Емдеу шараларын жоспарлау 8 страница

Олардың ерекшеліктері:

· интестинальды рак сияқты жиі кездеспейді – сирек тіркеледі,

· ішектің шырышты қабыршығына ұқсас келеді,

· жайылмалы өседі, жиі жараланады,

· тамаққа және сырты ортаға байланыссыз жүреді,

· жас адамдарда жиі болады,

· еркектерді де, әйелдерді де бірдей зақымдайды,

· тұқым қуалайды,

· аурулардың көбісінде ІІА қан тобы байқалады.

Асқазан рагынегізінде лимфа мен қан тамыр жүйесі арқылы және тікелей жанаспалы жолмен, айналасындағы сау ұлпаларға көшеді.  Сонымен бұларға қоса, ол  асқазанның шырышты қабатының астымен жоғары қарай өрбиді. Міне, осындай ерекшеліктерінің арқасында, асқазан рагының эндофитті ісіктері, оның көзге көрініп тұрған түйін шекарасынан тыс, 7-8 см-ге дейін жерге таралады; ал экзофитті  ісіктерде – 2-3см-ден аспайды. Асқазан рагының кардий бөліміндегі ісік, оның ішкі қуысына және өңешке қарай таралады,  ал ісіктің ұлтабарға қарай өсуі, тек асқынған ракта  ғана кездеседі.

Кіші иіндегі рак кіші шарбы; тіпті, бауырдың сол жақ бөліміне, ұйқы безіне, ішкі лимфа бездеріне шейін тарауы мүмкін. Ал үлкен иін аймағындағы ісік, тоқ ішектің көлденең бөліміне, үлкен шарбы майына және  асқазан-ішек байланыстарына, ұйқы безіне бөгелме ісік береді. Сирек жағдайда кардий бөлігіндегі рак,  көк етті қоса зақымдайды. Осыған байланысты,  зақымданған көршілес мүшелерде, соларға тән қосымша белгілер пайда болады. Дегенмен, бұл зақымданулар радикальды емге кедергі болмайды, бірақ  болжамды нашарлатады.

Лимфа жүйесі арқылы рактың таралуы туралы ең қарапайым кестені А.В. Мельников ұсынған. Бұл кесте бойынша асқазан рагындағы лимфа жүйесі 4 бассейннен тұрады.

1- лимфа ағым бассейнді  бағыты – ол асқазанның үлкен иірім жағындағы пилоро-антральды бөлігінен жиналады, 1- этапта, бөгелме ісік - асқазан мен көлденең тоқ ішек байламының ішінде, үлкен иірімді бойлап, асқазан қақпасында, 2- этапта – ұйқы безінің төменгі қырындағы, асқазан қақпасының артында, 3- этапта – ащы ішектің шажырқай байламының ішінде, 4- этапта – іш перденің артындағы лимфа бездерінде орналасады. Асқазанға радикальды операция жасау кезінде, осы көрсетілген кесте бойынша, 1- және 2- этаптағы лимфа бездерін алуға болады, ал 3- және 4- этаптағыларындағы лимфа түйіндерін сылып алуға мүмкіндік болмайды, сондықтан радикалды операция жасалынбайды.

2- лимфа ағым бассейнді бағыты – асқазанның кіші иірім жағындағы пилоро-антральды бөлігі мен оған жақын асқазан денесінен шыққан лимфа жүйелері жатады. Оның 1- этаптағы бөгелме ісік пайда болатын жері асқазан қақпасының артында орналасқан бездер, 2- этап тағысы – кіші шарбы май ішінде, кіші иірімнің төменгі бөлігінде, асқазан қақпасы мен он екі елі ішек артында орналасқандар, 3- этаптағы бөгелме ісіктер,бауыр мен он екі елі ішектің байламасының ішіндегілері, ал 4- этаптағысы – бауыр қақпасында орналасқан бөгелме ісіктер. Соңғы екі этаптағы орналасқан бөгелме ісіктерді сылу, тәжрибе жүзінде өте қиын іс, сондықтан субтотальді резекция жасағанда, бұл бағыттағы зақымданған лимфа бездердің 1- және 2- этаптағысын ғана сылуға болады. 

3- негізгі лимфа ағым бассейнді бағыты – ең кең көлемдегі лимфа жүйесін құрайды. Бұл бассейн - асқазан мен ұйқы безі байламындағы,  сол асқазан артериясының бойындағы, асқазанның кіші иірім жағындағы денесі мен асқазанның алдыңғы және артқы қабаты мен кардий бөлігінен және де, өңештің іш қуыс жақтағы бөлігінен жиналатын лимфа жүйесі мен бездері, Оның 1- этаптағы бөгелме ісік пайда болатын жері – тізбектелген кіші иірім жағындағы, кіші шарбы май тіндерінің ішінде орналасқан бездері. Оның жоғарғы 1/3 бірінде орналасқан бездерді паракардиалды бездер дейді, олар асқазанның кардий бөлігі ракпен зақымдалғанда бірінші ретте осыларға бөгелме ісіктерді береді. 2- этаптағысы – сол жағындағы асқазан артериясының айналасында орналасқан бездер. 3- этаптағысы – ұйқы безінің жоғарғы қырында орналасқан бездер. 4- этаптағысы – көк еттің асты мен үстіндегі өңеш аналасындағы тіндерде орналасқан бездер. Осы аталған бассейіндегі бездерді асқазанның жоғарғы бөлігіне резекция жасау кезінде және оны толық сылып алуда, бүл бездерді толық түгел алуға болады.

4- лимфа ағым бассейнді бағытына – асқазанның тік бағыттағы  үлкен иіріміндегі бөлігі мен оған жақын жатқан алдыңғы және артқы қабатынан, оған қоса асқазан күмбезінен жиналатын лимфа жүйелері жатады. Бұл бағыттағы бөгелме ісік орналасатын 1- этаптағы лимфа бездері – асқазан мен көлденең тоқ ішек байламының ішінде орналасады. 2- этапта – асқазанның қысқа артериясының бойында жатқан бездер, ал 3- мен 4- этаптағысы – көк бауырда орналасқандары.

Асқазан ісігі асқынса, онда рак клеткалары 3- және 4- этаптағы лимфа бездерін зақымдайды, бұларға ұйқы безінің айналасы, бауыр қақпасы, ішек шарбысының түбіндегі және бауыр-ұлтабар байланыстарындағы лимфа бездері жатады. Осы көрсетілген аймақтағы бөгелме ісіктер, клиникалық ағым мен емдік болжамды қиындатады, бірақ аурудың жазылуына кедергі жасамайды. Соңғы жылдардағы хирургиядағы басты жетістіктер – ол осы аталған этаптағы орналасқан бөгелме ісіктерді толық сылып алу жатады, оны –кеңейтілген лимфодиссекция деп атайды.

Жоғарыда көрсетілген асқазанның бөгелме ісіктерінің таралу жолдарынан басқа, алысты аймақтарда да, пайда болатын бөгелме ісіктер бар. Оларға - кіндік айналасында, сол жақ бұғана үстінде және аналық бездерінде орналасқан бөгелме ісіктер жатады.

Сол жақ бұғана үстіндегі лимфа бездеріндегі Вирховтың бөгелме ісігі, ол 2 см-ге дейінгі көлемде, қолға қатты сезіледі, ауырмайды, қозғалып тұрады, еш уақытта лимфа бездері бір-бірімен жабысып тұрмайды.

Кіндіктегі  бөгелме ісік - көлемі 1,5-2,0 см-ден аспайды, қолға қатты сезіліп, ауырсыну сезімін туғызады.

Аналық жыныс бездеріндегі бөгелме ісік көбінесе екі жағында кездеседі. Гинекологиялық тексеру кезінде: бөгелме ісік шар тәрізді жұмыр және беттері тегіс келеді. Бұларды Крукенбергтің бөгелме ісігі деп атайды.

Қан арқылы асқазан рагы бауырды, өкпені, бүйректі, ұйқы безін және кеуде қуысын жарақаттайды. Сонымен бірге ісік клеткаларының өз бетінше тікелей жанама және қону арқылы таралу жолдарында бөгелме ісіктер іш пердеге тарыдай шашылып, іш қуысына сұйықтық пайда болып, шемендікке әкеледі.

Кейде, асқазан рагында тік ішектің айналасындағы Дуглас кеңістігіндегі тіндерде Шницлердің бөгелме ісігі пайда болады. Мұны тік ішек арқылы тексергенде - үлкейген, майда, қолға қатты сезілетін тік ішек айналасындағы түйіндерді - анықтауға болады.

Асқазан рагының өсу сатылары

Бұрыннан қалыптасқан жіктеу бойынша асқазан рагының 4 өсу сатылары бар:

І- сатысы: ісік, 3 см-ге дейін, тек шырышты және оның астынғы қабатында орналасқан, немесе ойық жара ракқа ауысса, бөгелме ісігі жоқ.

ІІа- сатысы:: ісік, 3 см-ден үлкен, бұлшық еттеріне жетіп, бірақ сыртқы іш пердесін зақымдамағаг, бөгелме ісігі жоқ.

ІІБ- сатысы: ісік, жоғарыдағы екі өсу дәрежесіндей, аймақтық лимфа бездерінің бір-екеуін де бөгелме ісігі бар.

ІІІа- сатысы:: кез келген көлемдегі ісік, бүкіл асқазан қабаттарын зақымдап, өңешке немесе ұлтабарға жеткен, Көрші мүшелердің байланыс жүйелеріне дейін жетіп, бірақ оларды әлі зақымдамаған.

ІІІб- сатысы: кез келген көлемдегі ісік, аймақтық лимфа бездердің бірнешеуінде бөгелме ісігі бар, немесе артерия тамырларының бойындағы лимфа бездерінде бөгелме ісік бар.

IV- сатысы:: кез келген көлемдегі ісік, көрші мүшелерге көшкен, немесе жергілікті жерде орналасқан,  қимылдамайтын ісік, сылуға келмейтін жағдайға келсе, немесе алыстағы мүшелерде бөгелме ісігі бар.

Алысты аймақтар мен ағзаларда бөгелме ісік болса, онда хирургиялық әдіс қолданбайды.

TNM жүйесі бойынша асқазан рагының жіктелуі

TNM жүйесі бойынша рактың өсу сатысы екі рет сыннан өтеді, алғашқыда клиникалық тәсілдердің нәтижесі бойынша, одан соң– морфологиялық зерттеулердің нәтижесін ескере отырып.  Отандық жіктеуден айырмашылығы ісік түйінінің көлемі ескерілмейді, тек ісік асқазан қабаттарының қайсысына жеткенін анықтайды.

Сонымен Т – ісік түйінін сипаттайды,

Тis -;жайылмаған, эпителий ішіндегі рак,

Т1 – ісік шырышты қабатымен оның астыңғы бетін зақымдаған,

Т2 – ісік, терең сіңіп, анатомиялық бір бөліктің жартысынан асық емес жерін зақымдаған,

Т3  анатомиялық бір бөліктің жартысына ісік  толық жайылған, ал оның басқа анатомиялық бөлігіне жетпеген,

Т4 – ісік анатомиялық бір бөлігінен аса зақымдаған, немесе көрші мүшеге жайыла өткен.

N - аймақтық лимфа бездері.

Nо – аймақтық лимфа бездері білінбейді,

NХа – асқазан айналасындағы бездер зақымданған,

NХв - асқазанның барлық қан тамыр бойындағы лимфа бездері зақымданған,

NХс – қолқа айналасындағы, шарбы май мен мықын артериясының бойында орналасқан бегелме  ісіктер, хирургиялық жолмен сылуға болмайды.

N1 -1ден 6-ға дейінгі лимфа бездерде бөгелме ісік бар,

N2 – 7ден 15-ке дейінгі лимфа бездерде бөгелме ісік бар,

N3 – 15-тен артық лимфа бездерде бөгелме ісік бар.

Міне, осыларды ескеріп морфолог, ең аз дегенде  лимфа бездердің 15-ін  зерттеуі керек.

Асқазан рагының асқынулары

Асқазан рагының асқыну түрлері:

1. қан кетуі,

2. асқазан қыспағының тарылуы (стенозы),

3. көрші мүшелерге (тіндерге) ісіктің өтіп, зақымдауы (пенетрациясы);

4. ісіктің тесіліп (перфорациясы), жайылмалы перитониттің дамуы.

    Қан кетуде - ол ісіктің ойық жарасындағы кішкене тамырларынан басталып, біртіндеп өседі. Ұзақ уақытқа созылады және клиникалық белгілері созылмалы келеді. Көп аққан қан ұйыйды, тұз қышқылының әсерінен гемоглобин метгемаглобинге айналып, қарайады, сондықтан құсық «кофе» тәріздес болады, терісі бозарып, бас айналу жиіленеді; қан қысымы төмендейді.

Қан кету кезіндегі дәрігерлік көмекте, тез арада науқастың төс асты бөлігіне мұзды мұйық қою және мұз жұтқызу керек, одан басқа ешнәрсе ішкізуге болмайды. Көк қан тамыр арқылы 10%-10,0 мл хлорлы кальций мен аминокапрон қышқыл (300 мл) ерітіндісін, викасолды (3,0 мл) бұлшық етке енгізу керек. Егер ауруда қан кету көпке созылып, қан тоқтамаса, онда жедел медициналық көмекті шақырып, аурухананың хирургиялық бөліміне тасымалдау керек.

Пилородуоденальды стеноз, асқазан қақпашығының ісікпен тарылып, жабылуы. Бұл кезде алғаш асқазанды шайып, тазалаудан бастау керек, одан әргі әрекет науқастың қай клиникалық топқа жататындығына байланысты болады. Егер науқас ІІ- клиникалық топқа жататын болса, онда оны онкодиспансерге жіберіледі; ал ІV- клиникалық топқа жататын болса, онда паллиативті операция үшін хирургиялық бөлімі бар ауруханаға жолдама беріледі.

Ісіктің ойық жарасының тесілуі – жедел медициналық көмекті қажет етеді. Ол не онкодиспансерге, не кез келген хирургиялық бөлімде жүргізіледі.

Асқазан рагының эпидемиологиясы

Жер шары бойынша 2000 жылы 870 000 адам асқазан рагымен ауырған, ал оның барлық қатерлі ісіктердің ішіндегі меншікті үлесі  8,7% тең болған.

Ресейде асқазан рагы барлық қатерлі ісіктердің 10,2 % құрап, ол өкпе, тері рагынан кейін үшінші орында түр.

    Қазақстанда бұл көрсеткіш бірқалыпты деңгейде: 10,0 -– 10,2% құрап, барлық қатерлі ісіктердің ішінде 4 орынды алады. Еркектер арасында асқазан рагы (2005-2006 жж.) өкпеден кейін (22,0-28,0%) нақты екінші орында (12,7-13,2%), ал әйелдерде - сүт безі (19,8%),– тері (11,9%), жатыр мойыны (8,3%) қатерлі ісіктерінен кейін 4 орында (7,4%) тұр.

Асқазан рагының аурушаңдық көрсеткіші әр жерде әртүрлі деңгейде тіркелінген, дегенмен жер шары бойынша ең жоғарғы аурушаңдық  көрсеткіші Жапонияда анықталған, ал  еркектер арасында бұл көрсеткіш  69,2%ооо; әйелдерде - - 28,6%ооо тең болған, ең төменгі көрсеткіш Солтүстік Африкада қатталған.

Асқазан  рагының аурушаңдық көрсеткіші Қазақстанның әрбір облыстарында бір қалыпты тарамаған (№1- сурет), ең жоғарғы аурушаңдық көрсеткіші Шығыс-Қазақстан (22,2%ооо), Қарағанды (21,5%ооо), Павлодар (27,0%ооо) және Ақмола (22,0%ооо) облыстарында тіркелген, сонымен қатар ең төменгі көрсеткіш Жамбыл (13,4%ооо), Оңтүстік Қазақстанда (12,1%ооо), Атырау (13,4%ооо), Маңғыстау (12,4%ооо) облыстарында және Астана қаласында (12,9%ооо) анықталған.

 

№1- сурет. Асқазан рагының Қазақстан облыстары бойынша орташа аурушаңдық көрсеткіші (2006-2008 жж.).

 

Асқазан  рагының Қазақстанның аймақтары бойынша аурушаңдық ерекшелігі (№2- сурет), осы заңдылыққа сәйкес келеді. Асқазан рагының ең жоғарғы аурушаңдық көрсеткіші Қазақстанның Шығыс (24,6%ооо), Орталық (21,8%ооо) және Солтүстік (16,8%ооо) өңірінде және Алматы(19,2%ооо)  мен Астана(19,0%ооо)  қалаларында  анықталса, ең төменгі көрсеткіші Оңтүстік аймақта (14,4%ооо) тіркелген. Жалпы Қазақстан бойынша орташа асқазан рагының аурушаңдық көрсеткіші 18,3%ооо.

Асқазан рагынан өлім-жітім  көрсеткіші Республика бойынша - 15,0%ooo тең болса,  бұл көрсеткіштен жоғары болғаны - Қарағанды (24,1%ooo), Павлодар (21,9%ooo) және  Шығыс Қазақстан (19,0%ooo) облыстарында тіркелген. Аурушаңдық және одан өлім-жітім бойынша динамикалық көрсеткіші Қазақстанда кейінгі 5-6 жылда төмендеуде, сонымен, 2000 жылы аурушаңдық және өлім-жітім көрсеткіштері осыларға сәйкес 20,9%oooжәне 17,6%ooo болса, енді 2008 жылы бұл көрсеткіштер осыларға сәйкес 17,3%ooo және 14,8%ooo-ғе төмендеген.

Жас пен жыныс аралық аурушаңдық ерекшеліктерінде, е ркектер (13,2%ooo) әйелдерге қарағанды (7,4%ooo) екі есе жиі ауырады. Жас адамдарда асқазан рагы сирек кездеседі де, жас өскен сайын аурушаңдық көрсеткіші едәуір өсе түседі, әсіресе 60 пен 65 жас аралығындағы адамдарда.

 

№2- сурет. Асқазан рагының Қазақстан аймақтары бойынша орташа аурушаңдық көрсеткіші (2006-2008 жж.)

 

Асқазан рагын қоздырушы себептер

Қазіргі таңда асқазан рагымен және созылмалы ойық жара ауруы бар адамдарда жұқпаның рөлі күшейді, соның ішінде, атап айтқанда Helicobacter pylori (Hp) бактериясы негізгі себебі болып табылуда, себебі ол науқастардың көбісінен табылуда. Бұл феномен ісіктің морфологиялық құрылысына байланыссыз келеді. Әрине, бұдан да басқа себептердің де маңызы анықталды, әрине олар аурудың клиникалық, патогенетикалық түрлеріне сәйкес әртүрлі жиілікте кездеседі.

Ең негізгі себептердің ерекшеліктері:

1. Жайылмалы клеткалы ракта тұқым қуалаушылықтың және тағамның рөлі анағұрлым басымырақ,

2. Түйінді (интестинальды) ракта тағаммен бірге түсетін, немесе асқазанда пайда болатын канцерогендік заттардың рөлі, әсіресе, ұлтабардан түсетін өт қышқылы басым болуда.

Жайылмалы ракта, оның о сы күнге дейін нақты неден пайда болатынына көңіл толарлық пікір жоқ. Көбісі Helicobacter pylori бактерияның (Hp) рөлін жоққа шығармайды,  дегенмен тұқым қуалаушылықтың маңызы ерекше орында тұр. Тағамның әсері осы рак түрінде айқын сезілмейді, сондықтан да аурудың  көрсеткіші біркелкі емес. Жиі тіркелетін аймақтарда көп тараған, аз тараған жерлерде бір деңгейде тіркеледі.

Интестинальды рактың пайда болуында мыналардың әсері басымырақ:

1. Көп жылға созылған бактерия Helicobacter pylori әсерінің қатысы бар,

2. Канцерогендік заттардың тағаммен, сумен, темекімен, немесе дәрілермен бірге түсуі және олардың зиянды әрекеттері бактериямен қабаттасып, күшейуіп кетеді,

3. Өт қышқылдарының ұлтабардан асқазанға кері келуінде (рефлюкс),

4. Маскүнемдікте,

5. Артық ас тұзын қолдануда.

    Helicobacter pylori (Hp) - б ұл бактерия жіп сияқты келеді, ол шырышты қабатта жабысып, фермент пен уытты заттарды өндіріп, асқазанның шырышты қабатының қабыршығын өзгертеді, клеткалардың өніп-өсу үрдісін жылдамдатып, өзгерген ДНК-ы қайтадан қалпына келтірмейді, сөйтіп шырышты қабатты жұқартып, асқазан сөліндегі тұз қышқылын кемітеді.

Ауру бактериялық жұқпасы бар тағаммен, немесе сырқаттанған адаммен кездесу кезде жұғады. Helicobacter pyloriтабиғатта өте көп тараған тірі жәндік. Қазір жер шарында миллиардқа жуық адам бұл бактериямен зақымданған. Ұзақ уақытқа созылған жұқпалы бактериялы гастрит, асқазан мен ұлтабарда ойық жара ауруларын туғызады. Сонымен  созылмалы жұқарып семіген гастритте 70-80% осы бактерия кездеседі, ал ойық жара ауруында - 70-90%-ға жетеді. Осы аурулардың арасында, сау адамдармен салыстырғанда, рак 6-8 есе жиі байқалады. Бактерияның рак туғызғыш қасиеті жан-жақты тексерілмеген. Бірақта, жұқпаны жойған кезде,  30% жағдайда асқазан рагынан толық сақтануға болады.

Химиялық канцерогендер (ХК). Олар тамаққа сыртқы ортадан түседі, немесе ұзақ сақталғанда, немесе жылытып, ысытқанда да пайда болуы мүмкін. Химиялық канцерогендердің ішінде өте залалдысы көп-циклді ароматы көмірсутегілер (КАКС) және нитрозаминдер. Химиялық канцерогендерауадан, судан, топырақтан тағамға, көкөністерге, жеміс-жидектерге жұғады. Малдарда аз кездеседі (етте, сүтте), ал тағамдарды сақтағанда, өңдегенде, ас даярлағанда олар көбейеді.

Нитрозаминдер ысталған тағамдарда көп болады, сонымен қатар шұжықтарда, өңделген көкөністерде, тәтті тағамдарда да кездеседі.

Негізінде нитрозаминдер ағзада нитриттер мен нитраттардан өндіріледі.. Тұз қышқылы кемігенде, бактериялар көбейіп, соның әсерінен нитрозаминдер асқазанда қалыптасады. Химиялық канцерогендер сияқты тағам даярлағанда нитрозаминдер де молая түседі.

Асқазанда тағамдағы ас тұзыныңәсерінен де, өзгерістер болады.

Олар:

· шырышты қабатының қалыңдауы (гиперплазиясы),

· асқазан сөліндегі тұз қышқылының кемуі,

· сөл азайған сайын зиянды заттардың тікелей шырышты қабатына теріс әсерінің күшейуі.

Ас тұзы асқазанда көбейсе, канцерогендік ықпал да үдей түседі.

Этил спирті майларды ерітіп, канцерогендік химиялық заттардың белсенділігін артырып, асқазан шырышты қабатына зиянды әрекетін күшейтеді. Ал егер ол темекімен және артық түскен ас тұзымен қосарланып келсе, онда ракты қоздырғыш қасиет 5,5 есе өсіп кетеді.

Жоғарыда тағамды дайындау мен өңдеу кезінде, канцерогендік заттар мен нитрозаминдер пайда болады дедік. Олар әсіресе, аса артық қыздырған майларда, оған пісірілген тағамдарда, қалыптан тыс ұлғайып, ағзаға зиянды әсер етуі жоғарлайды.

Іштен өндірілетін канцерогендердің де өзіндік зиянды әсері бар. Оларға өт қышқылы жатады. Оның ұлтабардан асқазанға қарай келуі өте зиянды екені дәлелденіп отыр.

Өт қышқылының әсері:

· асқазанның ішіндегі РН-ты өзгертеді,

· клетка мембранасының өткізгіштік қасиеттерін ұлғайтады,

· асқазанның шырышты қабатын тікелей күйдіреді,

· безді клеткаларды басқа түрге (ішектің шырышты қабатымен алмасуына  мүмкіндік жасайды) ауыстырып, ондағы зат алмасу үрдісін өзгертіп жібереді.

Асқазандағы бактериялар, ферменттердің әсерінен негізгі өт қышқылын екінші бір түрлеріне– литохолді және дезоксихолды қышқылына ауыстырады. Осы өт қышқылдары мутагендік және канцерогендік қасиетке ие болады, олардың осы қасиеттері тоқ ішек рагында толығымен дәлелденген.

Асқазанның ісік алды аурулары

Асқазанның рагы пайда болуы үшін, оның  қалыпты шырышты қабатындағы  клеткалар  жылдам өсіп-өну қасиетіне(пролиферациялық) өзгерісіне түсуі керек. Осы өзгерістің  нәтижесінде шырышты қабатының қабыршықтарының әр жерінде дисплазиялық белгі пайда болып, кейіннен ол рак ауруына алып келеді. Асқазан шырышты қабатындағы пролиферация неғұрлым ұлғайып, жылдамдаған сайын, рак ауруына қауіп-қатер ұлғая  түседі. Дисплазияның бірінші, екінші дәрежедегілері, оларды  қоздыратын  себептер жойылса, өз бетімен кері кетіп қалуы мүмкін. Ал, дисплазияның ІІІ өсу дәрежесінде атипиялық процесс  күшейіп, міндетті түрдерактың нөлдік өсу дәрежесіне (рак in situ) әкеледі.  

Ішек метаплазиясы деп,  асқазан шырышты қабатының д исплазиялық өзгеру  кезінде, оның қалыпты безді түрінен, ішектегі шырышты қабатқа сәйкес  өзгеруін (метаплазия) айтамыз. Бұл жағдай жас адамдардың 8-10%-ында, ал 60-тан асқан қарттардың 40-45%-ында кездеседі. Бұл асқазан шырышты қабатыныңөзгерісі, тікелей өт қышқылының  ұзаққа созылған тітіркендіргіш ықпалынан туады.

Асқазандағы шырышты қабаттың ішектік  метаплазиясы нақты ісік алды өзгерісіне жатады.

Асқазанның интестинальды (түйінді) рагының патогенезі

Асқазан шырышты қабатының өзгеруі, оның сөліндегі қышқылын кемітіп, РН-тың жоғарлауына себеп болады, яғни бұл жағдай асқазандағы  бактериялардың көбейуіне әкеледі. Осылай өзгерген ортада, тағаммен бірге түскен канцерогендік заттар мен  нитрозаминдер өздерінің зиянды әрекеттерін күшейтеді.  Ал, асқазан сөлі кемісе, онда оның шырышты қабатын  зиянды әрекеттерден қорғау қиындалады да, алдымен ісік алды аурулар пайда болып,  интестинальды ракқа қолайлы жағдай туады,


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: