Тік ішек рагын химиотерапиямен емдеу жолдары 2 страница

Сонымен, созылмалы описторхоз ауруы өт жолынан шыққан бауыр рагының алдын-ала кездесетін ісік алды ауруы болып саналады. Бірақта,  қазіргі таңда, бауыр рагының бұл түрінде құрттардың патогенездік рөлі әлі толық зерттелінбеген. Алайда, өт жолдарынан өнген бауыр рагында екіншілік  өт қышқылдарына ерекше канцерогендік мән беріледі. Екіншілік өт қышқылдары бактериялардың, гельминттердің әсерінен пайда болады. Созылмалы описторхоз ауруында анаэробты микробтар, бактериялар қосарланып өмір сүреді, солардың бірігіп әсер етуінен, бауырдағы өт жолдарында екіншілік өт қышқылдары біріншілік өт қышқылынан  пайда болады. Ал екіншілік өт қышқылдары өт жолдарының шырышты қабатын  ішектің шырышты қабатына ұқсатып, айналдырады. Тәжірибеде описторхозы бар өт, канцерогендік іс-әрекет жасайды. Бұл әрекетте гельминтке ерекше орын беріледі. Гельминтте сорғыш мұрт бар, ол сол арқылы өт жолдарында оның қабырғасына жабысып, сорады, сөйтіп неше түрлі артық өсінділер (ісіктер) туғызады. Бұларға қосымша, құрт өт жолын бітеп, өттің тұрып қалуына, яғни пайда болған екіншілік өт қышқылдарының зиянды әрекеттерін одан әрі созуға мүмкіншілік жасайды.

Бауыр рагынан сақтандыру шаралары

Жапонияда, Тайванда, Оңтүстік Африкада жаңа туылған балаларға вакцинация жасаудың (гепатит В) пайдасы тиюде. Бұдан басқа иимуноглобулин енгізу арқылы В-гепатитіне иммунитетті жоғарлатуға болады, мұның да жағымды әсері бар. Әрине, бұдан басқа да жолдарды ескерген жөн, эндемиялық жерлерде, дәнді дақылдарды дұрыс сақтай білу және арақ ішумен пәрменді күресті жатқызуға болады.

Шикі балықтарды жеу - өте қауіпті екенін ұмытпаған жөн. Бұған қоса описторхоз жұқпасын  емдеудің де шешіші рөлі бар.

Бауыр рагының клиникалық белгілері

Бауыр рагында сегіз клиникалық белгілер болады:

· бауыр көлемінің  ұлғайуы,

· ауырсынуру сезімі,

· арықтауы,

· тәбеттің төмендеуі,

· әлсіздік,

· дене қызуының көтерілуі,

·  ішке судың жиналуы (шемен),

· терінің сарғайуы.

Аурудың ең алғашқы шағымы – ауырсыну сезімнің болуы, Осы белгі ауруды дәрігерге әкеледі. Ауырсыну сезімі тұрақты түрде, тиянақты, бір қалыпта үнемі білініп тұрады. Ол оң жақ бүйірде, қабырға доғасының астында кездеседі. Ауырсыну сезімі тағамға байланыссыз келеді, көбінде, түнге қарай күшейеді және біртіндеп ұлғаяды, себебі ісіктің көлемі өседі, ол бауыр қабығын (Глиссон) кеңейтіп, созады, бауырды сығады. Кейде ауырсыну сезімі табан астында болып, ал кейде мүлдем болмайды да.

Тамаққа тәбеттің төмендеуі, дене салмағының түсуі, әлсіздікбауыр рагының негізгі белгілері. Бұлар біртіндеп үдей түседі; алғашқыда оларға ауру адам көңіл бөлмейді, бірақ бертін келе бұған көңіл бөлуге мәжбүр болады.

Жүрек айну, құсу 15-20 %ауруларда кездеседі. Сирек кездерде іш кебу, ентігу, бас ауруы, үлкен дәреттің бұзылыстары, іште «ыңғайсыздық» тууы мүмкін.

Объективті белгілеріне бауырдың ұлғайуы жатады.  Бауыр рагында бауырдың шекарасы өзгереді, оның шеті теп-тегіс келмей, көлемі біркелкі өседі – мұны гепатомегалия дейді, ол жамбас қуысына дейін жетіп,  қолға қатты болып сезіледі. Кейде ісік түйіндері қолға анық сезіледі және олар ауырсынады. Ісік түйіннің өсу жылдамдығы – дерттің негізгі белгісі, бұл кезде  Курлов өлшемдері 2-3 есе өсіп кетеді.

Дене қызуы көптеген ауруларда білінеді, әсіресе, бұл белгі описторхозы бар ауруларда жиі болады. Егер осы аурулардан дене қызуы көтерілсе, онда адамға міндетті түрде ультрадыбыстық тексеру қажет.

Іш қуысының  ұлғаюы шемендікке апарады. Бұл белгі аурулардың жартысында анықталынады. Ол – ісік клеткаларының іш пердеге жайылып  өсуін, асқындауын көрсетеді, немесе белок алмасу үрдісінің нашарлағанын, қақпа тамырларының қысылғанын, сығылғанын білдіретін белгі. Кейде бұл белгі ісіктің  алғашқы даму кезеңдерінде де кездесуі ықтимал. Іштегі жиналған су сарғыш түсті, көбікті келеді, ал кейде қан аралас болады. Судың көлемі 15-20 литрге шейін жетеді.

Аурулардың үштен бірінде терінің сарғайуы байқалады. Ол өт жолдарының қысылғанын көрсететін белгі. Кейде сарғайу цирроздың да әсерінен болады. Бұл белгі ісіктің алғашқы өсуінде, немесе асқынуында кездеседі. Терінің сарғайуында билирубиннің көлемі қанда өсіп кетеді, бірақ еш уақытта теріде қышыма пайда болмайды.

Спленомегалия – көк бауырдың ұлғаюы қақпа веналарының қысылуынан болады, циррозда да болуы ықтимал. Егер рак циррозсыз жүрсе, онда көк бауыр сирек жағдайда ұлғаяды.

Бауыр рагының клиникалық түрлері

Алғашқы кездерде, бауыр  ісігі ешқандай белгі бермейді, осылай жасырын жүру орташа есеппен екі жылға созылады.

Осылай жасырын жүрген мезгілдерде, аурудың хал-жағдайы өзгермейді, кішкене ғана бауыр көлемі ұлғаяды, бірақ бұл ешқандай шағым туғызбайды. Кездейсоқ жағдайда ультрадыбыспен тексеру арқылы, немесе лапароскопия және  лапаротомия жасалынған кездерде өзгерген бауыр анықталады. Кейде бауыр рагының диагнозы  Абелев-Татаринов реакциясы арқылы қойылады.

Ауруда мынадай клиникалық түрлер бар:

· гепатомегаликалық (бауыр және көкбауырдың ұлғайуы),

· сарғыштану,

· дене қызуының көтерілуі,

· іштік,

· іште су жиналу – шемендік,

· бөгелме ісіктік.

Гепатомегаликалық, яғни бауырдың, көкбауырдың ұлғайған түрі жиі кездеседі және ол аурулардың жартысында байқалады. Оның негізгі белгілері: бауырдың ауырсынып, үдей түсуі,  әлсіздік, тамаққа көңілдің жоқтығы, дене салмағының түсуі. Дене қызуы көп ауруларда кездесіп, дене қызуы қысқа мезгіл ішінде қайталанып, 37,2-37,4-тен аспайды, ішке су жиналу және сарғыштану кеш білінеді. Ең негізгісі – ол бауыр және көкбауыр көлемінің ұлғайуы; бауыр адыр-бұдырланып, тығыздығы қатаяды, төменгі бауыр шеті дөңгеленіп, ұшталады, қаттырақ келеді, ал  сипау кезінде сәл ауырсынады.

Дененің сарғайуы  ертерек пайда болып, ұлғая түседі.  Бұл бауырдың ұлғайуымен қатар жүреді. Билирубинге Ван-ден-Берг реакциясы тура болып, тез көрінеді де, билирубин жоғары көрсеткішке жетеді. Аурулардың шағымы: әлсіздік, ауырсыну сезімі, терісі қышып, сарғайуы. Бауыр ұлғайып, қатаяды, дене қызуы көтеріледі, іште еркін сұйық жинала бастайды.

Кейбір ауруларда тек дене қызуы байқалады, ол ауырсыну сезімімен қабат жүреді. Клиникалық ағым жұқпалы аурулар (сепсис) сияқты болады. Дене қызуы біркелкі жүрмейді – кейде жоғарлап (39-400), кейде субфебрильден (37,2-37,4) аспайды.

Бұдан басқа әлсіздік, тамаққа тәбеттің төмендігі сезіледі, бауыр ұлғайып, жалпы 30% жағдайда іште су жиналады (шемендік), ал  сарғайу  тұрақты қосарланады..

Шемендік түрі - тез арада науқастың іші өсіп, бауырдың көлемі қоса ұлғайады, бірақ, іште жиналған су болғандықтан оны анықтау қиынға соғады. Міндетті түрде әлсіздік, ауру сезімі, салмақ жоғалту, тамаққа көңіл шаппау кездеседі; бұларға дене қызуы, ентігу қосарланады. Кейде іштің көк тамырлары білеуленіп, ұлғайып кетеді.

Ісіктің іштік түрі - жедел хирургиялық ауруларға ұқсап, кенеттен іш ауырып, іш қатайа бастайды, іштің бұлшық еттері тартылып, іш перде тітіркенеді. Ауруларға «хирургиялық іш аурулары» деген диагноз қойылып, жедел медициналық көмек көрсетіледі, немесе консервативтік ем жүргізіледі. Біраздан кейін ауырсыну сезімі төмендейді де, клиникалық ағым гепатомегалия сияқты бауыр рагындай болады.

Бөгелме ісік түрінде - алғашқы клиникалық көрініс бөгелме ісіктердің орналасқан жеріне байланысты келеді. Өте жиі бөгелме ісік өкпеде, сүйектерде болғандықтан клиникалық белгілер де, сол мүшенің ауруына ұқсайды.  Бөгелме ісік екенін бауырдың ұлғайуы, оның шекарасының көмескіл келуі, ағзаның уыттануы, шемендік т.б. белгілері дәлелдейді.

Терминальды кез - аурудың ең соңғы мезгілдері, барлық белгілердің жиынтығын көрсетеді. Ол бірнеше күннен бастап, бірнеше апталарға созылады. Аурудың хал-ахуалы өте нашарлайды, ауру өз бетінше қозғала алмайды; ауырсыну сезімі күшейіп, сарғайу және бауыр көлемі ұлғаяды. Емнен еш нәтиже шықпайды.

Бауыр рагын басқа аурулардан ажырату

Гепатомегаликалық түрде, бауырдың тұтас зақымданғанын ажырату керек, оны созылмалы бауыр, цирроз сияқты ісік емес ауруларынан ажырату керек.  Қатерлі ісіктерде бауыр қатайады, ісініп, ұлғаяды. Бұл көрініс біркелкі болмайды, бауыр бетінің тегістігі жойылады, сипаған кезде ауырсыну сезімі туады және айтылған белгілердің барлығы біртіндеп күшейеді. Ал бауырдағы басқа ісіктердің бөгелме ісіктері кішкене түйінді келеді, олар бірнеше жерден шығып, мүшеге беткей орналасады. Бауырда жылауық (киста) болса, онда ол қолға жұмсақтау сезіліп, беті тегіс болып, баяу өседі, аурудың хал-ахуалы нашарлайды. Бауыр гемангиомасында (қатерсіз ісік) бауыр жыланкөзіне ұқсас болады, ағза аз уыттанады, ал  бауырдың  эхинококкоз ауруында оның тығыздығы жұмсақтау келеді де, аллергиялық реакция көбірек байқалады, ағымы баяу жүреді; қанда эозинофилия болып, ағзада эхинококк антигені көбейеді.

Сарғайу кезінде,  бауырдың басқа ауруының осындай түрлерінен ажырату керек. Біріншілік  ракта бауырдың қатайғанынан және үлкейгенінен, аурудың хал-жағдайының нашарлауынан сезеді.

Рактың шемендік  түрінде, басқа қатерлі ісіктердегі шемендіктен (асқазан, жыныс безі т.б. ішкі мүшелердегі) ажырата алу керек..

Бауыр рагынның диагностикасы

Бауыр рагында анамнез, физикальды тексеру, қанды жалпылама сараптау, иммунохимиялық реакция (альфафетопротеин), рентгенологиялық және ультрадыбыстық зерттеулер қажет болады.

Науқастың сыртартқысын жинау кезде, аурудың қалай дамығанын, ауырсыну сезімінің қалай өрбігенін аңғару керек. Бауыр рагында клиникалық белгілер бертіндеп дамып, үдейді, кетпей қояды, бұған қоса аурудың хал-жағдайы төмендей береді.

Науқастың бұрыңғы ауруларына, оның тұрған мекен-жайына байланысты описторхоздың қатынасын анықтау керек.  

Физикальды тексеру кезінде, көру, сипау, саусақпен тоқылдату бауырдың үлкейгенін, оның қаттылығын, сарғайудың мөлшерін, іштегі суды, ондағы басқа ісік түйіндерін анықтау қажет. Осылардан басқа, қауып-қатерлі топқа жататын адамдардғы белгілерді ажырату керек.

Олар:

· оң жақ қабырға доғасы астынан бауырдың ұлғайғаны, ауырсыну сезімінің бар болуы,

· бауырдың тез арада үлкейіп, бет-пішінінің тегіс еместігі,

· сарғайудың біртіндеп үдеуі мен бауыр ісігінің анықталуы,

· дене қызуының көтерілуі және бауырдың ұлғаюы, ол жерде ауырсыну  сезімінің орналасуы,

· созылмалы описторхоз ауруының болуы,

· цирроз ауруы және ауру адамның хал-жағдайының біртіндеп нашарлауы,

· вирус гепатиті (В және С) антигендерінің ағзада табылуы.

Қанды лаборториялық сараптаудан өткізгенде, ЭТЖ ұлғайғайып, лейкоцитоз анықталады, лимфоциттер саны кеміп, қан азаюы байқалады.

Биохимиялық тексеру қаннан альбуминнің кемігенін, бета гаммаглобулиндердің көбейгенін, сілтілі фосфатазаның белсенділігі артқанын аңғартады.

Рентгенмен тексеру кезінде ө кпедегі бөгелме ісікті  анықтайды. Кейде оң жақ көк еттің жоғары тұрғаны сезіледі. Іш қуысынан үлкейген бауырды, одан  асқазан, ұлтабар, тоқ ішек қысылып ығысқаны  көрінеді.

Қанды иммунохимиялық зерттеу әдісі тарихта Абелев-Татаринов реакциясын туғызды. Жалпы Абелев-Татаринов реакциясы 60-80% бауыр рагымен (гепатоцеллюлярлы) ауырғандарда оң болады және сонымен бірге бұл реакция аталық, аналық бездерінің қатерлі ісіктерінде (тератобластома), іш перде артындағы ісіктерде де анықталынады. Тіпті жүктілік кезде де,  басқа бауыр циррозымен аурғандарда да альфа-фетопротеин белогы өсіп кетеді.

Реакцияны қою өте оңай – тек 2-3 мл қан болса болғаны. Кейінгі кезде бұл белокты құрғатылған фильтрлі қағазға қан тамызып, содан да белокты анықтап жатады.

Ультрадыбыстық тексеру – құнды тәсіл. Ультрадыбыс арқылы 1,0 см-ге шейін ісік түйіндерін анықтауға болады. Бұл әдіспен бауырдан біркелкі емес көлеңкелерді, ал өт жолынан шыққан ісіктерден бауыр ішіндегі өт өзектерінің  кеңейіп,, қисайғанының анықталуы мұмкін.

Ультрадыбысты тексеруді ем үшін де қолданады, оның бақылауымен ісік түйініне пункция жасап, дәрілерді (спиртті) енгізеді.

Лапаротомия кезінде де, бауырды осы әдіспен тексеруге де болады.

Компьютерлік томографияның диагностикалық нәтижесі өте жоғары. Қазіргі спираль тәрізді компьютерлік томографтар бауырды неше түрлі бағытта зерттеп, әртүрлі тереңдікте ісіктің орналасқанын анықтай алады. Егер тамыр арқылы контрасты заттарды енгізсе, онда қан байланыстарының қандай дәрежеде дамығанын, олардың шынайы табиғатын дәл белгілейді. Бауыр рагында томограммада неше түрлі көлеңкелер анықталынады, олардың нақты көлемі, шекарасы айқындалады, ал өт жолынан шыққан ісіктерде ісік түйіндері біркелкі келіп, өт жолдарының кеңейгенін көрсетеді.  

Магнитті-резонансты томограф бауыр ісігін  анықтауда сирек қолданады, себебі тыныс алған кезде ол қозғалып кетеді.

Изотоптарды қолдану кезінде, ағзаға енгізілген изотоптар бауырға түсіп, олар Куппер клеткаларында жиналады.

Бауыр клеткасы ісікпен, гельминтпен, бактериямен т.б. зақымданса,, онда ол жерде, изотоп сіңбей қалады да, «толысу кемістігі» пайда болады. Оның көлемі ісіктің  көлеміне сәйкес келеді, бірақ табиғаты белгісіз болып келеді.

Ангиография арқылы бауыр артериясының және қақпа көк қан тамыр өзгерістерін, суда еритін контрасты затпен, немесе ұсақ майлы химиялық ертінділермен, сұйықтармен тамырға енгізу арқылы орындалады.

Селективті ангиографияда, бауыр артериясына контрасты заттарды катетер арқылы енгізу жолымен зерттелінеді. Ал  портогепатография жасағанда, кіндік көк тамырды сүмбі мен кеңейтіліпп, катетер қойылады. Катетердің ұшынан қан көрінсе, онда ол қақпа көк тамырына  жеткенді көрсетеді. Катетерді теріге бекітіп, оған контрасты заттарды енгізіп, рентгенге түсіреді. Бауыр рагында тамырлар кеңейіп, немесе тарылып, үзіліп қалады; ісік түйінінің айналасында қосымша тамыр байланыстары  көп орнығады.

Селективті ангиография мен  гепатопортография арқылы ісіктің 1-2 см көлеміндегі ісіктерді анықтауға болады. Бұл екі тәсілдер диагностика мақсатымен және емдеу шараларында да қолданады.

Ісікке пункция жасау мен орындау ережесі өте оңай және нәтижелі келеді, егер ультрадыбыс және лапароскоп аспаптары қадағалау мақсатында қосарланып жүргізілсе. Кейде инемен тек сығынды сорып алынбай, ет кесіп те алуға болады (трепан-биопсия). Бауыр рагында бұл әдіспен 60-80% жағдайда диагноз дәл қойылады.

Лапароскопия қосымша әдіс, оны  жалпы жансыздандыру арқылы орындайды. Алдын-ала іш қуысына ауа, не азот қышқылын (3000-6000мл), іш терісін инемен тесу арқылы жүргізіледі. Тесетін орын кіндікпен жамбас сүйегінің ортасынан, оң жақ бүйірдің 1/3-інде орналасады. Іштің ортаңғы ақ сызығынан, кіндіктен 2,0 см жоғарырақ, немесе төменірек тері кесіліп, іш қуысы троакар арқылы тесіледі. Троакардың ішкі өзекті сүмбісі шығарылып, оған оптикалық түтік енгізіледі де, сол арқылы іш қуысындағы  бауырдың асты, үсті, өт қабы және т.б. мүшелерді көріп,  бауырға көзбен бақылау арқылы пункция жасалынады, сараптау үшін материал алынады.

Лапароскопиялық көрініс ісіктің анатомиялық түріне, көлеміне байланысты келеді. Ісік жеке түйінді түрінде болғанда ол ақшыл-сарғыштау болып, бауырдан сәл 1см-ден 5 см-ге шейін шығып тұрады.  Ісіктің ортасы бөгелме ісіктей емес, ішке қарай кірмейді.  Ісік түйіні үлкен болса, немесе жаппай бауырды зақымдаса,  немесе оның ішінен пайда болса, онда оның көлеміне байланысты көріністер де өзгереді.  Кейде ісік түйінінің айналасында бірнеше көлемдегі осындай түйіндер болады. Бауыр ішіндегі кішкене ісіктерде және ол бауырдың жоғарғы, артқы жағында орналасса, онда оларды көру қиынға соғады. Осындай жағдайлар іш қуысында  бір-бірімен жабысып қалған үрдістерде, лапароскопияны жасауға мүмкіншілік болмайды.

Скрининг бауыр рагында үш тәсілмен орындалады:

1. ультрадыбыс арқылы зерттеу,

2. иммунохимиялық реакция (альфа-фетопротеинді) анықтау,

3. В және С гепатиттерінің антигендерін іздеу,

Скрининг негізінде,  қауіп-қатерлі топтарға жататын адамдар арасында жүргізіледі.

Қауіп-қатерлі топтарға жататындар:

· С, В гепатитінің антигендеріне қарсы антителасы бар адамдар,

· бауыр циррозы барлар,

· созылмалы описторхоз ауруы болса,

· созылмалы ішкілік ішкіштер – маскүнемдер.

Қауіп-қатер топтарын сұрақтама арқылы 50 жастан асқандардан іздейді. Қауіп-қатерлі топтағы адамдарға міндетті түрде ультрадыбыстық тексеру мен Абелев-Татаринов реакциясын жасау керек.

Бауыр рагынның емдеу әдістері

Көп уақытқа дейін бауыр рагы жазылмайтын ауру болып саналды. Тек кейінгі 10-15 жылдарда мәселе түбірімен өзгеріп, жаңа хирургиялық және дәрі-дәрмектік емдеу әдістері жетілдіріле бастады.

Хирургиялық емнің, өте нәтижелі келетін операция  «анатомиялық резекциясы », ол радикалды болып саналады.

«Анатомиялық резекция» - деп, бір немесе бірнеше бауыр бөліктерін сылуды айтады. Сылу кезінде қан айналымының ерекшеліктері және сегмент құрылыстары еске алынады. Операцияны асқынған циррозда, немесе науқас  өте нашар болғанда жасамайды.

Кейінгі кездерде, науқасқа басқа бауырдыкөшіріп отырғызу қолданыс тауып, ол жас адамдар мен ауруы асқынбағандарда жүргізілуде. Операциядан  кейін науқастың бір жылға дейін өмір сүруі 50-75%, ал 3 жылдығы -  55-60%-дай болады.

Тері арқылы бауырдағы артерия қуысын бөгеп бітеу (эмболизация). Ісікті қоректендіретін бауыр артериясын тауып, оған майда ұнтақталған химиялық зат жіберіп, ісікті қоректендірмей қолдан өліеттендіру. Операцияның ұзақтылығы 15-30 минуттай, оның шипалық нәтижесі енгізетін заттың майдалығына, тұрақтылығына тығыз байланысты. Көбінесе липиодол, крахмал, көбіктенетін майда ұнтақ, ұсақталған металдың талқандары, т.б. қолданады. Қалыпты бауыр тіні аз зақымданады, себебі олар қақпа қан тамырларынан қорек алады. Кейінгі кезде артерия тамырларына химиопрепараттар енгізіліп жүр (аймақтық артерия қуысына дәрілерді беру). Әрине, мұндайда химиялық дәрілердің мөлшері 10 есе ұлғаяды және ол жеңіл көтеріледі.

Жалпы бұл емдеу әдісі паллиативтік көмек береді, ауру мүлдем жазылып кетпейді. Сондықтан көрсетілген ем анатомиялық резекция жасауға болмайтын кездерде қолдануы мүмкін. Әдістен кейін ауруда жағдай жақсара бастайды, бірақ бұл көпке бармайды. Әдісті гипертермиямен, радио-изотоппен қосарландырып  қолдануға да болады.

Ісікке спирт (1,0-4,0 мл 960) енгізу, ультрадыбыспен қадағалау арқылы жүргізіледі. Ісік ұлпасы өліеттеніп, оның көлемі кішірейеді, кейде, кетіп те қалады.

Әдіс өте оңай, арнайы аспапты қаламайды; тек ісіктің мөлшері кем болған сайын және бөгелме ісік жоқ болса – нәтижесі жақсы болады.

Сәуле әдісі  қолданбайды, себебі ісік клеткалары  сәуле шоқтарына өте төзімді келеді, әрі сау бауыр клеткалары сәуленің көп мөлшерін көтере алмайды (30 Гр). Бірақ сәуленің бұл көлеміне ісік ешқандай жауап бермейді.

Химиотерапия (доксорубицин, 5-фторурацил, митомицин-С) орташа есеппен 15% жағдайда паллиативтік нәтиже береді. Егер дәрілердің бірнешеуін қоспалы берсе, онда нәтиже 20%-ға жетуі ықтимал (5-фторурацил+ доксорубцин, немесе цистпладин+вепезид). Нәтиже төмен болғаннан кейін оларды артерия тамыры арқылы енгізеді, бірақ бұлай болғанда да нәтиже түпкілікті болмайды.

Басқа емдеу әдістері:  Ультрадыбыс арқылы ісікті ыдыратып, оны сорып алу, ісіктің көлемі 2 см-ден аспағанда орындалады.  Ісікті интерферронмен емдеуге де болады.

 Емдеу әдістерінің ішіндегі шипалы деген, радикалды хирургиялық әдістің өзі 10-20-дан 70%-ға шейін жақсы көрсеткіш берген. Пісіп- жетілуі жоғары болған жайылма клеткалы  ісіктерде, оның  көлемі 2 см-ден аспаса да, 45-70% аурулардың өмірі бес жылдан артық аспайды.

Диспансерлік бақылау жалпы ережеге сәйкес жүргізіледі. Осы уақытта ультрадыбысты және иммунохимиялық реакцияны қолдану керек.

Дәріс қорытындысы:

1. Бауырда өте жиі бөгелме ісіктер болып тұрады; олар ішкі мүшелердегі ісіктерден өрбиді.

2. Біріншілік бауыр рагы, бөгелме ісіктерге  қарағанда 10-12 есе сирек кездеседі. Қатерлі ісіктер ішінде жер шары бойынша жиілігі жөнінен 5 орынды алады.

3. Ресейде бауыр рагы сирек кезеседі, оның жиі кездесетін жері Саха Республикасы мен Обь-Ертіс аймағындағы Төмен облысы.

4. Қазақстанда бауыр рагы (3,1%) жиілігі жөнінен 11- орында, ал еркектер (3,9%) 8- орында, әйелдер (2,4%) 14- орында тұр.

5. Еркектер 1,5 есеге жуық жиі ауырады және жас өскен сайын ол көбейе түседі.

6. Қазақстанда ең жоғарғы аурушаңдық көрсеткіші – Батыс-Қазақстан (10,9%ооо),  Қызылорда (10,6%ооо), Шығыс-Қазақстан (6,8%ооо), Қарағанды (6,1%ооо), Ақтөбе (6,0%ооо) облыстарында және Алматы қаласында (6,4%ооо) тіркелген.

7.  Рак бауыр гепатоциттерден (гепатоцеллюлярлы) және өт жолдарындағы шырышты қабатынан (холангиоцеллюлярлы) пайда болады

8. Гепатоцеллюлярлы ракты В-гепатит вирусы қоздырады. Оның қауіп-қатері 150-200 есе жоғары. Бұдан басқа тағамның афлотоксинмен залалдануы және арақ көп ішкенде ісікке қолайлы жағдай туады.

9. Холангиоцеллюлярлы ракта созылмалы құрт ауруының(Описторхоз фелинеус) рөлі басымырақ. 

10. Екіншілік өт қышқылы жоғарыда көрсетілген құрттың салдарынан канцерогендік қасиетке тап болады


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: