Кредит саны: 4 кредит 1 страница

 

Ақтау, 2016 ж.

 

Оқытушының аты-жөні: Көшімова Бибатпа Әмірханқызы

 

Кешеннің мазмұны

1. Пәннің типтік оқу бағдарламасы  
2. Пәннің жұмыс оқу бағдарламасы  
3. Студенттерге арналған пәннің бағдарламасы (силлабус)  
4. Пәннен тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
5. Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі  
6. Дәрістер кешені  
7. Тәжірибе (семинар) сабақтарының жоспары  
8. Пәнді меңгеруге арналған әдістемелік нұсқаулар  
9. Зертханалық жұмыстар мен курстық жұмыстарға әдістемелік нұсқау  
10. Студенттің өзіндік жұмысының материалдары  
11. Оқу, өндірістік және диплом алды тәжірибеден өту бойынша әдістемелік нұсқау  
12. Студенттің білімін бағалау материалдары  
13. Оқу сабақтарының бағдарламалық және мультимедиалық сүйемелдеуі  
14. Аудиториялардың, кабинеттердің және зертханалардың мамандандыру тізбесі  

 

  1. ТИПТІК БАҒДАРЛАМА

 

КУРСТЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

 

       ҚР білім және ғылым министрлігінің 11.05.2005 №289 бұйрығы бойынша бекітілген және пайдалануға рұқсат етілген.

 

ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ МОРФОЛОГИЯСЫ

ТҮСІНІК ХАТ

 

  « Қазіргі қазақ тілі» Қазақстан Республикасындағы жоғары оқу орындарының қазақ филологиясы факульттеттерінде «қазақ тілі мен әдебиеті», «қазақ тілі орыс мектептерінде», «қазақ-ағылшын тілдері», «қазақ және басқа түрік тілдері» (азербайжан, түрік, араб), «аударма және менеджмент» мамандықтарын жайындайтын бөлімдердің оқу жоспарларына ендірілген ғылыми курс. Бұл курс – фонетика, лексика, грамматика деген бөлімдерден тұратын, өзара тығыз байланыста келетін тіл білімінің салалары. Бұл адамдардың өмір бойы қолданылатын ең маңызды қатынас құралы –. тілге қатысты бір ғылыми курс болғанымен, олардың әрқайсысының өзіндік объектісі мен ерекшілігі және салалары бар ғылым. Көп жылдардан бері тіл ғылымының бұл салары жоғары оқу орындарында арнайы жасалынған бағдарламалар мен оқулықтар негізінде жеке-жеке пән ретінде жүргізіліп келеді.

   Грамматикалық мағыналар мен олардың берілу және жарыққа шығу жолдары, амал-тәсілдері, грамматикалық категориялар грамматиканың негізгі оъектісі болатын болса, бұл бағдарлама солардың ішінде жеке пән ретінде оқылатын грамматиканың бі саласы морфологияға арналған. «Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы» пәнінің бағдарламасы қазақ тіліндегі сөздердің лексика-грамматикалық топтарын, тілдегі грамматикалық мағыналар мен формалар туралы берілетін ғылыми теориялық білімді жүйелі жүргізудің негізгі бағыт-бағдарын ұсынады. Бағдарлама қазақ тіліндегі сөздердің тұлғалық өзгеруі, сөз және оның формалары, оны атаулының әлденеше рет өзгеріске ұшыраған түрлері мен олардың топтарға бөлінуі, әр топқа енген сөздердің өзіне тән грамматикалық сыр-сипаты жөнінде студенттерге терең теориялық білім беру мақсатын көздейді және тілдік тұлғаларға практикалық тұрғыда талдау жасай отырып, морфология пәнінің ғылыми түсіну міндетін қояды.

  «Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы» пәні төмендегідей міндеттерді қамтиды:

  1. Болашақ мұғалімдерді қазіргі қазақ тілінің морфологиялық құрылысының теориялық негіздерімен таныстыру.
  2. Практикалық, лабораториялық сабақтар мен СОӨЖ, СӨЖ арқылы студенттердің морфологиядан бағдарламалық материалдарды меңгеретіндей шеберліктерін қалыптастыру.
  3. Студенттердің морфлогияға қатысты ғылыми еңбектерді ғылыми тұрғыдан зерттеп тану қабілеттерін дамыту.

Жоғары кәсіби білімнің жалпыға міндетті мемлекеттік стандартына сәйкес жасалған «Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы» пәні бағдарламасының мазмұнына сәйкес студенттерге мынадай білім, іскерлік дағдыларды қалыптастыру көзделеді:

- сөздердің морфологиялық құрылымы, негізгі грамматикалық ұғымдар (грамматикалық мағына, грамматикалық форма, грамматикалық категория);

- сөздің құрамы мен морфемалардың түрлері;

- сөз формалары және олардың жасалу тәсілдері, түрлері;

- сөз таптары, олардың жіктелуі;

- зат есім, оның лексика-грамматикалық сипаты, түрлену жүйесі, синтаксистік сипаты;

- сын есім, оның семантикалық топтары, шырай категориясы, синтаксистік қызметі;

- сан есім, оның лексика-грамматикалық, морфологиялық, семантикалық өзгешелігі, семантика-морфологиялық топтары;

- есімдіктер және олардың мағыналық топтары;

- етістіктіктің лексика-семантикалық, морфологиялық сипаты, етістік формаларының жүйесі;

- үстеудің морфологиялық белгілері, түрлері, мағыналық түрлері, сөйлемдегі қызметі;

- еліктеу сөздердің семантикалық, фонетика-морфологиялық, синтаксистік қызметі;

- одағайлардың түрлері, қызметі;

-  модаль сөздер, олардың ерекшеліктері.

 

Пәннің пререквизиттері:

Нормативтік қазақ тілі

Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы

Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы

Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы

 

Пәннің постреквизиттері

Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі

Қазақ тілін оқыту әдістемесі

 

ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ

Сөздердің грамматикалық қасиеттері. Грамматиканың зерттеу объектісі тілдің грамматикалық құрылысы екені туралы. Тілдің грамматикалық құрылысы мен негізгі сөздік қоры тілдің негізі екені. Тілдің сөздік қоры, оның өзіндік белгілері сөздік құрамнан айырмасы, тілдің негізіне жататын себептері, негізгі сөздік қоры жоқ ешбір тілдің болмайтыны.

Тілдің грамматикалық құрылысы, оның атқаратын қызметі, грамматикалық құрылыстың ерекшеліктері грамматикалық құрылыссыз тіл болмайтыны.

 

ГРАММАТИКА ЖӘНЕ ОНЫҢ САЛАЛАРЫ

       Грамматика сөздің сөйлемдегі өмірін, сөйлемде қолданылу заңдылығын зерттейтін ілім болғандықтан, ол алдымен сөздің сөйлемде қандай тұлғада қалай қолданылатынын және олардың сөйлемді қалай құрастыратынын, яғни сөйлемнің қыры-сырын зерттейтіні. Осымен байланысты грамматиканың морфология және синтаксис деген екі саласы болатыны туралы.

  Морфология сөз, оның сөйлемде қолданылғанда, ойдың байланысына қарай бір-бірімен түрлі тұлғада байланысқа түсетіні. Сөздердің бір-бірімен байланысы үшін сөз тұлғаларын құбылтатын, тілдің қалыптасқан амал-тәсілдерін грамматиканың морфология саласы зерттейді. Сөз тұлғаларының түрленуінің сөз таптарына байланыстылығы.

  Синтаксис сөздердің бір-бірімен тіркесу заңдылығын, сөз тіркестерінен сөйлемнің құралу заңдылықтарын зерттейтін ғылым екендігі.

  Морфология мен синтаксис саласының бір-бірімен байланыстылығы.

  Морфология сөздердің түрлену жүйесін, заңдылығын зерттейтінімен, сөздердің түрленген тұлғалары жеке қолданылмай, сөйлем ішінде қолданылып, олардың атқаратын өзіндік қызметі болатыны, ол қызметтің синтаксиске қатынасынан морфология мен синтаксистің байланысы шығатыны.

  Сөз тұлғаларының өзгерту, түрлену заңдылығы морфологияға қатысты болғанымен, әр сөз тұлғасының қызметі синтаксиссіз мүмкін емес екені. Керісінше, сөз тұлғалары түрленіп, бір-бірімен байланыспай, сөйлем жасалмайтыны. Бұлардың морфология мен синтаксистің тығыз байланысын білдіретіні.

 

НЕГІЗГІ ГРАММАТИКАЛЫҚ ҰҒЫМДАР

  Сөздің жеке тұрғандағы мағынасы бар және сөйлемде түрлі тұлғада қолданылуына байланысты сөзге қосылатын түрлі мағыналар бар екені. Сөздің жеке тұрғандағы мағынасы сөйлемге тәуелді болғанымен, оның орны сөздікте ғана деуге болатыны, сөздің сөздікте көрсетілетін лексикалық мағынасы сөйлемде сақталатыны. Сөйлем мағынасының сөздердің лексикалық мағынасының негізінде берілетіні.

Сөздер сөйлемде қолданылғанда, грамматикалық құрылыстың қарамағына түсіп, оның заңдылығына сай түрленіп, оның мағыналарын білдіретіндігі. Оның сөйлемге қатысы. Грамматикалық мағына, грамматикалық форма (тұлға) туралы түсініктер. Грамматикалық мағына мен грамматикалық форманың байланысы. Грамматикалық мағынаның өзіндік белгілері, ерекшеліктері. Грамматикалық форманың белгілері, ерекшеліктері. Грамматикалық мағынаның түрлі тілдердегі әмбебаптық қасиеттері.

   Грамматикалық категория, анықтамасы, белгілері, грамматикалық категорияның шарттары. Әр категорияның мағыналық құрамы, көрсеткіштері, жасалу әдістері болатыны.

   Грамматикалық категорияның мағынасы грамматикалық мағынаға жататыны, ол мағынаны білдіретін тұлғалардың грамматикалық формаға жататыны. Грамматикалық категориялардың сөз таптарына байланыстылығы. Грамматикалық категориялардың қолданылу аясының бір сөз табының құрамында қалып қоймай, кеңею мүмкіндіктері. Сөз таптарының бәрінің де грамматикалық категориялары бола бермейтіні.

  Грамматикалық категориялардың туыстас тілдермен, туыстас емес тілдермен де әмбебаптық қасиеті.

 

СӨЗ ТАПТАРЫ

       Тілдегі сөздің мағына жағынан, атқаратын қызметі жағынан түрлілігі. Ғылымда сөз атаулының үш үлкен топқа бөлінуі: 1) атауыш сөздер; 2) көмекші сөздер; 3) одағай сөздер. Атауыш сөздердің негізгі белгілері (мағынасы, түрлену мүмкіндігі, сөйлемдегі қызметі, дербестігі). Көмекші сөздердің грамматикалық дамудың нәтижесінде қазіргі қалыпқа жеткен, соның арқасында дербес сөзге тіркесіп, оған үстеме мағына қосатын нұсқа қызметінде қолданылуы, дербес сөздер сияқы сөйлемде өзінше қызмет атқармауы. Көмекші сөздердің өзара ерекшелігі соған байланысты бірнеше түрге бөлінуі, көмекші сөздердің түрлері. Одағай сөздердің адамның көңіл-күйін, түрлі сезімін білдіретіндігі. Одағай сөздердің ақиқат өмірдегі зат, құбылыс, оның түрлі белгілерін, қимыл-әрекет білдірмейтіні, сондықтан да оның сөйлемдегі ойды білдіретін сөздердің қатарында қолданылмай, сөйлемнен оқшау қолданылатыны.   

Бұл үлкен үш сөздер тобының іштей ерекшелікке толықтылығы және әрқайсысының лексика-грамматикалық сипатының да сан алуандығы. Тілдегі сөздердің лексика-грамматикалық ерекшеліктеріне қарай ғылымда олардың ұқсастығы мен ерекшеліктерін білдіретін белгілері негізінде жасалатыны. Қазақ тілінде А.Ысқақов анықтаған сөздердің топтастыру принциптері: лексикалық (семантикалық), грамматикалық (морфологиялық, синтаксистік) деп үш белгі ретінде аталатыны. Бұл үш принциптің ішкі мазмұны.

  Сөз таптарының бәрі бірдей бұл үш белгіге сай келе бермейтіні. Олардың ішінде грамматикалық категориялары жоқ, түрленбейтін сөз таптары болатыны. Одағай түрленбейді, сөйлемде синтаксистік қызмет атқармайды, үстеу мен еліктеу сөздер түрленбейді, бірақ сөйлем мүшесі қызметін атқарады. Қазақ тіліндегі негізгі сөз таптары: зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, еліктеу сөздер, шылау, одағай.

 

ЗАТ ЕСІМ

  Зат есімнің өте ірі, негізгі сөз таптарына жататыны, ол тілдегі сөздердің қомақты тобын қаитуымен бірге, грамматикалық құрылысы жағынан да, синтаксистік қызметі жағынан да өте күрделі сөз табы екені.

Зат есім өмірдегі адамды қоршаған заттардың, заттық ұғымдардың, түрлі құбылыстардың, уақиғалардың атын білдіретін сөз табы екендігі. Зат есімнің мағыналық сипаты. Зат есімнің мағыналық жағынан сыр-сипатының молдылығы. Деректі, дерексіз мағыналы зат есімдер, олардың арнайы көрсеткіш арқылы жасалатын қалыптасқан тұрақты үлгісі жоқтығы. Бұл мағыналардың сөздің лексикалық мағынасымен бірге берілетін мағына екені. Бірақ зат есім жасаушы кейбір жұрнақтардың көбіне дерексіз мағыналы зат есім жасайтындардың бары.

   Зат есімнің жалпы, жалқы мағынасы. Ол мағынаның лексикалық мағынаға қатысы. Жалпы мағыналы зат есімдер, оның өзіндік ерекшелігі. Зат есімнің жалқы мағынасы, оның ішкі топтары, олардың өзіндік ерекшеліктері.

Қазақ тілінде зат есімдердің кім? Не? Сұрақтарына жауап беруіне байланысты үлкен екі топқа бөлінуі. Кім? Сұрағына жауап беретін зат есімдердің ішкі мағыналық топтары. Не? Сұрағына жауап бертіні зат есімдердің ішкі мағыналық екі тобы: 1) жанды заттардың атаулары; 2) жансыз заттардың атаулары.

 

КӨМЕКШІ ЕСІМДЕР

       Зат есім атаулының лексикалық мағынада, дербес сөз ретінде қолданылатын негізгі тобымен бірге, осындай дербес сөздерге тіркесіп қолданылатын сөз табы бары. Мұндай сөздерге көмекші сөздер жататыны. Көмекші сөздердің мағынасы, оның жалпылығы, толық мағыналы сөздерге тіркесе қолданылып, оған мағына үстеуші тілдік нұсқалардың қызметін атқаруы. Тілдегі белгілі қосымшалардың көмекші есімдерді дербес сөзбен тіркесетін қызмет атқаратыны, оның тұрақтылығы. Қосымшалардың көмекші есімнің дербес сөзге тіркесе қолданылу қызметінің тұрақтылығына, әбден қалыптасқанына байланыстылығы.

   Көмекші есімдердің ішкі мағыналық құрамы оның тіркесетін дербес сөздің мағынасына байланыстылығы (үйдің іші). Көмекші есімдердің мағынасының зат есімге қатысы, зат есім мағынасына қатыстылығы.

   Көмекші есімдердің түрлену қабілеті, ол арқылы шылаулардан ерекшелетіні. Көмекші есімдердің зат есімдерше түрленуі, зат есім категорияларының қосымшалармен тү рленуі.

   Көмекші есімдердің түп төркіні туралы ғалымдардың пікірі.

   Көмекші есімдердің қолданыста кейде дербес сөзсіз жеке тұруының кездесетіні, оның себебі:1) үстіне кигені; 2) сыртта тұр; 3) үсті-үстіне келіп жатыр; 4) сырттағы адам. Бұлардың өзіндік ерекшеліктері, көмекші есімге жататыны, көмекші есімге жатпайтындары, себебі. 

 

ЗАТ ЕСІМНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

  Зат есім сөздер құрылымы жағынан жалаң және күрделі болып бөлінеді.

  Жалаң зат есімдердің іштей екі топқа бөлінуі: 1) негізгі түбір зат есімдер; 2) туынды түбір зат есімдер. Негізгі түбір зат есімнің бөлуге келмейтін бір ғана мағыналы бөлшектен тұратыны. Туынды түбір зат есімнің негізгі түбір мен сөзжасамдық жұрнақтан құралатыны, туынды түбір зат есімнің туынды лексикалық мағынасы бары, оның туынды лексикалық мағынасының жасалуына негізгі түбірдің мағынасының негіз болатыны. Туынды түбір зат есім тек негізгі түбірден ғана жасалып қана қоймай, туынды түбірден жасалады да жиі кездесетін құбылысқа жататыны. Мұндайда туынды түбір зат есімнің құрамында сөзжасамдық жұрнақтың екі я онан да көп болатыны. Туынды түбір зат есімнің жасалуына тек негізгі түбір сөзден басқа сөздердің негіз болуы кездесетіні, оның ішкі түрлері де баршылық екені: біріккен зат есімдер, қосарланған зат есімдер, құрама зат есімдер, қысқарған зат есімдер.

    Күрделі зат есімдердің осы түрлерінің мағына негізділігі, әрқайсысының жасалу тәсіліне сай ерекшеліктері.

 

ЗАТ ЕСІМНІҢ ГРАММАТИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАРЫ ЖӘНЕ ТҮРЛЕНУ ЖҮЙЕСІ

    Зат есім грамматикалық категорияларға бай сөз табына жататыны. Заттардың санын дәл көрсету қажет жағдайларда сан есімнің қолданылатыны. Тілде заттың санын дәл атау қажет емес жағдайлардың көптеп кездесуі. Тіліміздің бұл ерекшелігін білдіру үшін арнайы категориясы бар. Оған жекелік, көптік категориясы жататыны, жекелік-көптік мағыналарының зат есімге қатыстығы. Зат есімнің көптік мағынасы жекелік мағынаның зат есімнің лексикалық мағынасымен бірге түбір сөзде берілетіні, зат есімнің түбір сөзінде жекелік мағынаның бары, соны білдіретін қосымшаның жоқтығы, нөлдік форма арқылы беріле алатыны. Зат есімнің көптік мағынасы, оның заттың нақтылы көптік мағынасынан айырмасы. Көптік мағынаның берілу жолдары, көрсеткіштері, олардың қолданылу ерекшеліктері.

 

ЗАТ ЕСІМНІҢ ТӘУЕЛДІК КАТЕГОРИЯСЫ

  Бір заттың екінші затқа меншіктігін білдіретін арнайы грамматикалық категория тәуелдік категориясы екендігі. Тәуелдік категориясының мағынасы тәуелдік жалғаулары арқылы берілуі, тәуелдік жалғаудың меншіктелетін зат атауына жалғануы. Тәуелдік жалғауларының жекеше, көпше, жақты, анайы, сыпайы түрде қолданылатыны. Оңаша, ортақ тәуелдену, олардың айырмасы.

  Тәуелдік жалғаулы сөздің сөйлемде үнемі ілік септіктегі сөзбен тіркесте қолданылуы, оның себебі бұндай тіркестегі сөздердің кейде біреуінің қосымшасының түсіп қалып та қолданылуы кездесетіні (мектеп үйі, біздің үй). Қолданыста тәуелді жалғаудың басқа мағына да беретіні.

   Тәуелдік мағынаның жұрнақ арқылы берілуі. Тәуелдік мағынаны білдіретін -нікі, -дікі, -тікі жұрнақтарының заттың иесінің атына, яғни иеленушіге жалғануы, ал меншікті заттың ешбір қосымшасыз қолданылатыны (кітап менікі), мұнда меншікті заттың өз тұлғасының оның меншіктігі көрінбейтіні. Оның мағынасының иеленуші зат атауымен тіркесте ған көрінетіні.

 

СЕПТІК КАТЕГОРИЯСЫ

  Зат есімнің септік категориясының сөйлемдегі сөздердің бір-бірімен қарым-қатынасын, байланысын жүзеге асыратын категория екендігі. Сөз арасындағы қарым-қатынастың түрлілігіне қарай септік категориясының мағынасының түрлі болатыны. Септік категориясының мағынасының септік жалғаулары арқылы берілетіні.

   Қазақ тілінде жеті септік, бары, атау септіктің қосымшасы жоқ, қалған септіктердің арнайы қосымшаларының бары, әр септіктің өзінше сұрақтары болатыны. Сөздердің септелуінің екі түрі: жай септеу; тәуелді септеу.

    Жай септеудің ішінің жүйесі, қосымшалары, олардың сөзге жалғану ерекшеліктері, сұрақтары.

Тәуелді септеудің жүйесі, қосымшалары, олардың сөзге жалғану ерекшеліктері, сұрақтары.

 

СЕПТІК ЖАЛҒАУЛАРЫНЫҢ МАҒЫНАЛАРЫ МЕН ҚЫЗМЕТІ

     Атау септіктің тұлғасы, мағынасы, синтаксистік қызметі, ол туралы ғылымдағы пікірлер.

   Ілік септіктің тұлғасы. Ілік септіктің қосымшалы, қосымшасыз қолданылуының себептері. Ілік септіктің негізгі мағынасы, қолданыста мағынаның кеңеюі. Ілік септіктің синтаксистік қызметі.

  Барыс септіктің мағыналық құрамы. Барыс септіктің сөйлемдегі қызметі.

  Табыс септіктің тұлғасы (қосымшалы, қосымшасыз) қосымшаның сөзге жалғануын талап ететін жағдайлар мен табыс септік жалғауының бейтарап қарайтын жағдайлар.

  Табыс септік жалғауының мағынасы мен синтаксистік қызметі.

  Жатыс септіктің тұлғасы, мағыналық құрамы, сөйлемде атқаратын синтаксистік қызметі.

  Шығыс септіктің тұлғасы, мағыналық құрамы, сөйлемде атқаратын синтаксистік қызметі.

  Көмектес септіктің тұлғасы, мағыналық құрамы, сөйлемде атқаратын синтаксистік қызметі.

 

ЗАТ ЕСІМНІҢ ЖІКТЕЛУІ

  Зат есімнің ішінде белгілі бір тобының ғана жіктік жалғау арқылы түрлене алатыны. Зат есімге жіктік жалғаудың толық түрі жалғанатыны. Зат есімнің сөз түрлендіруші қосымшалардың бәрінен соң ғана жіктік жалғауы жалғана алатыны.

  Зат есім барлық жағдайда жіктеле бермей, тек баяндауыш қызметінде ғана жіктелетіні, яғни зат есімнің жіктелуі нақтылы бір синтаксистік қызметке ғана байланыстылығы. Зат есімнің жіктік жалғауын түбір сөзге тікелей қабылдау қабілеті, оның етістіктің жіктелуінен ерекшелігі.

 

СЫН ЕСІМ

    Сын есім заттың түрлі сындық белгілерін, салмағын, сапасын, сипатын, түсін, түрін, көлемін, аумағын басқа да сан алуан түрлі қасиеттерін білдіретін сөз табы. Осы ерекшелік оның зат есімнен тіркесте қолданылуын керек ететіні. Сын есімнің өзіндік мағынасы, морфологиялық белгілері, синтаксистік қызметіитбары.

  Сын есімнің мағыналық жағынан үлкен екі топқа бөлінетіндігі: сапалық сын есімдер, қатыстық сын есімдер.

  Сапалық сын есімдер заттың әр алуан белгілерінің сапасын, сипатын, түрі, түсін, аумағы мен салмағын т.б. да сындық белгілерін білдіретіндігі.

Сапалық сындардыңбасым көпшілігі негізгі болғанымен, тарихи жағынан туынды түбірге жататын сын есімсөздер де бар. Сапалық сындардың құрамы өте баяу болса да, толығып отыратыны.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: