Кредит саны: 4 кредит 6 страница

 

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

 

5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті

 

«Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы мен морфологиясы»

ПӘНІНІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

(SYLLABUS)

 

           

 

 

АҚТАУ 2016

      1. Пәннің сипаттамасы

      Оқу жоспарлары бойынша жоғары оқу орындарының қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша оқытылатын «Қазiргi қазақ тiлiнiң сөзжасамы мен морфологиясы» атты курс – ең басты маңызды теориялық курстардың бiрi. Онда қазақ тіліндегі жаңа сөздердің жасалу тәсілдері, сөз жасаушы тұлғалар, сөздердiң жасалу үлгiлерi, туынды сөздер, олардың түрлерi, сөзжасамның сөз таптарына қатысы және сөздердің лексика-грамматикалық ерекшеліктері, олардың тілдегі грамматикалық мағыналары мен формалары сияқты күрделi мәселелер қарастырылады.

      Курсты оқыту бір семестрге арналған. Барлық жүктеме мөлшері 4 кредит, оның ішінде аудиториялық жүктеме көлемі – 60 сағат, оның 30 сағаты дәріс сабағына, 30 сағаты тәжірибе сабаққа, 12 сағаты СОӨЖ-на және 108 сағаты СӨЖ-на арналған. Студенттердің білімін бағалау қорытындысы аралық, семестрлік бақылау, сондай-ақ, қорытынды бағалау 4 семестр аяғында емтихан түрінде жүргізіледі.

 

      2. Пәннің мақсат-міндеттері

Пәнді оқытудың мақсаты –студенттерге қазақ тіліндегі сөз таптарының сөзжасамын, тіліміздің жаңа сөздер арқылы толығып отыру жолдарын және сөздердің тұлғалық өзгеруі, сөз және оның формалары, оны қарастырудың жолдары мен тәсілдері, амалдары туралы және сөз атаулының әлденеше рет өзгеріске ұшыраған түрлері мен олардың топтарға бөлінуін, әр тапқа енген сөздердің өзіне тән грамматикалық сыр-сипаты жөнінде терең теориялық білім беру меңгерту.

      Пәнді оқытудың міндеттері: -сөзжасамның тіл білімінің жеке саласы ретінде қалыптасуын, зерттелу жайын, зерттеу объектісін меңгерту;

- сөзжасам жүйесінің негізгі заңдылықтарынан, сөзжасамдық тәсілдер туралы мағұлмат беру;

       - туынды сөздер, олардың түрлерін ажырата білуге машықтандыру; сөзжасамдық мағына, сөзжасамдық тізбек, сөзжасамдық ұя туралы түсініктер беру;

      - сөз таптарының сөзжасамын (әрқайсысына жеке-жеке тоқталып), жасалу жолдарын меңгерту;

- грамматика және негізгі грамматикалық ұғымдар туралы мағұлмат беру;

      - қазақ тіліндегі сөздердің лексика-грамматикалық топтарын, олардың әрқайсысына тән грамматикалық ерекшеліктерін меңгерту;

      - сөздердің тұлғалық өзгеру, түрлену жолдарын т.б. меңгерту.

 

       3. Пәннің қысқаша мазмұны Оқу жоспарлары бойынша жоғары оқу орындарының қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша оқытылатын «Қазiргi қазақ тiлiнiң сөзжасамы мен морфологиясы» атты курс – ең басты маңызды теориялық курстардың бiрi. Онда қазақ тіліндегі жаңа сөздердің жасалу тәсілдері, сөз жасаушы тұлғалар, сөздердiң жасалу үлгiлерi, туынды сөздер, олардың түрлерi, сөзжасамның сөз таптарына қатысы және сөздердің лексика-грамматикалық ерекшеліктері, олардың тілдегі грамматикалық мағыналары мен формалары сияқты күрделi мәселелер қарастырылады.

 

     4. Тақырыптар мен оларды оқыту ұзақтығы:

    4.1. Лекциялық сабақтар:

№№ р/с Сабақ тақырыбы [әдебиет №, §§, беті] Көлемі, сағаты
1 Сөзжасам – тіл білімінің жеке саласы, оның мақсаты мен мазмұны [Н 8, 1-8; Н13, 1-6; Н 22, 1-8]. 1
2 Сөзжасамның тіл білімінің басқа салаларымен байланысы [Н8, 8-9; Н13, 6-7; Н20, 9-10-9; Н22, 8-10]. 1
3 Сөзжасам жүйесінің негізгі ұғымдары [Н8, 9-11; Н13, 7-9; Н20, 10-12; Н22, 8-11]. 1
4 Туынды сөздер, олардың түрлері [Н8, 12-19; Н13, 9-15; Н20, 12-17; Н22, 11-17]. 1
5 Синтетикалық тәсіл [Н8, 12-19; Н13, 9-15; Н20, 12-17; Н22, 11-17]. 1
6 Аналитикалық тәсіл. Лексико-семантикалық тәсіл [Н13, 17-18; Н16, 16-19; Н19, 15-18; Н 20, 24-29; Н 26, 15-20]. 1
7 Зат есімнің сөзжасамы. Туынды түбір зат есімдер [Н 8, 19-23; Н13, 15-18; Н16, 11-16; Н19, 12-16; Н 20, 17-23; Н 26, 4-15]. 1
8 Күрделі зат есімдер. Субстантив зат есімдер [Н 8, 24-25; Н13, 18-20; Н16, 16-18; Н19, 18-20]. 1
9 Сын есімнің сөзжасамы [Н 8, 23-30; Н13, 19-30; Н16, 16-29; Н19, 2-9, Н32 5-15]. 1
10 Сан есімнің сөзжасамы [Н 8, 23-30; Н13, 19-30; Н16, 16-29; Н19, 2-9, Н32 5-15]. 1
11 Есімдіктің сөзжасамы [Н8, 33-41; Н11, 9-13; Н13, 31-36; Н16, 30-36; Н,19 10-13; Н20, 25-36; Н26, 16-19, Н33, 5-13]. 1
12 Үстеудің сөзжасамы [Н8, 33-41; Н11, 9-13; 30-36; Н,19 10-13; Н20, 25-36]. 1
13 Туынды түбір етістік [8, 42-46; 13, 38-43;16, 37-41; Н19, 10-15; Н 28, 5-16; Н30, 1-13; Н31, 5-16]. 1
14 Күрделі етістіктер [Н8, 47-56; Н13, 44-55; Н15, 10-22; Н19, 16-26; Н28, 17-30; Н30, 14-23; Н 31, 16-28]. 1
15 Құранды етістіктер [Н8, 47-56; Н13, 44-55; Н15, 10-22; Н19, 16-26; Н28, 17-30; Н30, 14-23; Н 31, 16-28]. 1
16 Грамматика және оның салалары [Н.: 6,4-5бб., 12,7-12бб., 33,5-12бб. Қ.: 5,6-18бб. ] 1
17 Негізгі грамматикалық ұғымдар[Н: 6,8-17бб., 12,137-142бб., 33,23-80бб. Қ.:6,19-32бб.] 1
18 Сөз таптары, оларды таптастырудың принциптері[Н.: 12,158-172бб., 33,126-134бб. Қ.:6,186-199бб.] 1
19 Зат есім, оның лексика-грамматикалық ерекшеліктері[Н.: 12, 175-186бб., 33,134-166бб. Қ.:6,199-204бб.] 1
20 Зат есімнің түрлену жүйесі [Н.: 12,186-191бб., 33,134-166бб. Қ.: 6,100-175бб.] 1
21 Сын есім, оның лексика-грамматикалық сипаты [Н.: 2,4-5 бб., 12,191-193бб., 33,166-191бб. Қ.:6,204-220бб.] 1
22 Сан есім, оның лексика-грамматикалық сипаты [Н.: 2,4-5бб., 12,196-202бб., 33,191-207бб. Қ.: 6,220-224бб.] 1
23 Есімдік, оның лексика-грамматикалық сипаты [Н.: 20,5-38бб., 33,207-222бб. Қ.: 6,224-237бб.] 1
24 Етістік, оның лексика-семантикалық сипаты [10,205-206бб., 33,222-245бб. Қ.: 6,256-284бб.] 1
25 Етістіктің көсемше және есімше категориялары [Н.: 12,206-212бб., 33,300-326бб. Қ.: 6,294-324бб.] 1
26 Рай категориясы [Н.: 12,212-218бб., 33,310-322бб. Қ.:5,215-324бб.] 1
27 Шақ категориясы [Н.: 12,218-223бб., 33,322-333бб.] 1
28 Үстеудің лексика- грамматикалық сипаты [Н.: 12,223-236бб., 33,333-344бб. Қ.:6, 318-324бб.] 1
29 Еліктеуіш сөздердің лексика-грамматикалық сипаты [Н.: 12,236-250бб., 33,344-358бб. Қ.:6,324-328бб.] 1
30 Шылау, оның түрлері. Одағай [Н.: 12,250-271бб., 33,378-381. Қ.:6,328-335бб.] 1

БАРЛЫҒЫ:

30

 

4.2. Практикалық сабақтар:

№№ р/с Сабақ тақырыбы [әдебиет №, §§, беті] Көлемі, сағаты
1 Тілдің сөзжасам жүйесі туралы түсінік. «Сөзжасам» пәнінің зерттеу объектісі, мақсат-міндеттері, зерттелу жайы [Н 8, 1-8; Н13, 1-6; Н 22, 1-8]. 1
2 Сөзжасамның тілі білімінің басқа салаларымен байланысы [Н8, 8-9; Н13, 6-7; Н20, 9-10-9; Н22, 8-10]. 1
3 Сөзжасам жүйесінің негізгі ұғымдары [Н8, 9-11; Н13, 7-9; Н20, 10-12; Н22, 8-11]. 1
4 Туынды сөздер, туынды сөздердің түрлері [Н8, 12-19; Н13, 9-15; Н20, 12-17; Н22, 11-17]. 1
5 Сөзжасам тәсілдері. Сөзжасамның синтетикалық тәсілі. Сөзжасамдық бірліктер, түрлері [Н8, 12-19; Н13, 9-15; Н20, 12-17; Н22, 11-17]. 1
6 Аналитикалық тәсіл. Аналитикалық тәсіл арқылы сөз жасауға қатысатын тілдік бірліктер. Аналитикалық тәсілдің ішкі түрлері. Лексика-семантикалық тәсіл [Н13, 17-18; Н16, 16-19; Н19, 15-18; Н 20, 24-29; Н 26, 15-20]. 1
7 Зат есім жасауға қатысатын түбірлер мен жұрнақтардың құрамы. Есім негізді зат есімдер. Етістік негізді туынды зат есімдер [Н 8, 19-23; Н13, 15-18; Н16, 11-16; Н19, 12-16; Н 20, 17-23; Н 26, 4-15]. 1
8 Күрделі зат есімдер. Субстантив зат есімдер [Н 8, 24-25; Н13, 18-20; Н16, 16-18; Н19, 18-20]. 1
9 Туынды түбір және күрделі сын есімнің жасалуы [Н 8, 23-30; Н13, 19-30; Н16, 16-29; Н19, 2-9, Н32 5-15]. 1
10 Туынды түбір және күрделі сан есімнің жасалуы [Н 8, 23-30; Н13, 19-30; Н16, 16-29; Н19, 2-9, Н32 5-15]. 1
11 Туынды түбір және күрделі есімдіктің жасалуы [Н8, 33-41; Н11, 9-13; Н13, 31-36; Н16, 30-36; Н,19 10-13; Н20, 25-36; Н26, 16-19, Н33, 5-13]. 1
12 Туынды түбір және күрделі үстеудің жасалуы [Н8, 33-41; Н11, 9-13; 30-36; Н,19 10-13; Н20, 25-36]. 1
13 Туынды түбір етістіктің жасалуы [8, 42-46; 13, 38-43;16, 37-41; Н19, 10-15; Н 28, 5-16; Н30, 1-13; Н31, 5-16]. 1
14 Күрделі етістіктер [Н8, 47-56; Н13, 44-55; Н15, 10-22; Н19, 16-26; Н28, 17-30; Н30, 14-23; Н 31, 16-28]. 1
15 Құранды етістіктер [Н8, 47-56; Н13, 44-55; Н15, 10-22; Н19, 16-26; Н28, 17-30; Н30, 14-23; Н 31, 16-28]. 1
16 Грамматика және оның салалары [Н.: 6,4-5бб., 12,7-12бб., 33,5-12бб. Қ.: 5,6-18бб. ] 1
17 Негізгі грамматикалық ұғымдар[Н: 6,8-17бб., 12,137-142бб., 33,23-80бб. Қ.:6,19-32бб.] 1
18 Сөз таптары, оларды таптастырудың принциптері[Н.: 12,158-172бб., 33,126-134бб. Қ.:6,186-199бб.] 1
19 Зат есім, оның лексика-грамматикалық ерекшеліктері[Н.: 12, 175-186бб., 33,134-166бб. Қ.:6,199-204бб.] 1
20 Зат есімнің түрлену жүйесі [Н.: 12,186-191бб., 33,134-166бб. Қ.: 6,100-175бб.] 1
21 Сын есім, оның лексика-грамматикалық сипаты [Н.: 2,4-5 бб., 12,191-193бб., 33,166-191бб. Қ.:6,204-220бб.] 1
22 Сан есім, оның лексика-грамматикалық сипаты [Н.: 2,4-5бб., 12,196-202бб., 33,191-207бб. Қ.: 6,220-224бб.] 1
23 Есімдік, оның лексика-грамматикалық сипаты [Н.: 20,5-38бб., 33,207-222бб. Қ.: 6,224-237бб.] 1
24 Етістік, оның лексика-семантикалық сипаты [10,205-206бб., 33,222-245бб. Қ.: 6,256-284бб.] 1
25 Етістіктің көсемше және есімше категориялары [Н.: 12,206-212бб., 33,300-326бб. Қ.: 6,294-324бб.] 1
26 Рай категориясы [Н.: 12,212-218бб., 33,310-322бб. Қ.:5,215-324бб.] 1
27 Шақ категориясы [Н.: 12,218-223бб., 33,322-333бб.] 1
28 Үстеудің лексика- грамматикалық сипаты [Н.: 12,223-236бб., 33,333-344бб. Қ.:6, 318-324бб.] 1
29 Еліктеуіш сөздердің лексика-грамматикалық сипаты [Н.: 12,236-250бб., 33,344-358бб. Қ.:6,324-328бб.] 1
30 Шылау, оның түрлері. Одағай [Н.: 12,250-271бб., 33,378-381. Қ.:6,328-335бб.] 1

БАРЛЫҒЫ:

30

 

4.3. Зертханалық сабақтар (Пәннің жұмыс бағдарламасында зертханалық жұмыс түрі қарастырылмаған)

 

5. Білім алушының оқытушының басшылығымен жүргізілетін өзіндік жұмысы

      1. « Тілдің сөзжасам жүйесі. Сөзжасамның тілі білімінің басқа салаларымен байланысы» тақырыбы бойынша қосымша глоссарий құру.

     2. «Сөзжасам жүйесінің негізгі ұғымдары» тқырыбы бойынша тест тапсырмаларына жауап беру.

     3. Туынды сөздер, туынды сөздердің түрлері» тақырыбы бойынша сөйлемге сөзжасамдық талдау жасау.

     4. «Есім сөздердің сөзжасамы» тақырыбы бойынша тест тапсырмаларына жауап беру.

       5. «Етістіктің сөзжасамы» тақырыбы бойынша тест тапсырмаларына жауап беру, қосымша глоссарий құру.

         6. «Грамматика және оның салалары. Зерттелу жайы» тақырыбы бойынша тест тапсырмаларына жауап беру, қосымша глоссарий құру.

       7. «Негізгі грамматикалық ұғымдар» тақырыбы бойынша сұрақтарға жауап беру, эссе жазу.

       8. Сөз таптары, олардың таптастырылу принциптері. Тест тапсырмаларына жауап беру, қосымша глоссарий құру.

       9. Есім сөздердің лексика-грамматикалық ерекшеліктері» тақырыбы бойынша тест тапсырмаларына жауап беру, сөйлемдерге морфологиялық талдау жасау.

       10. Етістік, оның лексика-грамматикалық сипаты. Тест тапсырмаларына жауап беру, реферат дайындау.

       11. Етістіктің грамматикалық категориялары. Тест тапсырмаларына жауап беру, сөйлемге морфологиялық талдау жасау.

       12. Үстеу, оның лексика-грамматикалық сипаты. Еліктеу сөздердің лексика-грамматикалық сипаты. Шылау және оның түрлері. Одағай.Тест тапсырмаларына жауап беру, сөйлемдерге морфологиялық талдау жасау.

 

6. Кеңес беру уақыты

32 ш/а, Г0202 «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы, кафедраның телефоны: 42-57-95

 

    7. Білім алушылардың білімін тексеру кестесі

    Баға туралы ақпарат студенттің тапсырған жұмыстарына (білім деңгейі, тапсырмаларды орындау деңгейі, бақылау тапсырмаларындағы жауаптары, емтиханға дайындығы т.б.) қарай белгіленеді.

     Студенттің білімі, білігі мен дағдысы төмендегі жүйе бойынша бағаланады:

% Әріптік баға Балдық көрсеткіш Дәстүрлі баға
95-100 90-94 А А- 4 3.67 «өте жақсы»
85-89 80-84 75-79 В+            В В- 3.33 3 2.67 «жақсы»
70-74 65-69 60-64 55-59 50-54 С+            С С- D+ D- 2.33 2 1.67 1.33 1 «қанағаттанарлық»
0-49 F 0 «қанағаттанғысыз»

 

       

8. Білім алушылардың білімін бағалау өлшемдері, оқытушының талаптары

 

«Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы» пәнін меңгеруде студенттердің сабаққа мұқият қатысып, тақырыптарға толыққанды дайындалулары талап етіледі. Ол үшін, ең алдымен сабаққа қатысып, аудиториядағы берілген тапсырмаларды тиянақты уақытында орындап, тақырыпқа қатысты зерттеу еңбектермен, қосымша оқуға тиісті әдебиеттермен үнемі танысып отыруы тиіс.

Осы мақсатқа сай оқытушы студентке төмендегідей талаптар қояды. Олар, негізінен:

Міндетті талаптар:

- сабаққа міндетті түрде қатысу;

- бақылау жұмыстарының барлық түрлерін уақытында тапсыру;

- қалдырған сабақтарды өтеп шығу.

Рұқсат етілмейтін жайлары.

- Сабаққа кешігу және сабақтан қалу;

- Сабақ үстінде бөгде іспен айналысу;

- Тапсырмаларды уақытында тапсырмау, т.б.

     Себепсіз сабақтан қалғанда анықтама талап етілетіндігі, нақты дәлел болмаған жағдайда қатаң шара қолданылатынын назарда ұстау.

 

9. Әдебиеттер тізімі

      9.1. Негізгі әдебиеттер

1. Ағманова Ә., Ағманов Е. Қазіргі қазақ тіліндегі сөз тудырудың кейбір мәселелері жайында/Совет дәуірінде қазақ әдеби тілін нормаландыру мәселелері. - Алматы, 1985.

2. Айтбаев Ө. Қазақ терминологиясының дамуы мен қалыптасуы. – Алматы, 1988.

3. Алдашова А., СарыбаевШ.,Уәлиев Н. Жаңа атаулар. – Алматы, 1992.

4. Айдаров Ғ. Көне түркi жазбаларының тiлi туралы. -Алматы, 1992.

5. Аханов К. Тiл бiлiмiнiң негiздерi. – Алматы, 1973.

6. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. – Алматы, 1972.

7. Байтұрсыноа А. Тіл тағылымы. – Алматы, 1992.

8. Жанпейiсов Е., Нұрқанов С. Қазақ тiлiндегi сөзжасам мәселелерi. Қаз. ССР Ғылым Академ. Хабарлары. Тiл, әдебиет. 1985. №4, 49-бет.

9. Жұбанов Қ. Қазақ тiлi туралы зерттеулер. – Алматы, 1966.

10. Ибатов А. Қазақ тiлiнiң туынды сөздер сөздiгi. -Алматы, 1988.

11. Ибатов А. Қазақ тiлiндегi есiмдiктердiң тарихынан.- Алматы, 1966.қ

12. Қазақ тiлiнiң грамматиксы. – Астана, 2002.

13. Қазiргi қазақ тiлiнiң сөзжасам жүйесi. – Алматы, 1989.

14. Қалыбаева А., Оралбаева Н. Қазiргi қазақ тiлiнiң морфемалар жүйесi. – Алматы, 1989.

15. Қасымова Б. Қазiргi қазақ тiлiндегi күрделi етiстiктер. – Алматы, 1997.

16. Қасым Б.К. Күрделі зат есімдер сөздігі. – Алматы, 1999

17. Маманов Е. Қазiргi қазақ тiлi. Етiстiк. – Алматы, 1966.

18. Оралбаева Н.Қазiргi қазақ тiлiндегi етiстiктiң аналитикалық формалары. – Алматы, 1975.

19. Оралбаева Н. Қазiргi қазақ тiлiндегi сан есiмнiң сөзжасам жүйесi. – Алматы, 1989.

20. Оралбаева Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. – Алматы, 2002.

21. Сайранбаев Т. Күрделi сөз тiркестерiнiң кейбiр мәселелерi. – Алматы,1976.

22. Салқынбай А. Тарихи сөзжасам. – Алматы,1999

23. Сарыбаев Ш. Междометия и их отношения к подражательным словам. – Алматы, 1959.

24. Сарыбаев Ш. Қазақ тiлiндегi елiктеуiш сөздер. – Алматы, 1960.

25. Сауранбаев Н. Қазақ тiл бiлiмiнiң проблемалары. – Алматы, 1982.

26. Төлеуов А. Қазақ тiлiндегi есiм сөздердiң жасалуы. – Алматы, 1973.  

27. Ұйықбаев И. Қазiргi қазақ тiлiндегi етiстiктiң көрiнiстерi. – Алматы, 1958.

28. Хасенова А. Қазақ тiлiндегi туынды түбiр етiстiктерi. – Алматы, 1959.

29. Хасенова А. Етiстiктiң лексика – грамматикалықсипаты. – Алматы, 1971.

30. Хасенова А. -Ла, -леаффикстiтуынды түбiретiстiктер. – Алматы, 1958.

31. Шакенов Ж. Күрделi сөздер. – Алматы, 1988.

32. Шакенов Ж. Қазiргiқазақтiлiндегi сын есiмкатегориясы. – Алматы, 1961.

33. Ысқақов А. Қазiргiқазақтiлi. Морфология. – Алматы, 1991.

 

     5.2. Қосымша әдебиет:

1. Ганиев Ф.А. Образование сложных слов в татарском языке. – М., 1982.

2. Кубрякова Е.С. Что такое словооброзование? – М., 1965

3.Қасымова Б. Құранды етістік./Қазақ тілі грамматикасы және лингодидактика мәселелері. –Алматы, 1997.

4. Русская грамматика. – М., 1982

5. Тоққожаева О. Қазақ тіліндегі сөзжасамдық ұялар сөздігі, 1-2 кітаптар. – Алматы, 1997.

6. Исаев С.М. Қазіргі қазақ тілі. – Алматы, 2007.

 

 

Пәннің жетекші оқытушысы:

Көшімова Бибатпа Әмірханқызы, филол.ғ.к., кафедра профессоры, тел.: 42-57-33, bibatpa@rambler.ru

 

 

      

 

III. «ҚАЗIРГI ҚАЗАҚ ТIЛIНIҢ МОРФОЛОГИЯСЫ МЕН СӨЗЖАСАМЫ» ПӘНІНЕН ТАПСЫРМАЛАРДЫ ОРЫНДАУ ЖӘНЕ ТАПСЫРУ КЕСТЕСІ

 

Жұмыс түрі Тақырыбы Орындау ұзақтығы Бақылау нысаны Тапсыру мерзімі
1 2 3 4 5 6
1 Конспект Лингвистикалық сөздіктен грамматикалық терминдерге түсініктеме беру 1 апта   АБ балл жинау Тәжірибе сабақтарының жоспары бойынша
2 Конспект Грамматикалық форманың берілу жолдары 1 апта   АБ балл жинау Тәжірибе сабақтарының жоспары бойынша
3 Презентация Тілдің құрылымдық және жүйелік қасиеттері 1 апта   АБ балл жинау Тәжірибе сабақтарының жоспары бойынша
4 Конспект Туынды түбір зат есімдердің жасалуы 1 апта   АБ балл жинау Тәжірибе сабақтарының жоспары бойынша
5 Презентация Септік жалғауларының қызметі 1 апта   АБ балл жинау Тәжірибе сабақтарының жоспары бойынша
6 Конспект Сын есімнің басқа сөз таптарына ауысу құбылысы 1 апта   АБ балл жинау Тәжірибе сабақтарының жоспары бойынша
7 Конспект Сан есімнің басқа сөз таптарына ауысу құбылысы 1 апта   АБ балл жинау Тәжірибе сабақтарының жоспары бойынша
8 Презентация Есімдіктің басқа сөз таптарына ауысу құбылысы   1 апта   АБ балл жинау Тәжірибе сабақтарының жоспары бойынша
9 Конспект Қалып етістіктері, олардың қызметі 1 апта   АБ балл жинау Тәжірибе сабақтарының жоспары бойынша
10 Презентация Көсемше тұлғалы етістіктердің басқа сөз таптарына ауысу құбылысы 1 апта   АБ балл жинау Тәжірибе сабақтарының жоспары бойынша
11 Презентация Бұйрық райдың қызметіне сипаттама 1 апта   АБ балл жинау Тәжірибе сабақтары-ның жоспары бойынша
12 Конспект Ауыспалы шырайдың жасалу жолдары 1 апта   АБ балл жинау Тәжірибе сабақтары-ның жоспары бойынша
13 Конспект Туынды түбір үстеулердің жасалу жолы 1 апта     АБ балл жинау Тәжірибе сабақтарының жоспары бойынша
14 Презентация Туынды түбір еліктеуіштердің жасалу жолы 1 апта   АБ балл жинау Тәжірибе сабақтарының жоспары бойынша
19 Презентация Шылау сөздердің атқаратын негізгі қызметі 1 апта   АБ балл жинау Тәжірибе сабақтарының жоспары бойынша
20 Баяндау-талдау Сөзжасамға қатысты терминдерге лингвистикалық сөздіктерден сипаттама беру 1 апта   АБ балл жинау Тәжірибе сабақтарының жоспары бойынша
21 Конспект Сөзжасамның синтаксиспен байланысын мысалдармен дәлелдеңіз 1 апта   АБ балл жинау Тәжірибе сабақтарының жоспары бойынша
22 Ауызша Сөзжасамдық ұя, сөзжасамдық тізбекке көркем әдебиеттен мысалдар келтіру 1 апта   АБ балл жинау Тәжірибе сабақтарының жоспары бойынша
23 Талдау Туынды түбірді жасауға қатысатын тілдік бірліктерге сипаттама беру 1 апта   АБ балл жинау Тәжірибе сабақтарының жоспары бойынша
24 Реферат Күрделі сөздер, олардың түрлері 1 апта   АБ балл жинау Тәжірибе сабақтарының жоспары бойынша
25 Презентация Туынды зат есім жасуға қатысатын сөзжасамдық бірліктер 1 апта   АБ балл жинау Тәжірибе сабақтарының жоспары бойынша
26 Конспект Күрделі сөздер туралы ғалымдар пікірлеріне шолу жасау 1 апта   АБ балл жинау Тәжірибе сабақтарының жоспары бойынша
27 Баяндау-талдау   Сын есім тудыратын жұрнақтардың мағыналық түрлері   1 апта   АБ балл жинау Тәжірибе сабақтарының жоспары бойынша
28 Конспект   Аналитикалық тәсілдің күрделі сан есім жасаудағы қызметі 1 апта   АБ балл жинау Тәжірибе сабақтарының жоспары бойынша
29 Реферат Күрделі есімдіктердің жасалуы 1 апта   АБ балл жинау Тәжірибе сабақтарының жоспары бойынша
30 Презентация Туынды үстеу жасаудағы көнеленген жалғаулардың қызметі 1 апта   АБ балл жинау Тәжірибе сабақтары-ның жоспары бойынша

 


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: