Кредит саны: 4 кредит 3 страница

Етістіктің лексика-грамматикалық және грамматикалық категориялары.

Салттылық және сабақтылық категориясы. Етістік категориясы субъекті мен объекті қимылға қарым-қатынасын білдіретін арнайы грамматикалық формалар жүйесі екендігі. Етіс түрлері, ол жөніндегі зерттелу мен оқулықтардағы ой-пікірлері. Өздік етіс, білдіретін грамматикалық қимылға қатысты субъект, оның грамматикалық тұлғасы, жасалуы, жұрнақтары. Ортақ етіс, мағынасы, жасалуы, жұрнақтары. Оны басқа сөз тұлғаларынан ажырату. Етістік жұрнақтарының бір сөзде қабаттаса қолданылу ерекшелігі.     

Етістіктің болымды-болымсыздық категориясы. Қимылдың өту сипаты етістіктің дербес лексика-грамматикалық категориясы екендігі, оның ғылымда танылуы мен зерттелуі, өздік семантикалық және грамматикалық ерекшеліктері мен берілу тәсілдері. Есімше, көсемше, тұйық етістік тұлғаларының етістіктің грамматикалық категориялары ішіндегі орны. Модальдық категория, модальдылық жөніндегі көзқарастар, пікірлер.

Рай категориясы. Рай-мазмұн жағынан да, форма жағынан да бай грамматикалық категория. Етістіктегі грамматикалық мағынаға қос модальдік мағынаның жарыса көрінуі. Рай түрлері: Ашық рай, бұйрық рай, шартты рай, қалай рай.

Шақ категориясы. Шақ категориясы етістікті өзге сөз таптарынан ерекшелендіретін негізгі грамматикалық категория екендігі. Шақ түрлері: осы шақ, келер шақ, өткен шақ. Шақ түрлері және оның атаулары жөніндегі қазақ тіл біліміндегі ғалымдар пікірі. Етістіктің жіктелуі. Етістіктің жақ категориясы, жіктелуі (қысқаша, толық көпше, жекеше түрлері, етістіктің әр категориясын өткендегі жіктелуі туралы мәліметтерді жинақтау туралы). Етістіктің сөйлемдегі синтаксистік қызметі.

 

ӘДЕБИЕТТЕР (конспектілеу үшін)

1. Қалыбаева А. Қазақ тіліндегі етіс категориясы. Алматы, 1957.

2. Оралбаева Н. Қазақ тіліндегі етістіктің категориялары (тіркесімі, сөздегі орны). Алматы, 1980.

3. Сауранбаев Н. Деепричастие в современном казахсом языке. Алма-Ата, 1940.

4. Оразов М. Семантика казахского глагола. Алматы, автореф. Д.ф.н. 1983.

5. Оразов М.Қазақ тіліндегі қалып етістіктері. Алматы, 1980.

6. Ерғалиев Т.Қазақ тіліндегі есімше категориясы. – Алматы, 1958.

7. Әбілқаев А. Де етістігінің мағыналары мен қызметтері. – Алматы, 1958.

8. Қасымова Б. Қазiргi қазақ тiлiндегi күрделi етiстiктер. -Алматы, 1992.

9. Қасабекова Қ. Негізгі түбір салт етістіктер /Оқу құралы. Алматы, 1998.

10. Әбдіғалиева Т. Қазіргі қазақ тіліндегі болымдылық, болымсыздық категориясы. Алматы, 1998.

11. Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тіліндегі шақ категориясы. – Алматы,1953.

12. Омарбеков С. Қалау рай және кейбір түрлері жөнінде. ҚазССР ҒА хабарлары, филология және өнертану сериясы, Алматы, 1960, 1 шығуы.

13. Мамаділова Қ. Етістіктің кейбір модальдық конструкцияларының тарихи тамырлары \\ Қазіргі қазақ тілі теориясы мен оны оқыту әдістемесінің мәселелері. Алматы,1995, 18-21 бб.

14. Жұмағұлова О. Көсемшенің қызметтері туралы. Жинақ. Алматы, 1998, 23-25 бб.

15. Омарова А. Осы шақтың Қ.Жұбановқа дейінгі грамматикалардағы көрінісі\\Проф.

16. Н.Оралбаева және қазақ тіл білімінің мәселелері, Алматы,

17. Мұхамеди Қ. Қимылдың тездігін білдіретін тәсілдің өзіндік белгілері «Қазақстан жоғары мектебі» журналы, Алматы,1997, №3, 19-23 бб.

 

ҮСТЕУ

       Үстеу – өз алдына жеке сөз табы. Үстеудің лексика-грамматикалық сипаты. Үстеудің мағыналық топтары: мезгіл, мекен, мақсат, себеп-салдар, топтау үстеулері. Оларға жататын сөздер, құрамы, қолданылу ерекшеліктері. Оларға жататын сөздер, құрамы, қолданылу ерекшеліктері. Дара, күрделі үстеулер. Үстеудің сөйлемдегі қызметі.

 

ӘДЕБИЕТТЕР (конспектілеу үшін)

1. Искакова А. Наречие в казахском языке. Алма-Ата, 1960.

2. Төлеуов Ә. Сөз таптары. Алматы, 1982, 108-112 бб.

3. Ахметов Ә., Жүнісбекова Қ., Оразбаева Ф. Қазіргі қазақ тіліне арналған жаттығулар. Морфология (оқу құралы). Алматы, 1998.

 

ЕЛІКТЕУСӨЗДЕР

   Еліктеу сөздерге жататын сөздер. Еліктеу сөздердің түрлері. Еліктеуіш сөздер, олардың дыбыстық құрамы, буын жігі, қолданылуы. Бейнелеуіш сөздер, олардың дыбыстық құрамы, буын жігі, қолданылуы. Еліктеу сөздердің құрамы, басқа сөздермен тіркесуі. Еліктеу сөздердің сөйлемдегі қызметі.

 

ӘДЕБИЕТТЕР (конспектілеу үшін)

1. Сарыбаев Ш. Қазақ тiлiндегi елiктеуiш сөздер. -Алматы, 1960.

2.Катембаева Б. Подражательные слова в казахском языке. АКД. Алма-Ата, 1965.

3.Катембаева Б. Елiктеуiш сөздерді оқыту. Алматы, 1973.

 

ШЫЛАУЛАР

Шылаулардың сөз табы ретіндегі лексика-семантикалық сипаты. Шылаулардың түрлері: 1) жалғаулықтар, олардың негізгі қызметі, өз ішіндегі мағыналық түрлері; 2) септеуліктер, негізгі қызметі мен мағыналық түрлері, жалғаулық шылаулармен ұқсастығы және айырмашылығы; 3) демеуліктер, олардың қызметі, өз ішіндегі мағыналық түрлері, кейбір демеуліктер дің емілесі.

 

ӘДЕБИЕТТЕР (конспектілеу үшін)

1.Әміров Р. Қазақтіліндегі жалғаулықтар. Алматы, 1959.

2.Кенжебаева Ф. Шылау сөздер. «Қазақстан мектебі», 1962, №9.

3.Шақаман Ы. Демеулік шылаулардың зат есімге тіркесі мен қолданылу аясы. «Қазақ тілі мен» әдебиеті журналы, №9, 1967, 77-80 бб.

 

ОДАҒАЙ

Одағайдың сөз табы ретіндегі ерекшелігі. Одағайдың құрылымы. Одағайдың мағыналық түрлері. Одағайдың сөйлемдегі қызметі.

 

ӘДЕБИЕТТЕР (конспектілеу үшін)

  1. Сарыбаев Ш. Междометия в казахском языке. -Алматы, 1959.
  2. Ыбыраев С. Бір фонемалы одағайлардың мағынасы мен интонациясы \\ «Қазақстан мектебі», 1984, №8, 71 б.

 

ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР

Қазіргі қазақ тілінің морфология курсы бойынша практикалық семинар сабақтармен қатар оқу жоспарында лабораториялық сабақтар да бар. Олардың сағат саны әр мамандықтың оқу жоспарында әр түрлі болып келеді. Сол себепті сағат санын көрсетуге мүмкіндік болмайды. Жоғары оқу орындарының қазақ филологиясы факультетіндегі лабораториялық жұмыстарға арналған үш көмекші құрал баспадан жарық көрген. Олар: 1) Ахабаев Ә., Омарова Б. Қазіргі қазақ тілінен лабораториялық жұмыстар. Морфология. Алматы, 1992. 2) Лабораториялық жұмыстар. Авторлар:Н.Оралбаева, Ғ.Қалиев, К. Бейсенбаева, С.Хасанова, Б.Шалабаев. Алматы, 1992. 3) Ә.Ахметов, К. Жүнісбекова, Ф.Оразбаева. Қазіргі қазақ тіліне арналған жаттығулар. Морфология (оқу құралы). Алматы, 1998.

Бұл құралдарда лабораториялық жұмыстың орындалу шарттарын түсіндірген. Әрбір сабақтың мазмұнына сай қажетті негізгі және қосымша әдебиеттер көрсетілген. Теориялық берілген дайындықты, тапсырмадағы талдау үлгісін студент үйде жасайды. Сонымен бірге оқытушының көмегімен түсініксіз мәселелер бойынша студентке түсінік беріледі.

Лабораториялық сабақтарға негізінен теориялық та, практикалық та жағынан біршама күрделі немесе ол мәселе жөнінде бірыңғай көзқарас қалыптаспаған, қиындық келтірілген тақырыптар ұсынылады.

Лабораториялық сабақтардың тақырыбын оқытушы студенттердің білім деңгейін, қабілеттерін ескере отырып, өз таңдауына болады. Сондай-ақ, факультеттегі немесе кафедрадағы әдістемелік секцияның нұсқауын басшылыққа ала отырып жұмыс жасайды. Лабораториялық сабақтардың мақсаты сол тақырып бойынша студенттің меңгерген теориялықпрактикалық білім днңгейін анықтау түсініксіз мәселеге студенттің көзін жеткізу. Бұл тақырып бойынша сабақтар да өткізілетіні белгілі. Бірақ практикалық, семинар сабақтарына жалпылық сипат тән де, Лабораториялық сабаққа әр студентпен жеке жұмыс сипаты тән. Мұнда әр студенттің өз бетімен жеке жұмыс жасауы талап етіледі. Бұл сабақтара студент қазіргі қазақ тілінің морфологиялық курсы бойынша теориялық білімін іс жүзінде көрсетуге мүмкіншілік алады, екіншіден, талдау, жинақтау, қорытындылауға дағдыланады және сол тақырып туралы қосымша әдебиетпен оқығанын пайдаға асырады. Лабораториялық сабақтардың нәтижесі коллоквиум қорытындысына әсер етеді.

 

I. ТИПТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

АЛҒЫ СӨЗ

     Типтік оқу бағдарламасын жасаған филология ғылымдарының докторы, профессор Б.Қасым, филология ғылымдарының кандидаты Ұ.К.Исабекова. Мақұлдаған және пайдалануға рұқсат еткен Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті жанындағы оқу әдістемелік бірлестігі.

   Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 11.05.2005ж. №289 бұйрығы бойынша бекітілген.

Бірінші рет енгізілген.

Типтік оқу бағдарламасы 050117 – қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына сәйкес жасалған.

 

ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ СӨЗЖАСАМ ЖҮЙЕСІ

Қазақ тілі мен әдебиеті мамндарын дайындайтын жоғары оқу орындарының оқу жоспарына қазақ тілінің сөзжасам жүйесі жеке пән ретінде оқытылады. Бұл пән Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің (ол кездегі АлМУ)қазіргі қазақ тілі кафедрасының ұсынысы бойынша 1990 жылы қазақ тілінің сөзжасамы пән ретінде кіріп, 1992 жылы оның профессор Н.Оралбаева құрастырған бағдарламасы тұңғыш рет баспадан шыққан еді. Содан бері бұл пән осы бағдарлама негізінде оқытылып келді. Оқулық болмағандықтан, университеттер А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты 1989 жылы баспадан шығарған «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамжүйесі» атты монографияны қолданып келді. Әрине, мұнымен қоса сөзжасам мәселесінің жеке тақырыптарынан шыққан еңбектер мен А.Ысқақовтың «Қазіргі қазақ тілі. Морфология» атты оқулығындағы, С.Исаевтың «Қазақ тілінің грамматикалық көрсеткіштері» атты еңбегіндегі сөзжасам туралы мәлімет те қолданылды.

Уақыт өткен сайын ғылым да дамып, талап та өсіп отыратыны белгілі. «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі» пәні сөзжасам мәселесі туралы зерттеулерде айтылған пікірлер мен тұжырымдарға, сол сияқты А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты «Қазақ грамматикасы» деген атпен үш бөлімнен (сөзжасам, морфология, синтаксис) тұратын еңбектің материалдарына сүйенеді.

Сөзжасамның тіл білімінің жеке саласы ретінде танылуы оның өзіндік зерттеу нысанының болуына қатысты екендігі. Бұрын сөзжасам морфологияның құрамында сөз табына қатысты танылып келді. Қазақ тілі білімінде сөзжасам жеке сала. Сондықтан сөзжасам курсы студенттерге сөзжасам мәселелері туралы толық мағлұмат беруді көздейді.

Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі ұзақ замандардан бері екшеленіп, толығып қалыптасқан, өзіндік заңдылықтары жетілген жүйелі құбылыс, Тіл білімінде сөзжасам ертеден келе жатқан құбылысқа жатады. Оған түркі тілдерінің көне жазба ескерткіш үлгілеріндегі туынды сөздер дәлел бола алады.

  Сөзжасамның өзіндік бірліктері бар, олардың түрлі қызметтері қалыптасқан, жаңа мағына жасауы тілде қалыптасқан заңдылықтармен іске асатын, яғни сөзжасамдық тәсілдер мен үлгілер, сөзжасамдық ұя құрылымындағы мағыналық ерекшеліктерін белгілейтін заңдылықтарын, оның сөзжасамдағы негізгі қызметін көрсету. Бұл сөзжасам қазақ тілі білімінің дербес саласы болып танылуымен, өзіндік жеке зерттеу нысанының болуымен байланысты. Сөзжасам тілдің сөзжасам жүйесін, сөзжасамдық бірліктерді, сөзжасамдық заңдылықтарды, сөзжасамның амал-тәсілдерін сөзжасамдық типтерін, туынды сөздердің түрлерін, сөзжасамдық мағына, әр сөз табының сөзжасамын т.б. сөзжасамға қатысты мәселелерді қамтиды.

Тілдің сөзжасам жүйесі қазақ тілінің сөздік қоры мен сөздік құрамын жаңа сөздер арқылы толықтырып отыратын негізгі тілдік құбылыс болғандықтан, оны тілде жүзеге асыратын сөзжасамдық заңдылықтар, амал-тәсілдер екенін таныту көзделеді.

Осымен байланысты қазақ тілінің сөзжасам жүйесін зерттейтін арнайы пән ретінде студенттерге терең ғылыми-теориялық білім беру мақсатында жоғары оқу орындарының қазақ филологиясы факультетінің қазақ тілінің келешек мамандарына жан-жақты білім беруді көздейді.

  Сөзжасам курсының негізгі мақсаты – студенттерге негізгі теориялық мағұлматтар беру. Негізінен сөзжасамға қатысты соны ғылыми әдебиеттерге сүйене отырып, студенттердің білімін тексеру мақсатында, я меңгергенін білу үшін түрлі өздік жұмыс, тест жүйесі, кейбір даулы, қиын тілдік құбылыстар жайында пікірталас тақырыптары алынып жүргізіледі. Өздік жұмыстың маңызы өте зор. Студенттерді сөзжасам теориясынан алған білімін жаттықтыру мақсатында жүргізіледі. Бұл келешек қазақ тілі мамандарының сөзжасам мәселесінен алған теориялық білімін түсінуге, өз ойын дәлелдей білуге дағдыландырады. Осының бәрі студенттердің сапалы, терең білімді маман болып шығуын көздейді.

   Пәнді оқып үйренудің міндеттері:

- Сөзжасамдық негізгі ұғымдармен таныстыру;

 - Сөзжасам мәселелерінен толық мағлұмат беру;

 - Қазіргі заман тіл ғылымының дамуына сай жаңа технология бойынша модульдік жүйемен туынды сөздердің жасалуын таныстыру, жаттықтыру;

 - Туынды сөздердің ішкі мағыналық құрылымын анықтау;

 - Түбір сөздің шығу төркінін анықтау;

 - Сөз таптарының сөзжасамдық ерекшеліктерін таныту;

 - Сөзжасамдық талдау, морфемдік талдау, этимологиялық талдауға үйретіп, жаттықтыру, дағдыландыру.

 

СӨЗЖАСАМ ТІЛ БІЛІМІНІҢ ЖЕКЕ САЛАСЫ

Сөзжасам тіл білімінің дербес саласы деп бірден қалыптасқан мәселе емес екені. Оның орыс тіл білімнде ерте басталып, 1970 жылдарда әбден шешілгені оның танылуын дәлелдеген бір топ ғалымдар бары, шетел ғалымдарының да бұл мәселеленің шешілуіне қатысы. Жалпы тіл білімінде сөзжасамның дербес сала болып танылуының түркі тілдеріне әсері.

Қазақ тіл білімінде сөзжасамның дербес сала болып танылуы, ол дәлелденген ғылыми еңбек (Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі). Осы монографияда дәлелденген тіл білімінің басқа салаларымен байланысы: 1) сөзжасам – дербес сала; 2) сөзжасамныңтіл білімінің басқа салаларымен байланысы; 3) сөзжасамның жалпы теориялық мәселелері; 4) сөз таптарының сөзжасамы.

 

СӨЗЖАСАМНЫҢ ТІЛДІҢ БАСҚА САЛАЛАРЫМЕН БАЙЛАНЫСЫ

Сөзжасамныңтіл білімінің негізгі салаларының көбімен байланыстылығы, тіл білімінде біріменбірі байланыспайтын саланың кездеспеуі олардың ортақ объектілері яғни нысандарының болуымен байланыстылығы.

Сөзжасамның морфологиямен байланысының күштілігі, ол байланыстың ұзақ уақыт сөзжасамның морфология құрамында қаралуына себеп болғаны. Сонымен бірге олардың айырмасы.Тілде сөзжасам көрсеткіші мен қолданылған сөз лексема болып саналса, сөз түрлендіруші қосымшамен қолданылған сөз формасы болып танылады яғни олар тілдегі екі басқа құрылыстарға жататыны туралы.

Сөзжасамның синтаксиспен байланысы. Сөзжасамның аналитикалық тәсіл арқылы жасалған күрделі сөздердің табиғаты, құрылысы, жағынан синтаксистегі сөз тіркестерімен ұқсастығы, ол ұқсастық осы тілдегі екі саланың байланысынан туғаны.

Сөзжасамның лексикологиямен байланысы. Лексикология тілде бар сөздерді зерттейтін ғылым екені. Сөзжасам тілде бір кезде жоқ сөздің қалай пайда болғанын, қалай жасалғанын, керек сөзді қалай жасауға болатынын зерттейді. Сөзжасамдық әрекет нәтижесінде жасалған сөз лексикологияның қарамағына түсетіні. Осымен байланысты сөзжасам мен лексикология арасында байланыс пайда болатыны. Бірақ бұл екі сала да сөзді зерттегенімен сөзді екі салаға екі тұрғыда зерттейді.

Сөзжасамның тілдің морфология мәселесімен байланысы. Сөзжасамның негізгі тілдік бірліктерді жұрнақтардың дыбыстық вариантта қолданылатыны. Жұрнақтардың дыбыстық варианттары фонетика заңдылықтары бойынша қалыптасқан, оны морфология саласы зерттейді, бұл арқылы екі саланың байланысы көрінетіні туралы.

 

ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ СӨЗЖАСАМ ЖҮЙЕСІ

 Қоғамдағы жаңалықтар жаңа атауды қажет ететіні, ол қажеттілікті үнемі қамтамасыз етіп отыратын сөзжасам екені. Бұл тіл болғалы үнемі үздіксіәз жасалып келе жатқан тілдік әрекет болғандықтан, тілдің сөзжасам жүйесі үнемі дамып, екшеленіп, толығып қалыптасып отырғаны.

Бұл сөзжасамдық тәсілдердің қалыптасуынан, сөзжасамдық бірліктердің дамуынан, тұрақталуынан, сөзжасамдық бірліктердің үнемі толығып отырғанын, сөзжасамдық бірліктердің қолданылу заңдылықтарының қалыптасуынан көрінеді.

Сөзжасамның дамуы, баюы, екшеліп бір қалыпқа түсуінің нәтижесінде өзіндік сөзжасамдық бірліктері бар, тәсілдері бар, орныққан, қалыптасқан заңдылықтары бар тілде сөзжасамдық жүйенің бары туралы. Ол сөзжасамдық жүйе арқылы өмірде пайда болған барлық жаңа заттар мен ұғымдардың аталуы өмірде пайда болған, барлық жаңа заттар мен ұғымдардың аталуы қамтамасыз етілетіні, өмір қажеттілігін қамтамасыз ету үшін, тілдің сөзжасамдық жүйесінің қызмет ететіні туралы.

 

СӨЗЖАСАМДЫҚ ТӘСІЛДЕР

Сөзжасамдық тәсілдер тілдің сөзжасам жүйесінің негізгі заңдылықтарының біріне жататыны. Тілде жасалған сөздердің бәрі тілде қалыптасқан сөзжасамдық тәсілдердің бірі арқылы жасалады, өйткені сөзжасамдық тәсілдер жаңа сөздердің жасалу жолы, амалы екені. Қазақ тіліндет көне замандардан бері қарай қалыптасқан үш түрлі сөзжасамдық тәсілдің бары:

  1. синтетикалық тәсіл;
  2. аналитикалық тәсіл;
  3. лексика-семантикалық тәсіл.

Сөзжасамның синтетикалық тәсілі, оның көне заманнан бері қолданылып, дамып, қазір сөзжасамда негізгі орын алатыны, оның анықтамасы. Синтетикалық тәсіл арқылы сөздің жасалуын іске асыратын тілдік бірліктер, олардың әрқайсысының атқаратын қызмкеті мен айырмашылықтары, сөз таптарына қатысы. Синтетикалық тәсіл арқылы жасалған сөздің туынды түбір аталғаны, тіліміздің туынды түбір сөзге байлығы.

Сөзжасамның аналитикалық тәсілі декөне құбылысқа жататыны, оның анықтамасы. Аналитикалық сөзжасамда қызмет атқаратын тілдік бірліктер, олардың синтетикалық тәсіл бірліктерінен айырмасы мен ұқсас жақтары. Аналитикалық тәсілдің ішкі ерекшеліктері, түрлері.

Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған сөздердің күрделі сөз аталып, оның ішкі түрлеріне байланысты күрделі сөздердің түрлері жасалатыны: сөзқосым тәсілі арқылы жасалған күрделі сөздердің қос сөз, тіркестіру арқылы жасалған тіркесті күрделі сөз, қысқарту арқылы жасалған сөздердің қос сөз аталатыны.

Сөзжасамның лексика-семантикалық тәсілінің де көне замандардан келе жатқаны, қазір бұл тәсілдің қызметінің азайғаны, осы тәсілдің анықтамасы. Лексика-семантикалық тәсіл бір кездерде термин жасауда қызмет атқаратыны. Бұл тәсіл сөздің бір сөз табынан екінші сөз табына ауысатыны, осы тәсіл арқылы бір сөздің бірнеше сөздің қызметін атқаратыны.

СӨЗЖАСАМДЫҚ МАҒЫНА

Сөзжасамдық мағынаның сөзжасам әрекеті арқылы жасалатыны, сөзжасамдық мағынаның сөзжасамдық бірліктер арқылы жасалатыны. Сөзжасам әрекетіне қатысты тұрған сөзжасамдық бірліктердің бір бірінен қатысы негізінде сөзжасамдық мағынаның жасалатыны. Сөзжасамдық бірліктердің сөзжасамдық тәсілдерге қатысының түрлілігіне байланысты олардың әр тәсілде сөзжасамдық мағына жасауға қатысты түрлі болатыны.

Туынды мағынаның негізділігі.

Туынды мағынаның иүрлендірілген түрі.

Көшірілген туынды мағына.

Туынды мағынаның теңбе-теңдік түрі.

 

ТУЫНДЫ СӨЗДЕР

Сөзжасамдық әрекеттің негізінде тілге қосылған сөздердің туынды сөз аталатыны. Яғни туынды сөздер тек сөзжасамға қатысты қолданылатыны.

  Туынды сөздердің тілде пайда болуы қоғамдағы жаңалықтарға байланыстылығы.

  Туынды сөздер сөзжасамдық тәсілдер арқылы жасалатындықтан, сөзжасамдық тәсілдердің түрлілігіне қарай туынды сөздердің де түрлі болатыны. Туынды түбірлер, күрделі сөздер (біріккен сөздер, қос сөздер, қысқарған сөздер).

Туынды түбірлер. Туынды сөз бен туынды түбір дегеннің айырмасы мен олардың бір-біріне қатысы. Туынды түбірлердің синтетикалық тәсіл арқылы жасалып, оның құрамы негіз сөз бен жұрнақтан тұратыны. Негіз сөз бола алатын сөздер, олардың белгілері, түрлері негіз сөздің туынды түбір сөзді жасауда, жаңа мағына жасауда атқаратын қызметі. Жұрнақтың туынды түбір сөз жасауда мағына әсері, мағынаны өзгертетін және мағынаны түрлендіретін жұрнақтар, олардың сөз табына қатысы, өнімділігі, өнімсізділігі, сөздің құрамында жігі анық байқалатындары, түбірмен әбден кірігіп, қазір түбірден бөліп алуға келмейтін түрлері, олар арқылы жасалған сөздердің тек тарихи тұрғыда ғана туынды түбірге жататыны.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: