Выведение (экскреция) лекарственных веществ из организма 25 страница

Стрептомицин сульфаты аминогликозидты антибиотиктерге жатады. Ол грам-теріс бактерияларға және кейбір грам-оң
батерияларға қарсы белсенділік танытады. Ол туберкулезге қарсы қасиеті анықталған бірінші антибиотик және әлі күнге дейін өзінің құнын жоғалтқан жоқ. Стрептомициннің әсер ету механизмі рибосомалық деңгейде ақуыз синтезін бұзуға негізделген. Жасушаішілік және жасушадан тыс бактерияларға әлсіз әрекет етеді. Ол ауыз арқылы қабылдаған кезде нашар сіңеді, сондықтан энтералды қолданылмайды. Парентералды енгізгенде, әр түрлі мүшелерге, плацентаға кіреді; каверна қуысына енбейді, ГЭТ арқылы өтпейді, ағзадан 12—24 сағат ішінде несеппен шығарылады. Стрептомицинді туберкулез, оба, туляремия кезінде қолданады. Препаратты көктамырға енгізеді. Антибиотикті қабылдағаннан кейін вестибулярлық аппарат пен естудің бұзылуы әдеттегі жайт болып табылады. Нефроуытты әсерлер мен аллергиялық реакциялардың туындауы мүмкін. Қарсы көрсеткіш: жүктілік. Онымен емдеу кезінде микобактерияларда қарсылық тез дамиды, сондықтан оны басқа препараттармен ұштастыра отырып пайдаланады.

Жеке фармакология

Пиразинамид, негізінен, жасуша ішілік қоздырғыштарға әсер етеді, кавернозды некроз ошақтарға жақсы өтеді. Оның артықшылығы көбейіп жатқан микробтарға ғана емес, сондай-ақ басқа туберкулез­ге қарсы препараттарға сезімтал емес тыныштықтағы бактерияларға әсер етуінде болып табылады. Ол АІЖ жақсы сіңеді де тіндерге өтеді, ацетилденіп, ағзадан несеп арқылы шығарылады. Пиразинамидті тағайындағанда жүрек айнуы, құсу, аллергиялық реакциялар, артралгия, бауыр қызметінің бұзылуының туындауы мүмкін. Пиразинамидпен емдеу кезінде туберкулез микобактериясының қарсылық көрсетуі карқынды дамуы мүмкін.

Этамбутол — синтетикалық препарат, жасушадан тыс және жасуша ішілік бактериостатикалық әсер етеді. Этамбутолға микобактериялардың тұрақтылығы баяу дамиды. Басқа организмдерге әсер етпейді, тек туберкулез статикалық қасиетке ие. Әсер ету механизмі: микроб жасушасындағы РНК синтезін бұзады. Препарат асқазан-ішек жолдары арқылы жақсы сіңеді, тіндердің көбіне және ағза сұйықтығына енеді, ГЭТ арқылы өтеді, бүйрек арқылы шығарылады. Этамбутолдың көтерімділігі жақсы, жана­ма әсерлер сирек дамиды. Көрудің бұзылуы мүмкін (түс ажы- рату қабілеті мен көз өткірлігінің нашарлауы), жөтел жиілейді, қақырықтың мөлшері артады және т.б.

Туберкулезге қарсы қосымша препараттар 1-топтың әсеріне микобактерияның төзімділігі дамығанда немесе оларды көтере алмаған жағдайда қолданылады.

Канамицин — аминогликозидты топтың антибиотигі. Канамициннің әсер ету механизмі мен спектрі стрептомициндікіне ұқсас, алайда канамициннің, стрептомицинге қарағанда, микобактерияларға  әсері әлсіздеу. Бірак, стрептомицинге төзімді штамдарға әсер етуде тиімді болып табылады. Канамицинді тағайындағандағы жанама әсерлер стрептомициндікіне ұксас.

Микробқа қарсы, вирусқа қарсы жэне паразитке қарсы заттар

Этионамид — синтетикалық препарат, ол изоникотин қышқылының туындысы болып табылады. Жасуша ішілік және жасушадан тыс микобактерияларға бактериостатикалық қасиет көрсетеді. Сондай-ақ асқазан-ішек жолдары арқылы жақсы сіңеді, көптеген мүшелер мен ұлпаларға, қуыстарға енеді; туберкулезге қарсы негізгі дәрілерге қарағанда, белсенділігі төмен, бірақ оларға тұрақты болған микобактерияларға белсенді болып табылады.

Протионамид — туберкулезге қарсы белсенділігі этионамиддікімен бірдей, бірақ көтерімділігі жақсы.

Натрий парааминосалицилат қышқылы (ПАСҚ) туберкулез қоздырғыштарының жасушадан тыс жылдам көбейетін түріне әлсіз бастериостатикалық әсер көрсетеді. Жанама реакциялары: ПАСҚ- мен емдеу кезінде асқазан-ішек жолдары, бауыр, тері және бүйрек тарапынан туындайды. Жанама реакциялар жиі туындағандықтан, қазіргі уақытта, оны басқа туберкулезге қарсы препараттарға микобактериялардың тұрақтылығы дамыған кезде ғана пайдаланылатын болды. Оған туберкулез микобактериясының үйренуі баяу дамиды. Клиникалық тәжірибеде тиоацетазон сирек тағайындалады.

Туберкулезді емдеуде мынадай ұстанымдарды сактау қажет.

• Туберкулезге қарсы препараттарды тұрақты терапевтік әсер алу үшін және кайталану ықтималдығын болдырмау үшін ұзақ уақыт бойы пайдалану кажет.

•  Микобактериялардың қарсылығын еңсеру үшін аралас  химия- терапия пайдаланылуы тиіс.

• Туберкулезге қарсы арнайы препараттар мен әр түрлі фармакологиялық топтардың препараттарын кешенді пайда­лану (иммуностимуляторлар, гормондар, аллергияға қарсы препараттар т.б.).

Сонымен қатар, микобактериялардың әр түрлі дәрілік заттарға төзімділігінің артуы мен туберкулезбен ауыратын науқастар санының артуы салдарынан, әсіресе соңғы жылдары, залалын азайту үшін заманауи ұсыныстарда келесі мәселелер қаралады:

• туберкулезі бар науқастарды емдеу кезінде әр түрлі дәрілерге тұрақтылық дамығанда, емдеу жобасына этионамидті қосу;

•  изониазидке тұрақтылық дамығанда, оның дозасын артық тағайындау;

•  рифампицинге тұрақтылық дамыған кезде, рифабутинді тағайындау;

• туберкулезге қарсы классикалық  дәрілермен фторхинолдарды аралас қолдану.


Спирохетозға қарсы заттар

Жеке фармакология

Спирохетозға қарсы заттар — мерезді емдеу үшін пайдаланылатын дәрілік заттар (мерез қоздырғышы — тrеропета раllidит, сұр спирохета). Олар сондай-ақ қайталама сүзекте де тиімді болып табылады. Мерезді емдеу үшін антибиотиктер мен синтетикалық заттар қолданылады.

Негізгі мерезге қарсы заттар бензилпенициллин препараттары (натрий мен калий тұздары), олар тез, күшті, бірақ қысқа мерзімді әсер береді, сондай-ақ ұзақ әсер ететін бензилпенициллиннің новокаин тұзы, бициллиндер болып табылады. Препараттарға үйрену іс жүзінде дамымайды.

Пенициллин тобының препараттарына аллергия дамыса, макролидтер (азитромицин), цефалоспориндер (цефтриаксон) және тетрациклиндер тағайындалады.

Мерездің кеш сатысында висмут препаратын (негізінен бийохинол) басқа заттектермен ұштастырып (дүрысы, пенициллинмен) қолданады.

Әсер ету механизмі: бийохинолдың трепонемаферменттерінің тиол топтарын тежеуіне байланысты көрінеді. Оны бұлшықетке енгізеді. Қолданар алдында ыстық сумен қыздырады және шайқап араластырады. Препаратты қолдану кезінде гингивит, стома­тит, қызылиек жиегінде қара жолақтың түзілуі, бүйрек, бауыр зақымдануының дамуы мүмкін.

ВИРУСҚА ҚАРСЫ ЗАТТАР

Вирустар — көбею үшін макроағзаның биосинтез аппаратын пайдаланатын жасуша ішілік ұсақ паразиттер. Вирустың орталық бөлігі нуклеин қышқылынан (ДНҚ немесе РНҚ), ал сыртқы қабығы ақуызды заттан тұрады. ДНҚ-құрамды вирустарды (герпес вирусы, аденовирустар) және РНҚ-вирустарды (тұмау вирустары, полиомие­лит, құтыру) ажыратамыз. РНҚ-сы бар ретровирустарға адамның иммунтапшылық вирустары (АИВ) жатады. Вирустың көбею үдерісі бірнеше кезеңнен өтеді. Ол — вирустың жасушаның қабырғасына бекінуі, содан кейін қабықтан айырылып жасушаға енуі, көбеюі, макроағза жасушасының өлімі, вирустың жасушадан шығуы.

Вирусқа қарсы препараттарды вирустар туындатқан аурулардың алдын алу үшін және оларды емдеу үшін қолданады. Олар көбінесе жергілікті және профилактикалық мақсатта пайдаланады. Вирустың жасушамен әрекеттесу кезеңіне сәйкес, вирусқа қарсы заттардың негізгі тежеуші әсерлері де осыларға байланысты:

•  вирустың жасушаға адсорбциялану және оның жасуша ішіне енуі (гаммаглобулин, оксолин);

•  вирустық геномының босау үдерісі (ремантадин, мидантан);

• вирустық «ерте» ақуыз ферменттер синтезі (гуанидин);

Микробқа қарсы, вирусқа қарсы жэне паразитке қарсы заттар

•  нуклеин қышқылдарының синтезі (зидовудин, ацикловир, ганцикловир, идоксуридин жэне т.б.);

•  вирустық «кеш» ақуыздар синтезі (саквинавир);

• вириондардың «жиналуы» (метисазон).

Іс жүзінде, ең жиі қолданылатын вирусқа қарсы дәрілік препараттардың жіктелуі мынадай:

•  вирустың жасушаға кіруіне кедергі жасайтын заттар;

• вирустық нуклеин қышқылдардың жасушалардағы синтезделуін тежейтін заттар;

•  жасушалардың вирусқа деген төзімділігін интерферондар арқылы немесе интерферондардың синтезін туғызатын препараттарды қолдану арқылы арттыру.

Ремантадин — адамантанның туындысы, мембраналық ақуыз М2 тежегіші болып табылады, ол вирустардың «шешіну» үдерісін бұзып, оның жасушаға кіруіне кедергі жасайды. Ол әр түрлі тұмау вирустарының А2 түріне тиімді әсер етеді. Ремантадин вирустың жасушаға түскен кезінде әрекет етеді. Аурудың 1—2-ші күнінде пайдаланған тиімді болып табылады. Бұл жағдайда, ауру тек жеңілдеп қана қоймай, сондай-ақ толық тоқтатылуы да мүмкін. Ремантадинді алдын ала сақтық үшін пайдаланатын болса, онда науқастар саны бірнеше есе төмендейді. Препаратқа вирустардың резистенттілігі жылдам дамиды. Ол асқазан-ішек жолдарында толық сіңбейді, бауырда метаболизденеді және бүйрек арқылы сыртқа шығарылады. Жалпы көтерілімдігі жақсы, жанама әсерлері (бас ауруы, ұйқысыздық, тежелу) шамалы.

Оксолин — вирусқа қарсы қасиетке ие. Тұмаудың алдын алуда, вирустық ринитті емдеуде, көз және терінің вирустық ауруларында тиімді. Оксолинді жергілікті қолдану кезінде тіндердің тітіркенуі және шырышты қабық күйіп жатқандай сезімдер болуы мүмкін.

Жасушалардағы вирустык нуклеин қышқылдарының синтезін тежейтін заттарға ацикловир жатады. Ол жасушада фосфорланып вирустың ДНҚ-полимеразасына әсер етеді де вирустардың көбеюін басып тастайды. Терінің, шырышты қабықтын зақымдануында (ерін, жыныс мүшелерінің герпесі) және герпестік кератитте ацикловир жергілікті пайдаланылады. Қарапайым герпес вирусымен терінің және шырышты қабыктың кең ауқымды зақымдануында және белдеме ауруында ацикловир ішке тағайындалады; герпетикалық инфек­ция кезіндегі иммундык жүйе бұзылыстары бар науқастарға, ОЖЖ зақымдануында және ағзаларды ауыстыру кезінде — көктамырға салады. Жанама әсерлері: ішке қабылдау кезінде диспепсиялық бұзылыстар болуы мүмкін, бас ауруы; көктамырға енгізгенде — қозу; жергілікті қолданғанда күйдіріп жатқандай сезімдер дамиды.

Ганцикловир — цитомегаловирусқа деген әсер белсенділігі жоғары препарат, аталған вирус көздің тамырлы қабатын, өкпені зақымдап, иммундық тапшылығы бар науқастарда асқынулар туғызады. Денсаулық жағдайы бойынша көктамырға және ішке тағайындайды.

Жеке фармакология

Зидовудин (азидотимидин) — адамның иммундық тапшылық вирусына (АИТВ) қарсы тиімділігі жоғары препарат болып табыла­ды. Ол АИТВ ДНК синтезін тежейді. АИТВ жұқтырған адамдарға тағайындаған кезінде аурудың дамуы баяулайды, наукастардың өмірін ұзартады, бірақ аурудан толық айықтырмайды. Жанама әсерлері: лейкопения және агронулоцитоз, бас ауруы, ұйқысыздык, іш өту, қызба және т.б. болуы мүмкін.

АИТВ-инфекциясы кезінде сондай-ақ, саквинавирді де пайдалануға болады, ол АИТВ протеазаның ингибиторы болып табылады, нәтижесінде вирустық капсидтің (сыртқы ақуызды қабығы) құрылымдық компоненттері мен вирион ферменттерінің қалыптасуы бұзылады. Препарат вирустың көбеюін баяулатады. Талғап әсер етеді, себебі АИВ протеазаларының құрылымы жағынан адам ферменттерінен айырмашылығы бар. Ішке тағайындайды, оны пайдалану кезінде диспепсиялық бұзылыстар, липидтік алмасудың бұзылуы, гипергликемия болуы мүмкін.

Идоксуридин кейбір ДНК құрамды вирустардың көбеюін тежейді. Уыттылығы жоғары препарат болып табылады, сондықтан резорбтивті қолданылмайды. Идоксуридинді герпетикалық кератит кезінде жергілікті пайдаланады. Препарат қасаң қабықтың бүлдырауын, аллергиялық реакцияларды тудыруы мүмкін.

Интерферондар — вирустарды енгізгенде жауап ретінде қорғану үшін ағза жасушаларынан синтезделген биологиялық белсенді ақуыздар. Қүрылымы мен биологиялық касиеттеріне байланысты интерферондарды 3 түрге бөледі -α, -βжәне -γ. Олардың вирусқа қарсы әсері кең спектрлі, сондай-ақ иммуномодуляциялык және ісікке қарсы белсенділігі бар. Интерферонның вирусқа қарсы әсерінің негізінде вирустық ақуыздардың синтезін тежеуі жатыр. Қазіргі кезде клиникалық тәжірибеде вирусқа қарсы заттар ретінде адамның альфа және бета интерферондары, сонымен қатар гендік инженерия жолымен алынған рекомбинантты интерферондар — реаферон, интрон А және т.б. қолданылуда. Интерферондар асқазан- ішек жолдарында сіңірілмейді, биологиялық тосқауылдардан өтулері нашар. Олардың герпетикалық кератитте, тері және жыныс мүшелерінің герпетикалық зақымданулары кезінде, ЖРВИ, вирусты гепатитте және т.б. тиімділігі анықталып отыр. Жергілікті немесе парентералды қолданылады. Интерферондардың қоздыратын жанама әсерлері біршама көп: мысалы, тұмау сияқты қалып; ұзақ
мерзімді пайдаланудан лейкопения, тромбоцитопения, бауыр қызметінің бұзылуы дамуы мүмкін.

Микробқа қарсы, вирусқа қарсы жэне паразитке қарсы заттар

Полиэтиленгликоль қосылыстарымен үдемелі интерферондар жасалып шығарылды, олар ұзақ мерзімді әсер етеді және айқын терапиялық әсер танытады.

Кейінгі кездері интерферонның индукторлары кеңінен қолданылуда, олардың интерферонның түзілуін күшейтетін қабілеті бар. Осындай препараттар қатарына полудан, циклоферон, амиксинді жатқызуға болады. Олардың ауқымы әлдеқайда кең. Сондай-ақ интерферон индукторларының науқастардағы көтерілімдігі жақсы, антигендік қасиеттері жоқ, жанама әсерлерді сирек тудырады, олармен емдеу, интерферонтерапиямен салыстырғанда, қымбат емес.

САҢЫРАУҚҰЛАҚТАРҒА ҚАРСЫ ЗАТТАР

Саңырауқұлақтарға қарсы заттарға патогенді және шартты патогенді саңырауқұлақтар туындататын аурулар және микоздарды емдеуде қолданылатын дәрілік заттар жатады. Бірінші топка:

•  жүйелік (терең) микоздар жатады, олар ішкі ағзалардың және мидың зақымдануымен көрінеді (гистоплазмоз, бластомикоз және т.б.);

• беткей микоздар (дерматомикоздар) — терінің, тырнақтың, шаштың саңыраукұлақпен зақымдануы, олар дерматофиттердің әрекетінен дамиды (трихофития, микроспория, эпидермофития жэне т.б.).

Екінші топты жиі ас қорыту жолдарындағы, бронхтардағы, жыныс ағзаларындағы шырышты қабықты жиі зақымдайтын кандидомикоздар құрады (кандидомикозды ашытқы саңырауқұлақтары қоздырады).

Саңырауқұлақты ауруларды емдеу үшін синтетикалық заттар мен антибиотиктер қолданылады.

Саңыраукұлақтарға қарсы антибиотиктерге: амфотерицин В, микогептин, нистатин, леворин және гризеофульвин жатады.

Амфотерицин В полиенді антибиотиктерге жатады («полиен» байланысы көп дегенді білдіреді). Саңыраукұлақтарға қарсы кең спектрлі ең белсенді және ең улы зат болып табылады. Ол терең микоз туындататын көптеген қоздырғыштардың өсуін тежейді. Әсер ету механизмі: эргостеролмен (саңырауқұлақтар қабығының негізгі компоненті) байланысып, жасуша өліміне (фунгицидтік қызмет) әкеледі. Резистенттілік баяу дамиды. Антибиотик іс жүзінде асқазан-ішек жолдарында сіңбейді, аздаған бөлігі ғана тіндер мен қуыстарға өтеді. Амфотерицин В терең және жүйелі микоздарда тіршілік көрсеткіштеріне сәйкес қолданылады.

Жанама әсерлері көп: бас ауруы, қызба, диспепсиялық бұзылыстар, гипокалиемия (жүрек аритмиясы ықтимал), нефро- токсикалық және гепатотоксикалық әсерлері бар.

Жеке фармакология

Микогептиннің құрылымы мен саңырауқұлақтарға қарсы спектрі Амфотерицин В-мен ұксас, бірақ ішке де, сыртқа да тағайындалады, уыттылығы төмен.

Нистатин және леворин де полиенді антибиотиктерге жатады. Екі препарат та кандидоз қоздырғыштарына белсенді әрекет жасайды. Асқазан-ішек жолдарында сіңуі төмен, толықтай дерлік өзгеріссіз нәжіс арқылы шығарылады. Асқазан-ішек жолдарының ашытқы саңырауқұлағымен зақымдануын емдеу үшін және кең спектрлі антибиотиктерді қабылдау кезінде профилактикалық мақсатта, сондай-ақ шырышты қабық, тері, ауыз, жыныс мүшелерінін кан- дидомикозын емдеу үшін тағайындалады.

Гризеофульвин полиенді антибиотиктерден химиялық құрылымы жағынан ерекшеленетін антибиотик болып табылады. Спектрі тар. Тек қана дерматомикоздарда ғана тиімді. Трихофития, эпидермофи- тон, фавус (котыр) сияқты дерматомикоз қоздырғыштарына жоғарғы белсенділік көрсетеді. Әсер ету механизмі нуклеин кышқылдарының синтезін тежеуге негізделген. Гризеофульвин жақсы сіңіріледі және тері, тырнақ, шаштың терең қабаттарына жақсы енеді. Кератинде жиналады (шаш, тырнақ эпидермистің құрамына кіретін ақуыз болып табылады), сөйтіп саңыраукұлақтардың енуіне кедергі жасап, қорғайды. Емдеу үдерісі кезінде шаш зақымдалса, жинау кажет, тырнақ закымдалса, алу керек, тері зақымдалса, мүйізді қабатын аршып тұру керек. Гризеофульвин аяқ, кол, бас терісі, шаш, тырнаққа жұқтырған кезде пайдаланылады. Препараттың көтерімділігі, әдетте, жақсы. Туындауы мүмкін: диспепсиялық бұзылыстар, нейроуыттылық (бас айналуы жэне ауруы), бауыр қызметінің бұзылуы, және аллергиялық реакциялар.

Синтетикалық саңырауқұлаққа қарсы заттарға азол препарат­тары (миконазол, кетоконазол, клотримазол, флуконазол, интра- коназол) және баска да химиялық сыныптар (тербинафин, нитро- фунгин, декамин, йод препараттары жэне т.б) жатады.

Азол тобының препараттары эргостерин синтезделуін тежеу арқылы саңырауқұлақтардың жасуша мембранасының қызметінің бұзылуын туғызады. Дерматомикоздарда, жүйелі микоздар мен қан- дидомикоздарда тиімді болып табылады. Әсер түрі — фунгицидтік. Имидазол тобына миконазол жатады. Миконазолдан жиі болатын жанама әсерлер оның пайдаланылуын шектейді. Қазіргі уақытта миконазол, негізінен, беткей кандидоз бен дерматомикозда жергілікті пайдаланылады. Сондай-ақ имидазол туындысына кетоконазол мен клотримазол жатады. Кетоконазол терең микоздар-
да, сондай-ақ кандидоздарда және дерматоздарда пайдаланылады. Гепатотоксикалык әсері бар: кұсу, жүрек айнуын туындатады. Тері және шырышты қабықтың кандидомикозы мен дерматомикозында клотримазолды жергілікті пайдаланады. Триазолдьщ туындыларынан жүйелі микоздарды және кандидомикозды емдеу үшін флуконазол және итраконазол пайдаланылады.

Микробқа қарсы, вирусқа қарсы жэне паразитке қарсы заттар

N-метилнафталин туындыларына тербинафин (ламизил) жатады. Ол эргостерол синтезінің ерте бастапқы кезендерінде әсер етіп, нәтижесінде саңырауқұлақтардың жасушаларында аралық өнімдер жинақталады да жасуша өледі. Тербинафин дерматомикоз қоздырғыштарын және ашытқы саңырауқұлағының өсуін басып тастайды және олардың өлуіне себепкер болады. Теріде және тері астындағы шел майына, тырнақ пластинкаларына жиналады. Қолданылуы: тербинафинді кез - келген жерде болатын дерматомикозды және шырышты қабық кандидомикозын емдеу үшін қолданады. Препаратты ішке резорбтивті әсері үшін және жергілікті әсері үшін крем ретінде тағайындайды. Жанама әсерлері: пероралды емдеуде — диспепсиялық бұзылыстар, іш өту, жергілікті қолданғанда — терінің қызаруы, күйіп-жанғандай сезім, кышу пайда болуы мүмкін. Дерматомикоздарда спирт ерітіндісі түрінде нитрофенол туындысы — нитрофунгин (хлорнитрофенол) жергілікті пайдаланылады. Катиондық детергенттер тобынан декамин дермато- микоздарды және кандидамикоздарды емдеу үшін тек жақпа түрінде жергілікті пайдаланылады.

ПАРАЗИТТЕРГЕ ҚАРСЫ ЗАТТАР

Қарапайымдылардан, гельминттерден және буынаяқтылардан туындаған аурулар паразиттік ауруларға жатқызылатыны белгілі. Олар адам патологиясында маңызды орын алады және өлімнің жиі себептерінін бірі болып табылады.

Протозойларға қарсы заттар

Протозойларға қарсы заттар — қарапайымдылардың тіршілік белсенділігін басатын заттар. Осы препараттар, әсерінің бағдарына байланысты, мынадай топтарға бөлінеді.

•  Безгектің алдын алу үшін және оны емдеуде пайдаланылатын заттар: хингамин, примахин, хлоридин, хинин, сульфанила­мидтер және сульфондар.

•  Амебиазды емдеуде пайдаланылатын заттар: метронидазол, хингамин, эметин гидрохлориді, тетрациклиндер, хиниофон.

• Лямблиозды емдеуде пайдаланылатын заттар: метронидазол, фуразолидон, акрихин.

•  Трихомонадозды емдеуде пайдаланылатын заттар: метрони­дазол, тинидазол, трихомонацид, фуразолидон.

•  Токсоплазмозды емдеуде пайдаланылатын заттар: хлоридин, сульфадимезин.

Жеке фармакология

•  Лейшманиозды емдеуде пайдаланылатын заттар: солюсурьмин, натрий стибоглюконаты, мономидин жэне т.б.

Безгекке қарсы препараттар — безгектің әр түрлі плазмодилерінеи туындаған ауруларда қолданылатын дәрілік заттар.

Безгектің қоздырғыштары плазмодийлер екені белгілі. 3-күндік безгекті РІ. Vivax және РІ. Оvаlе, тропикалықты — Р. Ғаlсіраrит, төрт күндік безгекті — Р. таlаrіае туғызады. Безгек плазмодийі дамудың 2 циклінен өтеді: жыныссыз түрі (шизогония) — адам денесінде, ал жынысты түрі (спорогония) — маса денесінде өтеді. Маса шаққаннан кейін спорозоиттар қанға түседі де кейін бауырға өтеді, сол жерде ол біріншілік тіндік плазмоид — трофозоитты (преэритроцитарлық түрі) түрге өзгереді. Бауырдан плазмоидтар қанға қайтадан түседі. Олардың көпшілігі эритроциттердің құрамында болады (эритроциттік түрі), тез көбейеді және эритроциттердің құрылымын бұзады. Осы кезде безгектің ұстамасы ұстайды: қалтырау, қызу (40 °С немесе одан жоғары) және тершендік дамиды. Тропикалық безгекте ұстама аяқталғаннан кейін қызба кезеңінің ұзақтығы 3-күндікте 1 күн, 4-күндікте 2 күн және кем дегенде бір күнге созылады. Плазмоидтардың бір бөлігі қанда жүріп-ақ жыныстық (гамета) түрге айналады. Маса адамды қайталап шақканда, гаметалар масаға өтеді, сөйтіп маса денесінде жыныстық даму циклін өткереді. 3 күндік безгек плазмодийі бауырда (параэритроцитарлықтүрі), ал 4-күндігі эритроциттерде ұзақ тұрақтауы мүмкін, яғни ұзақ мерзімді қайталанулар (безгек ұстамалары ондаған жылдар бойы орын алып түрады) тудыруы мүмкін.

Безгекке қарсы заттар әсер ету бағдарына (әсер ету бағдарын білу безгектің профилактикасы мен емдеуінде маңызды болып табылады) 3 топка бөлінеді (16-сурет).










Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: