Кредит саны: 4 кредит 2 страница

Сапалық сын есімдердің мағыналық жағынан, түрлену жағынан өзіндік ерекшеліктері, белгілері.

Қатыстық сын есімдер заттың сан алуан белгілерін басқа заттардың қатысы арқылы білдіретіні. Қатыстық сындардың морфемдік құрамы: негізгі морфема, көмекші морфемадан тұратыны, әрқайсысының атқаратын қызметі. Қатыстық сын есімдердің негізгі сөздердің басқа сөз таптарына қатысы. Қатыстық сын есімдердің сын есімнің категория көрсеткіштерімен түрленбейтін ерекшелігі.

Сын есімдердің құрылымына қарай ерекшелігі: жалаң және күрделі түрлері бары.

  Жалаң сын есімдердің негізгі және туынды түбір сын есім болып бөлінетіндігі.  

Күрделі сын есімдердің ең кемі екі сөзден құралатыны, оның ішкі құрамының түрлілігі: 1) көк ала, қара шұбар, қара көк, ала қара көк; 2) ақ көйлекті, қара қалпақты; 3) жібек көйлекті, түлкі тымақты; 4) үлкен-кіші, таулы-таусыз т.б.

 

ШЫРАЙ КАТЕГОРИЯСЫ

Бір түрлі сындық белгінің ақиқат өмірде түрлі дәрежеде болуын білдіретін сын есімнің шырай категориясы екендігі. Шырай категориясының өзіндік мағынасы, ол мағынаны білдіретін көрсеткіштері бары.

Шырай категориясының мағыналық құрылымының түрлілігі. Шырай категориясының мағына түрлілігіне морфемдік көрсеткіштердің сәйкестігі. Соған қарай шырайдың бірнеше түрлері бары. Шырай түрлерін топтастыру, жіктеу туралы ғалымдар пікірі.

Шырай түрлері: 1) жай шырай; 2) салыстырмалы шырай; 3) күшейткіш шырай; 4) асырмалы шырай. Шырай түрлерінің әрқайсысының мағынасы, жасалу жолдары, әр шырайдың өзіндік тұлғасы. Сын есімнің синтаксистік қызметі.

 

САН ЕСІМ

Сан есімнің заттың сандық белгісін білдіретіндігі, заттық сын есімге ұқсастығы, соған қарай сын есімнің де зат есіммен тіркесте көбірек қолданылуы. Сан есімнің зат есіммен тіркесінсіз қолдана алатыны.

Сан есім сөздердің өзіндік ерекшеліктері, оның басқа сөз тапиарына ұқсамайтын жақтары. Сан есімнің өзіндік грамматикалық категориясының жоқ екені, басқа сөз таптарының грамматикалық категорияларымен түрлену қабілеті.

Сан есімнің құрылымы. Дара және күрделі сандар. Дара сандардың аз екендігі. Күрделі сандардың жасалу ерекшелігі. Күрделі сандардың көп екендігі.

 

САН ЕСІМНІҢ СИНТАКСИСТІК ҚЫЗМЕТІ. САН ЕСІМНІҢ МАҒЫНАЛЫҚ ТОПТАРЫ

Сан есім сөздер заттың сандық мөлшерін түрліше білдіре алатынына қарай, бірнеше мағыналық топқа жіктелетіні: есептік сан, реттік сан, болжалдық сан, жинақтық сан, топтық сан, бөлшектік сан. Сан есімнің мағыналық топтарының әрқайсысының бір-бірінен мағыналық ерекшелігі, жасалу жолдары, зат есіммен тіркесте қолданылуы мен зат есім тіркесінсіз қолданылуы, түрлену мүмкіндігі.

 

ЕСІМДІК

Есімдік сан жағынан үлкен сөз табына жатпайтыны, бірақ тілдегі қолданысы жағынан ірі сөз таптарынан кем екені.

Есімдік есімдер тобына жатқанымен, олардың ешбірінің нақтылы мағынасын (заттың атын, сындық белгілерін, санын) мағынаның жалпылығы арқылы сөйлемде білдірмейтіні. Есімдіктің бұл ерекшелігі сөздің сөйлемде қайталану қажеттілігінен құтқаратыны.

Есімдіктердің түрленуі, оның қай сөз табының орнына қолданылуына байланыстылығы, есімдікке ған тән сөз түрлендіруші қосымша, категория жоқ екендігі.

Есімдік синтаксистік қызметі де оның қай сөз табының орнына қолданылуына байланыстылығы, сөйлемнің барлық мүшесінің қызметін атқаратыны.

  Есімдікке тән ортақ негізгі мағыналық ерекшелік жалпы мағына болғанымен, оның іштей түрлі өзіндік ерекшелігі бары, соған орай есімдіктің мағыналық топтары бар: 1) жіктеу есімдіктері; 2) сілтеу есімдіктері; 3) сұрау есімдіктері; 4) өздік есімдіктері; 5) белгісізідік есімдіктері; 6) болымсыздық есімдіктері; 7) жалпылау есімдіктері.

Жіктеу есімдіктерінің жақтық мағынаны білдіретіні, үш жақтың жекеше-көпше түрінің есімдіктері бары. Жіктеу есімдіктері не бары сегіз сөз (мен, сен, сіз, ол, біз, сендер, сіздер, олар) болғанымен, сөйлемде өте жиі қолданылады. Жіктеу есімдіктерінің жақтық мағынасы сөйлеуші, тыңдаушы, бөгде адаммен байланысты болғандықтан, сөйлемде адам аттарының орнына қолданылып, олардың мағынасы адаммен байланысты екені. Жіктеу есімдігінің үш жағының сілтеу есімдігімен ортақтығы.

   

ЕТІСТІК

Етістіктің сөз таптары ішіндегі ең күрделі сөз табы екендігі. Етістік сөз табының қазақ тіл білімінде зерттелу жайы. Етістіктің лексика-семантикалық жақтан алкан түрлілігі, өз ішінде қозғалыс, амалды білдіретін, өсіп-өну, бағыт-бағдар, мінез-құлық, бейнелеу мәнді, көңіл-күй мәнді, қалып етістіктері т.б. болып бөлінуі. Негізгі түбір етістіктер, туынды түбір етістіктер. Дара, күрделі етістіктер.

Негізгі және көмекші етістіктер. Көмекші етістіктердің түрлері. Аналитикалық форманттар, олардың мағыналары, құрылымы.

Етістіктің лексика – грамматикалық және грамматикалық категориялары. Салттылық және сабақтылық категориясы.

Етістік категориясы субъекті мен объекті қимылға қарым-қатынасын білдіретін арнайы грамматикалық формалар жүйесі екендігі. Етіс түрлері, олардың жасалуы, жұрнақтары.

Етістіктің болымды-болымсыздық категориясы. Болымды-болымсыздықтың бір грамматикалық категорияның қарама-қарсы екі жағы екендігі, етістіктердің болымды-болымсыздығының берілу жүйесі, болымдылық пен нөлдік тұлғаның сәйкестігі, болымсыздық мағынаның етістікке синтетикалық, аналитикалық жолмен берілетіндігі туралы. Болымды-болымсыз мағынаның қазақ тіліндегі бар етістікке қатыстылығы.

 Қимылдың өту сипаты етістіктің дербес лексика-грамматикалық категориясы екендігі, оның ғылымда танылуы мен зерттелуі, өздік семантикалық және грамматикалық ерекшеліктері мен берілу тәсілдері.

Есімше, көсемше, тұйық етістік тұлғаларының етістіктің грамматикалық категориялары ішіндегі орны.

Есімше, оның түрлері, мағынасы, жасалуы. Есімшенің екі жақты қызмет атқаруы. Есімшенің түрленуі: көптелуі, тәуелденкі, септелуі, жіктелуі. Есімшенің сөйлемде атқаратын қызметі. Көсемше. Көсемшенің мағынасы, жасалуы. Көсемшенің әрі қимылды, әрі қимылдың амалын білдіретін қызметі туралы. Көсемше формаларының күрделі етістік, аналитикалық формалы етістік құрамындағы қолданысы, орны. Көсемшенің жіктелуі, сөйлемде атқаратын қызметі. Тұйық етістік. Тұйық етістіктің іс-әрекеттің өту, істелу процесін емес, атауын білдіретіндігі, қимыл атауы, қимыл есім атаулары жайлы. Тұйық етістіктің көптелуі, септелуі, тәуелденуі, сөйлемдегі синтаксистік қызметі.

Модальдық категория, модальдылық жөніндегі көзқарастар, пікірлер.

Рай категориясы. Рай – мазмұн жағынан да, форма жағынан да бай грамматикалық категория. Етістіктегі грамматикалық мағынаға қос модальдік мағынаның жарыса көрінуі. Рай түрлері: ашық рай, бұйрық рай, шартты рай, қалау рай. Ашық райдағы іс-әрекеттің шақтық ұғыммен байланыстылығы.

Бұйрық рай, оның білдіретін мағыналары I, II және III жақтағы мағыналардың бұйыру мәніне қатыстылығы. Бұйрық райдың синтетикалық және аналитикалық формалары. Бұйрық рай формаларындағы етістіктің жіктелу ерекшеліктері. Бұйрық райдың жақ тұлғасы, етістіктің түбір тұлғасы, нөлдік тұлға ұғымдарының бір-бірімен ара қатынасы туралы қаз қ тіл біліміндегі зерттеушілердің ой-пікірлері.

Шартты рай, білдіретін мағыналары, жасалу (синтетикалық және аналитикалық) көрсеткіштері. Жіктеу ерекшелігі -са, -се жұрнағының қосалқы қызметтері және одан туындайтын модальдік мәндер.

Қалау рай, білдіретін мағынасы қалау мағынасының түрлі нүктелері және олардың берілу жолдары. Қалау райдың синтетикалық және аналитикалық формалары.

Шақ категориясы. Шақ категориясы етістікті өзге сөз таптарынан ерекшелендіретін негізгі грамматикалық категория екендігі. Шақ түрлері: осы шақ, келер шақ, өткен шақ. Әрқайсысының іштей түрлерге бөлінуі. Шақ түрлері және оның атаулары жөніндегі қазақ тіл біліміндегі ғалымдар пікірі. Осы шақ, оның мағынасы, сол мағынаны білдіретін амал-тәсілдер. Осы шақтың түрлері. Осы шақтағы етістіктің болымды-болымсыз формада қолданылуы. Өткен шақ, оның сөз ішінде бөлінуі, өткен шақтың түрлері, олардың берілу жолдары. Келер шақ, оның түрлері, жасалуы. Етістіктің жіктелуі. Етістіктің жақ категориясы. Етістіктің сөйлемдегі синтаксистік қызметі.

 

ҮСТЕУ

Үстеу – сөз табының бірі, оның семантикалық сипаты. Үстеудің қимылдың алуан түрлі күй-жайларын, түрлі белгілерін білдіретіндігі, өз алдына жеке сөз табы екендігі.Үстеулердің тілдің түрлі тәсілдері арқылы тарихи қалыптасқаны. Сондықтан басқа сөздер тобымен төркіндігі, морфологиялық құрамы жағынан негізгі түбір, туынды түбір үстеулер болатындығы. Дара және күрделі үстеулер болып бөлінетіндігі. Үстеулердің арнайы морфологиялық түрлену жүйесінің жоқ екендігі. Үстеу –грамматикалық категориясы жоқ сөз табы.

Үстеу сөздердің мағынасына қарай: мезгіл, мекен, мөлшер, сын-бейне, күшейту, мақсат, себеп-салдар, топтау үстеулері болып бөлінетіндігі. Мезгіл үстеулері, олардың құрылысының біркелкі еместігі. Дара және күрделі болып келуі, жасалу жолдары, сөйлемдегі орны, атқаратын синтаксистік қызметі. Мекен үстеулері, олар қимылдың орнын, мекенін, бағытын білдіруі, сұрақтары қайда? қайдан? Мекен үстеуіне жататын сөздер, олардың тұлғаларының бірыңғай еместігі. Мақсат, себеп-салдар, топтау үстеулері, білдіретін мағыналары, сұрақтары, оларға жататын үстеу сөздер. Үстеулердің сөйлемдегі синтаксистік қызметі. Пысықтауыш болуы, үстеулердің әрқашан өздері пысықтайтын сөздерінен бұрын тұратындығы, алайда мезгіл үстеулерінің сөйлемде орын талғамайтындығы. Кей жағдайларда үстеулердің бастауыш, толықтауыш, баяндауыш қызметінде жұмсалуы.

 

ЕЛІКТЕУ СӨЗДЕР

Еліктеу сөздердің лексикалық және тұлғалық жағынан өзгеше сөз табы екендігі. Еліктеу сөздердің қатары айналадағы түрлі-түрлі дыбыстарға еліктеуден, қимыл-әрекеттерді, қилы-қилы көріністерін бейнелеуден туатын сөздер тобы екендігі.

Еліктеу сөздердің түрленбейтіндігі. Еліктеу сөздер іштей:еліктеуіш және бейнелеуіш сөздерге бөлінетіндігі. Олардың сипаттамасы, қатары, құрамы, сөйлемдегі қызметі. Олардың сөздермен тіркесу қабілеті туралы.

Еліктеу сөздердің фонетика-морфологиялық сипаты. Еліктеу сөздердің дыбыстық құрамының, буын жігінің, айтылу ырғағының қалыптасқан, әрі орнықты, әрі жүйелі заңдылықтарының бар екендігі.

Еліктеу сөздердің құрылысына қарай дара және күрделі болып келетіні. Дара еліктеу сөздердің негізгі және туынды болып бөлінетіндігі. Негізгі еліктеу сөздерге есту, көру арқылы қабылданған табиғат құбылыстары, көрініс бейнелерінің атауларының жататындығы, туынды еліктеу сөздерге жалпы сипаттама. Күрделі еліктеу сөздер.

Негізінен етістіктермен тіркесіп пысықтауыш мүше қызметін атқаратындығы, құранды мүшенің құрамында келіп бастауыш қызметінде қолданылуы. Зат есімдермен тіркесіп анықтауыштық қызметте де келетіндігі.

 

ШЫЛАУ

Шылаулардың басқа сөз таптарынан ерекшелігі. Шылау сөздер әуелгі дербестігінен айырылған көмекші сөздер ретінде қызмет атқаратыны. Шылаулардың дәнекерлік қызметінің және атауыш сөздермен тіркесу қабілетінің, олардың қалыптасқан грамматикалық мағыналарының сипаттарына қарай жалғаулықтар, септеуліктер, демеуліктер болып бөлінетіндігі.

Жалғаулықтар, олардың өздеріне тән грамматикалық қызметі. Жалғаулықтардың өзара тең дәрежедегі бірыңғай сөздерді, сөз тіркестерін, сөйлемдерді байланыстыратындығы. Байланыстыру қабілетіне қарай салыстырғыш және сабақтастырғыш жалғаулықтар болып бөлінетіндігі. Ыңғайлас, талғаулықты, қарсылықты, себеп-салдар, шарттық, ұштастырғыш жалғаулықтар, олардың қатары, сипаттамалары.

Септеуліктер, олардың өзі қатысты сөздің белгілі тұлғада тұруын талап ететіндігі және тіркескен сөздерге түрлі мағыналар үстейтіндігі. Септеулік шылаулардың жалғаулық шылауларме қызметтерінің ұқсастығы мен айырмашылығы.  

Демеуліктер, олардың өздері тіркесетін сөздерге қосымша реңктер үстейтіндігі. Қосатын реңк мәндеріне сай сұраулық, күшейткіш, болжал, болымсыздық, қомсыну мәнді демеуліктер болып бөлінетіндігі.

 

ОДАҒАЙ

Одағай лексика-грамматикалық сипаты жағынан адамның әр түрлі көңіл – күйіне байланысты ишараттар және төрт түлік малға арнайы айтылатын, сөйлемде басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспейтін, оқшау қолданылатын сөздер тобы екендігі. Одағайлардың зерттелуі. Одағайлардың мағынасына қарай түрлері: көңіл-күй, ишарат одағайлары. Морфологиялық құрылысы жағынан негізгі және туынды одағай болып бөлінетіндігі. Одағайлардың сөйлемде лепті, сұраулы сөйлемдердің құрамында келетіндігі. Екі түрлі жағдайда ғана сөйлем мүшесі бола алатындығы: 1) көмекші етістіктермен тіркесіп, күрделі мүшенің құрамында келгенде; 2) түрлі қосымшаларды қабылдау арқылы заттанып барып әр түрлі сөйлем мүшесі бола алады.

 

ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ

  Қазіргі қазақ тілі морфологиясы бойынша лекциямен бірге практикалық сабақтар жүргізу жоспарланған. Негізгі мақсаты студнттің осы ғылыми курс бойынша меңгерген ғылыми-теориялық білімін жүйелеп, оны практиалық тұрғыдан талдап, тани білу дағдысын қалыптастыру, тұрақтандыру. Практикалық сабақтардың мазмұн, мақсаты туралы басшылыққа алатын көмекші оқу құралдары:

1. Исаев С.М. Қазіргі қазақ тілі курсы бойынша теориялық және практикалық сабақтың мазмұны (Методикалық құрал). Алматы, 1991ж.

2. Исаев С.М., Бектұров. Грамматикалық талдау тәсілдері. Алматы, 1986 ж.

3. Жоғары оқу орындарына арналған қазіргі қазақ тілі курсының программасы. Алматы,1982 ж.

4. Қазіргі қазақ тілі бағдарламасы. Фонетика, морфология, синтаксис. Алматы,1994 ж.

Төмендегі бағдарламадағы тақырып желісі бойынша өткізілетін практикалық сабақтарда қарастырылатын мәселелер жүйесі көрсетілді және міндетті түрде студент конспекті жасайтын әдебиеттер көрсетілді. Сөз таптарының жасалуы сөзжасам курсында өтілетіндіктен жеке сұрақ ретінде қарастырылады.

 

ГРАММАТИКА ЖӘНЕ ОНЫҢ САЛАЛАРЫ

ТІЛДІҢ ГРАММАТИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ

     Грамматиканың зерттеу объектісі, грамматиканың салалары, морфология, синтаксис, морфологияның зерттеу объектісі. Тілдің грамматикалық құрылысы ұғымы не жайлы, негізгі грамматикалық ұғымдар.

 

ГРАММАТИКАЛЫҚ МАҒЫНА МЕН ГРАММАТИКАЛЫҚ ФОРМА

ГРАММАТИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯ

Грамматикалық және лексикалық мағынаның айырмашылығы, арақатынасы. Грамматикалық мағына, түрлері, тілде олардың берілу тәсілдері. Ол туралы ғалымдар пікірлері. Грамматикалық мағына мен грамматикалық форма, олардың бір-бірімен байланыстылығы. Грамматикалық форманың берілу тәсілдері. Грамматикалық мағына мен грамматикалық форманың сәйкестігі. Ол туралы ғылымдағы көзқарастар. Нөлдік форманың қазақ тіліндегі парадигмалық сипаты.

Грамматикалық категория ұғымы, грамматикалық категорияның сипаты. Грамматикалық категорияның түрлері.

 

ӘДЕБИЕТТЕР (конспектілеу үшін)

1. Ысқақов А. Грамматикалық мағына және грамматикалық форма. «Қазақстан мектебі» журналы, 1961, № 4, 60-66 бб.

2. Ысқақов А. Грамматикалық мағына және грамматикалық форма. «Қазақстан мектебі» журналы, 1961, № 8, 39-45 бб.

3. Ысқақов А. Сөздің грамматикалық жағынан даму мәселелері. «Қазақстан мектебі» журналы, 1962, № 7.

4. Оралбаева Н. Сөздерді қосымшасыз қолданудың сыры. Кітап: Сөз өнері. Алматы, 1978. 21-28 бб.

5. Исаев С. Грамматикалық мағына мен грамматикалық форманың сәйкестігі және нөлдік тұлға туралы. «Қазақстан мектебі» журналы, 1976, №8.

6. Исаев С. Қазіргі қазақ тілінідегі негізгі грамматикалық ұғымдар. Алматы, 1992, 8-40, 48-58 бб.

 

СӨЗ ТАПТАРЫ. СӨЗДЕРДІ ТАПТАСТЫРУ ПРИНЦИПТЕРІ

        1.Сөздерді таптастырудың негізгі принциптері, ол принциптердің мәні мен сипаты

2.Сөз таптарының шығуы мен дамуы.

3.Қазақ тіліндегі сөз таптары

4.Бейтарап сөздер

 

ӘДЕБИЕТТЕР (конспектілеу үшін)

       1. Қордабаев Т. Сөздерді топқа бөлу тарихынан (мақала)\\Қазақстан мектебі, №7, 1985

       2. Ысқақов А. Қазақ тіліндегі сөздерді таптастыру туралы (мақала)\\Қазақстан мектебі, №8, 1961.

       3. Жанпейісов Е. Модальдық мағына білдіретін кейбір сөздердің құрылымдық сипаты\\ Қаз ССР ҒА хабарлары, 1983, №1.

       4. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. Алматы, 1988, 92-256 бб.

       5. Ерғалиев Т. Қазақ тіліндегі сөздер сен сөз таптарының морфологиялық құрылысы. Алматы, 1968, 7-16 бб.

 

ЗАТ ЕСІМ

Зат есімнің семантикалық сипаты. Семантикалық ерекшеліктері бар топтары адамзат, ғаламзат есімдері, жалпы, жалқы зат есімдер. Жалқы есімдердің ауқымы, өз ішінде бөлінуі, қолданылу аясы. Даралау, жинақтау, көптік, эмоция-экспрессивті мәнді зат есімдер. Зат есімнің морфологиялық сипаты. Зат есімнің құрылымы: жалаң және күрделі зат есімдер. Түбір, туынды зат есімдер. Күрделі зат есімдер. Зат есімнің көптік категориясы. Зат есімнің тәуелдік категориясы. Зат есімнің септік категориясы. Зат есімнің жіктелу ерекшелігі. Көмекші есімдер, олардың көлемдік, мезгілдік мәнді білдіруі, көмекші есімдердің зат есім шеңберінде қолданылу ерекшелігі. Зат есімнің сөйлемдегі қызметі. Зат есімнің сөйлемдегі қызметі о жүйесімен байланыстылығы.ның түрлену

 

ӘДЕБИЕТТЕР (конспектілеу үшін)

1. Нұрғалиев М. Көптік жалғау туралы. Алматы, 1973.

2. Данияров А. Қазіргі қазақ тілінде көптік категориясының берілу жолдары. Тіл және әдебиет мәселелері. Алматы, 1963.

3. Оралбаева Н. Зат есімнің көптік категориясы. Қазақ тілі мен әдебиеті. 1959.

4. Оралбаева Н., Балтабаева Ж. Түркологиядағы атау (негізгі) септік проблемасы. Қаз ССР ҒА хабарлары, Филология сериясы, 1982

5. Нұрмағамбетова Ә. Дағдыдан тыс тәуелдік жалғау. Қазақстан мектебі, №7, 1971, 95-96 бб.

6. Мұсабекова Ф. Қазақ тіліндегі септік жалғауының берілетін мағыналары. Труды научной конф. посвященном 40-летию КазПИ им. Абая, 1968.

 

 

СЫН ЕСІМ

Сын есімнің мағынасы. Сын есімге жататын сөздер. Семантикалық сипаты. Сапалық және қатыстық сын есімдер, құрамы. Сын жасалуы. есімнің грамматикалық сипаты. Сын есімнің шырай категориясы. Шырай түрлері. Сын есімнің сөйлемдегі қызметі.

 

ӘДЕБИЕТТЕР (конспектілеу үшін)

  1. Мұсабаев Ғ. Қазақ тіліндегі сын есім категориясы. – Алматы, 1961.
  2. Мұсабекова Ф. Сын еісм, оның қолданылуы. Жинақ. Қазақ филологиясы. Төртінші кітап. Алматы, 1977, 44-51 бб.
  3. Исаев С. И Тұлғалы қатыстық сын есімдер және сөз тіркесін құраудағы оның рөлі туралы. ҚазССР ҒА хабарлары. 1965 1-шығуы.
  4. Шакенов Ж. Қазiргi қазақ тiлiндегi сын есiм категориясы. -Алматы, 1961.

 

САН ЕСІМ

Сан есімнің лексикалық және грамматикалық сипаты. Сан есімнің құрылымына әсері, дара және күрделі сан есімдер. Сан есімнің мағыналық топтары, олардың сұрақтары, қатары, жасалуы, сөйлемдегі қызметі.

 

ӘДЕБИЕТТЕР (конспектілеу үшін)

1. Хасенова А. Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімдер. Алматы, 1957.

2. Сайранбаев Т. Сын, сан есімдердің етістікпен тіркесі, Алматы, 1966.

3. Шаһарман Г. Бір, жалғыз, екі, егіз сөздерінің семантикалық ерекшеліктері. Жинақ: қазақ тілі және лингодидактикалық мәселелрі, Алматы, АлМУ, 1997, 108-112 бб.

 

ЕСІМДІК

Есімдіктің лексикалық-грамматикалық сипаты. Сөз табы ретіндегі ерекшелігі, мағыналық түрлері: жіктеу, сілтеу, сұрау, өздік, белгісіздік, жалпылау, болымсыздық есімдіктері, ерекшеліктері, олардың түрленуі, сөйлемдегі қызметі, есімдікке ауысқан сөздер (прономиналдану).

 

ӘДЕБИЕТТЕР (конспектілеу үшін)

  1. Ибатов А. Қазақ тiлiндегi есiмдiктердiң тарихынан. -Алматы, 1966.
  2. Ибатов А. Қазақ тiлiндегi есiмдiктер. -Алматы, 1961.
  3. Ахметов Ә., Жүнісбекова Қ., Оразбаева Ф. Қазіргі қазақ тіліне арналған жаттығулар. Морфология (оқу құралы). Алматы, 1998.

 

ЕТІСТІК

Етістіктің лексика-семантикалық, грамматикалық сипаты. Етістіктің зерттелуі. Етістіктің семантикалық топтары, туынды етістіктер. Етістік түбірдің семантикалық ерекшеліктері, ғалымдар көзқарастары.

  Негізгі және көмекші етістіктер. Көмекші етістіктердің түрлері. Етістіктің аналитикалық форманттары, құрылымы, мағыналары.

Қалып етістіктері. Қимылдың өту сипаты. Дара және күрделі етістіктер. Күрделі етістік мәселесі туралы. Қазақ тіл біліміндегі жаңа көзқарастар, зерттеулер.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: