Тік ішек рагын химиотерапиямен емдеу жолдары 3 страница

11. Ресейде бұл құрт Обь-Ертіс өзенінің бойындағы Төмен облысында жиі кездеседі.

12. Бауыр рагында жалпы қауіп-қатерлі топтарына: гепатит В және С вирустары бар, алкогольды цирроз ауруы мен, описторхозы барлар және маскүнемдер жатады.

13. Біріншілік сақтандыру шараларына эндемиялық аймақтардағы иммунизация әдісі, тағамдарды дұрыс сақтау, алкоголизммен күрес, описторхозды жойу жолдары жатады.

14. Бауыр рагы түйінді, жайылмалы болып келеді.

15. Клиникалық тұрғыда:  бауырлы, сары ауруға ұқсас, ішті, дене қызуы жоғарлайтын,  іш қуысына сары су жиналған, бөгелмелі ісік түрлері кездеседі.

16. Диагностикалық тәсілдерге жататындар: иммунохимиялық әдіс, өкпені рентгенге түсіру, компьютерлік томография және ультрадыбыс жолымен тексеру,

17. Скрининг ретінде ультрадыбысты зерттеуді айтуға болады

18. Альфафетопротеин белогы тек бауыр рагында ғана оң болмайды, ол аталық, аналық бездердің және іш перденің артындағы қатерлі ісіктерде де табылады.

19. Компьютерлік томографияның диагностикалық мүмкіншілігі өте жоғары келеді, сондықтан ол бауыр ауруында ең негізгі тәсілдің бірі.

20. Ісік түйінін инемен тесіп, одан сығынды алу, ол ультрадыбыстың қадағалауымен орындалса, құнды келеді.

21. Біріншілік бауыр рагының емдік нәтижелері өте төмен, радикальды емге операция жатады, ол «анатомиялық резекция» деп аталынады.

22. Ісік шағын болып  келгенде тері арқылы бауыр артериясын эмболизация жасауға болады, немесе оған спирт енгізеді; түйінді ультрадыбыс арқылы ыдыратады.

23. Сәуле әдісі ісіктің бұл түрінде нәтижесіз, себебі ісік клеткалары сәулеге сезімтал емес – төзімді келеді.

24. Химиотерапия аурулардың 15-20%-де ғана уақытша әсер береді, бірақ бұл көпке созылмайды

25. Клиникалық практикада сирек жағдайда интерферонның жағымды әсері байқалған.

26. Емдеу әдістерінің ішіндегі шипалысы, радикалды хирургиялық әдістің өзі 10-20-дан 70%-ға шейін жақсы көрсеткіш береді. Пісіп- жетілуі жоғары болған жайылма клеткалы  ісіктерде, оның  көлемі 2см-ден аспаса да, 45-70% аурулардың өмірі бес жылдан артық аспайды.

№19- дәріс

Ұйқы без рагы

Кіріспе. Ұйқы без іш перденің артында,  оның денесі 1-3 бел омыртқасының алдында, ал құйыршығы  көк бауырға жақын, көлденең орналасқан, ұзындығы 12-ден 22см-ге дейін, ал ені 4см. Бездің алдында асқазан және тоқ ішектің көлденең бөлігі, артериялар мен көк қан тамырлары жүреді. Ісік, егер осы жерде жатса, онда ол көк бауырдың көк қан тамырын  қысып спленомегалияны туғызады.

Ұйқы безінің басын ұлтабар қоршап жатыр, онымен без жан-жағынан көптеген қантамырларымен байланыста. Бұл осы екі мүшені екі бөлек сылуға мүмкіншілік жасамайды.

Ісіктің клиникалық көріністері оның орналасқан жеріне тікелей байланысты. Жиі кездесетін ұйқы безінің басындағы ракта ең негізгі белгі механикалық сарғайу, бірақ ол аурудың ерте кезеңдерін көрсетпейді. Мұндай ауруларды вирусты гепатит-деп, жұқпалы ауруханаларда тесеріліп, емделгеннен  кейін, олар хирургиялық бөлімге түседі. Бұл кезде ісіктің асқынуына байланысты  операция қолданбайды. Сарғайудың салдарынан науқастың  бауырының қызметі  едәуір көлемде бұзылады. Міне, осыған байланысты дәрігер механикалық сарғайудан, қабыну кезіндегі сарғайуды жақсы ажырата білуі тиіс. Ол үшін ұйқы без-ұлтабар аймағындағы ісіктің, соның ішінде ұйқы безі рагының өсіп-даму ерекшеліктерін білуі шарт.

Ультрадыбыстық тексеру, компьютерлік томография ісікті анықтауға мүмкіншілік береді.

Ұйқы безі рагының емі тек хирургиялық жол, ал сәуле мен дәрі-дәрмектен ауру толық жазылмайды. Ауруы асқынғандарға, тек өт жолын қалпына келтіру үшін, бірнеше тәсілді паллиативті операциялар қолданады. Мұндай операциялар ауырсынуды басу үшін де, және ісік  ұйқы безінің құйрығы мен денесіндегі ракта да қолдануы мүмкін.

Ұйқы безінің к линикалық анатомиясы

Ұйқы безінің - басы, денесі және құйыршығы болады.  Баспен денесінің ортасында мойыны орналасқан.. Ол дәнекер  қабығымен қапталған, одан жіңішке талшықтар безді бөліктерге бөледі. Бөліктер шырышты тіннен және өзектерден тұрады. Шырышты тін сөл шығаратын клеткалардан құралып, тәулігіне 1200-2000 мл-дей сөл шығып, өзек арқылы ұлтабарға түседі. Сөлде бейорганикалық заттар, белоктар, ферменттер- трипсин, амилаза, липаза т.б. бар.

Ұйқы безінің басы, төрт ұйқы безі мен ұлтабар артериясынан, денесі мен құйыршығы  үлкен, төменгі және құйыршықты  ұйқы безінің артерияларынан қоректенеді. Көк қантамырлары  аттас артериялармен қосарланып жүреді.

Лимфа тамырлары және бездері, ұйқы безін жан-жағынан қоршап, олардың ең көбі басында, мүшенің үстіңгі жағында және құйыршығында орналасқан.

Ұйқы безі денесінің артында, күн тәрізді жүйке байламдары орналасқан, ал без ұлпасы бұларға өте бай. Сондықтан, осы жүйке талшықтарына жақын орналасқан ісік ошағы қатты ауырсыну сезімін туғызады. Ұйқы безінің денесінің  ішінде жалпы өт өзегінің дисталды бөлігі орналасқан. Ұйқы безнің сөлі жүретін жол мен жалпы өт жолы ұлтабарда фатеров емізігінде ашылады.

Жалпы өт жолы, ұйқы безінің денесіндегі  ісік ошағымен қысылып, өттің жүруіне кедергі жасап,  оның қысымын көтеріп,  механикалық сарғайуға  әкеледі. Ал ұйқы безінің өзегі (Вирсунгов жолы) қысылса, онда сөл ұлтабарға түспегендікктен, тамақ қорытылмай, креатория және стеатория дамиды. Креатория деп, астағы бұлшық ет талшықтарының қортылмай сол күйінде нәжісте  сақталуын, ал  стеатория  дегеніміз, нәжісте қорытылмай қалған май талшығын айтады. Бұл екеуі де ұйқы без ауруларына тән белгілер.

Жалпы өт жолының, ұйқы бездің  бас бөлігіндегі  ісікпен қысылуынан өт жүрмей, тұрып қалуына, сөйтіп оның бауыр ішіндегі және сыртқы өт жолдарында жиналуына әкеледі. Осының салдарынан өт қысымы көтеріледі-өт гипертензиясы дамып, дененің  сарғайуы білініп, өт құрамындағы билирубин қанға тікелей қайта  сіңеді.

Билирубиндегі  гем – деген зат,  гемоглобиннің құрамын қалыптастырады. Тәулігіне 300 мг билирубин шығады. Ол өте уытты келеді, суда ерімейді; альбумин белогымен бірігеді, басқалармен қосылмайды, сондықтан диазореактивпен тура емес реакцияны туғызады. Билирубиннің осындай ерекшелігіне байланысты, оны тура емес, қосылыста жоқ, бос жүрген билирубин деп атайды. Бауыр қызметі бұзылса, онда тура емес билирубин мөлшері қанда көбейіп, гемоглобиннің артық мөлшерде бұзылуынан - гемолитикалық сарғайу пайда болады.

Тура емес билирубин, қаннан бауыр клеткасына сіңіп, ол альбуминнен ажырап, таза күйінде, глюкурон қышқылымен қосылып, қойылған билирубинді құрайды, оны конъюгатты билирубин - деп атайды. Ол диазореактивпен анықталынып, тура реакциясын туғызады. Бұл кездегі билирубин уытты емес, ол суда еркін ериді, бүйрек сүзгішінен өтіп, зәрмен бірге шығады.

Тура билирубин өтпен бірге ұлтабарға түсіп, сол жерде ферменттердің әсерінен уробилиноген және стеркобилиноген қалыптасады да, нәжісті қоңыр түске айналдырып, сыртқа  шығады.

Жалпы өт жолы қысылса, онда билирубин ішекке түспей, бірден қанға сіңеді де, нәжіс ағарып, зәр қоңыр түске (сыра) айналып шығады.

 Сонымен билирубиннің тура емес реакциямен анықталынуы гемолитикалық сарғайуда болады,  ал тура реакциямен білінсе, онда ол жалпы өт жолы бітеліп, оның  ішекке түспегенін анықтап, сондағы  сарғайу нәжістің ағаруымен, зәрдің қоңыр түске бойалуымен білініп, билирубиннің  тура реакциясы анықталады.

Ұйқы без рагының  э пидемиологиясы

Ұйқы без рагы Шығыс- еуропа және Прибалтика елдерін де, жақын Шығысқа қарағанда жиі кездеседі. Ауру деңгейі жөнінен айырмашылығы шамалы ғана.

Қазақстанда ұйқы безі рагының меншікті үлесінің (3,1%) реттік саны, барлық қатерлі ісіктер ішінде, 2008 жылы 10- орынды алса, бүл көрсеткіш 2005 жылы 11- орында болған. Науқас адамдардың саны жыл сайын Қазақстанда төмендеуде. Бұл рактың түрі бойынша 2005 жылы 906 адам тіркелсе, 2008 жылы 882 адамға жеткен. Олардың  тең жартысы еркектер (505 және 493 науқас, көрсетілген жылдарға сәйкес) арасында тіркелсе, ал  әйелдерде  (401 бен 389 науқас, көрсетілген жылдарға сәйкес) еркектерге қарағанда сәл төмен болған.  

Жас өскен сайын аурудың жиілігі де өсуде. Мәселен, 70-тен асқандарда 40-49-ға қарағанда 9-10 есе жиі.

Өлім санына келетін болсақ, ол қатерлі ісіктерден өлгендердің 5-10% құрайды. Болжамдық көрсеткіші  ең төмен болып саналады.

Ісікті қоздыратын себептерге темекі тарту, қант диабеті, созылмалы панкреатит, өт қабының жоқтығы немесе оның аурулары, майлы тағамның артық мөлшерде түсуі жатады.

Темекі тарту ауруға ұшырау мүмкіншілігін екі есе артырады. Мәйіттерді зерттегенде темекі тартқандардың  ұйқы безінің сөл жүретін өзегіндегі клеткалардың өніп-өсу үрдісінің жылдамдатылғаны анықталған, сол себепті  еркектер ісікке жиі шалдығады деген болжам айтылған. Әрине, неғұрлым ұзақ уақыт шеккен темекі өзінің зиянды әсерін тигізуі мүмкін.

Тағамдану ережесінде, неғұрлым майлы тамақ қабылданғандарда ұйқы без рагы жиі кездессе, керісінше, көкөністі көп қолданғандарда - сирек байқалады.

Диабет – қант аурында, ұйқы без өзектерінде дисплазиялық  өзгерістер жиі байқалып, оларда  ұйқы без рагы 2-7 есе жиі анықталынады, ал ол қатерлі ісікте 15,0% жағдайда қосарланып жүреді. Кейде диабет, ісіктің алғашқы белгісі болуы мүмкін.

Созылмалы ұйқы безінің қабыну ауруы – панкреатит, қатерлі ісікке көп жағдайда тікелей әсерін тигізеді. Панкреатит кезінде ұйқы без өзектерінің тарылуы және осыған байланысты мүшедегі сөлдің тұрып қалуы ісік ауруына қолайлы жағдай туғызады..

Өт қабының аурулары, әсіресе ол сылынып тасталған жағдайларда) - өте қауіпті келеді. Себебі,  өттен екіншілік өт қышқылдары ұйқы безінің өзектеріне түссе, онда сол жерлерде рак клеткалары пайда болады деген болжам бар. Сонымен, ұйқы без рагының бас жағында жиі кездесетін ракты тек осы гипотезамен түсіндіруге болады.

Жыныс гормондарыныңрецепторлары ұйқы без рагында жиі анықталуына байланысты, бұл гормондардың шырышты қабатындағы безді клеткаларға канцерогендік ықпалы болуы мүмкін.

Генетикалық өзгерістер, молекулярлық деңгейде, ұйқы без рагында 90% аурулардан кейбір гендердің K-ras, P-53, P-16 өзгергені (мутация) байқалған, сонымен  онкогендері 70-80% ауруларда өзгерген.

Сақтану шаралары осы күнге шейін әлі жетілмеген. Егер шылым шегуді азайтса, майлы тағам кемісе, керісінше, көкөністер көбейсе және ұйқы безде қабыну аурулары аз болса, онда ісіктің  кемуі де мүмкін.

Ұйқы без рагының  п атологиялық анатомиясы

Ұйқы безінің 60-70% жағдайда, ісік оның  басқы  бөлігін, ал  20-30% - денесін және  5-10% - оның құйрығын, және де түгел бөлімдерін  – 2-5% зақымдайды..

Рактың өсу бағыты экзофитті және жайылмалы түрде болады. Ісік сирек жағдайда ыдырайды. Көбінесе ісік түйіні орташа есеппен 5-6 см-дей келіп, без өзектерін қысып, бітейді, осының салдарынан без сөлі жиналып, тұрып қалады – без ұлпасы ісінеді, немесе қабынады. Егер ісік жайылмалы түрде өссе, онда без түгелімен қатаяды, оның пішіні, шекарасы өзгереді.

Гистологиялық құрылысы бойынша, рак 80% жағдайда без өзектерінің шырышты қабатынан  өнеді, сирек жағдайда без бөліктерінен ісік тікелей пайда болады (20%). Морфологиялық құрылысы жөнінен ісіктер көбінесе безді рак болады, содан кейін жайылма клеткалы және анапластикалық  рак түрінде өседі. Без бөліктерінен өнген -  инсулинома мен гастринома деген ісіктер, гормондарды  шығарады, бұларда өзінше клиникалық белгілері  болады.

Ұйқы без рагының даму жолдары лимфа және қан тамырлары арқылы жүреді; өсу кезінде тікелей көрші сау ұлпаға, тінге ауысуып отырады. Бұл кезде көптеген жүйке талшықтары зақымданып, қатты ауырсыну сезімін күшейтеді, сондықтан науқас  мазасызданып,  күйзеледі.

Лимфа бездерінде бөгелме ісіктер ерте білінеді, олар ұйқы безінің айналасында орналасып, одан әрі белдегі және іш қуысындағы лимфа бездеріне таралады.

Алыста орналасқан мүшелердегі (бауыр, өкпе, сүйек)бөгелме ісіктер ұйқы безінің денесі мен құйрығындағы ракта жиі байқалады, ал бездің басындағы рак көбінесе бауырға таралады. Іш перде бөгелме ісікпен зақымдалса, іш қуысында сары не қанды сұйықтық жиналып, шемендік өалыптасады.

Ұйқы без рагының TNM жүйесі бойынша жіктелуінде оның  клиникалық тұрғыдан өсу сатысы қарастырылмаған.

 TNM бойынша ісіктің  бөлінуі:

· Т1 – ісік, көлемі 2 см-ге тең,немесе одан төмен,

· Т2 – ісік, 2 см-ден жоғары,

· Т3 – ісік, мүше қабынан сырт шыққан,

· Т4 – ісік, жоғары іш артериясының маңайына таралуы.

Операцияға дейін ультрадыбыстық және компьютерлік томографиялық  тексерулердің нәтижелері еске алынып, міндетті түрде диагноз цитологиялық, не  гистологиялық тұрғыдан дәлелденеді. Операция кезіндегі көзге, қолға анықталынатын бөгелме ісіктер сылынып, оның азында  10 шақты  лимфа бездері  - жан-жақты зерттелінеді.

Ұйқы без рагының   к линикалық белгілері

Клиникалық белгілер негізінде үш түрлі өзгерістер арқылы анықталынады:

1- Ұйқы безінің өзегінің  бітелуі, немесе қысылуы,

2- Ағзаның уыттануы,

3- Ауырсыну  сезімінің болуы.

 Ұйқы безінің айналасы, және өзі жүйке  талшықтарына өте бай, сондықтан олардың ісікпен зақымдануы, жанға батарлық қатты ауырсыну сезімін туғызады. Ұйқы бездегі ауырсыну сезімін, басқа  ауырсыну  сезімімен салыстыруға болмайды. Тіпті без ұлпасының қабынуы да, қатты  ауырсыну сезімін туғызады,  мұндай ауырсыну  сезімі басқа  мүшелерде болмайды

Ұйқы безі өзегінің  бітелуі, оған қоса жалпы өт жолының зақымдануы, өттің тұрып қалуына, оның ұлтабарға түспеуіне әкеледі. Осыдан барып дененің сарғайуы пайда болады. Бұл көрініс ұйқы бездің басындағы ісіктерде қалыптасады. Сарғайу мен қатар бауыр ұлғаяды, теріде қышыма пайда болады. Өт қабы үлкейіп, нәжіс ағарып, зәр коңыр түске боялады. Егер ісік ұлтабарға қарай өсіп, оны қысса, ішек қуысы тарылып, бітеледі де, асқазанда ас жиналады.

Жалпы ағза уыттанғанда дене салмағы төмендеп, жүдейді, тамаққа тәбеті шаппайды, жалпы әлсіздік орнығады. Бұл белгілер ұйқы безіндегі ракпен қоса ішектегі тағамның бұзылуымен, сіңбеуімен үдей түседі.

Сонымен ұ йқы без рагында үш негізгі белгілер пайда болады:

1- ауырсыну сезімі,

2- сарғайуы,

3- салмақ жоғалтуы.

Ауырсыну сезімі70-85% науқастарда кездеседі, ол дененің сарғайуынан бір екі ай алдында болады. Ол ісіктің  ең алғашқы белгісі болып саналады.

Ауырсыну  сезімі ұ йқы без ұлпасының қабынуынан, көбінесе ол жүйке талшықтарының қысылуынан және  сирек жағдайда - өт жолының бітелуінен де қалыптасады.

Ауырсыну сезімінің орналасқан жері ісіктің жатқан жеріне сәйкес келеді. Егер бездің басында ісік жатса, онда ауырсыну сезімі оң жақ қабырға астында, немесе іштің жоғарғы бөлігінде, ал ісік бездің денесінде және құйрығында орналасса, онда ауырсыну сезімі сол жақ қабырға астында білінеді. Кейде ауырсыну сезімі жауырынға, жауырын ортасына берілуі мүмкін. Панкреатиттің қосарлануы, немесе ісіктің Вирсунгов өзегінде орналасуы ауырсыну сезімнің белде, белдік сияқты болуы ықтимал және ол толғақ тәрізді  қайталанып отырады. Ауырсыну сезімі көбінесе майлы тағамнан кейін, кешке жақын адам арқасымен жатқан кезде білініп, ал  арақтан кейін үдей түседі. Ауырсыну сезімі адамды мәжбүрлі жағдайға әкеледі: ол еңкейіп, жастықпен іштің жоғары жағын басып, ұйқы безінің денесіндегі ракқа тән «S» тәрізді болып көрініс береді. Осындай жағдай  кезінде, іштің жоғары жағында қысым ұлғайуынан  «күн жүйке торлары» байланысының тітіркенуі бәсеңдеп, ауырсыну сезімі азда болса да басылады,

Дененің сарғайуы – ұйқы без рагының айқын белгісі,  ол 70-80% ауруда кездеседі. Сарғайу – алғашқы белгі емес, оның алдында ауырсыну сезімі пайда болып,  дене салмағы төмендеп кетеді.

Сарғайу  тек теріде емес, сонымен қатар шырышты қабатта да, көз алмасының айналасында байқалады. Ол механикалық қысылу әсерінен, жалпы өт жолын бітеп,  өт жүруі нашарлайды. Алғашқыда сарғайу ашық сары түсті болып, кейіннен қызғылттанады, содан соң билирубин тотығып биливердинге айналып, жасыл түсті болады. Сарғайу кезінде зәр мен нәжістің түсі өзгереді; кейде бұл өзгерістер  сарғайудың алдында болуы ықтимал. Нәжіс ағарып, зәр қоңыр түске («сыра түсті») өзгереді.

Терінің қышынуы, өт қышқылының көбейіп, тері рецепторларын тітіркендірумен түсіндіріледі. Жалпы бұл белгі көптеген ауруларда кездеседі. Бұл белгі сарғайудың алдында, одан соң көрінуі мүмкін, әрине тері қышынуы соншалықты оны ешнәрсемен кетіруге және төмендетуге болмайды, осының салдарынан науқас  қатты мазаланады, ұйқысыз, әлсірейді, жүйке  жүйесі күйзеледі. Қасынған жерден қан шығып, тері жараланады.

Дене салмағының төмендеуі жиі кездесетін белгі. Ол ішектен асқорыту үрдісінің бұзылуынан және бұған қосымша, ағзаның уыттануынан болады. Науқастың азуы, кейде ауырсыну сезім мен дененің  сарғайуына дейін байқалады да, ол 1-2 айдың ішінде, 20 кг-ға дейін салмақ жоғалтып, тез арықтайды.

Тамаққа тәбеттің нашарлауы, аурулардың жартысында тіркеледі, олар көбінесе майлы тағамдарға, етке көңілң шаппайды,  кейде іш кеуіп, жүрек айнып, лоқсиды, құсық та болуы мүмкін, бірақ онда өт қышқылдары болмайды. Жиі-жиі іш тоқтап, артынан өтуі мүмкін.

Нәжіс едәуір көп және сасық иісті келеді, онда май қалдықтары көп болғандықтан нәжіс сұйық және бор тәрізді болып келеді.

  Зәр сыраға ұқсасқоңыр қойу түсті болады.   Кейде ісік мүшенің денесінде және құйрығында  орналасса, дене қызуы көтеріліп, ол көбінесе 37,2-37,40аймағында болады..

Қанның тез ұйып, қан тамырларының бітелуі (тромбоз), рак ұйқы безінің басында орналасқан да жиі кездеседі. Оның себебі, ұйқы безі тромбоцитозин деген ферментті өндіреді екен, соның тікелей әсерінен қан жедел ұйып қалады да, ұйыған қан түйіршігі қан ағымымен миға, өкпеге т.б. мүшелерге тромбоз беріп, өлімге әкеледі.

Ұйқы без рагының белгісі, ісіктің орналасуына байланысты болады.

Ұйқы безінің бас бөлігіндегі ракта, дененің сарғайуына дейінгі, және одан кейінгі кездесетін клиникалық белгілердеп екіге бөлінеді.

 Бірінші дененің сарғайуына дейінгі  кезде, науқас адамдар ауырсыну сезіміне, дене салмағының төмендеуіне, жүрек айнып, лоқсуына, үлкен дәреттің бұзылуына, әлсіздікке, жұмысқа қабілеттің төмендеуіне, тері қышынуына шағымданады. Бұл уақыт 3-6 айға созылады.

Дененің сарғайу кезеңі осы бірінші белгілердің пайда болуынан кейін басталады. Ол тұрақты және ылғи үдей түседі. Бұл кезде тері қышынуы көбейеді, нәжіс ағарып, зәр сыраға ұқсас түске айналады. Бауыр ұлғайып, өт қабы кеңейеді. Қабырға асты ауырсынып, дене салмағы күрт түсіп, іш ұлғая бастайды, онда сұйықтық жиналып, шемендік қалыптасады. Алдымен бауыр, одан кейін бүйрек қызметтері нашарлап, олардың  жеткіліксіздігі пайда болады.

Ұйқы бездің денесі мен құйрық бөлігіндегі ісікте, дененің сарғайуы болмайды, ол тек ісік  өсіп, өт жолдарын қысқан кезде байқалады.

Бұларға тән белгілер:

· іштің жоғары жағында, немесе белде ауырсыну  сезімі толғақ тәрізді қайталанып тұруы,

· дене салмағы тез арада төмендеп, жүдеп, арықтауы,

· көк қантамырларда тромбоздың пайда болуы,

· іштің төс асты  жағы қатайып, бірақ ісік түйіні анықталынбайды.

Ұйқы без рагының  д иагностикасы

Клиникалық жағдайда, ұйқы без рагына күдік туса, онда ең алдымен мына тексерулерді  ұйымдастыру керек:

· сарғайу белгісі болғанда, онда анамнез, физикальды тексеру, қанға биохимиялық талдау, зәр мен нәжістегі өт пигменттерін анықтау, қосымша УДЗ, дуоденография және  гастродуоденоскопия жасау керек,

· сарғайу белгісі жоқ кезде, асқазанды рентгенмен тексеру қажет.

Сыртартқыны жинау кезінде,дененің сарғайуы қай уақытта пайда болды, қалай дамыды, тері қышуының жүрісі, салмақ жоғалту, тамаққа тәбеттің төмендеуі неден басталды, олардың жүрісі. Зәр мен  нәжістің  өзгеруін, бұрын дене сарғайдыма? оның гепатит ауруымен байланыстылығын, оларға қоса, науқасқа бұрын қан құйылды ма, қантамыры арқылы дәрілер енгізілді ме? деген сұрақтарға жауап алыну тиіс. Денесінде сарғайу белгісі жоқ, ал ауырсыну сезімі болса, оның ұзақтылығы, даму механизміне ерекше көңіл бөлінеді.

Денесінде сарғайу белгісі бар  кезде, мына белгілер үйқы безінің ісік ауруына күдік туғызады.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: