Тік ішек рагын химиотерапиямен емдеу жолдары 8 страница

хорионгонадропин - 50 000Ед/мл, альфафетопротеин >10 000нг/мл.

Атабез рагының  гистопатологиялық категорияларының клиникалық сатысына қарай топталуы

І - сатысы- N0,S0

ІІА- сатысы - N1,S0-1

ІІВ- сатысы -N2, S0-1

ІІС- сатысы - N3,S0-1

ІІІ- сатысы - M1

Атабез рагының  клиникалық сатысына қарай TNM топталуы

0 - сатысы - pTis N0M0S0Sx

І- сатысы - рТ1-4N0M0S0Sx

Іa- сатысы - рТ1N0M0S0

Ів - сатысы - рТ2-4N0M0S0

Іc -кез келген сатысы - рТN0M0S1-3

ІІ- кез келген сатысы - рТN0, 1, 3 M0S0-1

ІІа- кез келген сатысы - рТN1 M0S0-1

ІІв- кез келген сатысы - рТN2M0S0-1

ІІс- кез келген сатысы - рТN3 M0S0-1

ІІІ- кез келген сатысы - р кез келген ТN M1-1а , Sх

ІІІа - кез келген сатысы - р кез келген ТN M1-1а , Sх

ІІІв- кез келген сатысы - р кез келген ТN M0S2, және  ТN M1-а , S2,

ІІІс - кез келген сатысы - р кез келген ТN M0S3, ТN M1-1аS3, ТN MSх.

Атабез рагының  өніп-өсу ерекшеліктері

Атабез рагы – ерте бөгелме ісік береді, оның бөгелме ісігі 90,0% жағдайда алғашқы ісікке ұқсас келеді ал, оның 10,0% ісік түйініне ұқсамайды. Кез келген қатерлі ісік клеткасы (герминогенді, герминогенді емес) бөгелме ісік береді. Бөгелме ісіктің көбі іш перденің артындағы кеңістікте орналасады, одан кейінгісін - өкпе, бауыр, аралық кеуде қуысы, ми, бауыр алады.

Бөгелме ісіктер лимфа жолдары арқылы жиі таралады, тек хорионкарцинома қантамыр жүйесімен басқа жерден өніп-өседі. Ұрық без ұлпасының ішінде жиналған лимфа сұйығы 3-4 тамырлар арқылы ұрық жолында орналасып, бүкіл оның бойымен жүріп отырады. Егер ісік ұрық безінің сыртқы қабына дейін өссе, онда оның қосалқы мүшесі және шап бездері міндетті түрде қоса зақымданады. Керісінше, лимфа сұйығы кері жүріп, егер аймақтық лимфа бездерінде кедергі болса шап бездеріне жетуі ықтимал. Бұдан басқа, кез келген операция шапта, немесе ен қабында жасалса, одан кейін де, бөгелме ісік, шап пен аймақтық лимфа бездерін зақымдайды.

Атабез рагының   клиникалық белгілері

Атабез рагының клиникалық белгілері ісіктің түйініне және оның бөгелме ісігіне тығыз байланысты.

 Ең негізгі белгілері:

· мүшедегі ауырсыну сезімі,

· ісік түйінінің өсуі.

Алғашқы кезде ұрық безінің жартысы зақымданып, ісініп, ұлғайады. Ол өсе келе бөгелме ісік  береді, ол  өссе, онда ол айналысындағы ұлпаны қысады. Осының нәтижесінде белде ауырсыну сезімі туады. Бөгелме ісік іш перденің артында орналасқан кезде,  төменгі қуысты үлкен көк қан тамыр қысылып, аяқ ісінеді.  Зәр ағар  қысылса бүйректе гидронефроз болып, оның қызметі тежеліп, бүйрек жеткіліксіздігіне әкеледі. Диафрагмадан жоғарғы мүшелерде бөгелме ісік  болса, онда ентігу, жөтел пайда болады және бұғана үстіндегі лимфа  без зақымданады.

Герминогенді емес ісік ұрық клеткасынан шықпаса, онда бірнеше дисгормональды өзгерісті аурулар (гинекомастия) пайда болады. Жалпы гинекомастия 24-36,0% жағдайда, хорионды гонадотропиннің көбеюінен болады. Ерлерде жыныстық қатынас қызметтері бұзылып, феминизация, яғни әйелге ұқсастық бейне қалыптасады, жыныстық сезімнің төмендеуі және орындалмауы байқалып, дауыс үні өзгереді, денені қылшық басады, сүйек және бұлшық еттер ерте дамиды. Бұлардың бәрі жас балаларда байқалып, олар андрогендердің барлық көлемде өнуінен пайда болады.

Атабез рагының   диагностикасы

Атабез рагын анықтау кезінде мына тәсілдерді қолдану керек.

Олар:

· көру, сипау,

· ультрадыбыстық тексеру,

· ісік антигендерін қаннан анықтау.

Көру кезінде май қабатының бір қалыпты дамымағанын, денедегі қылшықтардың көбейгенін, кеуде бездерінің ұлғайғанын және сыртқы жыныс мүшелерінің өзгергенін аңғаруға болады. Ісік жас балаларда кездессе, онда олардың ерте кәмелетке жеткенін, ал үлкен кісілерде болса, онда әйелдік қасиеттердің дамығанын байқау қиынға соқпайды.

Сипау кезінде ісіктің көлемін, орналасқан жерін, тығыздығын, оның қосалқы мүшелермен байланысын, ұрық жолына және теріге ара қатынасын анықтауға болады. Ен қабында су жиналу (гидроцела) бар, жоғын диафоноскопия арқылы анықтайды. Ісікті қабыну үрдістерінен, сирек кездесетін шап жарығынан, қан ұйығынан, аталық без жанынан өніп-өскен ісіктерден ажырату керек.

Ультрадыбыстық зерттеу ұрық безіндегі ісіктің 1-2 мм-дей көлемін дәл анықтайды. Бірақ, ісіктің  өсу сатысын бұл  әдіс анықтай алмайды, себебі бездің сыртқы қабаты көрінбейді.

Ісік таңбаларын қаннан анықтау - өте құнды әдіс, ол ісіктің морфологиялық түрін де анықтап береді. Бұған қосымша ісіктің  алғашқы өсу кезеңдерін байқатады және болжам жасауға мүмкіншілік туады. Ісік қайта қозып пайда болған кезде шешуші рөл атқарады..

Қазір тәжірибеде үш ісік таңбасын (маркерін) анықтауға болады.

Олар:

· альфафетопротеин (АФП),

· хорионды гонадотропин (Р-ХГ),

· лактат дегидрогенназасын (ЛДГ).

Диагноз қою қиын болса, биопсия жасау керек. Пункция жасап, ісік шығындысын сорып алып, оны төрт бұрышты шағын шыны әйнекке жағып, цитологиялық зерттеу жүргізіледі. Пункциялық әдістің теріс жағы, ол жергілікті жерде, ісікті қайта қозуына ықтимал етеді, соған ерекше көңіл бөлген жөн.

Компьютерлік томография іш, кеуде қуысындағы лимфа бездерінің өзгерістерін  анықтап береді. Бірақ кішкене бөгелме ісіктерді  анықтай алмайды, сондықтан теріс жауап 44-60,0% тең болады. Алайда, ісіктің өніп-өсуін 70-80% жағдайда  дәл анықтайды, оның  сезімталдығы 50-70,0% құрайды.

Атабез рагын басқа аурулардан ажырату мүмкіншіліктері

Атабез рагын,бірінші ретте, қабыну ауруларынанажырату керек.

Жедел ұрық безінің қабынуы(орхит), кейбір жұқпалы аурулардан -тұмау, паротит, сүзек т.б. кейін, немесе бүйрек, зәр ағар және жыныс мүшелеріндегі өзгерістен пайда болуы мұмкін.

Жедел орхит, табан астында басталып, без ұлғайып, ол ісінеді, бірақ оның табиғи пішіні өзгермейді. Еннің беті теп-тегіс, көлемі үлғайып ісінеді және  дене қызуы көтеріледі. Егер іріңдік қалыптасса, онда ен қабы қызарып, үлкейіп кетеді, ауырсыну сезімі күшейіп, дене қызуы 39-400-қа жетеді.

Кейде, жедел орхит созылмалы түріне ұласады және бұл үрдіс міндетті түрде, ұрық безінің семуімен аяқталады. Мұндай жағдай бруцеллез жұқпасында  жиі кездееді.

Бруцеллезды орхитты лабораториялық әдіс арқылы – гемокультурасын  анықтап, Райт-Хеддельсон және аллергиялық тері реакциясын жасап, дәлелдейді.

Туберкулез ауруынан пайда болатын  өзгерістер ең алғаш еннің қосалқы мүшелерінен басталады. Үрық жүретін өзек ісінеді, қалыңдайды, содан кейін барып ол ен қабындағы аталық безге  түседі. Бұл кезде қуық асты без және ұрық шығаратын көпіршіктер қоса зақымданады.

Ісік ауруында және мерезде аталық безді сипағанда бірдей белгілерді байқауға болады, себебі бұл екеуінде де, ісік түйіні болады. Оларды ажырату кезінде, науқастың  анамнезіне сүйеніп және Вассерман реакциясының нәтижесіне қарай, оған қоса шап бездерінің ұлғайуына сәйкес, науқаста  мерез ауру бар екенін айқын анықтауға болады..

Диагнозды анықтау  қиындаса, онда пункция, немесе биопсия жасап, гистологиялық зерттеу  арқылы дәлелденеді.

Атабез рагын емдеу әдістері

Атабез  рагы химио және сәуле әдістеріне өте сезімтал келеді, әсіресе олар  операциямен қосарлана жүргізілсе.

Кешенді емді, алғаш операция – орхофуникулэктомиядан  бастайды Бұл операция әрі диагностикалық, әрі емдік шара болып саналады. Операцияны шап тұсынан жүргізеді, ен қабы арқылы орындалса ісік жиі-жиі қайта қозады. Бүл  жағдайда ем қиындап кетеді.

Мүше сақтайтын операция да қолданады, егер ісік  екі жақтағы енде кездессе (1,9-5% жағдайда). Мүше сақтайтын операцияны энуклеация - деп атайды. Оның қолданысы мына жағдайларға байланысты болады:

· ісік, тек жергілікті бір жерде ғана болса,

· ісік көзі 20-25мм-ден аспаса,

· операция алдында тестостерон гормоны жергілікті деңгейде сақталса,

· суық мұзды қолдану (гипотермия) арқылы операция орындалса,

· операциядан кейін ауруды жан-жақты бақылауға жағдай туса,

· ісіктің айналасында нөлдік сатысындағы рак in situ болмаса.

Операцияның алдында және одан кейін де, ісік таңбаларын қаннан анықтау керек.  Қан бір аптадан соң сараптауға алынғаны жөн. Семиномды ісікте АФП және ХГ көлемі ұлғайса, онда ағзада көрінбейтін бөгелме ісік бар деп есептелінуі керек.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: