Кредит саны: 4 кредит 9 страница

1. Сөзқосым тәсілі біріктіру, кіріктіру тәсілдері арқылы жүзеге асады. Біріктіру тәсілі арқылы жасалған сөздердің компоненттерінің әрқайсысы өздерінің жеке не дербес қолданылғандағы дыбыстық құрамын толық сақтай отырып бірігеді. Мысалы, ақсақал, орынбасар, көкжөтел, тасбақа, айбалта, құсбегі, бірқатар тағы басқа.

       Кіріктіру тәсілі арқылы жасалған сөздердің компоненттерінің кейде біреуі, кейде екеуі де дыбыстық құрамын ықшамдап, өзгертіп бірігеді. Мысалы, биыл (бұл жыл), бүгін (бұл күн), апар (алып бар), қарлығаш-қара ала құс, білезік-білек жүзік, сексен-(сегіз он) белбеу-бел бау тағы басқа.

Біздің тілімізде бірсыпыра біріккен сөздер танылмай, бөлек жазылып жүр. Олардың бірде бірге, бірде бөлек жазылуы, түрлі сөздіктерде түрліше берілуі де бар, ол да-өзінің шешімін күтіп тұрған мәселе.

2. Қосарлау тәсілі екі сөздің бір-біріне қосарлануы немесе бір сөздің қайталануы арқылы сөзжасайды және ол өте ертеден келе жатыр.

       Орхон жазба ескерткіштерінде: арқыш-тіркіш керуендер, ічін-ташын-іші-тысы, өлу-иіту - өлу-жету, аты-күсі-оның данқы т.б.

Қазақ тілінде: аға-іні, ата-ана, тау-тас, бес-алты, ән-күй, бала-шаға т.б.

       Қосарлама тәсіл арқылы сөз жасаудың мынадай шарттары бар:  

1) олардың екі сыңары мағыналас, мағынасы жақын, синоним сөздер болу керек: кемпір-шал, ойын-сауық, құрал-сайман;

2) қосарлама тәсіл арқылы сөз жасалу үшін оның компоненттері бір сөз табынан болуға тиіс: бес-алты (сан есім), бүгін-ертең (үстеу), жақсылы-жаманды (сын есім), көрпе-жастық (зат есім), келіп-кетіп (етістік);

3) қосарлама тәсіл арқылы жасалған қос сөздердің екі компонентінің морфемдік құрамы сай келіп отырады: ұзынды-қысқалы, барып-қайтып;

4) олардың компоненттерінің буын саны да сай келуге тиіс: жер-су, жеті-сегіз, әке-шеше. Егер бұл заңдылық бұзылса, буын саны аз компонент бірінші орында, буын саны көп компонент екінші орында тұрады: қыз-келіншек, бес-алты;

 5) қосарлама тәсіл арқылы жасалған сөздердің бәрінде жинақтау мағынасы болады.

Қайталама тәсіл арқылы сөз жасаудың шарттары:

1) Қос сөздің екі компоненті де бір сөзден құралады, ол ешбір өзгеріссіз түбір қалпында қайталанады: қора-қора, тау-тау, мая-мая;

2) Екі компонентіңде де бір қосымша қайталанады: сұрап-сұрап, келе-келе, бара-бара;

3) Екі компонентіңде антоним қосымшалары болады: орынды-орынсыз, жөнді-жөнсіз. Кейде олар болымды-болымсыз форманың қарама-қарсылығына құралады: келіп-кетпей, айтып-айтпай т.б.

4) Екі компонентің біріншісіне -ба, -бе қосымшалы қосылу арқылы жасалады: көзбе-көз, бетпе-бет, ауызба-ауыз;

5) Екі компанентің біріне немесе екеуіне септік, біріне тәуелдік жалғаулары жалғанады: өзінен-өзі, өзімен-өзі, үйден-үйге, тойдан-тойға тағы басқа.

6) Екі компанетінің бірі, көбіне екінші сыңарының бірінші дыбысын өзгерту немесе дыбыс қосылуы арқылы жасалады: ат-мат, шай-пай, қыз-мез, жігіт-шігіт, ас-мас. Мұндай қос сөздер қомсыну мағынасын береді.

7) Қайталама тәсілі бір компонетінің буынын екінші компонентте қайталау арқылы да жасалады: қып-қызыл, жап-жасыл. (күшейту мәнін береді).

3. Тіркестіру тәсілі арқылы сөз жасалғанда, сөз тіркестіру ұзақ уақыт қолданыла келе компоненттің мағыналары бірігіп, бір мағынаға көшеді. Бірақ олар өзінің сөз тіркесі кезіндегі бөлек жазылу қалпын сақтаған. Мысалы: кіріп шық, он бес, қара жол, темір жол, ортан жілік, ащы ішек. 

Бұлар тілде дайын тұрған сөздер, әркім оларды бір заттың аты ретінде осы құрамда қолданады. Сөйлемнің бір ғана мүшесі болады, сөз түрлендіруші қосымшалар олардың соңғы компонентіне ғана жалғанады.

       Қазақ тілінде тіркестіру тәсілі сан есім сөзжасамында негізгі тәсіл болып саналады. Сан есімде нақтысы сан атаулары тек қана бір санмен екінші санның тіркесі арқылы жасалады. Сан есімде күрделі санның өзі миллионға жуық.

Сол сияқты аналитикалық тәсілдің тіркестіру тәсілі зат есім, әсіресе етістікте кең қолданылады. Мұнда 30-ға жуық негізгі түбір етістіктер өзінің алдынан түрлі етістіктерді тіркеп алып, олардан күрделі қимылды білдіретін күрделі етістіктерді жасайды. Мысалы: бір ғана «кел» етістігінің өзінен, 300-дей күрделі етістік жасайды: алып кел, жүріп кел, барып кел, жатып кел, тұрып кел, салып кел, ұрып кел.

       Тіркестіру арқылы сөз жасауда тірек компоненттер күрделі сөздің жасалуына негіз болады.

Мысалы:

                бір                           бір

       он  екі                           екі                жүз

                үш                         үш

 

Ала: қызыл ала, қоңыр ала, сары ала; май: сары май, тоң май, жер май, сұйық май, балық май; қора: ат қора, қой қора, мал қора.

       Тірек компоненттің жиі қолданылуы оның мағынасының көмескіленіп барып, бара-бара көбіне қосымша қатарына да өтіп отырады.

Мысалы: -хана және –кент. бір кездерде біріккен сөздің екінші компоненті саналған, ал қазір жұрнақ қатарына жатқызылады.

       Қысқарту тәсілі тілдің сөзжасам жүйесінен онша көп орын алмайды.

       Тілімізде колхоз, совхоз, обком сияқты тұтас сөз ретінде қабылдану дәрежесіне жеткен қысқарған сөздер бар. Олардан колхозшы. Совхозшы, совхоздасу сияқты туынды сөздер жасауға болады.

       Қысқарту тәсілі тілімізде орыс тіліндегі сөз қысқарту үлгісінде пайда болды.: кеңшар, ТМД, ҚР, пединститут, филфак, АқтМу.

Сөзжасамның лексика-семантикалық тәсілі. Лексика-семантикалық тәсілде сөздің құрамы, тұлғасы ешбір өзгеріске түспейді, өзгеріс тек сөздің мағынасында ғана болады. Сөз дыбыстық, морфемдік құрамын сақтай отырып тілдегі бұрынғы қолданылып жүрген мағынасының үстіне жаңа мағына қосып алады да, тілде жаңа мағынасында қолданыла бастайды. Сөздің тек мағынасында өзгеріс болғандықтан, бұл тәсіл лексика-семантикалық тәсіл деп аталған.

Тілімізде ақ деген сөз түсті білдіретін сын есім екені белгілі: ақ көйлек, ақ орамал т.б. Осы ақ сөзінің тілде басқа да толып жатқан мағынасы бар: 1) Ақ – адал мағынасын береді. Мысалы: Ақ жүрген адам азбас (мақал).

2) Ақ – сүт, айран, қатық, қымыз шұбат сияқты тағамдар. Мысалы: Ұлжанның күз уақытында Зере мен балаларға әзірлеп отыратын ағы осы болатын.

3) Ақ – ақиқат шындық. Мысалы: Жұмыр басты пендеге - өлім ақ (мәтел).

Осы мысалдардағы түс мағынасындағы ақ бұл сөздің негізгі мағынасы, ақ тілде негізгі мағынасында да қазір қолданыста, Ал осы сөз тілде кейін басқа мағыналарды қосып алғаны мысаладардан көрінеді. Олар: адал, тағам аты, ақиқат, шындық деген мағыналар.

Лексика-семантикалық тәсіл арқылы зат есімге заттану арқылы көшкен сөздер өте көп: бүлдірген, ағарған, көк, жетісі, қырқы, айтыс т.б.

Зат есім сөздердің ішінде өзіне басқа мағынаны қосып алып, екінші сөздің қызметін атқарып жүрген сөздер де аз емес. Мысалы, екпін – тіл біліміндегі термин, буын, мағына, есім, шылау, үстеу. Мұндай термин мәнін алған сөздер әр ғылымда да баршылық. Теңеу, суреттеу, өлең - әдебиет саласында; көбейту, алу, теңдік – математикада, қимыл, қозғалыс, заң - физикада қолданылады.

Лексика-семантикалық тәсіл арқылы сөздің жаңа мағынаға көшуіне байланысты сөз бір сөз табынан екінші сөз табына ауысады, оны ғылымда конверсия деп атайды.

Сөздердің осылайша бір категориядан екінші категорияға көшу құбылыстарының ішінен қазақ тілінде көбірек ұшырайтындары -субстантивтену (заттану немесе зат есімге айналу), адъективтену-сын есімге айналдыру, адвербиалдану (үстеуге айналу), вербалдану (етістікке айналдыру) деп аталатын процестер.

 

Негізгі әдебиеттер:

1. Қазақ тiлiнiң грамматикасы. -Астана, 2002.

2. Қазiргi қазақ тiлiнiң сөзжасам жүйесi. -Алматы, 1989.

3. Оралбаева Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. – Алматы, 2002.

4. Салқынбай А. Қазақ тілі сөзжасамы. – Алматы, 2007.

Қосымша әдебиеттер:

1. Ысқақов А. Қазiргi қазақ тiлi. Морфология. - Алматы, 1991.

                            

Тақырып 7. «Зат есімнің сөзжасамы. Туынды түбір зат есімдер»

Дәрістің мақсаты: Студенттерге зат есім жасайтын жұрнақтар мен түбірлер құрамы туралы мәлімет бере отырып, туынды түбір зат есімнің сөзжасамын меңгерту.

Дәрістің жоспары: 1. Зат есім жасауға қатысатын түбірлер мен жұрнақтардың құрамы

                            2. Есім негізді зат есімдер

                            3. Етістік негізді туынды зат есімдер

Тілдің тұтас сөзжасам жүйесінен зат есімдік сөзжасамның алатын орны ерекше. Өйткені зат есім жасауға қатысатын жеке сөздер мен жұрнақтардың сан мөлшері өзге сөз таптарымен салыстырғанда әлдеқайда қомақты. Жасалу тәсілдеріне қарай зат есімдерді негізгі үш топқа бөліп қарауға болады. Мысалы, жұрнақтық тәсіл туынды зат есімді, сөзқосымдық және сөзқысқарымдық тәсілдер күрделі зат есімді, ал семантикалық тәсіл көп мағыналы, омоним, сувстантив зат есімді жасайды.

Зат есім жасайтын түбірлердің құрамы

  Туынды түбір жасайтын түбірдің құрамдық сипатын құрылымдық ерекшелігін ашып алмайынша сөзжасамның мағынасын ажырату мүмкін емес. Тіліміздегі туынды зат есімнің бәрінің бірдей сырт тұлғасынан олардың туынды екені үнемі байқала бермейді. Түбір мен жұрнақтардың қосылған жері, буыны сезіліп тұрмайды.

Мысалы: «Қазығұрттың басында кеме қалған,Ол әулие болмаса, неге қалған» дегендегі кеме сөзін әдетте, ойланбай-ақ, негізгі түбір сөз деп өте шығады.

Алайда, кейбір туыс түркі тілдеріндегі деректерге қарасақ, бұл туынды есім екенін, тува тілінде «өзен, су»мағынасын білдіретін кам, кем түбірінен барып шығады. Сонда кеме қазақ тілінде туынды сөз болып табылады. Сондай-ақ тізе сөзі де туынды сөз. Тіздеу, тіз киім. Тіз сөз жеке қолданылмайды. М.Қашқари өзінің «Девону луғатит түрк» сөздігінде бұл лексеманың сол көне тіз түрін келтіреді.

Тілімізде кейбір туынды зат есімнің түбір мен қосымшаға оңай ажырайтын, бірақ түбір күйінде жеке қолданылмайтын түбірлер болады: қай/ғы, -дая/шы.

Туынды зат есім екенін ажырату үшін ондағы жұрнақты танып, тауып алудың өзі жеткілікті. -ғы, -шы жұрнақ, қай, дая сөздері жеке қолданылмайды. Манғол тілінде гай сөзі –несчасный случай, несчастья, горе, беда (монғол -орыс сөздігі).

Біздің ойымызша, қайғы туынды зат есім жасайтын қай түбірі ертеде қазақ тілінде де жеке қолданылғанға ұқсайды. Мына заман қай заман, қысқан заман, Басымыздан бақ-дәулет ұшқан заман.

Мұнда, қай сұрау есімдігінен гөрі, манғол тілінде «бақытсыз жағдай», бақытсыздық, қайғы, пәле деген мағына білдіретін гай сөзіне көбірек ұқсайды.

Дая да солай. Қазақ тілінде жеке қолданылмайды, бірақ, ноғай тілінде күтуші мәнінде осы дая қалпында қолданылады.

Жалаң туынды зат есім жасайтын түбірлер.

 Жалаң туынды зат есім жасауға қатысатын түбір сөздерге: 1) зат есім түбірлер: қол/тық, ауыз/дық, ас-тық, су-шы т.б;

2) Сан есім түбірлер: бес/тік, екі/лік, бір/лік т.б.

3) Түбір етістіктер: сыр/мақ, ұйы/қы, бөл/ме, там-шы т.б

4) Туынды сын есім түбірлер: құрғақ/шылық, ақ/тық, жеңіл/дік,ұзақ/тық т.б.

5) Еліктеуіш түбірлер: сып (ыс)-сыбыс, сып-дыр (сыбдыр), сып (ыр)-сыбыр т.б.

6) Үстеу түбірлер: күнде/лік, есте/лік т.б

7) Есімдік түбірлер: өз/дік, өз/імшілік т.б.

8) Көмекші есім түбірлер: аст/ар, аст/ырт, үст/ірт т.б

9) Модальді (әртарап) түбірлер: жоқ/шылық, бар/шылық, көп-тік т.б.

10) Етістіктің есімше түрінен: қынжылған/дық, адасқан/дық, ұнатпаған/дық т.б.   

11) Кірме түбірлер: азан/шы, құдай/шылық, молда/лық, мемлекет/тік, гармон/шы, крепостной/лық, министр/лік т.б. жатады.

Зат есім жасайтын жұрнақтардың құрамы.

Зат есім түбірге - 49, етістік түбірге - 39, еліктеуіш түбірге - 12, сын есім түбірге-7, қимыл есімді түбірге-7, сан есім түбірге-4, модальді түбірге-2, көмекші есімді түбірге-1, есімдік түбірге-1, үстеу түбірге-1 жұрнақ жалғану арқылы жасалады.Жұрнақтардың көпшілігі бір-бір ғана сөз табына қатар жалғанып, қай-қайсынан да туынды зат есім жасайды.

Ал -лық, -лік (-дық, -дік, -тық, -тік) жұрнағы еліктеуіштен басқаларының бәріне жалғанады. Осы тұрғыдан алғанда қазақ тілінде туынды зат есім жасауға 85-тей жұрнақ қатысады.

Туынды зат есім жасайтын жұрнақтар құрамы жағынан жалаң құрамды, күрделі құрамды болып екі топқа бөлінеді,

Күрделі жұрнақтар: -гер-ші-лік, -шы-лық, -ын-ды, -ыл-дыр-ық, -м-ші, -па-лық, --та-шы, -н да.

Дара жұрнақтар: -шы(-ші), -ма(ме),-лық (-лік) т.б.

Зат есім жұрнақтарының ішінде кірме тұлғалар да бар. Иран тектілер:

  -дар, -зада, -кеш, -гер, (-кер), -көр, -ман (-пан), -нама, -раз, -стан, -хана бұлардың бәрі өз топтарында толық мәнді сөздер), орыс тілінен: - изм, -ист.

 Сондай-ақ тілімізде -алқа, -арт, -пар, -шар сияқты жұрнақтар да кірме жұрнақ қатарына жатады.

Өнімді жұрнақтарға 25 жұрнақ жатады. Олар: -лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік, -шы, -ші, -ынды, -інді, -нды, -нді, -ма (-ме) –шылық, -шілік.

Тілімізде бір кезде туынды зат есім жасап, кейін келе сөзжасамдық қызметін тоқтатқан да кейбір жұрнақтар бар. Өнімсіз жұрнақтар, мысалы, -нда (бұранда) -ташы (бақташы), -та (қалта), -тір (ектір) т.б.

 

Туынды түбір зат есім (синтетикалық тәсіл)

Туынды зат есім синтетикалық тәсілмен көбіне туа түбір зат есімнен жасалады. Туа түбір зат есімге жалғанып, туынды зат есім жасайтын жұрнақтар өздерінің сөзжасамдық қызметі жағынан өте өнімді болып келеді.

1) -лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік- түркі тілдердегі ең өнімді жұрнақ.

а) -лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік жұрнағы арқылы салт-дәстүрге қатысты атаулар жасалады.

Мысалы: қалың-дық, базарлық, құдалық, дұғалық т.б.

ә) Тағам, өсімдік түрлерімен, жәндік, жануарлармен байланысты туынды зат есімдерге: тұз-дық,уыздық, ас-тық, тұқым-дық, қымыз-дық, ине-лік, жән-дік, жан-дық.

б) Осы жұрнақтар арқылы жасалған туынды зат есім бір саласы адамның немесе малдың тек дене мүшелерімен байланысты болып келеді: қол-тық, бұға-лық, мұрын-дық, ауыз-дық, ерін-дік, езу-лік, арқа-лық, төс-тік, бел-дік т.б.

в) Туыстық ұғыммен байланыстылар: бала-лық, аға-лық, жиен-дік, туыс-тық т.б

г) Мамандық түрімен байланысты болып келетін туынды зат есімдер:

ұстаз-дық, ғалым-дық, балуан-дық, бақсы-лық, мұғалім-дік т.б.

ғ) Жеке бір жеміс иә өсімдік атауларына -лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік жалғануы арқылы кәсіби лексикамен байланысты туынды зат есім жасалады:

мақта-лық, жүзім-дік, егін-дік, жүгері-лік, қауын-дық.

д) Бұл жұрнақтар кірме түбірлерге де жалғанып туынды зат есім жасайды:

дұға-лық, намаз-дық, мұсылман-дық, кәпір-лік, дұға-лық, жұмалық, дос-тық, қас-тық, батыр-лық.

2) -шы, -ші - қазақ тіліндегі, түркі тілдердегі ендігі бір өнімді жұрнақ.

а) Туа түбір зат есімі мен –шы, ші жұрнағының қосылуынан жасалған туынды зат есімнің ең бір мол саласы –жалпы халықтық сипаттағылар. Мұндай туынды зат есімнің біразы мамандық мәнді сөздер болып келеді: кеме-ші, садақ-шы, қой-шы, түйе-ші, ау-шы, су-шы, отын-шы, шөп-ші тағы басқа.

ә) Туынды зат есімнің бір тобынан этнографиялық сипат байқалады: құмалақ-шы, сүйек-ші, тамыр-шы, көкпар-шы, бүркіт-ші т.б.

б) –шы, -ші жұрнақ арқылы термин сөздер қалыптасқан: тіл-ші, кезек-ші, спорт-шы, хат-шы, жетек-ші т.б.

в) Орыс сөздерінен жасалған туын зат есімдер: барабан-шы, пулемет-ші, автомат-шы, зенит-ші.

3) -лас, -лес, -дас, -дес өзінің сөзжасамдық табиғаты жағынан сын есімге тән жұрнақ.

Тілімізде осы жұрнақтар арқылы жасалған: қарын-дас, отан-дас, жер-лес, күн-дес, ұя-лас, қалам-дас, арман-дас, әріп-тес сөздері сырт тұлғасы сын есім сөздерге ұқсас болғанмен, олар бірден субстантивтеніп зат есімдік сапа алған, яғни терминдік сипаты басым.

Өнімсіз жұрнақтар: -сыз, -сіз жансыз (тыңшы), балақсыз (шортик), жеңсіз (киім)

-ған, -ген, -кан, -кен: саз-ген (муз.аспап), жел-кен (парус)

-лақ, -лек, -дақ, -дек, -тақ, -тек: мойын-тақ (темір-тек малдың мойын жібі),

жауырын-тақ (мал аурудың аты), тұздақ-топоним-к атау, қыс-тақ.

-шылық, -шілік құранды жұрнақ: жұртшылық, құлшылық, шаруашылық, қазақшылық, шығармашылық, жігітшілік.

-ық, -ік, -ақ, -ек, -қ, -к:, түб-ек, кез-ек,ұш-ық, жел-ік.

-ша, -ше, -са, -се: хан-ша, шақ-ша, бақ-ша, жүрек-ше, кеуде-ше, жіп-ше, бөлімше, маңдай-ша, жең -се (киім аты)

-шық, -шік: қыл-шық, бүр-шік, ай-шық, кеп-шік

-дырық, -дірік: төбелдірік, кекілдірік.

-ым, ім: қайыр-ым, мейір-ім, қар-ым.

-пар: шоқ-пар, қат-пар, тұл-пар.

-ман, -мен, -пан, -пен: ор-ман, ата-ман, құт-пан, кілти-пан

-стан –иран тіліндегі «ел, жер» мағынасында қолданылатын дербес сөз.

Мысалы: Түркменстан, Қазақстан.

-хана бұл да иран тілінен кірген, ол жеке сөз ретінде жұмсалып, «үй» деген мағына білдіреді.

Ас-хана, дәрі-хана, шай-хана, маса-хана.

-нама, -дама, иран тілдерінде «жазу, шығарма, кітап», мағынасын білдіретін дербес сөз: жар-нама, жыл-нама, дәрінама, сәлемнама, ғарыш-нама, мақал-нама, кепіл-деме, түсінік-теме, дерек-теме.

-зада, -иран тілдерінде тұқым-тегі нәсілі деген мағынада қолданылатын дербес сөз. Гүлзада, Айзада, Бекзада, Ханзада.

-паз: ас-паз, ат-паз.

-ғар, -гер, иран тілінен енген: сауда-гер, дәрі-гер, тәлім-гер, жүлдегер, зергер, балгер, жауын-гер, қызмет-кер, қайрат-кер, майдан-гер.

-қор: бейнетқор, өсімқор, пәлеқор.

-кеш: түйе-кеш, арба-кеш.

-қай, -кей: сілекей, алаң-қай, төс-кей, бет-кей.

-аң, -ең, -ң: тоз-аң, бел-ең, кез-ең.

-сын, -сін: су-сын т.б.

Туынды түбір зат есімнен жасалған зат есімдер.

-лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік: аңшы-лық, малшы-лық, жалшы-лық, дәрігер-лік, бал-гер-лік, ел-шілік, жетекші-лік.

-шы, -ші: қу-ғын-шы, бүлік-ші, жүр-гін-ші, егін-ші, орақ-шы, кітапхана-шы.

Сын есімнен жасалған туынды зат есімдер:

1. -лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік.

жетім-дік, кең-дік, жылы-лық, жіңішке-лік, өрескел-дік, шешен-дік, қомағай-лық, жас-тық, аш-тық, дербес-тік, жеңіл-дік, тең-дік.

-шылық, -шілік: жаман-шылық, мол-шылық, қиын-шылық, сау-шылық, тоқ-шылық.

Кірме түбір сын есімнен жасалған туынды зат есім.

-лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік: құмар-лық, іңкәр-лік, адал-дық, әділ-дік, мұқтаж-дық.

Байырғы туынды сын есімнен жасалған зат есімдер:

-лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік: алғыр-лық, қатты-лық, салмақты-лық, тапқыр-лық, тату-лық, тұрақты-лық, етті-лік

-лылық, -лілік, -дылық, -тылық, -тілік, дәлділік, көркемділік, қарапайымдылық, ұқсастылық.

-шылық, -шілік: артық-шылық, еркін-шілік, қуаң-шылық.

          Сан есімнен жасалған туынды зат есімдер: Сан есімнің өзге топтарына қарағанда, есептік сан есімдер жаңа сөздер жасауда негізгі тұлға болып есептеледі.

Туынды сан есімдерден жалғыз-ақ бірінші дейтін сан есім қатынасады.

          Есептік сан есімнен зат есім жасайтын жұрнақтар -лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік және жалғаудың III жақ көрсеткіштері –ы, -і, -сы, -сі.

бірлік (баға, тұтастық), екілік, үштік, төрттік, бестік, алтылық, жетілік, сегіздік, тоғыздық, ондық, мыңдық, жүздік, бірінші-лік (первенство).

-ған, -ген тұлғасы арқылы: жеті-ген (муз.аспап).

-сы, -сі, -ы, -і: үш-і, жеті-сі, қырқ-ы, жүз-і.

Етістіктен жасалған туынды зат есімдер. Туынды зат есімдер жұрнақ арқылы етістіктің тек бұйрық рай түрінен ғана жасалады. Бұрық рай етістік өзінің құрылымы жағынан екі түрлі болып келеді: туа түбір түріндегі бұйрық рай етістік және туынды түбір түріндегі бұйрық рай етістік. Туынды зат есім әсіресе, туа түбір түріндегі бұйрық рай етістіктен көбірек жасалады.

-а. Қазақ тілінде бұл 3-4 қана түбір етістікке жалғанып, туынды зат есім жасайды: жыр-а, жаз-а (қара), айнал-а, аш-а (құрал).

 -ашық, -ешек: бол-ашақ, кел-ешек.

-шы, -ші: түркі тілдегі ең өнімді жұрнақ там-шы, жамыл-шы, бар-шы (елші).


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: