Выведение (экскреция) лекарственных веществ из организма 26 страница

•  Гематошизотропты — шизонттардың эритроцитарлы түрлеріне әсер ететін заттар: хинин, хингамин, хлоридин, сульфаниламиды препараттар, сульфондар.

•  Гистошизотропты заттар — тіндік шизонттарға: преэритро- цитарлы түрлеріне (бірінші тіндік) эсер ететін — хлоридин; параэритроцитарлы түрлеріне (екінші тіндік) әсер ететін — примахин.

•  Гаметотропты заттар — жыныстық түрлеріне әсер ететін: хло­ридин, примахин.

Безгектің алдын алуда және оны емдеуде (безгекке қарсы заттарды пайдалана отырып) мынадай ұстанымдарды негізге алады.

•  Преэритроцитарлы түрлерге — хлоридин жэне эритроцитар­лы түрлерге — хингамин, мефлохинді қолдану арқылы жеке химиопрофилактика жүргізу (сау адамның безгек ошақтарында


Микробқа қарсы, вирусқа қарсы жане паразитке қарсы заттар



Преэритро-

циттіік

түрлері

(бауырда)



АДАМҒА Ж¥ҒУ ЖОЛДАРЫ


Параэри-

троциттік

түрлері

(бауырда)


Эритроциттік турлері


Қандағы спорозоиттар



 

 


Жыныстық түрлері ■— гамонттар (эритроциттерде)

МАСАҒА

ЖҰҒУ

16- сурет. Безгекке қарсы заттардың әсер ету спектрі (Д.А. Харкевич, 2013)

болған сапары кезіндегі ауырудың даму қаупінің алдын алу бағыттары).

•  Гематошизотропты заттар — хингамин (негізгі препарат), меф- лохин (хингаминге тұрақтылық дамығанда) және хининді (безгектік команы тоқтатқанда) пайдалану арқылы безгек ұстамасын тоқтату.

• Гематошизотропты заттар — хингамин (негізгі препарат), меф- лохин, хлоридинді сульфаниламидті препараттармен және сульфондармен ұштастыра қолдану (хингаминге тұрақтылық дамығанда) арқылы безгек ұстамасының алдын алу.

•  Параэритроцитарлы түрлерге троптылығы бар — примахин (параэритроцитарлы түрлері жоқ тропикалық безгекті
есептемегенде) сияқты препараттармен безгектің жекелей рецидивтерінің алдын алу.

Жеке фармакология

• Гаметотропты заттарды — хлоридин, примахинді пайдалана отырып, қоғамдық химиопрофилактика жүргізу (науқас адамнан безгектің таралуының алдын алу үшін).

Тек хлоридинмен емдеуге болатын тропикалық безгекті қоспағанда, безгектен түбегейлі құтылу үшін жоғарыда аталған барлық ұстанымдарды жүзеге асыру қажет.

Хингамин (хлорохин) — ең тиімді препарат, ол жыныссыз эритро -цитарлы плазмодилердің барлық түрлеріне цидті қасиет көрсетеді. Ол иммунологиялық үдерістерге тежегіштік әсер көрсетеді. Айқын қабынуға қарсы және десенсибилизациялық (жасуша мембранасы 11 тұрақтандырады) әсерге және антиаритмиялық белсенділікке ие. АІЖ жылдам әрі толықтай сіңеді, тіндерден баяу шығарылады, ішінара метаболизденеді. Плацента арқылы жеңіл өтеді. Сыртқа несеппен шығарылады. Қолдануға көрсеткіштер: безгектің барлық өткір түрлерінің көріністерінің алдын алу және емдеу, жүйелік ауруларда және т.б. Әдетте, препаратты ішке қабылдайды, алайда безгектің қатерлі ағымдарында емдеуді бұлшықетке енгізе отырып бастайды. Хингаминді емдік дозада қысқа мерзімді ішке қабылдайды, препарат елеулі жанама әсерлерсіз сіңіріледі. Көктамырға жылдам енгізгенде, коллапс туғызуы мүмкін.

Хлоридин (пириметамин) безгек плазмодийлерімен қатар, ток- соплазмоз және лейшманилерге қарсы әсері бар тиімді препарат болып табылады. Ол плазмодийлердің преэритроцитарлық түрлері мен гамонттарына, жыныссыз эритроцитарлық түрлерінің дамуын тежеп, басып тастаушы әсер көрсетеді, бірақ хингаминге қарағанда, баяуырақ әсер етеді. Хлоридинді сульфаниламидтермен және/немесе хингаминмен бірге бір мезгілде ішке қолданады, сол кезде тиімділігі айтарлықтай артады. Жанама әсерлері: бастың ауруы, бас айналуы, жүрек тұсының ауруы, диспепсиялық бұзылыстар, стома­тит, ретинопатия, алопеция (шаштың сиреуі) және т.б. Хлоридинмен емдеу үдерісі қан, зәр талдауының сараптамасымен қатар жүреді. Қарсы көрсеткіштер: қан түзуші ағзалардың және бүйректің ауру­лары, сәбилердің алғашқы 2 айлық өмірінде тағайындалмайды. Хлоридинді әйелдерге жүктіліктің I триместрінде тағайындауға болмайды (ұрыққа деген уытты әсерді болдырмау үшін), ал жүктіліктің соңғы уақыттарында абайлап колдану қажет.

Хинин — әр түрлі (Сһіпсһопа) хинин ағашының қабығында кездесетін алкалоид. Хининнің басты ерекшелігі безгекке қарсы әсері болып саналады. Әсер ету түріне қарай ол хингаминге ұқсас, бірақ белсенділігі аз және уыттылығы жоғары болып табылады. Негізгі әсерімен қатар, ол терморегуляция орталықтарын тежейді қызба ауруларында дене температурасын төмендетеді; жүрек бұлшықетінің қозғыштығын төмендетеді, рефрактерлік кезеңді ұзартады және жиырылғыштығын аздап төмендетеді, жатырдың бұлшықеттерін ынталандырады және оның жиырылуын арттырады. Хинин ағзадан тез шығарылады. Қазіргі уақытта хинин, негізінен, безгек паразитінің хингаминге тұрақтылығы дамыған кезде пайдаланылады (және басқа да безгекке қарсы препараттарға тұрақтылық дамығанда). Хинин жиі туындататын жанама әсерлер: жүйелік — құлақтағы шу, бас айналу, құсу, жүрек қағу, қол треморы, ұйқысыздық, идиосинкразия және т.б., жергілікті қолданғанда — некроз ошақтары бар тітіркендіргіш әсер туғызады. Қарсы көрсеткіштер: препаратқа деген жоғары сезімталдық жағдайында, глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа ферментінің тапшылығы, гемо-глобинурия қызбасында, ортаңғы және ішкі қүлақ аурулары. Салыстырмалы қарсы көрсеткіштер: жүктіліктің кейінгі айлары.

Микробқа қарсы, вирусқа қарсы жане паразитке қарсы заттар

Примахин дифосфаты плазмодийлердің барлық жынысты және параэритроцитарлытүрлеріне әсер етеді. Ол үшінші, төртінші және тропикалық безгектің жекелей алғандағы рецидивтерінің алдын алу үшін, сондай-ақ, коғамдық химиятерапияда қолданылады. Әдетте, препараттың көтерілімдігі жақсы, бірақ іш аймағындағы ауыру сезімдері, диспепсиялық құбылыстар, жүрек тұсының ауруы, әлсіздік, метгемоглобинемия, туындауы мүмкін, бұл белгілер препарат ағзадан шығарылғаннан кейін басылады. Примахинді тағайындаған кезде тұрақты түрде қан мен зәрдің сараптамасын алып, тексерген жөн. Қарсы көрсеткіштер: гранулоцитопения, қан және канжасаму ағзаларының ауруларымен сипатталытын ревматизм және басқа да аурулардың асқынуы кезіндегі жіті инфекциялык аурулары бар адамдарға (безгекті қоспағанда).

Дизентериялық амеба (амебаның 2 түрі бар: вегатативті және цисталық) туындататын амебиазды емдеу үшін климаты ыстық елдерде препараттардың өтімділігі жақсы. Амебиазды емдеу үшін қолданылатын препараттарға амебаның вегетативті формаларын ғана емес, сонымен қатар цисталық түрін жою талабы қойылады.

Амебиазды емдейтін препараттар клиникалық қолданылуына және орналасуына байланысты келесі топтарга жіктеледі.

•  Амебаның кез-келген орналасуы бойынша әсер ететін зат­тар — метронидазол, тинидазол.

•  Ішек қуысында орналасқан амебаларға әсер ететін зартар — хиниофон.

•  Ішек куысы мен ішек қабырғасында орналасқан амебаларға әсер ететін заттар — окситетрациклин, тетрациклин.

•  Ішек қабырғасы мен бауырда орналасқан амебаларға әсер ететін заттар — эметин гидрохлориді.

• Негізінен бауырда орналасқан амебаларға әсер ететін заттар хингамин.

Жеке фармакология

Метронидазол (трихопол) қарапайымдыларға қарсы спекрі кең, трихомонадтардың, амебалардың, лямблиялардың, облигатгм анаэробты бактериялардың (спора түзетін және түзбейтін), лейшманиялардың өсуін тежейді. Тетурам тәрізді қасиетке ие, канцерогенді және мутагенді әсерлер тудыруы мүмкіи, Метронидазолды ішке қабылдағанда жақсы сіңіріледі, мүшелер мен ұлпалардың ішіне, плаценталық жэне ГЭТ арқылы өтеді және бауырда жинақталады. Инъекциядан кейін 1—2 күн ішінде толығымен шығарылады. Негізінен өзгермеген күйде немесс метаболиттер (метаболиттер несепті қызыл түске бояйды) түрінде зәрмен және ішінара нәжіс арқылы да шығарылады.

Метронидазолды амебиазды емдеумен қатар, лямблиозда және жедел  және созылмалы трихомонадозда, терілік лейшманиозда, анаэробты инфекцияның іріңді жарақаттануында, тыныс алу, зәр шығару жолдарының, асқазан-ішек жолдары анаэробты инфекциясында, сондай-ақ операция алдында анаэробты инфекцияның алдын алу үшін және т.б. қолданылады. Метронидазол алкогольге деген сезімталдықты туғызатын қасиеті бар, сондықтан оны маскүнемдікпен ауыратын науқастарды емдеу үшін пайдалануға болады. Жанама әсерлері: тәбеттің жоғалуы, ауыздың құрғауы және жағымсыз дәмнің сезілуі, жүрек айнуы, құсу, диарея, бас ауруы, бөртпелер орын алуы мүмкін. Бұл құбылыстар препаратты немесе емдеуді тоқтатқанда жоғалады. Лейкопения болуы мүмкін. Кейде қынаптық кандидоз даму мүмкін, ол кезде саңырауқұлаққа қарсы препараттар тағайындалады (нистатинді қараңыз). Қарсы көрсеткіштер: жүктілік және лактация, қанжасау бұзылыстары. Балалық шақта шектеулі қолданылады, емдеу кезінде алкогольді ішімдіктер пайдаланбаған жөн.

Тинидазол құрылымы мен әсер ету тұрғысынан метронидазолға жақын. Метронидазолға қарағанда ұзақ әсер етеді.

Хиниофон ішек қуысында амебиацидті әсерге қажетті жоғары концентрацияға жетеді. Қазіргі уақытта кең қолданылмайды. Басты құндылығы — тасымалдаушылармен күресте тиімді, сондай-ақ клиникада созылмалы тасымалдаушылықты емдеуде қолданылады. Кейде оны амебалық дизентерия және ойықжаралы колитте ішке және парентералды тағайындайды. Препараттың уыттылығы төмен, жанама әсерлеріне диарея тән және көру жүйкесінің невриті.

Тетрациклиндер амебастатикалық әсер көрсетеді, амеба анаэроб болғандықтан, амебаларға қолайлы жағдай туғызатын бактериялардың өмір сүруін басады, оларға қажетті метаболиттерді ыдыратып, ауаны жұтады. Тиімділігі жағынан амебоциттерден әлсіз.

Эметин гидрохлориді ипекакуана тамырының алкалоиды. Спектрі тар — тек вегетативтік түрлері ғана өледі. Тері астына немесе бұлшықетке енгізеді. Әдетте, эметинді өткір ішек көріністері кезінде ғана тағайындайды. Эметин инъекцияларының көтерілімдігі жақсы. Жанама әсерлері: жүрек айнуы, кұсу, аяқ-қол ұшы бұлшыкеттерінін ауыруы, тахикардия, жүрек ырғағының бұзылуы және т.б. Айқын жанама әсерлер көрініс бергенде, емдеуді тоқтату керек. Препаратты 6 айға дейінгі сәбилер мен жүкті әйелдерге тағайындамайды.

Микробқа қарсы, вирусқа қарсы жэне паразитке қарсы заттар

Лямблиозды емдеуде қолданылатын препараттардан, бірінші кезектегі маңыздысы метронидазол болып саналады (жоғарыдан қараңыз), сондай-ақтинидазол, акрихин, аминохинол, фуразолидон да қолданылады («Микробқа қарсы химиялық құрылымы әртүрлі заттар» қараңыз). Аминохинол кейбір протозойлык инфекцияларда және коллагеноздарда тиімді. Препаратты лямблиозда, жүйелі қызыл жегіде және тері лейшманиозында, арнайы емес ойық жаралы колитті емдеу үшін пайдаланылады. Препаратты ас ішкеннен кейін ішке қабылдайды. Оның көтерілімдігі жақсы, жекелеген науқастарда жүрек айнуы, бас ауруы, тәбеттің жоғалуы туындауы мүмкін; артық дозаланғанда ұйкысыздық, құлақтағы шуыл, жалпы әлсіздік орын алады. Мұндай жағдайларда, дозаны азайту керек немесе препаратты уакытша тоқтату кажет. Емдеу үдерісінде қанның жалпы көрінісін және бауыр, бүйрек қызметін қадағалау қажет.

Трихомониазды емдеуде лямблиоз сияқты таңдау препараты метронидазол болып табылады. Сондай-ақ, тинидазол, трихомонацид, фуразолидон және орнидазол т.б. пайдаланылады. Трихомонацид трихомонадқа карсы жоғары белсенділікке ие. Препаратты Trichomonas vaginlis туғызатын урогениталды аймақ ауруларын емдеу­де қолданады. Оны жергілікті және ішке тағайындайды. Жоғарғы мөлшерде және жоғарғы концентрацияда шырышты қабықты тітіркендіреді; әйел адамдарда суппозиторийлерден кейін қынап аймағындағы бөліністің артуы мен ыңғайсыздық сезімдерін дамытады (бұл құбылыстар препаратты тоқтатқаннан кейін немесе дозасын азайтқанда басылады); ерлерде уретрадан тоқтаусыз бөліністер бөлінеді (бұл жағдайларда препаратты уақытша тоқтатады).

Ішек құрттарына қарсы заттар

Ішек құрттарына қарсы заттар — гельминтоздарды емдеу үшін пайдаланылатын дәрі-дәрмектер (гельминтоздар — кең таралған адам ауруы, паразиттік ішек құрттарынан туындайды, әсіресе балалар арасында жиі кездеседі). Ішек гельминтоздарын ішек ішілік және ішектен тыс деп бөледі. Адамда негізінен паразиттік құрттардың 3 түрі кездеседі: жалпақ (цестодтар), дөңгелек (нематодтар),


сорғыштар (трематодтар). Ішек құртына қарсы заттарды клиникалық қолданылуына байланысты 2 топқа бөледі:

Жеке фармакология

• Ішектік инвазия кезінде пайдаланылатын заттар:

- нематодтарға әсер ететін — мебендазол, левамизол, пиран- тел, пиперазин адипинаты, нафтамон;

- цестодтарға әсер ететін заттар — фенасал, празиквантель;

- трематодтарға әсер ететін заттар — этилен тетрахлориді.

• Ішектен тыс инвазия кезінде пайдаланылатын заттар:

-  нематодоздарды емдеуде қолданылатын заттар — дитразин;

-  трематодоздарды емдеуде колданылатын заттар — анти­мония натрий тартраты, хлоксил, празиквантель;

-  цестодоздарды емдеуде колданылатын заттар — мебендазол.

Сондай-ақ, оларды әсер ету механизмі бойынша 4 топка бөліп

жіктейді:

• жасушалық улы заттар — этилен тетрахлориді;

• дөңгелек құрттардың жүйке-бұлшықет жүйесінің қызметін бұзатын заттар — пирантел памоаты, пиперазин және оның тұздары, левамизол, нафтамон;

•  негізінен жалпақ құрттардың жүйке-бұлшыкет жүйесі бой­ынша бұзылыстарды басымырақ туындататын жэне олардың жабын ұлпаларын жоятын заттар — фенасал, битионол;

•  негізінен ішек кұрттардың энергетикалық үдерістеріне әсер ететін заттар — пирвиний памоаты, левамизол, мебендазол.

Негізінен нематодтарға басым әсер ететін препарат болып мебен­дазол (вермокс) саналады. Ол тиімділігі жоғары, кең спектрлі ішек құрттарына қарсы зат болып табылады. Энтеробиоз бен трихоцефалезде әсері жағынан тиімді. Сондай-ақ, аскаридоздарда, анкилостомидозда, тениидозда және аралас инвазияларда пайдалануға болады. Әсер ету механизмі: гельминттердің глюкозаны сіңіруін тежейді, олардың ағзасындағы АТФ түзілуіне кедергі жасайды. Препарат ішекте нашар сіңіріледі және толықтай дерлік нәжіс арқылы шығарылады (тек зәрде болмашы мөлшерде кездеседі). Мебендазолды ішке тағайындайды (алдын-ала аштық, арнайы диета мен іш жүргізетін дәрілерді пайдаланудың ешқандай қажеті жоқ), тамақ алдында немесе тамақтан кейін таблеткаларды шайнап ішу керек, өйткені май тінінде жақсы сіңеді. Жанама әсерлері: аллергиялық реакциялар. Қарсы көрсеткіш: жүктілік.

Левамизол (декарис) аскаридозды, сонымен қатар анкилостоми- дозды емдеуде тиімді болып табылады. Жетілген паразиттермен қатар дернәсіл формаларында салдандырады. Антигельминттік әсер ету механизмі — ішек құрттардағы биоэнергиялық үдерістердің ағымын бұзады. Сонымен қатар, препарат иммуномодуляторлык әсер танытады. Гельминтоз кезінде ұйкы алдында бір рет тағайындайды (қажет
болған жағдайда, 1 аптадан кейін қайталайды). Диеталарды және іш жүргізетін дәрілерді тағайындау — міндетті емес. Іш қату орын алса, 36 сағаттан кейін іш жүргізетін дәрілер беріледі. Жанама әсерлері (қайта пайдаланғанда орын алуы мүмкін): тұмауға ұқсас синдромдар, ұйқының бұзылуы, дәм сезу бұзылыстары, диспепсиялық үдерістер, терінің аллергиялық реакциялары, қанжасам бұзылыстары және т.б. Левамизолмен емдеу кезінде қан сараптамасын жүйелі түрде тексерген жөн (кем дегенде 3 аптадан кейін).

Микробқа қарсы, вирусқа қарсы жэне паразитке қарсы заттар

Пирантел энтеробиозда, аскаридозда, анкилостомидозда, три- хоцефалезде тиімді болып табылады. Препаратты таблеткалар немесе сироп түрінде ішке (іш жүргізгіш қабылдамай) күніне1рет (таңғы астан кейін) қабылдайды, дәрінің уыттылығы төмен.  Таблеткаларды жұтпас бұрын мұқият шайнау керек.

Препараттың көтерілімдігі, әдетте, жақсы; кейбір жекелеген жағдайларда жүрек айнуы, құсу, іш өту, бас ауруы, бас айналу болуы мүмкін. Оған қарсы көрсеткіш: жүктілік.

Пиперазин және оныц тұздары әр түрлі нематодтардың әсіресе, аскаридоз бен энтеробиоз (инвазивті ұштары бар) тудыруы мүмкін түрлеріне антигельмитті әсер көрсетеді. Әсер ету механизмі: гельминттердің бұлшықетін салдандырады, ал келесі қолданғанда олар ішектің перистальтикалық қозғалыстарымен сыртқа шығарылады. Көп жағдайларда, пиперазин ағзаны паразиттерден босатады. Пиперазинді ішке қабылдағанда тез сіңеді. Негізінен бүйрек арқылы шығарылады. Оларды қолданар алдында науқастарға алдын ала дайындаудың және арнайы диетаны қолданудың қажеті жоқ. Іш жүргізетін дәрілерді іш қатуға бейімділік болғанда ғана, пиперазинді қабылдаған күні кешке береді. Пиперазин препараттарының уыттылығы төмен және әдетте, емдік дозада жана­ма әсерлер болдырмайды, амбулаториялық жағдайда пайдалануға болады. Кейде шамалы жүрек айнуы, іштің ауруы, өтпелі бас ауруы болуы мүмкін. Бүйрек зәр шығару қызметінің бұзылысы бар науқастарда нейротоксикалық құбылыстар орын алуы мүмкін. Қарсы көрсеткіштер: ОЖЖ органикалық аурулары кезінде. Энтеробиозды емдеу кезінде гигиеналык режимді қатаң сактау қажет.

Нематодоздар кезінде сондай-ақ тиабендазол, нафтамон және т.б.   пайдаланылады.

Адам патологиясындағы ең маңызды жалпақ құрттардың 2 тұқымдасы — таспа және ленталылардың бар екенін белгілі. Цепендардан шошқанікі — тениоз, бұқанікі — тениариноз, ергежейлі — гименолипедоз, ал ленталы құрттардан кең — дифил- лоботриоз кездеседі.

Жалпақ құрттарға қарсы әрекет ететін заттардан фенасал кеңінен қолданылады. Оны ішек құртқа қарсы құрал ретінде
тениаринхозда (бұқалық немесе қарусыз таспа құрт ивазиясында), дифиллоботриозда (жалпак, құрт инвазиясында) және гименолепидозда (ергежейлі таспа кұрт инвазиясында) қолданады. Әсер ету механизмі: құрттардың бұлшықетін салдандырады да олардың протолитикалық ферменттерге төзімділігін төмендетеді, нәтижесінде бас сегменттерінің қорытылуы жүреді. Фенасал мен емдеу науқастың арнайы дайындығын талап етеді. Емдеу күні сұйық немесе жартылай сұйык, майлылығы төмен, жеңіл сіңетін тағам ұсынылады (сұйык ботқа, картоп пюресі, желе, жеміс шырындары және т.б), түнге клизмалар қойылады. Препарат ашқарынға таңертең қабылданады. Фенасалды ішпес бұрын, асқазан кіре берісін жылдамырақ ашу үшін 2 г натрий гидрокарбонатын (ас сода- сы) тағайындайды. Таблеткаларды жылы суда мұқият араластырып, мұқият майдалайды (1/4 стакан жылы суға 1 таблетка). 2 сағаттан кейін печенье немесе кептірілген нанмен тәтті шайдың 1 стаканын ішу қажет. Іш жүргізетін заттар шошқа жалпақ құрты инвазиясын­да тағайындалады. Әдетте, фенасалдың көтерілімдігі жақсы, бірақ жүрек айнуы, аллергиялық реакциялар, нейродермиттің аскынуы болуы мүмкін. Тениоз кезінде — цестицеркоз — ішектен тыс гельминтоздар болуы мүмкін, себебі жұмыртқаларында ішек қабырғасын бұрғылайтын ілмектер бар, сөйтіп бүкіл ағзаға таралады.

Жеке фармакология

Празиквантель (билтрицид) цестодоздар мен трематодоздарды емдеуде тиімділігі жоғары зат болып табылады. Оған нематодтар қарсылық көрсетпейді. Ол цестодоздарда, трематодоздарда және аралас инвазияларда қолданылады. Препарат ішке қабылдағанда жақсы сіңеді. Азғантай мөлшерде ана сүтіне түседі. Әсер ету механизмі: паразиттердің жасуша мембранасының кальций иондарына деген өткізгіштігін арттырады, паразиттердің бұлшықеттерінің жиырылуын арттырады да олардағы спастикалық салдануды тудырады. Препарат жоғарғы терапиялық әсер береді (100%-ға дейін), әдетте көтерілімдігі жақсы. Кейбір жеке жағдайларда жүрек айнуы, бас ауруы, эпигастрий аймағындағы ауырсыну, әлсіздік, қызба, есекжем орын алуы мүмкін, олар препаратты қабылдауды тоқтатқаннан кейін басылады; өткір гельминтоздар емдеу кезінде — аллергиялық реакциялар. Препаратты жүктіліктің алғашқы үш айында қолданудың қажеті жоқ және емізетін аналарға препартты қабылдағаннан кейін емшек сүтімен коректердіруден 48 сағатқа бас тарту қажет. Жұмыс бабы жоғарғы концентрация мен жылдам реакциялык қабілетті қажет ететін пациенттерге празиквантелді пайдаланған кезде, абай болған жөн. Препаратты 2 жасқа дейінгі балаларға колдануға болмайды.

Өсімдік текті ішек құрттарына карсы пайдаланылатын пре- параттардан асқабақ дәндері әр түрлі таспа құрттарға белгілі бір
дәрежеде тиімді (ірі қара малдың, шошқа және ергежейлі таспа құрттар және жалпақ кұрт). Белсенділігі жағынан қазіргі заманғы синтетикалық препараттарға қарағанда тиімділігі төмен, бірақ уытты емес және іс жүзінде жанама әсерлер туғызбайды. Оларды, негізінен, басқа ішек құрттарға қарсы препараттарға көтерілімдік төмен болғанда қолданады. Асқабақ тұкымын қолданудың алдын­да 2 күн бұрын науқасқа таңертең күнделікті клизма қойылады, қабылдайтын күннің алдынғы кешінде іш жүргізетін препараттар тағайындайды. Емдеу күні ашқарынға клизма қояды.

Қатерлі жаңатүзілістер (ісік) кезінде пайдаланылатын заттар

Түймешетен гүлдері (құрамында эфир майлары, флавоноидтар, органикалық қышқылдар мен баска да заттар бар) аскаридоз және энтеробиоз кезінде колданылады. Тұнба ретінде: 1 кесе қайнаған суға 1 ас қасықтан күніне 3 рет қабылдайды. Қарсы көрсеткіш: жүктілік.




















Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: