Биоценоз, биогеоценоз, экожуйе

Биоценоз (грек.bios-өмір,koinos-жалпы,ортақ)-бірдей орта жағдайларында бірге тіршілік ететін өсімдіктер, жануарлар ж.е микроорганизмдер популяциясының жиынтығы. Биоценоз ұғымын 1877жылы неміс зоологы К.Мебиус ұсынды. Биоценоз тірі организмдердіңжай жиынтығы емес,реті,бір-бірімен байланысқан жүйе. Биоценоздың құрамдас бөліктеріне: фитоценоз (өсімдіктер жиынтығы), зооценоз (жануарлар жиынтығы), микоценоз (саңырауқұлақтар жиынтығы), микробоценоз (микроорганизмдер жин.) жатады.

Биогеоценоз -тіршілік ететін жер бетімен қоса (биотоп) тірі организмдер (биоценоз) мен абиотикалық ортаның тарихи қалыптасқан жиынтығы. Биогеоценоз ұғымын 1944жылы академик В.Н.Сукачев ұсынды.Табиғатта әртүрлі түрлердің популяциялары биоценозға бірігеді. Бірақ,ешқандай биоценоз ортадан бөлек өздігінен дами алмайды. Нәтижесінде табиғатта тірі және өлі компоненттер жиынтығы құрылады. Орта жағдайлары ұқсас кеңістектікте тіршілік ететін организмдер қауымдастықтарын Биотоп (биоценоз) деп атайды. Биотоп-биоценоздың тіршілік ету ортасы. Сондықтан биоценоз белгілі бір биотопқа тән тарихи қалыптасқан организмдер тобы ретінде қарастыруға болады. Кез-келген биоценоз биотоппен бірге жоғары дәрежедегі биологиялық жүйе-биогеоценозды құрайды.Биогеоценоздар әртүрлі мөлшерде, көлемде болуы мүмкін. Экожүйе -зат айналымы жүре алатын организмдер мен бейорганикалық компоненттер жиынтығы. Экожүйелер арасында биоценоздар арасындағы сияқты анық шекара жоқ, бір экожүйе біртіндеп екінші экожүйеге ауысады.Үлкен экожүйелер кіші экожүйелерден құралады. Мыс:томар,құмырсқа илеуі, жануарлардың салған іні ішіндегі тіршілік ететін организмдерімен бірге табиғи аймақ, физико-геогрфиялық аудан сияқты одан да үлкен экожүйелер құрамына енеді. Экожүйе ұғымын ағылшын ботанигі А.Д.Тенсли ұсынды.Экожүйеде әртүрлі дәрежедегі зат алмасу процесі жүретін жүйе болса, биогеоценоз-белгілі бір өсімдіктер жамылғысы алып жатқан территориялық ұғым. Экожүйенің бірнеше түрлерін ажыратады:Микрожүйе\ мыс, шіріп жатқан ағаш діңіМезоэкожүйе\ орман, көл,батпақ.Макроэкожүйе\ континент, мұхитҒаламдық экожүйе \жер биосферасыЮ.Одум табиғи эко\дің үш түрін бөледі: жер беті\тундра,дала,шөл,т.б.\Тұщы су\көлдер, өзендер,батпақтар\Теңіз\ ашық мұхит, өзен құйылыстар\ экожүйелері. Бұл классификацияның негізінде өзіне тән белгілері, мыс, жер беті экожүйесі үшін-өсімдіктер жамылғысы, тұщы су экожүцелері үшін-судың физикалық қасиеті жатыр.Биогеоценоздар әртүрлі мөлшерде,көлемде болуы мүмкін. Мыс: орман,көл,шалғындық ж\е т.б. Мөлшері мен күрделілігіне қарамастан кез-келген биоценоз  мынадай құрамдардан тұрады.- продуценттер –өндірушілер(жасыл өсімдіктер),күн энергиясын пайдалана отырып денесін бейорганикалық заттардан түзетін автотрофты организмдер.Бұлар қоректік тізбектің бірінші буыны. консументтер т-ұтынушылар,продуценттер арқылы дайын органикалық заттармен бірге ондағы энергияны пайдаланатын гетеретрофты организмдер (бірінші дәрежелі өсімдік қоректі жануарлар, екінші дәрежелі-ет қоректілер және үшіншідәрежеліжыртқыштар.) редуценттер ыдыратушылар,органикалық қалдықтарды дырататын,биологиялық зат айналымын аяқтайтын (шартты түрде) организмдер (бактериялар, саңырауқұлақтар, микроорганизмдер)- өл табиғат компоненттері

41. Ағзалар арасындағы қарым қатынастар

Биотикалық факторлар – бір организмдердің тіршілік ету барысында басқа организмдерге әсері. Биотикалық қарым – қатынастардың негізгі типтер: бәсекелестік,жыртқыштық, комменсализм, мутуализм,симбиоз,синойкия, паразитизм. Бәсекелестік – бір н.е бірнеше түрге жататын организмдердің өзара қорек, тұрағы т.б ресурстардың жетіспеуінентуындайтын қарым-қатынас. Ч. Дарвин түр ішіндегі бәсекелестікті тіршілік үшін күрестің маңызды әрі жоғары формасы ретінде бағалаған.бұл көрініс өсімдіктер мен жануарлар арасында жиі байқалады. Түраралық бәсекелестік әр түрге жататын түрлер арасында болады. Эколог Г.Ф.Гаузенің зерттеулері бойынша екі түрге жататын популяциялар еш уақытта бір жерде өмір сүре алмайды. Оның біреуі белсенді түр ретінде басымдылық көрсетіп,екіншісін ығыстырады н.е жойып жібереді.кейбір жағдайда бәсекелестік қоректік фактор арқ.емес басқа да(мінез құлық, тұрақ үшін, аумақтық т.б)факторлардың жетіспеуінен де болады. Жыртқыштық- қорек, аумақ т.б ресурстар үшін бірін бірі өлтіру,қуу, жеу арқ.көрініс береді.Жыртқыштық-түрлер арасындағы қарым қатынастардың жоғарғы ф.сы. жыртқыштық орг.р үшін оңайға түспейді. Жыртқыш жемтігін іздеп, тауып,ұстауы к.к. жемтік жауынан қорғану үшін жоғары бейімделушілік қасиетке ие. Олар өсімдіктерде тікен,жағымсыз иіс түрінде берілсе,жануарларда улы без, панцирлер,қорғаныс түстер,түрін өзгерту, қашып кету т.б құбылыстар арқ.жүзеге асады. Эволюция барысында кейбір жыртқыштар жемтігін таңдап жеуге, екіншілері көпқоректілерге айналған. Мыс.,қасқыр көпқоректі болса,кейбір құстар тек балықпен қоректенеді. Паразитизм – бір түр өкілінің екінші түр өкілін қорек н.е тіршілік ортасы ретінде пайдалану арқ.тіршілік етуі. Бұл процестер бактериядан бастап жоғары сатыдағы организмдер арасында кездеседі. Паразиттердің қоректі пайдалануына, бейімделуіне қарай монопаразиттер, олиго-полипаразиттер болып жіктеледі. Кейбіреулері сыртқы ж.е ішкі паразиттер болып бейімделген. Олардың ішінде пайдалы н.е өте қауіпті ауру тарататын түрлері де бар. Мыс.,біздің жерімізде кездесетін зиянкес жәндіктердің паразиттері олардың табиғаттағысанын реттеп,ауыл шаруашылығына мол пайда әкеледі. Паразиттердің көптеген түрлері жұқпалы, қатерлі аурулар(сүзек,тырысқақ, безгек т.б)таратады. Симбиоз - екі түрге жататын организмдердің кеңістікте біріне бірі еш зиянын тигізбей,керісінше селбесіп пайдалы тіршілік етуі. Мыс.,құмырсқа мен өсімдік биті,шаян мен актиния арасындағы селбесіп тіршілік етуі жатады. Комменсализм – бір түрдің қоректік қалдығымен екінші организм қоректене отырып, оған ешбір зиянын тигізбеуі.кейде екінші организм біріншісін қозғау құралы н.е қорғанысы ретінде де пайдаланады. Мыс.,ірі балықтардың желбезегінде ұсақ балықтар еркін тіршілік етуге бейімделген. Бұл симбиоздың бір ф.сы ретінде белгілі. Мутуализм – әр түрге жататын орг.дің бір біріне қолайлы жағдай туғыза отырып, селбесіп тіршілік етуі. Мыс.,құмырсқа мен өсімдік биті арасындағы байланыс. Зоохария – жануарлардың орын ауыстыру арқ.өсімдіктер тұқымдарын кеңістікке тарату. Зоохария-өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің бір тобының ұзақ жылдар бойы бірлестікте тіршілік етуінің жемісі нәт.де өсімдіктер тұқымында жабысқыш ілгектер п.б олар құстар, сүтқоректілердің ж.е басқа жануарлардың денесіне жабысуға бейімделіп,осы арқ.алыс кеңістіктерге таралуы. Өсімдік тұқымдарының мұндай жолмен таралуын – пассивті (эктозоохория) дейді.ал кейбір өсімдіктердің тұқымдары жануарлардың соңғы өнімдері (экскременттері) арқ. таралады. Оларды – активті (эндозоохориялық) таралу жолы дейді. Аллелопатия – организмдердің денесіне өзіне тән химиялық заттар шығару арқ. Қарым қатынас жасау жолы. Яғни, өсімдіктерден бөлінген заттар басқа жануарларға теріс н.е жағымды әсерін тигізетін қасиетке ие болады. Мыс.,кәдімгі жусан иісі көптеген өсімдіктерге (жүгері, картоп,томат т.б)теріс әсерін тигізсе,ал лобия өсімдігі бидайдың өсуін тежейді. Организмдерге теріс ықпалын тигізу арқ.қарым қатынас жасаудың тағы бір түрін – аменсализм д.а.     

 42. Г.Гаузенин баселестик аркылы жою принципи

Гаузе принципі бойынша екі түр кішкентай бір кеңістікте бірге тіршілік ете алмайды. Өйткені екі түрдің де санының өсуіне кеңістіктегі ресурстардың қоры жетпейді. Яғни, экологиялық қажеттіліктері ұқсас түрлер бірдей экологиялық қуысты иелене алмайды. Өмір сүруі үшін бір түр міндетті түрде экологиялық қуысын өзгерту керек. Өсімдіктердің қоректенуі автотрофты болғанымен және ортаның бірдей қорларын пайдалануына қарамастан олардың да қуыстарға жіктелуі айқын байқалады. Жарық сүйгіш, көлеңке сүйгіш өсімдіктер, тамыр жүйелерінің әртүрлі тереңдікте болуы, қажетті ылғал мөлшері және олар әртүрлі кезеңдерде гүлдеп, жеміс береді. Әрбір жеке организмнің тек өзіне ғана тән қолайлы тіршілік ететін қуысы болады. Ол көбінесе биоценоздың құрылымына байланысты өзінің атқаратын ерекше қызметімен сипатталады. Шөптесін өсімдіктер мен орман ағаштары Австралияда немесе Еуропада болсын, олардың экологиялық қуысы мен атқаратын қызметі ұқсас болып келеді. Экологиялық қуыстың тұрақты болуы көбінесе қоректік бәсекелестікке де тікелей байланысты. Суда кездесетін ескек аяқты су қандалаларының екі түрі бір жерде тіршілік ете береді. Cебебі бір жыртқыш болса, екіншісі қалдықтармен қоректенеді. Мұндай жағдайда организмдердің экологиялық орны тұрақты келеді. Өсімдіктерде де экологиялық орын жақсы жіктелген. Мәселен, өсімдік гүлінің шырынымен қоректенетін аралар, оның жапырағында, сабағында н/е тамырында тіршілік ететін түрлердің өкілдерімен ешбір бәсекелестікке бармайды. Сол сияқты ормандағы ағаш тектес н/е шөптесін өсімдіктер ярустылыққа байланысты реттеліп орналасқан. Ормандардағы ярустылық – әртүрлі организмдердің экологиялық қуыстарға бөлінуінің жақсы мысалы бола алады. Әр түрге жататын организмдердің екі экологиялық қуысы болуы мүмкін: фундаментальды және іске асырылған. Фундаментальды қуыс – түрдің тіршілік ете алатын жағдайлары, ал іске асырылған – түрдің сол қауымдастықтағы кездесуі. Іске асырылған қуыс фундаментальды қуыстың бір бөлігін құрайды.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: