Экология мен эволюция iлiмiнiн байланысы

 Биосфера эволюциясы – түрлердің, олардың арақатынастарының үздіксіз бір мезгілде өзгеру және бір түрдің жойылып, бұрын болмаған екінші бір түрлердің пайда болу құбылыстары Қалыптасқан көзқарастарға сәйкес олардың негізгі сатылары төменде келтірілген.

1. Ғаламшар мен оның атмосферасының түзілуі шамамен 4,5 млрд.ж бұрын басталды. Алғашқыда пайда болған атмосферада температурасы жоғары, тез қалпына келетің сутегі, азот, су буы, метан, аммиак және инертті газдардан құралған көміртегі тотығының, формальдегид пен жай қосылыстар болуы мүмкін.

2. Күннің сәулелену энергиясы мен атмосфераның біртіндеп сууының нәтижесінде заттардың абиотикалық айналымы пайда болды. Сұйық су пайда болып, гидросфера құрылып, су айналымы, элементтердің судағы миграциясы мен ерітінділерде бірнеше фазалық химиялық реакциялар жүрді. Автокатализдің арқасында молекулалардың түзілуі мен өсуі орын алған.

3. Күннің ультракүлгін сәуле энергиясының, радиакативтіліктің және әртүрлі энергетикалық күш нәтижесінде көміртегінің, азоттың, сутегінің, оттегінің жай қосылыстары конденсация мен полимерзация процестеріне түсуі арқылы органикалық қосылыстар түзілген.

4. Төртінші сатыны антропоген сатысы деп атауға болады. Себебі, жердің геологиялық тарихының соңғы кезеңі. Осы антропогендік кезеңнің көрнекті оқиғасы, эволюцияның басқарушы – саналы адамның пайда болуы. Адамзат қоғамының пайда болуы мен дамуы өте көп мөлшерде зат пен энергия ағысын тартып, биологиялық айналымның тұйықтығын бұзды.

Тарихи тұрғыдан қарайтын болсақ адам пайда болып биосфераға әсерін тигізе бастаған шақтан осы кезеңге дейінгі уақыт аралығында биосфераның өзгеруін 5 сатыға бөлуге болады: 1. адамзат биосфераны әсері әдеттегі биологиялық түр ретінде ғана болған; 2. адамзаттың қалыптасу кезеңінде экожүйелерді өзгертпейтін, бірақ өте қарқынды түрде аңшылық орын алған; 3. табиғи процестердің өзгеруіне байланысты экожүйе де өзгере бастаған; 4. жер жырту мен ормандарды кесу арқылы табиғатқа зиян келтірген; 5. биосфераның барлық экологиялық құрауыштарын түгілімен әлемдік өзгерістерге ұшыраған.

8. Экология және адамзат прогресci

Адамзаттың тарихы - адамдардың табиғатпен өзара қарым-қатынасының тарихы болып табылады. Әр түрлi дәуiрлер бiр-бiрiнен табиғатқа адамның қатынасымен оны меңгеру ерекшелiктерiмен сипатталады.

1-кезең - палеолит дауiрi. Көбiнесе бұл кезеңде биогендi кезең деп атайды. Адам бұл тарихи кезеңде табиғатпен бiрге едi, оның тiршiлiк кызметi жинау мен аңшылықтан кұрайды. Палеолиттiң ұзақтығы 2 млн жылдан астам уақытты ең көп уақытты алып жатқан кезең.

2-кезең - аграрлық кезең. Адамнын мәдени жер өндеуге көшуiнен басталған неолит дәуiрi (б.з.д. 8-7 г.). Неолит дәуiрiнен бастап егiншiлiк пен мал шаруашылығының дамуына байланысты коғам биосфераға күштi әсер ете бастады. Ормандар кесу, шалғындық далаларды жырту, жануарлардың жою нәтижесiнде ғаламшардың орасан зор территориялары бiртiндеп кұмды, шөлдер мен жартасты тауларға айнала бастады.

3-кезең - индустриалды кезең. Қоғаммен табиғаттың өзара қатынасындағы техногендi дәуiрдiң шарықтау шыны болды. Ол 17 ғ. бастап 20 ғ. ортасына дейiнгi уағытты алып жатыр.

Кен өндiру салалары мен металлургия қарқынды түрде дами бастады. Отын ресурстарын жағу арқылы куатты өндiру бiрнеше есе артты. ауыл шаруашылығының химияланғанына байланысты адамның биосфераға химиялық әсерiн сапалы өзгердi.  

4-кезең - қазiргi коғам мен табиғаттын өзара қатынасында индустриалдық кезеннен акпараттық экологиялық кезеңге өтуi байқалып отыр. Бұл кезең ғаламшар ресурстарының шектеулi екендiгiн түсiнумен сипатталды. Сонымен қатар ғылым мен техниканың жоғарғы дәрежеде дамуы техника мен өндiрiстiк технологияның биосфераға зиянсыз негiзде дамуына мүмкiндiгiн бере алады.

9. Экология - ғылым

Қазiргi жағдайда экология қазiргi заманғы кең мағынада алғанда биоэкологияның шенберiнен шықты. Ол қоғамдық маңызы мен iшкi мазмұны бойынша жер туралы физика-математикалық, химя-биологиялық және қогамдық ғылымдар циклiне тең келетiн бiлiмдер циклiне айналды.

Экология - табиғат пен қоғамдағы көп денгейлi жүйелердiң құрылықпен байланысы туралы панаралық бiлiмдер саласы.

Стратегиялық тұрғыдан алғанда экология адамзаттың өзiнiң тiршiлiгiнiң сақтауы және экологиялық дағдарыстан шығуы туралы ғылым.

10. Биосфера түсiнiгi. Биосфераның бiртұтас заңы

Биосфера ұғымын алғаш рет ғылымда 19 ғ.-да француз ғалымы Ламарк, ал кейiн термин ретiнде ЗЮСС қолданды. Биосфера, "тiршiлiк аймағы" туралы ғылыми iлiмдi жетiлдiрген орыс ғалымы Вернадский болды. Биосфера деп тiршiлiгi бар кеңiстiктi, ягни тiрi организмдер немесе олардың тiршiлiк өнiмдерi кездесетiн жерлердi айтады. Ол энергия мен заттардың биогеохимиялық айналымдарымен өзара байланысын атмосфераның төменгi, бүкiл гидросфераны және литосфераның жоғарғы қабатын қамтиды. Биосфераның атмосферадағы шекарасы мухиттың ен терең жерлерiне дейiн жетедi. Литосфераның тiршiлiк тау жыныстарының температурасымен шектеледi. Биосфера эволюциясы - түрлердiң үздiксiз бiр мезгiлде өзгеру және бiр түрдiң жойылып, бұрын болмаған 2-шi түрлердiң пайда болу құбылысы. Қазiргi биосфераның қалыптасуы - ғасырлар бойы орын алған алғаш эволюцияның нәтижесi.биологиялық эволюциянын негiзгi сатылары:

1. Ғаламшар мен оның атмосфералық түзiлуi 4,5 млрд жыл бұрын басталды.

2. Күннiң сәулелену энергиясы мен атмосфераның бiртiндеп булануының нәтижесiнде заттардың абиотикалық айналымы пайда болады. Молекулалардың түзiлуi орын алды.

3. Көмiртегiнiң, азоттың, сутегiнiң, оттегiнiң жай қосылыстары конденсация мен полимеризация процестерiне түсуi арасындағы органикалық қосылыстар түзiлген.

4. Төртiншi сатысы антропеген сатысы деп аталады.

Адамдардың iс-әрекетiне байланысты биосферада болатын негiзгi өзгерiстер турi:

-жердiн беткi кабатынын курылымынын өзгеруi;

- биосфераның құрамын, айналымын өзгерту;

- кейбiр организмдер түрiн жою;

-жер шарының кейбiр аудандарындағы және ғаламшар денгейiндегi энергиялық тепе-теңдiктi өзгерту

11. Биосферанын құраушылары

Вернадскийдің биосфера геологиялық кездейсоқ емес әр түрлі 7бөліктерден тұрады деп есептеді:тірі зат,биогенді,өлі,биологиялық өлі,радиоактивтті ыдыраушы заттар,шашыранды атомдардың заттары және космостық заттар. Мұның ішінде алғашқы 4уі маңызды болып саналады. Тірі зат. әдебиетке бұл ұғымды Вернадский енгізді. бұл химиялық құрамы,энергия және салмағы арқылы біріккен бүкіл тірі организмдердің жиынтығы. Биогенді зат (көмір,мұнай,әк тас,шым тезек және т.б.)-Жердің бүкіл геологиялық тарихында тірі организмдер құрған, қуатты энергия көзі болып табылатын органикалық және органо-минералдық заттар. Өлі заттар -түзілу процесіне тірі заттар қатыспаған тірі организмдердің тіршілік ету орталары немесе субстрат. Биологиялық өлі заттар тірі және өлі заттардың(үгілу қабаты

12. Биосферадағы атмосфераның рөлi

Атмосфера - бiздiң планетамыздың ғарыш кеңiстiгiмен шектесiп жатыр. Жерден атмосфералық газдың молекулаларын ыдыратып, атомды ионға айналдырады. Сондықтан атмосфераның ен жоғарғы қабаты - иондардан тұрады, оны ионосфера деп атайды. Атмосфера - тропосфера, озон қабаты стротосфера, мезосфера, экзосфера, ионосферадан тұрады. Ионосферадан кейiн ғарыш бар. Әр қабаттың атқаратын функциясы, газдардың құрамы, биiктiк деңгейi, тығыздығы бар.

Атмосферанын газдык курамы:

1. Азот (N) - 78,08%

2. Оттегi (O) - 20,95%

3. Аргон (Аr) - 0,93%

4. Көмiрқышқыл газы - 0,03%

5. Қалған газдар - 0,01%

13.Биосферадағы гидросфераның рөлі.

Гидросфера(гидро грекше су, су қабаты) – тіршіліктің сұйықтық ортасы. Тіршілік алғаш рет ғалымдар суда пайда болған деп есептейді. Гидросфера табиғи су қоймаларынан (мұхиттардан, теңіздерден, көлдерден, өзендерден) құралады. Гидросфера - планетамыздың ең үлкен көлемін, жер бетінің жалпы ауданының 71 %-ға дейінгі бөлігін алып жатыр. Судың негізгі қорын, яғни 94 %-ын мұхиттар мен теңіздер құрайды. Қалған 6 % мəңгі мұздақтар, тоңдар, өзен мен көлдердің үлесіне тиеді. Суларда жануарлардың 1 500 000, өсімдіктердің 500 000 астам түрлері тіршілік етеді. Гидросферадағы су жер бетіндегі барлық мұхиттармен теңіздердің, өзендер мен көлдердің, мұз тауларының және жер асты сулары жатады.Оның жалпы қоры 2 миллиард текше километрге жуық.Жер бетіндегі ағзалардың денесіндегі су жер шарындағы барлық өзендерден судан бес есе артық. Су жануарлар салмағын 50, ал өсімдіктер салмағының 70-95 пайызындай орын алады. Суда қарапайым өсімдіктердің барлық типтерінің,жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің көпшілік типтерінің, омыртқасыз жануарлардың барлық типтерінің және омыртқалылар класының өкілдері өмір сүреді.Бұлардың кейбіреулері (балықтар,ішек қуыстылар, балдырлар, т.б. ағзалар) тек суда ғана өмір сүре алса,ал кейбіреулердің (қос мекенділер) өмірі белгілі бір кезеңде ғана сумен байланысты. Біраз жәндіктердің даму кезеңі де суда өтеді.

Су тіршілік ортасы.

Су-тіршілік ортасы. Гидросфера - планетамыздың ең үлкен көлемін алып жатыр. Су - жер шарының барлық көлемінің 71 % камтиды. Судың негізгі қорын, яғни 94 %-ын мұхиттар мен теңіздер құрайды. Қалған 6 % мəңгі мұздақтар, тоңдар, өзен мен көлдердің үлесіне тиеді. Суларда жануарлардың 1 500 000, өсімдіктердің 500 000 астам түрлері тіршілік етеді.

Су ортасы организмдер үшін қолайлы орта болғанымен өзіне тəн ерекшеліктері болады. Олардың қатарына судың тұтқырлығын, тұз концентрациясын, қысым, оттегінің мөлшерін, су қабатының қозғалыстары мен ағыстарын, айналымдарды, қорек қорын, судың ащы немесе тұщы қасиеттерін жатқызамызСуларда жануарлардың 1 500 000, өсімдіктердің 500 000 астам түрлері тіршілік етеді. Сулы ортада мекендейтін ағзаларды гидробионттар д.а. Қазіргі кездегі гидросфера тек қазіргі кездегі тірі заттың ғана емес,ертедегі геологиялық дәуірлердің тірі затының тіршілік әрекетінің өнімі болып табылады. Ғалымдардың есептеуі бойынша бүкіл гидросферадағы судың(теңіз, мұхит, өзен, көлдер) биологиялық айналым екі миллион жылда аяқталады. Яғни су планетасының бүкіл тірі заты арқылы айналып өтеді. Әлемдік мұхиттың сулары шамамен 3000 жылда жаңарады.Ағынсыз көлдердің cуы 200-300 жылда өзендердің суы әр 12 күн сайын жаңарып отырады. Тіршілік ортасы ретінде суға тән қасиет оның қозғалғыштығы. Эволюция процесінде суда тіршілік ететін ағзалар судың қозғалғыштығына бейімделген. Мысалы, жасыл және диатомды балдырлар, су мүктері су түбіндегі тастарға бекінеді. Жануарларда да сулы ортаның қозғалғыштығына бейімделушіліктері қалыптасқан. Ағысы қатты өзендерде мекендейтін балықтардың көлденең кесінділері дөңгелек, бұл гидродинамика тұрғысынан ең тиімді пішін болып табылады. Ағынды су қоймаларында тіршілік ететін омыртқасыздар әдетте су түбінде мекендейді, денесі жалпақ,көпшілігінің құрсақ жағында су астындағы заттарға бекінетін әр түрлі мүшелері болады

Қоңыржай ендіктердің суларында мекендейтін су ағзаларының өмірінде ағынсыз су қоймасындағы судың вертикалды қозғалысы маңызды рөл атқарады. Су үш қабатқа бөлінеді: жоғары қабатында температураның маусымдық ауытқуы үлкен, ортаңғы қабаты термоклин д.а.,ол температурасының күрт өзгерістерімен сипатталады,ал төменгі қабатта температураның жылдық ауытқуы болмайды деуге болады. Жаз кезінде судың ең жылы қабаттары судың бетінде, ал салқын су түбінде болады, ал қыс кезінде керісінше.

  15.Биосферадағы литосфераның рөлі.

Литосфера (тас қабаты лито-грекше тас, сфера шар қоршау)(тау жыныстары) барлық тірі организмге керекті минералдық элементтермен қамтамасыз ететін экосистемалардың ірі компоненттерінің бірі. Литосфера – жердің қатты қабаты. Ол екі қабаттан құралған. Үстіңгі қабаты граниттен, оның қалыңдығы 10 км-ден 40 км-ге дейін жетеді. Ал астыңғысы базольттан тұрады. Қалыңдығы 30-80 км. минералды қабаттардан басқа, жерді ерекше тағы бір қабат – биосфера қоршап тұрады. Ол тірі органимдер тараған аймақтардың бәрін қамтиды. Биосфераның пайда болуымен бірге, жер бетінде тірі организмдер өсіп-өніп, сыртқы қоршаған ортаның эволюциялық дамуына сәйкес қалыптасады. Биосфера теңіз деңгейінен бастап, тау жоталарының шыңдарына дейін бүкіл құрғақ жерді алып жатыр.Атмосферадағы биосфераның жоғары шегі 20 км биіктікке дейін жетеді. Онда микробтардың споралары (өршігіш тұқымы) кездеседі. Бактериялар атмосфералардың азон қабатында да өсіп-өнеді. Биосферада мол кездесетін микроорганизмдер жер бетінен 50-70 метрге дейінгі биіктікке ғана тарайды.Литосферадағы биосфераның төменгі шегі 2000 – 3000 м-ге дейін тереңдікке жетеді. Олар онаэробта бактериялар. Гидросферадағы биосфераның шегі 11 км-ге дейінгі тереңдікке жетеді.Жердің қатты қабатының 16 км тереңдікке дейінгі химиялық құрамы әр түрлі.Онда бәрінен де оттек көп (50 % жетеді). Кремний оның жартысындай. Алюминий 7 %, ал темір 4 % шамасында кездеседі.Магний, кальций, калий, натрий масса бойынша 10 % орын алса, ал қалған 80 элементтің меншігіне тек 3-3,4 % қана тиеді. Литосферада тіршілікті ең алдымен тау жыныстары мен жер асты суларының температурасы шектейді. Ол тереңдікке байланысты артады да, 1,5-15 км тереңдікте +100˚С ден асады.

16. Жердің биосферасы.Оның эволюциясы.

XIX ғасырдың басында ғылымға «биосфера» түсінігін енгізген француз жаратылыстанушысы Ж.Б.Ламарк (1744-1829) болған. «Биосфера» терминін тіршілік бар жердің қабықшасын анықтау үшін «гидросфера», «литосфера» ұғымдарымен бірге XIX ғасырдың аяғында атақты Австрия геологы Э.Зюсс (1831-1914) ұсынады. Биосфера- жер бетінде кездесетін барлық тірі ағзалардың және заттардың жиынтығын ең ірісі болып табылады.Биосфера- заттар айналымын үзбей сүйемелдеп тұратын ғаламшардың ең үлкен экожүйесі, яғни тіршіліктің өніп-өсіп, көбеюіне мүмкіндік бар қабат.В.И.Вернадский биосфера деп планетаның тіршілік бар немесе болған, үнемі тірі ағзалардың әсеріне ұшырайтын немесе ұшыраған бөлігін айтады. Жердің биосферасы ғаламдық ашық жүйе болып табылады.Оның «кіруі» - бұл космостан келетін күн энергиясының ағыны,ағзалардың тіршілік қызметінде түзілген заттар.Биосфера өздігінен реттелетін жүйе.Жер планета ретінде табиғат жағдайларының алуан түрлілігімен сипатталады.Табиғат жағдайларының көптүрлілігі Жердің күрделі рельефінің әсерінен де түзіледі.Бірақ Жер биосферасының негізгі көптүрлілігін тірі ағзалар жасайды.Ғалымдардың болжауы бойынша қазіогі биосферада тірі ағзалардың шамамен екі млн. түрі бар. Биосфераның маңызды ерекшеліктерінің бірі ондағы судың болуы.Биосфераның тағы бір белгісі оның космоспен тығыз байлансытылығы (көбіне Күнмен). Биосфера эволюциясы. 1926 жылы Ленинград қаласында үш жылдан соң Парижде және кейінірек Берлинде Вернадскийдің «Биосфера» деген жалпы атпен «Космостағы биосфера», «Өмір аймағы» атты очерктері жарық көрді. Биосфераның эволюциясы – түрлердің және олардың арақатынасының үздіксіз бір мезгілде өзгеру және бір түрдің түсіп қалып, бұрын болмаған екінші бір түрлердің пайда болу құбылыстары. Б.э. биотадан бұрын болған, химиялық эволюция тіршіліктің пайда болуын дайындаған кезеңнен және биологиялық эволюциядан тұрады  Тарихи тұрғыдан қарасақ адам пайда болып биосфераға әсерін тигізе бастаған шақтан осы кезеңге дейінгі уақыт аралығында биосфераның өзгеруін бес сатыға бөледі:

1) адамзаттың биосфераға әсері биологиялық түр ретінде ғана болған;

2) адамзаттың қалыптасу кезеңінде экожүйелерді өзгертпейтін бірақ өте қарқынды түрде аңшылық орын алған;

3) табиғи процестердің өзгеруіне байланысты экожүйе де өзгере бастаған;

4) жерді жырту мен ормандарды кесу арқылы табиғатқа зиян келтірілген;

5) биосфераның барлық экологиялық құрауыштары түгелімен әлемдік өзгерістерге ұшыраған.

17.Топырақ тірі ағзалардың тіршілік ортасы.

Топырақтану ғылымының негізін салған орыстың жаратылыс зерттеушісі В.В.Докучаев болды. Оның ғылыми зерттеулері геология, минералогия, топырақтану, география, агрономия салаларына жатады. Эдафиттік факторлар дегеніміз экологиялық фактор ретіндегі топырақтың қасиеттері. Топырақ структурасымен белгілі бір суөткізгіштігімен және аэрациялануымен сипатталады. Топырақтың жоғары қабатында өсімдіктердің қореқтенуіне қажетті элементтер – фосфор, азот, кальций, калий және т.б. шоғырланған. Топырақтағы суда газдар, ерігіш тұздар, қореқтік заттар мен тірі ағзалар үшін улы заттар да болады. Топырақ ерітіндісі қышқыл, нейтралды немесе сілтілі болуы мүмкін. Топырақ ағзалардың тіршілік әрекетімен тығыз байланысты болғандықтан,оған бірқатар биологиялық ерекшеліктер тән.Өсімдіктердің тамырлары өсу, өлу және ыдырау барысында топырақты қопсытады да белгілі бір структураны құрайды. Сонымен қатар олар басқа ағзалардың тіршілік етуіне жағдай жасайды. Жер қазушы жануарлар топырақ массасын араластырып отырады,ал өлгеннен кейін микроорганизмдер үшін органикалық заттың көзі болып табылады. Топырақ түзілудегі маңызды фактордың бірі - рельеф.Тереңдікке байланысты топырақтағыкөмірқышқыл газдың мөлшері артып,оттегінің мөлшері кемиді. Ауаның температурасы жоғарылағанда ауа кеңиді де топырақтан шығады, ал төмендегенде ол топырақ бөлшектерінің арасына интенсивтігі түрде енеді. Ертеден келе жатқан топырақ түзушілер микроорганизмдер. Олардың негізгі қызметі физиологиялық белсенді заттардың синтезі, гумус түзу, органикалық қалдықтардың толық минералдануы. Топырақ микроорганиздерінің ішінде өсімдіктердің де, жануарлардың да өкілдері бар. Ең алдымен бұл біржасушалы және көпжасушалы балдырлар. Бірақ топырақтың микрофлорасында саңырауқұлақтар,актиномицеттер мен бактериялар көп. Топырақтың микрофаунасында амебалар мен кірпікшелілер, микроскопиялық жұмыр құрттар - нематодалар ерекше орын алады.Сонымен қатар топырақта жасушалық емес микроорганизмдер – бактериофагтар (бактериялардың вирустары) мен вирустар да болады.  

18. «Адам және табиғат» жүйесі

Адамның өмірі табиғатпен тікелей байланысты десек,соның барысында зат,энергия,ақпарат алмастыру секілды процестер жізеге асырілад. Ал адамның табиғатқа әсері басқа да тірі мәндерімен салыстырғанда,1-ден, саналы және өзгертшілік сипатта болады. Екіншіден адам табиғатқа өзінің даралық ерекшігімен ғана жер етіп қоймайды, қоғам арқылы да жер етеді. Адам табиғаттың шексіз мұғитындағы жеке дара түрган арал емес ол құрлықтың немесе тұтас өнердың бір бөлігі ғана,ол адамдар қауымынан,қоғамнан түрады. АЛ қоғам болса өзара бір – бірімен көршілес жайғана жеке адамдар тобы емес, отбасымен басталып азаматықпен аяқталатын үйымдврынын байланысы.           Әлеуметтік экология адамзат қоғамы мен қоршаған орта арасындағы қатынастарды, өндірістік қызметтің қоршаған ортаның құрамы мен қасиеттеріне тікелей және жанама әсерін, антропогенді факторлардың адамның денсаулығы мен адам популяцияларының гендік қорына экологиялық әсерін зерттейді. Ол табиғатты тиімді пайдаланудың теориялық негізі болып табылады. Адамды қоршаған ортаның төрт компонентін бөліп қарастыруға болады. Оның үшеуі антропогенді факторлардың әсерінен белгілі бір дәрежеде өзгерген табиғи орта болып табылады. Төртіншісі – тек адамзат қоғамына тән әлеуметтік орта.

1. Табиғи орта (Н.Ф.Реймерс бойынша «бірінші табиғат») – адамның әсерінен болмашы өзгеріске ұщыраған немесе өзгерістер оның өздігінен қалпына келу және өз-өзін реттеу қабілетін жоймаған орталар.

2. Адамның әсерінен өзгерген табиғи орта («екінші табиғат») немесе квазитабиғи (латынша квази-ұқсас, сондай сияқты). Бұларға егістік танаптары, баулар, жүзімдіктер, саябақтар және т.б. жатады. Мұндай орта ұзақ уақыт барысында өзін-өзі ұстап тұруға қабілетсіз.

3. Адамның қолымен жасалған орта («үшінші табиғат») немесе артетабиғи орта (латынша арте-жасанды). Оларға тұрғын және өндірістік ғимараттар, өнеркәсіптік кешендер, қала және т.б. жатады. Бұл ортаға қалдықтардың жиналуы, ластану тән. Индустриалды қоғамның халқының көп бөлігі нақ осындай жасанды немесе техногенді ортада тұрады.

4. Әлеуметті орта. Бұл ортаға адамдардың бір-бірімен өзара қарым-қатынасы, психологиялық ажуал, денсаулық сақтау, жалпы мәдени байлықтар, материалдық қамтамасыз ету деңгейі және т.б. кіреді. Оның адамға әсері күннен-күнге артып келеді.

19. Табиғатты пайдалану. Табиғатты пайдалану басқару негіздері.

Табиғат ресурс тарына адам пайдаланатын және игіліктерді жасау үшін қолданылатын табиғат объектілері жатады. Табиғат ресурсатырмен қатар табиғат жағдайлары ұғымын да қарастырамыз. Оладың табиғат ресурсатарынан ерекшелігі олар адамның өмірі мен қызметіне әсер етеді, бірақ берілген кезеңде материалдық өндіріске қатыспайды.Табиғат ресурстарын бірнеше белгілері бойынша жіктейді. Олар атмосфералық, су, өсімдіктер, жануарлар, топырақ, қазба байлықтар, энергетикалық және т.б. болып бөлінеді. Ең жиі қолданылатын жіктелу ресурстардың сарқылу жылдамдығы немесе қалпына келуіне байланысты. Сарқылатын ресурстарға жақын кезеңде немесе болашақта қорының сарқылу қаупі төніп тұрған заттар жатады. Бұларға ең алдымен қазба байлықтар мен тірі табиғат ресурстары жатады Сарқылмайтын ресурстарға шексіз ұзақ уақыт пайдалануға болатын ресурстар жатады. Мысалы, күн энергиясы, жел, теңіздің толуы мен қайту энергиялары. Өндірілетін ресурстардың тек 2-3 %-ы ғана пайдалы өнім ретінде қолданылады, ал қалғаны қалдықтар (бос жыныс, шлактар, т.б.). Адам қызметінің көңіл аударарлық нәтижесіне қоршаған ортаға оған тән емес, тірі ағзалар үшін бқтен (ксенобиотиктер) заттардың шығарылуы жатады. Табиғатта 2 мыңдай бейорганикалық және шамамен 2 млн. органикалық қосылыстар бар. Адам қазір 8 млн-нан астам қосылыстарды синтездей алады. Жыл сайын олардың саын бірнеше мыңға артып отырады.Табиғат ресурстарын пайдалану жылулық ластанумен, яғни жер маңы кеңістігінде қосымша энергияның жиналуымен байланысты. Биосфераның жылулық балансының бұзылуын атмосфераның шаңдануының артуы, өсімдік жабынының булануының өзгеруі, топырақ пен су қоймаларының бетінен ластануының өзгеруі қамтамасыз етеді. Мұнайлы қабықша булануды 20-30 %-ға тежейді. Нәтижеде ғалымдардың болжауы бойынша ауаның орташа жылдық температурасы    1-3 ºC-ға артады. Ал мұның өзі биосфераның термодинамикалық немесе жылулық дағдарыс жағдайына өтуіне әкеліп соқтыруы мүмкін.

Қазақстанның барлық жер көлемі 2724,9 мың км2. Жер корымыздың келемі өте үлкен болғанымен оның сапасы соңғы жылдары күрт нашарлап отыр. Жерді дүрыс пайдаланбау салдарынан топырақ дегра-дацияға үшырап, қүнарсыздану, шөлге айналу процестері күшейе түсуде. Соңғы мəліметтер бойынша Республика жерінің 180 млн. га немесе 60 % шөлге айналған. Барлық жердің 235 млн га жазық жерлер, 185 млн. га жайылым жəне 34 млн. га таулы аймақтар алып жатыр.

Соңғы жылдары байқалып отырған əлемдік климаттың өзгеруі қазақстанның шел, шөлейтті белдемдеріне əсерін тигізіп, ондағы егіс алқаптарының сапасын төмендетіп жіберді. Бұл жерлерде топырақтың кұнарсыздануы, бүлінуі жəне шөлге айналуы прогрессивті түрде жұруде. Мəселен, 1996 жылы егістіктерге 1 млн. т минералдык жəне 33,2 млн. т органикалық тыңайткыш берілсе, бүл көрсеткіштер 1998-2001 жылдары 16 мың тоннаға кыскарған. Топырақтану институтынын мəліметі бойынша Қазақстанның қүнарлы топырағы өзінің қарашірігінің 19-22 % жоғалтқан. Мүның өзі болашақта жер ресурстарының сапасы жақсармайтынын аңғартады.

20.Экожүйе. Даму заңдылықтары.

        Экожүйе – ағзалар мен абиотикалық ортадан, олардың әрқайсысы бір-біріне әсер ететін тірі табиғаттың негізгі функционалдық бірлігі. Табиғи экожүйелерде организм популяциясының жағдайлары тұрақты түрде өзгеріп отырады. Кез келген экожүйе динамикалық болып табылады. Онда үнемі оның негізгі компоненттерінің тіршілік әрекеттері мен күйі, популяциялардың ара қатынасы өзгеріске ұшырап отырады. Экожүйелерге тән ерекшелік олардың тәуліктік, маусымдық және көпжылдық динамикасының болуы. Экологиялық сукцессиялар. Бірлестіктердің құрылымы белгілі бір уақыт барысында, біртіндеп қалыптасады. Белгілі бір уақытта жердегі бір биоценоздың екіншісімен ауысуын сукцессиялар деп атайды (латынша succesio – біріздік, тұқым қуалау, кезектесу, ауысу). «Сукцессия» ұғымын 1898 жылы Г.Каулсон енгізген. Қоршаған ортамен тепе-теңдікте болатын, тұрақты соңғы бірлестік – климаксты бірлестік деп аталады. Климакс (грекше klimax – баспалдақ) – берілген орта жағдайларындағы экожүйенің дамуының соңғы тұрақты күйі. «Климакс» ұғымын 1916 жылы Ф.Клементс ұсынған.

Бір биогеоценоздың екіншісіне өтуі бірден болмауы да мүмкін. Барлық уақытта экотон деп аталатын аралық белдеу болады (мысалы, тоған мен құрлық экожүйесінің арасында батпақты кеңістік, бұталар орман мен даланы бөліп тұрады және т.б.). Шекаралық белдеу үлкен болуы да мүмкін, бірақ ол шектесіп, жатқан экожүйелерден жіңішке болады. Әдетте экотонды бірлестіктердің едәуір түрлері, кейде тек экотонға тән түрлер кіруі мүмкін. Олардың кейбіреулерінің популяцияларының тығыздығы және түрлердің саны шекаралас жатқан экожүйелерден де артық болады. Бірлестіктер шекарасындағы тірі ағзалардың тығыздығы мен алуантүрлілігінің арту тендениясын шекаралық эффект деп атайды.

 

21Қауымдастықтардың таралуы

Биотопта организмдердің алғашқы мекен ете бастауы оның экологиялық қажеттілігімен анықталады. Тірі организмдер абиотикалық және биотикалық факторларға бейімделіп бір-біріне зиян келтірмей тіршілік ететін болып биоценозда белдеу қабаттары түрінде таралады. Белдеулік (ярустылық) – бұл биоценоздың қабаттарға, белдеулерге т,б қабаттық құрылымдарға бөлшектенуі. Белдеулік өсімдік қауымдастықтарында (фитоценоздарда) айқын көрінеді. Осыған байланысты өсімдік қауымдастығындағы қабат бөлігі, оның әр түрлі қызмет атқаратын органдар өсімдік (жер бетіндегі – жапырақтары мен бұталары, түйнектері; өсімдіктердің жер бетіндегі органдарының экобиоморфалық қабат көріністері –шөптер, екінші қабатында – бұталар, ал үшінші қабатында – ағаштар) және соларға сәйкес кездесеін дайын органикалық заттарды тұтынушылар мен оларды ыдыратушылар тіршілік етеді. Фитоценозда белдеулік жағдай биіктігімен ажыратылатын өсімдіктер болғанда ғана болады. Биоценоздағы белдеулік тек қана биіктігімен ғана емес, ондағы организмдер түрлерімен анықталады. Бірақ мұндай заңдылыққа жатпайтын да организмдер болады. Олар бір белдеуден екінші белдеуге ауысып тіршілік етеді (паразиттер, лианалар, эпифиттер, жануарлар).

22Қауымдастық пен биоценоздардың тұрақты тіршілікте болуы

  

23. Қауымдастық энергиясы, энергия ағыны, өнімділігі, сенімділігі. қауымдастақтардағы қоректік байланыстарды-бір организм екінші ореалистерге байланыстырады екінші организмге энергия тасымалдауды қарастыруға болады,Әрбір қоректік тізбектің қатарында белгі троф-қ денгей қалыптасады.Ол өзінен өтетін зат және энергия ағымынынң белсенділігімен сипатталады. Қауымдастықтардың өнімділігі экожүйедегі процесі деп- тердің күн сәулесін пайдалану арқылы қандай жылдамдықпен органикалық заттарды синтездеуіне байланысты белгілі бір уақыт іщінде өсімдіктердің синтезінде органикалық заттарын қауымдастықтын алғашқы өнімі деп аталады. Белгілі бір уақыт ішінде комуниттермассасынын өсуіне соңғы өнім деп аталады. Зат жəне энергия ағымы. В. И. Вернадскийдің биосферадағы тіршіліктің түрақты дамуы ондағы тірі затардың (биогенді) табиғаттағы үздіксіз айналымы жемісінің нəтижесі екенін айтқан болатын. Өйткені, тірі заттардың элементгері қоршаған табиғи ортаға түсіп, одан соң тірі организмдер арқылы қайтадан айналымға ауысатыны белгілі. Осылайша əрбір элемент тірі организмдерді əлденеше рет пайдаланып отырады. Соның нəтижесінде жер бетінде тіршіліктің дамуы үнемі даму үстінде жүзеге асып, биоценоздағы биогенді айналымды жүзеге асырады. Экожүйедегі энергия. Яғни, заттарды ыдыратып, қайта калпына келтіріп, зат айналымын жалғастырып отырады. Экологиялық пирамида. Биоценоздағы қоректік тізбектегі қорек-тің (азық) барлығы бірдей организмнің өсуіне немесе биомассаның жинақталуына жүмсалмайды. Оның біразы организмнің энергия қуатына: тыныс алу, қозғалу, көбею, дене температурасын үстап түруға жүмсалады.. Бүл зандылықты кезінде эколог Ч. Элтон зерттеп өзінің есімімен "Элтон пирамидасы" деп атаған. Өсімдіктер мен жануарлар организмдерінің барлық топтарындағы тірі зат мөлшерін биомасса деп атайды. Биомассаның түзілу жылдамдығы биоценоздың өнімділігімен сипаттталады.биоценоздың өнімділігі 2 түрлі болады. Олар-бірінші реттік өқнімділік-фотосинтез кезіндегі белгілі уақыт өлшем бірлігінде түзілген өсімдіктер биомассасы және екінші реттік өнімділік-алғашқы өніммен қоректенетін жануарлардың(консуметтер) биомассасы.екінші реттік өнімділік-автотрофты организмдер жинақтаған энергияны гетеротрофты организмдердің пайдалануы нәтижесінде түзіледі. Өнімділік,әдетте бір жылдағы құрғақ затқа шаққанда әр түрлі өсімдік қауымдастықтарында түрліше болатын аудан,не көлем бірлігіндегі масса бірлігімен есептеледі. Биоценоз организмдердің тарихи қалыптасқан комплексі болып және одан да үлкенірек жалпы табиғи комплекс-экожүйенің бір бөлігі болып табылады.

24. Табиғи қор туралы ілім. Табиғи қорлар және оларды тиімді пайдаланудың шектелуі

Табиғи ресурстар –адамның өз мұқтажын қамтамасыз ету және көздеген мақсатына жету үшін пайдаланатын қоршаған ортадағы заттардың,құбылыстардың,табиғи денелердің жиынтығы.(Ауа, күн, жел,су,жер,орман,табиғи құрылыс материалдары,пайдалы қазбалар,,т.бТабиғи ресурстың бірінші белгісі-түрі.Бұл белгіге сәйкес олар табиғи құбылыстар(күн энергиясы,жел)өсімдіктер әлемі,жануар әлемі,табиғи заттар(су,ауа)пайдалы қазбалар(мұнайалтын)бөлінеді.

Екінші белгісі-қоры.

Табиғи русурстарын адамның тіршілігі үшін пайдаланамыз.4түрлі пайдалануы бар:тіршілігін қамтамасыз ету(тыныс алу,су ішу)шаруашылық-экономикалық,денсаулық,мәдени тұрғы дан болады.

Шаруышылық-экономикалық түрі тек адам үшін пайдалану.Экономика субъектері(фабрика,заводттар,)адам үшін күнделікті қажетті тауарлар.

Денсаулық –Табиғи ресурстарды ауруларды емдеу,профилактика шаралар үшін пайдаланады.

Мәдени тұрғыны –мәдени және танымдық қажеттіліктерін өтеу үшін табиғи ресурстарын қолданады.

Табиғатты тиімді пайдаланудың мынадай ерекшеліктер: -табиғи байлықтарды пайдалану оларды орнына келтіру қатар жүру керек

-табиғи байлықтарды кешенді пайдалану

-табиғи байлықтарды қайта пайдалану

-табиғатты қорғау шараларын жүргізу

-қоршаған табиғи ортаға антропогендік қысымды азайту үшін жаңа технологияларды ендіру

 

25. Табиғат жəне экономика. Отын-энергия ресурстары түрлері.

Энергияның физикалық түсінігін басқа, экономикалық, техникалық, саяси және тағы басқа да түсініктері бар. Адамзатқа энергия қажет және жыл сайын оның қажеттілігі артуда. Бірақ традициялды табиғи отындардың (мұнай, газ, көмір т.б.) қоры шексіз емес. Көбейткіш-реакторларда плутонийді пайда қылатын уран мен торий-ядролық отындардың де қоры шексіз емес.Термоядерлық отынның – сутегінің қоры шексіз болғанымен, бірақ адамның басқаруымен жүретін термоядерлық реакциялар жүзеге асырылған жоқ және де қашан жүзеге асырылатыны белгісіз. Тығырықтан шығудың екі жолы бар: энергоресурстарды экономды жұмсау және традициялды емес жаңартылатын энергия қорларын қолдану Электр энергиясы көзінің альтернативті түрлері

Жел энергиясы

Біз ауалық мұхиттың түбінде-желдер әлемінде өмір сүреміз. Қозғалыстағы ауалық масалардың энергиясы орасан көп. Жел энергиясының қоры, ғаламшарымыздағы барлық өзендердің гидроэнергияларының қорынан жүз есе көп Әр түрлі авторлардың бағалауынша Жер бетіндегі жел энергиясының потенциялы 1200 ТВт дейін жетед, бірақ осы потенциалды қолдануға Жер бетінің әр төңірегінде біркелкі емес. Вертикаль қимадан өтетін жел қозғалысының қуаты, энергияны түрлендіруге жеткілікті болу үшін 20-30 м биіктікте желдің жылдық орташа жылдамдығы көп болуы қажет. Жел қозғалысының орташа жылдық меншікті қуаты 500Вт/м2-қа (желдің жылдамдығы 7 м/с) жететін жерде орнатылған жел энергетикалық құрылғы 500 Вт/м2-тың 175-ін ғана электр энергиясына түрлендіреді.

Қазіргі кезде жел электрагрегаттары электр тогымен мұнайшыларды қамтамасыздандырады; олар жетуге қиын жерлерде жұмыс істейді, алыс аралдарда, Арктикада және үлкен халық топтары тұратын жерлерден алыс орналасқан мыңдаған ауылшаруашылдық фермаларда да жұмыс істейді. Мэн штатында тұратын американец Генри клюз екі мачта құрып оған екі жел двигателімен генераторларды орналастырды. әр-біреуі 6В, 60В және 2В-тан тұратын 20 аккумулятор оған желсіз күні жұмыс істейді, ал бензин двигателі оған резерв ретінде тұрады. Бір айда Клюз жел агрегаттарынан 250кВт*сағ энергия алады; бұл оған барлық шаруашылығын жарықтандыруға және электр аппаратураны(телевизо, тоңазытқыш т.б.) жұмыс істетуге жетеді.

Жел электрлік агрегаттарды кеңінен қолайлы жағдайларда қолдануға олардың қымбаттылығы кедергі жасайды Қазіргі заманда жел электрлік генераторлардың әр-түрлі прототиптері шығарылған. Құрылғыны проектілеуде ең үлкен қиыншылық ол кез келген желдің жылдамдығында пропеллердің айналу жиілігі біркелкі болуы тиіс.Өйткені генераторды желіге қосқанда ол жиілігі 60 немсе 50 Гц айнымалы ток тудыру керек. Сондықтан лопасттердің көлбеулік бұрышы реттеліп отырулы тиіс:жел күшті болғанда бұл бұрыш сүйірірек болуы тиіс, жел қозғалысы әлсіздеу болғанда бұл бұрыш арту керек. Лопасттерді реттеумен қатар генератор мачтада желге қарсы автоматты түрде айнауы тиіс.  Өзендер энергиясы

Ағындагы судың энергиясы көп мыңжылдықтар бойы адамзатқа қызмет етеді. Оның Жердегі қоры орасан көп. Күннен келетін энергияның біраз мөлшерін жұтатын, Әлем мұхиты аккумулятор ретінде қызмет етедіАдамзат ең алғаш өзендер энергиясын қолдануға үйренді. Қазіргі кездегі гидроэлектрлістанцияларда су үлкен жылдамдықпен турбиналардығы лопастеріне бағытталады. Қуаты бойынша гидроэлектлістанциялар кішкентай (қуаты 0,2 Мвт-тан бастап), кішкене (2 Мвт-тан), орташа (20 Мвт-қа дейін) және үлкен (20 Мв-тан үлкен). Судың ағу жылдамдығы гидроэлектростанцияларды бөлудің екінші критериі.ГЭС-ді құруға өте көп шығындар кетеді. Бірақ ол шығын компенсацияланады. Қазіргі замандағы жоғарлы инженерлі деңгейде проектілендірілген ГЭС-тердің қуаты 100 МВт-ты асады, ал олардың ПӘК-і 95%-ды құрайды. Қоршаған ортаның ластанбауы, эксплуатацияның қарапайымдылығы және табиғаттың өзімен орнына келетін энергия қоры гидроэлектростанциялардың ерекшеліктері. Бірақ үлкен гидроэлектростанцияға плотинаны құру өте күрделі есеп болып шықты. Қуатты гидротурбиналарды айналдыру үшін плотинаның артында өте көп су жинау керек. Египеттік пирамидаларды құруға жұмсалған материал мен салыстырғанда плотнаны құруға қажет материал орасан көп. Геотермалдық энергия

Жер, бұл кішкентай жасыл ғаламшар,- біздің ортақ үй.Жер онша үлкен емес: оның үлкен бір бөлігінде жасыл өсімдіктер өмір сүріп жатыр. Бірақ бұл ғажап та және тыныш ғаламшар кейбір уақытта мінезін көрсетеді, жылдар бойы өзі ақысыз берген марапаттарын жоққа ұшыратады. Үлкен апаттар-тайфундар мен смерчтер мыңдаған өмірлерді әкетеді, ешкімге бағынбайтын өзендер мен теңіздердің сулары өз алдында бәрін бұзады, орман өрттері саналған уақыттың ішінде үлкен аймақтарды оның құрылыстары мен егіндерімен жоғалтады.Бірақ бұның бәрі оянған вулкан мен салыстырғанда ештеңе емес.

Жауап түрі Жаза Негіздеме Жауаптылар
Әкімшілік Ескерту,айып пұл,затты тәркілеу, жұмыс істеу құқығынан айыру ҚР әкім.құқық бұзу кодексі  24 бап Заңды және жеке тұлғалар
Азаматтық құқықтар   ҚР азамат құқықтық заңы Заңды, жеке тұлғалар
Дисциплинарлық Ескерту,сөгіс беру,қатаң сөгіс,сый ақыдан айыру,жұмыстан босату Еңбек заңы Қызметтегі тұлғалар
Материалдық Шығынды, зиянды өтеу, зиянды түзеу Еңбек заңы Жеке тұлға
Қылмыстық Қылмыстық жазалау,қамауға алу ҚР қылмыстық заңы Заңды және жеке тұлға

Жер шарының ішінде тығылулы тұрған орасан көп энергияның стихиялық шығуымен адамзат көптен бері таныс. Жер энергетикасы – геотермалдық энергетика Жердің табиғи жылулық энергиясын қолдануды өзінің базалық нүкте ретінде алады. Бір киломметр тереңдікті есепке алып Жер қыртысының үстіңгі қабатының темературалық градиенті 20-300С, және, Уайттың мәліметтері бойынша(1965 ж.), тереңдігі 10 км жер қыртысының жылу мөлшері 12*1026Дж. Бұл жылулық ресурстар 4,6*1016т көмірдің жылулық ресурсына эквивалентті. Бұл техникалық және экономикалық әлемдегі көмір ресурстарының жылулық ресурстарынан 70 мыңнан астам рет көп. Бірақ, жер қыртысының үстінгі қабатындағы (10 км тереңдікке дейін) геотермалдық жылулық, оның көмегімен әлемдегі энергетикалық проблемаларды шешу үшін өте жайылған. Өнеркәсіпте қолдану үшін қажет ресурстар жекелеген геотермалдық энергияның қайнар көздері ретінде берілген, олар қолайлы тереңдікте шоғырланған, өздерінің температурасы және көлемі электр энергия ретінде немесе жылу ретінде қолдану үшін жеткілікті.

26. Адамның тұтыну жүйесіне экологиялық тұрғыдан қарау.

Табиғатты қорғаудың тағы бір мақсаты - экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Ол қазіргі жəне болашақ үрпактың салауатты өмір сүруі үшін адамның теріс іс-əрекеттерін шектеу жəне табиғаттағы төтенше апаттарды болдырмау. Оны жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Конституциясы жəне табиғат қорғау заңдары. Табиғатты қорғауды жүзеге асырудың негізгі бағыттары. Табиғат корғаудың негізгі бағыттарын білу əрбір азаматтың міндеті болып саналады. Олардың негізгілерін қарастырамыз.

Экология мен табиғат корғау ғылымдары бірін-бірі толықтырып отырады. Экология ғылымы табиғатты тиімді пайдалану мен қорғаудың ғылыми-теориялық негізін жасайды. Сонымен бірге табиғат ресурстары мен оның құраушыларында экологиялық факторларды қоршаған ортамен жəне адамның іс-əрекетімен байланыстыра отырып зерттеп, оны жүзеге асырудың негізгі тұжырымдары бекітіледі. Экология мен табиғат қорғау ғылымдары бір-бірімен үйлесімді əрекет еткенде ғана табиғат апаттарына жол бермейді. Нəтижесінде, табиғат ресурстарын тиімді пайдалану мен оны қорғаудың жоспары жүзеге асады. Адам баласы табиғатты қорғау үшін оның заңдылықтары мен негізгі ұстанымдарын білуге міндетті:

1. Биосфера шегінде барлық тірі организмдер бір-бірімен байланысты жəне қарым-қатынас жағдайында ғана тіршілік етуге бейімделген

2. Табиғатта ешбір зат жоғалып кетпейді. Егер адам баласы жана бір затты дүниеге əкелсе оны жоюдың да жолын ойлауы керек. Ол зат табиғи айналымға түсуі тиіс. Мысалы, адам полиэтиленді ойлап тапты. Полиэтилен табиғатта айналымға түспейді. Себебі, оны ыдырататын редуцент (бактерия) жоқ. Осыдан барып жер бетінде коқсықтар көбеюде.

3. Заттардағы барлык өзгерістер энергия жұмсаумен жүзеге асады. Яғни, энергияның сақталу заңы бойынша жұмыс істейді.

4. Табиғаттағы экожүйелер мен ондағы қарым-қатынастар ұзақ жылғы түрақты даму эволюциясының жемісі. Сондықтан адам баласы оны бұзбауы керек. Ал бұзған жағдайда қайтымсыз экологиялық апаттарға алып келуі

мүмкін.

Алдын ала ескерту шаралары белгілі бір аймақтағы табиғат объектілерін анықтап, оны корғау мен қалпына келтіруді жоспарлап отырады.

27. Экология жəне өмір, олардың құқықтық негіздері.

Экологиялық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік түрлері.Экологиялық заңды орындамағаны үшін кінәлілер экологиялық құқық бұзудың түріне байланысты жауапкершілікке тартылады.Экологиялық құқық бұзушылық -бұл табиғат қорғау заңын бұзу және адамденсаулығы мен қоршаған ортаға зиянын тигізетін құқыққа қарсы іс.Қоршаған ортаға тигізетін зардап деп, қоршаған ортаның сапасына жағымсыз өзгерту алып келген әсерлердің жиынтығын айтады.

Зардаптың 2 түрлі формасын ажыратады;

-залал.(табиғи орта,ресурстар,сандық және сапалық кемуі)

-шығын.(табиғат пайдаланушы үшін жауапкершілік)

28. Ғылым мен білім беру саласы және экология.

Экологиялық ағарту. БҰҰ Қазақстанды экологиялық жағдайы өте нашар елдер қатарына жатқызды. Қазіргі таңда табиғи байлықтарды пайдалану тонаушылықпен жүргізіледі. Қоршаған ортаны қорғау туралы, ерекше қорғалатын аймақтар туралы заңдар қажетті нормативтік – құқықсыз базалар. Экон-қ механизмдер болғанымен іс жүзінде ол заңдар, ережелер өз дәрежесінде жұмыс істемей жатыр. Мұның бір себебі – азиялықтардың экол-қ мәдениеті деңгейінің төмендігі. Экологиялық мәдениет – бұл азаматтардың экологиялық сауаттылығы, ақпараттармен хабардар болуы, табиғатты тиімді пайдаланудың нормаларын күнделікті орындау белсенділігі мен сенімділігі. Экологиялық тәрбие – бұл адамдардың сезіміне, санасына, көзқарастарына әсер ету әдістері. Ол азаматтардың саналық деңгейінің артуына, табиғатқа қарым-қатынасының өзгеруіне, табиғат ресурстарына ұқыптылықпен, үнемшілікпен қарауға, оның жай-күйіне жаны ашып қарауға, табиғи ортада өзін өнегелі ұстауға рұқсат етеді.

Экологиялық білім беру – балабақша, орта мектеп, лицей, гимназия, колледждерде, жоғарғы оқу орындарында үздіксіз экологиялық білім беру жүйесін жетілдіру мен ұйымдастырудың мемлекеттік жүйесі.

Заң бойынша, эк-қ білім берубәріне ортақ, кешендік, үздіксіз болуы қарастырылған.

Бәріне ортақ принципі бойынша экологиялық тәрбие мен білім беру қоғамның барлық мүшесін қамтуы керек.

Экологиялық тәрбие мен білім берудің кешендік принципі бойынша, әр түрлі екі процестің ғылыми негізделген әдістемелік талаптарды ескере отырып, адам санасына бірлесіп кешенді әсер етуі.

Үздіксіз принципі азаматтардың, мамандардың, басшылардың кәсіби жұмысы барысында қоршаған ортаға, адамдар денсаулығына жағымсыз әсер етуіне байланысты экологиялық тәрбие мен білім беру жүйесі бойынша өздерінің біліктілігін көтерудің құқығы мен міндеттерін білдіреді.

Экологиялық білім беру мен тәрбиенің негізгі мақсаты – қоғамдық сананы экологияландыру б.т. экология міндеті – адамдардың тіошілік барысында қалыптасатын рухани ортаны сақтау.

29.Радиоэкологиялық проблемалар.

 Жер шарындағы экологиялық жағдай күннен-күнге шиеленісе түсуде. Бұрын-соңды болмаған саяси әлеуметтік экономикплық даму үрдістерінен өзіне ыңғайлы бағыттарын таңдап, тығыршықтан шығу жолы іздестірілуде. Дүниежүзілік өркениетті елдер арасындағы сауда-саттық қарым-қатынастарының молаюы мемлекеттік экологиялық сараптауды күейтуді қажет етіп отыр. Көптеген дамыған елдерде ауыл шаруашылығы өнімдерінің тазалығына сараптама жасау 1980 жылдан бастап қолға алынған. Өйткені химиялық тыңайтқыш арқылы алынған өнімдер әлдеқайда арзан, ал таза өнімдердің бағасы жоғары болып келеді. Күн сайын адамзат алдында экологиялық проблемалардың саны артып, оны шешу жолдары қиындай түсуде.

Республикамыздың аумағында ядролық қарудың сыналғаны әлемге әйгілі. Полигондар аймағы ұзақ жылдар бойы құпия сақталынды. Тек Семей полигоны ғана көпшіліктің назарында болып, қалған сынақ аймақтарынан жұрт беймәлім еді. Шын мәнінде, қазақ даласының 19млн.га жері 40 жыл бойы ядролық сынақтың полигоны болды. Ол жерлер Семей, Азғыр, Нарық, Тайсойған т.б. полигондары алып жатқан табиғаты әсем, шұрайлы жайылымдар еді. Осы жерлерде 1949-1989 жылдар аралығында болған ядролық сынақтардың 27-сі атмосферада,183-і жер бетінде, қалғаны жер астында жасалды. Атом қаруы сыналған елдермен салыстырсақ Ресейде – 225, АҚШ – 1032, Қазақстанда - 500-ден астам жарылыс жасалған. Бұдан біз, Қазақстан жерінің қаншалықты зардап шеккенді көреміз. Атом қаруы сол сияқты Ұлыбритания, Қытай, Франция, Үндістан және Пәкістанда сыналғанын білгеніміз жөн. Оның үстіне дүние жүзіне танымал ядролық сынақтың орталықтары Капустин, Яр (Ресей) мен Лобнор(Қытай) Қазақстанға шекаралас жақын жатқан аумақтар.

Ядролық қаруды сынау алғашында ғылым мен техниканы дамыту бағытында сипат алғанымен, кейіннен атом бомбасы соғыс мақсатында ұолданылды.Атом бомбасын алғаш рет АҚШ 1945 жылы Хиросима мен Нагасаки қалаларына тастады. Адамзат тарихында бұл қасіреттің ізі бүгінге дейін жапондықтарды зардап шектіріп отырғаны әлемге белгілі. Ал Қазақстан жерінде сыналған 500-ден астам атом бомбасының зардабы айтпаса да түсінікті болар.

Қазақстанда ядролық қаруларды сынау кең көлемде жүргізілді. 1990 жылғы мәліметтер бойынша сынақ жасалған жерлердің көлемі болыстар бойынша 16686,1 мың га жерді қамтыған.

 

Атом энергиясы

Атом өнеркәсібі — уран кенін өндіру, өңдеумен шұғылданатын, одан атом энергиясын (ядролық энергияны) өндіретін және сол энергияны пайдаланып жұмыс істейтін өнеркәсіп саласы. Ядролық энергия өнеркәсіпте, ғылымда, медицинада және басқа салаларда пайдаланылады. Дүн. жүз. тәжірибеде А. ө-нің әскери және азаматтық бағыттары қалыптасқан. А. ө. атом ядросының ыдырау процесінен туатын энергияны пай


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: