Кредит саны: 4 кредит 10 страница

-дық, -дік: қуыр-дақ, қи-дақ (матаның ұсақ қиындысы(диалент)

-маш, -меш, -паш, (-пеш), -баш, -беш: жаңылт-паш, қуыр-маш, түй-меш, керт-пеш, көм-беш.

-м, -ым, -ім, -ам (-ем): төз-ім, сөйле-м, құр-ам.

-ан, -ен, -ын, -ін, -н: піш-ен, қыр-ан, бөге-н, бора-н, мақта-н, теб-ін, ағ-ын, толқын.

-й: қақпа-й, құра-й, ора-й.

-қа, -ке, -ға, -ге: тұт-қа, бүр-ге, жоң-қа

-қын, -кен, -ғын, -ген: тас-қын, жұт-қын, қаш-қын, сүр-гін.

-л: қапта-л, құра-л, болжа-л, қама-л.

-мал, -мел: ора-мал, тасы-мал, жора-мал

-пан, -пен: қақ-пан, шек-пен.  

-арман, -ермен, ырман: өл/ер-мен, ат-арман, шаб-арман, оқы-рман, көр-ермен.

-мыс, -міс, -мыш, -міш: жаз-мыш, қыл-мыс, бол-мыс, тұр-мыс, же-міс

адам аттары: Өте-міс, Төле-міс, Тоқта-мыс, Бекте-міс, Ту-мыш тағы басқа.

-ат (-ет), -ыт (-іт), -т: сыз-ат (Қына басқан сызаты көп тас), көш-ет, оз-ат, ки-іт, сарқы-т, іркі-т, шұба-т, бөге-т, сырқа-т.

-у: тұса-у, -сұра-у, бұра-у, тіре-у, құра-у, көкте-у, терге-у, жаб-у, жөрме-у, (қолмен тігу әдісінің бір түрі), нұсқа-у, керне-у, (физика терм.), теже-у.

-сын, -сін, адам аттары: Тұр-сын, Деме-сін, Ұлбо-сын, Ербосын.

-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе.

а) Ғылым мен кәсіп саласында мағынасы әбден тиянақталған терминдер болып келеді: аудар-ма, кіріс-пе, үйір-ме, баспа (ангина), шойырылма (радикулит), сызба (чертеж), шапка, серіп-пе.

ә) Нақты зат атауын білдіретіндер: тарт-па, түй-ме, қой-ма, кес-пе, керт-пе.

Туынды етістіктерге жалғанып: мәлімде-ме, көшір-ме, басқар-ма, жүте-ме, анықта-ма, тапсыр-ма, қорыт-па, баянда-ма, сапта-ма (етік), өткер-ме

-мақ (-мек, -пақ/ пек, -бақ, -бек):,

Этнографиялық ұғыммен байланыстар: сыр-мақ, құй-мақ, іл-мек, шақ-пақ, түйірт-пек, өрмек, ой-мақ, жұм-бақ, аударыс-пақ.

Туынды етістіктерден жасалған туынды зат есімдер. Туынды зат есім қимыл есімге –ыш (іш) тұлғалығы жалғану арқылы да жасалады.

Олар көбіне құрал мағынасында жұмсалады: байлау-ыш, түйреу-іш, тіреу-іш, тырна-у-ыш, бояу-ыш, елеу-іш, бұрау-ыш, өлшеу-іш.

Қазақ тіліндегі термин сөздер: бастау-ыш, баяндау-ыш, пысықтау-ыш, толықтау-ыш, анықтау-ыш.

-ыл, -ім: шабу-ыл, жорту-ыл, тору-ыл.

-ыр, -ір: қандауыр (құрал және өсімдік аты)

-ық, -ік: күйреу-ік, (бот. термині), батпырау-ық, тістеу-ік, сыздау-ық, шырма-уық, жылтырау-ық.

-лық, -лік: оқу-лық, жалғау-лық, демеу-лік, сұрау-лық.

-шы, -ші: емдеу-ші, оқу-шы, барлау-шы, қашау-шы, меңгеру-ші, бастау-шы, ағарту-шы.

-шылық, -шілік: бейімделуші, бағаламаушылық, әдістемешілік.

Еліктеу сөздерден жасалған туынды зат есімдер.

-ыл, -іл, -ыр, -ір: арс-ыл, гу-іл, гур-іл, пыс-ыл, ыр-ыл, шар-ыл, былд-ыр, судыр, сыб-ыр, сық-ыр, топ-ыр, шық-ы:.

-ық, -ік: шыж-ық, күрт-ік.

-ыс, іс: сыб-ыс, дау-ыс, дыб-ыс.

Бұлардан басқа еліктеуіштерден жасалған: қар-ға, қыз-ғыш, тыр-на, көк-ек.

-ақ, -ек, -қ, -к: бұлт-ақ, бұрқ-ақ, жалб-ақ, қиқақ, шошақ, желк-ек (өсімдік аты).

-ың, -ің, -ң, -аң, -ең: бұлт-ың, жым-ың, күйб-ің, кірб-ең, селт-ең.

-ғыш, -гіш, -қыш, -кіш, -қаш, -кеш: босат-қыш, шекте-гіш, тыңайт-қыш, желімде-гіш, өшір-гіш, кес-кіш, ескерт-кіш, бас-қыш, отыр-ғыш, қыс-қаш.

-ғаш, -ген, -қақ, (-кек), тырыс-қақ (ауру аты) жабыс-қақ, ес-кек.

-ар, -ер, -р: жапс-ар, қос-ар, жан-ар. Тұр-ар, Өсер, Болар (адам аттары).

-ғы, -гі, -қы, -кі: ішірт-кі, сыпырт-қы, шал-ғы, ашыт-қы, тебің-ге, бұр-ғы, қондыр-ғы, же-гі (бет терісіне біткен тері туберкулезін жегі дейді.)

ұйы-қы, іріт-кі, күл-кі, ұйыт-қы, соқ-қы.

-ыс, -іс, -с: ағ-ыс, жыр-ыс, ег-іс, сөк-іс, тын-ыс, шаб-ыс, өзгер-іс, қарғыс, ал-ғыс, тарт-ыс, қозғал-ыс, көрін-іс, сай-ыс, (сай-етістік-шағу мағынасын білдіреді.) айқа-с, күре-с, жар-ыс, айт-ыс.

-ыш, -іш: қуан-ыш, сағын-ыш, жұбан-ыш, таян-ыш, сүйен-іш, төсен-іш.

-ақ (ек), -ық, -ік, -к: сал-ық, қи-ық, қор-ық, қос-аяқ, тұр-ақ, бұйр-ық, жина-қ, жаса-қ, сана-қ, жүр-ек, тая-қ, еміз-ік, тамыз-ық, тіл-ік, толға-қ, жаз-ық, күй-ік.

-тық, -тік: жетпес-тік, білмес-тік.

-кел: өткел, -қал: шатқал.

-ғи: қыр-ғи, -ір: түй-ір, -еш: кертеш.

-ынды, -інді: жуын-ды, қиын-ды, шойын-ды, қырқынды (өрмек қат.) ертін-ді, қосынды, үйінді.

-ымпаз (-імпаз): жеңімпаз, шақырымпаз, жойымпаз (ликвидатор).

-палық, -малық: ауыртпалық, ауырмалық.

-мшы: алда-мшы, жолда-мшы.

-нда: бұра-нда.

          Зат есім жасауға қатысып жарытпайтын сөз таптарының бірі- есімдік.

мен-шік. Түгел-дік, қандай-лық атауыштық сипатқа толықтай жете қоймаған тәрізді.

Бұлардың амандығынан гөрі малдың түгелдігін тіліп кететін кезіміз де болады.

Оның табиғатының қандайлығын білмейтінмін.

Үстеу түбірінен жасалған туынды зат есімдерде некен-саяқ. Бұлар жалаң үстеулерге -лық, -лік, -дық, дік, тық, -тік: дәлдік, ерекше-лік, естелік, күнде-лік, ұшқары-лық.

Көмекші етістіктер: аст-ар, үст-ірт.

Модаль сөздер: -тық, -тік, -дық, -шілік, -дік: қажет-тік, мүмкіншілік, ықтимал-дық, мүмкін-дік.

Ықтималдық теориясының негізін салған ғалым –А.Энштейн. 

 

Негізгі әдебиеттер:

1. Қазақ тiлiнiң грамматикасы. -Астана, 2002.

2. Қазiргi қазақ тiлiнiң сөзжасам жүйесi. -Алматы, 1989.

3. Оралбаева Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. – Алматы, 2002.

4. Төлеуов А. Қазақ тiлiндегi есiм сөздердiң жасалуы. -Алматы, 1973.  

Қосымша әдебиеттер:

1. Ысқақов А. Қазiргi қазақ тiлi. Морфология. -Алматы, 1991.

2. Қасым Б.К. Күрделі зат есімдер сөздігі. – Алматы, 1999

 

Тақырып 8. «Күрделі зат есімдер»

Дәрістің мақсаты: Күрделі зат есімнің сөзжасамның аналитикалық тәсілінің ішкі түрлері бірігу (кірігу), қосарлану, тіркесу және қысқарту жолдары арқылы жасалуын меңгерту.

Дәрістің мақсаты: 1. Күрделі сөздер туралы түсінік.

                              2. Сөзқосым тәсілі арқылы жасалған зат есімдер

                              3. Қосарланаған зат есімдер

                              4. Тіркескен күрделі зат есімдер

                              5. Қысқарған күрделі зат есімдер

Проф. Қ.Жұбанов күрделі сөздер жөнінде 30-шы жылдары жазған мақаласында оларды әр түрлі атайды: кейде қосымдар десе, енді бірде кіріккен сөздер дейді. Ғалым қосымдар деп екі не оданда көп жеке сөздің жалғау-жұрнақсыз бірігуі арқылы жасалған жаңа сөзді атайды. Оларды құрамына қара былай жүйелейді: 1) зат есім+зат есім 2) сын есім+зат есім 3) зат есім+қимыл есім 4) сан есімдер 5) жалқы есімдер 6) жаңа жасалымдар-қысқарымдар.

Қ. Жұбанов басқа бір зерттеуінде қазақ тіліндегі күрделі сөздердің екі түбірдің кірігуі, қаласуы (бірігуі) және қосарлануы арқылы жасалатынын атай келіп, оларға мынадай анықтама берген: «Бірнеше сөздер қосылып, бір ғана екпінге-ең соңғысының екпініне бағынып, кейде бәрінің не біреуінің сыртқы формасы өзгеріп, сондықтан бәрі жиналып, бір-ақ нәрсенің аты болып, бір-ақ сөздің орнына жүретін болса, осыны кіріккен сөз дейміз». Енді қазақ тіліндегі күрделі сөзжасамның өзіндік ерекшелігін тереңірек зерттеп, толығырақ таныған ғалым-Кәкен Аханов. Ол күрделі сөздердің мынадай басты белгілерін атайды:

1) Күрделі сөз кемінде екі түбірдің бірігуінен, тіркесуінен, қосарлануынан, қысқаруынан жасалады. 

2) Күрделі сөз жасайтын бұл сыңарлар семантикалық жағынан да, морфологиялық жағынан да, синтаксистік жағынан да тұтасып, бір ғана ұғымды білдіреді.

3) Күрделі сөздің құрылымдық тұтастығы бұзылмайды, оның сыңарларының арасына сыналап басқа бір сөз кіргізуге не олардың орнын ауыстыруға болмайды.

4) Күрделі сөздердің сыңарлары бір ғана дауыс екпініне бағынады. Ал А.Ысқақов «Қаз. қазақ тілі» оқулығында, күрделі сөздің табиғатын былай тұжырымдайды. «Күрделі сөз деп кемінде екі немесе оданда көп дара сөзден (жалаң не туынды түбірлерден) құралып, ритм-ырқақ жағынан бірұдай лексика- семантикалық жағынан бір тұтас болып бірлесіп тұрақталған құрама сөзді (я сөз тіркесін) айтамыз».

   Күрделі сөз атаулыға тән жаңағы төрт белгінің төртеуі түгел күрделі зат есімнен табылады. Күрделі зат есімді төртке бөліп қарастырамыз. Біріккен (кіріккен) күрделі зат есім, тіркескен күрделі зат есім, қосарланған күрделі зат есім, қысқарған күрделі зат есім.

Біріккен күрделі зат есімдер. Біріккен сөз дегеніміз – о баста кемінде толық мағыналы екі сөздің тұтасып, жымдасу нәтижесінде әдепкі лексика-грамматикалық мағыналарынан айырылып (не күңгірттеніп) жаңа лексика- грамматикалық мағына тудыратын сөздер бірлестігі. Мысалы: көкқұтан, бірқазан (құс), балықкөз т.б.

Сөздерді біріктіріп жазуға қойылатын негізгі шарт – олардың тұтас қалпында белгілі заттың жалпылама аты – бір тұтас ұғым болатыны: қарақат, қолқанат, бәйшешек, егінжай. 2-ші шарт – тұтас күйінде сөз тіркесінің бір сыңары болуында: Абайдың қарасөзі, қаптесердің іні, қараторғайдың тамағы т.б.

Біріккен сөздер: 1) семантикалық байланысын үзбей жасалған біріккен сөздер: баспасөз, айбалта, бізтұмсық; 2) бірқатарының мағыналық байланысы күңгүртелген не мүлдем жойылған біріккен сөздер: сегізкөз, соқыртеке, ұлтабар, кемпірауыз, адалбақан т.б.

Кіріккен күрделі зат есімдер. Кіріккен сөз дегеніміз – екі сөздің бірігу нәтижесінде іштей морфемалық, дыбыстық өзгерістерге ұшырап, әбден жымдасып, тұтасып кеткен күрделі сөздердің бір түрі. Мысалы: білезік, белбеу, қолғап т.б.

Тіркескен күрделі зат есімдер. Тіркескен күрделі зат есімдер көбіне екі сөзден құралған, бірақ қазіргі орфографиялық ережелері бойынша бөлек жазылатын күрделі сөздердің бір түрі. Мысалы: темір жол, кәрі жілік т.б.

Бірнеше тіркеске мұрындық болатын сөздер болады. Оларды тірек компонент дейді Мысалы: қайын: қайын ата, қайын ене, қайын апа, қайын бике, қайын сіңілі, қайын жұрт.

Қосарланған күрделі зат есімдер. 1) Екі сыңарының екеуі де түбір болып келетін және жеке-жеке қолданыла беретін, екі сыңарының да мағынасы ап-айқын қосарланаған күрделі зат есімдер: ас-су, би-болыс, ер-азамат, қас-қабақ, бас-көз т.б. Кейде олардың алдыңғы не соңғы сыңары, кейде екі сыңары да III жақ тәуелдік жалғауында қолданылады. Мысалы: көші-қоны, дені-қары, ұшы- қиыры т.б.

2) Бір сыңарының мағынасы көмескі болып келеді, соған байланысты ол сыңар өз алдына жеке қолданылмайды: сай-сүйек, қыз-қырқын, дәрі-дәрмек, арық-тұрақ, абысын-ажын т.б.

3) Екі сыңары да жеке бөліп алуға келмейтін екі сыңарының да мағынасы айқын емес қосарланған күрделі зат есімдер: абыр-сабыр,жекпе-жек, ап-сап.

4) Екі сыңарының екеуі де туынды болып келетін зат есім күрделілер: ұрыс-керіс, талас-тартыс, майлық-сулық т.б.

5) Қазақ тілінде қос сөз түрінде орыс тілінің әсерімен де пайда болған күрделі зат есімдер бар: сағат-минут, нан-тұз, сұрақ-жауап.

6) Тілімізде қосарланған біраз күрделі зат есімдер өзара варианттылық қатынаста жарыса жұмсалады: жыра-жылға, мәз-мейрам, мекен-жай т.б.

7) Қосарланған күрделі зат есімдер фразеологиялық тіркестердің құрамында да кездеседі: жер-жебіріне жету, ішек-сілесі қату, ай-шайға қарамау т.б.

Қысқарған күрделі зат есімдер: БҰҰ, ҚР, медколледж, пединститут, филфак, журфак, ҚазМҰУ, АқтМУ т.б.

 

Негізгі әдебиеттер:

1. Қазақ тiлiнiң грамматикасы. -Астана, 2002.

2. Қазiргi қазақ тiлiнiң сөзжасам жүйесi. -Алматы, 1989.

3. Оралбаева Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. – Алматы, 2002.

4. Төлеуов А. Қазақ тiлiндегi есiм сөздердiң жасалуы. -Алматы, 1973.  

Қосымша әдебиеттер:

1. Ысқақов А. Қазiргi қазақ тiлi. Морфология. -Алматы, 1991.

2. Қасым Б.К. Күрделі зат есімдер сөздігі. – Алматы, 1999

 

 

Тақырып 9. «Сын есімнің сөзжасамы»

Дәрістің мақсаты: Студенттерге туынды түбір сын есім және күрделі сын есімнің жасалу жолдарын меңгерту.

Дәрістің жоспары: 1. Туынды түбір сын есім

                                   2. Күрделі сын есім

Зат есім, етістік сөзжасамынан кейінгі орында сын есім сөзжасамы тұрады. Сын есім туындылар есім сөздерден де, етістіктен де жасала береді. Мысалы, хабардар, мәдени, жолақ – зат есімнен, қорқақ, қатал етістіктен жасалған сын есім туындылар. Сын есім туындыларға негіз болатын сөздер негізгі түбір, туынды түбір және күрделі сөздерден де болады: сақалды, ақылды – негізгі түбірден, ерттеулі, жинаулы – туынды түбірден, адырақ көзді, майда тілді – күрделі негізден жасалған сын есім туындылар.

Сын есімнің сөзжасамдық жұрнақтары құрамы жағынан жалаң және құранды болып бөлінеді. Жалаң жұрнақтар бір ғана морфемадан тұрады, құрамын бөлуге болмайды. Мысалы, күндік, батыл, тарихи туынды түбірлеріндегі – дік,-ыл,-и жұрнақтары дара жұрнақтар. Ал жатыңқы, аумалы, жарасымды туынды түбірлеріндегі –ыңқы, -малы, -ымды жұрнақтары – құранды жұрнақтар.

Сын есімнің туынды атаулары синтетикалық және аналитикалық тәсілдер арқылы жасалады. Синтетикалық тәсілде түбірге жұрнақ қосылу арқылы дара туындылар жасалса, аналитикалық тәсіл арқылы екі не одан да көп сыңарлардан күрделі сын атаулары жасалады. Мысалы: қара көк, күрең қоңыр, қара шұбар т.б.

Есімдерден сын атауын жасайтын жұрнақтар

Сын есім сөзжасамдық жұрнақтарының бір тобы есім сөздерден сындық туынды түбір атауларды жасайды. Сын есімнің сөзжасамдық жұрнақтары сөзжасамдық қабілеті жағынан әр түрлі. Есім сөздерден туынды түбір жасайтын сөзжасам жұрнақтары қабілеті жағынан өнімді және өнімсіз болып бөлінеді.Өнімді жұрнақтардың ішінен –лы,-лі,-ды,-ді,-ты,-ті ерекше көзге түседі (балалы, гүлді, сулы, таулы). Өнімсіз жұрнақтар тілге жекелеген туынды түбір сын есім атауларын тудырады, Оларға: -ын,-ін (ұзын, бүтін), -қы,-кі (қысқы, күзгі т.б.) жатады.

Есім сөздерден туынды сын аталымын жасайтын жұрнақтар түрлі мағына береді:

1. Белгінің барлығын, молдығын білдіретін жұрнақтар: -лы,-лі: қамысты, орманды, пайдалы,қарлы, жауынды т.б.

 – дар: хабардар, қарыздар

2. Қабілеттілікті, қатыстық мәнді білдіретін жұрнақтар: -паз: өнерпаз, білімпаз, әсемпаз;

-и: тарихи, мәдени, әдеби.

3. Адам қасиеттерін білдіретін жұрнақтар:

-ыр,-ір: сылбыр, болбыр

-ақ: жалтақ, бұлтақ

-тал: сезімтал, өсімтал;

-қой, -гөй: әзілқой, жәдігөй;

-қор: бейнетқор, қамқор, парақор;

-шыл,-шіл: ұйымшыл, өзімшіл, ойшыл;

-уар: сөзуар;

-тақ, -тек: тапалтақ, жеңілтек.

4. Мезгіл мәнді жұрнақтар:

-қы,-кі: қысқы, күзгі, түскі;

-лық, -лік. апталық, жылдық.

5. Мекендік мәнді жұрнақтар:

-қы,-кі: жоғарғы, төргі, ауызғы;

-лық,-лік: аудандық, қалалық, ауылдық.

6. Белгінің жоқтығын және салыстыру мәнін беретін жұрнақтар:

-сыз,-сіз: сусыз, баласыз, ақылсыз, пайдасыз;

-дай,-дей: сүттей, ауадай, гүлдей.

7. Түрлі мағынаны білдіретін жұрнақтар:

-ы,-і: қазақы, арабы.

Етістіктен сын есім жасайтын жұрнақтар. Сын есім атауларының жасалымында етістік негіз сөздер белсенді қызмет атқарады.

1. Адам сынын білдіретін жұрнақтар.

- ық,-ік: толық, ашық, бұзық;

 - уық,-уік: жылауық, қалтырауық;

-қыш,-кіш: білгіш, айтқыш, сенгіш;

-мды, -мді: ұстамды, жағымды.

-ғақ, -гек: ұрысқақ, тоңғақ;

-қыр,-кір: білгір, алғыр;

-қы,-кі: жинақы, күлдіргі;

-қалақ,-келек: ұшқалақ, сасқалақ;

-аған, -еген: алаған, береген,көреген;

-мсақ,-мсек: сұрамсақ, тілемсек,жарамсақ;

-ал: қатал.

2. Жансыз заттардың белгісін білдіретін жұрнақтар:

-ық,-ік: ашық, тұнық, жарық, құрғақ;

-ыңқы,-іңкі: шығыңқы, басыңқы, түсіңкі;

 -ынды,-інді: ағынды, жаттанды;

-улы,-улі: оюлы, үюлі, санаулы;

-ымды,-імді: ұтымды, жарасымды;

-қақ,-кек: жабысқақ, майысқақ;

-ма,-ме: құрама, аспа, бөспе;

-ыл,-іл: батыл, жеңіл.

3. Жан-жануарға қатысты білдіретін жұрнақтар:

-аған,-еген: қабаған, тебеген, сүзеген;

-у: жарау;

-қы: бұралқы.

Күрделі сындардың жасалуы.

Күрделі сындар деп екі не одан да көп сыңарлардан құралып, бір сындық ұғымды, белгіні білдіретін сөздер аталады. Күрделі сындар сөзжасамының аналитикалық тәсілінің ішкі үш түрі арқылы яғни сөзқосым, қосарлау, тіркестіру тәсілдері арқылы жасалады. Осыған байланысты күрделі сыңдардың үш түрі бар:1) біріккен күрделі сандар, 2) қосарланған күрделі сандар, 3) тіркескен күрделі сандар.

Біріккен күрделі сандар онша көп емес: көнетоз, тілалғыш, есерсоқ, кемтар,кертартпа, балажан етжеңді, кірпияз т.б.

Қосарланған күрделі сындар: үлкенді-кішілі, қызылды-жасылды, биік-биік, аумалы-төкпелі, ала-құла, ағал-жағал, көл-көсір, үйме-жүйме, ұсақ-түйек, кдір-бұдыр т.б.

Тіркескен күрделі сындар тілден кең орын алады. Күрделі сындардың сыңарлары болып сын есім сөздер (қара торы, сары ала), зат есім сөздер (ат жақты, түлкі тымақты), сан есімдер (екі жүзді, сегіз қырлы, бір сырлы, жүз қадамдай), етістік сөздер (күйген терідей, үлбіреген жас т.б.) қатысады. Күрделі сындардың құрамындағы сыңарлар қай сөз табынан болса ла, олар біртұтас мағынаға көшіп, күрделі сындық ұғымды білдіреді. Күрделі сын есімдердің құрамы екі құрамды және үш құрамды болып келеді. Екі құрамды сындарға: қара көк, күрең қызыл, аласа бойлы, удай ащы, сегіз қанатты, қара тоы т.б. жатады. Үш құрамды сын есімдер: қызыл ала көйлекті, ақ сұр жүзді, үлкен қара көзді, қою қара мұртты т.б.

Күрделі сындардың мынадай мағыналық топтары бар: адамға қатысты күрделі сындар (сопақ бетті, ұзын бойлы), киімге қатысты күрделі сындар (қоңыр ала, қима комзолды), табиғатқа қатысты күрделі сындар (шыжыған ыстық, үскірік суық) жан-жануарға қатысты күрделі сындар (тарлан боз, қара қасқа, ала шұбар), үй-мүліктеріне қатысты күрделі сындар (алты қанатты, торқа кілемді), құрал-жабдыққа қатысты күрделі сындар (өткір пышақты, сабау қамшылы).

 

Негізгі әдебиеттер:

1. Қазақ тiлiнiң грамматикасы. -Астана, 2002.

2. Қазiргi қазақ тiлiнiң сөзжасам жүйесi. -Алматы, 1989.

3. Оралбаева Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. – Алматы, 2002.

4. Төлеуов А. Қазақ тiлiндегi есiм сөздердiң жасалуы. -Алматы, 1973.

Қосымша әдебиеттер:

1. Ысқақов А. Қазiргi қазақ тiлi. Морфология. -Алматы, 1991.

2. Шакенов Ж. Қазiргi қазақ тiлiндегi сын есiм категориясы. -Алматы, 1961

 

Тақырып 10. «Сан есімнің сөзжасамы»

  Дәрістің мақсаты: Студенттерге туынды түбір сан есім және күрделі сан есімнің жасалу жолдарын меңгерту.

Дәрістің жоспары: 1. Туынды түбір сан есім

                                   2. Күрделі сан есім

Сан есімдердің сөзжасам жүйесі ерте қалыптасқан, өзіндік сөзжасамдық бірліктері бар, ерекшеліктері бар.

Сан есімнің сөзжасамдық бірліктеріне сан атаулары және сөзжасамдық жұрнақтар жатады. Сан есім сөзжасамына басқа сөз таптарының сөздері қатыспайды. Сан есім сөзжасамында семантикалық тәсіл мүлде қолданылмаса, синтетикалық тәсіл өте өнімсіз, ал сөзжасмның аналитикалық тәсіл сан есім сөзжасамында негізгі қызмет атқарады.

Күрделі сан есімдер. Сан есімдер іштей дара сан және күрделі сан болып екіге бөлінеді. Дара сандарға: 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,20,30,40,50,60,70,80,90,100,

1000 жатады. Күрделі сан есімдер осы аталған дара сан атауларының әр алуан жолмен тіркестіріле қолданылуы және қосарлануы арқылы жасалады.

Күрделі сан есімдердің дара сан атауларының тіркесулері арқылы жасалатын жүйесінде мынадай екі түрлі жолы бар: 1-ден, дара сандардың жасалатын күрделі сандардың құрамы бір санның үстіне басқа бір санды қосу жолымен жасалады. Мысалы: он+бес =15, жүз+алты=106 т.б.

Күрделі сан есім жасаудың бұл жолы қосылмалы жол деп аталады.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: