишердің мәліметі бойынша 1600-ші жылдан бері сүтқоректілердің 36,құстардың 94 түрлерінің жер бетінен мүлдем жойылып кетуіне адам себепші.ҚР қазір 300-ден аса жануарлардың жойылу қаупі бар. Олардың қатарына-қар барысы,қызыл қасқыр,құдыр,дала мысығы,арқар,қарақұйрық және т.б. жатады.Ал құстар-дуадақ,ұлар,безгелдек,аққу және т.б.жатады.Жануар дүниесін қалпына келтірудің 4 жолы бар;аулауға тыйым,тіршілік ортасын бұзбау,қолдан көбейтуге бейімдеу,лабораториялық жағдайда гендік қорын сақтап қалу.
60 Қазақстанның негізгі экологиялық проблемалары Қазақстан халқының қауіпсіздігі үшін негізгі экологиялық проблемалар су ресурстарын пайдалануға, радияция әсеріне және қалдықтарға байланысты. Арал теңізі негізгі экологиялық катастрофа және әлеуметтік - экономикалық проблема эпицентрі ретінде болып отыр. Сумен қамтамасыз ету және оның сапасы Қазақстанда алаңдатушылық туғызуда және орнықты даму үшін Ұлттық жоспарда қоршаған ортаны қорғаудың негізгі бағыттарының бірі. Сәулеленуге ұшырау мәселелері Қазақстан териториясында бұрынғы одақтың ядролық полигондардың болуына байланысты. Сондай-ақ тазаланбаған өнеркәсіп қалдықтарының көптеп бөлінуі де үлкен экологиялық проблемалар туғызуда. Каспиий мен Арал теңізінің экологиялық жағдайы өте нашар. Арал теңізінің дейгейі 17 метрге төмендеп отыр. Теңіздің тұздылығы көтеріліп, көптеген кәсіптік балықтар тіршілігін жойды. Ал Каспий теңізі мұнай өнімдерімен уланып ондағы тіршілік иелеріне өте зор теріс әсер етуде (теңіз балықтары мен құстар әлемі, итбалықтардың қырылуы жиілеп кетті) Жануарлар дүниесінің қалпына келтірудің 4 негізгі шарты бар. Олар: аулауға тиым салу, тіршілік ортасын бұзбау, қолдан көбейтуге биімдеу, лабораториялық жағдайды гендік қорын сақтап қалу жұмыстары.
61 Каспий. Арал Балкаш проблемалары Каспиий мен Арал теңізінің экологиялық жағдайы өте нашар. Арал теңізінің дейгейі 17 метрге төмендеп отыр. Теңіздің тұздылығы көтеріліп, көптеген кәсіптік балықтар тіршілігін жойды. Ал Каспий теңізі мұнай өнімдерімен уланып ондағы тіршілік иелеріне өте зор теріс әсер етуде (теңіз балықтары мен құстар әлемі, итбалықтардың қырылуы жиілеп кетті) Жануарлар дүниесінің қалпына келтірудің 4 негізгі шарты бар. Олар: аулауға тиым салу, тіршілік ортасын бұзбау, қолдан көбейтуге биімдеу, лабораториялық жағдайды гендік қорын сақтап қалу жұмыстары. Антарктикадағы мұз таулардың еруіне Қазақстанда Арал өңірінің,Семей жерінің,Балқаш маңының,Каспий алқабының экологиялық апатты аймақтарға айналуына антропогендік факторлар себеп болып отыр. Орта Азияның ірі өзендері – Сырдария мен Амударияның суын егістікке пайдалану. Арал теңізінің деңгейінің айтарлықтай төмендеуіне әкеліп соқтырды. Арал күннен-күнге тартылып барады, ал оның маңындағы Сарықамыс ойпаты суға толуда. Шөлді жерлер қолдан батпақтанып барады. Іле өзенінде Қапшағай ГЭС-нің салынуы Балқаш көлінің деңгейінің төмендеуіне әкелді. Балқаш көлі маңында "Ташкен - 4" жəне "Байқоңыр" ғарыш айлағында орналасқан. Бүл жерлерде топырақ беті өте кауіпті гептил жанармайы мен жəне ракета "коқыстарымен" ластанған.
62 Қазақстандағы сынақ полигондары, олардың қоршаған ортаға әсері . Полигондар аймағы ұзак жылдар бойы құпия сақталынды. Тек Семей полигоны ғана көпшіліктің назарында болып, қалған сынақ аймақтарынан жұрт беймəлім еді. Шын мəнінде, қазақ даласының 19 млн. га жері 40 жыл бойы ядролық сынақтың полигоны болды. Ол жерлер Семей, Азғыр, Нарық Тайсойған, т.б. полигондары алып жатқан табиғаты əсем, шұрайлы жайылымдар еді. Осы жерлерде 1949-1989 жылдар аралығында болған ядролық сынактардың 27-сі атмосферада, 183-і жер бетінде, қалғаны жер астында жасалды. Атом каруы сыналған елдермен салыстырсақ Ресейде - 225, АҚШ-та - 1032, Қазақстанда -500-ден астам жарылыс жасалған. Бұдан біз, Қазақстан жерінің қаншалықты зардап шеккендігін көреміз. Атом қаруы сол сияқты Ұлыбритания, Қытай, Франция, Үндістан жəне Пəкістанда сыналғанын білгеніміз жөн. Оның үстіне дүние жүзіне танымал ядролық сынақтың орталықтары Капустин Яр (Ресей) мен Лобнор (Қытай) Қазақстанға шекаралас жақын жатқан аумақтар. Яролық қаруды сынау алғашында ғылым мен техниканы дамыту бағытында сипат алғанымен, кейіннен атом бомбасы соғыс мақсатында қолданылды. Атом бомбасын алғаш рет АҚШ 1945 жылы Хиросима мен Нагасаки қалаларына тастады. Адамзат тарихындағы бүл қасіреттің ізі бүгінге дейін жапондықтарды зардап шектіріп отырғаны əлемге белгілі. Ал Қазақстан жерінде сыналған 500-ден астам атом бомбасының зардабы айтпаса да түсінікті болар. Қазақстанда ядролық қаруларды сынау кең көлемде жүргізілді. 1990 жылғы мəліметтер бойынша сынақ жасалған жерлердің көлемі обылыстар бойынша 16686,1 мың га жерді қамтыған. ҚР 30 % адам денсаулығына айтарлықтай қауіп төндіретін табиғи радиоактивті газ-радонның жоғары бөлінуінің ықтимал мүмкіндігі жоғары.ҚР кәсіпорындарында иондаушы сәулелерді пайдаланудан қалған 50 мыңнан астам,радиациялық зерттеу барысында 16 сы адам өміріне қауіпті 700 бақылаусыз жұмысы анықталып жабылған. бактериологиялық ластану. арал теңізіндегі Возрождение аралындағы биологиялық полигонның қызметі бактериологиялық жұқтырудың ықтимал қаупін туғызып отыр. Возрождение аралында оба,күйік,тулеремия сияқты өте қауіпті жұқпалы аурулардың табиғи ошақтары болуы мүмкін.
63 ҚР ерекше қорғалатын табиғи айиақтар Табиғатты қорғаудың маңызды формаларының бірі - ерекше қорғауға алынған территориялар. Осындай территориялардың түрі көп: қорықтар, қорғалымдар, табиғат ескерткіштері, ұлттық және табиғи саябақтармен ботаникалық бақтар, биосфералық резервтер. Қорықтар - толық қорғаудың жетілдірілген түрі, себебі оған табиғи комплекс кіреді де, табиғат ресурстарын шаруашылықта пайдалануға рұқсат бермейді. Қазақстан қорықтары. Қазір Қазақстан территориясында мынадай қорықтар жұмыс істейді: Ақсу-Жабағылы, Барса- Келмес, Наурызым, Алматы, Қорғалжын, Марқакөл, Бетпақдала, Қаратау қорығы т.б. Қорғалымдар - белгілі бір шаруашылық тұрмыстарын жүргізе отырып табиғаттың ерекше объекілерін қорғауға алынған жүйелі ұйымдардың түрі. Ұлттық саябақтар - табиғи тіршілік ортасын қорғайтын категориялардың біріне жатады. Міндеті халықты рекреациялық қамтамасыз ету. Мемлекеттік табиғат ескерткіштері - айрықша немесе белгілі бір жерге тән, ғылыми, мәдени танымдық және денсаулық сақтау тұрғысынан бағалы табиғат объектілері кіреді. Мемлекеттік қорғалымдар - табиғаттың жекелеген немесе бірнеше компоненттеріне сақтау калпына келтіру, көбейту және жалпы экологиялық байланысты ұстап тұру мақсатында құрылады.
64 Севилья стратегиясы Қызыл кітап Қызыл кітап -халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабы” — халықаралық дәрежедегі құжат.Қызыл кітапқа сирек кездесетін, жылдан жылға азайып не жойылып бара жатқан, сондықтан да айрықша қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркеледі. Жануарларды халықаралық дәрежеде қорғау мәселесі 20 ғасырдың бас кезінде қолға алынды. 1902 ж. Париж қаласында алғаш рет Құстарды қорғаудың халықаралық конвенциясына қол қойылды. 1948 ж. ЮНЕСКО-ның жанынан Халықаралық табиғат қорғау одағы ұйымдастырылды. Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітапбы 1966 ж. тұңғыш рет 2 том болып шықты. Оның 1-томында сүтқоректілердің 211 түрі, 2-томына құстардың 312 түрі туралы деректер берілді. Бұл кітап күнтізбе парақтары тәрізді арнайы жасалды, түрлер 4 категорияға топтастырылды. 1966 — 71 ж. Қызыл кітапқа тіркелетін түрлер туралы мәліметтер қайта толықтырылып, 2-басылымы, 1972 ж. 3-басылымы жарияланды. 1978 — 80 ж. 4-басылымы 5 том болып жарық көрді. Оның 1-томы сүтқоректілерге арналып, оған сүтқоректілердің 226 түрі мен 79 түр тармағы, 2-томында құстардың 181 түрі мен 77 түр тармағы, 3-томында қосмекенділердің 41 және бауырымен жорғалаушылардың 105 түрі, 4-том балықтарға арналып, балықтардың 194 түрі, ал 5-томы жоғары сатыдағы өсімдіктердің түрлеріне арналып, 25000 түрі тіркелді. 1980 жылдары бұрынғы томдар негізінде “Қызыл кітап” қайта шыға бастады. 1983 ж. шыққан Қызыл кітапта омыртқасыз жануарлартуралы мол мәлімет берілген. Жойылу қаупі төнген түрлерді сақтап қалу үшін оларды зоологиялық парктерде қолдан өсіріп, көбейту шаралары қолға алынған. Соның нәтижесінде соңғы Қызыл кітапқа тіркелген сүтқоректілердің 97, құстардың 39, қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың 37 түрі дүниежүзілік зоологиялық парктерде қолдан көбейтілген. Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітабын шығаруға Құстарды қорғау жөніндегі халықаралық кеңес, Су құстарын зерттейтін халықаралық бюро, Жануарларды қорғау жөніндегі бүкіләлемдік федерация, т.б. ұйымдар қатысады. Қызыл кітап табиғат қорғаудың негізгі іргетасы, экологиялық білім мен тәрбие берудің қайнар көзі болып саналады. Қазақстанның Қызыл кітабында сирек және жойылып бара жатқан түрлердің тізіміне енгізілген жабайы омыртқалылардың 87 түрінің және өсімдіктердік 303 түрінің қазіргі таралуы, санының жай- күйі, биологиясы туралы мәліметтер келтірілген. Қызыл кітапқа ресми енгізілген өсімдіктердің 16 түрі Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының аумағында тіркелген. Алайда Алтай ботаника бағының ғылыми қызметкері б.ғ.к. Ю.А. Котуховтың жұмысының нәтижесінде сирек, осалдау және жойылып бара жатқан түр мәртебесіндегі тағы да 50 түр анықталды.
Адамдар мыңдаған жылдар бойы өсімдіктер мен жануарлар дүниесін пайдаланып келді және де өзінің жан- жақты тіршілігінде жануарлар мен өсімдіктердің пайдалы қорын қолданып ғана қойған жоқ, сонымен бірге табиғатты өзгерту арқылы көптеген түрлердің өмір сүру жағдайларына әсер етті. Табиғатқа антропогенді ықпал етудің әсерінен жер бетінде өсімдіктер мен жануарлардың кейбір түрлерінің жойылу процесі басталды.
Ғылыми- техникалық прогресс адамдардың қолына табиғат әлеміне әсер ететін күшті құралдар берді. Бұл құралдар қаншалықты пайдалы болса, соншалықты зиянды. Адамдар көбінесе кейде түсінбей, кейде салақтықтан табиғатты қалпына келтіру үшін ұзақ уақыт қажет болатынын ойламастан, оған қалай болса солай қарайды. Сыңсыған орманның орнындағы жанған түбірлер, су шайып өткен тау беткейлеріндегі жыртылған жерлер, ағаш ағызу кезінде ластанған өзендер. Осының бәрі сирек кездесетін көптеген бағалы аңдар мен өсімдіктердің құруына әкеп соғады.
Табиғатта пайда болған әрбір түр өзінші бірегей және ешқашан қайталанбайды, сондықтан да оның жойылуы - орны қайта толмайтын нәрсе. Және де бұл жоғалту қауымдастықтың бүтінділігі мен табиғаттағы жалпы тепе- теңдіктің бұзылуына әкеп соғады. Сондықтан да қазіргі кезде табиғатты қорғау мәселесі дүниежүзілік мәселеге айналып отыр. Бұл мәселе бүкіл әлемде маңызды мемлекеттік мәселе ретінде қаралады.
65 Күн энергиясы, жел энергиясы Күн - энергияның іс жүзінде сарқылмайтын көзі болып табылады. Оны тікелей немесе жанама, яғнифотосинтездің өнімдері, судың айналымы, ауа массаларының қозғалысы және т.б. арқылы пайдалануға болады. Көбінесе күн энергиясын жинау әр түрлі коллекторлардың көмегімен жүргізіледі. Қазіргі кездің өзінде көптеген елдерде (АҚШ, Израиль және т.б.) жылумен, ыстық сумен қамтамасыз етуде Күн энергиясын пайдаланады. Парниктерден қарапайым құрылғылардың көмегімен Күн энергиясын жинауға болады. Тәуліктің жарық кезеңінде жылуды жинау үшін беттік ауданы мен жылу сыйымдылығы жоғары материалды орналастырады. Олар: тастар, су, металл, құм және т.б. болуы мүмкін. Күндіз олар жылуды жинайды, ал түнде бөліп шығарады. Мұндай құрылғылар Ресейдің, Қазақстанның, Орта Азияның оңтүстік бөліктерінің теплицаларында кеңіненен қолданылады. Күнді электр энегиясын өндіруде пайдалануға болады. Күн энергиясын электр энергиясына айналдыру фотоэлементтердің көмегімен жүзеге асырылады. Бірақ фотоэлементтерді қолданудың қиындығы олардың өте қымбат болуы мен үлкен аудан алуына байланысты. Күн радиациясына бай елдерде шаруашылықтың жекеленген салаларын толық күн энегргиясымен электрификациялау жобалары жасалған. Мұндай энергияны пайдалану жоғары дәрежедегі экологиялығына байланысты дәстүрләі жолмен алынған энегриядан пайдалы болып шығады. Күн энергиясын электр энегриясын айналдырудың екінші жолы, бұл – турбогенераторды қозғалысқа келтіретін суды буға айналдыру процесі. Бұл жағдайда күн сәулелерін жинайтын көптеген линзалары бар эногомұнаралар және арнайы күн тоғандары жасалады. Күн энергиясын фотосинтез немесе биомасса арқылы алуға болады. Фотосинтез энергиясын алудың ең қарапайым жолы – органикалық затты жағу. Өнеркәсіптік даму жолына түспеген елдер үшін бұл негізгі әдіс болып табылады. Бірақ органикалық затты басқа отын көзіне айналдыру жолын пайдаланғанда алдымен оны экологиялық жағынан тиімді түрге, яғни органикалық затты биогазға немесе этил спиртіне айналдырып алу қажет.
Жел энергиясы
Ертеден келе жатқан энегия көзі ретінде желдің ролі ерекше. Жүздеген жылдардан бері жел механикалық энергия көзі ретінде қолданылып келді(мысалы, диірмендер, ағаш кесу құралғылары және т.б.). бірақ оны электр энергиясын алуда пайдалану тек соңғы жылдарда ғана қызығушылық туғыза бастады. Зерттеулер жел двигательдерінің үнемі жел тұрып тұратын аудандарда жергілікті халықтың
Біз ауалық мұхиттың түбінде-желдер әлемінде өмір сүреміз. Қозғалыстағы ауалық масалардың энергиясы орасан көп. Жел энергиясының қоры, ғаламшарымыздағы барлық өзендердің гидроэнергияларының қорынан жүз есе көп. Біз тұратын ауалық мұхитта тынышты емес. Біздің мемлекетіміздің төңірегінде соғатын желдер, елімізді электрэнергиясымен қамтамасыздандырады. Еліміздегі климаттық жағдайлар жел энергетикасының дамытуға қолайлы.
Әр түрлі авторлардың бағалауынша Жер бетіндегі жел энергиясының потенциялы 1200 ТВт дейін жетед, бірақ осы потенциалды қолдануға Жер бетінің әр төңірегінде біркелкі емес. Вертикаль қимадан өтетін жел қозғалысының қуаты, энергияны түрлендіруге жеткілікті болу үшін 20-30 м биіктікте желдің жылдық орташа жылдамдығы көп болуы қажет. Жел қозғалысының орташа жылдық меншікті қуаты 500Вт/м2-қа (желдің жылдамдығы 7 м/с) жететін жерде орнатылған жел энергетикалық құрылғы 500 Вт/м2-тың 175-ін ғана электр энергиясына түрлендіреді.
Жел қозғалысының энергиясы жел жылдамдығының үшінші дәрежесіне пропорционал. Бірақ, идеалды құрылғының көмегіменде бұл энергияны толығымен электр энергиясына айналдыруға мүмкіндік жоқ. Жел қозғалысының энергиясын пайдалы қолдану коэффициенті(ПҚК), теориялық есептеулер бойынша 59,3% құрайды. Басылымға шыққан мәліміттер бойынша, практикада жел энергиясының ең үлкен ПҚК-і реалды жел агрегатында жуықтап алғанда 50% жақын болады, бірақ бұл тек қана проектіде қарастырылған желдің оптималды жылдамдықтарында ғана. Одан басқа, жел қозғалысының энергиясының бір бөлігі механикалық энергия электр энергиясына түрленген кезде жоғалады, оның ПӘК-і 75-95%. Осының барлығын ескере отырып, реалды агрегат проектіде қарастырылған тұрақты жылдамдықтар диапозонында жұмыс істесе ғана, желдік агрегаттың меншікті электрлік қуаты жел қозғалысының қуатының 30-40%-ын құрайды. Бірақ кей-бір кезде, желдің жылдамдығы есептелген жылдамдықтардың шектерінен шығып кетеді. Бір жағдайда желдің жылдамдығы тым төмен болады, бұл жағдай да жел агрегаты жұмыс істей алмайды. Екінші жағдайда желдің жылдамдығы тым көп болады, бұл жағдайда агрегат істен шығып қалмау үшін оны тоқтатуға тура келеді. Егер желдің жылдамдығы номиналды жылдамдықтың мәнінен асса, генератордың номиналды қуатынан аспау үшін, желдің механикалық энергиясының барлығы қолданылмайды. Осы фактілердің барлығын ескере отырып жыл бойындағы электр энергиясының меншікіті шығарылуы жел энергиясының 15-30% -ын құрайды.
Қазіргі кезде жел электрагрегаттары электр тогымен мұнайшыларды қамтамасыздандырады; олар жетуге қиын жерлерде жұмыс істейді, алыс аралдарда, Арктикада және үлкен халық топтары тұратын жерлерден алыс орналасқан мыңдаған ауылшаруашылдық фермаларда да жұмыс істейді. Мэн штатында тұратын американец Генри клюз екі мачта құрып оған екі жел двигателімен генераторларды орналастырды. әр-біреуі 6В, 60В және 2В-тан тұратын 20 аккумулятор оған желсіз күні жұмыс істейді, ал бензин двигателі оған резерв ретінде тұрады. Бір айда Клюз жел агрегаттарынан 250кВт*сағ энергия алады; бұл оған барлық шаруашылығын жарықтандыруға және электр аппаратураны(телевизо, тоңазытқыш т.б.) жұмыс істетуге жетеді.
Жел электрлік агрегаттарды кеңінен қолайлы жағдайларда қолдануға олардың қымбаттылығы кедергі жасайды
Қазіргі заманда жел электрлік генераторлардың әр-түрлі прототиптері шығарылған.
66 Экология аныктамасы Экология - биология ғылымының бір саласы ретінде қалыптасып дамыған. Экологиялық зерттеулер өткен ғасырда Чарльз Дарвин еңбектерінде сипат алғанымен, "Экология" терминін ғылымға алғаш енгізген Э. Геккель (1866). Экология термині гректің ойкос - үй, тұрақ, мекен жəне логос - ғылым деген сөзінен шыққан, тұрақ, мекен туралы ғылым -деген мағынан






