Акушерлік патологиялар 12 страница

8. Глюкоза. Организмде аутоинтоксикацияны тоқтату үшін және резистенттікті көтеру үшін венаға 40 пайыздық глюкоза құйғанның да үлкен пайдасы бар. мөлшері 200-250 мл глюкозаға қосып 20-40 мл уротропин және 100 мл хлорлы кальций жіберсе оның емдік тиімділігі күшейе түседі.

9. И.И.Кадыковтың камфорлы сірнесі. Организмде сепсис басталғанда аутоинтоксикацияны тоқтату үшін, жалпы күш-қуат беру үшін қолданылады. Оның құрамы: камфора 4,0 гр; глюкоза 60,0 гр; спирт ректификат 300 мл; хлорлы натрийдің 0,9 пайыздық ерітіндісі 700 мл. Осы сірнені венадан аурудың жағдайына қарай күніге мөлшері 250 мл шамасында жіберіп отырады.

 

6- кесте. Жіті эндометритті емдеудің кейбір үлгілері

Дәрілердің атауы

Енгізу орны

мөлшері

Емдеу күндері

1

2

3

4

5

6

7 8

1-кесте

Құрамы:40 % глюкоза, 10 %. хлорлы калций

 

120-150

100-120

 

 

 

 

 

 

   

20 % кофеин

 

 

 

 

 

 

 

 

   

Натрий бензоаты

венаға

5-7 мл

+

 -

 -

 -

 -

 -

   -

0,5 % новокаин, пеницилин 500 мың ә.б.

Ноздрачев тосқауылы

1мл\кг

+

 -

 -

 -

 -

 -

   -

2 % Натрий хлориді ерітіндісі, натрий гидрокарбонаты 2 % ерітіндісі

жатырды жууға

қажетінше

+

 -

 -

 -

 -

 -

   -

10 % трициллиннің балық майындағы эмульсиясы

жатырға

100-150мл

+

 -

 -

 -

 -

 -

   -

0,5 % прозерин

тері астына

2-3 мл

 -

 -

 -

+

 -

 -

   -

Вишневский майы 0,5 % новокаин

жатырға

100-150мл

 -

 -

 +

 -

 -

 +

 -  -

2-кесте

Попков сұйығы

Жамбас қуысына

 40 мл

 +

 -

 +

 -

 -

 -

 -

 -

Экзутер

жатырға

2 табл

 -

 +

 -

 -

 -

 -

 -

 -

фуразолиден

жатырға

3 таяқша

-

-

 +

-

-

-

-

-

Синтомицин эмульциясы тривитамин

жатырға

100-150 мл

   -

 

 -

 

 -

 

 -

 

 +

 

 -

 

 -

   -

3-кесте

1 % новокаин

аортаға

100-150 мл

 

 

 

 

 

 

 

 
Пенициллин окситоцин

 

500 мың Ә.Б., 8 мл

   +

 

 -

 

 -

 

 -

 

 -

 

 +

 

 -

   -
Өзінің қаны

Тері астына

30

60

90

- - -

+

-

-

-

-

-

-

+

-

-

-

-

-

-

+

-

-

-

- - -
Стрептомицин Пенициллин

жатырға

1млн ә.б

1млнә.б

 

 

 

 

 

 

 

 
Тривитамин

 

100мл

-

-

+

-

-

-

-

-
Септиметрин

жатырға

2 капсула

-

-

-

+

-

-

-

-
Вишневскі майы Балық майы

жатырға

100-150 мл

   -

 

 -

 

 -

 

 -

 

 -

 

 -

 

 +

   -

4-кесте

1 % синэстрол

бұлшық етке

3-4 мл

+

-

-

-

-

-

-

-
Окситоцин

бұлшық етке

7-8 мл

-

+

-

-

-

-

-

-
10 % трициллин тривитаминдегі эмульсиясы

жатырға

100-150

   -

 

 +

 

 -

 

 -

 

 -

 

 -

 

 -

   -
Тривитамин

бұлшық етке

10 мл

+

-

-

-

-

+

-

-
7 % ихтиолдың глюкозадағы ерітіндісі

бұлшық етке

15 мл

-

-

+

+

-

-

-

-
0,5 % новокаин антибиотиктер Исаев тосқауылы

 

1мл\кг

 

 

 

 

 

 

 

 
Стрептоцид эмульсиясы Өсімдік майы

жатырға

100-150

-

-

-

-

+

-

-

-
                                           

 

Әрине, бұл нобайларды дәрігер өз мүмкіндіктеріне қарай өзгерте беруіне болады, тек емдеу әдісі жан-жақты әсер ететіндей, барлық механизмдерді іске қосатындай болғаны дұрыс.

Акушерлік-гинекологиялық ауруларға қолданылатын новокаиндік тосқауылдар

В.В.Мосиннің плевраүсті тосқауылы. Жыныстық органдардың жіті қабынуы кезінде, аналық ұрық безінің күлдіреуігін, сары денесін сығып тастағанда қолданылады.

Ұзындығы 15 см ішіне мандрен салынған инені ең соңғы қабырғаның алдынан түсірілген бойлықпен бел омыртқаға қарай өтетін ең ұзын бұлшық еттің сыртымен жүргізілген ендіктің қиылысқан жерінен 30-35° көлбеулікпен омыртқаның денесіне тірелгенше кіргізеді. Мандренаны алып тастап инеге новокаин ерітіндісі бар шприцті қосады да 5-10 мл жіберіп көреді. Егер де шприцті ағытып алғанда иненің тесігінен новокаин тамшысы бір жоғары көтеріліп, бір төмен түсіп тұрса (малдың тыныс алуына байланысты), онда ине дұрыс орналасқан деп новокаиннің қалған дозасын екіге бөліп жартысын оң жағына, жартысын сол жағына жібереміз. 0,5 %-дық новокаинді оң жағына, жартысын сол жағына салады. Тосқауылды 3 күнде бір рет қайталап отыруға болады.

А.А.Ноздрачев тосқауылы. Жыныстық органдардың жіті қабынуы кезінде, жатыр мойны ашылмай қалғанда, қарқынды толғақ кезінде, қынап немесе жатыр айналып түскенде, ұрық безінің күлдіреуігін, сары денесін сығып тастағанда, түспей қалған шуды қолмен алғанда қолданылады.

Ұзындығы 15 см инені сегізкөзден ең биік өсіндісінен (3-і омыртқа) 7-8 см төмен түсіп 55º көлбеулікпен сегізкөздің қанатына тірелгенше тереңдетіп кіргізе береді.Содан кейін иненің ұшын сүйектің шетіне қарай ығыстырып тағы да 1-2 см тереңдетіп сегізкөз-қасаға сүйектерінің арасындағы сіңірді тесіп өткенге дейін кіргізеді, бұл кезде ине бос қуысқа түсіп кеткендей сезім туғызады.

Қолданылатыны 0,5 пайыздық новокаиннің ерітіндісі, малдың 1 кг салмағына 1 мл шамасында алынады да, жалпы дозасын екіге бөліп жартысын оң жағына, екінші жартысын сол жағына салады. Тосқауылды 3 күннен кейін қайталауға болады.

А.И.Варганов тосқауылы. Жыныстық органдар қабынған кезде, ұрық безінің күлдіреуігін, сары денесін сығып тастағанда қолданылады.

Ұзындығы 18 см И-33 маркалы инені сегізкөздің 4-і омыртқа тұсынан 10-12 см төмен түсіріп 40° көлбеулікпен шаншып, иненің ұшы жамбас қуысына өткенше тереңдетіп кіргізе береді, яғни сегізкөз-қасаға сүйектерінің арасындағы сіңірді тесіп өткеннен кейін тағы да 1-1,5 см тереңдетіп жылжытады. Қолданылатыны новокаиннің антибиотик қосылған 1 %-дық ерітіндісі, оң жағынан 50 мл, сол жағынан да сондай дозаны жібереді.

Д.Д.Логвинов әдісімен новокаинді аортаға жіберу. Жыныстық органдардың қабынуы кезінде, ұрық безінің күлдіреуігін, сары денесін сығып тастағанда, шу түспей қалғнда, жатыр субинволюциясы кезінде қолданылады.

Аортопункцияны 4-5 бел омыртқаның көлденең өсіктерінің арасынан жасайды.Ұзындығы 18 см И-33 маркалы инені ішіне мандрен салып, бел омыртқа тік өсіктері мен көлденең өсіктерінің арақашықтығының дәл ортасынан 25-30º көлбеулікпен шаншып, омыртқаның денесіне тірелгенше тереңдетіп кіргізе береді. Содан кейін иненің ұшын омыртқаның астына қарай бағыттап тағы да 3-4 см тереңдетіп аортаны тесеміз. Мандренаны суырып алған кезде инеден алқызыл қан атқып шыға бастайды.

Инеге резина түтік арқылы Жанэ шприцін жалғастырып, соның қысымымен новокаиннің 1 %-дық ерітіндісін 100 мл шамасында жібереді.Қажет болған жағдайда новокаинді 48-72 сағаттан кейін қайталап жібереді.

5. Төменгі сакральді анестезия. Жатыр мойны ашылмай қалғанда, қарқынды толғақ кезінде, қынап немесе жатыр айналып түскенде, шу түспей қалғанда қолданылады.

    Кәдімгі "Рекорд" инесін бірінші мен екінші құйрық омыртқалардың арасындағы ойық жерге тікесінен қойып шаншиды да, омыртқааралық шеміршекті тесіп өткенге дейін 2-4 см тереңдікке бойлайды.

    Иненің ұшы эпидуралді кеңістікке енгенде (ішіне ауа сорғаны сезіледі) новокаиннің 2 %-дық ерітіндісін 15 мл шамасында жібереді. Новокаиннің мөлшерін білу үшін малдың мықын дөңесінен шонданай дөңесіне дейінгі арақашықтықты үшке бөлу керек. Мысалы, сол арақашықтық 45 см болса, оны үшке бөлгенде 15 см шығады, яғни новокаиннің жіберілетін мөлшері15 мл.

 

V ТАРАУ

 


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: