Тік ішек рагын химиотерапиямен емдеу жолдары 5 страница

Ісік сүйек қабығына көшсе, онда 30%-ға жуық науқастарда ауырсыну  сезімі байқалып, бірақ түнге қарай ауырсыну  сезімі күшеймейді және оның  жалпы жағдайы өзгермейді. Сирек жағдайда дене қызуы көтеріліп, қанда лейкоцитоздың көрінісі болуы мүмкін.

Жұмсақ тін саркомасының д иагностикасы

Жұмсақ тіндерде түйін болып, ісік байқалса,онда мына тәсілдерді қолдану керек:

· сыртартқыны толық жинау,

· физикалды тексерулерді жүргізу,

· рентгенге түсіру,

· ультрадыбыстық зерттеу,

· пункция немесе биопсия жасау.

Сыртартқыны жинағанда, жалпы ережені  қолдану керек, бірақ ісіктің даму тарихына ерекше көңіл бөлінуі қажет. Адам жарақат алса, онда одан кейінгі уақыттағы өзгерістерге, ісіктің өсу белгісіне көңіл аудару керек. Жұмсақ тін саркомасында түйін біртіндеп өсіп, оның  өсу, немесе өспейтін кезеңдері алмасып отырады. Ісік өспейтін кезде аурудың хал-жағдайы аз өзгереді.

Физикальды тексеру кезінде, түйіннің көлеміне, қозғалысына, пішініне, терідегі өзгерістерге, ісіктің тығыздығына және  шекарасының дәл анықталынғанына ерекше мән беріп, анықталуы керек. Сонымен бірге жұмсақ тіндер саркомасының қауіп-қатерлі белгілерін білген жөн.

Олар:

· ісік түйінінің білініп, біртіндеп өсуі,

· түйін көлемінің 5-7см-ден артық болуы,

· ісік түйінінің тереңде орналасуы,

· ісік қозғалысының шектелуі,

· жарақаттан кейін пайда болуы.

Жұмсақ тін саркомасын басқа аурулардан ажырата білу керек, ол ұшін  

әуелі   қатерсіз ісіктерден, содан соң жарақаттан кейінгіөзгерістерден және   қабыну үрдістерінен.

Қатерсіз ісіктерден, саркоманың айырмашылығы оның дамылсыз өсуіп, қозғалысының шектелуінді. Қатерсіз ісіктер санда, бөкседе және жауырын аймағында өте сирек кездеседі. Ісік түйінінің тығыздығы, шекарасы және  көлемі шешуші рөл атқармайды, бірақ, басқа белгілермен бірігіп келгенде, оған  көңіл бөлген жөн. Нейрофиброма мен ангиосаркомада ісік түйіні  әртүрлі тығыздықта болып келеді. Осы белгілер ісіктің көлеміне сәйкес өзгеріп келсе және қозғалмайтын болса онда бірінші жағдайда қатерлі ісікке күдік туады. Кейде ісіктің терең, беткей орналасатындығына да мән беру керек. Жұмсақ тіндердің  терең қабатынан  шығып, ол аз қозғалса онда ол қауіпті келеді.

Жарақаттан кейінгі пайда болған ісіктерде, оның көлемі тітіркенуден кейін өсе түсуі өте қауіпті белгілер.

Созылмалы қабыну үрдістеріндегі пайда болған түйіндерде, ісіктің  жедел басталуына және оның біресе басылып, біресе ұлғайуына көңіл бөлу қателікті аз жіберуге мүмкіншілік туғызады.

Жұмсақ тін саркомасын анықтау кезінде, арнайы диагностикалык тексеруге - рентген жатады.Рентген суретінде жұмсақ тіндердің көлемі өзгереді, ал ісік сүйекке көшсе, онда оның ыдырауы, немесе артық сүйек ұлпаларының  өсуі байқалады. Өкпені рентгенге түсіріп, көргенде онда бөгелме ісіктердің бар-жоғы анықталады.

Ультрадыбыстық зерттеуісіктің көлемін, орналасқан жерін, басқа ұлпалардың зақымдануын, қан тамырлармен жүйке  талшықтарының өзгерулерін  анықтап береді, бірақ оның қатерлі, қатерсіз екенін толық ажырата алмайды. Жұмсақ тіндегі  ісік  қайтадан қозса, онда осы әдіс арқылы анықтауға болады.

Компьютерлік томография ісіктің өсу дәрежесін, табиғатын дәл анықтауға едәуір көмек береді.  

Магнитті резонансты томография,ісіктің қалыңдығын, тереңдігін, айналасындағы тіндердің өзгерісін, әсіресе, қан тамырларының кескінін, ісіктің  сыртқы қабығын, дәл суреттеп береді.

Ангиографияда,жұмсақ тіндегі ісіктің  қан тамырларының  өзгеруін анықтауға болады. Қазіргі таңда бұл тәсіл сирек қолданады, тек ірі қан тамырлары зақымдалғанда, сонда оны анықтау мақсатында қолданылады.

Цитологиялық және гистологиялықзерттеу әдістері ісіктің табиғатын нақты ашып беретіндіктен міндетті түрде түрде қолданады.

Пункция жасауекі түрлі жолмен: жіңішке ине арқылы, немесе жуан ине арқылы орындалады. Пункция жасағанда, ісіктің ең қатты жеріне жасалуы керек.

Биопсия - ет кесіп алу, арнайы аспап арқылы (конхотом, трепан т.б), немесе пышақ арқылы жүргізіледі. Көрініп тұрған және беткей орналасқан ісіктердеашық, ал  терең орналасқан ісіктерде, ауруханалық жағдайда,жабық биопсия жүргізіледі. Жабық түрдегі орындалатын биопсия кезінде,  алдын ала аяқ пен қолға бұғау салынады.

Жұмсақ тін саркомасының е мдеу әдістері

Кейінгі 10 жыл ішінде операцияға қосымша сәуле және химиотерапия әдістері кеңінен қолдана бастады.

Операция – негізгі ем, оның көлемі ісіктің өсу сатысына және орналасқан жеріне тікелей байланысты болады.

Стандартты операцияға кең көлемдегі хирургиялық іс-әрекет жатады. Ісік қантамырға, жүйке талшықтарына, сүйекке көшсе және оның көлемі ұлғайып асқынса: қан кету, іріп-шіру, айналасындағы тіндер бұзылып,, тұрақты ауырсыну  сезімі болса, онда мүше сақталатын операцияны  қолдануға болмайды. Мұндайда, аяқ, қол мүшелері түгелімен буын деңгейінде сылынады.

Сәуле әдісі операцияға қосымша көмек ретінде, ол операциядан кейін, немесе оның алдында қолданады. Сәуле мөлшері операциядан кейін 50-60 Гр аспайды. Тиімдісі – оны операция алдында қолдану болып табылады.  

Жұмсақ тін саркомасысәуле шоқтарына әртүрлі сезімталды келеді. Өте сезімтал келетіндер – ангиосаркомалар және қатерлі гистиоцитомалар.

Химиотерапия әдісі жұмсақ тін саркомасында кейінгі кездерде жиі қолданып жүр. Адьювантты химиотерапия, ісіктің қайта қозуы мен бөгелме ісік  санын кемітуге әсер етеді.  Бұл мақсатта доксорубицинді, ифосфамид, цисплатин, дакарбазин қолданады, бұлардың қосарланып қолдануы өте нәтижелі келеді. Қазір, мына үлгілер тәжірибеде  жиі  қолданады:

· АД (адриамицин мен  дакарбазин),

· CyVaDic (циклофосфан, винкристин, адриамицин және  дакарбазин),

· САРО (цисплатин, адриамицин, винкристин және  циклофосфан).

Жұмсақ тін саркомасының қазіргі кездегі емдік ережелері мен қағидалары және олардың нәтижелері.

Әр аурудың шипалы емін табу, дәл анықтау - өте қиын мәселе. Ол үшін ісіктің гистологиялық құрылысын, орналасқан жерін, ісік клеткаларының  пісіп жетілуін, ауру адамның жасын ескеру керек. Осылардың бәрін тек арнайы ауруханаларда, медициналық орталықта шешкен дұрыс.

Жеке хирургиялық әдіс ісіктің кішкентай (5 см) кезінде және оның қауіптілігі мен  қатерлігі төмен болғанда ғана пайдалы. Қалған жағдайлардың барлығында қосарланған,  немесе кешенді емдеу әдістері қолданады.

Жалпы емдік ереже сүйек саркомасындай болады – ең алғаш химиотерапиядан басталады, осыдан кейін кейде сәуле (35-40 Гр) беріледі. Бұдан соң операция жасалынып, одан соң бірнеше курсты химиотерапия қайталанады.

Жұмсақ тін саркомасының е мдік нәтижелері

 Кешенді ем, аяқтағы жұмсақ тіндер саркомасында 70-80,0% аурулардың бес жыл өмір сүру мерізімін ұзартады, ал кеудедегі ісікте  бұл көрсеткіш 50-75,0% тең. Тек қана операцияның өзі бес жылдық көрсеткішті 30%-ға жақсартады, мұның өзі де егер ісік төменгі дәрежелі пісіп жетілген саркома және оның көлемі кішкентай болса.

Жұмсақ тін саркомасымен ауырған науқастарды диспансерлік бақылау

Диспансерлік бақылау жалпы онкология ережесі бойынша орындалады. Тексеру кезінде операциялық тыртыққа және оның айналасындағы ұлпаларға (тіндерге) мұқият көңіл бөлінеді. Осы аймақта кез келген түйін пайда болса, онда науқасқа онкологтың кеңесі қажет. Ультрадыбыстық сынақ әр 6 айда бір рет өткізіліп тұру керек; ал 3 жыл өткен соң – жыл сайын қадағалану керек.

Дәріс қорытындысы:

1. Жұмсақ тін саркомасы - деп гистологиялық айырмашылығына және орналасқан жеріне қарамастан аяқ-қол, кеуде аймақтарындағы дәнекер ұлпаларынан шыққан қатерлі ісіктерді айтады.

2. Барлық аурулардың жартысында ісік аяқтарда, соның ішінде, сан сүйектерінің айналасындағы жұмсақ тіндерде пайда болады.

3. Жұмсақ тін саркомасы - өте сирек тіркелетін ауру, ол  әр бесінші аурудың жасы 40-тан төмен келеді.

4. Ісіктің алдында, ауру адамның сыртартқысында жарақатпен байланыстылығы көрсетіледі, бірақ оның ісікті  қоздыру, одан әрі дамыту себептеріне еш қатысы жоқтығы белгілі.

5. Саркомалар физиотерапиялық емдеу әдістерінен кейін өрши түсіп, асқынады

6. Өте жиі кездесетін ісік - тінді гистиоцитома, ал өте қатерлісі  - ангиосаркома, синовиальды (буын қаптарынн өнген) саркома.

7. Іштің алдыңғы қабатындағы жұмсақ тіндердегі ісік - бұлшық ет аралық немесе ұрықтық десмоид, липома, фиброма, жетілген фибромалар жергілікті жерде дамиды, өніп-өседі, жайылмалы келеді, бірақ бөгелме ісік бермейді, емнен кейін қайтадан жиі қозып отырады.

8. Саркома бұлшық еттердің терең қабаттарынан пайда болып, беткейленеді.

9. Бөгелме ісіктер қантамырлары арқылы тарайды, оның жиі орналасатын жері - өкпе.

10. Саркоманың жалғыз белгісі – ол ауыртпайтын ісік түйіні, ол сопақ немесе дөңгелек тәріздес келіп, томпайып тұрады.

11. Ауырсыну сезімі, мүшенің қисайуы, қозғалыс қызметінің  нашарлауы байқалады, бірақ бұлар жиі кездеспейді.

12. Жұмсақ тіндерден шыққан ісіктерге күдік туғанда мынадай тексеулерді жүргізу керек:

a. Сыртарқысын жинау,

b. физикальды әдістермен тексеру,

c. рентгенді қолдану,

d. ультрадыбыстық зерттеу,

e. пункция немесе биопсия жасау.

13. Кешенді ем, аяқтағы жұмсақ тіндер саркомасында 70-80,0% аурулардың бес жыл өмір сүру мерізімін ұзартады, ал кеудедегі ісікте  бұл көрсеткіш 50-75,0% тең.  

№26- дәріс

Қуық асты без рагы

Кіріспе. Қуық асты без рагы гормонға (тестостерон) байланысты және оған тәуелді. Бұл  гормон атабез және бүйрекүсті без арқылы  шығарылады. Ісік осы гормондар мөлшері кеміген кезде өніп-өседі. Қалыпты жағдайда гормондардың шығарылған және пайдаланған мөлшерлері тең болады, олар жалпы үлкен ми қыртыстарымен, мишықпен реттеліп отырады.

Қуық асты без рагы көбінесе 60-тан асқан ер азаматтарда жиі кездеседі және клиникалық көріністері осы мүшедегі қауіпсіз ісік ауруларына (аденома, гиперплазия), созылмалы қабыну үрдістеріне (простатит) өте ұқсас келеді, тек оларды арнайы тексеру арқылы ажыратуға болады. Көрсетілген аурулар рактан да жиі кездеседі. Ісік алды өзгерістердің бар екендігі теориялық және тәжірибелік  тұрғыда дәлелденседе,  олардың ракқа ауысуын морфологиялық және  клиникалық белгілерімен  дәлелдеу өте қиын.

Қуық асты без рагы өндірісі дамыған елдерде нақты өсуде, бірақ өсу жылдамдығы әр жерде әр түрлі.

Қуық асты бездің анатомиясы мен  физиологиясы

Қуық асты без ұлпасы 12 апталық ұрықта қалыптасады да, ол өмірге келген жас сәбиде семіп қалады, бірақта жас өсе бастағанына сәйкес еркектік гормон (тестостерон) біртіндеп өсе береді. Кәмелеттік жасқа келгенде ол нақты қалыптасып, негізделінеді.

Тестостерон – гормон, ол аталық бездің Лейдиг деген клеткасы арқылы өндіріледі. Гормонның реттелуі лютейн гормонына тікелей байланысты. Лютейннің өзі мидың үлкен қыртысынан шығатын лютейн-релизин гормонға байланысты. Бұлардың ара-қатынасында қарама-қарсылық қағидалар қалыптасқан. Қалыпты жағдайда тестостеронның мөлшері қанда 10-35 мкг/л-дей болады. Қандағы тестостерон белоктармен (глобулин) 95,0% жағдайда байланысып, тек 5,0% жағдайда ол белоксыз таза күйінде клеткаларға  енеді.

Андрогендердің тағы да, шығатын жері бүйрек үсті безі, онда мишықтан өнетін адренокортикотропты гормонның (АКТГ) әсерінен андростен және андростендион деген гормондар өнеді. Бұлардың бәрі қуық асты безде, 5-альфа редуктаза деген ферменттің әсерімен дегидротестостеронға ауысады. Бұл гормон кез келген андрогенге қарағанда 3-5 есе белсенді келеді. Қуық асты без ұлпасының өніп-өсуі, дамуы, кері кетуі (апоптоз) тең жүретін биологиялық үрдіс. Дәрі арқылы немесе хирургиялық жолмен атабезді сылып тастағанда (кастрация) без ұлпасының өніп-өсуінен, өлуі басым жүреді. Ал тестостеронға қарсы әрекет жасайтын гормондар бар, соның бірі эстрогендер, мұның әсерінен тестостерон кеміп, пролиферация үрдісі тежеледі. Жалпы ағзада андрогенге сезімтал және сезімтал емес ұлпалар болады. Сезімтал емес ұлпалар өліп отырады да, сезімталдығы жоғары клеткалар  одан әрі дамып өмір сүреді, бірақ олардың тіршілігі сәл де болса төмен болады. Андрогендердің жеткіліксіздігі қуық асты без ісік ұлпасында пролиферация туғызып, кейіннен ол ісік ауруына әкелуі мүмкін.

Қуық асты без рагының эпидемиологиясы

Жер шары бойынша (2000 ж) қуық асты без рагының аурушаңдық көрсеткіші 21,2%ooo болса, оның өлім-жітім көрсеткіші  7,9%ooo тең болған. Қуық асты без рагы ә р жерде әртүрлі жиілікте кездеседі. Оның  ең көп тараған жерлеріне: АҚШ (104,3%ooo), Жаңа Зеландия (101,1%ooo), Канада (83,9%ooo), Австрия (76,0%ooo), Исландия (74,6%ooo, Швеция (70%ooo) жатады. Ең сирек ауыратындар аспан асты елі – Қытай (1,7%ooo), Вьетнам (2,3%ooo), Афганистан (4,5%ooo), Египет (5,6%ooo) жатады.

Ал, КСРО құрамында болған мемлекеттердің ішінде ең жоғарғы аурушаңдық– Эстония (38,2%ooo), Литва (30,4%ooo), Латвия (21,4%ooo) елдерінде тіркелген. Орташа деңгейде тұрғандар Белоруссия (17,4%ooo), Ресей (15,9%ooo), Украина (15,8%ooo). Ең төменгі деңгейде орын алатындар Орта Азия елдері: Түркменістан (3,6%ooo), Өзбекстан (3,2%ooo) және   Қазақстан (3,4%ooo).

Қуық асты без рагының меншікті ұлесі Қазақстанда 2000 жылы  1,8% құрап, барлық қатерлі ісіктің ішінде 15 орында болса, енді оның 2008 жылғы меншікті салмағы 2,1% жетіп, 0,3% өсіп отыр. Қуық асты без рагының І-ІІ өсу сатысында анықтау 2006 жылы  32,8% болса, ол 2008 жылы 33,3 жеткен. Соның ішінде бұл рактың  IV өсу сатысы – 17,3% дан 17,7% –ға сәйкес өскен.

Қазақстанда қуық асты без рагының орташа (2006-2008 жж.) аурушаңдық көрсеткіші 4,0%ooo (№1- сурет), ал оның таралуы біркелкі емес. Республикалық орташа көрсеткіштен қуық асты без рагының ең жоғарғы аурушаңдығы Батыс Қазақстан (6,0%ooo), Павлодар (6,1%ooo),  Шығыс Қазақстан (6,9%ooo), Қостанай (7,7%ooo)  облыстары мен  Алматы (6,5%ooo) қаласында тіркелген. Сонымен қатар бұл рактың ең сирек кездесетін жері Қызылорда (1,2%ooo), Маңғыстау (1,3%ooo), Оңтүстік Қазақстан (1,4%ooo)  Жамбыл (1,6%ooo), Атырау (1,7%ooo) және Ақтөбе (1,6%ooo) облыстарында анықталған. Бұл айырмашылық осы көрсетілген облыстардағы этностық топтардың үлесіне байланыстылығы, және де жергілікті қазақтардың үлесі басым облыстарда қуық асты без рагының, басқа облыстарға қарағанда, өте сирек кездесетіндігі мәлім болып отыр.

 

№1- сурет. Қуық асты без рагының Қазақстан облыстары бойынша орташа аурушаңдық көрсеткіші (2006-2008 жж.)

 

Қазақстанда қуық асты без рагының орташа (2006-2008 жж.) аурушаңдық көрсеткіші, оның аймақтарында да біркелкі тарамаған (№2- сурет). Бұл қатерлі ісіктің ең жоғарғы аурушаңдық көрсеткіші – Шығыс (6,5%ooo), Солтүстік (6,4%ooo) және Орталық (4,7%ooo) аймақтарда Оңтістік (1,7%ooo) өңірге салыстырғанда, 2 еседен артық басымдылығы дәлелденген. Бұл тұжырым бойынша Қазақстанның Шығыс, Солтүстік және Орталық аймақтарында европалық үлтардың үлесі әліде болса жоғары болуына байланысты екені анық болып отыр. Осы көрсетілген мәліметтер қуық асты без рагының Қазақстан территориясындағы эпидемиологиялық ерекшеліктері екенін көрсетеді.

Қуық асты без рагының п айда болу себептері, даму механизмдері

Қуық асты без рагының негізгі пайда болу себептері әлі белгісіз, толық шешілмеген. Бірақта, бұл мүше ағзадағы  гормондармен күрделі жолмен реттелінетін ішкі секретті без болғандықтан, сол гормондардың қатынасына байланысты өзгерістерден пайда болатындығы даусыз. Себебі бұл бездің қызметі  үлкен ми қыртысы, мишық және ағзаның өз ішіндегі клеткаларды реттеп отыратын факторларға байланысты. Қалыпты жағдайда осы мүшелердің гормондары бір деңгейде тұрады. Егер олар өсіп немесе кеміп кетсе, қуық асты безде қауіпті жағдай пайда болады. Бездің сырт жағына орналасқан клеткаларда өніп-өсу үрдісі жылдамырақ жүреді; ортасында орналасқан тіндерде орташа, ал зәр жүргішке жақын жатқан жерлерде тым баяу жүріп, бұл жерде физиологиялық апоптоз (өлу) басым қалыптасады. Осылардың бәрін реттейтін ағзадағы ең негізгі гормондар – андрогендер болып саналады.

Егер бездегі апоптоз көлемі өссе, клеткалардың  сандық, сапалық қасиеттерін теңестіру үшін, онда  пролиферация үрдісі басымырақ жүруге мәжбүр болады. Клеткалардағы осы қасиетті анықтайтын, Вах және Bcl-2 деген екі ген бар. Бұған қосымша, мүшедегі тіндерді  өсуді қоздыратын эпидермальды және фибробластарды белсендіретін (6ҒGҒ) гендер болады. Гендер күрделі белок – полипептидтер, олардың рецепторлары клетканың беттерінде орналасады. Осы рецепторларды химиялық реакцияға қатыстырмай қойса, онда сол ген өз қызметін атқара алмайды.

 

№2- сурет. Қуық асты без рагының Қазақстан аймақтары бойынша орташа аурушаңдық көрсеткіші (2006-2008 жж.)

 

Қазір қуық асты бездегі рактың пайда болу және даму механизмін былай түсіндіреді: жайылмалы қауіпті ісік клеткасы, қалыпты без клеткасында гормондардың әсерінен мутация арқылы ДНК мен РНК-сы өзгеріп, гендері бөлектенген жаңа клетка пайда болады. Бұларға дамылсыз өніп-өсу тән қасиет болғандықтан, осы қасиет басқа да клеткаларға беріліп, бір жерден екінші бір жерге көшіп бөгелме ісік береді. Сонымен қуық асты бездегі рак клеткасы андрогендерге сезімтал болмай қалады. Бұлай болуға бірнеше себептер бар:

1- адамның қартайуына байланысты, бұл ісік 50 жастан асқан адамдарда жиі кездеседі. 50 мен 60 жастың аралығындағы адамдардың қуық асты безін  микроскоп арқылы  зерттегенде,  олардың 30%-да көзге көрінбейтін ракты байқауға болатындығы анықталған.

2- гормондық өзгерістер, рактың  гормон арқылы пайда болатындығын дәлелдейтін болжамға жатады. Оған дәлел ісік эстроген бергенде кері қайтып отыруы. Бірақ осыларға қарамастан қазіргі таңда гормондардың тікелей рак туғызатындығына біржақты пікір жоқ. Тек қуық асты бездің қызметі қалыпты болуы үшін тестостерон мен дегидротестестеронның мөлшері қалыпты болуы қажет.

3- тағамданудың ролі маңызды, себебі қуық асты бездегі рактың пайда болуына майлы тағамдардың әсері анықталған. Осыған байланысты қуық асты без рагы салмағы артық, дене қозғалысы шектелген  семіз адамдарда жиі байқалған. Сонымен майлы тағам витамин А-ны және сол сияқты бета-каротинді кемітеді, ал бета-каротин көптеген ісіктерден ағзаны қорғайды. Азия елдеріндегі қуық асты без рагы өте аз кездеседі, себебі бұл жердегі адамдар витамин А және эстрогендерге бай өсімдіктерді тағамға көп қосады. Бұлар андрогендердің қуық асты безге зиянды әсерлерін кемітеді, әсіресе, эстрогенге бай тағамдар, артық андрогендерді тежеп отырады.

4- генетикалық фактор да қуық асты без рагының пайда болуына ықпал етеді.   Тұқымында қуық асты без рагымен ауырғандардың үрпақтарында  2-3 есе бұл ісік жиі кездеседі. Қазіргі кезде, қуық асты без рагы,  9,0% жағдайда тұқым қуалайтындығы мәлім. Бірақ қандай генде қандай кемістік бар, ол неге рак туғызатындығына тікелей дәлел әлі анықталған емес.

5- жұқпаның әсері э пидемиологиялық зертеу кезінде,  қуық асты без рагында, соз және жыныстық әрекет арқылы таралатын басқа да жұқпалармен байланыстығы  дәлелдеген. Бірақ тікелей осы аурулар ракты қоздыратындығына нақты мәлімет жоқ..

6- қуық асты бездің гиперплазиясы мен  қатерсіз ісік -аденомасы 1,5-24,0% жағдайда, қуық асты без рагымен қосарланып келетіндігі тәжірибеде   жиі кездеседі.

Қуық асты без рагының п атологиялық анатомиясы

Қуық асты без рагының нөлдік өсу сатысы (рак in situ) облигатты ісік алды болып саналады, ол 7-10 жыл ішінде, 40 жасқа жуық кездерде, міндетті түрде жайылмалы ракқа айналады. Қуық асты без рагы 70,0% жағдайда оның  шет жағынан, 10-15,0% - ортасынан, ал қалған 15,0% тіндердің ауыспалы жерлерінен өнеді. Ауруға жиі ұшырайтын жас 50-ден асқандар. Бірақ мәйттерді тексергенде 30-40 жастағылардың 20,0%-нан микроскопиялық ракты анықтауға болады. Бұл кезде ауру адамда ешқандай клиникалық белгілер кездеспейді. Кейіннен ісік 0,5-1,0 см-ге жеткенде барып аурудың клиникалық белгілері біліне бастайды.

Морфологиялық белгілерге клетканың атипизмі, ретсіз жылдамдатылған өніп-өсуі және айналасындағы басқа сау тіндердің бұзылысы жатады.

Морфологиялық жұмыстардың нәтижелері без аденомасы мен рак өз алдына бөлек аурулар екені және екеуінің де бір адамда жиі қосарланып кездесетіндігі  толық дәлелденген. Рак аденомадан емес, бездің өз тіндерінен бөлек өніп-өсетіні туралы айтатын пікір де  кездеседі.

Макроскопиялық тұрғыда -  рак түйіні өте қатты, қырнаған кезде дыбыс шығаратын ісік, ақшыл-сарғыштау түсті, көбінесе, кішкене жүзім сияқты, ал ең үлкені 5-7 см-ге шейін жетеді. Рак бірнеше түйін тастауы мүмкін, ол кездерде оның өніп-өсуі өте жылдам жүреді. 70-80 жастағы  қарт, кәрі адамдарда ісік  өте баяу өсіп-өнеді.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: