Кредит саны: 4 кредит 7 страница

 

Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу картасы 

 

«Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы

Мамандық: 5В011700-Қазақ тілі мен әдебиеті

Пәні – «Қазіргі қазақ тілі сөзжасамы мен морфологиясы»

 

1.Пәннің типтік оқу бағдарламалары

 

Атауы Құрастырушылар Шыққан жылы Кітапханадағы, кафедрадағы экземплярының саны
1 Қарастырылған Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Қазақ филологиясы факультетінің Кеңесі ұсынған 29.09. 2006ж. Хаттама №1 1

 

2. Пәннің жұмыс оқу бағдарламасы

 

Атауы Автор (лары) Баспасы, шыққан жылы Кітапханадағы, кафедрадағы экземплярының саны
1 Қазіргі қазақ тілі морфологиясы мен сөзжасамы Көшімова Б.Ә. Ақтау, КМТИУ, 2014 1

 

3. Пәннің оқу бағдарламасы (Sillabus)

 

Атауы Автор (лары) Баспасы, шыққан жылы Кітапханадағы, кафедрадағы экземплярының саны
1. Қазіргі қазақ тілі морфологиясы мен сөзжасамы Көшімова Б.Ә. Ақтау, КМТИУ, 2014 2, электронды нұсқасы бар

 

4. Негізгі әдебиет

 

Атауы Автор (лары) Баспасы, шыққан жылы Баспа түрі Кітапханадағы экземплярының саны
1. Қазақ грамматикасы   Астана, 2002 Оқулық 10
2. Қазіргі қазақ тілі. Морфология Ысқақов А. Алматы., 1991 Оқулық 2
3. Грамматика теориясының негіздері Аханов К. Алматы, 1996 Оқулық 5
4. Қазақ тілінің сөзжасамы Оралбай Н. Алматы, 2001 Оқулық 15
5. Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімнің сөзжасам жүйесі Оралбаева Н.    Алматы, 1988 Оқу құралы 5

 

5. Қосымша әдебиет

 

Атауы Автор (лары) Баспасы, шыққан жылы Баспа түрі Кітапханадағы экземплярының саны
1. Қазіргі қазақ тілінің морфемалар жүйесі Қалыбаева А., Оралбаева Н.   Алматы: 1986 Оқу құралы 2
2. Қазіргі қазақ тіліне арн. жаттығулар Ахметов Ә. т. б. Алматы, 1998 Оқу құралы 5
3. Қазақ тілі. Грамматикалық анықтағыш. Түймебаев Ж.Қ.  Алматы, 1991 Оқу құралы 5
4. Қазақ тілі: фонетика, лексика, граматика - Алматы, 1999 Оқу құралы 2

 

6. Ш. Есенова атындағы КМТИУ ПОҚ шығарылған оқу құралдары

 

Атауы Автор (лары) Баспасы, шыққан жылы Баспа түрі Кітапханадағы экземплярының саны
1. «Қазіргі қазақ тілі морфологиясы» пәнінен дәрістер жинағы Көшімова Б.Ә. Актау: АктГУ, 2009 Оқу құралы 3
2. «Қазіргі қазақ тілі сөзжасам жүйесі» пәнінен дәрістер жинағы Көшімова Б.Ә. Ақтау, КМТИУ, 2009 Оқу құралы 3

 

7. Әдістемелік нұсқаулық

 

Атауы Автор (лары) Баспасы, шыққан жылы Кітапханадағы, кафедрадағы экземплярының саны 
1. «Қазіргі қазақ тілі морфологиясы» пәні бойынша сырттай оқитын студенттерге арналған бақылау-жаттығу тапсырмалары Көшімова Б.Ә. Актау: АктГУ, 2009 5

 

8. Әдістемелік нұсқаулықтар (қолдағы бары)

 

Атауы Автор (лары) Баспасы, шыққан жылы Кітапханадағы, кафедрадағы экземплярының саны 
1 -      

 

9. ПЭОӘК

 

Оқу сабағының түрі Бағдарламаның атауы Белгіленуі
1. Контент Талап етілмейді Талап етілмейді
2. Дәрістер, ТС, СОӨЖ Power Point бағд-ғы слайдтар Жоспарда қарастырылған сабақтың барлық түрін өткізуге арналған

 

 

10. Дәріс кешені

 

Атауы Автор (лары) Кафедрада, лекторда қолда бары
1. Дәріс тезистері Көшімова Б.Ә. Қолда бар
2. Үлестірмелі материал Көшімова Б.Ә. Қолда бар
3. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі Көшімова Б.Ә. ПЖОБ мен силлабуста берілген

 

11. СӨЖ үшін материалдар 

 

Атауы Автор (лары) Кафедрада, лекторда бары
1. СӨЖ үшін тапсырма (конспект, презентация жасау және т.с.с.) Көшімова Б.Ә. Қолда бар
2. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі Көшімова Б.Ә. ПЖОБ мен силлабуста берілген

 

 

12. Пәннің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі

Мамандандырылған оқу зертханалары (аудиториялар, кабинеттер)

Аудиторияның атауы мен жабдықталуы Орын саны
1. Г0202 электронды тақтамен 40
2 Г208 20

 

 «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының

меңгерушісі                                                                                    А.Н. Отарова

 

Келісілді:

Кітапхананың жабдықтау бөлімінің

меңгерушісі

(4 және 5 пункттер) 

 

 

VI. ДӘРІС КЕШЕНІ

 

3- ТАРАУ. ДӘРІСТЕРДІҢ ҚЫСҚАША КОНСПЕКТІСІ

 

Тақырып 1.   Сөзжасам – тіл білімінің жеке саласы, оның мақсаты мен мазмұны.

Дәрістің мақсаты: Студенттерге Сөзжасам туралы түсінік беру, «Сөзжасам» пәнінің зерттеу объектісін меңгерту. Пәннің мақсат-міндеттерін түсіндіру.

Дәріс жоспары: 1. Тілдің сөзжасам жүйесі туралы түсінік

                         2. «Сөзжасам» пәнінің зерттеу объектісі, мақсат-міндеттері

                         3. Зерттелу жайы

Бұл термин қазақ тілі білімінде соңғы жылдары сөз болып, тіл білімінің бір саласы сөзжасам ғылымы ретінде дамып келеді. (Қараңыз: Жанпейісов Е., Нұрханов С. Қазақ тіліндегі сөзжасам мәселелері – Қаз.ССР Ғылым Акадимінің хабарлары. Тіл, әдебиет сериясы. 1985, №4. 49-б.) XX ғасырдың 90-жылдарынан қазақ тілінің сөзжасам саласы туралы әртүрлі деңгейде ғылыми еңбектер жазыла бастады. Алғашқы іргелі еңбек «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі» (1989) атты монографиялық зерттеу болды. Мұнда сөзжасам жеке ғылыми сала ретінде танылып, оның негізгі теориялық мәселелері зерделенді. Осы кезден бастап, қазақ сөзжасамы ғылыми-теориялық бағытта сараланып, талданып, әртүрлі ғылыми аспектіде жүйелі түрде қарастырылып келеді.

Мектеп және жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар мен оқу құралдарына жеке сала болып еніп, пән ретінде оқытылуда.

       Бұған қарап қазақ тілінде бұрын сөз жасалмаған ба?-деген ұғым тумауға тиіс. Қазақ тіл білімінде сөз тудыру барлық грамматикаларда морфологияның құрамында берілген де, сөзжасамның жалпы теориялық мәселелеріне жеткілікті көңіл бөлінбеген. Түркі тілдерінде сөзжасам әсіресе татар, азербайжан тілдерінде жеткілікті зерттелген. Мысалы: Бакаев: Язык азирбайджанских курдов (1965), Ганиев «Татар тілінің сөзжасам проблемалары», «Татар тіліндегі күрделі сөздердің жасалуы» (1982)

       Ал орыс тіл білімінде Виноградов, Винокур, Шанский, Земскаялардың 1970,80 жылдардағы академиялық грамматикаларында сөз болған.

Қазақ тілінің сөзжасамы – негізгі зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеті айқындалған, зерттеу тәсілі мен әдістері бар, тілі білімінің бір жүйелі саласы.

Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі атаудың жасалу, қалыптасу жолын, мағынаның дамуын, ұғым, мағына, атаудың кешенді бірлігін қарастырады. Сөзжасам – жаңа мағыналы туынды сөздердің қалыптасуы мен мағыналық дамуын, жасалу тәсілдерін зерттейтін тіл білімінің бір саласы.

       Қазіргі қазақ тілінде-сөзжасамның ғылым ретінде зерттеу объектісіне сөз жасаушы тәсілдер, сөз жасаушы тілдік нұсқалар, типтер, сөздердің жасалу үлгілері, туынды сөздер, олардың түрлері, сөзжасамдық заңдылықтар, сөзжасамның сөз таптарына қатысы сияқты күрделі мәселелер жатады.

       Қазақ тілінің қазіргі кезде әбден қалыптасқан өте күрделі сөзжасам жүйесі бар. Бұл тілдің дамуымен бірге дами отырып, күрделеніп, қазіргі дәрежеге жеткен. Көне жазба ескерткіштерінің тілінде (V-VIII ғ. жазба ескерткіштерінде) негізгі түбірлермен қатар, күрделі сөздер, туынды түбірлер, бір сөздің бірнеше мағынада қолданылуы кездеседі. Мысалы, жұрнақтар арқылы: -іг =тір-іг, біл-іг, ур-уш, иел-ме, өт-унч. Сөздердің тіркесуі, бірігуі арқылы жасалғандар: күнтүз, Темірқапығ, Қарақұм, Ілтеріс, сегіз он, йеті йүз, арқыш-тіркіш; сондай-ақ қат деген сөз: 1) қабат, 2) жеміс, 3) жануардың аты, 4) қату, 5) араластыру сияқты деген мағыналарда қолданылған.

Бұдан көне жазба ескерткіштерінің тілінде де сөзжасамның синтетикалық, аналитикалық, семинтикалық тәсілдері болғанын көреміз.

(Ғ. Айдаров. Язык орхонских памятников древнотюркской письменности VIII в. А. 1971 год.)

Бірақ сөзтудырым жүйесі өте баяу жүреді және ол, көбіне, тілдегі модельдердің бір кезеңде активтенуі немесе пассивтенуі, мағынасының кеңеюі, кейбіреулерінің қолданыста шығып қалуы сияқты өзгерістер арқылы болады.

Көне жазба ескерткіштер тілінде жаңа сөз тудырудың синтетикалық тәсілі болды, бірақ әр сөз табының сөз тудырушы жұрнақтары санаулы еді. Ал қазір синтетикалық тәсіл сөзжасамда үлкен рөл атқарады және жұрнақтарға өте бай. Дегенмен жаңа қосымшалармен толығып отыруы мардымсыз, соңғы 40-50 жылдар ішінде қосылған жұрнақтарда аз. Мысалы, -хана қосымшасын келтіруге болады. Ол арқылы тілде бірсыпыра сөздер жасалды: емхана, жатақхана, асхана, дәріхана.

Сөзжасамдық жұрнақтың толығуы олардың бір-бірімен тұлға, мағына жағынан бірігуі арқылы да болып отырады, оған тілдегі күрделі жұрнақтарда алуға болады Мысалы, -дас =да +с; – лан =ла +н; малы =ма+лы, ушы=у+шы. т.б.

       Тілдегі сөзжасам жүйесінің күрделенуі, баюы көбіне сөзжасаушы жұрнақтардың мағына құрамы жағынан кеңеюі арқылы болады.

       Қосымшаның мағына жағынан дамуы өте ертеден басталған. Мысалы,

 -қы, -кі,-ғы,-гі қосымшалары көне орхон жазбаларында әрі заттық, әрі сындық мағына берген.

       -лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік жұрнағы да қазақ тілінде екі сөз табына, яғни зат есім мен сын есімге тән. Ал қазір екі түрлі сөз табына тән қосымша болғанымен, олардың төркіні бір болып келеді.

-ыс, -іс,-с. Бұлар зат есім мен етістікке тән. Етістікте бұл жұрнақ ортақ етіс жасап, қимылдың бірнеше субъектіге қатыстылығын білдірсе, зат есімде заттық мағына туғызады да, олар омоним қосымшалар болады.

Енді керісінше, кейбір жұрнақтар қолданудан шығып қалған. Орхон-Енисей жазбаларындағы –меч жұрнағы. Мысалы: ег-меч (тәте) деген сөз екен.

       Тілдегі сөзжасаудың көне тәсілі-аналитикалық тәсілі де Қазан төңкерісінен кейін ғылым мен техниканың дамуына байланысты активтенді.

Радиотехника, радио-хабар, көркемөнер, халықаралық және тағы басқа зат есім, сын есім сөздер  жасалып, тіліміз байыды.

       Сөздерді қысқарту тәсілі де ұлғайды, бұл үшін орыс тілінің сөз қысқарту тәжірибесін пайдаландық. Ауылсовет, пединститут, медпункт, совхоз т.б. қысқарған сөздер көбейді. Октябрь ревалюциясына дейін қазақ тілінде кісі аттарына қысқарту бар еді. Әбеке, Сәке, Мәке, Жәке, Бәке.

   

Негізгі әдебиеттер:

1. Жанпейiсов Е., Нұрқанов С. Қазақ тiлiндегi сөзжасам мәселелерi.

Қаз.ССР Ғылым Академ. Хабарлары. Тiл, әдебиет. 1985. №4, 49-бет.

2. Қазақ тiлiнiң грамматикасы. -Астана, 2002.

3. Қазiргi қазақ тiлiнiң сөзжасам жүйесi. -Алматы, 1989.

4. Оралбаева Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. – Алматы, 2002.

Қосымша әдебиеттер:

1. Қалыбаева А., Оралбаева Н. Қазiргi қазақ тiлiнiң морфемалар жүйесi.- Алматы, 1989.

2. Ысқақов А. Қазiргi қазақ тiлi. Морфология. - Алматы, 1991.

 

Тақырып 2. «Сөзжасамның тіл білімінің басқа салаларымен байланысы»

Дәрістің мақсаты: Сөзжасамның тіл білімінің фонетика, лексика, морфология, синтаксис салаларымен байланысын меңгерту.

Дәрістің жоспары: 1. Сөзжасамның фонетика саласымен байланысы

                               2. Сөзжасамның лексика саласымен байланысы

                               3. Сөзжасамның морфология саласымен байланысы

                               4. Сөзжасамның синтаксис саласымен байланысы

  Ғылым салаларының бір-бірімен байланысы, сабақтастығы оның ішкі табиғатының кешенді құбылыс екенін аңғартады. Тіл – танымның көрінісі, сондықтан рухани және материалдық мәдениет жетістіктернің бейнесін таңбалайды.

Тіл білімі - кешенді жүйе. Әлем бейнесін белгілі дыбыстардың заңдылықтарға негізделген жүйесі арқылы таңбалап, танылған ұғымды сөз мағынасы арқылы белгілейтін СӨЗ – лексиканың да, фонетиканың да, морфологияның да, сөзжасамның да зерттеу нысаны. Әңгіме олардың қай аспектіде, қай қырыннан қарастырылуында болса керек.

   Дәстүрлі грамматикада құрылымдық жүйе негізінде бөлінген тіл білімінің салалары бір-бірінен мүлде ерекше бола алмайды. Өйткені негізгі зерттеу нысаны сөз болғандықтан, оның дыбыстық жағы, құрамы, жасалуы, тіркесуі, ойды білдіруі бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста ған анықталады. Тіл білімі салаларының бір-бірімен тығыз байланыстылығы тілдің кешенді жүйелілігін танытады.

   Қазақ сөзінің жасалу жүйесін талдап, танытатын, атау жасау процесін танымдық (когнитивтік) тұрғыда зерделейтін сөзжасам, ең алдымен, лексикологиямен тығыз қарым- қатынаста. Сөзжасамдық процесс, түптеп келгенде, жаңа мағыналы туынды сөз жасауға қызмет етеді. Ал кез келген сөз – лексикологияның зерттеу нысаны. Демек, сөзжасамның нәтижесі саналатын туынды сөз лексикалық құрамды толықтырады. Сөзжасамдық процесс нәтижесінде туындаған сөздер мағыналық дамудың барысында жаңа мағынаға ие болады. Тілді дамытып, жетілдіріп отыратын да осы процесс. Яғни лексикология сөзжасамдық процесс нәтижесінде пайда болатын дайын тілдік материалдардың сөздік құрамын, мағынасын анықтаумен айналысады. Сөзжасамдық процесс нәтижесінде барлық жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздер, қос сөз бен біріккен сөздер, фразеологиялық бірліктер, тіркесті сөздер жасалады. Сөзжасам процесс те, оның нәтижесі – атау.

Сөзжасам мен морфологияның да бір-бірімен байланысы бар. Сөзжасам сөздердің құрамын өзгертіп, оның мағыналық құрылымына өзгеріс енгізсе, морфология сөздердің құрамын, грамматикалық сипатын зерттейді. Морфологияның негізгі зерттеу нысаны – сөздерді сөз таптарына топтастырып жіктеп, саралау болса, сөзжасам негіз сөздің мағынасы арқылы жаңа туынды атау туғызады. Мұндағы ортақтық негіз сөз бен қосымшаларға байланысты. Морфологияда негіз сөз сөздің түбірі делініп зерттелсе, сөзжасамда сөзжасамдық тұлға ретінде айқындалады.

Қосымшалардың екіге бөлінетіні де белгілі. Жалғаулар мен сөз түрлендіруші жұрнақтар морфемдік талдауға түсіп, морфологияның зерттеу нысанына айналады да, сөз тудырушы жұрнақтар жаңа мағына жасайтын тұлға ретінде сөзжасамның зерттеу нысаны болады.

Сөзжасам мен фонетиканың байланысы сөз мағыналарын айқындаудағы дыбыстардың өзгерістерінің болуы арқылы көрінеді. Дыбыстардың сәйкесуі арқылы да сөз мәні мен мағынасының өзгеретіні әсіресе, тілдің тарихи дамуын зерделегенде жақсы аңғарылады. Зат немесе құбылыс туралы ұғымның дамуы сөз мағыналарының жіктелуіне әкелетіні белгілі. Бұл ұғымның әртүрлі сипатта өзгере дамуын белгілеп, жаңа мағына туғызуда аллофондық дыбыстар келе-келе жеке фонемалық деңгейге көтерілген немесе сәйкес дыбыстарға жіктеле дамыған. Осыған байланысты тілде дыбыстар сәйкестігі нәтижесінде жаңа атаулар пайда болған. Бұл сөзжасамның зерттеу нысанына айналатын күрделі теориялық мәселелердің бірі.

  Сөздердің тіркесуі арқылы жаңа атау жасалу процесі синтаксис пен сөзжасамның тығыз байланысын танытады. Яғни синтаксис сөздердің бір-бірімен еркін байланысын зерттесе, осы еркін тіркес мағынасы кейде бірте-бірте шектеле келе, жеке ұғымды анықтайтын дәрежеге жетіп, лексикаланады. Соның нәтижесінде жаңа екіншілік мағыналы атау сөз жасалады. Еркін сөз тіркесінің тіл дамуы барысында лексикаланып, жаңа атау сипатына ену процесін сөзжасам саласы қарастырады да, оны арнайы аналитикалық тәсіл арқылы зерделейді.

 

Негізгі әдебиеттер:

1. Қазақ тiлiнiң грамматикасы. -Астана, 2002.

2. Қазiргi қазақ тiлiнiң сөзжасам жүйесi. -Алматы, 1989.

3. Оралбаева Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. – Алматы, 2002.

4. Салқынбай А. Қазақ тілі сөзжасамы. – Алматы, 2007.

Қосымша әдебиеттер:

1. Ысқақов А. Қазiргi қазақ тiлi. Морфология. - Алматы, 1991.

 

Тақырып 3. «Сөзжасам жүйесінің негізгі ұғымдары»

Дәрістің мақсаты: Сөзжасам жүйесінің негізгі ұғымдары: сөзжасамдық тұлға, сөзжасамдық ұя, сөзжасамдық мағына, сөзжасамдық үлгі; сөзжасамдық қалып т.б. туралы түсінік беру, олардың өзіне тән ерекшелігін меңгерту.

Дәрістің жоспары: 1. Сөзжасам жүйесінің негізгі ұғымдары туралы түсінік

                              2. Сөзжасамдық тұлғалар

                              3. Сөзжасамдық ұя, тізбек

                              4. Сөзжасамдық мағына

                              5. Сөзжасамдық үлгі, сөзжасамдық қалып, тарам

    Сөзжасамның жеке сала ретінде танылуының басты белгісі оның негізгі ұғымдарының болуы. Сөзжасам жүйесі атаудың қалыптасуын, мағыналық даму жолын, жасалу амал-тәсілдерін зерделейді. Осы тұрғыда оның өзіндік ішкі заңдылықтарын белгілейтін басты ұғымдары қалыптасқан.

Сөзжасамның теориялық мәселелерін айқындау жалаң қалыпта емес, кешенді жүйеде қарастырылуы қажет.

Сөзжасамның жүйелілігі оның кешенді бірліктерінің болуымен байланысты.

Сөзжасамның кешенді бірліктері мыналар:

- сөзжасамдық тұлға;

- сөзжасамдық ұя;

- сөзжасамдық мағына;

- сөзжасамдық үлгі;

- сөзжасамдық қалып;

- сөзжасамдық тізбек;

- сөзжасамдық жұп;

- сөзжасамдық саты;

- сөзжасамдық тарам;

- сөзжасамдық байланыс.

Сөзжасамдық тұлға – сөзжасамның негізгі ұғымы. Сөз жасауға қатысатын бірліктер – негіз (түбір) бен сөз тудырушы жұрнақтар сөзжасамдық тұлға деп аталады

       Түбір сөздің лексикалық мағынасы негізінде туынды сөздің жаңа мағынасы жасалады. Мысалы, бала-лы, бала-лық, бала-ң (кез), бала-пан, бала-жан бәрінде мағынасында жақындық бар.

       Өте сирек жағдайда туынды түбір құрамында жеке қолданылмайтын негіз сөздер де кездеседі. Мысалы: ұя-л, ұя-т, оя-н, оя-т, жұба-н, жұба-т, мом-ын, мом-ақан сияқты туынды түбірлерге негіз болып тұрған ұя, оя, жұба қазақ тілінде жеке қолданыстан шығып қалған, бірақ туынды түбірлер жасалған кезде олардың лексикалық мағынасы болған. Қайдаров монографиясында мұндай өлі түбірдің саны - 1352.

Сөзжасам процесінде тілдің сөздік құрамындағы сөз атаулының қатысы бірдей дәрежеде емес. Тілімізде байырғы сөздермен қатар басқа тілдерден енген сөздер де көп. Осыларды салыстырсақ, байырғы сөздер сөзжасам процесіне актив түрде қатысса, кірме сөздер әлдеқайда пассив қатынасады.

       Сөз таптарының да сөзжасамға қатысу қаблеті әр түрлі. Зат есім, сын есім, етістік сөзжасам процесінде басқа сөз таптарынан әлдеқайда актив түрде.

       Тілдің сөзжасам жүйесіндегі негізгі тұлғаның бірі-жұрнақтар. Олар тілімізде өте көп.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: