Кредит саны: 4 кредит 4 страница

Күрделі сөздер. Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сөздердің бәрі күрделі сөздерге жататыны, олардың бәрі күрделі сөздерге жататыны, олардың бәрі екі мағыналы лексемадан жасалып, бір мағыналы сөз жасайтыны, оның күрделі сөз деп аталуы, күрделі сөздің анықтамасы мен түрлері (біріккен сөз, қос сөз, тіркесті күрделі сөз, қысқарған сөз).

Біріккен сөз. Біріккен сөздер сөзжасамның аналитикалық тәсілі арқылы, оның ішінде сөзқосым түрі арқылы жасалатыны. Біріккен сөз жасауға қатысатын тілдік бірліктер, олардың мағына жасауда атқаратын қызметі. Біріккен сөздің емлесі, оған қатысты қайшылықтар.

Сөзқосым тәсілімен жасалған сөздердің құрамындағы сыңарлардың өзгеріссіз сақталуы мен түрлі өзгеріске түсуіне қарай олардың кіріккен сөздер мен біріккен сөздер болып бөлінетіндігі. Кіріккен сөздердің көне құбылыс болып саналуы, оның ішкі ерекшеліктері мен біріккен сөздердің ерекшеліктері. Бұлардың сөз табына қатысы, тілде алатын орны яғни сөздік қордан алатын орны, түрлі сөз табына қатысы.

Қос сөз. Қос сөздердің көне заманнан келе жатқаны. Қос сөздердің түркі тілдерінің ерекшелігіне жатып, басқа тілдерде көп қолданылмайтыны. Қос сөздердің анықтамасы, жасалу жолы, құрамы, сөз таптарына қатысы, сөздікте берілуі. Қос сөздердің құрамындағы сыңарларға қатысты заңдылық, қос сөздердің түрлері: қосарлама қос сөз, қайталама қос сөз, олардың әрқайсысының құрамы, мағынасындағы ерекшеліктері.

Қысқарған сөздер. Қысқарту әдісінде сөз мағынасы өзгермей, сөздің екінші варианты жасалады да, сөздің толық түрі мен қысқарған түрінің арасында мағыналық айырмашылық болмай, олардың лексикалық мағыналары тең болатыны, оның сөзжасамның ерекше түрі екендігі. Сөзді қысқарту әдісі – түрлі тілдерде жиі кездесетін, кең тараған әдіс. Тілдереде сөзді қысқартудың екі түрі бар: 1) қоғамдық қарым-қатынасқа қатысты сөздерді қысқарту; 2) күнделікті өмір, тұрмысқа қатысты сөздерді қысқарту.

Қоғамдық қарым-қатынасқа байланысты сөздер көбінесе, мекемелердің атаулары, қоғамдық ұйымдардың, қоғамдық ірі құбылыстардың атаулары, фирмалардың, кәсіптік орындардың атаулары, ғылыми еңбектердегі күрделі атаулар т.б. екені, оларды қысқарту жолы бары, олар ауызша да, баспа бетінде де, жарнамаларда т.б. жағдайларда қолданылатыны туралы.

Күнделікті өмірде, тұрмыста қолданылатын сөздердің қысқартуына кісі ататары жататаны. Бұл да әлемдегі тілдердің бәріне қатысты екені (Катерина-Катя, Елизаветаа- Лиза).

Қазақ тіліде кісі атттарын қысқартып айту көне құбылыс. Кісі аттарын қысқатудың өз жолы қалыптасқаны (кісі атаның басқы буыны сақталып оған –еке,-қос, -а, -и қосымшаларын қосу), оған сый-құрмет мәні қосылуы. Кейде адамдардың қысқарған атының негізгі атқа көшуі (Сәкен (Сәдуақас) Сейфуллин, Димаш (Дінмұхамед) Қонаев т.б.).

Құрамы өзгермей, мағынасы ғана өзгерген сөздер де туынды сөздер қатарына жататыны, бірақ олардың туынды сөздердің түрлері ретінде аталмай жүргені. Бұған лексика-семантикалық тәсіл арқылы жасалған сөздер жататыны.

 

СӨЗЖАСАМДЫҚ ТАЛДАУ

Сөзжасам тіл білімінің жеке саласы ретінде танылғанға дейін сөзге фонетикалық және морфологиялық, сөйлемге синтаксистік талдау жасалып келгені белгілі. Морфологиялық талдауда сөз құрамындағы морфемалар толық талданады. Сөзжасам жеке сала болғалы сөзжасамдық талдау мәселесі көтерілді. Сөзжасамдық талдауға сөздің құрамындағы сөз түрлендіруші, сөздің грамматикалық тұлғасын жасаушы морфемалар кірмейді де, сол арқылы ол қазіргі морфологиялық талдаудан ерекшелетіні туралы.

  Сөзжасамдық талдаудың негізгі нысаны сөзжасамдық бірліктер, олардың сөздің мағынасын жасаудағы қызметі, сөзжасамдық мағына, туынды сөздердің түрлері, сөзжасамдық заңдылықтар, үлгілер, сөз таптарының сөзжасамын көрсету т.б.

 

СӨЗЖАСАМДЫҚ ҰЯ

  Бір негізгі сөзден тараған бір топ туынды сөздердің сөзжасамдық ұяға жататыны, бір сөзжасамдық ұядағы туынды сөз атауларының түбірлес сөздер деп танылатыны, олардың мағыналық байланысы, ол мағыналық байланыстың ұяның түп негіз сөзінен басталатыны.

Сөзжасамдық ұяның көлемінің түрлілігі, олар кейде жүз туынды сөзден де құрылу мүмкіндігі. Осымен байланысты өнімді, өнімсіз ұялар болатыны.

Сөзжасамдық ұяның құрамы күрделі құбылыс саналатыны, оған сөзжасамдық тізбек, сөзжасамдық саты, сөзжасамдық тарам, сөзжасамдық жұп жататыны.

Сөзжасамдық тізбек. Сөзжасамдық тізбек сөзжасамдық ұяның бір мүшесі, оның анықтамасы, бір ұяда бірнеше сөзжасамдық тізбек бола беретіні жалпы құбылыс екені. Сөзжасамдық тізбектің өзіндік белгілері, оның түп негіз сөзден басталып, оны аяқтаушы туынды сөздің болуы, оның - сөзжасамдық тізбектің танылуында шешуші қызметі.

Сөзжасамдық тізбектің құрамы сөзжасамдық сатымен байланыстылығы, әр тізбекте қанша туынды сөз болатыны туралы.

Сөзжасамдық тізбектің құрамы сөзжасамдық жұптардан тұратыны.

Сөзжасамдық саты.Сөзжасамдық ұяның негізгі мүшелерінің бірі – саты. Сөзжасамдық ұядағы әр туынды белгілі бір сатыда жасалады яғни сөзжасамдық сатысыз ұя болмайтыны.

Сөзжасамдық саты екі тұрғыда қаралатыны: көлденең бағытта және тік бағытта. Көлденең бағытта қарағанда, саты сөзжасамдық тізбекке қатысты, тізбектің қанша туынды сөзден тұратынын көрсететіні. Тік бағытта сөзжасамдық сатының сөзжасамдық парадигмаға қатыстылығы және ұядағы әр сатыда қанша, қандай туынды сөздердің жасалғанын көрсететіні.

Сөзжасамдық тарам (парадигма).Сөзжасамдық тарам бір негіз сөзден жасалған бірнеше туынды сөз екені, ол сөзжасамдық саты тік бағытта қаралғанда ғана анықталатыны. Сөзжасамдық тарамның құрамы түрлі болып, оның ең көп құрамда қолданылуы, кездесуі, бірінші, екінші сатыларға қатыстылығы. Саты саны өскен сайын сөзжасамдық тарамның азая беретіні, соңғы сатыда кездеспейтіні.

Сөзжасамдық жұп. Сөзжасамдық жұп та сөзжасамдық ұяның мүшесі бола тұра, оның тікелей сөзжасамдық тізбек құрамына кіретіні. Сөзжасамдық жұп негіз сөз бен одан жасалған туынды сөзден тұратыны. Негіз сөз бен одан жасалған туынды сөз сөзжасамдық жұп құрайтыны.Сөзжасамдық жұптағы негіз сөздің қызметі, негіз сөз бен туынды сөздің морфемдік құрамындағы айырмашылық, мағыналық айырмашылық пен байланыстылық.

 

СӨЗ ТАПТАРЫНЫҢ СӨЗЖАСАМЫ

Сөз таптарының сөз жасамы қазақ тіл білімінде ертеден зерттеліп, бұл мәселеде бірсыпыра ғалымдардың еңбегі бары туралы, бірақ ол толық деп айту қиын. Әсіресе, зат есім, сын есім, сан есім, етістіктің сөзжасамына арналған зерттеулер бар екені.

Сөз таптарының сөзжасамын есім сөздердің және етістіктің сөзжасамы деп екі бөліп қарау қолайлы, өйткені, сөз таптарының сөзжасамы өте үлкен және есім сөздердің сөзжасамына ұқсас жағдайлар да бар.

 

ЕСІМ СӨЗДЕРДІҢ СӨЗЖАСАМЫ

Есім сөздердің сөзжасамына зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, үстеудің сөзжасамы жататыны. Бұлардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталу қажет.

 

ЗАТ ЕСІМ СӨЗЖАСАМЫ

  Сөзжасамдық құбылыстың зат есімде орасан мол орын алатыны, тілдік сөзжасамдық тәсілдерінің бәрінің зат есімнің жасалуында кеңінен қызмет атқаруы туралы. Зат есім сөзжасамы үзілмей жүріп жататын құбылыс.

   Зат есімнің синтетикалық тәсіл арқылы жасалуы. Зат есімінің синтетикалық сөзжасамы екі морфеманың қатысы арқылы жүзеге асуы, олар: негіз сөз бен жұрнақ.

Негіз сөз қызметінде құрамы, тұлғасы жағынан түбірлер (бақша, балгер), туынды түбірлер (егіншілік, жиналыс), біріккен сөздер (шекарашы, бойкүйездік), қысқарған сөздер.

Негіз сөздің туынды түбір зат есім мағынасына арқау болуы, негіз сөздің мағынасы мен одан жасалған туынды түбір зат есім мағынасының байланыстылығы.

Зат есімнің сөзжасамына негіз сөз қызметінде қатысатын сөз таптары:зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, еліктеуәіш, сөздер, модаль сөздер. Олардың туынды түбір зат есім жасау қабілеттілігі, қызметіндегі айырмашылық, белсенді қатысатын сөз таптары.

Туынды түбір зат есім жасайтын зат есімнің сөзжасамдық жұрнақтары. Зат есімнің сөзжасамдық жұрнақтарының көлемі, жалпы мөлшері, зат есім жұрнағының дара, құранды, байырғы, кірме түрлері, қолданылуына қарай өнімді, өнімсіз, өлі және белсенді түрлері, жұрнақтардың әр кезеңде белсенділігінің өзгеруі, мағынасына қарай зат есімнің сөзжасамдық жұрнақтарының сөз мағынасын өзгертуші (деривациялық), сөз мағынасын түрлендіруші (модифицирующие) түрлері, олардың айырмашылықтары.

Зат есімнің есім сөздерден зат есім жасаушы жұрнақтар. Зат есімнің етістіктен зат есім жасаушы жұрнақтар.

Зат есімнің аналитикалық тәсіл арқылы жасалуы. Зат есімнің сөзжасамына аналитикалық тәсілдің барлық түрлері қатысатыны, олардың күрделі зат есімдер жасайтыны. Зат есімнің сөзқосым тәсілі арқылы жасалуы, оның туынды зат есімнің ішінде тұлғасы жағынан біріккен сөздер жасайтыны. Зат есімнің біріккен сөздердің өзіндік белгілері, оның етістіктен, сан есім мен зат есімнен жасала беретіні. Біріккен зат есім жасайтын сыңарлардың әрқайсысының өзінің дыбыстық құрамын сақтап бірігуі, не дыбыстық құрамдарын ықшамдап, бір-бірімен бірігіп кетуі мүмкін екендігі. Біріккен зат есімдердің тілде көптігі, тілдің сөз байлығына өзіндік әсері.

Зат есімнің қосарлану тәсілі арқылы жасалуы, бұл тәсіл арқылы зат есімнің сөз тұлғасы жағынан қос сөздер аталатын түрі жасалатыны. Қосарланған күрделі зат есімнің екі сыңары мағынасы жақын, бір-біріне қатысы бар заттардың атына жасалуы: қас-қабақ, сақал-мұрт, бай-бәйбіше, қайғы-қасірет, т.б. Сөз табы жағынан екі сыңары да зат есімдерден жасалатыны: жиын-той, ішім-жем, сайлық-сулық т.б.

Зат есімнің тіркестіру тәсілі арқылы жасалуы, тіркестіру тәсілдерінің тілде күрделі зат есімдер жасауы, оның кейде тіркескен күрделі зат есім деп те аталатыны. Тіркестіру тәсілі арқылы жасалған зат есімдер ең кемі екі, не атын білдіретін, тілдегі дайын лексикалық тұлғаға (единицаға) айналған, тілде бір сөздің қызметін атқаратын күрделі зат есімдер жасайтыны (қайын ата, сым темір, тоқ ішек т.б.) Бұлардың ішінен біртіндеп біріккен сөздерге қосылып отыратыны (қайынаға, жамағайын). Бір топ күрделі зат есімдердің бұл тобының бірге, бөлек жасылуының көбіне шартты түрде шешіліп жүргені.

Тіркескен күрделі зат есімдердің тобына тілде кейін пайда болған терминдік тіркестер аталып жүрген күрделі сөздердің де жататыны: қалалық кеңес, Еңбек Ері, Қазақтың Абай атындағы педагогикалық универсиеті. Бұлардың еркін сөз тіркесінен айырмасы мен ұқсастығы. Олардың басқа күрделі сөздер тобынан өзіндік рекешелігі, тілдегі бұл сөздердің қыр-сырының әлі толық ашылмағаны.

Зат есімнің қысқару арқылы жасалуы. Қысқару тәсілі кез-келген сөзге қолданылмайтыны, оның күрделі сөздердің ішінде көбіне терминдік тіркестермен, ғылыми терминдермен т.б. белгілі топтағы сөздермен байланысты қолданылатыны. Қысқарту тәсілінің жолдары. Қысқарған сөздердің өзіндік ерекшеліктері.

   Зат есімнің лексика-семантикалық тәсіл арқылы жасалуы. Зат есім сөздер тілде белгілі мағынасының үстіне басқа мағынаны қосып алып, екі кейде одан да көп сөздің мағынасын беріп, қызметін атқаруы семантикалық сөзжасамға жататыны (жұма – бір күннің аты, жұма – бір жетінің аты).

Зат есімнің басқа сөз таптарының сөз құрамын өзгертпей, заттанып, зат есімге көшуі де зат есімнің семнтикалық тәсіл арқылы жасалуына жататыны (жетісін беру, ыстығы үлкен, ыстық (тамақ мағынасында), ақ молайды, туысы көп т.б.).

Контекстік заттанудың сөзжасамға жатпайтыны (үлкенді сыйла).

 

СЫН ЕСІМ СӨЗЖАСАМЫ

Сын есімнің синтетикалық тәсіл арқылы жасалуы. Сын есім жасауға негіз болатын сөз таптары, сөз тұлғалары. Сын есімнің сөзжасамдық жұрнақтары. Есімдерден сын есім жасайтын өнімді жұрнақтар. Етістіктерден сын есім жасайтын өнімді жұрнақтар, етістіктерден сын есім жасайтын өнімсіз жұрнақтар.

Сын есімнің аналитикалық тәсіл арқылы жасалуы. Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған сын есімдердің күрделі сын есім жасайтыны. Күрделі сын есімнің жасалуының жолдары, оларға қатысатын негізгі, туынды сын есімдер, есім сөздер.

 

САН ЕСІМ СӨЗЖАСАМЫ

Сан есім сөзжасамының өзіндік жүйесі бар, сан есім сөзжасамына қатысатын тілдік тұлғалар, олардың негізгілері. Сан есімнің сөзжасамдық тәсілдері. Аналитикалық тәсілдің сан есім сөзжасамында негізгі орын алатыны, аналитикалық тәсіл арқылы сан есімнің жасалу үлгілері, жолдары.

Синтетикалық тәсілдің де сан есім жасауға қатысатыны, оның өзіндік ерекшелігі, бұл туралы түрлі көзқарастар. Сан есім сөзжасамының тарихи іспеті, қазіргі дәуірде сан есім сөзжасам арқылы өз құрамын толықтырмайтыны.

Бірлік сандардағы алты, жеті, сегіз, тоғыз сандары туралы.

Ондық сан атауларындағы алпыс, жетпіс, сексен, ьоқсан, сан атаулары туралы.

Сан атауларының қосу, көбейту тәсілі арқылы жасалуы. Бірлік пен ондық аралас сандардың жасалуы. Жүздік атауларының жасалуы.

  Мыңдық, жүздік, ондық, бірлік аралас сан атауларының жасалуы.

 

ЕСІМДІКТІҢ СӨЗЖАСАМЫ

     Есімдік сөзжасамының өзіндік ерекшелігі, сөзжасам мүмкіндігінің аздығы.

Синтетикалық тәсілдің есімдік жасауға қатысы. Аналитикалық тәсіл арқылы есімдіктің жасалуы.

 

ҮСТЕУДІҢ СӨЗЖАСАМЫ

 

Үстеу сөзжасамға кедей сөз табы. Үстеудің жасалуының өзіндік ерекшелігі. Үстеудің сөзжасамдық түрлері:аналитикалық, синтетикалық тәсілдер, көнеру арқылы үстеуге көшудің белгілі орын алатындығы.

Үстеудің жасалуына негіз болатын сөз таптары: үстеу, зат есім, сын есім, есімдік, сан есім.

Есім сөздерден үстеу жасайтын жұрнақтар, олардың мағыналары. Қосымшалардың түбірге көнеру арқылы үстеудің жасалуы. Үстеудің аналитикалық тәсіл арқылы жасалуы. Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған үстеудің түрлері: 1) біріккен үстеулер; 2) қосарланған үстеулер; 3) тіркесті үстеулер.

 

ЕТІСТІКТІҢ СӨЗЖАСАМЫ

Етістіктің қалыптасқан күрделі сөзжасам жүйесі. Етістік құрамын әр кезеңде де сөзжасам арқылы толықтырып отыратыны. Етістіктің сөзжасам арқылы құрамын толықтыруға басқа сөз таптарының да, етістіктің өзінің де негіз болатыны.

   Етістіктің синтетикалық тәсіл арқылы жасалуы. Етістіктің сөзжасам жүйесінде бұл тәсілдің үлкен орын алатыны, сондықтан етістіктің туынды түбір етістіктерге байланысты екені.

Есім негізді туынды түбір етістіктер, олардың негіз сөздері, есім негізді туынды түбір жасайтын жұрнақтар, олардың беретін мағыналары.

Етістік негізді туынды түбір етістіктер, оларға есім негізді туынды түбір етістіктің негіз болуы, негізгі түбір етістіктің негіз болуы. Етістіктен етістік жасайтын өнімсіз жұрнақтар -ла,-ле (үрле, бүкте), -ғышта,-гіште (қойғышта, түйгіште), -ыңқыра,-іңкіре, -қыла,-кіле, -лық, -лік, -ық,-ік, -ғы,-гі (кергі, ызғы), -ыр,-ір (ұшыр, бітір), -бі,-ді. Етістіктен етістік жасайтын өнімді жұрнақатар етіс жұрнақтары. Етіс жұрнақтарының сөзжасамға қатысы туралы түрлі көзқарастар.

  Етістіктің аналитикалық тәсіл арқылы жасалуына қатысатын тілдік тұлғалар, олардың қызметі, мағына жасауға қатысы. Аналитикалық тәсіл арқылы жасалатын күрделі етістіктер. Күрделі етістіктердің құрамы, олардың орны, қызметі, сөзжасамдық қабілеті, күрделі етістік жасауда тірек сыңар болатын етістіктер.

Аналитикалық тәсіл арқылы құранды етістік жасалатыны, оның құрамы, құранды етістіктің тірек сыңары, құранды етістікке тірек сыңар болатын етістіктер. Құранды етістіктің құрамындағы сыңарларының беретін мағынасы. Сөздік құрамнан құранды етістіктің алатын орны.

 

    ПРАКТИКАЛЫҚ, ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ, СЕМИНАРЛЫҚ САБАҚТАР

Әр тақырып бойынша студенттерге оқуға, конспект жасауға қосымша әдебиеттер беріледі.

Практикалық сабақтарда әр тақырып мәселесі қосымша әдебиетпен толтырылып қайталанады. Студенттердің теориялық мәселені қаншалықты меңгергені анықталады. Толық меңгерілмеген, қате түсіндірілген мәселелер түзеліп, қайталанып оқытушы көмегімен дұрыс қалыптастырылады.

Семинар сабақтар қиын теориялық мәселе, қосымша әдебиет бойынша жүргізіледі. Ондай мәселелер студентке баяндама жасауға беріледі. Бір тақырыптан негізгі баяндамашы мен қосымша баяндамашылар белгіленеді. Қосымша баяндамашылар негізгі баяндаманы толықтырады, кемшілігін көрсетіп, оның дұрыс түрін дәлелдеуі керек, яғни олар оппонент қызметін атқарады. Егер баяндамашы ол пікірмен келіспесе, ол жалпы дискуссияға айналу керек. Түйінді оқытушы жасайды.

Мәселені дискуссияға айналдыру үшін, оқытушы күні бұрын студенттерге хабарлап, сұрақтар таратқаны дұрыс. Әдетте дискуссия күні бұрын жоспарланады, бірақ жоспарланбаған дискуссиялар орын алса, ол тіптен жақсы, онда оқытушы бағыттаушы қызметін атқару қажет. Оқытушы студенттің сөйлеу мәдениетіне назар аударып отыруға тиіс. Практикалық, семинар сабақтары студенттің тілін дамыту мәселесін де қамтып отыруы қажет.

Студенттің меңгерген теориялық материалы, тіл фактілері, жаттығулар, мәтіндер арқылы тексеріліп, теорияны істе қолдану, тіл деректерін тану қабілеті қалыптастырылады.

Студенттің теорияны да, оның тәжірибе жүзіндеимеңгергені да ауызша, жазбаша тест түрінде анықталуы керек.

Тест түрлерін әр тақырып бойынша сабақ үстінде жүргізіп отыру қажет, бұл арқылы әр студенттің әр тақырыпты қалай меңгергені анықталып отырады.

  Сол сияқты белгілі бір үлкен тақырып аяқталғанда да, тест өткізу арқылы оқытушы ірі тақырыптарды, блоктарды студенттердің қалай меңгергенін анықтайды. Тест арқылы тексерілмеген бірде-бір тақырып, бірде-бір студент болмауы керек.

Ал семестрлік сынақ, емтихан тестері бақаша құрылады және онда бір семестрдегі, бүкіл сөзжасам пәнін қамтитын тестілер қолданылады.

      

     Негізгі әдебиеттер:

1. Ағманова Ә., Ағманов Е. Қазіргі қазақ тіліндегі сөз тудырудың кейбір мәселелері жайында/ Совет дәуірінде қазақ әдеби тілін нормаландыру мәселелері. - Алматы, 1985.

2. Айтбаев Ө. Қазақ терминологиясының дамуы мен қалыптасуы. – Алматы, 1988.

3. Алдашова а., СарыбаевШ.,Уәлиев Н. Жаңа атаулар. – Алматы, 1992.

4. Айдаров Ғ. Көне түркi жазбаларының тiлi туралы. -Алматы, 1992.

5. Аханов К. Тiл бiлiмiнiң негiздерi. -Алматы, 1973.

6. Аханов К. Күрделі сөз және оған тән белгілер. -/Қазақстан мектебі.1972,№10

7. Байтұрсыноа А. Тіл тағылымы. – Алматы,1992.

8. Жанпейiсов Е., Нұрқанов С. Қазақ тiлiндегi сөзжасам мәселелерi.

Қаз. ССР Ғылым Академ. Хабарлары. Тiл, әдебиет. 1985. №4, 49-бет.

9. Жұбанов Қ. Қазақ тiлi туралы зерттеулер.- Алматы, 1966.

10. Ибатов А. Қазақ тiлiнiң туынды сөздер сөздiгi. -Алматы, 1988.

11. Ибатов А. Қазақ тiлiндегi есiмдiктердiң тарихынан.- Алматы, 1966.қ

12. Қазақ тiлiнiң грамматиксы. -Астана, 2002.

13. Қазiргi қазақ тiлiнiң сөзжасам жүйесi. -Алматы, 1989.

14. Қалыбаева А., Оралбаева Н. Қазiргi қазақ тiлiнiң морфемалар жүйесi.

-Алматы, 1989.

15. Қасымова Б. Қазiргi қазақ тiлiндегi күрделi етiстiктер.

-Алматы, 1997.

16. Қасым Б.К. Күрделі зат есімдер сөздігі. – Алматы, 1999

17. Маманов Е. Қазiргi қазақ тiлi. Етiстiк. -Алматы, 1966.

18. Оралбаева Н. Қазiргi қазақ тiлiндегi етiстiктiң аналитикалық формалары.

-Алматы, 1975.

19. Оралбаева Н. Қазiргi қазақ тiлiндегi сан есiмнiң сөзжасам жүйесi.

-Алматы, 1989.

20. Оралбаева Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. – Алматы, 2002.

21. Сайранбаев Т. Күрделi сөз тiркестерiнiң кейбiр мәселелерi. -Алматы,1976.

22. Салқынбай А. Тарихи сөзжасам. – Алматы,1999

23. Сарыбаев Ш. Междометия и их отношения к подражательным словам.

-Алматы, 1959.

24. Сарыбаев Ш. Қазақ тiлiндегi елiктеуiш сөздер. -Алматы, 1960.

25. Сауранбаев Н. Қазақ тiл бiлiмiнiң проблемалары. -Алматы, 1982.

26. Төлеуов А. Қазақ тiлiндегi есiм сөздердiң жасалуы. -Алматы, 1973.  


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: